Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)



жүктеу 1.48 Mb.
бет1/9
Дата13.01.2017
өлшемі1.48 Mb.
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Е. С. Төртқарынов

Қ.ҚБозымов

Қ.Ғ Есенғалиев

МАЛ

АНАТОМИЯСЫНЫҢ

ПРАКТИКУМЫ

(цитология, эмбриология және гистология негіздері)



Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оқу-методикалық басқармасы жоғары оқу орындары студенттеріне оқу құралы ретінде ұсынған

Төртқарынов Е. С., Бозымов Қ. Қ., Есенғалиев Қ. Ғ.

Мал анатомиясының практикумы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, “Ана тілі”, 1992.—...бет.

МАЗМҰНЫ


I тарау. ЖАЛПЫ ГИСТОЛОГИЯ МЕН ЦИТОЛОГИЯ

ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Цитология негіздері

1-тақырып Микроскоп құрылысы

2-тақырып Клетканың құрылысы

3-тақырып. Клетканың бөлінуі

Эмбриологкя негіздері

4 тақырып Жыныс клеткаларының құрылысы

және дамуы
5-тақырып Ланцетниктің, құстардың және сүтқоректілердің

дамуы
Жалпы гистология непздері

6-тақырып. Эпителий ұлпасы (ткані)
7-тақырып. Ішкі орта ұлпалары (тканьдері

8-тақырып. Ет ткані

9-тақырып Жүйке (нерв) ұлпасы (ткані)

ІІ тарау. АНАТОМИЯ

10-такырып. Суйектер туралы ілім

11-тақырып. Сүйектердің байланысуы туралы ілім

12-тақырып. Бұлшық еттер туралы ілім

13-тақырып. Ас қорыту аппараты

14-тақырып. Тыныс алу аппараты

15-тақырып. Несеп-жыныс аппараты

16-тақырып. Ішкі секреция бездері

17-такырып. Тамырлар туралы ілім

18-тақырып. Нерв (жүйке) жүйесі

19-тақырып. Сезім органдары

20-тақырып. Тері жабыны, немесе жалпы жабын (тері)

Кіріспе

Оқу құралы төрт бөлімнен тұрады: “Жалпы цитология”, “Жалпы эмбриология”, “Жалпы гистология” және “Гистоло-гияға негізделген мал анатомиясы”. Бұл бөлімдерде сомати-калық және ұрықтық клетканың ланцетниктің, амфибиялар-дың, құстың, сүтқоректілердің өсіп-өнуі, жалпы морфологиясы, ішкі құрылысы сөз болады.

“Зоотехника” мамандығы бойынша дәріс алатын жоғары оқу орындарының студенттеріне, ауыл шаруашылығы қызмет-керлеріне, мал дәрігерлеріне арналған.

“Ана тілі” баспасы, 1992

К І РІ С П Е

Жануарлар морфологиясы (гректің тогрһе — тшін, Іоеоз — ғылым) — жануарлар денесінің, пішіні мен құрылысы туралы ғылым.

Жануарлар морфологиясы — өз жетістіктерін мал шаруашылығы, малдәрігерлік, медицнна және экология саласына арналған. Ол зоология, физиология, биохимия, иммунология, генді инженерия, биотехнология және т. б. ғылымдармен тығыз байланысты.

Жануарлар морфологиясынын, басты мақсаты әр турлі деңгейде жануарлар денесінің құрылымын зерттеу, яғни біртұтас организм және оның әр түрлі жүйесінен бастап клеткалы және субклеткалы құрылымға дейінгі аралықтың даму тарихы мен қызмет ерекшелігін оқып-білу. Қысқаша айтқанда, жапуарлар морфологиясы анатомия, гистология және эмбриология ғылымдарын зерттейтін обьектіні біріктіреді.

Жануарлар организмі біртұтас жүйе, ол: клетка, ткань, мүше, мүшелер жүйесі сияқты әр түрлі деңгейдегі құрылымдардан тұрады Цигология (гректің сушз — клетка, Іоgоз — ғылым) — клетканың дамуы. құрылысы, өміршендігі туралы ғылым

Эмбриология (гректің етЬгуоп — ұрык, эмбрион, Іоеоз— ғы-лым) — ұрық жәнс оның даму заңдылығы туралы ғылым.

Гистология (грекгің һізіоз— ұлпа, ткань, Іовоз— ғылым)—жануар организміндегі тканьдердің құрылысы, дамуы және өмір сүруі туралы ғылым.

Анатомия — әрбір мүшелердің пішіні мен құрылысы, мүшелер жүйесі және бүкіл организм туралы ғылым.

Мүше деп, арнаулы пішінге біріктірілген, әр түрлі ткань-дерден құралған жануарлар денесінің бір бөлігін айтады, ол белгілі бір формаға келтірілген әр түрлі тканьдердің жиынтығы. Ол өзін қан-мен қамтамасыз ететін және нервтендеру қызмет-ін атқаратын құрылым. Мысальг бауыр, тіс, ми, өкпе т. б.

Мушелер жүйесі деп, бір-бірімен функциональды және морфологиялық тығыз байланыста болатын, организмде арнаулы бір қызмет атқаратын әр түрлі мүшелердің жиынтығын айтамыз. Мысалы: ас қорыту, тыныс алу, тірек-қимыл мүшелері т. б.

Организм — өмірдің әрбір жағдайын қамтамасыз ететін мүшелер жүйесінін, жиынтыгы. Мысалы: реактивтілік, зат алмасу және көбею

Жануарлар анатомиясы практикумы қазақ тілінде шығарылған бірінші басылым. Практикум негізіне келесі принциптер енгізілген:

1.Практикумға әр түрлі жануарлардың ерекшеліктері туралы материалдар елгізілген.

2. Гистология мен анатомия терминдері Халықаралық номенклатураға сәйкес берілген.

3

I тарау. ЖАЛПЫ ГИСТОЛОГИЯ МЕН



ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

ЦИТОЛОГИЯ НЕПЗДЕРІ

1-тақырып. МИКРОСКОП ҚҰРЫЛЫСЫ



1-сабақ. Сабақтың мақсаты: 1) микроскоптың құрылысымен танысу; 2) гистологиялық препараттар дайындауды білу.

Құралдар мен жабдықтар. МБЗ-1 жәые “Биолам” микроскоптары, микротом, 5—10% формалин, этил спирті, сұйық азот, әр түрлі спирт ерітінділері (60°, 70°, 80°, 90°, 100°), парафин, целлоидин, гематоксилин, эозин, глицерин, төсеніш әйнегі.

Гистологияда зерттеуге қолданылатын құралдың бастысы — микроскоп. Сондықтан микроскоптың құрылысын және онымен жұмыс істеу ережесін өте мұқият меңгерген жөн. Лабораториялық сабақтарда МБЗ-1 және “Биолам” атты оптикалық микроскоптар жиі қолданылады.

Микроскопта келесі бөліктер ажыратылады: 1) оптикалық; 2) механикалық; 3) жарық қабылдайтын бөлік (1-сурет).

Оптикалы бөліміне оқуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады



1-сурет. МБЗ-1 биологиялық микроскопының жалпы көрінісі:

1 — штатив непзі, 2 — штатив колонкасы, 3 — тубусұстатқыштың басы, 4 — еңкіш тубус, 4 — еңкіш тубус, 4-еңгіш тубустың кеңейген бөлімі,5-микромеханизмдер қорабы, 6 — револьвер жүйесі, 7 — микроскоп орындығы, 8 — макрометрлік винт, 9 — микрометрлік винт, 11—окуляр, 12 — объективтер, 13 — айна, 14 — конденсор.

4

және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Оқуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5, 7, 10, 15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8, 20, 40, 90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет. Миқроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатв, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады. Микроскоптың жарық қабылдайтын бөліктеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативының төменгі тұсында орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, ал екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.



Микроскоппен жұмыс істеу ережелері. Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын жарық түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе үлкейтіп көрсететін объективке (кіші) қойыңыздар. Кіші объектив пен препарат орналасатын орындықтың аралығы 1 —1,5 см болу керек. Айнаны ептеп қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар. Преператтың кішкентай шынысын жоғары бағыттап орналастырып, микроскоппен қараңыздар. Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп, препарат-тың біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және ашық көрінетін тұсына қойыңыздар. Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер. Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан кейін оны сәлфеткамен жауып қойыңыздар.

Гистотехника. Препарат дайындау әдістері. Гистологияда әр түрлі зерттеу әдістері қолданылады. Өте жиі қолданылатын әдістердің бірі—негізгі немесе классикалық микроскоптық зерттеу. Бұл әдісті қолдану үшін, зерттейтін объектілердің (мүше, ұлпа) өте жұқа келген кесінділерінен препарат дайындау керек.

Препарат дегеніміз — төсеніш әйнегі мен жабын әйнектің ортасына орналасқан, өте жұқа (мүшеден немесе-

5

ұлпадан) алынған және боялған кесінді. Препарат дайындау өте күрделі іс. Оны дайындау үшін мүшелерден (органдардан) алынған кішкентай бөлшектер бірнеше дайындау кезеңдерінен өту қажет, яғни гистологиялық препарат дайындау үшін келесі кезеңдерден өту керек:



1. Фиксация (тығыздап бекіту).

2. Сумен жуу.

3. Құрғату.

4. Парафинде немесе целлоидинде қатайту.

5. Кесінділер дайындау (микротоммен кесу).

6. Кесінділерді бояу.

7. Бальзамға салу.

Тығыздап бекіту үшін әр түрлі мүшелерден алынған бөлшектерді фиксатор сұйықтарға салады. Тығыздап бекіту үшін көбірек қолданылатын заттар: а) 5—10% формалин; ә) этил спирті; б) сұйық азот; в) осмий қышқылы және тағы басқалары.

Мүшеден алынған кішкентай бөлшектерді жоғарыда айтылған қосынды ерітінділеріне салып, оларды тығыздап бекітеді (материалды фиксациялау). Бөлшектердін көлемі 0,5—1,2 см болу керек.

Келесі кезең сумен жуу. Ол үшін бөлшектерді бір ыдысқа салып, ағын сумен жуамыз. Содан сон, құрғатамыз. Судан толық арылу үшін бірнеше спирттерден (60°, 70°, 80°, 90°, 100°) өткізеді. Одан кейін ұсақ бөлшектерді балқытылған парафинге немесе ерітілген целлоидинге салып қатайтып, төрт бұрышты ағаш блоктарга бөлшектерді бекітеді. Бөлшектерді өте жұқа (қалыңдығы 1 — 1,5 мкм) микротом көмегімен кесіп кесінділерді дайындайды.

Дайын кесінділерді бояу тәсілдері: а) гематоксилинге салып 3—5 мин боялады; ә) сумен жуылады; б) эозинмен 3—5 мин. боялады; в) сумен жуылады; г) төсеніш әйнегіне салынып үстіне глицерин тамызылады; д) жабын шынысымен жабылады.

2-тақырып. КЛЕТКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ



2-сабақ. Сабақтың мақсаты: жануарлар клеткасының жалпы құрылысымен танысу.

Құралдар мен жабдықтар. Гистологиялық препараттар: шошқа бауырының клеткалары (1), борпылдақ дәнекер ткані (2), аскарида ішегі эпителийінің клеткаларындағы митохондриялар мен май қосындылары (3); таблицалар және диапозитивтер: клетка құры-

6

лымы, клетка электронограммасы, клетка құрылысы мен оның органеллаларының субмикроскопиялық схемасы.



1-препарат.Жануарлар клеткасының құрылысы. Клетка — жануар организмнің ең басты бөлімі болып табылады және ол ұлпалар мен мүшелердің тізін құрайды.

Препаратта шошқа бауырының кесіндісі көрсетілген. репаратты кіші объективпен қараңыздар. Шекарасы жақсы бейнеленген және анық көрінетін клеткаларды табыңыздар. Клеткалардың пішініне, мөлшеріне және тығыз орналасқанына назар аударыңыздар. Клетканың сопақша пішінді ядросы негізгі (гематоксилин) бояуымен, ал цитоплазмасы қышқыл (эозин) бояуымен боялған. Препаратты үлкен объективпен қараңыздар және рет альбомына 6—8 клетканың суретін салыңыздар сурет).

Суретте мыналарды белгілеңіздер: 1 — клетка қабығы; 2 — цитоплазма; 3 — ядро.

2-препарат. Қлеткааралық заттар. Бұл препаратта темір гематоксилинімен боялған борпылдақ дәнекер ткані кесіндісі бейнеленген. Микроскоптың кіші және үлкен объективімен қараған кезде, клеткалардың араларында әр түрлі бағытта, ретсіз орналасқан жуан және жіңішке талшықтарды көруге болады. Клеткалар мен талшықтардың араларына біркелкі сүреңсіз қойыртпақ заттар жатады. Бұл заттар негізгі бояларымен боялган.





2-сурет. Клетка қурылысының схемасы:

1- ядро, 2 —ядрошық, 3 — ядро қабығы, 4 — цитоплазма 5 —

клетка қабығы, 6 — митохондриялар, 7 — рибосомдар, 8 — эндоплазмалық тор, 9 — центросомалар, 10 — Гольджи аппа-

раты.


7

Үлкен объективпен қарап препараттың суретін салып жэне мынаны белгілеңіздер: 1—әр түрлі клеткалар (фибробласт, гистиоцит, май клеткасы, плазмоцит); 2 — талшықтар (жуан, жіщшке); 3 — біркелкі сүреңсіз заттар

3-препарат. Клеткадағы митохондрия лар мен майқосын-дылары. Микроскоптың кіш объективімен қараған кезде клеткалардан түзілген ұзын ирек таспа көрінеді. Үлкен объективпен қарағанда клетканың аралығындағы шекаралары анық көрінбейді. Ядролар ақшыл түсті, пішіні дөңгелек немесе сопақша Ядролардың ішінде анық көрінетін қызыл түсті ядро шықтары болады (олар бірнешеу). Барлық клеткалардың ядролары клетканың төменгі (базальды] полюсына қарай ығысқан.

Цитоплазмадағы митохондриялар күрең-қызғылт түсті дөңгелек және қысқа таяқша пішінді, бұлар ядроның үстіңгі мен төменгі тұсында жатады. Клетканың ортасында дөңгелек тамшылар көрінеді — олар май қосындылары, микровинтті айналдырған кезде бұлар немес( қара, немесе сарғыш-жасыл түсті дискілер болып бейнеленеді.

Препаратты үлкен объективпен қарап, мыналарды белгілеңіздер: 1-митохондриялар; 2-май қосындылары

3-тақырып. КЛЕТКАНЫҢ БӨЛІНУІ



3-сабақ. Сабақтыңмақсаты: Қлетканың бөліну сатыларымен танысу және оларды ажырата білу.

Құралдар мен жабдықтар. Гистологиялық препараттар: пияз тамыршасындағы митозы (4), қуық эпителий клеткаларындағы амитоз (5), таблицалар және диапозитивтер: клетканың өмірлік циклі, хромосомдар құрылысы.

Организмнің барлық клеткалары бөліну арқылы көбейеді. Аналық клетка бөлінген кезде, екі жаңа жас, бір-біріне ұқсас клеткалар түзіледі. Клеткалардың бөлінуінің келесі түрлерін ажыратады: дұрыс, бұрыс және редукциялық (3-сурет).

Дұрыс бөліну (амитоз) (3-ші, а, сурет 5-препарат) зақым-далған ұлпа келткаларында және олардың нашар: өсуі, өмірлік қасиеті төмендеген кезінде байқалады. Бөліну процесі ядро мен ядрошықтың пішіндерінің өзгеруінен басталады. Ядроның экваторында пайда болатын бөлу буылтығы кейін цитоплазмаға жалғасқан кез-

8



З-сурет. Клетканың бөлінуі:

а —клетганың дұрыс бөліну (амитоз), 1—клетканың бөлінер алдындағы көрінісі, 2 — ядрошықтың буылтықтануы , 3, 4, 5, 6, 7 — ядроның буылтықтануы, 8 — аналық клетканың екі жас клеткасына белінуі э — клетканың бұрыс бөлінуі (митоз), 1 — клетка көрінісі, 2 — тығыз шиыршық сатысы, 3 — борпылдақ шиыршық сатысы, 4 — ядро қабығының жоғалуы 5 — аналық жұлдызша сатысы, 6 — хромосомдар (олардың екі еселенуі — аналық бейнеленген), 7 — ерте анафаза сатысы, 8 — жай анафаза сатысы 9 — ерте телофаза сатысы, 10 — борпылдақ шиыршық сатысы 11 — тығыз шиыршық сатысы, 12 — жас клеткалар



де, клетка пішіні гантельге немесе құм сағатына ұқсас келеді. Бұл буылтық үзілген уақытта, бір-бірінен айнымас кіші пішінді екі жас клеткалар түзіледі.

Бұрыс бөліну (митоз) (3-ші, ә, сурет, 4-ші препарат)—жануар организмінің ұлпа клеткаларының кеңінен таралған бөліну әдісі. Клетка бөлінер алдында дайындық сатысынан өтеді (интерфаза). Бұл сатыда ядро мен цитоплазмада интенсивті түрде заттар жиналады, клетка өседі. Бұдан басқа да процестер өтеді—нуклеин қышқылдары синтезделеді және хромосомдар пішінделеді Дайындық сатысының аяғында клеткалардағы конструктивті процестер бәсеңдейді, ядродағы ДНК мәлшері көбейіп, хромосомдар пішінделуімен аяқталады. Оларды микроскоптың үлкен объективімен қараған кезде көруге болады. Клетканың бөлінуінің меншікті процесі тез өтеді, ол төрт сатыдан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Препаратта жануар клеткасының бөліну (митоз) процесі көрсетілген. Препаратты үлкен объективпен қарап, мыналарды белгілеңіздер: 1—ядро; 2—цитоплазма; 3—хромосомдар; 4—профаза; 5—метафаза, 6—анафаза, 7—телофаза.

9

ЭМБРИОЛОГИЯ НЕПЗДЕРІ



4-тақырып. ЖЫНЫС КЛЕТКАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

ЖӘНЕ ДАМУЫ

Жыныс (аталық және аналық) клеткаларының дамуын гаметогенез деп атайды. Аталық жыныс клеткалары дамуында — сперматогенезде төрт кезен. ажыратады: көбею, өсу, пісіп жетілу және пішінделу. Сперматогенездің барлық кезеңдері енде өтеді. Аналык, жыныс клеткалары дамуында — овогенезде үш кезен, болады: көбею, өсу, пісіп жетілу. Көбею кезеңі жануарлардың эмбриональдық сатысында жұмыртқалықта өтеді, өсу сатысы — жануарлардың жыныстық пісіп жетілу уақытынан бас тап жұмыртқалықта жүреді, ал пісіп жетілу кезеңі — жатыр түтігінде өтеді.



4-сабақ Сабактың мақсаты: 1)аталық және аналық жыныс клеткалары дамуымен танысу; 2) пісіп жетілген сперматозоид-пен, жұмыртқа клеткасымен танысу.

Құралдар мен жабдықтар. Гистологиялык препараттар: мысық енініндегі сперматогенез (6)қошкар сперматозоидтары (7), жұмыртқалығындағы овогенез (8), үй қоянының жұмыртқа-лығы (9). Таблицалар және диапозитивтер: сперматогенез және овогенез схемасы, пісіп жетілген сперматозоид құрылысы, пісіп жетілген жұмыртқаның құрылысы және оның қабықтары, жұмыртқа типтері.

6-препарат. Сперматогенез. Препаратты кіші объективпен қарағанда көлденең кесілген ирек келген түтікшелерді көресіз-дер (4-сурет). Осы түтікшелердің қабырғасында сперматогенез процесі өтеді. Түтікшелер сыртынан жұқа дәнекер ұлпасы қабықшамен қапталған және ол базальды мембранаға өтеді. Мұнда ұстатқыш клеткалар орналасқан, бұлар трофикалық (қоректік) кызметін атқарады және осыңда сперматогенді эпителийінің жас жыныс клеткалары жатады, ал олар көбею кезеңінде болады, мұны сперматогониялар деп атайды.

Көбею кезеңінде соңғы бөлінуін аяқтап (митоз жолымен), сперматсгониялар өсу кезеңіне өтеді. Осы уақытта клеткада заттар мен қуат жинақталады, ДНК мөлшері екі есе өседі және хромосомдар материалдарында күрделі өзгерістер өтеді. Өсу кезеңінде жыныс клеткалары 1-ші қатардағы сперматоциттер деп аталады. Бұлар

10



4-сурет. Еннің ирек түтікшелері кенересіндегі сперматогенез процесі және сперматозоидтың ультрақұрылымдық схемасы:

I — сперматозоидтың баласы ІІ -мойны,ІІІ-құйрығы, а — байланыс-тырушы бөлімі, б — негізгі бөлімі, в — соңғы бөлімі. 1 — дәнекертканьді қабық, 2— сперматониялар, 3 —II ші қатардағы сперматоцитгер,4 — спермиялар, 5 — жас сперматидтер, 6 — ұстаушы клеткалар, 7 — олардың ядролары, 8 — соңғы сатыдағы сперматидтер, 9 — І-ші қатардағы спермотоциттер, 10 — акросома, 11 —ядро, 12 —цитоплазма, 13 — проксималды центриоль, 14 — дистальды центриоль, 15 —пиральды жіпшелер, 16 — ссңғы шығыршық,

17-осьтік жіпше

сперматогенді эпителийінің ең үлкен клеткалары және олар ирек түтікшелерінің орта тұсында жатады. Бұл клеткалардың ірі ядроларында анық бейнеленген айқасқан хроматин жіпшелерін көруге болады. Өсу аяқталған соң клетка пісіп жетілу кезеңіне өтеді. Бұл кезең тез өтетін екі бөлінумен сипатталады — мейоз жолымен жүреді. Бірінші бөліну кезінде 2-ші қатардағы сперматоциттер пайда болады, ал өкінші белінген кезде сперматидтер түзіледі. Жас сперматидтер — бұлар ақшыл дөңгелек ядролары бар ұсақ клеткалар. Пішінделу кезеңінде жас сперматидтер ұстатқыш клеткалар цитоплазмасына батып, жетілген сперматидтерге айналады. Клетка аламұрт пішінді болады, ядроның көлемі кішірейеді және таяқшаға ұқсас келеді. Сонан соң жетілген сперматидтер сперматозоидтарға айналады. Олар ұстатқыш келткалардан ажырап, құйрықтарымеи ирек түтікшелердін орталық тұсында орналасады.

7-п р е п а р а т. Аталық жыныс клеткасы. Аталық жыныс клеткасын сперматозоид деп атайды. Препаратта гематоксилин және эозинмен боялған қошқардың сперма-тозоидтары көрсетілген. Микроскопты объективке қойып, препараттан сперматозоидтардың сиректеу және олардың бір-бірінен бөлек орналасқан жерін табыңыздар. Содан соң үлкен объективпен караңыздар (4-сурет). Жыныс клеткасынын, басының

11

Ппішініне және құйрығына назар аударыңыздар. Спер-матозоидтар басы сопақша пішінді болады. Перараттан бірнеше (6—8) жыныс клеткаларыньщ суретін салыңыздар: 1—басы; 2—мойыны; 3—денесі; 4—құйрығы.



8-п р е п а р а т. Овогенез. Препаратта жұмыртқалық бейнеленген, мұнда өсу кезеңіндегі жыныс клеткаларын көруге болады (5-сурет). Қөбею кезені эмбриональды сатысында өтеді, сол себептен оогониялар жұмыртқалықта болмайды. Бөлінгеннен соң олар 1-ші қатардағы ооциттерге айналады. Бұл клеткалар ірі дөңгелек болады, ақшыл ядросы бар және олар трофикалық қызмстін атқаратын фолликулярлы клеткалармен коршалған. Өсу кезенднде 1-ші қатардағы ооцитте қоректің және қуат заттары жиналады, ДНК мөлшері екі есе кө-

бейеді, хромосом материалдары тең бөлінеді. Ооциттің

өсуінде фолликулярлы клеткалар үлкен қызмет атқара-

ды Жыныс клеткасынын, өсу кезеңінде фолликулярлы

клеткалар апаса болады және бірінші фоликул кабырға-

сында бір қабат түзеп жатады. Препарагта бірінші фол-

ликлярды микроскоптың үлкен объективімен көруге

болады Ооциттің өсуіне байланысты фолликулярлы

клеткалардың көлемі үлкейеді, және де олар тез көбейіп

бірнеше қабатка орналасады. Осы сәтте 1-ші қатардағы

ооциттің көлемі бірнеше рет ұлғайады. Фолликулярлы



5-сурет. Овогенез схемасы:

А, Ә, Б, В — әр түрлі сатыдағы аналық жыныс клетлалары

I- ші қатардағы овоцит, 2 фолликулярлы клеткалар, 3-

II- ші қатардары овоцит, 4 бірінші редукциялық дене, 5 пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы, 6 — жұмыртқа ядросы

7 — екінші редукциялық дене,8 — біріншілік қабықша (сары уыздық), 9 — екіншілік қабықша, 10 — сәулелік тәждік

12

клеткалардың әрекетіне байланысты фолликулде сұйық зат жиналады және ол көпіршікті фолликулге айналады. Сонан соң көпіршік жарылады, 1-ші қатардағы ооцит, айналасындағы қоршаған фолликулярлы клеткалармен бірге жатыр түтігінің кеңейген тұсына барып түседі. Жатыр түтігімен жылжып жыныс клетка пісіп жетілу кезеңінен өтеді. Осы уақытта мұнда бірінен соң екі бөліну болады (мейоз жолымен). Яғни, бірінші бөліну кезеңінде (редукциялық) гаплоидты хромосом жиынтығы бар клеткалар түзіледі: ірі 2-ші қатардагы ооцит және кіші — бірінші редукцияльщ денвшік. Ал, екінші рет бөлінген кезде пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы түзіледі, және де екінші редукциялық денешік пайда болады.



9-п репарат. Аналық жыныс клеткасы. Бұл препаратта гематоксилинмен және эозинмен боялған үй қоянының жұмыртқалырының кішкене кесіндісі көрсетілген. Препаратты кіші объективпен қараған кезде, жұмыртқалықтың шет жақ-тарында орналасқан көптеген дөңгелек пішінді клеткаларды көресіздер. Бұлар әр түрлі пісіп жетілу сатысында бейнеленген аналық жыныс 'клеткалары. Бір аналық жыныс клеткасының құрылысын бөлек қарап, онын, суретін салыңыздар. Суретте мыналарды белгілеңіздер: 1—ядро; 2—цитоплазма; 3—плазмолемма (мөлдір қабат); 4—фолликулярлы қабат.

5-тақырып. ЛАНЦЕТНИҚТІҢ, ҚҰСТАРДЫҢ ЖӘНЕ



СҮТҚОРЕҚТІЛЕРДІҢ ДАМУЫ

5-сабақ. Сабақтың мақсаты: 1) ұрықтану процесімен, бластуланың түзілуімен, гасгруляция түрлерімен танысу; 2) ланцетниктің дамуын оқып білу.

Құралдар мен жабдықтар: Ланцетниктің эмбриониальды дамуы бойынша жасалған муляждар; таблицалар және диапозитивтер: жұмыртқа клеткаларының түрлері, бөлшектену типтері және олардың гаструляция әдістері, ланцетниктің эмбриональды дамуының схемесы.

Аналық клетка (жұмыртқа) аталық клеткамен (сперма-тозоид) ұрықтанғаннан кейін эигота (жаңа организм нышаны) пайда болады. Осы зиготада организмге тән, барлық қасиеттерінің нәсілдік негізі — пайда болу, су, даму мүмкіншіліктері толық жинақталған. Содан онтогенез процесі басталады, мұны жеке даму —деп

13

атайды. Бүкіл жеке даму бірнеше сатылардан тұрады, соған сәйкес мұны бірнеше кезеңге бөледі.



Әуелі бөлшөктену кезеңінен өтеді. Осы кезеңде пайда болатын клеткаларды бластомерлер деп атайды. Бөл-шектену арқасында бір клеткадан күрделі, сапалы көп клеткалы организм пайда болады. Бөлшектену түрлі жұмыртқа клеткасындағы сары уыздың көп, немесе аз болуына, оның цитоплазмада орналасуына тығыз байланысты. Сол себептен зиготаның бөлшектенуі де осыған тікелей байланысты.

Жұмыртқа клеткасы изоолиголецитальды түріне жатса (ланцетник) бөлшектену толық, бірқалыпты өтеді және бірдей клеткалар (бластомерлер) түзіледі. Олиголецитальды (сүтқоректілер) жұмыртқа клеткасында бөлшектену толық, бірақ бірқалыпты өтпейді. Әр түрлі пішінді бластомерлер (үлкенді-кішілі) пайда болады. Телолецитальды (құстар) жұмыртқа клеткасы жартылай бөлшектенеді, немесе дискоидальды деп атайды. Зигота бөлшектенген кезде, бір қабатты эмбрион түзіледі, оны бластула деп атайды. Бластула дегеніміз бір қабатты, ішінде кішкене қуысы бар көпклеткалы организм.

Бластула түзіліп болғаннан кейін, клеткалардын, екінші қабаты түзілуіне байланысты келесі даму кезеңі. басталады. Бластуланың бір жақ керегесі ішіне қарай жымырылу арқылы екінші қабат түзіліп келе жатқан кезде бұл процесс анық байқалады. Бластуланың кенересі аздап жымырылады да,. одан кейін ол тереңдсп эмбрионның ішкі жағынан клеткалардың екінші қабатын түзеді, сөйтіп, эмбрион екі қабатты болып шығады Дамудың бұл сатысы гаструляция делінеді де, ал ек қабатты көп клеткалы организмді—гаструла деп атай ды.

Гаструляция күрделі процесс, бұл кезенде ұры жапырақша-лары түзіледі, сыртқы—эктодерма, ішкі-энтодерма, ортаңғы — мезодерма және остік (бағана) мүшелері қалыптасады( жүйке түтікшесі,хорда бірінші ішек) Гаструляция процесі әрбір жануарлар түрлерінде өзгеше өтеді.

Линцетнике қарапайым хордалыларға жатады.Ланцетниктің жұмыртқа клеткасы кішкентай көлемді,цитоплазмасыныда сары уыз аз болады және бір полюсінде орналасқан. Ол жағын вегетативті поллюс,ал қарсы жақтағы полюсті-анимальды деп атайды.

14

Ланцетник зиготасының бөлшектенуі толық және бірқалыпты өтеді. Бөлшектену бластула түзілумен аяқталады. Бластула — шар тәрізді, іші уыс, бір кабатты кенересі бар эмбрион. Гаструляция процесі инвагинация (жымырылу) жолымен жүреді. Бластуланың түбі төбесіне қарай жымырыла бас-тайды, олар бір-біріне түйісіп жақындасқанға дейін, эктодерма-ға — сыртқы ұрык жапырақшасы мен энтодермаға — ішкі ұрық жапырақшасына бөлінеді. Гаструляция біткен соң остік мүшелер қалыптаса бастайды: жүйек түтікшесі, хорда, ішек түтжшесі және үшінші ұрық жапырақшасының бөлінуі (мезодерма).



Жүйке түтікшесі бастамасы эмбрионның басы тұсынан бастап арқа жағында калыптасады. Эмбрионның болашақ арқа жағынан эктодерма ішке қарай жымырылып барып түтік түзеді. Болашақта бұдан жүйке жүйесі дамиды. Энтодерманың ортасынан клеткалар тізбегі оқушауланып шығып, хорда түзеді. Осы сәтте мезодерма түзіледі. Жүйке түтігінің дәл астында хорда, ал оның екі жақ бүйірінен тұлабойы мезодерманың оң және сол жақ бастамалары орналасады. Содан соң эктодерма түтікше сияқты болып бірігіп, екінші энтодерма мен екінші ішек қуысын түзеді. Бұдан ас қорыту және жыныс алу жүйелері дамиды.

Мезодерманың дорсальды бөлігі әр түрлі бөлімдерге — сегменттерге бөліне бастайды. Бұл процесс эмбрионның бас тұсынан басталып құйрық жағында аяқталады. Әрбір сегменттін дорсальды бөліктері сомиттерге айналады. Вентральды бөлінбеген бөлімдері спланхнотом түзеді. Ал, сомиттер склеротомға, миотомға және дерматомға бөлінеді. Склеротом — бұл бөлім, хорда мен жүйке түтігііне жақын жатады, бұдан қаңқа түзіледі. Дерматомнан терінің негізі дамиды. Миотом, склеротом және дерматом аралығында орналасады, одан қаңқа бұлшық еттері қалыптасады.

Спланхнотомда қуыс пайда болады және екі таспаға

бөлінеді. Сыртқы таспа, эктодермаға жақын жатқан, мезодерма спланхнотомының париетальды жапырақшасы

деп аталады. Ал,ішкі таспа, энтодермаға жақын орналасқан,

мезодерма спланхнотомның висцеральды жапырақшасы деп аталады. Мезодерма спланхнотомының жапырақшаларынан сір қабықшалары түзіледі. Екі жапырақша арасында орналасқан қуыс целом деп аталады. Сомиттер сегменті аяқшалары арқылы спланхно-



: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы
Книги -> Өндіріс құралдарында тауарды тану


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет