Қр шға оқБ ұйымдастыру комитетіне



Дата20.06.2017
өлшемі92.4 Kb.
ҚР ШҒА ОҚБ ұйымдастыру комитетіне

101701. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал поселкесі, Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беру мектебі.

8 702 874 74 47.ibajanowa.8@gmail.com

Секция: Валеология.

Тақырыбы: Қозғалыс- денсаулық кепілі

Авторы: Рсай Асылхан . 8 «А» сынып оқушысы.


Жетекшісі: Ибажанов Бекзат Базарбаевич –денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Мектеп директоры Бакаев Д.Б.

2015-2016 оқу жылы


Жобаның тақырыбы: «Қозғалыс – денсаулық кепілі»
Жобаның мақсаты:


  • қозғалыс белсенділігі

  • шынығу

  • әр жастағы балалардағы жалпы физикалық ауыртпалықтың гигиеналық мөлшері

  • ағзаны шынықтырудағы жүгірудің маңыздылығы

  • жүгіруге қойылатын талаптарды білу



Жобаның міндеттері:

  • Адамның даму үшін физикалық жүктеменің маңызы

  • Жүгірудің маңыздылығы

  • Жүгіруге қойылатын талаптар

  • Физикалық жаттығулар

  • Демалыс


Аннотация
Денсаулық жағдайы организмді сыртқы қоршаған орта талабында сақтауды қамтамасыз етеді.

Физикалық денсаулық келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, бұл жаттыққан немесе шыныққан.

Шынығу ерте жастан басталған жөн. Бала туылмай тұрып, анасының өзі суық сумен шынығу керек.

Әркімнің денсаулығы өз қолында, сондықтан денсаулықтарыңды өздерің сақтағандарың абзал.


Аннотация

Выполнение принципов здорового образа жизни не очень трудное, а наоборот полезное занятие. Главное –систематизм, ежедневность. Со временем это занятие становится привычным. Сохранения здоровья нуждается в интеллектуальном труде, а к такому труду надо учится.

Ваше здоровие в ваших руках, о своем здоровий заботьтесь сами.
Annotation

Performance of a healthy lifestyle not really difficult, on the contrary useful occupation. The main thing – a systematize, an everyday’s. Over time it becomes habitual. Preservation of health needs intellectual work, and to such work it is necessary studies.

Your, health in your hands, health care of the.


Пікір
Салауатты өмір салтын орындау онша қиын емес, қайта жағымды. Ең бастысы оның маңыздысы – жүйелілік, күнделіктілік. Уақыт өте ол әдетке айналады, қалыпты әрекет қалыптасады. Салауатты өмірді әдетке айналдырсаңыздар, дене ұзақ уақыт әдемі, сау болады.

Кіріспе бөлім

Денсаулық жағдайы организмді сыртқы қоршаған орта талабында сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл, даму және өмір сүрудегі денсаулықтың негізгі ролі.

Денсаулықтың негізгі аспектілері

Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі АЛТЫ АСПЕТІДЕН тұрады:

а) физикалық денсаулық, б) психикалық және интеллектуалды денсаулық, в) жеке, г) рухани денсаулық, д) эмоционалды денсаулық, е) әлеуметтік денсаулық.

ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.

ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – бұл психикалық аурудың және кем ақылдылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады.
Негізгі бөлім
Ауру – бұл, тірі организмнің өмір сүруінің негізгі талаптарының, яғни оның сыртқы ортамен қарым – қатынасының бұзылуының нәтижесі. Ол қалыптасқан үйреншікті өмір талаптарын адам дағдыланбаған талаптарға ауыстыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, адам басқа климаттық зонаға көшкенде, белгілі бір аурулармен ауырады, ол акклиматизация кезеңімен сипатталады, кейде ол ұзаққа созылады.

Аурудың денсаулықтан айырмашылығы, бұл – организмнің дамуы, өмір сүруі және құрылысындағы жаңа сапа.



Ауруға қарсы қорғаныс механизмдері

Кез келген ауру кезінде адам организмі өзінің қорғаныс күштерін белсендіреді. Олар үлкен роль ойнайды және айығу негізі болып табылады.

Ауру – бұл, бұзылу көріністері қорғаныс күштерін күшейтетін процесс.

Ауырған кезде белсендірілетін және айығуды қамтамасыз ететін негізгі қорғаныс және икемделу күштеріне жатады:



  1. Шынығумен, дұрыс физикалық күшпен және дұрыс тамақтанумен бірнеше есе күшейтуге болатын организмнің үлкен резервті мүмкіндігі, мығымдылығының үлкен қоры.

  2. Организмнің жасушасының, тіндерінің және мүшелерінің қайта қалпына келу қабілеті. Бұл қабілеттілік РЕГЕНЕРАЦИЯ деп аталады.

Ауру ағзадағы адаптациялық реакцияларға имундық жүйелер белсенуі, сол сияқты қабыну, дене температурасының көтерілуі, регенерация және тағы басқалары жатады. Осы барлық адаптациялық реакциялар ауру ағзаның сауығуын қамтамасыз етеді.

Ағзаның өзіндік емделуі немесе “ішкі дәрігер” механизмі

Ағзада күшті механизмдер бар, олар бір жағынан ауруға қарсы тұра алады, аурудан қорғайды; екінші жағынан – дамыған аурулармен сәтті күреседі.


Имунды жүйе

Біздің күнделікті өмірімізде секунд сайын зиянды факторлардың массасы әсер етіп отырады: микробтар, токсиндер, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар және басқалар. Біз онымен тек ауырып қана қоймаймыз, тіпті оны сезбейміз де. Біздің денсаулығымыздың қарауылында кішкентай, бірақ өте мықты және жақсы дамыған – имунитет факторлары тұрады. Иммунология – жалпы физиологиялық және жалпы биологиялық негізде толық зерттеліп болмаған күрделі бөлім.



Иммунитет (латын сөзі immunis – зиянсыз, әсер етпейтін) ағзаның қандай да бір инфекциялық аурулармен, тіпті эпидемия кезінде де ауыртпайтын қасиеті.

Иммунитеттің ауру кезінде дамуы өте қиын. Қазір бізге иммунитеттің неге негізделгенін білу керек:



  1. Микробтар мен зиянды заттарды жойып, қорытатын арнайы жасушалардың белсенділігіне (фагоциттердің);

  2. Ауру тудырушы микроағзаларды өлтіруге бейім кішкентай қорғаушы денелердің өндірілуіне (антиденеге).

Имунды жүйені жаттығу нәтижесінде күшейтуге болады. Бұл жерде шынығудың және физикалық жүктеменің маңызы зор.

Адамның дамуы үшін физикалық жүктеменің маңызы жақсы тамақтанмен , физикалық жүктеме аз болса, ағзаның өсуі мен дамуы нашарлайды. Негізінен өсу және даму үшін тамақтанып қана қоймау керек, оған белсенді физикалық жүктеме керек, сонда ғана қабылданған тағамдық заттар жақсы қорытылыды.

Неліктен жүгіруге бірінші ретті мән беріледі. Себебі, ол ағзаны барлық жүктемемен қамтамасыз етеді. Сауықтыру барысында өз шынайылығы мен пайдалылығы төңірегінде жүгірудің маңызы зор. Жүгіру ағзаға пайдалы. Жүрек, қарын, ішекібауыр, бүйрек және басқа да мүшелер миллион жыл бұрын қозғалу, жүгіру барысында қалыптасқан.
Адамның дамуы үшін физикалық жүктеменің маңызы

Физикалық ауыртпалықтан кейін, көптеген өмірге бейімделмеген жасушалар мен тіндер өледі және олар қайтадан қалпына келтірілуі керек. Бірақ жәй қалпына келіп қана қоймай, физикалық жүктемені керек ететін, шектен тыс қалпына келу болады.

Жақсы тамақтанғанмен, физикалық жүктеме аз болса, ағзаның өсуі мен дамуы нашарлайды, немесе тоқталады.

Негізінен өсу және даму үшін тамақтанып қана қоймау керек, оған белсенді физикалық жүктеме керек, сонда ғана қабылданған тағамдық заттар жақсы қорытылады.



Ағзаны жаттықтырудағы жүгірудің маңыздылығы

Неліктен жүгіруге бірінші ретті мән беріледі. Себебі, ол ағзаны барлық жүктемемен қамтамасыз етеді.

Әртүрлі физикалық жаттығулар белгілі бір бұлшық еттер тобын шынықтыруға арналған, ал жүгіруді «жалпы ауыртпалық» деп айтуға болады.

Жүгіру ағзаға пайдалы. Жүрек, қарын, ішек, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелер миллион жыл бұрын қозғалу, жүгіру барысында қалыптасқан.

Қозғалысқа шектеу қою нәтижесінде ағзаның барлық қызметі, тіпті мидың қызметі бұзылады. Ағзаның барлық физикалық және психикалық реакциялары нәтижесінде дене қозғалып, жұмыс орындалады.

Қазіргі кезде сауықтандыратын жүгірумен миллиондаған адамдардың айналасуы кездейсоқ емес. Әрбір сау адам күніне 15 – 20 минут, ауыр дегенде 3-4 км жүгіру керек. Жүгіруге ешқандай шектеу қойылмайды, тек жасы мен ағзаның халіне қарай мөлшері белгіленеді.



Қалай жүгіру керек. Көбіне таңертен жүгіргенді пайдалы деп санайды. Егер ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден көп ауыртпалық болса, онда қалыпты жағдайдан белсенділікке тез көшеді де, ағза күйзеліске ұшырайды. Жүгірумен негізінде 18 – 19 сағаттар аралығында айналысқан жөн. Жүгіріп келгеннен кейін бірден салқын суда жуынудың қажеті жоқ.

Тағы бір ескертентін жайт – күнде жүгірудің қажеті жоқ, аптасына үш рет жүгіру жеткілікті, бір күнді арнайы ағзаға күш салуға таңдау қажет (мысалы, жексенбі).



Жүгіру алдында қалай тамақтану қажет. Соңғы қабылдаған ас ауыр болмауы керек. Егер сіз таңертен жүгіретін болсаңыз, онда стакан сумен немесе шай жетіп жатыр. Ал, егерде сіз ұзақ жүгіріс жасайтын жасайтын болсаңыз, аш қарынға жүгіруге болмайды. Жеңіл тағамдарды пайдаланған дұрыс: жеміс – жидек суы, қарақат немесе бал мен шай. Түскі астан кейін жүгіруден бірнеше сағат шыдау керек.

Қалай жүгіру керек. Жүгіруді қысқа уақытты 5 – 10 минуттық жаттығудан бастау қажет. Жүгіру дистанциясы ұзақ болған сайын, жүгіру алды жаттығу қысқа болу керек. Жаттығудан кейін тынығу 5 – 10 минуттан аспау қажет, әйтпесе пульс бұрынғы қалпана қайта келіп, басынан бастауға тура келеді.

Жүгіру ауыртпалығы қаншалықты болу керек. Жүгіру ауыртпалығы, ол сіздің жүгірумен қанша уақыт айналысатыныңызда. Егер сіздің жүгіру туралы тәжірибеңіз аз болса, онда бірінші кезде жүктемені азайтқан дұрыс.

Өз пульс соғу жиілігі аралығын бақылау өте қиын. Сондықтан мұрынмен тыныс алуға арналған басқа әдіс ұсынылады. Мұрынмен тыныс алу жалғасуы барасында ағза оттегімен толық қамтамасыз етіледі, жүрек соғысы жиілігі минутына 130-дан сирейді. Жүгірген кезде жүгіруші амалсыз ауызбен дем алу барысында пульс жиілігі минутына 140 – 150-ге өседі.

Сондықтан ағзаға мұрынмен тыныс алуға мүмкіндік туғызатындай күш салуды ұсынамын (минутына жүрек соғысы 120-дан кем болмауы тиіс).

Қорытынды бөлім

Шынықтырудың ағзаға әсер етуі көп жақты. Одан әсералмайтын ешқандай мүше, ешқандай жүйе, ешқандай қызмет жоқ.



  1. Шынығу ағзаның инфекциялық ауруларға төзімділігін арттырады.

  2. Шынығу еңбекке қабілеттілікті арттырып, жеңіл сезім тудырады.

  3. Шынығу көңіл – күйді арттырады.

  4. Шынығу адамның ауруға қарсылығын күшейтіп, мақсатын арттырады.

  5. Шынығу (жаңа ауа райы, климатқа) бейімделу процесін (адаптация) арттырады.

Шынығу – психологиялық, гигиеналық, тәрбиелік және өзін – өзі тәрбиелеу мінезін, адамның мақсаттылығын, қоршаған ортаға төзімділігін, сол сияқты оның физиологиялық резервін арттырып, еңбекке қабілеттілігі мен денсаулығына зиян келтірмейтін жүйелер шарасы.

Шынығу – бұл ағзаның ішкі қорғаныс механизмдерін арттыруға қолданылады. Бұл сыртқы ортаға әсер ете отырып, ағзаның қорғаныш күшін арттырады.

Шынайы және жасанды сыртқы орта факторлардың ағзаға белсенді әсер етуі көптеген шынығу әдістерінің негізіне жатады.

Олар:


  1. Ауа. Оның температурасы бірте – бірте төмендеуі мүмкін. Оған жалғыз жағдай – тазалық. Егер орман немесе сужағалаулары болса өте жақсы.

  2. Су. Егер табиғи суқоймалары болса өте тамаша, бірақ жоқ болған жағдайда канализация суын пайдалануға болады.

  3. Күн сәулесі. Күн ваннасы – күшті шынығу көзі, дегенмен қатты күю мөлшерлік пен сақтықты талап етеді.

  4. Жақсы таңдалған микротабиғат.

  5. Сыртқы табиғатқа сәйкес жылу сақтағыш киімдер. Өте жеңіл де, өте қалың да киінуге болмайды, зиян. Бұл ағзаны кері шынықтырып, оның шынығу әсері төмендейді.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Л.З. Тель, Е.Д. Даленов, «Салауатты өмір салты», 2005 ж.

  2. В.И.Лях, Е.И.Коптина, Л.Н. Девяткина, «Дене тәрбиесі», 2013 ж.

  3. Жалпы білім беретін мектептердің 13 – 15 жасар оқушыларының өздік жұмысына арналған оқу құралы

Каталог: uploads -> doc -> 1303
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет