ПОӘК 042-18-19 11/02-2014 Басылым №2 03. 09. 2014 ж



жүктеу 0.81 Mb.
бет5/5
Дата16.07.2017
өлшемі0.81 Mb.
1   2   3   4   5

8.13 Қазіргі заманғы әкологиялық концепциялар

8.13.1 Әкология деген не және оның атқаратын қызметі

Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен табиғат дамуларының бірін-біріне қарама-қарсы екі тенденциясында (бағытында) жатыр. Біріншіден, қоғам мен оның өндіргіш күштері дамыған сайын адамның табиғатқа «үстемдігі» арта түседі. Бұл екеуінің арасында үйлесімсіздік туып, барған сайын шиеленісе береді.

Табиғат құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара байланыста, қарым-қатынаста, яғни біртұтас бірлікте. Сол себепті де, егер адам табиғат құбылыстарының бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әсер жасаса, онда ол сонымен іштей байланысты басқа жақтарының «тынышын бұзуға» мүмкін. Оны алдын ала байқау, болжау өте қиын. Мәселен, адам жер жыртып, егіс егіп, өзіне қажетті өнімді молайтуға әрекет жасағанда қате жіберсе, топырақтың үстінгі құнарлы бөлігін жойып алуы мүмкін. ХХ ғасырдың 50-жылдарының екінші жартысында, мәселен, Қазақстанның солтүстік облыстарындағы тың жерлерді жаппай жыртып тастап, тың игеру науқанын іске асырғанда, ол жерлерде көктемде, күзде болатын қатты желді ескермей, шаң-боранға жол берді, сөйтіп топырақтың үстіңгі құнарлы бөлігін жел ұшырып кетті. Алдымен егістікті желден қорғайтын орман алқабын жасау қажет деген ғалымдардың ғылыми пікірімен партия басшылары санаспады. Немесе оңтүстік Қазақстанда мақта егістіктерін суғару агротехникасын бұзудың салдарынан топырақтың тұзы көбейіп, «сорланып» кетуі, сөйтіп егістікке жарамай қалуы, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстан республикаларында жаппай жаңа егістік жерлерді игеру саясаты Амудария мен Сырдария өзендерінің суының күрт азаюына әкелді, ал соның салдарынан Арал теңізінің құрғауы, сөйтіп оның айналасындағы неше жүз мыңдаған гектар жердің адам тұруға жарамайтын құм далаға айналуына алып келгендігі т.б. көптеген мысалдар адам әрекетінің табиғи ортаға тигізген зиянды нәтижесі болып табылады.

Табиғаттың біртұтас диалектикалық сипатын адамның ескермеуі қоғам үшін де, табиғат үшін де орасан зор зиян келтіретінін ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ф. Әнгальс атап көрсеткен болатын. Дегенмен, деді ол, табиғатты жеңдік деп онша алданбай-ақ қоялық, әрбір мұндай жеңісіміз үшін ол бізден өш алады. Иә, бұл жеңістердің әрқайсысы алғашында біз көдеген нәтижеге жеткізетіні рас, ал бірақ одан кейінгі екінші, үшінші кезекте мүлдем басқа, біз күтпеген, көбінесе алғашқы табыстарымызды жойып жіберетін теріс нәтиже береді.

XVIII ғасырға дейін адамзат табиғатпен, жалпы алғанда, үйлесімді қарым-қатынаста болып келген еді. Ал ХІХ ғасырдың аяғына қарай адам мен қоршаған сыртқы орта арасында үйлесімсіздік пайда болады. Ол үйлесімсіздік ұлғая келе ХХ ғасырда табиғат пен адамзат қоғамы арасындағы

қайшылыққа айналды. Қазір қоғамның биосфераға тигізетін кері әсерінің көлемі үйлесімділік шамасынан 8-10 есе артыпты. Адам қоршаған ортаға мыңдаған тонна табиғатта ешқашан болып көрмеген өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды тастап, атмосфераны ластады, өзендер мен көлдерді уландырды, тыныс алатын ауаны ластады, қысқасы, ғалымдарды былай қойғанда, қатардағы жай азаматтарды, тұрған халықты ойландырып-толғандыратын әкологиялық проблемалар туып, шиеленісе бастады. Ал бұл жағдай қоршаған сыртқы ортаны зиянды қалдықтардан тазартып, табиғаттың перзенті болып табылатын адамның «табиғи мекенін» жақсарту қажеттігін тудырды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың аяғында «әкология» деген қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын зерттейтін жаңа ғылым дүниеге келді.

Әкологияның зерттейтін пәні және атқаратын міндеті неде?

«Әкология» деген терминді алғаш 1879 жылы неміс биологы Әрист Геккель қолданып, онымен тірі организмдердің сыртқы ортамен қарым-қатынасын білдіретін ғылымды атады. Ол бұл жаңа ғылымды жануарлар мен өсімдіктердің олар өмір сүретін сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттеумен ғана айналысатын таза биологиялық ғылым болады деп ойлады. Алайда, қазір әкология Геккель белгілеп берген тар шеңберден шығып, биосфера мен қоғамның өзара әрекеттесу құбылысын зерттейтін шын мәніндегі ғылымаралық пәнге айналды. Бұл мәселелермен айналысатын мамандардың пікірінше, қазіргі әкология физикалық құбылыстар мен биологиялық құбылыстарды байланыстырушы және жаратылысиану ғылымдары мен қоғамдық ғылымдар арасында өткел болып табылатын жаңа интеграциялық ғылымға айналды.

Әкологияның қоғамдық пен гуманитарлық ғылымдармен байланысын оның әлеуметтік, медициналық, тарихи, әтикалық әкология деген тарауларының пайда болуы айқын көрсетеді. Біздің оқитын пәніміз қоғамның сыртқы ортамен өзара әрекеттесу проблемаларын зерттейтін әлеуметтік әкологияның биосферамен байланысты бөлігі ғана. Әлеуметтік әкология пәнін және оның қызметін дұрысырақ түсіну үшін түрліше әкологиялық системалардың құрылымы (структурасы) мен ішкі байланысын, сондай-ақ ұйымдасу деңгейлерін білген жөн. Енді соларды қысқаша ғана қарастырайық.

Әкологиялық системаларға әдетте барлық тірі системаларды, оларды қоршаған ортасымен бірге жеке популяциялардан бастап, бүкіл биосфераны жатқызады. Олардың барлығы айналадағы табиғи ортамен зат, әнергия мен информация алмасатын ашық система болып табылады. Әкология биосфераны біртұтас система ретінде зерттей отырып, оның құрылымы мен заңдылықтарын ашып береді, оның құрылысы мынадай тізбектен тұратынын атап көрсетеді: жеке организм – популяция – түр – биоценоз – биогеценоз – биосфера. Әкология үшін ең кіші бөлік белгілі бір түрге жататын, сол түрдің
ішінде өзара әрекеттесетін организмдер жиыны, ал түр біртұтас система ретінде сыртқы ортамен өзара әрекетте болады. Демек, тірі молекула, клетка және организм де сыртқы ортамен өзара әрекеттесу арқылы өмір сүргенмен, бірақ молекулалық деңгей де, клеткалық деңгей де, организмдік деңгей де әкологияда жеке-дара қарастырмайды. Тіпті жеке популяцияларды да таза күйінде қарастыру қиын, өйткені табиғи жаратылыста олар системалардың әлдеқайда кеңірек тобына бірігеді де сыртқы ортаның өлі факторларының өзара әрекеттеседі.

Популяциялық деңгейде биоценоз және биогеоценоз деп аталатын әкологиялық системаларға бірігетіні жоғарыда айтылған. Бұл системаларға тірі организмдер бірлестігі олардың өмір сүруінің тірі емес жағдайларымен, мысалы, топырақпен, микроклиматпен, сол жердің гидрологиясымен және т.б. тығыз бірлікте зерттеледі. Бұлардан да ірі әкологиялық система биом деп аталады – оның құрамына тірі системалар мен тірі емес факторлардың әлдеқацда кең териториясы, мысалы, Іле Алатауында өсетін қарағай ағаштары жатады. Ақыр соңында, Вернадскийдің ілімі бойынша, биосфера тірі және тірі емес организмдердің бір-біріне пәрменді әсер ететін біртұтас системасын қамтиды екен. Бұл биосфера тек Күн әнергиясы есебіне өмір сүріп дамиды, сондықтан ол әкосистема деп аталатын ашық система болвп табылады. Демек, биосфера дегеніміз Жердің сыртқы бетін, суды және ауаны, яғни Жердің, шамамен алғанда 10 км тереңдігін және Жердің үстіңгі 30 км биіктікті қамтитын тіршілік сфера екен.

Әкосистема сыртқы ортадан әнергия алып, оны өзгерту процесіне үңіліп қараса, немістің жаратылыс зерттеушісі Р. Майердің тірлік дегеніміз күн сәулесін өндіру деген сөзімен келіспеске болмайды. Шынында да, Күн сәулесінің әнергиясы фотосинтездеу процесінің нәтижесінде алғашында өсімдіктердің жасыл түсті органикалық қоспасына айналды, одан шөпқоректі жануарлардың азығына айналды, ал бұл соңғы жыртқыш аңдардың қорегіне және т.б. айналды. Бұл табиғи әкологиялық процесс.

Ал енді әнергияның қоғам дамуындағы рөлі мен маңызын талдап көрсек, әнергия көзін пайдалануы тұрғысынан әкосистемаларды төрт негізгі топқа бөлуге болады екен:



  1. Күн сәулесінің әнергиясынан түгелдей тәуелді табиғи системалар. Мұндай табиғат системалары Жер бетінде орасан үлкен территорияны алып жатыр. Мәселен, тек мұхиттар ғана Жер бетінің 70%-ын алып жатыр.

  2. Күннің күшімен қозғалатын, бірақ басқа да әнергия көздерінен күш алатын табиғи системалар. Ондайларға мұхиттар мен теңіздердің жағаға жақын жерлері, үлкен көлдер, тропикалық ормандар және т.б. жатады.

  3. Күннің күшімен қозғалатын және қазба отындардан (мұнайдан, көмірден, ағаштан, т.б.) күш алатын табиғи системалар.




  1. Негізінде қазба отындардан, көбінесе мұнай, газ, көмір әнергияларынан және сондай-ақ атом әнергиясын алу үшін радиоктивтік заттарды пайдаланатын қазіргі заманға индустриалық қалалар системасы. Бұл соңғы системалар елдің негізгі байлығын (түрліше өнеркәсіп товарларын және азық-түлік өндіру үшін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу т.б.) өндіреді. Өнеркәсіп орталықтарының Күн әнергиясынан тәуелдігі шамалы, өйткені әнергия күшін олар өнеркәсіптік өнімнен алады, ал азық-түлік ауыл шаруашылығынан алады.

Дамыған капиталистік елдерде өнеркәсіптің еселеп өсуі әнергияны барған сайын көп пайдаланып, сонымен бірге өндіріс қалдықтарының барған сайын көп шығуына алып келеді. Атмосферадағы ауаны ластау, су қоймаларының улануы, радиоактивтік қалдықтардың жинақталуы – мұның бәрі ірі индустриалдық орталықтардың өмір серігі десе де болады. Қазба отындардың барған сайын азайып бара жатқан қорын жартқыштықпен пайдалану, қайткенде де мол пайда табуға ұмтылу, сөйтіп сыртқы ортамен әкологиялық тепе-теңдікті бұзу – мұның бәрі адамзат қоғамының алдына аса шиеленіскен әкологиялық проблемаларды қойып отыр.
8.13.2 Табиғат – биосфера – адам системасындағы қайшылықтар

Адамның табиғаттан, табиғи тіршілік ортасынан тәуелділігі адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болып келеді. Бірақ ол тәуелділіктің сипалы әр кезеңдерде әртүрлі болды, диалектикалық қайшылықтар түрінде өзгеріп келеді. Адамзаттың табиғаттан тәуелділігі алғашқы қауым кезеңдерінде негізінен өндірістік еңбек құралдарының өте нашарлығынан болған болса, ал қоғам дамуы алға басқан сайын, өндіргіш күштер жетілген сайын жағдай өзгерген үстіне өзгере береді. Қоғамның өндіргіш күштері дамыған са йын табиғаттың апатты құбылыстарынан адамның сақтану мүмкіндігі арта түсті, яғни тәуелділігі әлсірей түсті. Киімін жетілдіру, жылытуға болатын баспана салу, жер сілкінісіне төтеп бере алатын құрылыстар салу және т.б. бәрі тек жемісті еңбек етіп, тұрмысты жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасады.

Бірақ сонымен қатар, өндірістік күштердің дамуының, ғылыми-техникалық прогресстің теріс нәтижесі де бар: темір өндірісін дамыта отырып, адам өзінің табиғат құбылыстарына «үстімдігін» арттырады да Жер шарындағы темір рудасының қорын біртіндеп азайтады, сөйтіп өзінің табиғаттан тәуелділігін күшейтеді. Мұнай мен көмірді ұзақ уақыт бойы өлшеусіз пайдалана отырып, ақыр соңында бұл әрекет ол кен байлықтарының тапшылығын тудыруы әбден мүмкін. Бұған мысал ретінде, мәселен, қазіргі мұнай-химия өндірісі бұл кен байлығынан 8 мың түрлі бұйымдар шығатынын айтса да болады (оны жаппай отын, жанармай ретінде пайдаланып жатқанды айтпай-ай қоялық).

Мыңдап келтіруге болтын мұндай мысалдар адамның біртіндеп табиғаттан тәуелділігін қайтадан арттырып келе жатқанын көрсетсе керек. Өнеркәсіп өндірісінің бүкіл дүние жүзінде қауырт өсуі, оның ішінде көп қалдықты технологияға негізделген өндірістің өсуі шегіне жете көбейгені сонша, бүгінгі таңда әкологиялық дағдарыс шегіне жетті, адамзаттың өмірі үшін қауіпті жағдай туды деуге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынаста орын алған осы қайшылықтар – қазіргі әкологиялық дағдарыс міне осында.

XVIII ғасырда адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынас жалпы алғанда үйлесімдік (тепе-теңдік) сипатта еді деуге болатын болса, ал ХІХ ғасырдаң аяғына қарай ол үйлесімдік бұзылды деуге болады. XІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап, әсіресе ХХ ғасырда, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуына байланысты, табиғатқа, биосфераға орны толмас зиян келтірді. Бұған дәлел ретінде мынадай мәліметтерді келтірсе де болады: соңғы 100 жыл ішінде адамзат әнергияның қорын мың есе арттырыпты. Дамыған елдерде товар өндірісі мен қызмет көрсету әрбір 15 жылда екі есе артады екен. Бірақ сонымен бірге атмосфераны, су қоймалары мен топырақты уландыратын шаруашылық жұмыс қалдықтарының көлемі де екі есе өседі екен. Қазіргі заманғы өндірістер табиғаттан алған 100 кг шикізаттың 3-4 кг ғана пайдаланып, 96 кг табиғатқа уландырғыш немесе ластаушы ретінде қарайды екен. Нәтижесінде биосфераның өзін-өзі тазарту қабілеті айтарлықтай төмендейді, өйткені адам табиғатқа тастайтын ластаушы заттардың бәрін сіңіріп тауыса алмайды. Осылардың нәтижесінде Жер шарының айналасында топтасқан көмірқышқыл газының қабаты жер бетінің климатын өзгертіп жіберу қаупін тудырады. Оттегінің тепе-теңдік балансының бұзылу қаупі, дыбыстан жылдам ұшақтардың ұщуы кезінде және сондай-ақ өндіріс пен тұрмыста фреон деп аталатын химиялық заттың қолданылуы салдарынан стратосфераның төменгі жағында озондық әкранның бұзылу қаупі бар. Дүние жүзі мұхиттарының ластануы күшейеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылы қоршаған сыртқы орта жөнінде болған бірінші конференциясында Жерде бүкіл биосфера дүниежүзілік дағдарысқа ұшырап отырғаны ресми түрде хабарланған еді, ал бүгінгі таңда жергілікті (локальді) емес, жүниежүзілік (глобальді) әкологиялық проблемалар барлық елдердің алдында тұр: өсімдіктер мен жануарлардың мыңдаған түрлері құрып бітті және құруда; ормандар алқабы айтарлықтай азаюда; пайдалы қазбаладардың бар қоры күрт азаюда; дүние жүзіндегі мұхиттар тірі организмдердің жойылуы салдарынан кедейлеп бара жатқаны былай тұрсын, табиғи процестерді реттеуші болудан да қалып барады; атмосфераның көптеген жерлерде шегіне жете ластанғаны сонша, таза ауа жетіспеуге айналды; жер бетінде адам өз қолымен енгізген химиялық әлементтер кездеспейтін бір де бір квадрат метр қалмады

Бұрын естімеген тағы бір проблема шықты – ол адам денсаулығының әкологиясы. Ауаның, судың және топырақтың ластануы адам аурауының өсуіне және түрлерінің өзгеруіне әкеп соқты: аллергия, сәуле және улану ауруларының жаңа түрлері шықты. Организмде генетикалық ауытқулар пайда болды. Ірі өнеркәсіп орталықтарында тыныс алу мүшелерінің ауруы көбейеді. Жүрек-қан тамыры аурулары мен жүйке – психикалық және онкологиялық аурулар да жиілеп кетті.

Аурулардың шамамен 85 % судан болады дейді дәрігерлер. Ауруларды тудыратын, ең алдымен, құрамында ауыр металдардың түрліше улы қоспалары бар және зиянды органикалық қоспалар мен бактериялар бар, сапасы төмен ауыз сулар. Суда неғұрлым тұздар көп болса, соқұрлым ол атеросклероз, инсульт, инфаркт деген және басқа ауруларды көп тудырады екен. Зерттеу мәліметтіре қарағанда, біздің ауыз суымыздың 80 %-ке жуығы адамның денсаулығы үшін қауіпті екен.

Адамның денсаулығы үшін ластанған топырақ та аса қауіпті екен. Топырақты ластайтын қалдықтардың ішінде өнеркәсіп пен шаруашылықтан шығатын уландырғыш ауыр металл қалдықтарын, радиоактивтік заттарды, гербицидтерді және басқа ауылшаруашылық уландырғыштардың қалдықтарын атап көрсету қажет. Қалдықтардан туатын әкологиялық проблемалардың зиянды нәтижесінің көлемін мынадан да көруге болады: бұрынғы совет елінде 90-жылдардың басына қарай жинақталған тек қатты қалдықтардың өзі ғана 80 млрд тонна болған екен. Бұл басқа елдердегіден 1,5-2 есе екен.

Радиация процесінің жоғарғы деңгейінің адам үшін, денсаулық үшін қаншалықты қауіпті екені елдің бәріне белгілі. Оның аса қауіптілігі радиациялық сауле алған адамның өз басының ауруында емес, ол аурудың болашақ ұрпақтарына берілуінде, онкологиялық ауруға тап болған балалардың тууында Ресейдің Чернобылге, Қазақстанның Семейге жақын обылыстарында және т.б. жерлерінде онкологиялық сәулеленудің зардабын көруші адамдар бүгінгі таңда да аз емес.

Қорыта айтқанда, адам өмірінің табиғаттан, табиғи тіршілік ортасынан тәуелділігін, ол тәуелділіктің барған сайын күшейе түсіп отырғанын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Алайда, ол мысалдар тек адам ғана табиғаттан тәуелді емес екенін, керісінше, табиғатта қоршаған сыртқы орта да адамнан, адамның іс-әрекетінен тікелей тәуелді екенін айқын көрсетеді. Және бұл тәуелділік тек бүгінгісін ғана ойлап, табиғат байлықтарын өлшеусіз пайдалана беруге ғана емес, сонымен бірге сыртқы ортаға келетін зиянды зардап адамның өзін, бүкіл адамзаттың болашақ тіршілігін қандай зор кауіпке тіреуінде, сайып келгенде, адамның ақыл-парасаты тірі жан ретінде құрып кету мүмкіндігіне тірелуінде болып отыр.
8.13.3 Әкологиялық проблемаларды шешу жолдары

Қазіргі заманға адамзат қоғамының алдында, топтастыра айтқанда, екі негізгі қауіп тұр. Оның бірі – адамның ақыл-ойы ойлап шығарған ядролық соғыс отында күйіп өлу, ал екіншісі – өз өміріне қажетті табиғи негізді жойып жіберу қауіпі. Бірінші қауіпті қазіргі күнде іс жүзінде дүниежүзі халықтарының бәрі дерлік мойындап отыр – ядролық соғысты жеңуші жақ болмайтынына олардың ешқайсысы таласа алмайды. Сондықтан да АҚШ-тың Иракқа қарсы ядролық соғыс ашуына көпшілік халықтар наразылық білдіруде.

Ал қауіптің екіншісіне келсек, оның қатерлігін көпшілік әлі онша ұғынбай жатқан сияқты. Сол себепті де көптеген адамдар өзінің табиғатпен праткикалық қарым-қатынасын көбінесе пайдакүнемділік тұрғыдан құрады – табиғат түрліше ұлттар, таптар, әлеуметтік топтар үшін мол пайда табу жолындағы бәсеке объектісіне айналып отыр. Мысалы, Каспий теңізінің мұнайын бес жағынан бес мемлекет талап жатыр, ал ол әрекет түбінде қандай зардапқа алып келетіні белгісіз. Іс жүзінде әкологиялық қатердің қауіптілігі сонша, оны болдырмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қарым-қатынасын үйлестіріп үшін бірлесе, бірлікте әрекет ету қажет. Бұл үшін ең алдымен табиғатқа пайдакүнемділік, технократикалық тұрғыда қараудан бас тартып, онымен үйлесімді қатынас жасауға, оны бағалауға көшу қажет.

Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті әкологизациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Олар: табиғатты, қорғайтын технологиялар мен өндірістерді қолдану, жаңа өндіріс жобаларын әкологиялық тұрғыдан міндетті әкпертициядан өткізу (сараптау), ал түбінде – табиғат үшін де, адам үшін де зиянсыз, жабық циклді қалдықсыз технологиялар жасап, азық-түлік өндірісіне қатаң бақылау орнату және т.б. шараларды іске асыру.

Оның үстіне, табиғат пен адам арасындағы алыс-беріс қарым-қатынасы әрдайым динамикалық теп-теңдікте ұстауға қамқорлық жасау керек, яғни адам табиғаттан алуды ғана біле, сондай-ақ оған беруді де білу қажет – орман отырғызу, балық уылдырығын өсіру, ұлттық парктер, табиғи қорықтарын ұйымдастыру сияқты шараларды іске асыру қажет.

Алайда, табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш-қуатын біріктіргенде ғана жоғарыда аталған және басқа шаралар тиісті нәтиже бере алады. Халықаралық күш-қуатты біріктіру бағытында алғашқы әрекет өткен ғасырдың басында жасалған болатын – 1913 жылы қарашада Швецияда табиғатты қорғау мәселелері жайында бірінші халықаралық кеңес болып, оған дүниенің ең ірі 18 мемлеттің өкілдері қатысқан еді. Қазір мемлекетаралық ынтымақтасудың формалары жаңа сапалық деңгейге көтерілді: қоршаған сыртқы ортын қорғау жөнінде халықаралық концепциялар жасалды, түрліше бірлескен зерттеулер мен программалар іске асырылады. «Гринпис» (жасыл) деп аталатын сыртқы ортаны қорғау

ұйымының жұмысы жандана түсті. «Жасыл крест және Жарты ай» деп аталатын әкологиялық интернационалдық ұйым қазіргі кезде Жер атмосферасында «ұзындық тесік» прблемалары шешу программасын жасауда. Алайда, дүниежізіндегі мемлекеттердің әлеуметтік – саяси даму деңгейінің алуан түрлілігі салдарынан әкологиялық саладағы халықаралық ынтымақтастық әлі де болса өз дәрежесінде бола алмай келеді.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сыйымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Бұл әсіресе адамзаттың өмірі үшін аса м аңызды әнергия қорын үнемдеуге қатысты. Халықаралық сарапшылардың есептеулеріне қарағанда, егер табиғат байлықтарын қазіргі заманға қарқынмен тұтына берсек, онда көмірдің қоры 450 жылға, табиға газыдң қоры 50 жылға, ал мұнайдың қоры 35 жылға ғана жетеді екен. Осыған байланысты дүниежізілік әнергия баланс (арақатынасын) ақылға сыймды деңгейде структуралық өзгеріске ұшырату керек, атап айтқанда, атом әнергиясын пайдалануды кеңейту және сондай-ақ табиғат үшін мүмкіндігінше зиянсыз әрі тиімді жаңа әенергия көздерін іздеу қажет.

Әкологиялық проблемаларды шешуды тағы бір аса маңызды бағыты бар, ол – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әкологиялық саясат пен практикадағы жауакершілігін арттырумен қатар тұрғвн мәселесіне іске асырудың міндеттерін келесі тақырыптан білесіз.

8.13.4 Тұрғын халықтың әкологиялық санасын қалыптастыру.

Халықтың әкологиялық санасын қалыпсатыру міндеті әкологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексі мәселелерінен тұрады. Олар – әкологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, әкологиялық әтиканы, әкологиялық психологияны және әкологиялық құқықты ананы қалыптастыру міндеттері.

Әкологиялық ғылыми сананы қалыптастыру ең алдымен қазіргі заманға ғылым жетістіктерінің негізінде адамдардың дүние жайлы ғылыми түсініктерін қалыптастыру деген сөз. Атап айтқанда, дүниені өзара әрекеттес, өзара байланысты біртұтас, дүние ретінде қарастыратын системалық әдісті, глобалды әволюциянизм принципн тәрбиелеу, сондай-ақ синергетикалық теорияны биосфера мен ноосфера теорияларын қалыптастыру қажет. Әкологиялық ғылыми сананы мемлекеттер мен түрлі елдердің әкологиялық саясаты мен ипрактикасын іске асырудың негізіне айналдыру қажет. Қысқасы, бұл айтылғандардың бәрі қалың халық бұқарасының жасампаздық іс-әрекетіне айналуы тиіс.

Халықтың әкологиялық санасын қалыптастыруда адамдардың әкологиялық әтикасын тәрбиелеудың маңызы зор. Оның негізгі бір принципін кезінде орыс жазушысы Л. Н. Толстой былай тұжырымдаған еді: «Өзіңе, басқа адамға істеуге болмайтын нәрсені хайуандарға да істеуге

болмайды» деген болатын ол. Бұл терең мазмұнды сөздерге: адамға, хайуанға істеуга болмайтын нәрсені табиғатқа да істеуге болмайды деген сөздерді қоссақ, оның әкологиялық мазмұны бұрынғыдан да тереңдей түспек.

Әкологиялық сананың тағы бір құрамдас бөлігі әкологиялық психологияны қалыптастыру деп саналады. Оның мәнін, қысқарта айтқанда, мынадай сөздермен тұжырымдауға болады: табиғатқа деген, бүкіл тірегі деген сүйіспеншілік адамның кіші інісіне деген сүйіспеншілік сезімінен кем емес мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Американдық неміс психологы – социологы Ә. Фромның терминологиясы қолдансақ, әклогиялық психологияның мәнін биофилия деген сөзбен білдіруге болады. Бұл сөзбен ол адам ба, өсімдік пе немесе әлеуметтік топ па, бәрі бір, барлық тірінің өсуі мен дамуын қолдауға талпыну әрекетін білдірді. Осыған сәйкес биофилиәтикасы, Фромның пікірніше, тіршілікке қызмет ететін іс-әркеттің бәрін игілік деп мойындауды талап етеді.

Ақыр соңында, әкологиялық санаға міндетті түрде әкологиялық-құқықтық санада жатқызған жөн, өйткені ол барлық адамзаттардың табиғатқа зияны келтіргені үшін заң жүзінде жауапты екенін, олай болса табиғатты қорғау заңдылығын мойындау тиіс екенін талап етеді. Мұны, әрине, заңды шаралар мен әрдайым дәлелдеп отыру қажет.


8.14. Ғылым – дүниетану процесінің нәтижесі


  1. Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы

ХХ ғ. – ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір «білім» деген ұғымды көбінше «ғылыми білім» деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз. Адам білімнің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, бірдеңеден алатын әтикалық әсері т.б. ғылыми білімге жатпайды.

Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипаты, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдердің ажыратушы ғылым деген не екенін оның мазмұны қандай екенін білу қажет.

Ғылым дегеніміз адамнан шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ол білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетке қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сүйтіп барған сайын шындық дүние заттары құбылыстарын өз мақсатын – мүддесіне сәйкес менңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күші ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы

-мәден -дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы жайлы киінірек арнайы әңгіме болады.

Сөйтіп,ғылым,жалпы алғанда дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық таным процесі болып табылады.Ол - теориялық білімдер жүйесі.Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.

Антик заманының мәдениеті,ғылым-білімі,қысқы тарихи мерзімінің ішінде тамаша математикалық теориялар,космологиялық модельдер жасап,физика,биалогия т.б болашақ ғылымдар үшін құнды идеялар тұжырымдады.Алайда,ең бастысы сол,нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті,оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері көрінеді.Олар мыналар:1)ғылыми білім жүйелі,сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады;2 )ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес,идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері;3 )ғылыми білімнің мазмұны оны танып білушіадамның мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективті ақиқат болуы тиіс;4) ғылыми қайталанушы құбылыстарды ғана емес,белгілі бір топқа ,класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңдылықтарды іздейді,т.т

Ғылыми танымның тек бұл әмпирикалық деңгиеменкейін келетін теориялық деңгиен айыра білу қажет.Бұлардың арасындағы айырмашылық ,ерекшелік зерттелуге тиісті нақты материалды жалпылаудың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты.Ғылымның мақсаты-заңдылықтарды ашу.Ал заң,заңдылық дегеніміз бұл құбылыстардың арасындағы жалпы,мәнді,қажетті,тұрақты,қайталанбалы байланыстар,яғни шындық дүниенің қайсыбір құбылыстар тобына,класына қатысты жалпылық.

Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстреакциялау жолымен анықталады,яғни олардың әрқайсысына тән жекеше,ерекше белгі,қасиеттерге назар аудармай,жалпы,ортақ белгі,қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады.Абстракция деген латын тіліндегісөзді қазақшаласақ «көңіл аудармау» дегенді білдіреді.Логика деген ғылымда қарастырылатын формалды – логикалық жалпылау әдісі осы абстракциялау әдісімен іштей байланысты.

Олай болса, танымның әмпирикалық және теориялық деңгелерін бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелік - заттар мен құбылыстардағы мәнді жалпылықты табу арқылы заңдылықты ашудың тек сыртқы ортақ белгілерді ғана анықтауға болады екен,ал ішкі мәнді белгілерді ашуға,дәлелдеуге танымның тек теориялық деңгейі ғана мүмкіндік береді.

2.Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері.

Ғылымның күрделі творчестволық іс деп саналуының бір себебі сол,онда тәжірибеден теорияға көшетін тікелей өткелі жоқ.Оның ғылыми жолы-салыстыру,абстракциялау,жалпылау,талдау,синдездеу,сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.

Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да өзара айырмашылықтары бар.Танымның тәжірибелік зерттеудің объектісі тікелей табиғат және қоғам құбылыстары мен заттары болса,ал теория идеяландырылған объектілерімен жұмыс істейді.

Әмпириктік деңгейде қолданылатын негізгі әдістер:бақылау, баяндау, сипаттау,өлшеу,әксперимент т.б Ал теория болса,аксиомалық әдісті,системалық,құрылымдық функционалдық талдау,математикалық моделін жасау әдістерін т.б пайдалануға тырысады.

Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол,онда жаңа білімді қорытыпшығарудың әдіс-тәсілдері,яғни ғылыми әді шешуші роль атқарады.Ғылыми білімнің даму тарихы бұл пікірді толық растайды.XVII ғасырда,яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде,ағылшын ғылымы ф.Бәконмен француз ғалымы Р.Декарт ғылымы дамытудың бір-бірімен қарама-қарсы екі методологиялық программасын:әмпириктік,(индукциялық) және (дедукциялық )әдістерін тұжырымдады.

Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи роль атқарады.Біріншіден олар толып жатқан нақты ғылыми зерттеулердің іске асуында көмектеседі, екіншіден, ғылыми танымның құрылысын дұрыс анықтауға жол ашты.Ғылыми факторлерді жинап бертін индукциясыз дедукцилық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер еді.Сондықтан қазіргі заманға ғылыми танымда бұл екі әдіс өзара бірін-бірі отырып,диалектикалық бірлікте қолданылады.



  1. Танымның ғылымилығының критерийі.

Теория шындық дүниенің белгілі бір саласындағы заттар мен құбылыстардың арасындағы мәні байланыстар мен қатынастары жайлы біртұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы. Ол теория ғылыми болуы үшін ақиқат болу тиіс, алайда, ақиқат білімнің бәрі бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті тұрымыстық білімдер ақиқаты білдіргенімен бірақ теориялық білімге жатпайды.

Білімнің ғылымилығының көрсететін критерийі (өлшеуіш) не? – деген сұраққа ең алдымен – практика деп жауап беруіміз керек, өйткені, таным процесінің негізі, мақсаты – практикалық қызмет. Ғылыми білім ең алдымен практикалық қызметке, материалдық игілікті өндіру ісіне қызмет етеді, олай

болса, ғылыми білімнің ақиқаттығының, оның ғылымилығының бірінші ақиқаттылығының, оның ғылымилығының біріші өлшеуіші, критерийі практика болып табылады,

Ғылым тарихында жалған ғылыми идеяларды нағыз ғылымнан айыра







Сипаты немен түсіндіреді?







13

Қазіргі биологияның (тірілердің) негізгі сипаттамалары.

Популяциялар дегеніміз не?

Конспект

14

Биосфера және ноосфера ұғымдары.

Қазақстандағы қандай әкологиялық проблемаларды білесіз?

Схема

15

Әкологиялық проблемаларды шешу жолдары.

Тұрғын халықтың әкологиялық санасын қалыптастыру жолдары.

Рубежный контроль

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет