«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»



жүктеу 63.1 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі63.1 Kb.
Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы «____ »__________ №_____

қаулысымен бекітілген

«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1.Жалпы ережелер


  1. «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014жылғы 20 наурыздағы № 253 «Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы» қаулысымен бекiтiлген «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Стандартының негiзiнде әзірлендi (бұдан әрi - Стандарт).

«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Алматы қаласы, Каблуков көшесі 117 мекенжайы бойынша Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратына жеке тұлға тікелей жүгінген кезде көрсетеді.

Мемлекеттiк қызметті көрсету мемлекеттік және орыс тілдерінде, өтінім ресімделген тілге байланысты іске асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметжеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы). «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызмет беруші айқындайды, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудытіркеу журналына жазылу; стандарттың 1 қосымшасындағы нысанда анықтама беруші дәрігердіңқолы қойылып, жеке мөрі басылған, көрсетілетін қызметті берушінің «Анықтама үшін»деген мөрі басылған психоневрологиялық диспансерден анықтама беру.

2.Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлер) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шараның (іс-әрекет) басталу негізділігі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қажетті құжаттарды алу болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін шаралар (іс-әрекеттер):

1) көрсетілетін қызметті беруші маманының құжаттарды қабылдауы, жүгінулерді тіркеу.

2) көрсетілетін қызметті беруші маманының ұсынылған құжаттарды қарауы және деректер базасымен салыстыру



3) көрсетілетін қызметті беруші маманының медициналық тексеруі (психиатр дәрігер);

4) мемлекеттік қызметті көрсетуге ақы төлеу.



  1. көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен көрсетіледі, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлер) тізімі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кассасы;

3) психиатр-дәрігер.

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасында шараның (іс-әрекеттер) кезеңділік сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің қызметкері қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін мемлекеттік қызметті көрсету үшін психиатрлық ұйымның журналына тіркеу жүргізеді.

2) барлық құжаттар топтамасы болған жағдайда, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін психиатрлық есепке алу деректер базасымен салыстырады;

3) мемлекеттік қызметті көрсетуге ақы төлеу;

4) психиатр дәрігер психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың бар-жоғына медициналық тексеру жүргізеді, бұзылыстар болмаған жағдайда стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша психоневрологиялық диспансерден анықтама жазып береді.

10. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында түскі асқа үзіліспен сағат 8.00-ден бастап 17.00-ге дейін жүзеге асырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен көрсетіледі, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

11. Көрсетілетін қызметті берушінің мамандары арасында шараның кезенділік сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес кестеде көрсетілген.

«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасында шараның (іс-әрекеттер) кезеңділік сипаттамасы




1

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағымы)

2

3

4

2

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлер) тізімі

Көрсетілетін қызмет берушінің тіркеу бөлімі

Көрсетілетін қызмет берушінің кассасы

Психиатр дәрігер

3

Шараның (іс-әрекеттің) кезеңділік сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызмет алушының психоневрологиялық ұйымның психиатрлық есепке алу деректер базасымен салыстыру

Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметке ақы төлеуі

Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың бар-жоғын тексеру, қол қою және дайын құжатты беру

4

Аяқтау түрі

Психиатрлық ұйымның журналына тіркеу, психоневрологиялық ұйымның психиатрлық есепке алу деректер базасында жоқтығын белгілеу

Төлем жүргізгені туралы чек беру

Дәрігердің қабылдауы журналында тіркеу, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар болмаған жағдайда Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беру

5

Әр шараның ұзақтығы

5 минут

5 минут

15 минут





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет