ПОӘК 042-18-16 14/03-2014 №1 басылым 18. 09. 2013 ж орнына №2 басылым



бет1/5
Дата07.11.2017
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-16.1.14/03-2014


№1 басылым 18.09.2013 ж. орнына № 2 басылым

беттің -шісі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.14/02-2014



«Дифференциалды психология» пәні бойынша

оқу-әдістемелік материалдар



18.09.2013ж. басылым №1 орнына 11.09.2014ж. басылым № 2


ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Дифференциалды психология»

«5В050300» – «Психология»мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2014




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (проект)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ





Термин атауы

Термин мазмұны



Дифференциалды психология

Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психологияның саласы



Гальтон Френсис

Ағылшын психолог, дифференциалды психологияның негізін қалаушысы



Егіздер әдісі

Психогенетикада қолданылатын зерттеу әдісі. Генетикалық және қоршаған ортаның әсерін анықтайтын әдіс.



Зигота

Ұрықтану кезінде пайда болатын адам болмысының ең алғашқы клеткасы.



Тұқым қуалаушылық

Генетикалық аппаратта қалыптасқан бұрынғы ұрпақтардың эволюциялық тәжирібе.



Генотип

Нақты индивид немесе адамдар тобының гендер жиынтығы.



Мейоз

Жыныстық клеткалардың жасалу кезінде пайда болатын және үлкен санды түрлі хромосомалық комбинацияларға әкелетін редукциялық бөліну процесі.



Митоз

Қарапайым клеткалық бөліну процесі.



Мутация

ДНК құрылымы немесе санының өзгеруі, соңынан генетикалық кодтың бұзылуы.



Гендерлік рөл

Ер немесе әйел адамның әлеуметтік/жыныстық әрекеттің үлгілерінің жиынтығы



Қоршаған орта

Индивидтке ұрықтанудан бастап өлгенге дейінгі әсер етуші құбылыстардың жиынтығы.



Психопатия

Адамның тұлғалық қасиеттерінің адекватсыз (сәйкес емес) дамуы



Индивидуалдылық

Бір адамға сай келетін психологиялық қасиеттерінің уникалды жиынтығы



Интеллект коэффициенті

Индивидтың хронологиялық жасы мен оның ой өрісіне байланысты жасының қатынасын білдіретін коэффициент



Кречмер Эрнст

Адамның психологиясы оның дене құрылымына байланысты теорияны ұсынған неміс психолог, психиатр



Шелдон Уильям

Соматикалық белгілерге байланысты темперамент типтер типологиясын құрастырған американдық психолог, дәрігер



Қабілет

Белгілі бір іс әрекетке немесе табысты оқу процесске индивидуалды мүмкіндіктер



Жалпы дарындылық

Арнайы қабілеттердің дамуының интегралды деңгейі



Штерн Вильям Луис

дифференциалды психология терминды психологияға енгізген неміс психологы



Интеллект тесттер

Вербалды, санды және графика материалдарымен әрекетті меңгеру деңгейін зерттейтін психодиагностика әдістері



Тестілеу

Белгілі бір шкала бойынша алынған стандарттық сұрақтар және міндеттерді пайдаланған психодиагностика әдісі



Мәдени айырмашылықтар

Адамның белгілі мәдени топта өсіп, оның бағыттаулары мен дәстүрлерін қабылдаудың негізінде қалыптасқан психологиялық ерекшеліктерінде айқындалатын айырмашылықтар.


2 ДӘРІСТЕР
1-тақырып. Дифференциалды психология ғылым ретінде.

Жоспар:

  1. Дифференциалды психологияның қалыптасуы.

  2. Бұрынғы теориялардағы даралық айырмашылықтар.

  3. Эксперименталды психологияның пайда болуы.

Адамдардың индивидуалдылыққа байланысты ерекшеліктері бірінше рет ежелгі психологиялық теорияларда көрінді. Оның ішінде Платонның, Аристотелдің еңбектерінде адамдардың қабілеттерінің айырмашылықтары бар екені дәлелденді.

Он сегізінші он тоғызыншы ғасырларда Руссо, Песталоцци, Гербарт Фребель өзінің педагогикалық теорияларында баланың қабілетіне қарай білім жүйесін өзгерту қажеттілігін бекітті, сонымен индивидуалды айырмашылықтардың маңызын білдірді.

Сол кездегі дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес қосқандар В.Вундт, Крепелин (эксперимент бағытын индивидуалды ерекшеліктерді зерттеуге ауыстырды), Бине, Шарко (үлкен сандарды есте сақтаудың эксперимент зерттеулерін өткізді), У. Штерн (тұлғаның жеке жақтарын зерттеуге салды).

Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психологияның саласы. Латын сөзінен differentia - айырмашылық, және грек сөзінен psyche - жан + logos – білім пайда болған термин.

«Дифференциалды психология» терминды В.Штерн 1900 жылы ұсынған.

Дифференциалды психология адамдардың қабілетінің, интеллект деңгейін, мінез құлықтың, іс әрекетінің психикалық құрылымының индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін ғылым.

Зерттеу объектісі ретінде бір индивид немесе әртүрлі әлеуметтік, этностық, жастық топтар болуы мүмкін. Көбінесе зерттеуге тұлғалық және ойға байланысты индивидтың ерекшеліктері түседі.

Дифференциалды психологияның теоретикалық және практикалық міндеттері:



  1. Дифференциалды психология пәніне байланысты мәселелерді, басқа да ғылымдармен байланысын тереңдете зерттеу;

  2. Дифференциалды психофизиологияға байланысты мәселерді қарастыру;

  3. Жаңа әлеуметтік – психологиялық құбылыстарда пайда болатын және ерекше көрінетін адамның индивидуалды ерекшеліктерді зерттеу (этникалық, экономикалық, класстық, саяси, идеологиялық және т.б.);

  4. дифференциалды психологияның қолданбалы психологиямен байланыстарын қарастыру.

Дифференциалды психология эксперименталды психологияның дамуының нәтижесінде пайда болды. Бірақ екеуінің зерттеу жолдары бөлек. Эксперименталды психология тітіргендіргіш әсері зерттеленсе, дифференциалды психологияда әсер ететін тітіргендіргішті өзгешелігі бар индивид қалай қабылдайтыны екені зерттелінеді. Бұл кезде стимулді өзгертпей, зерттеуші индивидтерді ауыстырып олардың айырмашылықтарын зерттейді.

Дифференциалды психология психологияның басқа салаларымен тығыз байланысты. Оның ішінде жалпы, эксперименттік психология, психодиагностика, педагогикалық психология, шығармашылық психологиясы және т.б.



Негізгі ұғымдар: Дифференциалды психологиянфң пәні, міндеті, индивид, индивидуалдылық, индивидуалды айырмашылық, айырмашылық,қабілет, интеллект деңгейі, мінез,

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Платонның, Аристотелдің еңбектерінде дифференциалдық психологияға байланысты зерттеулері туралы айтып беріңіз?

  2. «Дифференциалды психология» терминін ғылымға қашан және кім енгізген?

  3. Дифференциалды психологияның қалыптасуының алғышарттары қандай?

  4. Ерте теориялардағы даралық айырмашылықтар немен сипатталады?

  5. Эксперименталды психологияның пайда болуының дифференциалды психологияға әсері қандай болды?

  6. Дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес қосқандар ғалымдарды атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.

3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. СПб., 2001.



  1. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  2. Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.



2-тақырып. Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері

Жоспар:

  1. Жаратылыстану ғылымы мәліметтерінің дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.

  2. Статистикалық әдістің дамуы.

  3. Тестілеу және оның дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.

Дифференциалды психологияның зерттеу әдістеріне бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу жатады. Жалпы айтқанда индивидуалдылықты зерттеудегі әдістер объективті және субъективті түрге бөлінеді.

Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне статистикалық талдау жатады.

Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін статистикалық әдістің техникасын еңгізді. Және көп зерттеулерді өткізу үстінде эксперимент жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін, есту түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.

1882 жылы Ф.Гальтон Лондон қаласында бірінші антропометрлік лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың ойынша (бірнеше концепциялар бойынша) дене қасиеттері жан қасиеттеріне қарама қарсы қойылған. Лабораторияда өткізілген Гальтонның зерттеулері бұл теорияларды жоққа шығарды. Антропометрикалық лабораторияда ол сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі тестерін жасақтады. Сенсорлық мүмкіндіктерді өлшеудің негізінде, ол ол адамның жеке қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты.

Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді.

Оның бірі корреляция мәселесі. Гальтоннан кейін оның шәкірті Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.

Корреляциялық талдау - латынның “сәйкестендіру” мағынасын білдіретін, зерттелінуші белгілер мен факторлардың тығыз байланыстары мен белгілерін бағалаудың статистикалық әдісі.

Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.

Кетленің ойынша алынған нәтижелерді түсіндіру үшін статистикалық заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға болады. Оның негізінде адам табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда адамдар ықтималдыққа сәйкес одан ауысып кетеді.

Егер орта баға тұрақты болса, онда статистикалық заңдар негізінде әртүрлі жағдайларды алдын ала болжауға мүмкін болады.

1869 жылы Френсис Гальтонның «Дарынның тұқым қуалаушылығы» («Наследственность таланта») атты кітабі шықты.

Бұл кітапта Ф.Гальтон бірнеше биографиялық фактілердің статистикалық талдауын жасады. Және қабілеттерді анықтау үшін Кетле заңдарын қолданып тұқым қуалаушылық фактордың маңызын бекітті. Сонымен Ф.Гальтон алғашқы рет психикалық қабілеттердің дамуының генетикалық негіздері мәселесін ұсынды.

Гальтонның ойынша адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізінде генетикалық аспект жатыр. Ол психологияда егіздер әдісін ұсынған. Бүл әдістің қолдануының мақсаты генетикалық және сыртқы әсерлердің арақатынасын анықтау болған.

Он тоғызыншы ғасырдың басында дифференциалды психологияның дамуы генетика ғылым саласымен байланысты. 1900 жылы Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдардың дамуы тұқым қуалаушылық механизмдерін анықтауға арналған эксперименталды жұмыстарды қайта жаңғартты.

Осылайша, биографиялық, сұрақтама, эксперимент нәтижелері тұқым қуалаушылықтың психикалық қасиеттерге, ой қабілеттеріне әсер ететіндігін көрсетті.

Статистикамен бірге дифференциалды психологияның әдістеріне психологиялық тестілеу жатады. Френсис Гальтонның алғашқы тестілері жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан.

Ал психологиялық тестілеудің дамуының келесі кезеңі Джеймс Маккин Кэттеллдың атымен байланысты. Бұл американдық ғалым өз жұмыстарында эксперименталды психологияны және адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психология саласын біріктірді.

1890 жылы Кэттелл өз мақаласында «интеллектуалды тест» ұғымын ұсынды. Бұл тесттер колледж студенттердің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналатын. Кеттелл ойынша интеллектуалды функцияларды өлшеу үшін адамның сенсорлық қасиеттерін (бұлшық ет күшін, салмағын, жылжу жылдамдығын, ауруға сезгіштігін, көру және есту өткірлігін, реакция уақытын) тестілеу керек.

Кэттеллден кейін европалық психологтар (Германияда Орн, Креппелин және Эббингауз, Италияда Гуччарди және Феррари) осындай тестелерді құрастырып жинады. Бірақ Бине және Генри 1895 жылы Францияда шыққан мақаласында тестілерде интеллектуалды деңгейді анықтау үшін сенсорлық қасиеттерге көп көңіл аударудың қажеті жоқ деген. Өз көзқарасын дәлелдеу үшін олар жаңа тестілерді ұсынды. Бұл тесттер ес, қиял, зейін қасиеттерін өлшеуге бағытталған болған.

Негізгі ұғымдар:бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу,

объективті және субъективті зерттеу әдістері, статистикалық талдау, антропометрлік лаборатория, сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестер, интеллектуалды тест, дарындылық, Кетле заңы, тұқым қуалаушылық факторы



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері?

  2. Объективті және субъективті зерттеу әдістерін талдаңыз?

  3. Статистикалық зерттеу әдісін кім енгізді?

  4. Гальтонның шәкірті Карл Пирсон қандай әдісті енгізді?

  5. 1869 жылы Френсис Гальтонның жарық көрген еңбегін атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.

3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. СПб., 2001.



  1. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  2. Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.


3-4 тақырып. Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы

Жоспар:

  1. Тұқым қуалаушылық табиғаты.

  2. Қоршаған орта сипаты.

  3. Тұқым қуалаушылық және қоршаған ортаның өзара әрекеттестігі.

  4. Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта байланысы туралы көп тараған қателіктер.

Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізін олардың тұқым қуалаушылығы және қоршаған орта қалайды. Біріншіден тұқым қуалаушылық табиғатын анықтайық.

Адам өзінің индивидуалды тұқым қуалаушылығын ата анасынан ұрықтану кезінде қабылдайтын ерекше ген комбинациясы (жүйесі) анықтайды. Осы гендер комбинациясы арқылы тұқым қуалаушылық факторы адамға белгілі бір деңгейде әсер етеді.

Индивидуалды айырмашылықтардың негізінде мүмкін болатын гендер комбинациялардың шексіз әртүрлілігі жатыр.

Біріншіден, адамның ең қарапайым қасиеттері гендердің үлкен санның әсеріне тәуелді.

Екіншіден, ата аналық клеткалар да әртүрлі гендер комбинацияларынан турады.

Үшіншіден, екі организм клеткалары жаңа бір организм пайда болу үшін біріккенде гендер комбинациялары бірнеше есе көбейеді.

Сондықтан, бір ата ананың екі баласы, мысалы ағалы қарындастар, тең тұқым қуалаушылыққа ие бола алмайды. Бұны бір мезгілде туылған түрліжұмыртқалы егіздерден байқауға болады, өйткені олар түрлі жұмыртқа клеткаларынан дамиды, сәйкес екі түрлі гендер комбинациясы жүзеге асырылды. Олар әдеттегідей ағалы қарындастар сияқты тек қана бір біріне ұқсайды. Ал біржұмыртқалы егіздер бір немесе бүтін ұрықтанған жұмыртқаклеткаларынан пайда болады және бұл егіздердің гендер жинақтары бірдей. Сондықтан, олар тұқым қуалаушылық фактор бойынша бір біріннің көшірмесі болып шығады.

Мысалы индивидтің жыныстық ерекшелігі жыныстық қос хромосомалармен анықталады, олар Х-хромосома және Ү-хромосома деп белгіленеді. Егер бала атан-анасының әрқайсысынан Х-хромосома алатын болса, ол әйел жынысына ие болады, яғни еркектік белгілерге үстемдік етіледі. Ал, егер Х және Ү хромосомалаларды қатар алатын болса баланың жынысы ер болмақ. Негізінен Ү-хромосома салыстырмалы түрде аз келеді, оның құрамында гендер саны аз. Генетика ғылымы әрбір индивидте екі жынысқа қажетті гендер болатындығын айтады және Екі Х-хромосоманың бірігуі әйелдік белгінің басымдылығына ал бір ғана Х-хромосоманың болуы еркектік белгінің басымдылығына әкеледі.

Хромосомалалардағы нақты гендер индивидтің белгілі қасиеттеріне жауап береді және олар басқа гендермен араласу кезінде сан жағынан қайсысы басымдылық көрсететін болса, нақты (СОЛ) қасиеттің КӨРІНУІ НЕМЕСЕ КӨРІНБЕУІНЕ әкеледі. Әрбір белгі индивидке тұқым қуалау арқылы берілетін барлық гендердің өзара араласу нәтижесі болмақ.

«Коршаған орта» ұғымын текқана географиялық мағынада түсінуге болмайды. Психологиялық қоршаған орта адамның өмір бойындағы барлық сыртқы әсерлерінен турады. Және де қоршаған ортаны сыртқы әсерлер деп түсіну де дұрыс емес, өйткені ғылыми жолмен клетканың да ішінде, клеткалар арасында да бір орта бар екені дәлелденген. Мысалы бір жанұяда тәрбиеленген ағасы мен інісінің “қоршаған” ортасы олардың бір-біріне әсер ету есебінен әртүрлі.

Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы айтсақ, екі фактор да адам қасиеттерінің дамуына, оның әрекетіне бірдей әсер етеді. Бірлескен үлес теория бойынша да адамның дамуы тұқым қуалаушылыққа және қоршаған ортаға да тәуелді. Ал адамның әрекеттік қасиеттері олардың бірлескен әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады.

Ғылымда тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы ең кең тараған көзқарас ол өзара әрекеттестік теориясы. Бұл теория бойынша тұқым қуалаушылық және қоршаған орта факторлары бір біріне қосымша факторлар ретінде қарастырылмайды. Екеуіде бір біріне тәуелді. Мысалы, қоршаған ортаның кез келген факторы тұқымға байланысты әртүрлі әсер етеді. Соған қарай, кез келген тұқымдық фактор қоршаған ортаның жағдайына қарай әртүрлі жақтан өзін көрсету мүмкін.

Адамның «Ноmо sаріеns» биологиялық түріне жататындығын «индивид» ұғымы білдіреді. Ол биологиялық түрдің генетикалық ес деңгейінде және адамның дене құрылымында (дене конституциясында) бекітілген. Бұл деңгей конституционалды деңгей деп аталады. Мысалы, осы деңгейде біз жыныстық айырмашылықтарды анықтай аламыз. «Ноmо sаріеns» биологиялық түріне жататын әйел және ер адамдардың конституциялық айырмашылықтары дене салмағында, бойында, дененің әртүрлі бөлімінде көрініс алады.

Әр индивид тұған кезінен сыртқы тітіргендіргіштердің ықпалын сезеді. Осы тітіргендіргіштер сенсорлық жүйе деңгейінде адамның индивидуалды сезімталдыққа әсер етеді. Сезімталдық индвидтың психикасын негізін құрайды. Сондықтан, индивидуалды айырмашылықтардың психикалық деңгей туралы айтуға болады.

Сыртқы тітіргендіргіштің кез келген әрекетіне адамда сәйкес келетін реакция пайда болады. Көбінесе бұл реакция адамның қозғалысында (моторикасында) көрініс көреді. Әр реакцияда латентты кезең болады. Сондықтан әртүрлі индивидтердің сенсомоторлық байланыстарында айырмашылықтарды сүреттеу үшін «реактивтік» ұғымы алынады. Сонымен, сезімталдық және реактивтік жеке индивид психикасының құрылымында саналық және сапалық айырмашылықтарды, динамикалық ерекшеліктерді білдіреді.

Индивид психикасында өмірдің белгілі бір кезеңінде сапалы жаңа бір деңгей пайда болады. Ол сана. Санасы бар индивид тұлға ретінде бола алады. Сондықтан, жалпы және дифференциалды психология салаларында істейтін зерттеушілер субъект психикасының индивиддік және тұлғалық айырмашылықтарды зерттеуге қызығады. Егер сезімталдық және реактивтік адам табиғатымен себептелсе, индивидтың санасы оның әлеуметтік ортамен әрекеттесудің нәтижесінде туындайды. Тұлғаның айырмашылығы оның санасында, қоршаған орта және өзі туралы білімінде.

Индивидтық және тұлғалық қасиеттер бірігіп индивидуалдылықты құрайды. Адам индивидуалдылығы қайталанбас ерекше бір қасиет.

Адам психикасының деңгейлері бір бірімен байланысып, бір біріне әсер етеді. Сондықтан дифференциалды психология үшін индивид психикасындағы биологиялық және әлеуметтік жақтардың рөлі өте маңызды. С.Л.Рубинштейн және Б.М.Теплов ғалымдардың ойынша индивид психикасында тұқым қуалаушылық фактордың, туғаннан және осы өмірде пайда болған факторлардың әсері зерттеліну керек. С.Л. Рубинштейн бойынша осы өмірде пайда болған қасиеттер сыртқы әсерлер адамның ішкі дүниесіне сіңу арқылы пайда болады. Ал Б.М. Теплов бойынша ішкі қасиеттер генетикалық механизмдерімен себептелмейді. Оған әсер ететін туа жаралған қасиеттер.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет