ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



жүктеу 1.29 Mb.
бет7/7
Дата17.07.2017
өлшемі1.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер тізімі
1. Проблемы сохранения шахт Карагандинского бассейна // Индустриальная Караганда 30 октября 1998 года. С. 10.

2. Ученый. Педагог. Творец // Шахтерская неделя. 31 октября 2003 года. С. 8.

3. Квон Сергей Сын-Гувич // Уголь. - 2003. - №3.

описание: c:\documents and settings\administrator\рабочий стол\книги по мпв 2014 г\фото\_dsc8089.jpg


Ф.К. Низаметдинов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Маркшейдерлік іс және геодезия

кафедрасының меңгерушісі

профессор, т.ғ.д.,

e-mail: niz36@mail.ru

ПРОФЕССОР Р.П. ОКАТОВТЫҢ

ӨМІРЛІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Окатов Рафаил Петрович 1937 жылы 15 қарашада Архангель облысының Исакогор ауданында дүниеге келген. 1946 жылы Вологодск облысының Бабушкино аулындағы мектепке барады. Кейін Окатовтар Қарағанды қаласына көшіп барады да, 1957 жылы сонда №73 орта мектепті бітіреді. Сол жылы ол Қарағанды тау-кен институтына «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша оқуға түседі, алайда кейін мамандықты Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына (ҚазПТИ) ауыстырғандықтан, Рафаил Петрович институтты 1962 жылы Алматы қаласында аяқтайды. Институтты тәмамдағаннан кейін ол «Қарағанды көмір» комбинатының №35 шахтасында кен мастері болып, сосын учаскелік маркшейдер болып жұмыс істейді. 1974 жылдан бастап Қарағанды политехникалық институтында (ҚарПТИ) аға оқытушы болып, ал 1975 жылдан бастап доцент болып қызмет етеді. 1985 жылы карьер қиябетінің беріктігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөнінде докторлық диссертациясын қорғайды да, 1987 жылдан бастап кафедра профессоры лауазымына ие болды. 1990 жылдан бастап 1998 жылға дейін маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасын басқарады.

Рафаил Петрович жоғары білікті инженер кадрларын даярлау жөнінде зор мақсатты жұмыстар жүргізді. Кафедра меңгерушісі болып істей жүріп, оқу, материалдық және ғылыми базаларды нығайтуда, оқытушылар біліктілігін арттыруда, оқу процесін жетілдіруде көп жұмыстар атқарды. Ол осы күнге дейін «Тау-кен ісі» мамандығының «Маркшейдерлік іс» бағытындағы студенттер оқитын «Тау-кен геометриясы» пәні бойынша ҚР БҒМ деген грифы бар оқу құралдары мен оқулықтардың, оқу-әдістемелік нұсқаулардың авторы.

Рафаил Петрович ашық қазба жұмыстарының маркшейдерия және геомеханика саласындағы физика-механикалық қасиеттерді, тау-кен массивінің жарықшақтығы мен құрылымын зерттеу саласындағы ірі ғалым болды. Ол ашық өндіру геомеханикасы бойынша 3 монография мен 150-ден астам ғылыми мақала жариялады [1, 74-б.].

Оның ғылыми дайындамалары мен Қазақстанның ірі-ірі карьерлеріндегі (Николаев, Қоңырат, Ақши Спасск, Нұрқазған, Златоус-Беловский, Саяқ, Дон, Қарағайлы, Оңтүстік Топар, Шұбаркөл, Қу Шоқы, Молодежный, Шығанақ, Қаражыра және т.б.) қиябеттері мен беткейлерінің беріктігін қамтамасыз ету бойынша көп жылдық жұмыс тәжірибесі тау-кен ісі тәжірибесіне тұрақты беткейлердің, олардың көлбеуінің максимум мүмкін болатын тік бұрышындағы беріктігін қамтамасыз ету бойынша прогрессивтік әдістерді жасап, енгізуге мүмкіндік берді. Оның тұрақты қиябеттердің жарықшақтық массивтерінде параметрлерді негіздеу, контурлық таспаларды өңдеу кезінде бұрғылап-жару жұмыстарын басқару және жобалық контурда кертпешті жайпақтау жөнінде жасаған әдістерін жүзеге асыру пайдалы қазбалардың кен орындарына ашық қазба жүргізу кезіндегі жұмыс тиімділігі мен қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді [2, 21-б.].

1980 жылдан бастап ол Скальный массивтер механикасы жөніндегі халықаралық қоғамның мүшесі болды.

Ғылымдағы жетістіктері мен карьер қиябеттерінің беріктігін басқару саласында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары тиімділігі үшін Р.П. Окатов 1988 жылы ҚазКСР және КСРО ВДНХ көрмелерінде 1-ші және 2-ші дәрежелі дипломдармен және күміс медальмен марапатталды. 1989 жылы ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты болды, «Еңбек ардагері» құрмет медалін иеленді.

Р.П. Окатов қызмет ету процесінде әріптестері мен студенттерге қоятын талапты әрдайым олардың тұрмысына, демалуына, оқуына күнделікті зейін қоюмен бірге алып жүрді.

Рафаил Петрович кеңінен ойлауға және табиғатта болып жатқан, өзі көрген геомеханикалық құбылыстарды ғылыми негіздеуге бейімі бар, жан-жақты адам болған. Бұл оның жасаған карьер қиябетінің беріктігінің есептік сұлбасынан айқын көрінеді, олар ғалымның монографиялары мен бірқатар ғылыми мақалаларында келтірілген. Бұл ретте оның «Карьерлердегі көшкіндермен күрес» монографиясын атап кеткен жөн, осы кітаптың шығуымен Рафаил Петровичті қалыптасқан тау-кен геометрі деп атауға болады [3, 113-б.]. Кейін «Жер қойнауының геометриясы» курсына арналған «Тау-кен геометриясы» атты мазмұны бірегей оқулығы шығады. Рафаил Петрович Окатов жер қойнауларын зерделеуде зор үлес қосқан ұлы ғалым-маркшейдер П.К. Соболевскийдің мұрасын жалғастырушы болып табылады.

Ол «Тау-кен геометрия» және «Геодезия» мамандықтары бойынша кез келген дәрісті көзді жұмып қойып оқитындығын жиі айтатын, ал оның тригонометриялық функциялардың толық бұрыш мәндерін жатқа білуі жан-жағындағы адамдарды таң қалдыратын.

Р.П. Окатов тамаша адам ғана емес, керемет оқытушы да болды. Оның тәрбиеленушілері оны өздеріне әрқашан адамгершілікпен әрі түсіністікпен қарағанын зор құрметпен және ризашылықпен еске алады. Әрине, ол өте талапшыл болды және жауапсыз студенттерді ұнатпайтын, бірақ олармен де ортақ тіл табыса білетін де, нәтижесінде олардың көбі тамаша маман болып шықты.

1999 жылы Рафаил Петрович кафедра профессоры болды. Ғалым сүйікті ісін тастамай, кафедраның білгір түлектерін тәрбиелеуді, жастарға өз тәжірибесін жеткізуді жалғастырып келеді, сондай-ақ кафедраның жаңа меңгерушісі Ф.К. Низаметдиновке көмектеседі. Ол кафедраның дамуында жаңа кезең енді басталған қиын кездердегі Рафаил Петровичтің кеңестері мен қолдау сөздерін есіне жиі алады.

Рафаил Петрович Окатовтың бүкіл өмірлік жолы – бұл күнделікті еңбек, адамға көмектесуге деген талпыныс, ғылыми-зерттеушілік шығармашылық. Әр адам өзінің сүйген ісімен айналысуды, өз үлесін қалдыруды және өз ісінің жалғастырушыларын қалдыруды армандайды. Рафаил Петрович өз ісінің маманы болды, ол ҚарМТУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының қалыптасуы мен дамуына ат салысты, керемет ғалым атанды, таң қалуға тұрарлық өмір сүрді.


Әдебиеттер тізімі


  1. Окатов Р.П. Горная геометрия: Учебник / Карагандинский государственный технический университет. Караганда, 2003. 236 с.

  2. Окатов Р.П. Об устойчивости откосов на слабом наклонном основании. – Л.: ФТПРПИ, 1980, №3. С. 21-24.

  3. Попов И.И., Окатов Р.П. Борьба с оползнями на карьерах. – М.: Недра, 1980. – 239 с.



З.А. Молдағалиев,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Жол-құрылыс машиналары

кафедрасының профессоры, т.ғ.к.

e-mail: metis_rost@mail.ru



ЯНЦЕН И.А. – ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Янцен Иван Андреевич 1935 жылы дүниеге келген. 1954 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Қарағанды политехникалық институтына түседі де, өмірі осы жоғарғы оқу орнымен байланысты болады. 1959 жылы институтты тәмамдағаннан кейін ассистент ретінде жұмыс істей бастайды. 1962 және 1965 жылдар аралығында аспирант болады. Ал 1965 жылдан 1968 жылға дейін өз қызметін аға оқытушы ретінде жалғастырады. Иван Андреевич Янцен 1966 жылы кандидаттық диссертация, ал 1973 жылы докторлық диссертация қорғайды. Иван Андреевич Янцен – «Жол-құрылыс машиналары» кафедрасының негізін салушы және алғашқы меңгерушісі (1968-1997 жж.). Кейінгі жылдары ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып жұмыс істейді.

Янцен И.А. – машина жасау саласындағы көрнекті ғалым. Ол 274 ғылыми еңбектің авторы, оның іщінде 5 монография, 72 авторлық куәлік және 1 АҚШ патенті бар. Оның еңбектері құрылыс және жол машиналарының белсенді гидроимпульсті жүйелерінің теориялық негізін жасауға арналған.

Оның бастауымен 1970 жылы Қазақстанда алғаш рет «Жол-құрылыс машиналары» мамандығы бойынша аспирантура ашылады.Оның тікелей жетекшілігімен 35 кандидаттық диссертация қорғалды. Сонымен қатар ол 3 докторлық диссертацияға ғылыми кеңесші болды.

И.А. Янценға мамандарды дайындаудағы жетістіктері мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол «Знак почета» орденімен, В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойлық медальмен, КСРО, ҚазКСР ВДНХ әр түрлі дәрежелі медальдарымен және дипломдарымен, «Изобретатель СССР», «Почетный дорожник СССР» белгілермен және т.б. марапатталды. Оның аты «Қарағанды, Қарағанды облысы» энциклопедиясына енгізілді, 1986 жылы ол ҚР ЖҒА академигі болып тағайындалады [1, 98-б.].

Инженерлік кадрларды дайындау мақсатында 1968 жылдың шілде айында Қарағанды политехникалық институтында «Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары және жабдықтар» мамандығы бойынша «Жол-құрылыс машиналары» кафедрасы ашылады.

1968 жылы кафедра құрамы 7 оқытушыдан тұрды: П.А. Лобода, М.С. Овчаров, В.Қ. Пакштас, А.Ф. Шмальц, Е.И. Сафанков, А.А. Москофиди, олардың біреуі ғана техника ғылымдарының кандидаты болды (И.А. Янцен – кафедра меңгерушісі). Кафедра меңгерушісі ретінде Янцен И.А. кафедраның даму перспективаларын жоспарлады, бірақ бұл кадрлық қамтамасыз етуді талап етті. Ғылыми-педагогикалық қызметке жақын түлектер кафедрада жұмыс істеді, түрлі тәжірибеден өтті (Мәскеу, Ленинград – Сафанков Е.И., Пакштас В.Қ.), Мәскеу қаласындағы (Альтер И.М – ұзақ мерзім бойы САПР кафедрасының меңгерушісі болды), Саратов қаласындағы (Молдағалиев З.А. – 1997 мен 2011 жылдар аралығында ЖҚМ кафедрасының меңгерушісі) аспирантурада оқыды.

1970 жылдары кафедраға В.В. Харченко, В.П. Литовка, И.П. Смола, Ж.А. Алиевтер келеді. Әр түрлі жылдары кафедрада жұмыс істегендер: Ю.М. Смирнов, қазір т.ғ.д., профессор, физика кафедрасының меңгерушісі, Ибатов М.Қ., қазір т.ғ.д., проф., Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы болғандар: В.В. Харченко, Ю.Е. Пономаренко, В.В. Грузин – 2011 жылдан бастап – ЖҚМ кафедрасының меңгерушісі. Техника ғылымдарының кандидаттары: А.П. Кулябин, Б.Қ. Жәкенов, Г.С. Әубәкіров, Қ.М. Рахымбеков, М.А. Беляев, В.Н. Щелконогов, Н.В. Коробейников, И.И. Царев, А.Д. Вернер, А.О. Тәліпбеков, С.Л. Джапаридзе, Е.З. Әбуов, аға оқытушы Е.Х. Елшібеков, оқытушылар: В.Н. Кучеренко, А.А. Кошелев, ғылыми қызметкерлер: П.А. Сарычев, Я.В. Матияшин, С.В. Кравченко, Г.В. Сурудин, С.А. Эм, Ю.О. Таратутенко, А.А. Шредер, А.Н. Ивкин, В.В. Парфенов, Н.Қ. Нұрпйіисов.

1970 жылы Қазақстанда алғаш рет кафедра жанынан «Құрылыс және жол машиналары» мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Кафедра түлектерінен шыққан алғашқы аспиранттар: Савчак О.Г.- т.ғ.к., ЖҚМ кафедрасының доценті ретінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеген, Тұяқбаев Ш.Т. – т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Механика» кафедрасының доценті және Сихимбаев С.Р. – т.ғ.к., ҚарМТУ «Механика» кафедрасының профессоры болып жұмыс істеген. Қарқынды даму кезеңі (1970-1992 жж.) осы уақытта гидравликалық импульсті жүйелерді зерттеу мен жасау бойынша И.А. Янценнің жетекшілігімен қалыптасқан ғылыми мектептің пайда болып, жемісті қызмет етуімен сипатталады, осы сала аясында 40-тан астам ғалым – техника ғылымдарының докторлары мен кандидаттары шықты. Ол ҚР ЖҒА академигі ретінде көп жұмыс атқарды [2, 9-б.].

Ғылыми мектептің дамуы ғылыми зерттеулерге студенттерді тартумен, жетекші жоғарғы оқу орындарымен, зерттеу орталықтарымен және өндірістік бірлестіктермен байланыс орнатумен бірге жүрді: МАДИ, МИСИ, ВНИИСДМ, СибАДИ, ВНИИСДМ Краснояр филиалы, СКБ Главмосстрой, Калинин экскаватор зауыты және т.б. Артемьев К.А., Алексеева Т.В., Недорезов И.А., Зеленин А.Н. және т. б. сияқты ғылым майталмандары кафедраның бұл ғылыми мектебін білген және қолдаған. Бұл мамандық бойынша Қазақстанда кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес болмағандықтан, И.А. Янценнің ғылыми байланыстарының арқасында кандидаттық диссертациялар Мәскеу, Ленинград, Ростов-на-Дону, Омск қалаларында сәтті қорғалды.

Шаруашылық келісімдегі жұмыстардың ғылыми тақырыбы кең болды, Қазақстанда ғана емес, Мәскеу, Новосибирск, Магадан және т. б. қалаларға да тарады. Осы кезеңде бірқатар машиналар зертханалық сынаудан сериялық шығарылымға дейін жеткізілді.

Кафедра қызметкерлері 12 монография жариялады, 150-ден астам КСРО авторлық куәлігін, 5 США, АҚШ, Швеции, ГФР, Финляндия патентін алды. Профессор И.А. Янцен «Изобретатель СССР» белгісімен марапатталды.

Кафедра КСРО және ҚазКСР ВДНХ қатысушысы болды. Кафедрада КСРО мен Қазақстанда ең үздік болып танылған оқу зертханасы құрылды, ол макеттермен, тренажерлармен және стендтермен жабдықталды.

Зертханадағы жабдық жол-құрылыс машиналары мен жабдықтың жұмыс процестерін үйрену мен зерттеуге мүмкіндік береді: кесу, қазу, грунтты бұрғылау мен тығыздау, жол-құрылыс материалдарын өндіру, жүк тасымалдау, сонымен бірге жөндеу мен техникалық қызмет көрсету процестері.

Кафедра болған уақыттан бері «Көтеру-тасымалдау, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары», «Құрылысты механикаландыру мен автоматтандыру», «Транспорт, транспорттық техника мен технологиялар» мамандықтары бойынша шамамен 3000 маман даярланды, олар Қазақстан Республикасында, таяу және қиыр шетелде жұмыс істеп жатыр, олардың 70-тен астамы дипломы с отличием алған.

Кафедра түлектері шетелде тәжірибеден өтіп, оқыды, олар: Қ.М. Рахымбеков, Н.В. Коробейников – Германия.

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері Е.З. Әбуов, А.С. Аманжоловтар АҚШ-та оқыды ал Н.Б. Түсіпбаев Германияда оқуын жалғастыруда. Сыздыков Қ. мен Габдуллина А. да АҚШ-қа оқуға кетті. Кафедра түлектері жауапты және жетекші орындарға ие болған және ие болып келеді.

А.Н. Марфенко 30 жыл бойы «Кароблавтодор»-ды басқарды; Е.Х. Сұлтанов – «Қазақстан Темір жолы» АҚ вице-президенті; Исаев Н.И. –ҚазТКА проректоры (Алматы қ.); А.С. Қадыров, И.М. Альтер, В.В. Грузин, Ю.Е. Пономаренко, Ж.Қ. Бөпеева, Б.Н. Глотовтар ғылым докторлары атанды.

1977 жылы кафедра түлектері Қадыров А.С. мен Ли В.Л. Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының Лауреаттары атанды.

И.А. Янценнің жетекшілігімен К-700 тракторының негізінде жолды қар мен шаңнан тазартуға арналған ауа ағынды машина жасалып, сыналды. Автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу кезінде тығыз және қатты топырақты қабаттап қопсыту үшін, асфальт-бетон және цемент жабындарын ашу үшін 10 класс шынжыр табанды трактор негізінде статикалық-динамикалық қопсытқыш жасалды, ол Қазақ КСР Автожол министрлігінің машина сынау станциясында сынақтан сәтті өтті (1975-1976 жылдар) [3, 8-б.].

Автокөлік жолдары құрылысы, жөндеу мен пайдалану кезінде жаңа машиналар мен өндірістік-техникалық шешімдер ұсынып, сынап, енгізгені үшін И.А. Янценге «Почетный дорожник СССР» атағы берілді. Ол жасаған техника үлгілері қазіргі таңда да қажеттілігін жоғалтқан жоқ.

Жылдан жылға оқу-әдістемелік жұмыс жетіле бастады. Инженер-механиктерді даярлаудың құрылымдық-логикалық сұлбасы жасалды, онда мыналар болды: студенттердің жеке оқу-зерттеу тақырыптары бойынша жұмысын ескерумен мамандарды дайындау кезіндегі оқу жоспарын шығармашылық орындау, арнайы пәндерді кешенді қамтитын зертханалық практикумды қолдану.

Оқу процесіне үдемелі оқыту әдістерін енгізуге көп көңіл бөлінді: қарапайым плакаттардан проекциялық аппаратураға дейін. Аудиовизуалды аппаратурасы бар мамандандырылған аудитория жабдықталды. Кафедра сол уақытта жоғары оқу орнында техникалық оқу құралдарын қолдану бойынша алғашқылардың бірі болды, оқу процесіне ЭЕМ енгізумен әрдайым жұмыс істеп отырды.

Инженерлік және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудағы қосқан үлесі үшін И.А. Янцен «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Сол кезде ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып қызмет атқарған рофессор И.А. Янценнің бастамасымен құрылған ҚарМТУ жанындағы «Машина жасау» ғылыми-зерттеу орталығының кафедрасындағы оқытушылардың да көрсеткіштері жоғары болды. Кафедраның интеллектуалдық потенциалының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.01.1998 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес машина жасаудың дамуын болжау жөніндегі арнайы ғылыми бөлімше құрылды, кейін ол машина жасауды болжау жөніндегі Ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Оның қызмет ету аясында ҚР министрліктері мен ведомстволарына машина құрылысы саласын диверсификациялау, ақпараттық машина жасау ортасын жасау бойынша ұсыныстар дайындалды. Кафедра қызметкерлері Янцен И.А., Савчак О.Г., Клок А.Б., Глотов Б.Н., Ищенко А.П., Смирнов В.М., Царев И.И. осы ғылыми бағыт аясында, техникалық тапсырма әзірлеуге және «Каргормаш» машина құрылысы зауыттарының бірлестігін диверсификациялау кезінде ауыл шаруашылық техникасының әр түрлі үлгілерін сынауға тікелей қатысып отырды.

И.А. Янценнің ғылыми зерттеулері даярлау қазбаларын жүргізу кезінде орташа берік және берік кен жыныстарын бұзудың, габаритті емес жынысты және ашық қазбалар кенін ұсатудың тиімді тәсілдерін іздеуге, яғни пайдалы қазбаларды алу кезіндегі маңызды мәселелерді шешуге арналған. Осы мәселелер бойынша ол П.М. Алабужев, О.Д. Алимов, А.Н. Зеленин, Л.Ф. Кичигин, Ю.А. Ветров, Д.И. Федоров, В.Ф. Горбунов, А.И. Федулов, Н.П. Рященцев, П.З. Петухов, М.А. Гурин, И.Л. Недорезов және басқа ғалымдармен бірге жұмыс істеді.

Ғылыми зерттеулер нәтижесі КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігінің, КСРО қара және түсті металлургия министрліктерінің, КСРО Құрылыс, жол, коммуналдық машина жасау министрлігінің, Қазақ КСР Ауыр индустрия кәсіпорындары мен автокөлік жолдарын салу министрлігінің жиналыстары мен конференцияларында мақұлданған. Оларды жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу институттары мен өндіріс кәсіпорындары қабылдаған және соққы әрекеттегі машиналар мен механизмдердің жаңа атқарушы органдарын жасау кезінде қолдануда: КНИУИ, ИГД МЧМ СССР, ВНИИ Құрылысжолмаш, ЦНИИС, Кентау экскаватор зауыты, «Қарағанды көмір» комбинаты, Қарағандықұрылысмех және Қазмысқұрылыс, ҚазКСР Ауырқұрылысминистрлігі тресттері, Қазақ КСР КБ МАД және елдің басқа ұйымдары.

«Құрылыс және жол машиналары» кафедрасының тұңғыш меңгерушісі және негізін қалаушы есімі ҚарМТУ № 1 ғимаратында кафедра жаныныдағы мемориалдық тақтада жазылған.
Әдебиеттер тізімі

1. Караганда. Карагандинская область: Энциклопедия/Гл. ред.Р.Н.Нургалиева. – Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии. – 1986. 608 с.

2. Пивень Г. Карагандинский Государственный Технический Университет: история становления и развития. – Алматы, 2003. - 56 с.

3. Грузин В. Кафедра Строительные и дорожные машины: этапы становления и развития. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2013. - 38 с.



Мазмұны


А.М. Ғазалиев. Еліміздің дамуына үлкен үлес..........…………………..

3

Н. Рыжкова. Өзара қызығушылық пайдасын тигізеді ……...….......….

6

А.Е. Даниярова. Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформа жасаудағы бастамасы. 100 нақты қадам – Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағытын жүзеге асыру..................................................

8


М.Ж. Сүлейменова. 85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. «Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи аспектілері............

11


А.Т. Оралова. ҚарМТУ – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың білім ордасы. ҚарМТУдың құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдері..

17


Т.К. Исабек. Академик А.С. Сағынов – ғалым және қазақстанда жоғары техникалық білім беруді ұйымдастырушы..……………………

23


С.Қ. Тутанов. Қазақтың тұңғыш математигі Ә.Ә. Ермековтің өмірі мен қызметі.....................................................................................................................

29


И.В. Брейдо. Бырька В.Ф. – ғалым, ұйымдастырушы, ұстаз..................

35

А.Е. Даниярова. Данияров А.Н. – көрнекті педагог, ғалым және қазақстанның тау-кен көлігі мектебінің жетекшісі...............................…

39


Ф.Қ. Низаметдинов. Попов И.И. – Орталық Қазақстанда маркшейдер ғылыми мектебін құрушы...........................................................................

46


Н.Х. Шаріпов. Гращенков Н.Ф. – Қазақстандық еңбек қауіпсіздігі мектебін құрушы……...................………………………………………...

50


М.В. Пономарева. Ермеков М.Ә. – академик, профессор, геология-минералогия ғылымдарының докторы…………...................…................

55


Н.Б. Давлетбаева. Қашық Ш.Қ. – ұстаз, ғалым, тәлімгер, патриот.......

59

Л.С. Кипнис. Шевцов Е.И. – металлург, ғалым, ұстаз….....…………...

64

Т.К. Исабек. Квон С.С. – ғалым, педагог, шахталарды жоблау жөніндегі ғылыми мектептің негізін қалаушы…….…………………….

70


Ф.Қ. Низаметдинов. Профессор Р.П. Окатовтың өмірлік және шығармашылық жолы …………...............………………………………

75


З.А. Молдағалиев. Янцен И.А. – жол-құрылыс машиналары ғылыми мектебінің негізін қалаушы…………………………………………….....

78



ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен


ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАР МЕН ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚАРМТУ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
5-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.
Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сулейменова, А.Т. Оралова, Т.К. Исабеков,

С.К. Тутанов, И.В. Брейдо, Ф.К. Низаметдинов, Н.Х. Шәріпов,

М.В. Пономарева, Н.Б. Давлетбаева, Л.С. Кипнис, З.А. Молдағалиев.

Басуға 03.08.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84/8.

Есептік баспа табағы 10,5 Таралымы 100 экз. Тапсырыс № 140

ҚарМТУ баспасы, 100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56






А.т. оралова
А.е. даниярова,



1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет