ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазіргі дүние географиясы» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



Дата18.12.2017
өлшемі360.59 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-

/01-2013


ПОӘК

«Қазіргі дүние географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 1 басылым

09.2013 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қазіргі дүние географиясы»



5В011600 – «География»мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013

Мазмұны

1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

4

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53

1 Глоссарий



Әдістеме (методика) сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді.

Әдіс дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені.

Сыныптан тыс жұмыс – географиядан оқу-тәрбие жұмысының қажетті құрам бөлігі. Географияны оқытудың материалдық базасы.

Сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: географиялық үйірме, сыныптан тыс оқуконференциялар, кештер, экскурсиялық-жорық жұмысы, «География аптасы», олимпиадалар және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстың оқу-тәрбиелеу мақсаттары: географияға деген оқушылардың таным қабілеттерін және қызығұшылығын дамыту, олардың еңбек тәрбиесі және кәсіби бағдар; экологиялық тәрбиелеу.

3. Дәрістердің қысқаша конспектері

1 дәріс Тақырыбы: «Кіріспе. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының мақсаты, есептері және мазмұны, оның маңызы және педагогикалық талаптары.»

Дәрістің мақсаты: Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының мақсатын, есептерін және мазмұнын, оның маңызын және педагогикалық талаптарын зерттеу.
Жоспары

1. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының мақсаты.

2. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының есептері және мазмұны.

3. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының маңызы және педагогикалық талаптары.



Дәрістің мазмұны:

1. Кіріспе. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу қарқындылығын жоғарлату күрделі көпжақты процесінде географияны оқу, географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың органикалық бірлік және тығыз өзара әрекеттесуіне маңызды роль беріледі. Оқу-тәрбиелеу процесінде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарының ролі жоғарлауда, себебі бұл жұмыс оқушыларды тәрбиелеу, дамыту өзекті есептерін шешуді, теориялық білімдерді өмір жағдайымен тығыз байластыруды, оқушылардың кәсіптік қызықшылуғын қалыптастыруды, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және пән игеруде тұрақты қызықшылуғын дамытуды қамтамасыз етеді. Курс «Географияны оқыту әдістемесі», «Педагогика», «Психология» пәндерімен тығыз байланысты.

2. Курстың мақсаты: Қазіргі мектепте сыныптан және мектептен тыс жұмыстарын қолдану мүмкіндіктері мен қажеттілігі туралы студенттерге білім беру. Студенттерге-болашақ мұғалімдерге оқушылармен осындай жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмек көрсету және қазіргі мектептің жағдайында болашақ география мұғалімнің осы жұмыстардың дәстүрлі формаларын қолдану жолдарына үйрету.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • Географиядан көрнекіліктерді даярлау әдістемеснің негізгі білімдер мен істей білуді кеңейту және тереңдету;

  • Болашақ география мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Болашақ география мұғалімі кәсібіне тұрақты білім алу қызықшылығын қалыптастыру;

  • Педагогика және оқыту әдістемесі саласында студенттерді зерттеу жұмыстарына қатыстыру.

Кіріспе.


Қазіргі білім беруде оқушылардың білім және тәрбие алу қарқындылығын жоғарлатуда сыныптан тыс жұмыстың мәні ерекше жоғарлауда.

Географиялық білім алудың құрам бөліктері: оқу жұмысы және сыныптан тыс өлкетану жұмыстары. Өзінің мәні, педагогикалық маңызы және мақсаты бойынша олар өзара байланысты, қамтамасыз етілуде және бір бірін толықтыруда. Сондықтан, оқытушының есебі: оқушылардың сыныптан тыс жұмысын активизациялау.

Осы мақсатпен көп мектептердегеографиядан сыныптан тыс жұмыстарға көп назар келтіріледі. Практикаға келесі формалары келтіріледі:

а) оқушылардың өзінің мекен жеріндегі табиғи-экономикалық құбылыстарды және процестерді бақылау;

б) табиғатты тану және өндірістік экскурсиялар;

в) бөлек табиғи және шаруашылық объектілерді немесе олардың бөлек ерекшеліктерін зерттеу және сипаттау беру оқушыларға жеке тапсырма беру;

г) ғылыми және көркем өлкетану әдебиетін сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру.

Оқушылармен жинақталған туған өлкесі туралы материал және өлке туралы білімдері оқутышы сәйкес тақырып оқытуда оқу процесінің белсендіру әдісі ретінде кең қолданады.



Қазіргі географиядан білім беруде сыныптан тыс жұмыстың ролі.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстың мәні жоғары. Мектеп бағдарламасымен анықталған білімдердің шегінен география ғылымының көптеген қызықты білімдері қалады. Пәннің арнайлығы: география адамға әлем туралы ең толық көрініс береді. Ал қоршаған ортаны тану келесі әдістерді пайдалануды міндетті қажет етеді: бақылау, жергілікті жұмыс орындау және т.б.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстар - өз еркімен және өздік орындалуға негізделген оқушылардың іс әрекеті, оқытушы бұл жұмысты оқушылардың білімдерінің, білім алу қызықшылуғының және қабілетінің терең дамуына бағытталуына мүмкіндік жасайды..

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – тұлғаның жаң жақты дамуын қамтамасыз ету .

Білім және тәрбие беру есептері пәнді оқытудың жалпы мақсатымен және міндеттерімен сәйкес болады.

Ең маңызды есебі – географиялық ғылымға оқушының қызықшылығын күшейту: қызықты әдістерді қолдану, ғылымның маңызды жетістіктерімен таңысу, табиғатқа немесе өндіріске экскурсиямен шығу.

Бұл жұмыс география сабағында алынған білімдерді, үйренулерді толықтыруға, тереңдетуге міндетті болады.

Сыныптан тыс жұмыстың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары

Мектептегі география басқа оқу пәндердің арасында ерекше орын алады. Ол оқушыларға басқа жаратылыс және гуманитарлық пәндермен бірге Жер табиғаты туралы білімдерді береді. Осыдан пәннің жоғары тәрбие маңызы, тұлға қалыптасуында үлесі шығады.

Сыныптан тыс жұмыстың екі негізгі бағыты анықталады:

1) оқушылардың ерекше қызықшылығын шақыратын мектеп курсының мазмұнының негізгі сұрақтарын терең оқыту

2) жергілікті орында практикалық жұмыстарды орындауда, ақпараттың әр түрлі көздерімен (карта, анықтамалар, ғылыми әдебиет, интернет-ресурстармен және т.б.) жұмыс істеуде зерттеу қабілетін қалыптастыру.

Бұның барлығы географиялық дайындыққа, өздік жұмыс орындауға, шығармашылық қабілетке оң әсер етуде.

Қатысушы оқушылардың санына және сабақтардың өткізілу кезегіне байланысты сыныптан тыс жұмыстың формалары әр түрлі болады. Жұмыстың фронталдық, топтық және жеке түрлерін ажыратады. Сабақтарды өткізу бір оқу жылдық мерзімдік өткізілуімен шектеледі.

Эпизодтық сыныптан тыс жұмыс бір реттік шараларға есептелген: бұл кештер, конференциялар, олимпиадалар, серуендеу.

Жұмыстың көпшілік формалары – география аптасы,, географиялық олимпиадалар, КВН-дар, тақырыбтық кештер, ғылыми-практикалық конференциялар, қызықты адамдармен кездесулер және т.б.

Сыныптан тыс жұмыс үстінде сабақтағы сияқты зерттеленетін материалдың ерекшелішіне байланысты оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру әдістері таңдалады – олардың талдау ең біріншіден географиялық білімнің ерекшелігі. Үлкен назарды экскурсия, серуендеу, экспедиция барысындағы табиғатты бақылау жұмыстарына немесе сабаққа дайындалу барысында географиялық әдебиетпен жұмыс істеуге береді.



  • Табиғатта жұмыс (экскурсиялар, серуендеу, бақылау және т.б.)

  • Географиялық әдіспен жұмыс істеу ( рефераттардың, баяндамалардың дайындығы, қабырға газеттерін және стендтерді шығару).

  • Ойын жұмысы (кештер, олимпиадалар, марафондар, сайыстар, іс ойындары).

География кабинеті – барлық сыныптан тыс жұмысты ұйыдастыру және бағыттау орталығы болады.

Сыныптан тыс жұмысты орындау барысында оқытушы өз кабинетін жақсы безеңдіруге, оны өлкетану материалымен және өздігінен жасалған көрнекіліктермен толықтыруға қамтамасыз етеді .

Сыныптан тыс жұмысты жоспарлауда физикалық географияның бастапқы курсынан бастап оқушылар үйірме жұмысына кірістірілу қажет. Неғұрлым пәнге қызығын оқушылар ерте бастап кетсе, соғұрлым география ғылымының саласының жетістіктерімен таңысу мүмкіндігі жоғары болады және кәсіпшілік қызықшылығы да ертеден қалыптаса бастайды.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстың қарқындылығының

негізгі көрсеткіштері:


  • Оқушылардың географиядан білімі мен істей білулердің сапасының жоғарлауы

  • Сыныпта және сыныптан тыс уақытта өткізілетін сабақтарға қызықшылуғын жоғарлату, қосымша әдебиет оқу

  • Ақпарттың әр түрлі көздерімен жұмыс істей білуді қамту

  • Оқушылардың мәдениетінің жалпы деңгейінің жоғарлауы

  • Сыныптан тыс жұмысқа қарқынды қатысатын оқушылардың тұрақты құрамының қалыптасуы

Географиялық өлкетану

Географиялық өлкетану – сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі. Географиялық өлкетанудың мәні – оқытушының жетекшілігімен өзінің өлкесінің анықталған территориясын оқу-тәрбие мақсатымен жан-жақты оқып тану. өлкетану жұмысы ерекше маңызды ролін ауыл мектебінде көрсетеді. Өлкетану – қандай болса да анықталған территорияны жан-жақты ғылыми зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде – микроауданды немесе ауылды, табиғи жағдайларды әлеуметтік, тарихи, экономикалық және мәдени тұрғыдан зерттеу болады.

Географиялық өлкетану ең біріншіден туған өлкенінің табиғатың және шаруашылығын зерттеу болады, оқушыларға өзінің өлкесің жақсы таңуға мүмкіндік береді, географиядан мектеп бағдарламасын толық игеруге көмек береді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды тәрбиелейді.

Келесіні есепке алу қажет болады:

1) территорияны зерттеу кешендік болуы тиіс, оқушылардың жастық ерекшеліктерінің есебімен;

2) ұйымдастыру формалары практикалық бағытталған және шығармашылық сипаттын көрсету тиіс, көп назар далалық зерттеулерге, экспедициялық зерттеулерге аударылған болуы керек.

Өлкетану жұмысының нәтижесі мұғалім өзі өлкетану саласында маман болуына тиіс екеніне байланысты, оқушыларды қызықтыру мүмкін болды ма? Оқытушының өздік дайындығы маңызды, туған өлкенің географиясы және тарихы, әдебиет орындары және мәдени ескерткіштері туралы білімдерінің толығына тәуелді.


2. Тақырыбы: Географиядан сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау, жоспарлар құруына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.

Дәрістің мақсаты: Географиядан сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлауды, жоспарлар құруына қойылатын негізгі педагогикалық талаптарды зерттеу.
Жоспары

1. Географиядан сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау.

2. Жоспарлар құруына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.

Дәрістің мазмұны:

6-8 сыныптарға арналған жас өлкетанушы атты география үйірмесінің білім беру бағдарламасы. Бұл 1 жылға арналған үйірме. Негізгі ұраны: Туған өлкесін сүю, оның тарихынан білім алу – барлық қоғамның рухани мәдениеті өсімінің негізі (Лихачев).

Өзектілігі: өлкетану саласы, туған өлкесі туралы білімдердің маңызды көзі., туған өлкесін сүюді тәрбиелейді, азаматтық көзқарастарын қалыптастырады. Өз өлкесін сүю үшін оны зерттеу керек. Өлкесінің тарихын білу, отан сүюді қамтамасыз етеді.

Үйірме сабақтары оқушыларға өлкесінің табиғаты, тарихы, мәдениеті туралы білімдер береді. Осындай іс-әрекет баланың жан-жақты дамуына қабілетті. Баланың интеллектуалды, рухани дамуының жетілуіне бағытталған. Бағдарлама өнделуде мәдениет бағалығын жоғарлату, көбейту, оның қайталанбастығын сақтау арқылы, өз ой санасын дамыту арқылы, өз халқының мәдениетін, рухани потенциалын білу және онымен мақтаныш сезімін балада қалыптастыру. Бағдарламада тарихтан, әдебиеттен, биологиядан және басқа да білімдерден мәлімет келтіріледі.

Үйірме сабақтарында намыстық сапалар тәрбиеленеді: ақылдылық, отанға деген сүйіспеншілік, беріктік, серіктік және т.б.

Бағдарлама 3 блоктан тұрады және 12-15 жастағы балаға арналады. Балалар еркін түрде таңдап, жиналады.

Негізгі мәселелер:


  1. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру;

  2. Туған өлкесінің мәдениеттік бағалылығын білуге балаларды тарту;

  3. Туған өлкесінің тарихымен, дәстүрімен таныстыру арқылы балалардың патриотизм сезімін дамыту;

  4. Қоршаған әлемді зерттеуге қызығушылығын ояту.


3. Тақырыбы: Әр түрлі жастағы оқушылармен сынаптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастыру формалары мен әдістері.

Дәрістің мақсаты: Әр түрлі жастағы оқушылармен сынаптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.

Жоспары

1. Әр түрлі жастағы оқушылармен сынаптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастыру формалары.

2. Әр түрлі жастағы оқушылармен сынаптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастыру әдістері.

Географиялық өлкетану

Географиялық өлкетану – сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі. Географиялық өлкетанудың мәні – оқытушының жетекшілігімен өзінің өлкесінің анықталған территориясын оқу-тәрбие мақсатымен жан-жақты оқып тану. өлкетану жұмысы ерекше маңызды ролін ауыл мектебінде көрсетеді. Өлкетану – қандай болса да анықталған территорияны жан-жақты ғылыми зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде – микроауданды немесе ауылды, табиғи жағдайларды әлеуметтік, тарихи, экономикалық және мәдени тұрғыдан зерттеу болады.

Географиялық өлкетану ең біріншіден туған өлкенінің табиғатың және шаруашылығын зерттеу болады, оқушыларға өзінің өлкесің жақсы таңуға мүмкіндік береді, географиядан мектеп бағдарламасын толық игеруге көмек береді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды тәрбиелейді.

Келесіні есепке алу қажет болады:

1) территорияны зерттеу кешендік болуы тиіс, оқушылардың жастық ерекшеліктерінің есебімен;

2) ұйымдастыру формалары практикалық бағытталған және шығармашылық сипаттын көрсету тиіс, көп назар далалық зерттеулерге, экспедициялық зерттеулерге аударылған болуы керек.

Өлкетану жұмысының нәтижесі мұғалім өзі өлкетану саласында маман болуына тиіс екеніне байланысты, оқушыларды қызықтыру мүмкін болды ма? Оқытушының өздік дайындығы маңызды, туған өлкенің географиясы және тарихы, әдебиет орындары және мәдени ескерткіштері туралы білімдерінің толығына тәуелді.



4. Тақырыбы: Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар бойынша географиялық өлкетанудың ерекшеліктері. Географиялық өлкетанудың компоненттері.

Дәрістің мақсаты: Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар бойынша географиялық өлкетанудың ерекшеліктерін және географиялық өлкетанудың компоненттерін зерттеу.

Жоспары

1. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар бойынша географиялық өлкетанудың ерекшеліктері.

2. Географиялық өлкетанудың компоненттері.

Дәрістің мазмұны:

Географиялық экскурсиялар мен экспедициялар, оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Қазіргі заманғы білім берудің мақсаткерлік міндеті – сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті жастарды даярлау. Елімізге алға қойылған міндет жастардың

Бүгінгі күннің негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілектерін қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау, табиғатын қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа экологиялық, өлкетанулық тәрбие беру. Елбасының жолдауымен 1999 жылы «Экологиялық білім бағдарламасы» деген құжаттар қабылданған. Сонымен қатар Елбасының жолдауымен қабылданған «Жасыл ел» бағдарламасы да іске асырылуда.

   Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгіліктік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық, өлкетанулық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарлама бағытында.

  Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Туған өлкенің табиғатымен таныстыру-балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Оқушыларға экологиялық тәрбие ұғымдарын беру теориялық-практикалық әдістері төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өрлеуден тұратын үрдіс. Мысалы: экология тәрбиесімен әр түрлі пән мұғалімдері, өнер адамдары, табиғат зерттеушілері, тағы басқа мамандық иелері айналысады. Оның ішінде, әсіресе, мектеп оқушыларын көбірек қамтитын география пәнінің орны ерекше. Әр бір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сан салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі, айнала қоршаған ортамен байланысты болады.

   Адам табиғат перзенті. Адам табиғаттан жеке дара тыс өмір сүре алмайды. «Судың да сұрауы бар», «Су-ырыстың көзі», «Сулы жер-нулы жер, бұлақты жер — тұрақты жер».

   Ал өлкетану-жергілікті белгілі бір шектелген өңірді немесе еліміздің шағын бөлігін оқып үйрену. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп тобалдырығын аттаудан бастайды.

  Бастауыш сыныптарда өлкетану өз туған жерін тани білумен басталады. Қоршаған орта, табиғатты көз көріп, араласып, табиғат өзгерістері туралы ұғым қалыптастырады. Ал 3-4 сыныптарда өлкетану жұмыстары барған сайын күрделене әрі кеңейе түседі, оқушылардың енді өз өлкесі жөніндегі экологиялық білім негіздері қорлана түседі. Оқушылар 3-4 сыныпта туған өлкесінің табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сәйкес адамдардың еңбектегі іс-әрекетінің өзгеруін бақылай алады.

   Бастауыш сыныптардағы экология, өлкетану жұмысы дүниетану пәніне байланысты табысты шешіледі.

    Төменгі сынып оқушыларында мұндай дағдыларды қалыптастыруда табиғат көріністерін бейнелейтін суреттерді пайдаланудың, олар бойынша жұмыс жүргізудің маңызы зор. Туған өлкені суреттей отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатын аялай білуге баулиды. Бастауыш сыныптарда табиғат қорғау, табиғатты тани білу, ең алғаш өзінің көріп жүрген туған жерінен басталады.

    Мектепте оқылатын жаратылыстану пәндерінің ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы ерекше пәннің бірі-география. Географияны оқытудың басты міндеттері-табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи сипатын ашу, оқушыларға қоршаған ортаны өзгертудегі антропогендік факторларды түсіндіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны ұқыпты қорғауға үйрету.

    Осыған орай, кең байтақ қазақ жеріне тән өзіндік ерекшелік — оның үлкен континентішілік орналасуы. Көптеген жерлерде халық аз қоныстануына байланысты бұл жерлер әскери базалар мен атом жарылысын сынайтын палигондарға беріліп, жер қойнауының байлығын — жалпы өндіріс орындарына, құнарлы жерлерді-ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруге, егіншілікті көтеруге, мал жайылымдарын — мал шаруашылығын дамытуға беріліп, біздің табиғатымызға көптеген жылдар бойы өте зор зиян тигізілді.

    География пәні бойынша әр тақырып экологиялық проблемалармен таныстыру және өлкетанулық білім беруде зор маңызы бар.

   Қорыта келгенде, экологияны оқыту әдістемесі, үздіксіз зерттеулер, тәжірибелер мен жан-жақты ізденістер қажет ететін күрделі проблемалар. Экологиялық, өлкетанулық білім беруді бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру керек өйткені экология, өлкетану курсын пән ретінде оқытудың 1-11 сыныптарға арналған мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

  Мектебімізде экологиялық және өлкетану үйірмесі жұмыс істейді.

   Үйірменің мақсаты: оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу, туған өлкенің тарихын, мәдениетін жете меңгеріп, елін жерін сүюге тәрбиелеу. Өз тәжірибемізде мектебімізде өлкетану мұражайының материалдарын сабақта кеңінен пайдалануды мақсат етіп қойдық. Үйірме жұмысын туған еліміздің тарихымен танысудан бастадық. Ең алдымен өз өлкесін танып білмеген, өзінің туып өскен жеріне сүйіспеншілігі қалыптыспаған жастан нағыз отаншыл патриот шығуы қиын. Мұражайды жабдықтау жұмысының басты міндеті өлкеміздің тарихы жайлы мол мағлұматтар қорын жинау арқылы ғана емес, халқымыздың ұлттық дәстүр, салт санасын, бүкіл мәдени мұрасы жайлы деректерді жинақтап оқу-тәрбие жұмыстарына кеңінен қолдану болды. Мұражай материалдары жүйелі түрде мынадай бөлімдерге топтастырылған:



  1. Туған өлкенің тарихы .

  2. Ұлы Отан соғысының батыры И. М. Бережнойдың өмірімен ерлігі .

  3. Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің жерлестеріміз туралы .

  4. Келлер орта мектебінің еңбек ардагерлері .

  5. Ауғаныстан соғысының жаңғырығы

Мұражай балғын жасты тәрбиелейді дей отырып, ата әкелерінің өмірін оқып үйреніп оларға лайық келешек ізбасарлары болады деп ойлаймын. Ал біз мектеп оқушыларымен мектеп мұражайының құнды материалдарын толықтырылуына әрі оқып білуге өз үлесімізді қосамыз.
5. Тақырыбы: Географиялық үйірмелер, ғылыми қоғамдар географиядан сыныптан тыс жұмыстардың формасы ретінде, олардың пән оқуда білім алуға қызықшылығын қалыптастыруда ролі.

Дәрістің мақсаты: Географиялық үйірмелерді, ғылыми қоғамдарды географиядан сыныптан тыс жұмыстардың формасы ретінде, олардың пән оқуда білім алуға қызықшылығын қалыптастыруда ролін зерттеу.

Жоспары

1. Географиялық үйірмелер, ғылыми қоғамдар географиядан сыныптан тыс жұмыстардың формасы ретінде.

2. Олардың пән оқуда білім алуға қызықшылығын қалыптастыруда ролі.
6. Тақырыбы: Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географилық кештер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.

Дәрістің мақсаты: Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формаларын: географилық кештер, конференциялар, олимпиадалар және т.б. зерттеу.

Жоспары

1. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географилық кештер.

2. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: конференциялар.

3. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: олимпиадалар.



4. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік т.б. формалары.
Жоба жазбасын бағалау шкаласы

Жоба жазбасын бағалау шкаласы


Бағасы

Көрсеткіштер

Градациясы

Балдары

1. Жоба тақырыбының дәлелдігі жоба тақырыбының өзектілігін бекітетін аргументтердің дәлелдігі

Дәлелденген; аргументтер мақсатына сай

2

 

Дәледенген ; аргументтердің кейбіреу мақсатына сай

1

Дәлелденбеген, аргументтері жоқ

0

2.Нақтылығы, мақсаты және есептерінің түсініктігі, сонымен олардың жоба тақырыбына сәйкестігі

нақты, түсінікті, сәйкес

2

 

Нақты емес, түсініксіз немесе сәйкес келмейді

1

Мақсаты мен есептері қойылмаған

0

3. Гипотезаны құрал әдістерімен орындау мүмкіндігі гипотезаныңа жоба мақсатына жетіду қамтамасыз етуі

Құралдармен жасалған, сәйкес

2

 

Құралдарды қолдану дұрыс түсіңдірілмеген

1

Нақты мақсатсыз немесе жоқ

0

4.Шолу жасалудың фундаменталдығы– мәселеме бойынша қазіргі кездің негізгі жұмыстарын қарастыру

Негізгі жұмыстар қарастырылған

2

 

Негізгі жұмыстардың кейбіреуі қарастырылған

1

Негізгі жұмыстар қолданбаған

0

5.Шолудың жаңжақтылығы және логикалық мазмұны – мәселе аспектілерінің мақсатына жетуде ең маңыздылықтарын зерттеу

Мәселе зерттелген

2

 

Мәселе жартылай зерттелген

1

Мәселе зерттелмеген

0

6.Әдебиетке шолудың теориялық маңызы– объектінің моделі көрсетілген, оның кемшіліктері анықталған

Нұсқа толық және дәлелденген

2

 

Нұсқа толық еме және әлсіз дәлелденген

1

модель объекта отсутствует

0

7.Әдістеменің дәлелділігі логикалық түсінігі бар, фактлермен және мысалдармен бекітілген

әдістемені қолдану дәлелденген

2

 

әдістемелер жеткіліксіз дәлелденген

1

әдістемелер дәлелденбеген

0

8. Әдістемелердің жеткілікті болуы -автордың жобаны өздігінен орындау (оқушы немесе оқушылар)

өздігініен орындалатын болады

2

 

Маман бақылауымен орындалады

1

Тек маманмен орындалады

0

9. Эксперименттің логикалық мазмұны және дәлелділігі

эксперимент дәлелденген және логикалық мазмұны бар

2

 

Кейбір логикалық байланыспау жағдайы кездеседі

1

эксперимент логикалық байланыспаған және дәлелденбеген

0

10.Нәтижелерді көрнекті көрсету –сызбалар, гистограммалар, схемалар, фото

әр түрлі жолдары қолданған

2

 

Кейбір жолдары қолданған

1

Бір жолы ғана қолданған

0

11. Мәселені талдау дәрежесі - әр түрлі көзқарастан нәтижелерді талдау

әр түрлі көзқарастар және олардың мазмұндамасы келтірілген

2

 

әр түрлі көзқарастар талдаусыз келтірілген

1

Тек бір көзқарас келтіріліп, түсіңдіріледі

0

12.Аавтор көзқарасыныңерекшелігі – алынған нәтижелерге өзінің ой-пікірінің болуы

Толық ерекше

2

 

автор басқа зерттеушінің көзқарасын жетілдіреді

1

автор бөтен көзқарасқа сүйенеді

0

13. қорытындының жобаның мақсаты ме есептеріне сәйкестігі, келтірілген гипотезаны бағалау

Сәйкес; гипотезаның бағасы бар

2

 

жартылай; гипотеза тек айтылады

1

Сәйкес емес; гипотеза бағасы берілмейді

0

14.Қорытынды нақтылығы және дәрежесі – ой-пікірлер, түсіндірмелер келтірілмеген

Қорытынды нақта (резюме емес)

2

 

Кейбір қорытындылар нақты емес, жалпы

1

Қорытынды жалпы

0

 

 

 

 

 


ПРАКТИКалық сабақтарды өткізудін

әдістемелік нұсқаулары
1-2. Тақырыбтары: «Мектепте географиядан жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық үйірмелер. Географиялық үйірме жобасын құру және оны қорғау

Мақсаты: Мектепте географиядан жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыруды ( географиялық үйірмелер) үйрену. Географиялық үйірме жобасын құруды және оны қорғауды үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

ТАПСЫРМА:

1. Мектепте географиядан жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық үйірмелерді даярлауды игеру.

2. Географиялық үйірме жобасын құру әдістемесін үйрену (жеке тапсырмаларды орындау).
3. Тақырыбы: «Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың көпшілік формалары: географиялық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Мақсаты: Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың көпшілік формаларын жүргізуді үйрену: географиялық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

ТАПСЫРМА:

1. Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың көпшілік формалары: географиялық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу үйрену (жеке тапсырмаларды орындау).


4-5. Тақырыбтары: «Мектепте география аптасын даярлау және өткізу әдістемелік дайындығы

Мақсаты: Мектепте география аптасын даярлау және өткізу әдістемелік дайындығын жүргізуді үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

ТАПСЫРМА:

1. Мектепте география аптасын даярлау және өткізу әдістемелік дайындығын игеру (жеке тапсырмаларды орындау).


6-7. Тақырыбтары: «Географиялық кештер, конференциялар, ойындар, викториналар, оларды дайындау және өткізу әдістемесі (жобаларды қорғау).»

Мақсаты: Географиялық кештер, конференциялар, ойындар, викториналар, оларды дайындау және өткізу әдістемесін (жобаларды қорғау) жүргізуді үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

ТАПСЫРМА:

1. Географиялық кештер, конференциялар, ойындар, викториналар, оларды дайындау және өткізу әдістемесін үйрену.

2. Жобаларды қорғау (жеке тапсырмаларды орындау).
8. Тақырыбы: «Өлкетану бойынша мектеп мұражайы және оны мектепте ұйымдастыру әдістемесі (мұражай дамуының перспективтік жоспарын құру).»

Мақсаты: Өлкетану бойынша мектеп мұражайы және оны мектепте ұйымдастыру әдістемесін (мұражай дамуының перспективтік жоспарын құру) жүргізуді үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

ТАПСЫРМА:

1. Өлкетану бойынша мектеп мұражайы және оны мектепте ұйымдастыру әдістемесін үйрену.

2. Мұражай дамуының перспективтік жоспарын құру (жеке тапсырмаларды орындау).
9. Тақырыбы: «Оқушылардың ғылыми қоғамдары: мектепте құру және ұйыдастыру әдістемесі.»

Мақсаты: Оқушылардың ғылыми қоғамдарын: мектепте құру және ұйыдастыру әдістемесін жүргізуді үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

ТАПСЫРМА:

1. Оқушылардың ғылыми қоғамдары: мектепте құру және ұйыдастыру әдістемесін үйрену (жеке тапсырмаларды орындау).



Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

Методика обучения географии в средней школе/Под ред. Панчешниковой Л.М. – М.: Просвещение, 1983.

Даринский А.В. Методика преподавания географии. – М.: Просвещение, 1978.

Баринова И.И. и др. Внеурочная работа по географии. – М.: Просвещение, 1988.

Калегиц Т.Н., Кейлина З.А. Внеклассная и внешкольная работ с учащимися. – М.: Просвещение, 1980.

Максимова Н.А. За страницами учебника географии. – М.: Просвещение, 1988.

Никонова М.Н. Практикум по географическому краеведению. – М.: Просвещение, 1985.

Қосымша:

Методический журнал «География в школе». – 2000-2010.

Республиканский научно-методический журнал «География Казахстана и экология. Преподавание в школе и вузах».

Республиканский научно-методический журнал «География в школах и вузах Казахстана»


6-7. Тақырыбтарына мысал: «Географиялық кештер, конференциялар, ойындар, викториналар, оларды дайындау және өткізу әдістемесі (жобаларды қорғау).»

Тақырыбы: “ Жер ананы жасыл етіп сақтайық ”.

Мақсаты: Студенттерді туған жер табиғатының әсемдігін, оның алуан түрлілігін және табиғатын қорғауға шақыру.

Білімділік: Жер ананың байлығы және оның қазына байлықтарын ұқыпты пайдалануды үйрету мен білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Студенттердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, туған жерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр түрлі ойын тәсілдерін пайдалана отырып, студенттерді ізденіске, еңбекқорлыққа, іскерлікке баулу, логикалық ойлауын дамыту, топпен жұмыс істеуге және шешендік қабілеттерін жоғарлату.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған кестелер.

  1. Жүргізуші: “ Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында “ деп Н.Ә.Назарбаев атап өткен. Ел басы жас ұрпаққа жан – жақты тәрбие беруге – ұстаздар қауымына зор міндет жүктеп отыр.

  2. Жүргізуші: Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінде әл – Фараби бабамыз айтқандай, шәкірттерімізге білімнен бұрын тәрбие беру ұстаздардан терең білім мен тәрбиенің сан алуан қырын игеруді талап етеді. Жаманнан жирентіп, жақсыға үйрететін, болшағына бағыт – бағдар беріп, әр шәкірттің жүрегінен орын таба білетін ізгі жан – мұғалім. Сондықтан біздің тәрбие жұмыстарымыздың жоғарғы деңгейде жүргізілуі ұстаздарға тікелей байланысты.

  1. Жүргізуші: Адамзат алдында тұрған негізгі мәселенің бірі – экология болғандықтан жас ұрпақтың қоршаған орта туралы көз қарасын дұрыс қалыптастыру керек. Адам мен табиғат бір – бірімен өте тығыз байланысты. Қазақ халқы да туғаннан табиғатқа өте жақын, қамқор болып, анасындай сүйіп аялаған. Бар тіршілігі, еңбегі, салт – санасы онымен тығыз байланыста болған. Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп – қонып өмір сүрген ел табиғатты ең қымбаттысы анасына теңеп “ Жер – анамыз “ деген, сол “ Жер – ананы “ қорғау, сақтау – перзент парызы.

  1. Тур. Логикалық сұрақтар.

Топ 1.

  1. Ең үлкен құс ? Түйеқұс.

  2. Ең сұлу және жүзгіш құс? Аққу.

  3. Шөлді қандыратын ең кең таралған сусын? Су.

  4. Бір жылдағы ең қысқа күнді ата? 22 – желтоқсан.

  5. 1956 ж Мельбурн қаласында өткен жазғы олимпиадалық ойындар неге қаңтарда өткізілді? Мельбурын Австралияда орналасқан.

Топ 2.

  1. Ән мен сәннің иесі атанған құс? Бұлбұл.

  2. Ең үлкен жидек? Қарбыз.

  3. Ұша алмайтын, бірақ балықтан кем жүзбейтін құс? Пингвин.

  4. Жер бетінің қай нүктесінен тек оңтүстік бағытқа жүруге болады? Солтүстік полюс.

  5. Далада неге сынапты емес спиртті термометр қолданылады? Қату температуралары әр түрлі, сынап – 38,9°С, спирт – 112°С.

1-Жүргізуші: Аяулы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, телегей ормандар, сылдыраған бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, аспанмен теңдескен ақ таулар, жарық ай, жарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн – өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті, киелі, әулиелі. Сондықтан сол құдретті мекенімізді сүйе білейік.

  1. Жүргізуші: Қазақта “ Ер туған жерінде, ит тойған жерінде “ деген мақал бар. Әр адамның туған жері бәрінен де қымбат. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатпен біте қайнасып,адам болып қалыптасады. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.

  1. Тур. Полиглот .

  1. - Жүргізуші: Бугінгі таңда адамзат алдында ең күрделі екі мәселе тұр. Бірі – әлемді алапат соғыстан аман алып қалу проблемасы болса, екіншісі – өзімізді қоршаған тіршілік ыстық ұя, алтын бесік, аяулы анамыз жердің табиғатын қорғау және оның қазына байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр.

  2. Жүргізуші: Міне, қазіргі кезде сан ғасырлар бойы адамзат баласы өміріне тірек болған табиғат ана көз алдымызда құлдырап барады. Осыған байланысты соңғы жылдары күнделікті баспа беттерінен, радио, теледидар бағдарламаларынан “экологиялық апат”, “экологиялық проблема” деген атауларды жиі естиміз.

  3. Тур. Білгенге маржан .

  1. Жүргізуші: Республикамызда эколгиялық қатерлі апат аймағы деп айтылып жүрген Арал теңізі мен Балқаш көлін қорғау мәселесін де, Семей тұрғындарының ауыр халі, жер бетіндегі небір тірі атаулының құрып кетуі, ауаның ластануы, талай жылдар бойы жүргізіліп келген атом, ракета сынақтары ата жұртымызды астан – кестен қылғаны – осының бәрі адам баласының табиғатқа салғырт қарауының нәтижесі.

  1. Тур. Егер мен ...

“ Қаланы гүлдендіру және өнеркәсіпті дамытудың маңызы “ тақырыптары бойынша шешендік өнерлерін ортаға салсын.

  1. Жүргізуші: Жер – Ананы, табиғатты аялай білу ұлтымыздың өз ұрпақтарына қалдырған аманаты. Ұлттық тәрбие тек қана табиғатты қорғап қана қоймайды, әрбір жас ұрпақты мейірімділікке, инабаттылыққа, тазалыққа, еңбекке тәрбиелейді. Экология туралы өсиет сөздер Құран мен Пайғамбар хадистерінде де бар.

5. студенттердің Оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстарының

әдістемелік нұсқаулары

Глоссарий

Алғашқы (титулдық) бетінде тақырыбы жазылады (глоссарий жазылатын), студент оқитын факультет атауы, оның тобы, аты-жөні толық. Содан кейін алфавит тізімі бойынша осы тақырыбқа жататын негізгі түсініктер және әр біреуін нақты анықтамалары беріледі. Түсініктер басқа шрифпен немесе астынан сызылып көрсетіледі.



Реферат

Реферат жазылуында келесі құрылысы сақталады: 1) Титулдық беті – реферат тақырыбы, студент оқитын факультет атауы, оның тобы, аты-жөні толық жазылады; 2) Жоспары (мазмұны), бұнда рефераттың негізгі бөлімдерінің атаулары және олардың басталу беттері көрсетіледі; 3) Атауы мен жоспарынан кейін кіріспе жазылады, бұнда автор шешілетін мәселелерді, ұсынылатын материалдың мақсаты мен есептерін көрсетеді; 4) Негізгі бөлімінде рефераттың жоспарланған бөлімдері ашылып жазылады; 5) Қорытынды безендіріледі, оған автордың берілген мәселеге қатысты жеке қорытындылары және ұсыныстары кіргізіледі; 6) Рефератты жазуда пайдаланған әдебиет тізімі келтіріледі.

Реферат көлемі компьютермен басылған 10 бет және қолмен жазылған 12 бет текст мөлшерінен аз болмау керек. Барлық беттер номерленген болуы тиіс (титулдық бетінде номер қойылмайды, бірақ ол жалпы нумерацияға кіргізіледі). Рефераттың жаңа бөлімінің басталуын алдыдағы бөлімнен бөліп көрсету қажет және оның аталуы міндетті түрде жазылады.

Тезистық конспект

Тақырыбқа қатысты негізгі түсініктер сипатталады, немесе студент өзінің ауысша жауабының құрылысын қалыптастыруда сүйнетін жоспары жасалады.



Ашық конспект (жазба жұмыс)

Конспектың жоспары құрастырылады. Тақырыбтың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттің (қызықты, ғылыми-баспалық және т.б.) қолдануымен толық, анық, кең ашылып қарастырылады. Конспект тақырыбтың берілген пунктісі бойынша нақты мысалдарды кіргізу тиіс.




  1. Географиядан үйірме сабағының тақырыбтық жоспарын құру.

Мақсаты: Географиядан үйірме сабағының тақырыбтық жоспарын құруды үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: ауысша қорғау және сұрақтарға жауап беру.


  1. Географиядан мектеп олимпиадасының тапсырмаларын және өткізу бағдарламасын дайындау.

Мақсаты: Географиядан мектеп олимпиадасының тапсырмаларын және өткізу бағдарламасын дайындауды үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: ауысша қорғау және сұрақтарға жауап беру.


  1. Мектеп оқушыларының ғылыми географиялық қоғамының жұмыс жоспарын құру.

Мақсаты: Мектеп оқушыларының ғылыми географиялық қоғамының жұмыс жоспарын құруды үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: ауысша қорғау және сұрақтарға жауап беру.
6. СӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

1. Географиялық экскурсиялар және экспедициялар, оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Мақсаты: Географиялық экскурсиялар және экспедициялар, оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесін үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазба жұмыс.
2. Туристік жорықтар, жас туристердің жиналысы.

Мақсаты: Туристік жорықтар, жас туристердің жиналысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесін үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: тезістік конспект.
3. Мектепте географиядан профилдік курстарды ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесін оқыту.

Мақсаты: Мектепте географиядан профилдік курстарды ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесін оқыту, ұйымдастыру және өткізу әдістемесін үйрену.

Орындалу формасы: практикалық жұмыс.

Тапсыру формасы: тезістік конспект.
7. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕГІШ ӘДІСТЕРІ

    1. 7.1 ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының мақсаты, есептері.

2. Мектепте географиядан жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық үйірмелер. Географиялық үйірме жобасын құру және оны қорғау.

3. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының маңызы және педагогикалық талаптары.

4. Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың көпшілік формалары: географиялық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

5. Географиядан сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау, жоспарлар құруына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.

6. Мектеп оқушыларының ғылыми географиялық қоғамының жұмыс жоспарын құру және жүргізу әдістемесі, жобасын қорғау.

7. Әр түрлі жастағы оқушылармен сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастыру формалары мен әдістері.

8. Өлкетану бойынша мектеп мұражайы және оны мектепте ұйымдастыру әдістемесі (мұражай дамуының перспективтік жоспарын құру), жобасын қорғау.

9. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар бойынша географиялық өлкетанудың ерекшеліктері. Географиялық өлкетанудың компоненттері.

10. Мектепте географиядан жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық үйірмелер. Географиялық үйірме жобасын құру және оны қорғау.

11. Географиялық үйірмелер географиядан сыныптан тыс жұмыстардың формасы ретінде, олардың пән оқуда білім алуға қызығушылығын қалыптастыруда ролі.

12. Мектепте географиядан сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық ойындар. Географиялық ойын сайысының жобасын құру және оны қорғау.

13. Географиялық ғылыми қоғамдар географиядан сыныптан тыс жұмыстардың формасы ретінде, олардың пән оқуда білім алуға қызығушылығын қалыптастыруда ролі.

14. Мектепте географиядан сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық викториналар. Географиялық викторина жобасын құру және оны қорғау.

15. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географиялық кештер, оларды дайындау және өткізу әдістемесі.

16. География кабинетінде экспозициялар мен композицияларды құру, жобасын қорғау.

17. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географиялық конференциялар, оларды дайындау және өткізу әдістемесі.

18. География өлкетану мұражайында экспозициялар мен композицияларды құру, жобасын қорғау.

19. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географиялық олимпиадалар, оларды дайындау және өткізу әдістемесі.

20. Мектепте географиядан мектептен тыс жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық экспедиция. Географиялық экспедиция жобасын құру және оны қорғау.

21. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географиялық ойындар, оларды дайындау және өткізу әдістемесі.

22. Мектепте географиядан сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық ғылыми қоғам. Географиялық ғылыми қоғамының жобасын құру және оны қорғау.

23. Мектепте географиядан профилдік курстарды ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесін оқыту.

24. Мектепте географиядан жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық үйірмелер. Географиялық үйірме жобасын құру және оны қорғау.

25. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың көпшілік формалары: туристік жорықтар, жас туристердің жиналысы, оларды дайындау және өткізу әдістемесі.

26. Мектепте географиядан профилдік курстын жоспарын, бағдарламасын, жүргізу тәжірибесін құру, жобасын қорғау.

27. Мектепте география аптасын даярлау және өткізу әдістемелік дайындығы.

28. Мектепте географиядан мектептен тыс жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру: географиялық экскурсия. Географиялық экскурсия жобасын құру және оны қорғау.

29. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географиялық кештер, оларды дайындау және өткізу әдістемесі.

30. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың көпшілік формалары. Географиялық экскурсиялар, оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

31. Мектепте география аптасын даярлау және өткізу әдістемелік дайындығын игеру.

32. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың көпшілік формалары. Географиялық экспедициялар, оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

33. Географиядан мектеп олимпиадасының тапсырмаларын және өткізу бағдарламасын дайындау, жобасын қорғау.

34. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік формалары: географиялық викториналар, оларды дайындау және өткізу әдістемесі.



35. Мектеп өлкетану мұражайы және оны өздік жабдықтау.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет