Пәннің оқу әдістемелік кешені «Әскери психология және педагогика негіздері»



жүктеу 0.91 Mb.
бет1/6
Дата20.11.2017
өлшемі0.91 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыс ғылымдар факультеті

Ден мәдениеті және спорт ілімдері мен әдістемелері кафедрасы



Пәннің оқу - әдістемелік кешені

«Әскери психология және педагогика негіздері»

050104 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша

ІІІ – курс студенттеріне арналған.

Семей 2010 жыл

Құрастырушы: Дене мәдениеті және спорт ілімдері мен әдістемелері кафедрасының оқытушысы: Советханұлы Д.

Кафедра отырысында бекітілген: хатама № «___» ___________жыл

Дене мәдениеті және спорт ілімдері мен әдістемелері кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Тусеев Б.М.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып бекітілді.

Хаттама № «___» __________________жыл

Жаратылыс ғылымдар факультетінің

ОӘК төрайымы: Абдишева З.В.

Жаратылыстану ғылымдар факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген

Хаттама № «___» __________________жыл

Жаратылыс ғылымдар

факультетінің деканы, б.ғ.к. Сапарова Г.С.

Мазмұны:


  1. Пәнге арналған глоссарий.......................................................................4-5

  2. Дәріс және тәжірибелік сабақтарды өтқізуге арналған жоспар........6-59

  3. СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар..............................................60-72

  4. СӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар.................................................73-76

  5. Бақылау алу сұрақтары..........................................................................77-79

Пәнге арналған глосарий

  1. Әскери психология – бұл әскери тұлға мен әскери ұжымда жаттығу, қызметтік және әсіресе әскери қызмет жағдайында психиканы қалыптастыру, психиканың қызмет ету заңдылығы мен механизмін оқытатын психологиялық ғылымның саласы.

  2. Әскери психологияның негізгі әдістері - әрқайсысы әртүрлі арнаулы формада көрінетін қадағалау мен эксперимент әдістері.

  3. Ғылым методологиясы– бұл ең алдымен зерттелетін құбылыстарға әдіс таңдау, зерттеуді ұйымдастыру, алынған фактілерді талқылау, теорияны құруға апарар стратегияны анықтайтын оның дүниеге көзқарасы.

  4. Елестету – адам ешқашан тікелей түйсінбеген және дәл қазіргі сәтте түйсінбейтін заттар бейнесін жасау.

  5. Бейімделу – сезім мүшелеріне немесе оның болмау салдарынан тітіркендіргіштің ұзақ уақыт әсер етуінен сезімталдылықтың өзгеруі.

  6. Мінездің эмоционалдық ерекшеліктерібайсалдылық, қызбалық, құмарлық, әуеқойлық, әсерленгіштік, ұстамдылық.

  7. Мінездің интелектуалдық ерекшеліктері – терең ойлау, зеректік, тапқырлық және т.б.

  8. Қабілет – бұл нақты қызметті жоғары өнімділікпен орындауға қажетті қасиеттердің жылдам дамуына мүмкіндік туғызуға негізделген адамның нақты, тұрақты психологиялық қасиеттері.

  9. Еске түсіру – бұл сақталған материалды іс жүзінде қолдану үшін санада белсенділендіру.

  10. Қозғалтқыш ес – бұл қозғалысқа құрылған ес.

  11. Әскери ұжым – бұл оның бірлігіне бағытталған тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыра отырып, оның шынайы, тірі әлеуметтік ағза екенін ескеру.

  12. Дағды психикалық білім ретінде – бұл істі дұрыс, жылдам, үнемді, жоғары нәтижемен орындауға деген қабілеттілік.

  13. Әскери педагогика –бұл сарбаздарды тәрбиелеу мен үйрету туралы ғылым.

  14. Әскери педагогиканың ерекшелігі – әскердегі және флоттағы педагогикалық әсер ету нысаны нақты өзіндік көзқарасы қалыптасқан ересек адамдар.

  15. Әскери-педагогикалық процестің ең бір негізгі заңдылығы – командирлердің, саяси жұмыс жүргізетіндердің, қоғамдық ұйымдардың оқыту – тәрбиелеу әрекеттерінің қарамағындағылардың қызмет сипат мен мақсатына, олардың күш-қуат мүмкіндігіне, әскери ұжымның жаттығуына, тәртіпке салынуына сәйкес болуы.

Дәрістер бойынша қысқаша конспект.

1 Тақырып: Әскери психология пәні.



Сабақ мақсаты: Әскери психология пәні туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психология.

  2. Ұжым психологиясы.

Дәріс.

Әскери психология – бұл әскери тұлға мен әскери ұжымда жаттығу, қызметтік және әсіресе әскери қызмет жағдайында психиканы қалыптастыру, психиканың қызмет ету заңдылығы мен механизмін оқытатын психологиялық ғылымның саласы. Әскери психология әскери әрекет жағдайындағы адамның тәртібін, басшылар мен бағыныштылардың өзара қатынасындағы психикалық тараптарды психикалық үгіт–насихат пен контр насихатты, әскери ұжымды, әскери техниканы, әскери іс–әрекетті басқарудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мекемелердегі бастапқы әскери дайындық негіздері оқу үрдісінде БӘД оқытушысы (ұйымдастырушы) жастардың Қарулы Күштер қатарында қызмет ету дайындығын жан–жақты жүзеге асырады, оның ішінде адамгершілік психикасының дайындығы басым болады. «Психикалық дайындық» түсінігі нені білдіреді? Ол үшін ең алдымен ішкі қобалжу түрінде көрінетін (ой, сезім, сезіну) тікелей бақылау және психикамен аталмайтын құбылыстардың мәнін ашу, сонымен қатар адамзат тарихындағы олар туралы білімнің қалыптасуының мәнін ашу керек.

Психика адамның, жеке тұлғаның оның іс–әрекетінде сырттай көрініс табатын рухани әлемін құрайды, адамның айтатын ойындағысында оның қимылы мен ишарасында немесе іштей ой әрекеті, уайым, емеурін және т.б. ретінде көрінеді.

Әскери қызметшілер психикасының сыртқы және ішкі түрін оқытуға осы әскери психологиялық дайындық бағытталған. Қарамағындағылардың ішкі әлемінің түп–тамырына дейін сыртқы көріністер бойынша және жанама белгілері бойынша жете білу керек, олардың даму бағытын көру, әскери тұлғаның қалыптасу үрдісін жобалау, олармен жұмыс жүргізудің неғұрлым тиімді жолдары мен әдістерін таба білу керек.

Психика адамның іс–әрекеті мен тәртібіндегі маңызды реттегіш болып табылады.

Психикалық процестерге қарағанда психикалық қасиеттер жоғары және неғұрлым тұрақты және аталмыш адамға тән болып табылады. Оған мыналар жатады:



  • бағыттылық;

  • темперамент;

  • мінез;

  • адамның қабілеті.

Олар психикалық процестер, психикалық күй және психикалық білім негізінде қалыптасады да өз кезегінде оларға маңызды ықпал етеді. Психикалық қасиет психиканың сапалық деңгейін, оның ішкі және сыртқы байқалуын анықтайды.

Психикалық білімге білімі, дағдысы, ептілігі, пікірі, пайымдаулары, әдеттері жатады. Олар тұлғаның психикалық процестері, психикалық күйі мен қасиеті негізінде қалыптасады.

БӘД сабақтарында қалыптасатын оқушылардың психикалық білім деңгейі олардың әскердегі қызметке адамгершілік-психологиялық және арнайы әскери дайындық деңгейін сипаттайды. Психикалық процестер, психикалық күйі, психикалық қасиеті мен білімі өзара шартты және диалектикалық бірлікте көрінеді. Олардың арасындағы шекара тым шартты және жылжымалы, ауысулар аздап қана байқалады.

Тұлға туралы әскери психология білімі, оның даму заңдылығы жалпы білім беретін мектептің БӘД оқытушы – ұйымдастырушы үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстағы олардың танымдық белсенділігін, әскери-патриоттық тәрбие, дене күш-қуатының дамуына жекелей жол табуды жүзеге асыруға қызмет етеді.

Әскери психология ғылым ретінде әскери ұжымның психологиясын, оның даму заңдылығын және көрініс табуын да оқытады . Бұл заңдылықтар көбінесе мектептің оқу ұжымына тән. Ұжым психологиясы – бұл сол жалпы бүтіндей алғанда ұжымның және оның әрбір мүшесінің тәртібі мен әрекетіне әсер ететін жалпы күйзеліс, реакциялар, пікірлер, көңіл күй, өзара қарым-қатынас. Ол жекелеген адамдар психикасының көрінуіндегі қарапайым арифметикалық қосынды емес. Сонымен қатар ұжым психологиясын жеке тұлға психологиясымен қарама - қарсы қойып салыстыруға болмайды.Ұжым психологиясы - ұжым мүшелерінің жеке психологиясының тасымалдану салдары, оның интеграциясы болып табылады. Ол төменде аталған құрамдардан жасалады:


  • мотивациялы құрамнан – ұжымдық қажеттіліктен, мүдделерден, мұқтаждықтан, мақсаттан, арман-мұраттан, салт-дәстүрден;

  • интеллектуалдық құрамнан – ұжымдық сезім, көңіл күйден;

  • ері-жігер құрамынан – табандылықтан, батылдықтан, тәртіптіліктен және т.б.;

  • әлеуметтік құрамнан – ұжым мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас сипатынан (өзара бір-біріне деген жақындық, бағалай білу, симпатия және антипатия және т.б.).

Ұжымдағы бірлік заңдылығын ашу, оның психологиялық атмосферасын, өзара достық қарым-қатынасын басқару оқушылардың бойында ұжымдық рухты, тәртіпті, одан әрі қызметте және күнделікті өмірде маңызды қасиеттерді тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Әскери психологияны зерттеу пәні оның барлық жағынан байқалуындағы әскери қызмет болып табылады. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы Конституциясымен қаралған, құнды мұраттар мен өнегеден туындайтын әскерилердің қауіпті жағдайда, жоғары күш-қуат және психологиялық жүктемелердің әскери уақыттағы сияқты бейбіт кезеңде басқаруға берілген міндеттердің орындалуына бағытталған қару мен әсери техниканы саналы түрде қолдану.

Әскерилердің жеке тұлғасы, әскери ұжым, әскери қызмет барлығы бірлікте оқытылады, не әскер, экипаж, олардың қызметтік, оқу-жаттығу және әскери міндеттерді орындау жөніндегі әрекеті тығыз байланысты.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Әскери психология дегеніміз не?

  2. Ұжым психологиясы қандай құрамдардан жасалады?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

2 Тақырып: Әскери психология міндеттері

Сабақ мақсаты: Әскери психология міндеттерін түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психология міндеттері.

Дәріс.

Әскери психология төмендегі міндеттерді шешеді:



  • әскерилер мен әскери ұжым қызметінің психологиялық аспектілерін анықтайды. Осы мақсатпен бейбіт уақытқа тән қызмет, оқу, демалыс, қоғамдық қызмет, өзара қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекет, сонымен қатар әскерлер мен әскери ұжымның ұрыстағы әрекеті оқытылады;

  • соғысқа, ұрыстағы психологиялық мобилизацияға жеке құрамның жан-жақты дайындығының шешімін табу мүддесінде жеке әскери тұлғаның психологиялық ерекшеліктері анықталады;

  • әскери ұжымның психологиясын оны бірлікте ұстау жолдарын іздеу мен оның әскери белсенділігін басқару мақсатында оқытады; әскери қызмет жағдайының әскерлердің психикасына, әскери ұжым психологиясына ықпалы;

  • сарбаздардарды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негізін жасайды. Осы мақсатта жеке құраммен оқыту – тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде психологиялық заңдылықтарды пайдалану, есеп жүргізу жолдары мен құралдары ашыла түседі.;

  • заманауи ұрыс жағдайындағы әрекеттерге жеке құрамның психологиялық дайындық заңдылығын зерттейді. Осы мақсатта ұрыстағы психиканың байқалу қызметінің заңдылығы оқытылады және әскери техника мен қару-жарақты қолдану мен оған күтім жасауда адам психикасының тұрақтану зерттеледі; қауіпті және басқа да жағдайларда туындайтын психикалық күйі; үрей мен байбаламмен күресу жайттары және басқа да теріс психикалық күйлердің алдын алу мен оны жеңіп шығудың құралдары анықталады; әртүрлі әскери мамандықтағы сарбаздардың психологиялық шынығу жолдары мен жағдай ерекшелігі;

  • әскерлердің әскери дайындық құрылымындағы психологиялық аспект анықталады және оның тұлғалық, әлеуметтік – психологиялық сипаты беріледі;

  • жеке құрамның аса сақтық пен еңбекке деген қабілеттілікті ұзақ уақыт сақтаудың психологиялық, психофизиологиялық қиындығы ашылады;

  • аяқ астынан болатын әскери жағдай барысындағы психологиялық қиыншылықтарға талдау жүргізеді және қажеті жоқ психологиялық құбылыстарды болғызбау жолдары анықталады (сасқалақтау, жинақы емес);

  • ұйымдастырудың психологиялық мәселелерін және мобилизациялық, әскери дайындықты қолдау жөніндегі әскери кезекшілік ету мен іс-шараларды өткізу мәселелерін шешеді;

  • әскери техника мен қаруды пайдаланудың психологиялық мүмкіндігіне сипаттама береді. Ол үшін психикалық процестер сапасы, күй-жайы, қасиеті мен шығуы оқытылады және оларды пайдалану процесін оңтайландыру мақсатында әскери техника мен қаруды дайындау барысында соған сәйкес техникалық шешімдер болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әскери психология міндеттері қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

3 Тақырып: Әскери психология әдістері

Сабақ мақсаты: Әскери психология әдістері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психология әдістері.

Дәріс.

Әскери психологияның негізгі әдістері - әрқайсысы әртүрлі арнаулы формада көрінетін қадағалау мен эксперимент әдістері.



Қадағалау әдісі – бұл адамның психикалық ерекшеліктері туралы фактілерінің жүйелі, мақсатты түрде жинақталуы.

Бұл әдіске әртүрлі жағдайда сарбаздардың іс-әрекетіне сырттай объективті қадағалау жүргізу жатады, сонымен іс-әрекеттің өзін емес, оларды қозғаушы күшті, яғни зерттеп білетін адамның психикасын, оның ойын, не түрткі болғанын, ақыл-есін білу маңызды. Іс-әректетін дұрыс түсіну адамның психикалық әлеміне үңілуге септігін тигізеді. Адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттеп білу процесінде олардың өздері, өз ойлары туралы айтқандарын, күйзелістері, іс-әрекеттері туралы айтқандарын пайдаланады. Психологияда бұл деректерді өз-өзіне есеп беру деп атайды. Аталмыш жағдайда өз-өзіне есеп беру материалы адамның айқындалған ерекшеліктеріне түсінік емес, оған біз қадағалау жүргізген уақыттағы күйіне куә болу сияқты.

Өз-өзіне есеп беру – адамның жеке бас ерекшелігін зерттеп білудің маңызды құралы. Олардың тәртібіне қарап, адамдар туралы нақты әрі жан-жақты пайымдауға болмайды (осы ерекшеліктердің басты көрсеткіші сол болғанымен), бұл деректерді кез-келген іс-әрекетте болып, соны анықтайтын іс-әрекетінің себебі, мүддесі, күйзелісі туралы мәліметтермен толықтыру қажет.

Оқушылармен жұмыс жүргізу барысында осындай тосын жайттар болмас үшін оқушы олар туралы болымсыз мәліметтермен шектеле алмайды. Оқушы өз алдына мақсат қоюы керек: оқушы өзінің міндетін қалай орындайды, оның жауапкершілік сезімі дамыған ба, өзіне берілген тапсырманы қалай орындайтынын анықтап алу керек.

Алға қойған мақсатқа сәйкес қадағалау жоспары қалыптасады, онда оқушы сабақта сыныпта кезекші болғанда, мектептен тыс жерлерде жолдастарының қылығына қалай қарайды, оларды қаншалықты сынайды, өзінің қателіктеріне қалай қарайды, қиыншылықтарды жеңуге қалай әрекет жасайтынын оқыту қарастырылады.

Қадағалау – бұл алынатын мәліметтерді үнемі талдау, оларды салыстыру, бағалау, тексеру тек осындай қадағалау нақты болып табылады.

Эксперименталды әдіс.

Оның мақсатты қызметін әдеттегі жағдайда байқала бермейтін психикалық процестер мен жеке бас қасиеттерін қадағалау үшін қол жетімді етуде. Психологиялық эксперименттің екі түрі бар:



  1. Зертханалық, жасанды эксперимент. Мұнда эксперимент жасаушы сыналатын адамды зерттеуге жағдай жасайды. Мысалы, радиотелеграфшының БМП жүргізушінің жылдамдық реакциясын анықтау. Эксперимент процесінде тренажерлар мен әртүрлі құралдар пайдаланылуы мүмкін, олармен жұмыс жасау ынтаны, есті және басқа да психикалық процестер мен күйді бағалауға мүмкіндік туғызады. Бұл әдіс жеке тұлғаның темпераменті, қабілеті туралы бірқатар қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.

  2. Табиғи шынайы эксперимент, мұнда зерттелушінің әдеттегі қызметінің мәні сақталады, тек психиканың сол немесе басқа көріністерін анықтап, белгілеп қоюға мүмкіндік туғызатын жағдай ғана өзгереді.

Сөйтіп, мысалы БӘД жөніндегі сабақтарда олардың әдеттегі барысын өзгерте отырып, жаңа элементтер енгізе отырып, сол немесе басқа оқушының реакциясын қадағалауға болады және оның білімін, есі, ойлау қабілеті, бастамашылдығы, табандылығы туралы қорытынды жасауға болады.

Адамның жеке бас ерекшеліктерін оқып – білу әдісі оның қызмет нәтижелерін талдау жолымен мысалы, әскери жағдайда сарбаз төсегін жинағанда, тумбочкасын таза ұстауында, орын жиыстыруда командир оның ұқыптылық, жауапкершілік сезімі туралы қатесіз айтуына болады. Оқ ату, нәтижесі, қаруды ұстау мен оны техникалық күту сапасы ойлы тәрбиешіге оқушының шеберлігін қабілетін сарбаз мүддесін бағалау үшін материал болады.

Әңгімелесу әдісі бақылаушымен тікелей байланысқа түсу жағдайында оның ішкі әлемін, жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Адамның ойы, сезімі әңгімелесуі кездейсақ емес, мақсатты сипатта болса, өзара сенім болған жағдайда ғана білуге болады, егер оның нәтижесі басқа әдістердің көмегімен алынған деректермен салыстырса жүйелі түрде жүргізіледі.

Сауалнама әдісі – бұл алдын ала ұйғарылған сұрақтар бойынша жеке тұлға маңайындағыларға сауал жүргізу. Сауалнама әдісінің нәтижесі статистикалық жағынан өңделіп, жеке тұлғаларға қатысты қорытынды жасауға ммүкіндік туғызады. Сауалнамаға бес – жеті сұрақ қою керек. Бастысы олар түсінікті болуы керек. Сауалнаманы ұжымдық, әңгімелесу процесінде викторина түрінде ауызша жүргізуге де болады.

Тест әдісі – бақыланушыға міндет қойып, оны шешуі – әскери кәсіби іріктеу барысында қолданылады.

Социометрия әдісі ұжымдағы өзара қарым–қатынасты білу үшін қолданылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Әскери психологияның қандай әдістері бар?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

4 Тақырып: Әскери психологияның методологиялық негіздері.

Сабақ мақсаты: Әскери психологияның методологиялық негіздері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ғылым методологиясы.

  2. Әскери психиканың методологиялық негізі философиялық, экономикалық, әлеуметтік саяси білімнің бірлігі.

Дәріс.

Ғылым методологиясы– бұл ең алдымен зерттелетін құбылыстарға әдіс таңдау, зерттеуді ұйымдастыру, алынған фактілерді талқылау, теорияны құруға апарар стратегияны анықтайтын оның дүниеге көзқарасы.

Әскери психиканың методологиялық негізін философиялық экономикалық әлеуметтік саяси білімнің бірлігі құрайды. әскери психология үшін маңызды методологиялық мәннің философиялық басты мәселесінің материалистік шешімі бар.

Бұл материя бірінші, ал сана психика адамның кейінгі яғни материядан шығады.

Философияның басты мәселесінің екінші жағы біздің санамыздың қоршаған әлемге қатысы туралы мәселе.

Диалектілік материализмді материалдық әлемді танушылыққа ғылыми негізделеді: адамзат санасы объективті шындықты дұрыс танып, қайта өзгерте алады, яғни адамның өзін де, оның санасын, психикасын да танып білуге болады. Заттардың жалпы байланысы мен шарттылығы туралы материалистік диалектика жағдайы мен материалдық әлем құбылыстары психологтарды адам психикасы мен ұжым психологиясын жасанды түрде бөлшектеуден оларды жеке құрылымдық элементтерге зерттеп білу барысында және оларды оқшау метафизикалық қарастырудан сақтандырады. Психикалық құбылыстарды зерттеп білуге мақсатты жол қамтамасыз етілуі керек.

Жеке тұлға мен ұжымның психологиясын зерттеп білудің ғылыми негізінде қозғалыстың жалпылығы және табиғат пен қоғамдағы даму туралы материалистік диалектика ережесі жатыр. Басқа құбылыстар сияқты психика үнемі дамып отырады.

Даму филогенез (яғни адам мен адамзаттың тарихи дамуы) және онтогенез (жеке адамның немесе бір нақты ұжымның дамуы). Бұл жағдайда оқытушыны адамды ондағы оңды қасиеттерді қалыптастыру және кері қасиеттерді жеңіп шығу тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудегі педагогикалық оптимизммен, сеніммен қаруландырады.

Әскери психология сондықтан өзгерістердің сапалыққа ауысу заңына сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан сарбаздың, жас сарбаздың жеке басыынң дамуы оның жекелеген психикалық процестерін жетілдіру арқылы жүзеге асады және жеке тұлғаның бүтіндей сапалық қасиеттері. Бұл жоғарғы және төменгі сынып оқушыларының, әскерге шақырылатын сарбаздың жаңа ғана әскерге шақырылған сарбаздың, запасқа шыққан сарбаздың білімін, дағдысын, іскерлігін, шеберлігін, саяси адамгершілік ерік күшін және басқа қасиеттерін салыстыру барысында көрінеді.

Қайшылықпен күрес және бірлік заңы оқытушыларға оқушының, сарбаздың жеке басының даму себебі мен даму көзін дұрыс түсінуге септігін тигізеді. Ол күрес пен қайшылықтарды шешу арқылы жүзеге асырылады: оқудағы қиыншылықтар, әскери қызмет қиындығы.

Жастардың психикасын зерттеп біле отырып, оқушылар жоққа шығару заңы әрекетін де ескереді. Жеке тұлғаның дамуы бұл күрделі, көп қырлы процесс екені белгілі, соның барысында адамның жаңа қасиеттері қалыптасады да, бұрын болған оңды қасиеттері жетілдіріліп, керісі ығыстырылады. Әскери психология сонымен қатар тарихи материализмге, ең алдымен адамды барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі ұғымға иек артады.

Әлеуметтік орта, бұл қоғам, ұжым, ең алдымен жеке тұлғаны, оның рухани ішкі әлемін қалыптастырады. Яғни, оқытушы сарбаздың, оқушының өмір сүріп, дамитын жағдайын, оның басқа адамдармен байланысатын әлеуметтік жағдайын ескеру қажет. Диалектілік және тарихи материализм жағдайына арқа сүйей отырып, әскери психология өзінің методологиялық қағидасын қалыптастырады, оның негізгілері мыналар:

- детерминизм принципі (психологиялық құбылыстардың шарттылық себебі);

- психиканың даму принципі (және жеке тұлғаның);

- сана мен қызметтің бірлік принципі;

- психикалық біртұтастық пен жеке тұлғалық принципі;

- сыртқы әсерлер мен ішкі жағдайдың бірлік принципі.

Әскери психологиядағы бұл принциптердің бірлігі жеке тұлғаны, ұжымды және қызметті оқып-үйренудегі әлеуметтік-тұлғалық қызметтік жолда көрініс табады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әскери психологияның методологиялық негіздерін не құрайды?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

5 Тақырып: Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері.

Сабақ мақсаты: Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері.

Дәріс.

Әскери психологияның әскери – теориялық негізін қазіргі соғыстың сипаты мен ерекшелігі туралы, ұрыс даласында жеңіске жетудегі адамның шешуші рөлі туралы әскери доктрина мен әскери ғылым ережесі құрайды және ұрыстағы сәттілік адамгершілік – жауынгерлік қасиеттер мен сарбаздардың әскери дайындық деңгейіне, қуатты техника мен қаруды пайдалану тиімділігіне, соғыстың барысы мен шығуына байланысты. Соғыстағы адамның шешуші рөлін мойындауды Қарулы Күштердің моральды-жауынгерлік потенциалын нығайтудың көптеген мәселелерін шешудегі әскери психологияның мәні анықтайды.

Жаңа техника өзінің қуатты күшімен моральдық жағынан басып тастау – психологиялық факторының бұрын болмаған мәнін туғызады. Ол сарбаздың әрекетіндегі ерекшелікке, оның психикасына маңызды түрде әсер етеді. Осының барлығы әскери-психологиялық ғылымның маңыздылығын көтере түседі.

Болашақ сарбаздардың заманауи ұрыс жағдайындағы белсенді әрекеттерге болашақ сарбаздардың психологиялық дайындығы мектепте БӘД оқыту процесінде басталуы керек. Осыған байланысты әскери психология әскери шеберлік, күш-қуат жағынан шынықтыру, сарбаздарда заманауи соғыс туралы, әскери техника туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, төзімділік, табандылық, эмоционалдық беріктік, өзін-өзі құрбан етуге дайындық сияқты моральдық-жауынгерлік қасиетерді қалыптастырудың жолдары мен құралдарын жасайды.

Бұл жастарды әскери қызметке дайындауды жүзеге асыратын мектептегі БӘД оқытушысы үшін бекітілген позиция болуы керек.



Сабақ мақсаты:
Тәжірибе мақсаты:
Сөж тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет