ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



жүктеу 1.29 Mb.
бет6/7
Дата17.07.2017
өлшемі1.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7


ШЕВЦОВ Е.И. – МЕТАЛЛУРГ, ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ
Университетіміздің негізін салған және оның дамуына елеулі үлес қосқан білікті мамандар мен атақты ғалымдардың бірі ретінде профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Иванович Шевцовты атауға болады. Ол металлургия мен құю өндірісі саласында білікті маман ретінде танылып, Қарағанды политехникалық институтында шамамен қырық жыл қызмет етті, құю өндірісі кафедрасының ұйымдастырушысы болды және сол кафедрада жетекшілік етті. Сонымен қатар ол көп жыл бойы металлургия және механика-технологиялық факультеттердің деканы болып, сабақ берумен қатар әкімшілік жұмысты да бірге алып жүреді.

Евгений Иванович 1910 жылы Украинада шаруа отбасында дүниеге келген. 1926 жылы ол Донбасс кенішінде майлаушы болып жұмыс істей бастайды. 1928 жылы, жұмысшы жастарға арналған даярлау курстарын аяқтағаннан кейін оны Днепропетровск металлургия институтына қабылдайды, бұл оқу орнын ол 1932 жылы «Болат электрометаллургиясы» мамандығы бойынша аяқтап шығады. Мұндай қабілетті студентті болат пен ферроқортыпалар металлургиясы кафедрасына көмекші ретінде қалдырады да, аспирантураға қабылданады.

1933 жылдың соңында ол практикалық тұрғыда жетілуді көздейді де, сол мақсатпен оқытушылық қызметін қалдырып, өндіріске бет бұрады. Ол Краматордағы ауыр машина жасау зауытына жолдама алады, бұл зауыт КСРО өнеркәсібінің алғашқылары болды, сол жылдары мемлекеттің индустриялануында маңызды рөл атқарды, сондықтан үнемі жоғары басшылықтың назарында болды.

Бұл кәсіпорында Евгений Иванович үлкен өндірістік мектептен өтеді. 1934 жылы ол КСРО ауыр өнеркәсіп Наркоматының «Краматор машина жасау зауытында өндірісті игерудегі жетістіктері үшін» деген грамотасымен марапатталады.

Ауысым шеберінен және қорыту обер-шеберінен құю цехының инженер-технологына дейінгі кәсіби жолды өтіп, ол жоғары білікті болат балқыту маманы болады [1].

1935 жылдың қаңтарында ауыр өнеркәсіп Наркоматының Евгений Иванович Сталинград трактор зауытына іссапарға жіберіледі, бес жылдықтың алғашқы жылдарында салынған бұл зауыт шынжыр табан тракторларды, сонымен бірге танктерге арналған артиллериялық тартқыштар мен агрегаттарды шығарумен айналысты. Онда ол елдегі, тіпті Еуропадағы ең ірі болат құю цехының болат балқыту тобының жетекшісі болып жұмыс істеді. 1937 жылдан бастап Орталық зауыт зертханасының болат және соғылғыш шойын секторының жетекшісі болады, құрышты құю технологиясын және тракторлар мен танкілерге арналған бөлшектерді қыздырып өңдеуді жетілдірудегі зерттеулерге қатысады.

Ұлы Отан соғысының басынан зауыттың өндірісте қалған аздаған мамандарының ішінде Евгений Иванович зауыттан соғыс техникасының шығарылуын және оның жөнделуін қамтамасыз етеді. Ал 1942 жылы, майдан шебі қалаға жақындаған уақытта, Евгений Ивановичті мамандар тобымен Горько автокөлік зауытына жібереді, ал біраз уақыт өткеннен кейін Самарканд кентіне (қазіргі Теміртау қаласы) жіберіледі, онда КСРО Мемлекеттік Қорғай Комитетінің шешімі бойынша Қазақ металлургия зауытының құрылысы басталды [2, 262-б.].

Құю цехының бастығы ретінде оған қиын жағдайда өндірістік бөлмелер құрылысына, жабдықты монтаждауға, оны іске қосуға жетекшілік етуге, сонымен бірге зауытқа жіберілген адамдарды өндірісте қажет кәсіпке үйретуге тура келді. Құю цехы іске қосылғаннан кейін Евгений Иванович зауыттың негізгі цехтарының бірі – мартен цехын (онда бірінші қорытпа 1944 жылы 31 желтоқсаннан 1945 жылдың 1 қаңтарына қараған түні алынды) іске қосуда да жетекшілік етті. Ол цех бастығының қызметін атқарып, өндіріс инженері және ұйымдастырушысы ретіндегі кәсіби тәжірибесін Қазақстандық қара металлургиядағы тұңғыштың қалыптасуына аямады.

Мұнда күрделі техникалық мәселелермен қатар, кадрларды, ең алдымен, болат қорыту кәсібінің шеберлерін дайындау мәселесі маңызды болды. Евгений Иванович оралдық зауыттардан келген шеберлермен және тәжірибелі жұмыскерлермен бірге тәжірибесі жоқ, жас жігіттерден өз ісінің шеберлерін, саңлақтар тобын тәрбиелей алды. Нәтижесінде олар Қарағанды металлургия комбинатының жаңа мартен цехына көшкеннен кейін бүкіл әлемге танылды, жоғары дәрежелі марапаттаулар мен лауазымдарға ие болды.

Сол қиын-қыстау жылдары Евгений Ивановичтың жас металлургтер үшін кім болғандығы туралы әйгілі ардагер, болат қорытушы Арген Жүнісов ерекше сезіммен еске алады. «Таңертең ол жұмыс алаңымен жүріп өтетін, біз оның бойымен, шымырлығымен, бапты жүрісімен тамсанатынбыз. Барлық үш пешті тиянақты түрде қарап шығып, болат қорытушылардан балқытудың қалай жүріп жатқандығы туралы сұрайтын. Оның жұмыс күртесінің төс қалтасында әрдайым қошқыл шынысы бар рамка болатын» [3, 64-б.].

Евгений Иванович ерлік жұмысы үшін және зауыттағы өндірісті игеру мен жетілдіруге қосқан үлесі үшін «За трудовое отличие» және «За трудовую доблесть» медальдарымен, сонымен бірге Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен КСРО Қара металлургия министрлігінің құрмет грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталды.

Өндірістік қызметімен қатар Евгений Иванович бірнеше жылдар бойы мартен қорытпаларының технологиялық процестерін жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарын іздеу жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы зерттеулер барысында олар шегендеуді жөндегеннен кейін пештерді жұмысқа дайындау уақытын айтарлықтай қысқартуды қамтамасыз ететін мартен пештерінің табандықтарын жеделдетіп пісіру әдісін тауып, өндіріске табыспен енгізді. Евгений Ивановичтың қатысуымен әдіс КСРО қара металлургияның барлық кәсіпорындарына таралды, бұл халық шаруашылығының тиімділігін айтарлықтай арттырды [3, 4]. Осы және басқа да жұмыстар нәтижесі оның 1952 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертациясының негізіне жатқызылды. Дәл осы жылы Евгений Иванович зауыттың техникалық бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1967 жылы Е.И. Шевцов қазақстандық және уралдық металлург-мамандармен бірге техника саласында КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. КСРО Ленин және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитет төрағасы М. Келдыш қол қойған лауреат дипломында былай деп жазылған: «Мартен пештерінің өнімділігін арттыратын табандықтарды дайындау мен қалпына келтірудің жаңа технологиясын әзірлегені және енгізгені үшін».

1954 жылы Евгений Иванович Қарағанды тау-кен институты ректорының шақыруымен оқытушылық жұмысқа ауысады. Оған өзі ұйымдастырып, басқаруға берілген «Металдар технологиясы және металдар кедергісі» кафедрасында жас ЖОО студенттеріне жалпы техникалық пәндер циклін оқыту міндеті жүктелді. 1958 жылдан бастап, институт политехникалық болып ауысқаннан кейін, кафедрадан инженер-металлургтер, ал 1961 жылдан бастап құюшылар сияқты түлектер шығарыла бастады.



Кафедра меңгерушісі бола отырып, Евгений Иванович металлургия факультетінің деканы, ал кейіннен механика-технологиялық факультеттің деканы болып қызмет атқарады. Ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенді жұмысының арқасында Е.И. Шевцов қысқа мерзімде кафедрада жұмысқа қабілетті, ұйымшыл педагогикалық ұжымды ұйымдастыра алды, ол оқу процесінің материалдық базасы мен әдістемелік қамтамасыз етілуін қалыптастырып қана қоймай, зерттеу жұмысына да араласты. Қарағанды мен облыстың металлургия және машина жасау кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатылды. Арнайы пәндерді оқыту үшін ол кафедраға жоғары білікті инженер-практиктерді – белгілі домна инженері, металлургия комбинатының бас инженері болған Л.Г. Шумаковты, құю цехының бұрынғы бастығы С.С. Раковты, талантты металтанушы, бірегей беріктігі жоғары болаттың авторы В.Г. Кречмерді, тамаша металтанушы және педагог, кейін кафедрада 30 жылдан астам жұмыс істеген А.Ф. Белякованы, металдарды қысыммен өңдеудің мамандары Н.Х. Дәуілбеков және О.С. Меңдібаевтарды, құю өндірісінің технологы Д.О. Манинді шақырады.

ҚӨ-62-2 құюшылар тобында Қазақстан Республикасының болашақ Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев оқуын бастағандығын атап өткен жөн. Ол кейін Теміртау қаласында ЖТОО зауытына ауысып кеткенімен, өзінің білімін алғашқы «Шойын металлургиясы» мамандығы бойынша аяқтады. Н.Ә. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатында және партияның Қарағанды облыстық комитетінде жұмыс істей жүріп, Евгений Иванович туралы әрқашан жылылықпен еске алатын, оны өзінің ұстазы деп атайтын.

1964 жылы кафедра құю өндірісі және металдар технологиясы кафедрасы болып өзгерді. Кафедраның оқытушылар ұжымын институт түлектері, сонымен қатар Мәскеу болат және қорытпалар институтының, Днепропетровск металлургия институтының, Одесса политехникалық институтының және елдің басқа да институттарының түлектері толықтырды.

Евгений Иванович жас оқытушылар кадрының қалыптасуына, олармен өзінің мол инженерлік, педагогикалық, тұрмыстық тәжірибесімен бөлісе жүріп, белсенді ықпал етті. Соның бастамасымен және институт ректоры, академик Әбілқас Сағынұлы Сағыновтың қолдауымен кафедраның жас оқытушыларын, олардың ғылыми біліктілігін арттыру мақсатында, мәскеулік және ленинградтық ЖОО аспирантурасына жіберілді. Аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін олар кафедраның оқытушылар құрамын толықтыра берді. Бұл практика кейінгі жылдары да тиімді пайдаланылды.

1970 жылы Евгений Ивановичке құю өндірісі бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Оның бастамасымен кафедрада құю өндірісі бойынша аспирантура ашылды. Евгений Ивановичтың жетекшілігімен кафедраның көптеген оқытушылары Қарағанды, Теміртау, Павлодар кәсіпорындарының мамандары ізденуден өтіп, диссертацияларын сәтті қорғап шықты.

Оның белсенді араласуы мен ықпалдасуы арқасында Теміртау мен Павлодарда құю өндірісі кафедралары құрылды, оларға қалыптасу кезінде әдістемелік жұмыста, оқу құралдарымен және арнайы әдебиеттермен, т.б. қамтамасыз етуде қажетті көмек көрсетілді, олардың оқытушылық ұжымдары, көбінесе олардың шәкірттері мен түлектері толықтырылды. Тәжірибемен, әдістемелік материалдармен және құралдармен алмасу жүргізілді.

Ол болашақ мамандарды практикалық даярлауға және олардың техникалық ой-өрісін кеңейтуге көп көңіл аударды. Өзінің осы мәселеге үнемі көңіл аударуының арқасында ол кафедрада студенттердің өндірістік практикаларын ұйымдастыруға өте жауапты және асқан дәлдікпен қарады. Оларды өткізу үшін еліміздің анағұрлым алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірқатарымен тығыз байланыс орнатылды, соның көмегімен студенттер ең жаңа технологиялар мен жабдықтарды іс жүзінде үйренуге мүмкіндік алды.

Е.И. Шевцов тамаша дәріскерлік шеберлік болды. Оның дәрістері студент тыңдаушылар мен жас оқытушы-тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратын, оқу материалдары әрқашан өмірден, өндірістен, ғылымнан алынған жанды, бейнелі мысалдарға бай болатын. Оның педагогтық ұстанымы студентке білім беру ғана емес, сондай-ақ оны талдай білуге, осыған орай шаблондар мен догмаларды басшылыққа алу емес, дұрыс ойлауға сүйенуге үйретті.

1982 жылы кафедра командасы Запорожьеда өткізілген құю өндірісі бойынша Бүкілодақтық студенттер олимпиадасында орталық ЖОО бірқатар командаларын басып озып, екінші орынға ие болды.

Евгений Иванович салауатты өмір салтының белсенді жақтаушысы және насихаттаушысы болғандығына ерекше тоқталған жөн. Ол темекі шекпейтін, алкоголь сусындарын қолданған жоқ деуге болады. Жас кезінде спортпен айналысқан, бұл өзінің айтуынша, соғыс жылдарында оның басына түскен физикалық және моральдық ауыртпалықтарды арқалап шығуға көмектесті. Қарағандыда ерте көктемнен қара күзге дейін қала саябағындағы көлге үнемі суға түсіп жүрген, ал қыста жас оқытушы әріптестерімен қатар Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайында бассейнде жүзетін және онда 7 метрлік биіктіктен секіретін, оған ғалымнан анағұрлым жас дегендердің көбінің батылы бара бермейтін.

Қартайған шағында да тамаша дене бітімін сақтады, өте сирек ауыратын, қыста фуражкамен жүретін, құлақшын кимейтін. Көп уақыт ол велосипедпен ұзақ сапар шегетін. Әбден қартайған кезіне дейін жаяу жүру әдетін сақтай жүріп, политех пен медицина институтының оқытушыларының арасындағы қатарластарын бірнеше рет өзіне еліктететін. Оның сапарлас-әңгімелесушілерінің қатарында қаладағы әйгілі терапевт профессор Натан Иосифович Альбертон және электртехникадан алғашқы ұстаздарымыздың бірі Николай Ефимович Гурин болды. Олардың Гоголь көшесінен саябаққа қарай бағытталған компаниясын, ауа райының кірпияздығына қарамастан, әрбір жексенбі сайын кездестіруге болар еді. Ол қарағандылық «Шахтердің» жанкүйері болатын, әрқашан белсенді түрде институттағы спорт жаңалықтарына қызығушылық танытатын, факультеттік және кафедралық спорт командаларының жарыстарын құмарта қарайтын.

Оның бірегей бейнесі, терең кәсіби білімі, үлкен өмірлік тәжірибесі, табиғаттан берілген ақылы мен қабілеті журналистер назарында болды: ол облыстық және республикалық газеттер бетінде бірнеше рет көрінді [5].

Евгений Иванович 1985 жылға дейін кафедраны басқарды, осыдан кейін кафедрада профессор лауазымымен 1992 жылы зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеді.

Өмірінің соңғы жылдары, оның денсаулығы сыр бере бастағанда, оны ауру емес, дәрменсіздік мазалағандай. Біз (ол қыздар мен жігіттер деп әзілдеп айтатын) оған ауруханаға, Гоголь көшесіндегі үйіне көңілін сұрап барғанда, өзінің күйінің жақсы еместігін көрсетпеуге тырысқанмен, сол жағдайдың оған ауыр тигенін байқайтынбыз.

Ол 1996 жылдың қаһарлы ақпанында өмірден өтті. Оны кафедралар мен университет қызметкерлері, Қарағанды және Теміртау қалаларының кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдарының қызметкерлері соңғы сапарға шығарып салды.

Менің ғана емес, Евгений Ивановичті көз көргендердің жадында да ол батыл адам, инженер және ұстаз ретінде қалды деп сенемін. Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелдердің көптеген қалаларында Қарағанды «политехінде» Евгений Иванович Шевцовтан инженер мамандығына жолдама алғандар және оны осы күнге дейін мамандықта да, өмірде де өзінің ең басты ұстаздарының бірі деп санайтындар тұрып, еңбек етіп жатыр.


Әдебиеттер тізімі


  1. Федоров В. Равняйтесь по смене т. Шевцова // «Сталинец» –

многотиражная газета Краматорского машиностроительного завода, 22 августа 1934 г.

2. Караганда, Карагандинская область. Энциклопедия. - Алматы: Атамура, 2008. – 528 с.

3. Шевцов Е.И. – лауреат Государственной премии СССР, профессор, создатель кафедры литейного производства КПТИ. Серия «Жизнь замечательных педагогов» - / Составители Л.С. Кипнис, Т.Ж. Жукебаева. – Караганда: «Гласар», 2010. – 82 с.

4. Шевцов Е.И., Клейн А.Л., Яновский С.А., Зубаков С.М., Бабин П.Н. Некоторые пути повышения производительности мартеновских печей. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1956. – 237 с.

5. Дмитриев Ю. Дело жизни – плавка характеров // Социалистическая Караганда, 1961.

описание: описание: исабек т


Т.Қ. Исабек,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу

кафедрасының меңгерушісі,

профессор, т.ғ.д.,

e-mail: tyiak@mail.ru
С.С. КВОН – ҒАЛЫМ, ПЕДАГОГ, ШАХТАЛАРДЫ ЖОБАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Сергей Сын-Гувич Квон 1923 ж. 17 тамызда Қарағандыдан мыңдаған километр жердегі Ресей Федерациясы Приморье өлкесі Посьет ауылында шаруа отбасында туған. Корейлерді әділетсіздікпен өз елдеріне жаппай қайтару нәтижесінде ол және оның отбасы Қазақстанға келеді. Соғыс басталып, тым жас Сергей Квонды еңбек әскеріне алып кетеді. Ол орманды сұлатудың не екенін көзбен көріп, бір тілім қара нанның нағыз құнын білді. Бірақ жарқын жандар жас жігіттің қабілетін, оның оқуға деген талпынысын байқап, оның Мәскеуге институтқа баруына көмектесті. Сергей Квон тау-кен саласын таңдап алды. Бес жыл бойы ол тау-кен пәндерін қызығушылықпен меңгерді. Оның ғылымға деген сүйіспеншілігі, жаңалыққа ұмтылысы осы жерде оянды.

Мәскеу тау-кен институтын аяқтағаннан кейін 1948 ж. бастап Квон С.С. Қарағанды көмір бассейніне жіберілді, онда бассейн шахталары мен көмір тресінде түрлі инженер-техникалық лауазымдарда жұмыс атқарды.

1957 ж. Квон С.С. Қарағанды тау-кен техникумына оқытушылық жұмысқа, кейінірек политехникалық институтына «Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу» кафедрасына ауысады. Ол мұнда ғалым ретінде, шахта алаптарын ашу және дайындау жөніндегі маман ретінде қалыптасты.

1960 жылы оны өзінің көмір шахталарын жобалау мәселелері бойынша болашақ идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іссапарға – «Қарағандыгипрошахт» институтына іссапарға жібереді. Мұнда ол жаңа типті, көмір өндіру және қайта өңдеу жөніндегі процестердің жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған шахта жобасымен жұмыс істейді. Жоба сол кездің ең прогресті техникалық және технологиялық шешімдерін өзіне сіңірді. С.С. Квон жобада оларға жаңадан ұсынған, тілігі бар және лаваның артына қазба жасалған қатпарларды қысқа тазартым забойларымен алу технологиясын пайдаланды. Қысқа лавалармен алу үшін бірегей тазарту техникасы ұсынылды. Бұл – жобалаушы-инженер С.С. Квонның көптеген ойлары мен идеяларының бірі.

1965 ж. С.С. Квон кандидаттық диссертациясын қорғайды да, 1967 ж. Қарағанды политехникалық институтына ғылыми-педагогикалық жұмысына қайта оралады.

1971 ж. А.А. Скочинский атындағы Тау-кен ісі институтында (Мәскеу қаласы) Квон С.С. докторлық диссертациясын қорғайды. 1973 жылы оған профессор ғылыми атағы берілді.

Оның іргелі ғылыми еңбектері, ТМД елдеріндегі мамандар арасында кеңінен танымал болған ҚР ҒА академигі Ә.С.Сағыновпен және ҚР ҒА корреспондент-мүшесі К.Н.Әділовпен бірлесіп жазған «Көмір шахталарының технологиялық сұлбаларын талдау және оңтайландыру әдістері» және «Көмір шахталарының технологиялық сұлбаларын оңтайландыру» монографиялары жобалаушылар, аспиранттар мен тау-кен инженерлері үшін құнды құрал болды, жаңа математикалық әдістерді көмір шахталарында тау-кен өндірісін жобалау және жоспарлау кезінде технологиялық мәселелерді шешуде қолдануға ықпал етті.

Соңғы жылдары ол П.П. Нефедовпен, Н.А. Дриждпен, Г.М. Презентпен және М.А. Перзадаевпен бірге авторлықта Қарағанды бассейні үшін екі өзекті тақырыпта екі кітап дайындады: «Қарағанды бассейнінің көмір саласын сақтау және дамыту мәселелері» және «Қарағанды бассейнінің күрделі және кондицияға сәйкес емес қаттарын қазу технологиясы».

С.С. Квон КСРО Химия өнеркәсібі министрлігінің, ҚазақКСР ЖОО министрлігінің, «Қарағанды көмір» ӨБ салалық зертханаларының ұйымдастырушысы және ғылыми жетекшісі болды. С.С. Квонның ғылыми жұмыстары пайдалы қазбалардың қатпарлық кен орындарын жер асты өндірудің негізгі мәселелеріне – шахта алаптарын ашу және дайындау тәсілдерін көмір шахталарының технологиялық сұлбасын талдау және синтез әдісімен жетілдіруге; олардың параметрлерін оңтайландыруға және көмір шахталарын жобалауға; тазарту жұмыстарын механикалаудың технологиялық сұлбасы мен құралдарын жетілдіруге және тау-кен жыныстарын физика-химиялық беріктендіруге, қазылған кеңістіктерді толтырмалауға; Қарағанды бассейнінің шахта қорын қайта құрылымдау мен диверсификациялауға; тау-кен кәсіпорындарын жобалаудың автоматтандырылған жүйелеріне арналған.

Осы зерттеулер тау-кен ғылымына айтарлықтай үлес қосты және жобалаудың, аршудың, сондай-ақ шахта алаптарын жаңа прогресті бағыттармен дайындаудың ғылыми негіздерін байытты.

Квон С.С. алғашқы «Қарағанды бассейнін 1965-1985 жылдар кезеңінде игеру мен дамытудың іс жүзіндегі шахта қорын қайта конструкциялаудың кешендік жобаларының» авторы болды. Осы жобалар жоғарғы бағаға ие болып, оны КСРО Мемлекеттік жоспарындағы отын өнеркәсібі жөніндегі Мемлекеттік комитет Қарағанды бассейнінің одан әрі дамуының негізгі техникалық бағыты ретінде бекітті. «Кешенді жоспарлардың …» негізгі шешімін жүзеге асыру Қарағанды бассейнін тиімді игеруде және шахталардың жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуде үлкен рөл атқарды. Бұрынғы «Қарағанды көмір» ӨБ тапсырмасы бойынша соның жетекшілігімен «Қарағанды бассейнінің 2005 ж. кезеңіне дейін кешенді және оңтайлы дамуының ғылыми-техникалық негіздері» жұмысы орындалды.

Өндіріс концентрациясында, «шахта-лава» принципін жүзеге асыру, шахта алаптарын аршу және дайындау тәсілдері, өндіру жүйелерін жетілдіру, Қарағанды бассейнінде қазып алу учаскесінің жүгін ұлғайту табыстарына қол жеткізуде С.С.Квонның ғылыми зерттеулері, практикалық дайындамалары мен ұсыныстары айтарлықтай рөл атқарды. Ол 200-ден астам ғылыми мақала, 17 монография жариялады, өнертабысқа 65 авторлық куәлік алды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін профессор Квон С.С. тау-кен бейінді мамандарды даярлауда кеңінен пайдаланды.

С.С. Квон жастармен, студенттермен, аспиранттармен, олардың бастамаларын шектеместен, шығармашылық ізденісте жаңа идеяларын, бағыттарын қолдай отырып, көп жұмыс жасады. Ол Абайдың «Ғылымды анасы туған ұлын сүйгеніндей сүю керек, сонда ғылым да саған жауап береді» деген сөздерін студенттердің есіне жиі салатын».

Оның тау-кен өндірісінің жоғары білікті ғалымдары мен мамандарын даярлауда еңбектері зор. Олардың ішінде Дрижд Н.А., Презент Г.М., Перзадаев М.А және т.б. сияқты белгілі ғалымдар және ірі мамандар мен басшылар бар. Оның жетекшілігімен 30 диссертация, оның ішінде 8 докторлық жұмыс дайындалып, қорғалды. Оның шәкірттері Қазақстанда ғана емес, көптеген ТМД елдерінде, Германияда, Израильде, АҚШ-та жұмыс істейді.

Сергей Сын-Гувич Квон – ғалым-азамат. Ол әрқашан бассейннің өзекті міндеттерін шешу үшін өзінің мәселе түсінігін, өзінің ғылыми-техникалық тәсілдері мен ұсыныстарын ынтыға, сендіре қорғайтын. Соңғы жылдары өндірудің төмендеуі мен бірқатар шахталардың жабылуына байланысты бассейнде болып жатқан бұзылу процестері оның жанына бататын. Бұл түсінікті де. Оның көз алдында көмір аймағы қарқынды дамыды және ол сырттан бақылаушы емес, ең белсенді құрылысшы, осы қамтушы, жасампаз процестің көшбасшысы болды. Азаматтық сана-сезімі мол Сергей Сын-Гувич облыстық баспасөз арқылы жалғыз өзі қауымдастыққа, облыс пен республика ағаларына бассейн тағдырын айтып дабыл көтерді. Ол кәсіби ғалым ретінде дағдарыс жағдайынан минимум шығындармен шығуға, бассейннің одан әрі құлдырауына жол бермеуге көмектесетін нақты шешімдерді ұсынды [1, 2-б.].

С.С.Квон Қазақстаннан тыс алыс жерлерде өзінің еңбектерімен белгілі. Ол докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі бірқатар диссертациялық Кеңестердің мүшесі болды (Мәскеу қаласы, МРТУ Новосибирск қаласы МРТУ, КСРО ҒА ТІИ СО), Ресей мен Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің тау-кен білімі бойынша оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі, «ЖОО хабарлары» журналы редакция алқасының мүшесі (Екатеринбург қаласы), Қарағанды қаласы ВГСЧ жанындағы оқыс жағдайлар жөніндегі сараптама комиссиясының мүшесі болды [2, 3-б.].

Сергей Сын-Гувич оқытушылық іске көп көңіл бөлетін. Ол: «Студенттерді жақсы көру керек, олар – еліміздің болашағы, ғылымның болашағы. Оқытушының міндеті – студентті ойлауға, білім іздеуге үйрету». Оның дәрістері әрдайым жоғары кәсібилікпен, ғылыми таныммен, лекторлық және педагогтық шеберлікпен ерекшеленетін. Орасан зор ғылыми және өндірістік тәжірибесіне қарамастан, ол әр дәріске ерекше тиянақты дайындалатын, сол мәселеге қатысты барлық соңғы нәтижелерді ескере отырып, жаңа нәрсе қосуға тырысатын. Профессор С.С. Квоннан білім алу бақытына ие болған студенттер оның жоғары біліктілігін, кәсіби деңгейін, педагог пен ұстаз ретіндегі жарқын бейнелі дарынын ерекше атап көрсетеді.

Егер оның азаматтық қасиеті туралы айтсақ, онда қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адамға көмектесуге дайындығы ең алдымен тұратын еді.

Сергей Сын-Гувич отбасылық өмірде де бақытты болды. Өзінің жұбайы Елена Павловнамен бейбітшілік пен келісімде шамамен жарты ғасыр өмір сүрді. Олардың балалары әке жолын қуды: қыздары - Светлана Сергеевна Қарағанды мемлекеттік техникалық уииверситетінің «Металлургия, материалтану және нано-технологиялар» кафедрасының доценті, ал үлкен ұлдары - Станислав Сергеевич Кемерово қаласында (Ресей) тұрады және сонда Кемерово техникалық университетінде жұмыс істейді.

Сергей Сын-Гувич өмрде өте қарапайым адам болған. Ол ешқашан атақ-даңққа, жоғары лауазымдарға, қоғамдық мойындау мен марапаттауларға талпынған емес. Оның қызметі, оның жұмысы – қоғам алдындағы міндетін орындау сипатының көрінісі.

С.С. Квонның еңбегі жоғары бағаланды: «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері, ғылым бойынша ЖОО министрлігі Сыйлығының лауреаты; басқа да үкіметтік және салалық марапаттары оның тау-кен ғылымы мен білімін дамытуға қосқан үлесін көрсетеді. Оның есімі университеттің Құрмет кітабына енді.

Ол елінің патриоты болды, халқының тарихын, дәстүрлерін, корейлердің ғана емес, тіпті қазақтардың да шығу тегін жақсы білді. Ол жастарды жақсы көрді, оларға білім беруге дайын тұрды, талап қоя білді. Студенттердің оның жетекшілігімен орындаған курстық жұмыстары, оқу бітіру жұмыстары ерекше сапасымен, практикалық және ғылыми құндылығымен, дұрыстығымен ерекшеленетін.

Көрнекті ғалым, әрі педагог Квон Сергей Сын-Гувичтің өмірі мен қызметі студент жастардың еліктеуіне тамаша үлгі.

2008 жылы 2-ші ғимараттың 3-ші қабатына, ПҚКҚ кафедрасы орналасқан жерге мемориалдық тақта орнатылды.

Рене Декарттың мына сөзін С.С. Квонға толығымен қатысты деп айтуға болады: «…Ғылымға қызмет ету – адам ақылының ең риясыз, ең адамгершілікті және ғажап көрінісі. Өз өмірін ғылымға арнаған адамдар өз ұрпағының жадында мәңгі қалуы тиіс…» [3, 15-б.].



А.т. оралова
А.е. даниярова,



1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет