Презентация «Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары»



жүктеу 45.88 Kb.

Дата25.11.2018
өлшемі45.88 Kb.
түріПрезентация

Презентация

«Мақта, күнбағыс, 

қызылша аурулары»



Орындаған: 



Тобы: 



Қабылдаған:



Мақта туралы жалпы 

сипаттама

Мақта  (Gossypium  L.)  -  Құлқайыр  тұқымдасына  (Маlvасеае)  жататын  көпжылдық  тропикалық 



бұта.

Біздің  елімізде  мақта  біржылдық  өсімдік  ретінде  егіледі,  биіктігі  -  1-1,5  м.  Мақтаның  2-2,5  м 



тереңдікке  кететін  және  топырақтың  көп  аумағын  алып  жататын  кіндікті  тамыр  жүйесі  бар. 

Сабағы - тік, сүректенген, бұтақтанады, әсіресе төртінші-бесінші жапырақтан кейін. Өсімдіктің 

өркені  -  гүлі  немесе  жемісі  жоқ  моноподиальді  (өскіш)  және  симподиальді  (жемісті). 

Соңғысының буынаралықтары қысқа, жемісті бүршікпен аяқталады (бұтақтанудың шектік типі), 

немесе  буынаралықтары  біршама  ұзарған,  жеміс  бүршіктерімен  (бұтақтанудың  шектік  емес 

типі).  Шектік  типте  бұтақтанатын  сорттары  бұтақтарының  формасы  қосылған,  пирамидальді; 

шектік еместіктердікі - тармақталған.

Жапырақтарының  формасы  жүректәрізді,  жырылған  5-7  қалақты.  Гүлі  -дара,  ірі  бес  біріккен 



желекті  күлтелі;  ақ,  сары  және  кремді  түске  боялған.  Гүлдері  таңертең  ерте  ашылады.  Бұл 

мезгілде  гүлі  ашық-сары  түсті  болады.  Күннің  екінші  жартысынан  бастап  күлте  қызара  және 

жабыла бастайды. Келесі күні гүл күлгін түсті болады, қурайды және түсіп қалады. Жемісі - 3-5 

ұялы  қауашақ,  піскен  кезде  жарылып  ашыла¬ды.  Әр  ұяда  5-тен  11  дейін  дән  болады.  Дәннің 

ұзын  және  қысқа  талшықтары  бар.  Талшық  дәнмен  бірге  шитті-мақта  деп  аталады,  оның  бір 

қауашақтан шығатын салмағы 3-10 г дейін. Бұтадағы қауашақтың саны 280 жетуі мүмкін.

Мақта  дәнінің  формасы  жұмыртқа  тәрізді  және  тығыз  сүректенген  қоңыр  түсті 



қабықшажамылған.  1000  дәннің  сал-мағы  60-150  г.  Таза  талшық  шығымы  40  %  жетеді,  ал 

линтер (қысқа талшық ) - шитті-мақта салмағының 3-4 % .



Мақта аурулары

Мақта аурулары — мақта дақылында саңырауқұлақтар мен бактериялар 



қоздыратын өсімдік аурулары. Олардың ішінде республикада кең таралып, көп зиян 

келтіретіні тамыр шірігі, вилт (солдырма), гоммоз, т.б. аурулар. Тамыр шірігін 

“Rhіzoctonіa аderholdіі”, кейде “Fusarіum”, “Pythіum” саңырауқұлақтары мен 

бактериялары қоздырады. Қоздырғыштар мақта орылып болғаннан кейін 

топырақта қалған өсімдік қалдықтары арқылы тарайды. Ауру белгілері алғаш 

жапырақ (4—5) өсіп жетілгенге дейінгі, жаңа шыққан көк өскіндерінде байқалады; 

мақтаның тамыры мен одан тараған тамыршалары сарғайып, қараяды. Өсімдік тез 

арада солып, қурап кетеді. Бұл егіс алқабының сиреуіне әкеледі. Вилт (ағылшынша 

“wіlt” — солу), мақтаның Fusarіum oxysporum саңырауқұлағы қоздыратын ауруы. 

Қоздырғыш топырақта дамып, тамыры арқылы өсімдікке өтеді де, оның су өткізгіш 

жүйесін — ксилемасын зақымдайды; осының салдарынан дақыл өзіне қажетті суды 

ала алмай солып қалады. 



Мақта аурулары

Гоммоз — мақтадан сары немесе қоңырқай түсті созылмалы, жабысқақ 



сұйықтықтың ағуы. Бұл аурудың қоздырғышы — Xanthomonas 

malvacearum бактериясы. Бактериялар мақтаны дән жарнағы пайда 

болғаннан бастап, вегетациялық кезеңі аяқталғанға дейін 

зақымдайды. Егер қоздырғыш сабаққа түссе, дақылдың солуына, ал 

қауашақта болса, өнімнің түсімділігі кеміп, мақтадан алынатын талшық 

сапасының нашарлауына әкеледі. Күрес шаралары: ауыспалы егістікті 

игеру, оның айналымына жүгері егу; топыраққа әр түрлі 

микроэлементтерге бай органикалық тыңайтқыштар шашу; себер 

алдында тұқымдарды бронокот, фентиурам, т.б. химиялық 

препараттармен бүрку қажет.



Күнбағыс туралы жалпы 

сипаттама

Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты 



қалың  түкті,  кіндік  тамыры  тармақты,  2  -  3  м  тереңдікке 

бойлайды.  Үлкен  жалпақ  жапырағы  сабақта  кезектесіп 

орналасады.  Гүл  шоғыры  көп  гүлді  себет.  Оның  сыртын  бір 

немесе  бірнеше  қатарға  орналасқан  гүл  жапырақтары 

қоршаған.  Бұлар  өсімдік  гүлін  сыртқы  қолайсыз  жағдайдан 

сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті 

күн  көзі  бойымен  бұрылып  отырады.  Жемісі  —  тұқымша,  онда 

22 — 27% май болады.



Күнбағыс аурулары

Күнбағыс  дақылының  өсіп-өну  кезеңінде  саяқ  шегірткелер,  шалғын  көбелек, 



топырақта  мекендейтін  көпқоректі  қатты  қанатты  зиянкестер  және  т.б. 

зиянкестер кездесті. Олардың саны күнбағыс егістігіне қауіп туғызған жоқ.

Күнбағыстың  арнайы  зиянкестері  сұр  көпқоректі  бізтұмсық  және  күнбағыс 



қанкөбелегі анықталды.

Алматы  және  Павлодар  облыстарында  биылғы  жылы  сұр  көпқоректі 



бізтұмсықтың  санының  біршама  төмендеуі  тіркелді.  қоңыздардың  шығуының 

басталуы  арамшөптерде  12  сәуір-  8  мамыр  аралығында  тіркелді.  Егістікке 

қоныстануы  мамыр  айының  екінші  онкүндігінде  байқалды.  Күнбағыс 

өскіндерін  бақылау  уақытында  жапырақ  бетін  зақымдауы  3%-ды  құрады. 

Бізтұмсықтың қоныстану тығыздығы 0,2-0,4 дана/м2. 

Күнбағыс  қанкөбелегінің  зақымдауы  Алматы,  Жамбыл  және  Павлодар 



облыстарында  тіркелді.  көбелектерінің  ұшуы  және  жұмыртқа  салуы  маусым 

айының үшінші онкүндігінен шілде айының екінші онкүндігіне дейін жалғасып 

күнбағыстың  гүлдеу  мерзімімен  сәйкес  келді.  Жұлдызқұрттарының  тууы  25 

шілде-10  тамыз  аралығында  тіркелді,  олардың  саны  0,2-7,0  дана/өсімдік. 

Жұлдызқұрттарының  зақымдауы  тамыз  айы  бойы  байқалды.  өсімдікті 

зақымдауы 2-8%-ды құрады.



Қызылшаның 

зиянкестері

Қызылшаның 



зиянкестері:қызылшаның 

жапырақ 


бітесі,  қызылшаның     тамыр бітесі,    

қызылша 


қандаласы, 

қызылша 


бүргелері, 

кәдімгі 


қызылша 

бізтұмсығы,  шығыс        қызылша 

бізтұмсығы,        қызылша    сұр 

бізтұмсығы,      қызылшаның  сабақ 

жемірі,  т.б.  зиянкестері:  күнбағыс 

көбелегі,  күнбағыс  сүгені:  рапс  және 

қыша 

зиянкестері: 



шығысқыша 

жемірі,  рапс  жапырақ  жемірі,  рапс 

егеушесі. 

Химиялық  заттардың  біреуімен  (-1,5 



кг/га, 

метафостың 

20 



 



эмульсиясымен-2кг/га,  400-600л/га  ) 

жұмыс 


сұйығын 

шығындап 

өңдеу.Қызылшаның 

зиянды 


ауруларының  бірі-  қызылша  көгінің 

тамыржегіші, 

зиянкестерден 

бүргелер  мен  бізтұмсық  келтіреді. 

Өскіндері  3-4  жапырақ  кезеңінде 

зақымдайды.Қызылша 

көгінің 

тамыржегішімен  күресу    үшін  себер 

алдында 

тұқымды 


ТМТД-мен 

дәрілейді. 



Қызылша бүргесі

Қызылша бүргесі. Ұзындығы 3-4 см қоңыз. Қызылшаға 



алғашқы өсу кезеңіңде үлкен зиян келтіреді, жапырақтарды 

кеміріп, ұсақ дөңгелек тесік жасайды, сосын жапырақтар 

солып қалады. Ыстық және желді ауа райында бүргенің 

зияндылығы арта түседі. 

Кәдімгі қызылша бізтұмсығы. Қызылшаға, әсіресе екінші жұп 



жапырағы пайда болған кезінде ерекше зиянды. 

Личинкалары бүйірлік тамыршалар-ды қияды, тамыр мен 

тамыр жемісінің бетінде терең жолақтар салады.                      

          

 Зиянкестермен күресу үшін агротехникалық және химиялық 



шаралар қолданылады. Қызылша бүрпуыімен бізтұмсығына 

қарсы гектары 400-600 л жұмыс ертіндісін шығындап, 80%-

дық хлорофосты (2 кг/га ) 20%- тік эмульсиясын 

бүркеді.қажет болса, өңдеуді 7-10 тәуліктен соң қайталайды. 

Агротехникалық шарадардың негіздері – арамшөптерді жою, 

жоғары сапалы тұқымды себу, ауыспалы егісті қатаң сақтау, 

топырақты дұрыс өңдеу.


Қорытынды

Ауыл  шаруашылығы  зиянкестері  —  қолдан  өсірілетін  өсімдіктерді  зақымдайтын 



не  мүлдем  құртып  жіберетін  жәндіктер  мен  жануарлар.  Оларға  омыртқасыз 

жануарлардан  жұмыр  құрттар,  өсімдік  қоректі  кенелер,  жәндіктер,  жалаңаш 

шырындар  және  ұлулар,  ал  омыртқалы  жануарлардан  —  құстар  мен  сүт 

қоректілердің  кейбір  түрлері  (кеміргіштер)  жатады.  Зиянды  жәндіктер  мен 

кенелер  қоректік  заттарына  байланысты  монофагтар,  олигофагтар  және 

полифагтар  болып  3  топқа  бөлінеді.  Монофагтар  өсімдіктердің  бір  ғана  түрімен 

немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай 

кенесі),  олигофагтар  өсімдіктердің  бір  тұқымдасына  жататын  көптеген 

түрлерімен  (орамжапырақ  тұқымдасының  бүрге  қоныздары  мен  қандалалары, 

түйнек  бізтұмсықтары,  дәннің  сұр  көбелегі),  полифагтар  өсімдіктердің  көптеген 

түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. 

Жәндіктер  өсімдіктің  ұлпасын,  жапырақтарын,  тамырын,  жемістерін  кеміріп 

немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, 

өсуі,  қор  жинауы  тежеледі  немесе  солып  қалады.  Көптеген  зиянкес  жәндіктер 

өсімдік  ауруларын  таратады.  Кенелер  ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  сорып 

зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен 

қоректенеді.  Кенелердің  кейбір  түрлері  індет  таратады.  Жұмыр  құрттар, 

негізінен  өсімдіктердің  тамырымен  қоректенеді.  Солардың  ішінде  бүлдірген, 

қызылша,  картоп  нематодасы  көп  зиян  келтіреді.  Зиянкес  кеміргіштер 

Қазақстанда  өте  көп  таралған.  Олар  астық  дақылдарын,  көкөністер  мен  жеміс-

жидектерді  зақымдайды,  қоймада  сақталатын  азық-түлік  қорына  шығын 

келтіреді,  сондай-ақ  жұқпалы  аурулар  таратады.  Ауыл  шаруашылығы  өнімдері 

шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады.


Қолданылған 

әдебиеттер тізімі

1.Қ.К.Әрінов,Қ.М.Мүсынов,А.Қ.Апушев,Н.А.Серекпаев



,Н.А.Шестакова,

С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік 



шаруашылығы»,Алматы,2011ж.

2.М.М.Жанзақов «Өсімдік шаруашылығы», 



Қызылорда,2007ж.

3.Т.А.Атақұлов,С.С.Арыстанғұлов,А.С.Каркальчев,Б.



М.Салақшынова,

А.Е.Елішбаев«Өсімдік шаруашылығы», 



Алматы,2007ж.



 



Document Outline

  • Презентация «Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары»
  • Мақта туралы жалпы сипаттама
  • Мақта аурулары
  • Мақта аурулары
  • Күнбағыс туралы жалпы сипаттама
  • Күнбағыс аурулары
  • Қызылшаның зиянкестері
  • Қызылша бүргесі
  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет