ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қорық ісі 5В080300



жүктеу 1.16 Mb.
бет1/7
Дата03.07.2017
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-22. 1.27/01 – 2016


ПОӘК

Пәннің оқу-әдістемелік материалы



«Қорық ісі»

№ 1 басылым 08.09.2016 ж.


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қорық ісі
5В080300«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2016

МАЗМҰНЫ:


1 Глоссарий
2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Курс жұмысы (жоба)

5 Суденттің өздік жұмысы



  1. ГЛОССАРИЙ

      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
      2) аншлаг – аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
      3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
      4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
      5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;
      6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
      7) аңшылық иттердің ұлттық тұқымы – Қазақстан Республикасының аумағында халықтық селекциялық әдіспен алынған және әдетте әуесқойлық (спорттық) аңшылықта қолданылатын тазы, төбет тұқымы;
      8) аңшылық олжа – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары;
      9) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
      10) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi;
      11) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;
      12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті – жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат;
      13) аушы жыртқыш құс – аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қаршыға;
      14) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
      15) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
      16) балық аулау олжасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары;
      17) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;
      18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама – уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;
      19) балықтарды қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы;
      20) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
      21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
      22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;
      23) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;
      24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
      25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;
      26) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
      27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
      28) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
      29) балық шаруашылығын ұйымдастыру – балық өсіру-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргізу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергеннен кейін пайдаланушы жүргізетін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорын ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және оның деректерін нақтылау;
      30) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
      31) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат;
      32) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
      33) дериват – жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;
      34) аң-құс өсіру – аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі;
      35) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);
      36) жануардың бөлігі (бұдан әрі – бөлік) – жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі;
      37) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
      38) жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;
      39) жануарлар дүниесі объектілерін алу – табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
      40) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру – жануарлар түрлерін ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру;
      41) жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша шұғыл ден қоюсыз құқықты шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
      44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқықты шектеу сипатындағы, оның ішінде шұғыл ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
      45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану;
      46) жануарлар дүниесiн пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;
      47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат;
      48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
      49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян – жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян;
      50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы – жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;
      51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы – жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта;
      52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау – табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;
      53) жануарлар дүниесi объектiсi – жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;
      54) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;
      55) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру;
      56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту – жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру;
      57) жерсіндіру – жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өз маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;
      58) жолдама – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық);
      59) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
      60) ихтиофауна – қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
      61) кәсіпшілік қор – дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;
      62) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
      63) криоконсервіленген жыныс клеткалары – жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөліп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;
      64) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы;
      65) қорықшы куәлігі – қорықшының құқықтарын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;
      66) қорықшылық қызмет – аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
      67) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
      68) өзен (теңіз, көл) бассейні – су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;
      69) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
      70) сервитут – аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;
      71) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлық өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу;
      72) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;
      73) сүзу – жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;
      74) тыныштық аймағы – жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар, шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру қызметі айқындайтын, оның шеңберінде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ;
      75) уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) – жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
      76) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;
      77) уылдырық шашатын орын – балықтардың уылдырық шашатын орны;
      78) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;
      79) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын белгiлеу, алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн айқындау;
      80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешені.

2. Дәрістер

Модуль 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

1-Дәріс

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорықтар саласында қолданылатын негізгі ұғымдар. Мемлекеттік табиғи қорық қоры.

  1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аймақтар саласындағы Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы сандарының принциптері.

  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар меншік. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар бойынша объектілер мен субъектілері.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.


Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры

1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - қоршаған ортаның генетикалық резервтегі табиғи эталондар, уникумдар мен реликттер, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру iсi, туризм және рекреация мәні ретiнде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлерiнiң жиынтығы.


Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан, басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи

аумақтар туралы заңдарының принциптерi

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:



  • мемлекеттiк табиғи-қорық қорын, биологиялық алуан түрлiлiктi және табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;

  • ғылымды, мәдениеттi, ағарту мен бiлiм беру iсiн дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану;

  • әлеуметтiк-экономикалық факторларды және жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзушылықпен келтiрген залалды өтеу;

  • халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;

  • мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күй туралы ақпаратпен еркiн танысу;

  • халықаралық құқық негiзiндегi халықаралық ынтымақтастық.



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға меншiк

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк меншiкте болады.

Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:


  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы.

  2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры.

  3. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары.

  4. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының принциптерi.

  5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға меншiк.

Ұсылынған әдебиеттер:

      1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б. 

      2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий. М.Мысль.1978. 259с.

      3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c

      4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.

      5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.

      6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.

      7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.

      8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).

      9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б. 

      10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.

      11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б. 

      12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б. 

      13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б. 

      14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б. .



Омыртқалы жануарлар. балықтар.

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет