ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 1.83 Mb.
бет1/11
Дата02.07.2017
өлшемі1.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
описание: emblema

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Ботаника

«050113» – «Биология» мамандығы үшін





Құрастырғандар:


Жумадилова Р.Ж.
Аға оқытушы














Семей 2013ж




ПЭОӘК- авторлары туралы мәліметтер
ПЭОӘК авторлары туралы мәліметтер




Жумадилова Роза Жумагазиевна

Ғылыми дәрежесі:



Ғылыми атағы:




Қызметі:

Биология кафедрасының аға оқытушысы

Мамандандыруы:

Биология

Байланыс мәліметтері:

Жұмыс телефоны:

+7 (7222) 42-34-72

Электрондық пошта:

kob@sgpi.kz

Skype:





Жұмыс бағдарламасы
1.Қолдану саласы

2. Нормативті сілтемелер

3. Жалпы ережелер

4. Әдебиет және қорлар

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

8. Курс форматы

9. Курс саясаты

10. Баға қою саясаты

11. Студенттер білімін бақылау

12. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен өтетін далалық жаттығу практикасы

13. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінің тест сұрақтары

14. Глоссарий



1. Қолдану саласы

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені «5В011300» - «Биология» мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

Пәнді оқу кезінде ПОӘК негізгі құрал болып табылады.

2. Нормативтік сілтемелер

Осы «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

«5В011300» - «Биология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.0ХХ-20__, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20__ жылғы «__» _________ №__ бұйрығымен бекітілген.

Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі».



3. Жалпы ережелер

  • Оқытушының тегі, аты, жөні – Карипбаева Нурзия Шайкеновна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент;

  • Кафедра биология__________________________________________;

  • Хабарласу ақпараты – тел: 8722242-34-72, Оқу ғимараты № 3, кабинет № 221; e-mail: kob@sgpi.kz

  • Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 117;

  • Пән атауы – «өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы»;

  • Кредит саны – 3;



Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ және СОӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

1

2

3

15

30

45

90

емтихан


4. Әдебиет және қорлар




Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы

Саны

Студент саны

Қамтылу пайызы,%

1

Агелеуов Е. Ботаника.Өсімдіктер анатомиясы

24

18

100

2

Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.

12




100

3

Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.

62




100

4

Андреева И.И. Ботаника,2002г.

4







5

Бавтуто Г.А. Учебно-полевая практика по ботанике

30







6

Культиасов М.В. Ботаника,1953г.

20







7

Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом

68







8

Рейвн П. Современная ботаника, в 2-х т.

4







9

Байтулин И.О. Строение и работа корневой системы, 1987г.

3







10

Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж. 20

20




100

11

Васильев А.Е. Ботаника,1988г.

20







12

Мусакулов Ботаника(каз)

15




100

13

Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, 1997г.

10




100


5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
Ботаника (Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы) пәні бойынша дәрістердің тізімі және қысқаша мазмұны: (15 c). Модуль саны - 8
1 Дәріс.(1 c)

Тақырып: Кіріспе.

Дәрістің мақсаты: Ботаника ғылыми тұралы мағлұмат, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары тұралы, ботаниканың басқа ғыльмдармен байланысы туралы, өсімдіктердің тіршілігі туралы мағлумат беру.

Дәріс мазмұны: Бұл бөлімде өсімдіктер дүниесі (ғылыми) каңдай ғылым зерттейтіні тұралы мағлұмат беріледі. Сонымен қатар өсімдіктер кашанан бері танылып, зерттеле бастады, өсімдіктер дүниесін классификациялаудағы, алгашқы қадам өсімдіктер тіршілік ерекшеліктері, өсімдіктің табиғаттағы маңызы, өсімдікктердің зат

айналымдағы маңызы,

өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы, туралы сұрақтар қамтылады.

Кіріспе. Ботаника ғылымы туралы мағлұмат.

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан.

Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастығын жан-жақты зерттеу жатады.

Ботаниканың жаңа салалары бойынша эксперименттік зертеулерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында әртүрлі жаңа тәсілдерді және техниканың мүкіндіктерін пайдаланды.

Ботаника жалпы биология ғылымының негнізгі бөлімі болып табылады. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдік жабынының құрлысының тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.

Өсімдіктер морфологиясы - ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттін ғылым.

Флорография. Бұл ғылымның міндеттеріне түрлерді танып және сипаттап жазу, басқаша айтқанда олардың белгілерін (диагнозын) құрастыру жатады.

Систематика - түрлердің алуан түрлілігін және осы алуан түрліліктің себептерін зерттейтін ғылым.

Өсімдіктердің географиясы (фитогеография) - ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің және олардың құрлықтағы және судағы қауымдастықтарының (ценоздарының) таралуы мен белгілі бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топыраққа, рельефке және т.б.), бірақта өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады.

Палеоботаника - бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

2 Дәріс.(2c)



Тақырып: Клетка.

Дәрістің мақсаты: Клетка құрылысымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Өсімдік клеткасының құрылысы турлері.

2. Цитоплазма және оның қасиеті. 3. Цитоплазманың негізгі органоидтары, митохондрия пластид, эндоплазмалык тор, рибосомалар т.б.

4. Ядро, оның физикалық химикалык, касиеттері, клетканың бөліну түрлері, митоз, амитоз, эндомитоз.

5. Вакуоль және клетка шырыны. 6. Өсімдік клеткасының қабығы.

Бұл бөлімде бір клеткалы, колониялы өсімдіктер туралы берілді. Өсімдік клеткасының құрылысы, яғни, цитоплазманың химиялық физикалык, қасиеттері, цитоплазмада кездесетін органоидтардың субмикроскопияльқ құрылысы, олардың атқаратын кызметі көрсетіледі. Клетканың негізгі бөліктерінің бірі ядроның құрылысы және қызметі. Клетканың бөліну жолдары (әдістсрі) оқытылады. Бұл тарауда клеткаға тән биологиялык, процестермен студенттерді таныстыру керек (заталмасу, энергия алмасу, өсу, көбею, т.б.).
Клетка.

Клетканы зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер алун түрлі. Олардың негізгілерінің бірі микроскопиялық тәсіл. Тағы да бір түрі - өсімдіктің ұлпадан немесе клеткадан өсіру тәсілі, үшінші бір түрі - цитологиялық тәсіл.

Клетканың формасы мен мөлшері алуан түрлі болып келеді және олар орналасуы мен атқаратын қызметіне тікелей байланысты болады. Клеткалардың алуан түрлі формаларын паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлуге болады. Паренхималық клеткалардың ұзындығы енімен бірдей немесе одан 2-3 еседен артық болдмайды, ал прозенхималық клеткалардың ұзындығы енінен бірнешеге артық болады.

Өсімдіктің толық жетіліп қалыптасқан клеткасын оптикалық микроскоппен қарағанда, оның мынандай компонентерден: қатты қабықшадан, клетканың ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен, немесе 2-3 кішілеу вакуольден, вакуольмен клетка қабықшасының арасын алып жататын цитоплазмадан және цитоплазмада болатын ядродан тұратындығын байқауға болады.

Клетканы түзетін заттар алуан түрлі болады. Клеткада ең көп мөлшерде болатын зат су (60-90%), ол зат алмасу реакциясының дұрыс жүруіне аса қажет. Химиялық қосылыстардың қалған бөлігін негізінен органикалық заттар түзеді (10-23 %), ал органикалық емес заттардың мөлшері көп болмайды (құрғақ заттардың 2-6%)

Органикалық заттар конституциялық және эргастикалық деп екіге бөлінеді. Конституциялық заттар органелдердің құрамына кіреді және зат алмасу процесіне қатысады. Ал эргастикалық заттар органелдердің тіршілк әрекетінің жемісі.



Цитоплазма мембраналардан тұратын клетканың құрамды бөлігі.

Плазмалемма цитоплазманы клетканың қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Ол әдетте клетка қабықшасына тығыз жабысып тұрады.

Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады.Оның атқаратын қызметі плазмалеммамен бірдей.

Гиалоплазма каллоидтық ерітінді түріндегі сұйықтық, оның ішінде органелдер болады. Гиалоплазманың атқаратын өызметі үлкен: ол органенлдердің өзара қатынасынқамтамасыз етеді, зат алмасуға, клеткадағы заттарды тасымалдауға қатысады, тітіркенуді сездіреді және т..б. Онда эндоплазматилық ретикулум, рибосомдар, гольджи аппарты, сферорсомалар, лизосомалар, митохондриялар, пластидтер бар.



Эндоплазматикалық ретикулум (эндеплазматикалық тор). Ол мембраналармен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналардың системасы. Ретикулумның екі формасы болады - гранулярлы (кедір - бұдыр) және агранулярлы (жылтыр).

Рибосомдар. Олар белоктан және рибонуклеин қышқылда- рынан (РНК) тұрады, мембраналық структурасы болмайды.

Гольджи аппараты. Диктиосомдардан және Гольджи көпіршіктерінен тұрады. Диктиосомдарда полисахаридтер синтезделіп жиналады және сыртқа шығарылып отырады.

Сферосомдар. Ол өсімдік майларының синтезделетін және жиналатын орталығы.Олар эндопламатикалық тордың шеттерінен бөлініп шығады.

Лизосомалар. Олардың белоктарды, полисахаридтерді, липидтерді және басқа да органикалық қосылыстарды ыдырататын ферменттер болады. Сферосомдар секілді оларда эндопалзматикалық тордың жіпшелерінен пайда болады.

Митохондриялар. Митохондриялардың сыртында екі қабат мембранасы болады. Ішкі қабатын тарақ тәрізді немесе түтік тәрізді митохондрияның қуысына өтетін өскіндер - критисталдар деп аталады. Осында оттегінің қатысуымен углеводтар, майлар және басқа органикалық заттар ыдырайды жәнен АТФ синтезделеді.

Пластидтер.Тек өсімдіктерде ғана болады. Түсіне қарай пластидтер үшке бөлінеді: көк түсті - хлоропластар; сары, қызғыш, қызыл түсті - хромопластар; түссіз - лейкопластар.

Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл, сонымен қатар кратиноидтар тобына жататын пигменттерден каротин (қызғыш түс) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофиллмен байланысты. Дәлірек айтқанда органикалық емес заттардан күннің энергиясының қатысуымен органикалық заттарды синтездеу болып табылады.



Ядро тек цитоплазмалық ортда өмір сүре алады. Ол мынандай органелдерден: ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан, ядрошықтан тұрады.

Эволюциялық процестің барысында ядро шамасы хромосомдардың нуклеотидтерден жетілуіне байланысты пайда болған.

Ядроның бөлінуі барлық уақытта клетканың бөлінуімен аяқталады. Клетканың бөлінуінің үш түрлі жолы бар: митоз, мейоз, амитоз.

Митоз. Саматикалық клеткалардыің бөлінуінің ең универсалды (жан-жақты) жолы. Митотикалық цикл бір-бірімен тығыз байланысты болатын интерфазадан және митоздан тұрады.

Амитоз - бұл соматикалық клеткаларының бөлінуінің басқа жолы. Оның мәні мынада, клетканың ядросы алдын ала структуралықөзгеріске ұшырамастан екіге немесе одан да көп бөліктерге бөліну.

Мейоз - митоз секілді ядроның бөлінуінің универсалды түрі, бірақта ол клеткалардың аз тобына тән, дәлірек айтқанда жыныстық клеткаларда жүретін процесс.

Вакуоль - клетка шырынына толы қуыс, ол цитоплазмадан тонопласт арқылы бөлініп тұрады. Вакуоль эндоплазматикалық ретикулумның локальдық кеңістігінен пайда болады, онда клетка шырыны жиналады.

Клетка шырнының химиялық құрамы органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттар: азотты заттар: белоктар (протеиндер, претидтер), амин қышқылдары (аспарагин, триозин, лейцин және басқалар), алкалоидтар (хинин, морфин, никотин, колхицин, кофеин және т.б.); азотсыз заттар: моносахаридтер - глюкоза, фруктоза; дисахаридтер - сахароза, мальтоза; полисахаридтер - инулин, глюкозиттер (амигдалин, сапонин, соланин, пигменттер-антоциан, антохлор және басқалар), илік заттар (танидтер), органикалық қышқылдар (қымыздық, алма, вино, лимон және басқалар), кристалдар (қымыздық және басқа қышқылдардың тұздары), эфир майы және басқалар.



Органикалық емес заттар: нитраттар, хлоридитер, фосфаттар.

Бұл заттардың біреулері, мысалы углеводтар, қорлық, екіншілері - экскреторлық, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері болып табылады.

Өсімдіктердің клеткасының жануарлардың клеткасынан айырмашылығы сол, олардың жақсы жетілген, әдетте қатты қабықшасы болады. Клетка қабықшаларының жиынтығы өсімджікке мықтылық беретін, оның қаңқасын түзеді.Әр түрлі заттардың өсімдіктің сіңірілуіне және тасымалдануына қабықшаның маңызы зор. Ол бірнеше қабаттан тұрады: алғашқы қабықша, екінші реттік қабықша, орталық табақша, плазмодесмалар, поралар.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж. 20

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

3 дәріс.( 2 c)



Тақырып: Өсімдік ұлпалары.

Дәрістің мақсаты: Өсімдік ұлпаларымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Түзүші ұлпалар.

2. Түпкілікті ұлпалар.

3. Қоректік ұлпалар.

4. Өткізгіштік ұлпалар.

5. Механикалық ұлпалар.

Бұл тарауда өсімдік ұлпалары туралы ұғым және олардың классификациясы беріледі.

Сонымен қатар, түзуші ұлпаларының, жабындық ұлпаларының ассимиляциялаушы қоректік ұлпаларының құрылысы, түрлері, өсімдік денесінде орналасуы және олардың атқаратын кызметі көрсетіледі.

Өсімдік ұлпалары.

Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі Италия ғалымы М. Мальпиги мен Ағылшын ғалымы Н. Грю (1671 ж.) болған.

Ұлпа негізінен мынандай алты топқа бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі, арқаулық (механикалық), өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.

Түзуші ұлпалар (меристемалар).

Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскінің, ұрықтың клеткаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема, әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған (дифференцияланған) ұлпалардан пайда болады.

Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасады.

Бүйірлік (латеральді) меристема.Өстік органдардың бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Әдетте ол соңғы меристемаға жатады жәнеоргандардың көлденңінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды.

Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема. Сабақтың буын аралықтарының төменгі жағындағы және жапырақтың гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады, ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.

Зақымдық (травматикалық) меристема. Өсімдіктің денесінің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады, шығу тегіне байланысты ол соңғы меристемаға жатады.



Жабындық ұлпалар.
Жыныстық жолмен көбею.
Бақылау сұрақтары :
Полушниктер класы –
Iii бөлім. өсімдіктердің дене мүшелері
Iv бөлім. өсімдіктердің көбеюі және дамуы.

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет