ПОӘК 042-14 05 20. 52/03-2009 №2 басылым 30. 09. 2009


Организмге берілуіне байланысты



жүктеу 1.32 Mb.
бет3/7
Дата17.07.2017
өлшемі1.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.

Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.

І дәреже-транспорттық діріл, ІІ дәреже-технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже-технологиялық діріл.



Дірілдің адам организміне әсері.

Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада). Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т.с.с.).

Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.

Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц).



3. Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:

1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.

а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.

б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.

с)машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.



2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.

а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.

б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау).

3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.

4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т.с.с.).

-6. Электр қауіпсіздігі негіздері


Негізгі қаралатын сұрақтар:

  1. Электр тоғының адам және иал организмне әсері.

  2. Электр тоғының қауіптілігі мен зиянды әсерлерінің себептері.

  3. Электр тоғынан қорғаудың техникалық құралдары және ұйымдастыру жолдары.

  4. Электр тоғымен жарақаттанған адмға көмек көрсету жолдары.




  1. Қазіргі кезде электр тоғы өмірде, шаруашылықта жиі пайдаланылады, оның көмегімен нелер ауыр деген жұмыстар жеңілдейді, өндірс мәдениеті жоғарылайды. Ауыл шаруашылығында электр тоғының айнымалы /≈/ түрі қолданылады, ол төрт сым арқылы беріледі, жиілігі 50-Гц, кернеулігі 300 В.

Электр тоғының қауіптілігі сонда, өйткені оны көзбен көрмейміз Сонымен, электр тоғының адам организміне қандай әсері бар десек, олар: жылулық (термикалық); химиялық; биологиялық; механикалық.

Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады:

1.Электрожарақат дегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.

2.Электр соққы дегеніміз тірі ткандардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс.

Электр соққының әсерінен организм ткандары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:

1.Бұлшық еттердің тітіркенуі /тартылуы/ адам есінен танбайды.

2.Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.

3.Жарақаттануша есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесібұзылады.

4.Клиникалық өлім.

Электрошок дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі.
2.Электр тоғының зақымдаушы әсерлері /факторлары/:

1.Электр тоғының түріне байланысты, олар:=,≈

2.Электртоғының жиілігіне, Гц /f/ бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 1000 Гц.

3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.

4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.

5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.

6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.

Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.

7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.

8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін.


Тоқ көзінің қауптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары үшке бөлінеді:

1.Қауптілігі жоғары емес құрылыстар - іші құрғақ және диэлектрикалық едені бар құрылыстар /қосалқы бөлмелер, инкубаторлар т.б./, қол шамы, 36В.

2.Қауіптілігі жоғары құрылыстар – едені кірпіш, бетон, ағаш болады да, бір қауіпті өндіріс факторы болады, ол ылғалдылық 75 процент, 24В.

3.Қауптілігі өте жоғары құрылыстар – екі өндіріс қаупі бар құрылыстар – жоғары ылғалдылық және зиянды заттар, қол шамы 12В.

ГОСТ бойынша «электр қондырғыларының құрылысы» «ПУЭ» және «ЭВЛ электр қондырғыларын пайдалану тәртібі» ПТЗ т.б. құжаттар бойынша жүргізіледі.

Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың мынадай техникалық түрлері бар:

1.Қос бейтараптандыру дегеніміз бір тоқ қабылдағыштағы екі оңашаландырылған бейтарап қондырғы, олардың біреуі-жұмысшы, екіншісі-қосымша болады. Оладың паспортында белгі болады. Бұндай белгі трансформаторларда кезігеді.

2.Потециалды теңестіру дегеніміз жанасу және қадам аралық кернеулікті азайту әдісі.

3.Қорғау айыркы – тез іске қосылатын автоматтандырылған тоқ көзін айырғыш.

4.Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.

5.Тоқ көзіне қол жетпестігін қамтамасыз ету арқылы.

6.Жермен тұйықтандыру - әдейі істелген қорғағышты жермен тұйықтандыру арқылы.

Жермен тұйықтандыру жанасу мен қадам аралық кернеулікті төмендетеді.

7.Нөлдік сыммен тұйықтандыру.

Бұлардан басқа диэлектрленген құрал саймандарды, киімдерді пайдалану арқылы қауіпті төмендетуге болады.

IV.Эл. тоғынан жарақат алған адамға көмек көрсетуші өзі тоқ көзіне түсіп қалмау жағын ойластырғаны абзал. Ол үшін жарақаттанған адамға көмектесудің мынадай түрлері бар:

Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату -ол үшін тоқ өткізбейтін, құрғақ заттарды пайдаланған жөн. Жәбірденген адамды киімнен ұстап тоқ көзінен босатады.

Тоқ көзінен босатқаннан кейін алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру керек

Д –7 Қауіпсіздік техникасының негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:

1. Өндіріс құрал-жабдықтарына және өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары.

2.Жалпызауыттық құрылғыларды пайдаланудың қауіпсіздік шаралары.

3.Технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарттары.

4.Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.
Қандай да болмасын өндіріс ортасының еңбеккерге әсер ететін зиянды және қауіпті факторлары болатынын жоғарыда атап өттік.

Яғни, еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – жұмысшыға (қызметкерге) қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты. Осындай еңбек шартын ұйымдастыру үшін белгілі бір ережелерді сақтап, нақты шараларды іске асыру қажет екен.



Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қаціпті факторлар әсерін болдырмау (жұмысшыларды қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық процесті дұрыс ұйымдастыру, оны жетілдіру, автоматтандыру т.с.с.)

1.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.

  2. Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.

  3. Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.

  4. Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.

  5. Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.

    1. Арнайы талап

а) Тамақ шикізатымен жанасатын құрал-жабдықтардың бөлшектеріне антикоррозиялық қасиет беріліп шикізатқа зиянды әсері болмауы қажет (иіс, дәм).

б) Жасалған материалдары сілті, қышқыл, тұздардың әсеріне төзімді, жоғарғы немесе төменгі температурадан қасиетін өзгертпейтін, жүйенің тұйықтылығын сақтайтын, жұмыстан соң беттері тамақ қалдықтарынан, кірден оңай тазаратындай болуы қажет.

в) Құрал-жабдық шаң-тозаң, зиянды газдарды ұстау құрылғысымен жабдықталып, міндетті түрде санитарлық-техникалық шарттарға сай болуы қажет (шу, діріл, өрт қаупі, т.с.с.).
Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары (бұл талаптар техникалық құжаттарда көрсетіледі):


  • Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан адамдар жіберіледі.

  • Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитарлық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)

  • Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыптылықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтандыру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, ж/б қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.

  • Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.

  • Технология бойынша бір-бірімен жалғасқан екі цех (бөлімше) арасында екі жақты ақпарат алмасу немесе хабар беру жүйелері болуы қажет.

II. Жалпы өндірістік құрылғыларға негізгі өндірісті жүргізуге қажетті қосымша өндіріс бөлімшелері жатады.

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға химиялық, жылулық процестерді атқаруға арналған, газдар мен сұйықтарды сақтауға, тасуға арналған тұйық ыдыстар жатады. Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар – қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін құрылғыларға жатады. Сондықтан олардың жұмысын мемлекеттік тау-кен техникалық бақылау органы қадағалайды.

Қадағалауға қысымы 0,07 МПа (0,7 кг /см2) асатын ыдыстар жатады. Оларды дайындаған мекемелер әр ыдысқа техникалық паспорт береді. Онда жасалған жері (завод), жасалған уақыты, жұмысшы және бақылау қысымы, ыдыс қабырғасының температурасының щегі көрсетіледі. Дайын болған ыдысты сынақтап, тексеру қысымы (1,25-1,5 Па).

Әр ыдыс арнайы жапқыш арматурамен (вентиль, кран) қысым және температураны көрсететін аспаппен, сақтандырғыш құрылғысымен және сұйықтық деңгейін көрсететін тетікепен жабдықталады.

Ыдыстарды техникалық байқаудан өткізу алғашқы (жұмысқа қосар кезде) қайталама (жарты жылда бір) немесе мерзімнен тыс болып үшке бөлінеді Бұл байқаулар кезінде – ыдысқа жасалған құжаттарды тексереді.



  • Ішкі жағын көзбен қарап шығады және сұйық қысымымен тексереді. Тексеру нәтижесін ыдыстың паспртына және есеп беру кітабіне жазады.

Қауіпсіздік ережесі бойынша ыдыстағы қысылған газына, сұйық түріне байланысты ыдыстар белгілі сырмен сырланып, ыдыс сртынада сұйық не газ екені белгілі боямен жазылып тұруы керек.

Қазандықтарды бақылайтын мемелекеттік органды – сала аралық тау-кен техникалық инспекция дейді. Әр кәсіп орын қазандықтардың жұмысын, техникалық жағдайын жылына бір тексеріп, бақылау органдарына тіркеттіріп отырулары қажет.

Қазандықтарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік тексеруден өткен, құжаттары бар мамандар жіберіледі. Қазандықты төтенше жағдайда тоқтату әдісі



  • отын және ауа беруді тоқтату; тарту (тағу) азайту

  • от жанатын жерден ыстық шоқты тез алу

  • шоқ алынған соң түтін жүретін жолдарды ашу (заслонка клеш есігін)

  • қазандықты негізгі бу, жылу жүйесінен ажырату.


Аммиакты (суыту) тоңазытқыш қондырғылар.

Аммиак өте күшті улы зат. Ол көзге, дем алу органдарына, жүрек бұлшық еттеріне және тамақ, мұрынның жұқа сілекей қабықтарына әсер етеді. Сұйық аммиак теріні күйдіреді.

Сондықтан, машиналар бөліміне немесе тоңазытқыш камераларға ерекше талаптар қойылады. Бөлмелердің есік, терезелері үлкен және сыртқа ашылатын болулары қажет. Құбырлар көк, сары, қызыл, сұр түрге боялуы керек. Бөлмелердің желдету жүйелеріне де қосымша талаптар қойылады.

Тоңазытқыш қондырғыларда жұмыс істейтін адамдар жылына бір рет қауіпсіздік ережелерінен емтихан тапсырып отырады. Жұмыс орындарында жұмыс режимі жазылып отыратын кітап әрбір екі сағатта бір толтырылып отырылуы қажет. Машина бөлімінде противогаз, резина қолғап және аптечка болуы керек. Компрессордағы сақтық клапандарын жылына бір рет, аппараттағыларын 6 айда бір, манометрлерді 6 айда бір рет тексереді. Аммиак ыдыстарын тексеру, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тексерумен бірдей.

Ауа компрессоры қондырғыларын бақылау - өлшеу аспаптарымен, серіппелі сақтық клапандарымен, автоматты қысым реттегішпен жабдықтайды. Сонымен қатар суытқыштағы су азайған кезде компрессорды тоқтататын автоматты жүйе болуы қажет.
3. Көтеру – тасымалдау құрылғылары.

а)Өнеркәсіптерде жүктің орнын ауыстыру үшін әр түрлі механизмдер, жүк көтергіш және жүк тасымалдау машиналары қолданылады.

а) Бұл айтылған механизмдер мен машиналарда жұмыс істеуге жастары 18 – ге толған, денсаулықтары жақсы, мамандығына байланысты білімдері және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Жүк көтеру механизмдерін пайдаланылғанда күнделікті ілгек, сым арқан, строптарды қарап, тексеріп отыру қажет және жұмыс негізінде қолғап, каска және басқа қорғау құралдарын пайдалану қажет.

Әр кран, лифт, көтергіш мемлекеттік тау – кен техникалық бақылау органдарында тіркелуге міндетті. Мекемеде, әр жылдағы тексеру барысын жазып отыратын журналдар болуы қажет. Көтеру механизмдерін жылына бір рет тексеріп, куәландырады. Куәландыру барысында құрылғылар-Стати-калық сынақ және Динамикалық сынақтан өтеді

б) Жүк тасымалдаушы механизмдер – конвеерлер мен транспортерлер.

Өндірісте конвеерлердің аспалы (монорельс) шнекті, шынжырлы және элеваторлы (жоғары төмен жүретін, тік орналасқан) түрлері пайдаланылады. Олардың жітегінің айналып тұрған қозғалмалы бөліктері, тісті немесе ременді берілістері қақпақтармен жабылуы қажет. Конвейерлердің басы мен аяғында және әр 10 метр ұзындықта тоқтату түймелері болуы қажет. Конвейерді майлау, жөндеу үшін жетекті өшіріп, оны тоқтату қажет.

Конвейердің жылдамдығы 0,1-0,5 м⁄с аспауы керек.

Транспортерлердің үстінен адамдар өтетін жерлерді арнайы көпірлермен жабдықтайды. Көпірдің екі жағы ені 1 метр болуы керек.

Аспалы және көлбеу орналасқан конвейерлерді жұмыс істеушілер бастарына каска киюлері керек.

в) Жүк көтеруші машиналардың (лифтер, көтергіштер, крандар) бәрін қорғау құралдарымен жабдықтайды-олар жүкті жоғары шектен тыс көтергізбейтін, электр двигатель өшкенде жүкті төмен түсірмей ұстап тұратын тежегіштер. Көтергіш механизмдермен жұмысты бастамас бұрын, жүк көтергіш шынжыр, арқан, ілгек, тіреуіш бөлшектерінің мықтылығын тексеріп алу керек. Сондықтан мекеме оларды дұрыс пайдалануға, жөндеуге жауапты бір адам болуы керек. Ол адам жұмысшылардың білімдерін тексеріп, уақытымен жөндеу, байқау жұмыстарын жүргізіп, машиналарды уақытымен сынақтан өткізіп, куәлендіріп отырады.

г) Өздігінен жүретін көтергіш-түсіргіш машиналарда жұмыс істеуге жасы 18-ден асқан, қолында куәлігі бар мамандар жіберулері керек. Іштен жану қозғалтқыштарымен жүретін автокөтергіштерді бөлме ішінде пайдалануға болмайды. Түтіні адам денсаулығына зиян. Сондықтан бөлмелердің ішінде электрмен жүретіндері пайдаланылмайды.

4. Өндіріс жарақатымен күресті жүргізу үшін осы заманғы ескерту қорғау құралдарын пайдаланған тиімді .

Қ а у і п т і а й м а қ дегеніміз машинаның маңайындағы әрдайым немесе уақытша кездесетін зиянды және қауіпті жағдайларды туғызатын аймақ .

Еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал – жабдықтар болады :



  1. Қорғаныш құрылғы – адамның болмаса оның киімінің бөлшектерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады . Олар үш түрге бөлінеді : тұрақты ,алмалы – салмалы , жылжымалы .

  2. Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторларды қас қағым сәтте тоқтатады .

  3. Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды , не болмаса қауіпті факторлардың әсерін жоғалтады . Олар механикалық , электрлі ,фотоэлектрлі , гидравликалық , ауа қысымымен істейтін және құрама болып әр түрге бөлінеді .

  4. Б е л г і беруш і : а ) дыбыс арқылы , ә ) түрлі – түсті жарықтар арқылы , б ) қауіпсіздік белгілері .

  5. Қашықтықтан басқару ( алыстан басқару ) .


Д-8. Өрт қауіпсіздігінің негіздері

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1.Жану және материалдардың жанғыш қасиеті.

2.Өрт сөндіргіш заттар және олардың сипаттамалары.

3.Өрт қауіпсіздігін ескерту және оның себептері.

1.Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды /алуды/ білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.



Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.

Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар /оттегі/ керек.

Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.

Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.

Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:

Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану



Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын /СНжЕ П-А 5-70/, жанатын.

1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.

2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.

3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.

Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыс-тардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп –I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.

Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді:

А,Б,В,Г,Д,Е. Бұл СНжЕ 01-М 2-92 құжаты бойынша қабылданған.

2. Халық шаруашылығында өртті сөндіруге негізінен мына заттар пайдаланылады: су, құм, топырақ, химиялық көбік егер бар болса инертті газдар мен арнайы ұнтақтар т.б. пайдаланылады.

Суды өрт сөндіруге жиі пайдалану себебі. Ол шаруашылықтың әр жерінде кезігеді, оның өртті сөндіруге суығы әсер етеді (жылу сыйымдылығы 2213,8 КДж/кг, град ) және буымен әсер етеді мысалы: 1кг су 1700 л буға айналады. Су тоқ өткізеді, кейде жануды да қолдайды. Сондықтан оны пайдаланған кезде байқау керек.

Химиялық көбіктер от сөндіргіштерде пайдаланады. Бұл көбіктер тік қабырғада да жабысып тұрып жанып жатқан заттың сөнуін тездетеді, ал су болса ағып кетеді.

Инертті газдар мен арнайы ұнтақтар ол: тоғынан шыққан, жанар-жағар майлардан щыққан да өртті өшіре алады, бірақ олар шаруашылықтарда сирек кездеседі. Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әртүрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын от сөндіргіштер, гидропульттер, су құйылған ыдыс, құм салынған жәшік, киіз т.б. заттар жатады.



3. Өрттің алдын алу шаралары:

1. Құрылыс кезінде: генплан жасалған кезде құрылыс объектілерін дұрыс орналастыру ережелерін сақтау; құрылысты жоспарлаған кездегі ережелерді сақтау; құрылысты жүргізген кездегі ережені сақтау.

2. Тәртіпті сақтау: құрылыс пен құрылғыларды пайдалану тәртібі, машиналармен құралдарды пайдалану тәртібі, күнделікті өмірде, далада, орманда жүргенде:

3. Түсіндіру жұмыстары арқылы: өрт қауіпсіздігінің ережелерін шығару, халықты өрт қауіпсіздігі тәртібіне оқыту, үйрету, өрт қауіпсіздігін кино, телевизор, радио арқылы уағыздау.

Әр түрлі шаруашылықтарда мынадай себептерден өрт шығады:

1. құрылыс салған кезде өрт қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы, желдің негізгі бағытын есептемеу және өндіріс технологиясының қаупін есептемеу т.б;

2. жылу орталықтарын пайдаланған кездегі тәртіп бұзу;

3. электр жүйесін жүргізген эл. құрылғыларын пайдалану кезіндегі тәртіп бұзу т.б.

4. пішіндердің, қилардың, торфтардың өздігінен қызып жануы, оларды сақтау тәртібін бұзу;

5. тез тұтанатын заттардың құбырдағы тағы басқа жерлердегі үйкелістері кезіндегі қауіп;

6. керосинді шам, ашық отты пайдаланған кездегі тәртіпті бұзу;

7. жай оттарының әсерінен болған өрт.



Д-9 Кіріспе. Тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырудың негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тақырыпқа кіріспе. Пәнді оқытудағы мақсат және пәннің қысқаша мазмұны.

  2. Пәнді оқытудағы міндеттер. Негізгі түсініктер мен анықтамалар

  3. Төтенше жағдайларға байланысты заңдылық негіздер.




  1. Қазіргі кездегі адамның тіршілік әрекеттері әр түрлі ортада өтеді. Шартты түрде адамды қоршаған ортаны-табиғи, өндірістік, әлеуметтік тұрмыстық, қоғамдық, космостық тіпті ақыл-ой ортасы деп бөлуге болады. Осы тіршілік жүйесіне қатыса отырып адам алдына екі түрлі мәселе қояды:

  1. Өзінің тамаққа, суға және ауаға деген қажеттілігін шешу

  2. Қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын өзіне қолайлы жағдай жасау және де өзі тектестердің қарсы әсерінен қорғану үшін жағдай ойластыру.

Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі аталған зиянды әсерлерден қорғанудың, қауіп-қатердің алдын-алудың, оның салдарымен күресудің жиынтығы.

Сондықтан курстың негізгі сұрақтары төмендегідей:



  • қоршаған табиғи ортаның адамға қауіпті-зиянды жағдайларымен танысу;

  • тұрмыстық және өндірістік ортаның қауіпті-зиянды факторларын жіктей біліп, ортаның қауіпсіздігін сақтай білу;

  • торларын жіктегі біліп, ортаның қауіпсіздігін сақтай білу;

  • технологиялық процестермен халық-шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын сақтаумен танысу;

  • төтенше жағдайларды болжап, алдын-алу, олардың салдарын жою мәселелерін білу;

  • бейбіт және соғыс жағдайындағы ТЖ кезінде халықты қорғауды ұйымдастыра білу

  1. Пәнді оқудағы міндет – студенттерді бейбіт немесе соғыс кездегі ТЖ-да дұрыс әрекет істеуге үйрету, ТЖ халықты қорғауды, қару қолданғанда, өндірістік авариялар мен табиғи апат кездерінде құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу әдістерін үйрету. Табиғи апат, өндірістік авария немесе радиациялық, химиялық қауіп кезінде жағдайды бағалай біліп, барлау жұмыстарын жүргізіп, объектідегі жұмысшылар мен халықты қорғау шараларын ұйымдастыруға үйрету.


Технологиялық
Ii жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету.

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет