Р. К. Абельдина қазақстандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану үрдістері



жүктеу 187.65 Kb.

Дата22.02.2019
өлшемі187.65 Kb.

1. Р.К.АБЕЛЬДИНА 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ  МАҚСАТЫНДАҒЫ 

ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҮРДІСТЕРІ  

Аңдатпа. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың 

барлық  маңызды  мәселелері  қаралған,  республиканың  жер  қорының 

жағдайына  талдау  жасалған,  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлерге 

жеке  меншікке  берілудің  дамуы  көрсетілген.  Жер  ресурстары  және  жерге 

орналастыруды  басқару  саласындағы,  сондай-ақ  жерді  тиімді  пайдалануды 

мемлекеттік  бақылау  мәселелері  көтерілген.  Жер  ресурстарын  тиімді 

пайдалану  және  қорғаумен  қамтамасыз  ету,  оның  ішінде  жердің  сапасын 

арттыру;  топырағының  сапасы  жақсы  және  орташа  жыртуға  жарамды 

жерлерді ауыл шаруашылығына тарту; жерді орналастыру жобаларын жасау 

кезінде ландшафты-экологиялық әдісті іске асыру; шаруашылықаралық және 

ішкі  шаруашылық  жерді  орналастыруды  жүргізу;  жер  ресурстарының 

жағдайы  жөніндегі  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  деңгейін  арттыру    бойынша 

тапсырмалар  қойылған.  Алға  қойған  мақсатты  шешу  үшін  іс-шаралар 

көзделген.  



Түйінді  сөздер:  жер  қатынастары,  жер  қоры,  ауылшаруашылық  мақсаттағы 

жерлер,  мемлекеттік  бақылау,  жер  кадастры,  жерді  түгендеу,  жерді 

орналастыру жобасы.  

 

2. К. К. АБУОВ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕР МЕНШІГІ 

ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ  

Аңдатпа.  Жер  қатынастарының  мемлекет  экономикасының  дамуындағы 

маңызы зор. Жерді реформалау барысын бағалау мақаланың басты мақсаты 

болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  1990  жылдан  бастап  жер 

қатынастарының  даму  тарихы  зерттелген.  Ауылшаруашылық  мекемелерді 

өзгерту,  жерді  жекешелендіру  және  жерді  пайдалануды  өзгерту  бойынша 

жұмыстар жүргізіліп жатқан кездегі жер меншігі қатынастарының дамуының 

басты  5  кезеңі  бөліп  қарастырылған. Жер меншігі,  аймақтық  құрылыс  және 

жер  нарығын  дамытуға  жағдай  жасайтын  мәселелерді  реттеуге  арналған 

құқықтық  актілер  көрсетілген.  Жер  бөлудің  тәуекелді  аймағындағы  жер 

реформаларының  ерекшеліктері  анықталған.  «Жер  қатынастары»  түсінігінің 

мағынасы  ашылған.  Жерді  жеке  меншікке  берудің  қалыптасу  үрдісінің 

сипаттамасы  берілген,  жер  реформасының  оң  және  теріс  жақтары 

көрсетілген.  Осы  аспекті  бойынша  ғалымдардың  пікірлері  берілген.  Жер 

заңдылықтарының басты аспектілері қарастырылған.  



Түйінді  сөздер:  жер  қатынастары,  жер  реформасы,  жеке  меншік,  нарық 

айналымы,  жер  нарығы,  жер  заңдылықтары,  құқықтық  механизм,  аренда, 

сатып алу, сату.  

 

 

 

 


3. Қ.Т. АЛЕНОВА  

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ 

ДАМУЫ  

Аңдатпа.  Қазақстанның  агроөнеркәсіптік  секторындағы  логистиканың, 

логистикалық  жүйенің,  агрономия  тұжырымдамасы  мен  оның  дамуының 

сипаттамасы  берілген.  Аграрлық  сектордың  ішкі  жалпы  өніміне  және 

экспорттың  жалпы  үлесіне  талдау  жасалған.  Саланың  маңызды  мәселелері 

анықталып,  сандық  және  сапалық  негіздемесі  жасалған.  Қазақстандағы 

өндіріс  көлеміне  және  азық-түлікті  тұтынуға,  тұтынудағы  импортқа 

шығарылатын өнімнің және экспорттың көлеміне талдау жасалынған. Еңбек 

нарығындағы  ауыл  шаруашылығы  саласының  маңыздылығы  көрсетілген. 

Еліміздің  ауыл  шаруашылығындағы  экономикалық  белсенді  тұрғындардың 

еңбекпен  қамтылуының  салыстырмалы  талдауы  берілген.  Агробизнестің 

қазіргі  мәселелері  шешімінің  кешенді  механизмі  ретінде  агрологистикалық 

орталықтарды  құру  қажеттігі  көрсетілген.  Ұсынылатын  орталықтар 

Қазақстандағы  ауыл  шаруашылығының  ары  қарай  тұрақты  дамуында  және 

тағам  өнімдерінің  қауіпсіздігін  қамамасыз  етуде  маңызды  орын  алатын 

болады.  Авторлар  оларды  құру  –  әлеуметтік  маңызы  бар  мемлекеттік 

деңгейдегі  маңызды  мәселелердің  бірі  деп  сендіреді.  Сандық  және  сапалық 

талдауда 

ауыл 


шаруашылығынждағы 

логистиканың 

проблемалары 

анықталып, оларды шешудің жүйелі ұсыныстары берілген.  



Түйінді сөздер: логистика, агрологистикалық орталықтар, агробизнес, тағам 

өнеркәсібі,  азық-түлік  тауарлары,  ауылшаруашылық  өндірушілер,  сапалық 

және сандық талдау, импорт, экспорт.  

 

      4. М.А. АМИРОВА 



АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІ АҚПАРАТТЫҚ 

КОНСУЛЬТАЦИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАЛДАУ: 

АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТ  

Аңдатпа.  «Қазагромаркетинг»  АҚ-ның  республикалық  және  аймақтық 

деңгейдегі  ауыл  шаруашылығы  өндірушілерін  ақпаратты-консультациямен 

қамтамасыз  ету  бойынша  негізгі  іс-шаралары  қарастырылған.  Облыстар 

бойынша 2012 және 2016 жж. «Жеке қызмет көрсету» және «Тікелей үндеу» 

бойынша  көрсетілетін  қызметтер  динамикасының  салыстырмалы  талдауы 

келтірілген.  «Қазагромаркетинг»  АҚ-ның  ақпаратты-консультациялық 

қызметінің  барлық  секторының  талдауы  маңыздылығы,  талап  етілуі  және 

жылдамдығы 

бойынша 

ауыл 


шаруашылығы 

өндірушілерінің 

қызығушылығын 

тудырған 

басты 

ақпараттың 



қайтарымды 

түрде 


ұсынылатынын  көрсетті.  Ауыл  шаруашылығы  өндірісін  ақпаратты-

консультациямен  қамтамасыз  етудің  тиімділігінің  жеткіліксіз  екені 

анықталды. Ол өз кезегінде оңтайлы қызметін төмендетіп жібереді. Бұдан да 

нақтырақ  деректерді  алуы  үшін  ауыл  шаруашылығы  өндірушілерінің 

ақпаратты-консультациялық  қызметтегі  қажеттіліктерін  зерттеу  керек  екені 

дәлелденген.  Қажеттілік  талдауы  ең  алдымен  мақсатты  топтың  қажеттілігін 

қанағаттандыруға  бағытталатын  ақпаратты-консультациялық  қызметті 


жоспарлаудағы  ең  бірінші  кезеңнің  біреуін  көрсетеді.  Агроөнеркәсіптік 

кешенді 


дамытуды 

ынталандыру 

бойынша 

мемлекеттік 

саясатты 

агроөнеркәсіптік өндірісті дамытудағы маңызды факторларының бірі ретінде 

оның  ақпаратты-консультациялық  қамтамасыз  етуін  негізге  ала  отырып, 

жүзеге асыру қажеттігі көрсетілген.  



Түйінді  сөздер:  агроөнеркәсіптік  кешен,  ақпаратты-консультациялық 

қызметтер, ауылшаруашылық өндірушілер.  



 

5. Н.А. БАРАНОВА 



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕЛЕРІН ДАМЫТУ 

СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

Аңдатпа.  Ауылшаруашылық  мекемелерді  заманауи  жағдайда  дамыту 

стратегияларын жасау қажеттігі көрсетілген. «Мекемелерді дамыту» түсінігі 

жүйелендірілген.  Мекемелерді  дамыту  үрдісінің  өзгеше  сипаттамалары 

берілген.  «Стратегия»  түсінігінің  мәнін  анықтаудағы  тұжырымдамалық 

сипаттамалар  анықталған.  Стратегияны  қалыптастырудағы  анықтық  пен 

ықтималдық  анықталған.  Стратегияны  жасау  кезеңдерін  талдау  нәтижелері, 

«өсім»  және  «даму»  түсініктеріндегі  түбегейлі  айырмашылықтары, 

шаруашылық  жүйені  дамытудың  үш  аспектісі  көрсетілген:  сандық, 

құрылымдық 

және 


сапалық; 

экономикалық 

жүйелердің 

негізгі 


тұжырымдамалары:  мінсіз,  нақты,  радикалды.  Стратегияның  авторлық 

анықтамасы  қалыптастырылған.  Мезо-  және  макро-  деңгейлердегі 

ауылшаруашылық  мекемелерге  стратегиялық  жоспарлау  элементтерінің 

өзара байланысы мен өзара келісімі, АӨК-дегі стартегиялық басқарудың ішкі 

ортадағы  тұрақсыздықты  жоюдағы  мүмкіндігі,  экономиканың  аграрлық 

секторын  дамытудың  сипаттамалық  ерекшеліктері  және  ауылшаруашылық 

мекемелерді  дамыту  стратегиясын  жасауда  оларды  ескеру  қажеттігі 

қарастырылған.  Агроөнеркәсіптік  кешенді  стратегиялық  басқарудың 

принциптері қалыптастырылған.  

Түйінді  сөздер:  агроөнеркәсіптік  кешен,  ауылшаруашылық  мекемелер, 

экономикалық  өсім,  даму  стратегиясы,  тұрақтылық,  бәсекеге  қабілеттілік, 

тиімділік, ішкі орта, стратегиялық басқару, жоспар, басқару жүйесі.  

 

6. O.B. DIGILINA

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СҮТ ӨНЕРКӘСІБІН 

ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ  

Аңдатпа.  Қазақстан  Республикасындағы  сүт  саласын  дамытудың  қазіргі 

жағдайы  және  серпіні  көрсетілген.  Еліміздің  облыстары  және  қалалары 

бойынша  өндірістік  көрсеткіштер  қарастырылған.  Аймақтардағы  сүт 

өндірісінің  ерекшеліктері,  шығарылатын  өнімдердің  негізгі  түрлері 

айтылады. Өндіріс көлемінің оң және теріс жақтары пайыздық көрсеткішпен 

беріледі. Сүт өнімдерін шығару бойынша көш бастаған аймақтар және соңғы 

жылдары  өндіру  көлемі  жағынан  артта  қалып  қойған  аймақтар  анықталған. 

Көшбасшы  аймақтарға  тән  ерекшеліктер  айқындалған.  Еліміз  бойынша 

қандай  да  бір  сүт  өнімдерінің  жоғары,  орташа  және  төменгі  бағалары, 


сондай-ақ  қала  арасындағы  баға  деңгейінің  айырмашылықтары  көрсетіліп, 

баға  жағдайына  әсер  етуші  факторлар  берілген.  Сүт  саласын  дамытумен 

қамтамасыз  ететін  өндірушілердің  түрлі  категорияларының  рөлі  туралы 

ақпарат  берілген.  Осы  саланың  әлсіз  тұстары  мен  оларды  жою  шаралары, 

сондай-ақ  оның  келешек  нысаналы  көрсеткіштерінің  кейбіреуіне,  еліміздің 

сүт  саласына  бағытталған  жеке  құжаттар  туралы  ақпараттар  берілген.  Сүт 

өнеркәсібінің  тұрақты  дамуына  кедергі  келтіретін  кейбір  мәселелер  және 

оларды шешу жолдары қозғалған.  



Түйінді  сөздер:  агроөнеркәсіптік  кешен,  сүт  өнеркәсібі,  сүт  өнімі,  қайта 

өңдеу,  ауылшаруашылық  мекеме,  шаруа,  фермерлік  шаруашылықтар,  үй 

шаруашылығы, аймақтар.  

 

7. А.Б. ЕРАСЫЛОВА  



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕАЭО МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН САУДА 

ҚАТЫНАСЫ: АӨК СЕЗІМТАЛ САЛАЛАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ 

ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ КЕЛІСІМНІҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ  

Аңдатпа.  ЕАЭО  келісімдерінің  сапаның  халықаралық  стандарттарын 

енгізудің  жаңа  механизмдерін  қалыптастыруға  және  кіргізілетін  өнімнің 

қауіпсіздігі  мен  сапасын  бақылауды  күшейтуді  қалыптастыруға  септігін 

тигізетін  Қазақстанның  аграрлық  секторының  сезімтал  салаларына  әсері 

қарастырылған.  Қазақстанның  АӨК  салаларының  бәсекеге  қабілеттілігі 

өсіміне  және  өндіріс  тұрақтылығына  жасалатын  жағдай  анықталған.  ЕАЭО 

нормаларын пайдаланудың қайта өңдеу мекемелері қуатының толық жұмыс 

істемеуіне,  отандық  азық-түліктің  бәсекеге  қабілеттілігінің  төмендігіне, 

техникалық-технологиялық  жағынан  артта  қалуына,  аграрлық  өндірістегі 

инновациялық 

зерттемелердің 

толық 


пайдаланбауына 

байланысты 

мәселелерді  азайтуға  мүмкіндік  беретіні  анықталған.  ЕАЭО  аясындағы орта 

және шағын бизнес жұмысын оңтайландыру, АӨК-нің қайта өңдеу секторына 

шетелдік және ішкі инвестицияны бесенді түрде тарту үшін жағдай жасауға 

байланысты  қолданыстағы  заңға  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу 

бойынша мемлекеттік шаралар тиімділігі туралы айтылады.  

Бұл  құжаттардың  келешегінің  зор  екеніне,  техникалық,  ветеринарлық-

санитарлық карантиндік регламенттер, «жасыл» себет бойынша мемлекеттік 

қолдау 


көрсету 

шараларын 

арттыру 

салаларына 

мемлекетаралық 

стандарттарды  енгізу  бағытындағы  өндірістік  қатынастарды  кеңейту  және 

өзгерту бойынша артықшылықтарын есептеу қажет.  

Түйінді  сөздер:  агроөнеркәсіптік  кешен,  ішкі  нарық,  импорт,  сезімтал 

салалар,  бәсеке,  Еуразиялық  экономикалық  одақ  келісімдері,  тұтыну 

сұранысы, интеграция, бәсекеге қабілеттілік.  

 

8. А.Ж. ЖОЛМУХАНОВА

 

 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК 



НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ  

Аңдатпа.  Азық-түлік  қауіпсіздігі  мәселелері  қарастырылған.  Мемлекеттік 

реттеу,  ішкі  сауда  шектеу  әдістеріне  талдау  жасалған.  Еліміздің  ауыл 



шаруашылық  шикізатымен  және  азық-түлікпен  өзін-өзі  қамтамасыз  етуіне 

баға берілген. Ұысынлған медициналық нормалармен тұтынудың сәйкестігі, 

азық-түлік  нарығының  жағдайы  көрсетілген.  Авторлар  азық-түлік  өндірісін 

өзімізде  дамыту  және  экспорт  пен  импорттың  теңдестірілген  құрылымы, 

сондай-ақ  азық-түлікпен  қамту  тұрақтылығы  үшін  резервтер  қорын  құру 

үшін жағдай жасау қажеттігін алға тартады. Азық-түлік нарығы жағдайының 

және  тұрғындарды  тағам  өнімдерімен  қамтамасыз  ету  жағдайы 

көрсеткіштеріне талдау жасау олардың ішінен басқару шешімдерін қабылдау 

үшін ең тиімді деген біреуін таңдап алу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігімен 

қамтамасыз  ету  стратегияларын  –  ұлттық  азық-түлік  жүйесі  векторын 

қалыптастыратын мемлекеттік экономикалық саясатының басты мақсатының 

бірін жасау барысындағы маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады.      



Түйінді сөздер: агроөнеркәсіптік кешен, мал шаруашылығының азық-түлігі, 

өсімдік  шаруашылығы,  ет  және  ет  өнімдері,  тұтынушылар,  ауыл 

кооперативтері, шаруа шаруашылығы, экспорт, импорт, ауыл кәсіпкерлері.  

 

9. Г. А. ҚОЖАХМЕТОВА  



АУЫЛДЫҢ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ  

Аңдатпа. Ауылдық еңбек нарығының сипаттамалық ерекшеліктері берілген. 

«Еңбек  ресурстары»,  «жұмыс  күші»,  «еңбек  әлеуеті»,  «кадрлық  әлеует» 

түсініктері  қарастырылған.  «Еңбек  әлеуеті»  және  «кадрлық  әлеует» 

категорияларының  айырмашылығы,  кадрлық  әлеуетті  қалыптастыру 

жағдайларын анықтайтын факторлар көрсетілген. Ауылдағы демографиялық 

жағдайларға,  жұмыс  орындарындағы  қажеттіліктерге  талдау  жасалған. 

Жұмыс  күшін  қалыптастырудың,  жас  көрсеткіштері  ерекшеліктеріндегі 

кадрлық  әлеуеттің,  білім  деңгейі  айырмашылықтарының  басты  үрдістері 

анықталған.  Ауылдық  жерлердегі  жастар  арасындағы  жұмыспен  қамтудың 

төмен  болу  себептері  анықталған.  Ауылдағы  жұмыспен  қамтылған 

тұрғындардың  дәрежесі  бойынша,  жұмыссыз  халықтың  құрылымы 

көрсетіліп,  өзін  өзі  жұмыспен  қамтып  жүрген  тұрғындардың  деңгейіне 

талдау  жасалған.  Агроөнеркәсіптік  өндірістегі  кадрлық  әлеуеттің  жұмыспен 

қамтылуының  теңсіздігі,  жасы  келгендер  бойынша,  еліміздің  аймақтары 

бойынша  білім  деңгейіне  қарай  жұмыссыздықтың  белең  алуы  анықталған. 

Кадрлық әлеуеттің индикаторлары анықталып, талдау жасалған: жұмыс күші 

құрамына  кірмейтін  және  еңбек  ресурстары  резервін  құрайтын  тұлғалар. 

Ауыл еңбегі нарығындағы кадрлық әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру 

бойынша шаралар ұсынылған.  

Түйінді  сөздер:  еңбек  ресурстары,  кадрлық  әлеует,  жұмыспен  қамту, 

жұмыссыздық,  өзін  өзі  жұмыспен  қамтушы  тұрғындар,  жалдамалы 

жұмыскерлер, бәсекеге қабілеттілік, еңбек нарығы, демография, уәждемелік-

инновациялық механизм, басқару.  



 

10. Г.К. ЛУХМАНОВА

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОЯ ӨНДІРІСІНІҢ АӨК-де КЕЛЕШЕГІ ЗОР 

САЛА РЕТІНДЕ ДАМУЫ  


Аңдатпа.  Еш  нәрсеге  ұқсамайтын  табиғи  өсімдік  ақуызы  ретіндегі  адамзат 

өміріндегі сояның мағынасы қарастырылған. Оның Қазақстан Республикасында 

және әлемде қолданылу көлемі көрсетілген. Өндіруші елдер ондығына кіретін 

осы  дақылды  өндірудің  басты  көрсеткіштері  келтірілген.  Алматы  облысында 

(95%)  сояны  өндіру  концентратына  және  әлемдегі  соя  бұршақтарын  ең  көп 

тұтынушылардың бірі болғандықтан, Қытайдың қазақстандық соя өніміне деген 

сұранысының артуына баса назар аударылған. Мақала материалдарында 2011-

2015  жж.  соя  бұршақтарын  егу  аумақтары  және  жалпы  жиын  туралы 

статистикалық  деректер  бар.  Соңғы  бес  жылдағы  өндірістің  экономикалық 

талдауы жасалған. Авторлар соя өнімдері нарығын арттыру қажеттігін айтады. 

Соя  өнімдерінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  оны  өндіру  көлемін 

өсіріп, шығындарын азайтып, өнімділігін арттыру қажеттілігі анықталған. Соя 

өнімдерін  өндіру  арқылы  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешу 

бойынша ұсыныстар жасалған.  



Түйін сөздер: агроөнеркәсіптік кешен, бәсекеге қабілеттілік, майлы дақылдар, 

соя бұршақтары, суармалы жерлер, субсидиялар, қайта өңдеу, импорт, экспорт.  

 

11.  О.В. МИШУЛИНА 



АӨК-дегі ШАҒЫН МЕКЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ 

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ  

Аңдатпа.  Шағын  мекемені  басқару  жүйесіне  диагностикалық  талдау 

жасалған.  Оның  тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  кемшіліктері  («тар»  жерлері), 

олардың  пайда  болу  себептері,  мәселелері  анықталып,  кем,  кетігін  жою 

жолдары  көрсетілген.  Шағын  мекеме  үшін  оның  кейбір  факторларының 

маңыздылығы  макроорта  көрінісін  талдау  әдісімен  анықталған.  Шағын 

мекеме жұмыс істейтін  саладағы бәсеке деңгейі, оның бәсекелік позициясы, 

салалық  ортадағы  қазіргі  және  күтілетін  факторларға  әсері  бағаланған. 

Шағын мекеменің функционалдық аймағы бойынша (қызметкер, маркетинг, 

өндіріс,  ұйымдастырушылық  мәдениетті  қоса  алғандағы  қаржы  және 

менеджмент) ішкі ортасы факторларының талдауы – SNW берілген. Басқару 

жүйесінің  «сындарлы  ерекшеліктері»  туралы  ақпарат  жинақталып,  оның 

сандық  және  сапалық  сипаттамасының  төмендеу  қарқыны  анықталған. 

Шағын  мекемені  басқарудағы  мәселелер  (экономикалық,  кадрлық, 

ұйымдастырушылық) құрылымдалып, оларды шешу жолдары ұсынылған.  



Түйінді  сөздер:  агроөнеркәсіптік  кешен,  шағын  мекеме,  талдау,  басқару 

жүйесі,  диагностика,  ішкі  және  сыртқы  орта,  макроорта,  микроорта,  бәсеке, 

еңбек әлеуеті.  

 

12. С.Т.  ОКУТАЕВА  



АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕТ КЛАСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 

ФАКТОРЛЫҚ ТАЛДАУЫ  

Аңдатпа.  Қазақстан  Республикасының  аграрлық  секторының  стратегиялық 

маңызды  салаларының  бірі  –  ІҚМ  бордақылаумен  және  мал  өнімдерін 

өндірумен  айналысатын  әртүрлі  шаруашылық  субъектілерінің  мал 

шаруашылығы  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  кластерді  құру  арқылы 



аймақаралық  экономикалық  байланысты  кеңейту  және  бекіту  өте  маңызды 

мәселе  болып  отыр.  Авторлар  жүргізген  зерттеулер  аймақтық  кластер 

моделін  жасауға  және  оны  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыру факторы ретінде қалыптастыру бойынша ұсыныстарға 

бағытталған. 

Бұл 


жұмыста 

Ақмола 


облысындағы 

ет 


кластерін 

қалыптастырудың  тереңдетілген  факторлық  талдауы  және  аймақтағы 

салалардың  бәсекеге  тұрақтылығына  сандық  талдау  жасалған.  Факторлар 

деректерінің  тәуелділік  корреляциялық  өрісі  берілген.  Ақмола  облысының 

мал  шаруашылығы  саласын  зерттеу  үшін  А.В.Ермешинаның  әдістемесі 

кластерді  құру  мүмкіндігі  ретінде  қолданылған.  Аймақтың  бәсекеге 

тұрақтылығын  талдау  үшін  басты  көрсеткіштер  ретінде  аймақ  аумағындағы 

осы 


өндірістің, 

жан 


басына 

шаққандағы 

өндірістің, 

аймақтың 

мамандануының шектеу коэффициенті қолданылған. Авторлар Қазақстанның 

мал  шаруашылығының  әлеуеттік  мүмкіндігінің  SWOT  талдауының 

нәтижелерін  берген.  Кластердің  ары  қарай  дамуына  оң  әсерін  тигізетін 

факторлар және әлсіз тұстары анықталған.  



Түйінді  сөздер:  мал  шаруашылығы,  аймақтық,  салалық  кластер, 

интенсификация,  өндірістер,  SWOT  талдау,  сапалық,  сандық  талдау, 

тиімділік, жан басына шаққандағы өндіріс, мамандандыруды шектеу.    

 

13. А.М. УАХИТЖАНОВА 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК 

КЕШЕНІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ  

Аңдатпа. 

Қазақстан 

Республикасының 

агроөнеркәсіптік 

кешенін 

қаржыландырудың мәселелері еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың 

факторы 

ретінде 


қарастырылған. 

Ауылшаруашылық 

тәуекелдерін 

төмендетудің  әдістері  және  басқару  кезеңдері,  шаруашылықаралық 

байланысты  дамытудың  экономикалық-ұйымдастырушылық  алғышарттары, 

АӨК  мекемелерінің  қаржылық  ресурстар  қозғалысы  және  осы  процесті 

тежейтін  себептер:  жоғары  несиелік  жүктеме  және  қажетті  заемдық 

қамтамасыз  етудің  жоқтығы  анықталған.  БСҰ  жағдайындағы  АӨК  отандық 

мекемелерін  қалыптастыру,  АӨК  субъектілерін  «ҚазАгро»ҰБХ»  АҚ  желесі 

бойынша  несиелеуді  ұйымдастыру  мәселелеріне  баса  назар  аударылған. 

Мемлекеттің  агарарлық  секторды  басқарудағы,  еліміздің  азық-түлік 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге,  отандық  өнімді  өндіруді  арттыруға  әсер 

ететін  саланы  қаржылық  және  техникалық  реттеуді  ұйымдастырудағы  рөлі; 

жүзеге  асырылатын  мемлекеттік  бағдарламалар  аясындағы  мемлекеттік 

қолдау  көрсетілген.  Отандық  өндірушілердің  әлеуеттік  мүмкіндіктеріне 

үнемі мониторинг жүргізу арқылы АӨК дамытудың келешегі зор бағыттары 

берілген.      

Түйінді сөздер: агрөнеркәсіптік кешен, қаржыландыру, мемлекеттік қолдау, 

азық-түлік  қауіпсіздігі,  несиелеу,  аграрлық  саясат,  отандық  өндірушілер, 

ауылшаруашылық тәуекелдер.  

 

 


14. С.С. АСАНОВА 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ 

ҚҰРЫЛЫМДАРЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

КӨЛЕМІ  МЕН ӨНДІРІС ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ  

Аңдатпа.  Республикамыздың  ауылшаруашылық  қалыптасу  қызметін  және 

саланың  әлемдік  азық-түлік  нарығындағы  бәсекеге  қабілеттілігін 

оңтайландыру 

мәселелері 

қарастырылған. 

Қазақстанның 

аграрлық 

секторының  қазіргі  жағдайына  талдау  жасалған.  Республиканың  аграрлық 

секторының  әлемдік  деңгейге  шығу  әлеуеті  көрсетілген.  Авторлардың  

пікірінше,  ұсақ  жер  пайдаланушыларын  орта  және  ірілерге  қосу 

экономикалық  ынталандыру  шаралары  негізінде  ғана  мүмкін  болады; 

отандық  ауылшаруашылық  өндірістегі  кооперативтік  қозғалысты  тежейтін 

факторлардың  бірі  тиімді  заң  базасының  жоқтығы  болып  табылады;  осы 

уақытқа  дейін  тұрғындардың  жеке  шаруашылығының  дәрежесі  заңмен 

бекітілмеген; мемлекет көрсеткен басым бағыттағы инвестициялық жобалар 

ойдағыдай  жүзеге  асырылу  үшін  жеке  инвестицияны  тарту  шараларын 

қабылдаған  жөн;  ауылшаруашылық  өнімнің  барлық  түрлерін  өндіру 

бойынша  көлемді  ауылшаруашылық  жерлер  аумағының,  ауылдың  еңбек 

ресурстарының, республиканың әлемдік азық-түлік нарығына қатысуы үшін 

саланы  техникалық  және  технологиялық  жағынан  жабдықтауды  жеделдету 

қажет.  

Түйінді  сөздер:  аграрлық  сектор,  бәсекеге  қабілеттілік,  әлемдік  азық-түлік 

нарығы,  оңтайландыру,  өндіріс,  тұрғындар  шаруашылығы,  кооперация, 

инвестициялық жобалар.  

 

15. A.B. BEKBOSSYNOVA 



КӨЛДЕНЕҢ ТИПТІ КООПЕРАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ  

Аңдатпа.  Қазақстанның  АӨК  аралас  салаларының  мекемелері  арасындағы 

интеграциялық  байланыс  негізінде  көлденең  типті  кооперацияны  дамыту 

қажеттігі  негізделген.  Басты  рөл  орта  және  ірі  тауар  өндірушілерін  және 

кооперативті 

негіздегі 

шаруашылық 

жүргізуді 

құруға 


берілген. 

Тұрғындардың 

ұсақ 

шаруа 


шаруашылықтарын 

біріктіру 

арқылы 

кооперативтер  құруда  ресурстық  әлеуетті  тиімді  пайдалануды  және  кірістің 



ең  жоғары  деңгейіне  жетуді  қамтамасыз  ететін  өндірістің  ұтымды 

құрылымын  анықтау  маңызды.  Мақалада  осы  мәселені  экономикалық-

математикалық  модельді  пайдалану  арқылы  шешу  әдістері  көрсетілген. 

Маңызды  мәселе  –  ұсақ  тауар  өндірушілерді  және  ірі  қайта  өңдеу 

мекемелерін  кооперативтерге  қосу.  Сондай-ақ,  тең  құқылы  және  өзара 

пайдалы  әріптестікті  қамтамасыз  ететін  қарым-қатынас  мәселелері, 

шикізатты жеткізу және есептерді жүргізудегі міндеттерді сақтау мәселелері 

қарастырылған.  Республиканың  аграрлық  секторындағы  кооперацияны 

дамыту  үшін  ұйымдастырушылық  және  экономикалық  алғышарттардың 

басқа  да  мәселелері  ашылған.  Мақалада  №5467/ГҚ4,    тіркелу  нөмірі    № 

0115RK01913  жобасының  тақырыбы  бойынша  «Ғылымды  дамыту»  2017 

бюджеттік  бағдарламасы,  «Ғылыми  зерттеулерді  гранттық  қаржыландыру» 



102  ішкі  бағдарламасы  аясындағы  2015-2017  жж.  гранттық  қаржыландыру 

бойынша зерттеулердің нәтижелері жарияланған.  



Түйінді  сөздер:  аграрлық  сектор,  кооперативтер,  шаруа  шаруашылықтары, 

салықтар, интеграциялық келісім-шарттар, өндірістік параметрлер, тиімділік, 

нарық.  

 

16. A.S. BELGIBAYEVA

 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА АГРОБИЗНЕСТІ 

ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ  

Аңдатпа.  Ақмола  облысындағы  шағын  және  орта  агробизестің  дамуын 

зерттеу  нәтижелері  еліміз  және  оның  аймақтары  бойынша  орташа 

мағыналарын  салыстырудағы  экономиканың  осы  секторының  дамуын 

сипаттайтын  негізгі  статистикалық  көрсеткіштерге  талдау  жасау  арқылы 

берілген.  Еліміздегі  экономикалық  қызмет  түрлері  бойынша  шағын  және 

орта  кәсіпкерліктің  даму  деңгейіне  баға  берілген.  Ақмола  облысындағы 

КОК-тің  жұмыс  істеп  тұрған  субъектілері  қызметінің  көрсеткіштеріне 

мониторинг жүргізілген. Осы облыстағы шаруа (фермерлік) шаруашылықтар 

қызметінің ерекшеліктеріне және қазіргі жағдайына талдау жасалған. Соңғы 

жылдары мал шаруашылығына басымдық бере отырып, мамандандырылуын 

өзгертуді  бастаған  фермерлер  өндірген  өнімдер  мен  өндіріс  салалары 

бойынша  өзгерістерді  бастан  кешірген  ауыл  шаруашылығы  өнімінің 

құрылымдық 

талдауы 


берілген. 

Агробизнесті 

қолдау 

құралдары 



қарастырылған.  Кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  жұмыс  істеу  нәтижелілігінің 

аграрлық  кәсіпкерлікті  қолдау  саласындағы  аймақта  жүзеге  асырылатын 

мемлекеттік саясат болып табылатыны көрсетілген.  

Түйінді сөздер: агробизнес, шағын және орта кәсіпкерлік, шаруа, фермерлік 

шаруашылықтар,  жалпы  өнім,  жұмыспен  қамтылғандар  саны,  мемлекеттік 

қолдау.  

 

17. Ж.С. БУЛХАИРОВА 



ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ 

КАПИТАЛЫ: ЗАМАНУИ ҮРДІСТЕР  

Аңдатпа.  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығындағы  адам  капиталын 

дамытудың  басты  үрдістері  қарастырылған.  Ауыл  шаруашылығының 

ресурстық  әлеуетінің  басты  компоненттерінің  бірі  –  ауылдық  жерлердегі 

адам капиталы екені көрсетілген. Ауыл тұрғандарының басым бөлігі Алматы 

және  Жамбыл  облыстарында.  Еңбекке  жарамды  жастағы  ауыл  тұрғындары 

үлесінің  азаюы  нәтижесінде  республикамыздың  ауыл  шаруашылығындағы 

жұмыспен  қамтылушылар  санының  азаюына  тікелей  әсер  ететін  оның  азаю 

тенденциялары;  еңбекке  тартылмау,  еңбекақының  және  жұмыстың 

маусымдық  болу  салдары;  өзін  өзі  қамтамасыз  етіп  отырған  жұмыскерлер 

үлесінің көптігі; жұмыссыз тұрғындардың әлеуетін пайдаланбау; әлеуметтік-

тұрмыстық  жағдайдың  (қаламен  салыстырғандағы)  төмендігі  анықталған. 

Авторлар шаруашылық етудің қазіргі жағдайының еңбек әлеуетін тиімдірек 



пайдалануды талап ететінін алға тартады. Тұрғындардың еңбек ету салалары 

тарылған ауыл шаруашылындағы жұмыспен қамту мәселесі басты орында.  



Түйінді сөздер: ауыл тұрғындары, адам капиталы, кадрлардың ескіруі, өзін-

өзі  жұмыспен  қамтыған  тұрғындар,  еңбекақы,  еңбек  ресурстары,  миграция, 

жастар, біліктілігі жоғары мамандар.  

 

18. A.K. JUSSIBALIYEVA

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК 

ҚАУІПСІЗДІГІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ  

Аңдатпа.  Еліміздің  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мәселелері 

аграрлық  саясатты  жүзеге  асыру  қаралған.  Авторлар  Қазақстанның  АӨК 

басым  салаларын  дамыту,  аграрлық  өндіріс  және  азық-түліктің  бәсекеге 

қабілеттілігін  арттыру  әдістері  және  бағыттары  мәселелеріне  баса  назар 

аударады.  Азық-түлік  тәуелсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  басты 

шараларға  талдау  жасалған.  Отандық  тағам  өнімі  өндірісін  дамытуда 

маңызды  рөл  атқаратын  қайта  өңдеу  секторын  дамыту  факторлары 

көрсетілген. 

Қазақстан 

Республикасының 

азық-түлік 

қауіпсіздігін 

мемлекеттік  реттеу  саласындағы  заңдық  және  нормативтік  базасына  талдау 

жасалған.  Азық-түлік  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  ішкі  және  сыртқы 

қауіптерді жоюға әсер ететін басты шараларды анықтауға мүмкіндік беретін 

теориялық және статистикалық деректер талданған.  



Түйінді  сөздер:  азық-түлік  қауіпсіздігі,  агроөнеркәсіптік  кешен,  азық-түлік 

нарығы, қайта өңдеу секторы, экономикалық қолжетімділік, отандық өндіріс, 

бәсекеге қабілеттілік, мемлекеттік қолдау.  

 

19. М. Ж ДЮСЕГАЛИЕВ

 

АТЫРАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ШӨЛ  АЙМАҚТАРЫ  ЖАҒДАЙЫНДА 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ТАЗА  ҚОЙ  МЕН  ҚОЗЫ  ЕТІН  ӨНДІРУДІҢ 

ТИІМДІЛІГІ 

Аңдатпа.  Авторлар  қой  етінің,  әсіресе,  қозы  етінің  өндірісін  жоғарылату, 

сапасын жақсартудың маңызды резерві – қой шаруашылығында өнеркәсіптік 

шағылыстыру  әдістерін  енгізу  және  өнеркәсіптік  шағылыстырудың  тиімді 

түрлерін  жүргізу  нәтижесінде  будан  қозылардың  өсімталдығын  жоғарылату 

болып  табылатынын  алға  тартады.  Осыған  байланысты  өнімділігі  төмен,  

қазақтың қылшық жүнді құйрықты саулықтарын етті, етті-майлы және басқа 

да  қошқар  тұқымдарымен  шағылыстырудың  ең  жақсы  деген  нұсқаларын 

анықтау  қажет.  Соның  арқасында  таза  тұқымды  және  буданды  қозылардың 

өсуі,  жайылым  барысындағы  ет  жинауы  және  азықтандыру  үрдісіндегі 

оларды етке даярлаудың тиімді технологиясын жасау қажет. Қылшық жүнді 

қойларды  етті,  етті-майлы  қошқар  тұқымдарымен  қарапайым  өнеркәсіптік 

шағылыстыру арқылы алынған қозыларын етті бағытта дайындаудың тиімді 

технологиясын жасау және енгізудің етті қойлар өнімділігін арттыруда және 

қой еті мен қозы етінің жоғары сапалы өндірісін жоғарылату ісінде, халықты 

жоғары  сапалы  ет  және  ет  өнімдерімен  қамтамасыз  етуде  маңызы  зор. 

Еттілігі  бойынша  және  тез  жетілетін  мал  тұқымынан  өнеркәсіптік  түрде 



будандастырылған  төлдерді  өсіру  және  жайылымда  семіртудің  тәжірибелік 

маңыздылығы  сол,  ол  жасақталған  технологиясы  экологиялық  таза  қой  төлі 

мен қой өндірісін арттырады. 

Түйінді сөздер: қой еті, қозы еті, сапа, саулықтар, қарқынды технологиялар, 

тиімділік, өндірістік будандастыру, экологиялық таза өнім, өнімділік.  



 

20. Е. Ф. ЗАВОРОТИН  



АЙМАҚТАРДЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕХАНИЗМІ  

Аңдатпа:  Ресей  және  Повольже  аймақтарының  2011-2015  жж.  басты 

көрсеткіштер  өсімін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  инновациялық-

инвестициялық саласының қазіргі жағдайына талдау жасалған. Повольженің 

АӨК-дегі  инновациялық-инвестициялық  дамуын  тежейтін  вакторлар 

анықталып,  оның  тиімділігін  арттыратын  негізгі  мәселелер:  сынақтарды 

(сертификациялау  және  маркетинг)  қаржыландыру,  несиелік  кепілдемемен 

қамтамасыз  ету,  авторлық  құқықты  қорғау  т.б.  анықталған.  Аймақтың 

агроөнеркәсіптік  кешеніндегі  құқықтық  аспектілерін  реттеу  және 

инновацияларды  қолдау,  сондай-ақ  ұйымның  инновациялық  белсенділігін 

көтерумен  қамтамасыз  ететін  Қорын  құруды  болжайтын  инновациялық-

инвестициялық  даму  механизмі  жасалып,  негізделген.  Селекциялық 

жұмыстағы  ауылшаруашылық  саймандарды  жасаудағы  қолданбалы 

зерттемелерді  грантпен  қамтамасыз  ету  (банк  несиелері,  сондай-ақ 

кепілдемелер  және  гранттар  беру  есебінен  кіші  инновациялық  мекемелер 

қызметін қамтамасыз етуге негізделген) және іргелі зерттемелерді бюджеттік 

қаржыландыру 

механизмдерімен 

байланыстыратын 

инновациялық-

инвестициялық үрдістердің оңтайландырылған сызбалары жасалған.  



Түйінді  сөздер:  агроөнеркәсіптік  кешен,  инновациялар,  инвестициялар, 

аймақтар,  жоғары  технологиялар,  импорталмастыру,  өнімділігі  жоғары 

сорттар, қаржыландыру, өнімді сертификаттау, өнімділік әсері.  

 

21. З. КАРБЕТОВА 



СҮТ ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН САПАСЫН 

АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ  

Аңдатпа.  Сүт  өнімдерінің  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  сапасын  арттыру 

жолдары  қарастырылған.  Қазіргі  әлемдік  нарықтың  қатал  талаптары  және 

отандық  өнім  өндіретін  мекеме-өндірушілердің  бәсекелік  жағдайлары 

зерттеу  тақырыбының  маңызды  екенін  көрсетеді.  Авторлар  халықаралық 

бәсеке  жағдайында  жоғары  сапалы  өнімнің  халықаралық  нарығына  шығу 

үшін  бұл  мекемелерді  білікті  мамандармен  толықтырып,  сапаның 

халықаралық  стандарттарын  орындау  қажеттігін  айтады.  Бұл  жұмыстың 

басты  мақсаты  –  сүт  өнімдерінің  сапасын  және  қауіпсіздігін  зерттеу,  оның 

бәсекеге  қабілеттілігін  анықтау.  Мақалада  сүт  өнімдері  бойынша 

статистикалық деректер (сыртқы сауда айналымындағы көлем, динамикасы, 

импорттаушы  және  экспорттаушы  мемлекеттер,  сатып  алушының  талабы 

бойынша  өндіруші  мемлекеттің  сауда  құрылымы)  келтірілген.  Сүт 



өнімдерінің  сапасын  арттырып,  оның  бәсекеге  қабілеттілігін  көтеру  үшін 

шаралар  ұсынылған.  Басты  назар  өңдеуді  үнемі  жаңартып,  жұмысын 

арттырып  отыруға,  өндіріске  жаңа  технологиялық  үрдістерді  енгізуге, 

маркетинг пен баға саясаты жүйесін жетілдіру қажеттігіне аударылған.  



Түйінді  сөздер:  сүт  өнімдері,  сапа,  бәсекеге  қабілеттілік,  ынталандыру, 

басқару, медициналық қызметкер, маркетинг, баға саясаты.  

 

22. КУРМАНОВА 



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР НАРЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 

Аңдатпа.  Республикадағы  дербестігін  алған  сәттен  бастап  жер  нарығының 

қалыптасу  және  даму  кезеңдері  зерттелген.  «Нақты  100  қадам»  Ұлттық 

жоспарында  алға  қойылған  ауыл  шаруашылығына  негізделген  жерлерді 

тиімді  пайдалану  саласындағы  мәселелер  қарастырылған.  Ұсынылған 

өзгертулерге  қатысты  тұрғындардың  наразылығын  тудырған  Қазақстан 

Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

«Қазақстан Республикасының № 389-V 2.11.15 Заңындағы» негізгі ережелер 

қарастырылған.  29.11.17  ж.  ҚР  Парламент  Мәжілісінің  пленарлық 

отырысының  бірінші  қараламында  мақұлданған,  шетел  азаматтарына, 

азаматтығы  жоқ  тұлғаларға,  шетел  азаматтарымен  немесе  азаматтығы  жоқ 

тұлғалармен некеге тұрған ҚР азаматтарына, шетелдік заңды тұлғаларға және 

шетелдік  үлестік  қатысуы  бар  заңды  тұлғаларға  шекара  маңы  аймағында 

орналасқан  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлерді  беруге  тыйым 

салуды қарастыратын жаңа заңның негізгі ережесі берілген.  

Ауыл  шаруашылығына  арналған  жер  нарығының  ҚР  Жер  Кодексіне 

енгізілген кейбір түзетулерге жарияланған мораторий (31.12.2021 ж. дейінгі) 

жағдайындағы  қазіргі  жағдайы  көрсетілген.  Мораторийді  енгізбес  бұрын 

шетелдік  үлестік  қатысуы  бар  кәсіпорындарға  жалға  беріліп  қойған  жерлер 

облыстар  қимасында  талданған.  А/ш  жерлерін  шетелдіктерге  жалға  беру 

мәселесін ауыл шаруашылығына және агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция 

тарту құралы ретінде қарау бойынша ұсыныстар берілген.  

Түйінді сөздер: агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, жерді жалға беру, 

жерді  жеке  меншікке  алу,  ауылшаруашылық  мекемелер,  үлестік  қатынас, 

шетелдіктер, инвестициялар.  

 

23. Х.Х. КУСАИНОВ 



ЕАЭО ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЕКАРА 

МАҢЫ АЙМАҚТАРЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК 

КООПЕРАТИВТЕРІН ҚҰРУ  

Аңдатпа.  Еуразиялық  экономикалық  одақ  жағдайындағы  Қазақстан  мен 

Ресейдің  шекара  маңы  аймақтарында  ауылшаруашылық  өндірістік 

кооперативтерін  құру  және  іске  асыру  мәселелері  қарастырылған.  Әлемнің 

дамыған 30 елінің қатарына кіру жолдарының бірі еліміздің агроөнеркәсіптік 

кешенін индустриялық-инновациялық дамыту болып табылатыны айтылған. 

Еуразиялық 

экономикалық 

одақтағы 

оның 

ішінде 


Қазақстан 

Республикасының ауыл шаруашылығының даму жағдайына талдау жасалған. 



Республиканың  аграрлық  секторында  орын  алған  жағдайға  талдау  жасай 

отырып,  еліміздің  әлеуеметтік-экономикалық  дамуындағы  кооперативтік 

қағидаларының 

мүмкіндіктері 

мен 

ерекшеліктері 



анықталған. 

Ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерін  кооперативтерге  біріктірудің  негізгі 

артықшылықтары  бөліп  қарастырылған.  Авторлар  кооперативтер  түріндегі 

ірі аграрийлердің ғана өзіндік нарықтық бәсекелік тауашасының болатынын 

алға  тартады.  Қазақстанда  ауылшаруашылық  өндірістік  кооперативтерді 

дамыту  үшін  кооперация  қағидаларына  мемлекеттік  қолдау  артып, 

ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін бұл формаға деген қызығушылық 

артып  отыр.  Мысалы,  арнайы  әлеуметтік  салықтық  режимді  қолданудағы 

қызмет түрлері кеңейіп, субсидиялаудың тиімді механизмдері қолданылады. 

Авторлар  агроөнекәсіптік  кешенді  дамыту  үшін  ЕАЭО  мемлекеттерінің 

келісілген  аграрлық  саясаты,  ортақ  азық-түлік  нарығын  қалыптастыру, 

шығындарды қысқарту, АӨК жаңа нарықтық институттарды құру қажет деп 

санайды.  

Түйінді  сөздер:  аграрлық  нарық,  кооперация,  субсидиялар,  астық  холдингі, 

ауылшаруашылық  қалыптастыру,  экспорттық  әлеует,  қамсыздандыру, 

бәсекеге  қабілеттілік,  индустриалды-инновациялық  даму,  мемлекеттік-жеке 

әріптестік, ортақ азық-түлік нарығы.  



 

24. С.К МИЗАНБЕКОВА 



ҚҰРАМА ЖЕМ ӨНЕРКӘСІБІН ЖАҢҒЫРТУ – МАЛ 

ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨСІРУДІҢ НЕГІЗІ  

Аңдатпа.  Мал  шаруашылығын  және  құс  шаруашылығын  көтеруде  мал,  құс 

және  балықтың  барлық  түрлері  және  жасқа  байланыстары  үшін  жем 

шығаратын,  еліміздің  жем  өнеркәсібі  маңызды  рөл  атқарады.  Барлық 

қоректік  заттары  бойынша  теңдестірілген  жемді  пайдалануда    малдың 

өнімділігі арта түседі. Осы саланың мекемелеріне қолдау көрсету мақсатында 

Қазақстанда  жем  алуға  шығатын  шығындарды  субсидиялау  бағдарламасы 

жүзеге асырылуда, жемнің бағасын азайту үшін мал шаруашылығы және құс 

шаруашылығына бөлінетін бюджет қаржысы көбейтілді. Республикадағы ірі 

инновациялық-инвестициялық  жобаларды  –  Көкшетау  қ.  AGRAVIS 

Raiffeisen  AG  белгілі  неміс  концернінің  жем  зауытының  құрылысы  және 

өндірістік  кластерді  құру  жүзеге  асыру  нәтижелері  келтірілген.  Заманауи 

және  жоғары  технологиялық  өндірістік  кластердің  жұмыс  істеуі  жем 

өндіруде  бірлескен  еуропалық  сапа  стандарттарын  қабылдауға  мүмкіндік 

туғызды.  Мемлекеттік  бағдарлама  аясында  жем  өндіру  бойынша  отандық 

жоғары  технологиялық  зауыттарды  салу  жүзеге  асырылуда:  қазақстандық 

мал  шаруашылығын  көтеруге  арналған  агроиндустриялық  кешен,  «Қорғас  – 

Шығыс  қақпасы»  еркін  сауда  аймағындағы  жем  зауыты  және  т.б.  жобалар. 

Түйінді  сөздер:  мал  шаруашылығы,  әртараптандыру,  егіс  алқаптары,  жем 

базасы, жем өнеркәсібі, шикізат, ассортимент, өнім, компонент, субсидиялау.  



 

 

25. А.Б. МОЛДАШЕВ  



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРГАНИКАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН 

ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ   

Аңдатпа:  Қазақстандағы  органикалық  өнім  нарығына  және  өндірудің  және 

оны  реттеу  бойынша  қолданыстағы  шаралардың  қазіргі  жағдайына  баға 

берілген.  ҚазЭКҒЗИ  және  «Органикалық  өнім  өндірудің  экономикалық-

ұйымдастырушылық  жүйесін  қалыптастыру  және  оны  дамытудың 

нормативтік  базасын  негіздеу»  РСТ  орындаған  зертеулер  нәтижелері 

көрсетілген.  Әлемдік  және  отандық  тәжірибе  негізінде  органикалық  егін 

шаруашылығын  жүргізк  қағидалары  және  әдістері  жиынтығы  біріктірілген. 

Ауыл 


шаруашылығын 

жүргізушілердің 

шаруашылық 

жүргізудің 

органикалық  әдісіне  көші  тәжірибесін  ынталандыру  мәселелеріне  талдау 

жасалып,  зерттелген.  Оның  өндірісін  тежейтін  себептер  анықталған. 

Органикалық  өнім  өндірушілерін  ынталандыру,  органикалық  өндіріс 

саласындағы  стандарттау,  сертификаттау,  бақылау  жүйесін  қалыптастыру, 

бойынша  ұсыныстар  жасалып,  субсидиялау  механизмі  негізделген. 

Авторлардың  ұсыныстары  шет  елдердегі  он  жылдар  бойы  кейінге 

қалдырылған органикалық бизнесті қазақстандық жағдайға бейімдеу арқылы 

пайдаланудың пайдалылығына негізделген.  



Түйінді  сөздер:  ауыл  шаруашылығы,  органикалық  өнім,  нарық,  өндіріс, 

ынталандыру, 

тиімділік, 

стандарт, 

сертификаттау, 

тұтынушы, 

ауылшаруашылық өндіруші, субсидиялау.  

 

26. 



B.S. MIRZALIEV 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 

САЯСАТТЫ 

ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАРЫ  

Аңдатпа.  Қазақстанға  тартылған  тікелей  шетел  инвестицияларының 

ағымдағы  жағдайы  қарастырылады.  Еліміздің  экономикасына  негізгі 

инвесторлардың  инвестициялық  салымдарының  бағыты,  инвестицияны 

тартыдуың мемлекеттік саясаты талданады. Капиталдық ресурстарды тиімді 

пайдалану көрсетілген экономикалық шешімдер, олардың басты облыстарға 

бағыты  және  қоғамдық  өндірістегі  теңдікті  қамтамасыз  ету  жолдары 

көрсетілген.  Кейбір  салаларды  дамыту  үшін  инвестициялық  климатты 

жақсарту  бойынша  іске  асырылатын  шаралардың  көмегімен  экономикалық 

қайта  құрылымдау  мәселелерінің  шешімін  табу  мүмкіндіктері  анықталған. 

Ресурстарды 

тиімді 

пайдалану 



және 

қалдықтарды 

қайта 

өңдеу 


технологияларын  пайдалану  қажеттігі,  өнеркәсіптегі  дайын  өнімнің  үлесін 

арттыру  қажеттігі,  резиденттердің  экономикалық  қызметі,  Қазақстанға 

шетелдік  инвесторлардан  тартылатын  тікелей  инвестициялар  зерттелген. 

Инвестициялық  активтердің  көлемін  және  құрылымын  қамтамасыз  етуге 

бағытталған  инвестициялық  қызметті  ұйымдастыру  және  басқару  бойынша 

іс-шаралар  кешені,  олардың  тәуекел  жағдайындағы  табыстылығының  өсімі 

ғылыми  негізделген.  Инвестициялық  қызметтің  нысаналы  бағытының 

жүйесін  қалыптастыру,  оларға  қол  жеткізудің  тиімді  әдістері  ұсынылған. 

Инвестициялық саясаттың басты элементтері анықталған.  


Түйінді сөздер: мемлекеттік реттеу, инвестициялық: саясат, климат, қызмет, 

стратегия,  ресурстар,  инвестициялық  портфель,  инвестор,  тікелей  шетелдің 

инвестициялар.  

 

27. Л. А. ОМАРБАКИЕВ  



ЕАЭО МҮШЕ-ЕЛДЕРІНДЕГІ САЛЫҚ САЯСАТЫ  

Аңдатпа. Әлемдік экономикалық дамудың жаңа күшті орталығына айналуға 

тиісті  Еуразиялық  экономикалық  одағы  нарығын  құруға  әсер  ететін 

факторлар  қарастырылған.  Авторлар  Одақтың  басты  мақсаты  мүше-

мемлекеттердің  халқының  өмір  деңгейін  жақсарту,  тауарлар,  қызметтер, 

капитал мен еңбек ресурстарының ортақ нарығын қалыптастырудағы, ұлттық 

экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  және  жан-жақты  жаңғырту, 

кооперациялауда  тұрақты  дамуы  үшін  жағдай  жасаудан  тұрады.  ЕАЭО 

форматындағы бірігудің жоғары деңгейі тауарлардың, қызметтердің, капитал 

мен жұмыс күшінің еркін қозғалуына, агроөнеркәсіптік кешендегі келісілген 

саясатты жүзеге асыруға кепілдік береді. Жалпы ұлтаралық деңгейде бәсеке 

жағдайын бұзбау үшін және бұл үрдіске кедергі келтірмеу үшін ЕАЭО елдері 

өзара  саудаға  әсер  ететін  бағыттарын,  акцизделетін  тауарлар  акциздері 

мөлшерлемесі  үйлесімділігін  қоса  алғандағы  салық  заңдылықтарын 

сәйкестендіру  формаларын  анықтап,  ҚҚС  өндіру  жүйесін,  оның  ішінде 

ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  ары  қарай  жетілдіруде. 

Мемлекеттердің  бірлесу  үрдісі  ұлттық  заңдылықтардың,  әсіресе  тиімді 

мемлекетаралық  экономикалық  ынтымақтастықтың  ажырамас  талабы  – 

үйлесімділігі  болып  табылатын  салықтық  заңдылықтардың  үйлесімділігін 

қажет етеді.    

Түйінді сөздер: агроөнеркәсіптік кешен, бірлесу, жаһандану, салық саясаты, 

қосымша  құн  салығы,  бюджет,  цифрлау,  импорт,  сыртқы  сауда,  кеден 

төлемдері.  

 

28. Ж.У. ТУЛЕГЕНОВА 



АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕРДЕ ЛОГИСТИКАЛЫҚ 

ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ  

Аңдатпа.  Аграрлық  сектордағы  логистикалық  үрдістердің  ерекшеліктері 

қарастырылған. 

Авторлардың 

пікірінше, 

ауыл 

шаруашылығының 



логистикалық  жүйесі  өте  күрделі.  «Логистикалық  қызметтер»  түсінігін 

кеңінен  тарқататын  басты  бағыттары  анықталған.  Агроөнеркәсіптік  кешен 

логистикасын кооперациялау маңыздылығы айтылған. Инфрақұрылымдарды 

(қоймалар, қамбалар, элеваторлар, транспорт) логистикамен қамтамасыз ету 

мәселелері  анықталған.  Оның  Солтүстік  Қазақстанның  АӨК  мекемелерінің 

астықты  өндіру,  сақтау,  қайта  өңдеу  және  өткізудегі  құраушыларының 

жағдайы  талданған.  Қызмет  көрсету  кезіндегі  логистикалық  шығындар  мен 

ұсталымдар  көрсетілген.  Ауыл  шаруашылығы  және  астық  қабылдау 

кәсіпорындарында  астық  сақтауды  дамыту  және  қоймаларда  орналастыру, 

олардың  тиімді  салааралық  пропорциясының  негізі  ұсынылған.  Астық 



нарығындағы  технологиялық  тізбектің  қатысушылары  арасында  түскен 

пайданы  бөлісудің  қатынасын  көптеген  нормативтік  материалдарды  және 

ауылшаруашылық, өңдеу және сауда ұйымдарының қызметтеріне сараптама 

жасай  келе  ұсынады.  Ауылшаруашылық  кооперация  қағидалары  және 

әдістері  негізінде  ішкі  және  сыртқы  логистикалық  тізбектің  құрылуына 

септесетін  ақпараттық-консультациялық  желіні  қалыптастыру  қажеттігі 

дәлелденген.  

Түйінді  сөздер:  агроөнеркәсіптік  нарық,  инфрақұрылым,  логистикалық 

қызметтер,  инновациялар,  ауылшаруашылық  кооперативтер,  баға,  экспорт, 

сұраныс, маркетинг, рентабельділік, сапа, сақтау, түсім, бәсеке.  

 

29. D.N. SHAIKIN



 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АӨК-ді ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМЫТУ 

ЖАҒДАЙЫНДА ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІ  

Аңдатпа.  Қазақстан  Республикасының  агроөнеркәсіптік  кешенін  ғылыми-

технологиялық дамыту аясында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және 

даму ұйымы, Франция, Париж) стандарттарын қолданудың кейбір мәселелері 

көрсетілген.  Басты  акцент  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарын енгізу және ары қарай қолдану қажеттігі 

туралы 


ұсыныстарына 

жасалған. 

Макроэкономикалық 

ғылыми-


технологиялық  тапсырмаға  –  2050  ж.  ҒЗТКЖ  шығындары  деңгейін  ЖІӨ-ге 

шаққанда  3%-ға  жеткізуге  басты  назар  аударылған.  Еліміздегі  АӨК 

инновациялық  дамытуға  байланысты  қазіргі  отандық  зерттеушілердің 

әртүрлі  көзқарастары  берілген.  Ғылыми-технологиялық  саланың  қазіргі 

жағдайын 

көрсететін 

статистикалық 

ақпаратқа 

талдау 

жасалған. 



Республиканың  ауылшаруашылық  саласының  инновациялық  дамуын 

сипаттайтын  индикаторға,  оның  ішінде  ІЖӨ,  ғылыми-зерттеу  және 

тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстар  жүргізуге 

жұмсалатын  ішкі 

шығындар,  оларды  жүргізуге  ЖІӨ-ге  шаққандағы  ішкі  шығын  деңгейі 

талданған.  Авторлардың  Қазақстан  Республикасының  АӨК  инновациялық 

әлеуетін  көтеруге  және  ауыл  шаруашылығындағы ҒЗТКЖ  жұмсалатын  ішкі 

шығын  деңгейін  ІЖӨ  шаққанда  2050  ж.  кем  дегенде  1,0%-ға  жеткізуге 

мүмкіндік жасайтын ұсыныстары берілген.  

Түйінді  сөздер:  стандарттар,  ЭЫДҰ,  шығындар,  агроөнеркәсіптік  кешен, 

ішкі  жалпы  өнім,  енгізу,  іргелі  және  қолданбалы  зерттеулер,  инновациялық 



әлеует, ғылыми-технологиялық сала.  

 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет