ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)



жүктеу 180.53 Kb.
Дата16.07.2017
өлшемі180.53 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

Силлабус

Силлабус

042-18-10.1.66/01– 2016

Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)


Редакция №1

08.09.2016 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Пән атауы: «Жануарлар биохимиясы»

Кредит саны: 3

Шифр – мамандық атауы: 5В080300 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы

Факультет, кафедра: Инженер-технологиялық

Химия және химиялық технологиялар

Семей 2016
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы ___________ «29» 06 2016 ж.

Б.С.Гайсина, химия магистрі, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 «Химия және химиялық технологиялар» кафедра отырысында

Хаттама «29» 06 2016 жыл, №14.

Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Х. Мусабаева
2.2 Инженер-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама «24» 08 2016 жыл, № 5/1.

Төрайымы ______________ А.Н.Нургазезова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды


Хаттама «08» 09 2016 жыл, № 1.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
ОӘК төрайымы ____________Г.Қ. Искакова
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны


1

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

4

2

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

6

3

КУРС САЯСАТЫ

7

4

БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

8

5

ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР

11


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Гайсина Балжан Сайлауқызы, химия магистрі, аға оқытушы

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел. 35-05-90, e-mail: balzhan-1982@mail.ru,

оқу ғимараты № 9, кабинет № 418

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 406


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

«Жануарлар биохимиясы» пәні мамандықтың кәсіби білім беру жүйесінде базалық пәндердің таңдау бойынша компоненттер қатарындағы химиялық ғылымдардың бірі.

Берілген силлабус келесі нормативтік құжаттар негізінде әзірленген:


  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • таңдау компоненті бойынша оқу бағдарламасы ЖОО ОӘК отырысында бекітілген 08.09.2016 ж. №1 хаттама сәйкес әзірленген.

«Жануарлар биохимиясы» пәні 5В080300 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша барлық студенттердің оқып-үйренудегі міндетті компонент болып саналады. Ол тірі организмнің химиялық құрамын,тірі материяда болатын химиялық реакцияларды, тірі организмдегі заттардың биологиялық функциямен молекуларлық құрамымен өзара байланысын зерттейді. Биохимия тірі организмде өтетін процесстерін терең түсіну үшін негізі ғылым болып саналады.


1.3 Пәнді оқыту мақсаты

Білім алушылар «Жануарлар биохимиясы» курсының тіршіліктің молекулалық негізін, биологиялық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, осы заттардың тіршіліктің әрекеті бойынша реакцияларын оқып білу болып табылады.


1.4 Пәнді оқытудың міндеттері

Білім алушылар биологиялық маңызды заттардың негізгі кластарын, осы заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін;



- организмде атқаратын биологиялық қызметтерін, әсерінің механизмдерін;

- тіршілік процестерінде биологиялық заттардың өзгеруін, әрекеттесуін, зат алмасуының негізгі жолдарын;

- негізгі биохимиялық жүйелерінің және химиялық реакцияларын оқып білу керек; биологиялық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін зерттеу үшін практикалық дағды алу керек.
1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:



білу:

- тірі ағзаның химиялық құрамын, жоғары молекулалы белоктар, көмірсулар, майлар және нуклеин қышқылдарының құрылысын және физико-химиялық қасиеттерін, сол сияқты биологиялық активті заттар – витаминдер, ферменттер және гормондардың әсер ету механизмдерін білуі;



орындай алу:

-тірі ағзадағы зат алмасу және энергия алмасу туралы білімді меңгеруі;

- тірі ағзадағы зат алмасудың катаболизм және анаболизм реакцияларын игеруі;

- қоректік заттарға және биологиялық активті заттарға биохимиялық әдістермен зерттеулер істей алуы;



дағдысының болуы:

- биологиялық активтік қосылыстарды синтездеуге, ажырата білуге, сараптауға бейімдеу;

1.6 Курстың пререквизиті

1.6.1 «Химия» (мектеп бағдарламасы);

1.6.2 «Органикалық химия» (мектеп бағдарламасы).
1.7 Курстың постреквизиті

1.7.1 «Өсімдіктер биотехнологиясы»;

1.7.2 «Цитология»;

1.7.3 «Физиология»;

1.7.4 «Молекулалық биология».


1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме


1-кесте

Курс

Семестр

Креди

ттер


ДС

(сағ.)


СТС

(сағ.)


ЗЖ

(сағ.)


БӨЖ

(сағ.)


Барлығы

(сағ.)


Қорытынды бақылаудың нысаны

2

4

3

15

30




90

135

емтихан


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ



2 – кесте



Модуль. Тақырып

Сағаттар саны

Әдебиет

ДС

СПЗ

ЗЖ

БӨЖ

Модуль 1. Ерітінділер. Дисперсті жүйелер

1

Ерітінділер. Судың құрылысы. Дисперсті жүйелер

1

2




6

5.1.1

174-177 б.




Модуль 2. Зат алмасуының биологиялық реттегіштері

2

Дәрумендер –табиғи биореттегіштер

1

2




6

5.1.1

11-31 б.


3

Биохимиялық үдерістердің биологиялық катализаторлары. Ферменттер.

1

2




6

5.1.1

32-46 б.


4

Гормондар- алмасу үдерістерінің реттегіштері

1

2




6

5.1.1

49-63 б.


Модуль 3. Зат және қуат алмасудың метаболиттік жолдары

5

Зат және қуат алмасу жөніндегі жалпы түсінік

1

2




6

5.1.1

64-72 б.


6

Көмірсулардың химиялық табиғаты және метаболизмі. Көмірсулардың анаэробтық ыдырауы.

1

2




6

5.1.1

133-140 б.



7

Көмірсулардың аэробтық ыдырауы.

1

2




6

5.1.1

142-150 б.



8

Липидтердің химиялық табиғаты және метаболизмі.

1

2




6

5.1.1

151-168 б.



9

Белоктар. Белоктардың жіктелуі.

1

2




6

5.1.1

96-111 б.



10

Белоктардың асқазандағы және ішектегі гидролизі.

1

2




6

5.1.1

112-121 б.



11

Аминқышқылдарының ағзадағы биосинтезі.

1

2




6

5.1.1

126-131б.



12

Алмасу үдерістерінің өзара байланысы

1

2




6

5.1.1

193-197 б.



Модуль 4. Нуклеин қышқылдарының биохимиясы

13

Нуклеин қышқылдарының құрамы. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ).

1

2




6

5.1.1

76-89 б.


14

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

1

2




6

5.1.1

93-95 б.


Модуль 5. Белок биосинтезі және оның реттелуі

15

Жасушадағы белок синтезі. Белок синтезінің реттелуі.

1

2




6

5.1.1

121-126 б.






БАРЛЫҒЫ:

15

30




90








2.1 1-2 аралық білімді бақылау тапсырмалары

Межелік аттестация: Межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және межелік бақылауды ескере қойылады.






Межелік бақылау тақырыптары

Бақылау түрі

Құрылымы

1

Ерітінділер. Дисперсті жүйелер. Зат алмасуының биологиялық реттегіштері. Зат және қуат алмасудың метаболиттік жолдары

Компьютерлік тест

Тест тапсырмалары, жалпы 200 сұрақ, 5 жауап нұсқасымен

2

Липидтердің химиялық табиғаты және метаболизмі. Нуклеин қышқылдарының биохимиясы. Белок биосинтезі және оның реттелуі.

Компьютерлік тест

Тест тапсырмалары, жалпы 200 сұрақ, 5 жауап нұсқасымен



3 курс САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандайда бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.

Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық аттестациясының қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.

Аралық аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.

Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.

Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.

Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.



4 Баға Қою саясаты

Басқа кредиттерден тәуелсіз әр пәнге бір академиялық кезең үшін 600 балл бөлінеді (1-7 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін, 8-15 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).



Апта және білімді бақылау түрлері бойынша балл бөлу 3-кестеде көрсетілген.
3– кесте

Апта №

Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының, БӨЖ тақырыптары

Білімді бақылау түрі

Барлық балл


1

2

3

4

1-7

1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу


Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

1

2

3

4

Тәжірибелік сабақтар, БӨЖ

1

Ерітінділер концентрациясы. Осмостық қысымды анықтауға арналған есептерді шығару.

Практикалық жұмыс




2

Студенттерді дәрумендерді анықтаудың сапалық және сандық әдістерімен таныстыру. «Дәрумендер» тақырыбына видеофильмнің көрсетілімі

Практикалық жұмыс

20

3

Ферменттер. Ферментативті реакциялардың кинетикасы. Ферментативті реакциялардың жүруіне әсер ететін факторлар. Энзимологиялық зерттеулер әдістерімен таныстыру.

Практикалық жұмыс

20

4

Гормондардың химиялық табиғаты және олардың зат алмасуға әсері. Биохимиялық үдерістерге әсер ететін гормональды факторлар. «Гормондар» тақырыбына арналған видеофильмнің көрсетілімі

Практикалық жұмыс

20

5

Биологиялық тотығу және биоэнергетика. Термодинамика заңдары. Энтальпия, энтропия. «Биологиялық тотығу және биоэнергетика» тақырыбына арналған есептерді шығару

Практикалық жұмыс

20

6

Көмірсулар метаболизмі. Көмірсуларды анықтаудың сапалық және сандық әдістерімен таныстыру. «Көмірсулар алмасуы» тақырыбына арналған видеофильмнің көрсетілімі

Практикалық жұмыс

20

6

БӨЖ. Дәрумендер. Ферменттер. Гормондар. Көмірсулар.

Презентация дайындау

80

7

Межелік бақылау 1

Компьютерлік тест

90

1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300

8-15

8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу

Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

Зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар, семинар, БӨЖ

8

Липидтер алмасуы. Фосфолипидтердің жіктелуі. Ацетил А-коферментінің алмасуы. Май қышқылдары биосинтезінің және β –тотығу үдерісінің теңдеулерін жазу

Практикалық жұмыс

14

9

Белоктардың, нуклеозидтердің, нуклеотидтердің биосинтезі. Белоктар синтезінің реттелуі. ДНҚ репликациясы.

Практикалық жұмыс

14

10

Белоктар мен нуклеин қышқылдарын анықтау әдістері. Белоктар мен нуклеин қышқылдарының алмасуына арналған видеофильм көрсетілімі

Практикалық жұмыс

14

11

Белоктардың асқазандағы және ішектегі гидролизі. Аминқышқылдарының ағзадағы биосинтезі

Практикалық жұмыс

14

12

Әр түрлі алмасу үдерісінің байланысы.

Практикалық жұмыс

14

13

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ). Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

Практикалық жұмыс

14

14

Натрий, калий,кальций және басқа да микро-, макроэлементтердің биологиялық маңызы. Қанның резервтік сілтілігі. Ацидоз және алкалоз

Практикалық жұмыс

16

14

БӨЖ. Майлар, белоктар химиясы. Зат алмасу.

Презентация дайындау

80

15

Межелік бақылау 2

Компьютерлік тест

90

8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы

30+270=300

Емтиханның қорытынды баллы




400

Академиялық кезең үшін қорытынды балл




1000

Оқытушы баллды бөлу бойынша мәліметтерді электронды журналға енгізеді.

Білім алушы пән бойынша емтиханға кіруге егер оның пәннің пререквизиті болып табылатын семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана рұқсат етіледі.

Білім алушы пән бойынша емтиханға егер, семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пәннің пререквизиті болып табылатын пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана кіруіне рұқсат етіледі.

Пән бойынша емтихан бағасы ең жоғарғы оқу үлгерімі көрсеткіштері бойынша анықталады: қорытынды аттестация (60%), емтихан (40%), барлығы 100% құрайды.

Пән бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалау шкала бойынша анықталады (4-кесте).


4 – кесте



Білімді бағалаудың көпбаллды әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау


Баллдардың цифрлық эквиваленті



Пайыздық мазмұны


Дәстүрлі жүйе бойынша баға


1

2

3

4

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

В-

2,67

75-79

1

2

3

4

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық


С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз





5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР

5.1 Негізгі әдебиет


5.1.1 Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы.- Семей: 2014.-240 б.

5.1.2 Сейітов Қ.С. Биологиялық химия.-Алматы: «Қайнар» университеті, 1992.-384 б.

5.1.3 Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках. –Алматы: Ғылым, 2001.-285 с.

5.1.4 Аксартов Н.М. Биохимия /эл.-ресурс/лекционный курс.-Караганда: КарГУ, 2005.-1 эл. диск.



      1. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы.- Алматы: Ана тілі, 2004.-200 б.

5.1.6 Кайрханов К.К. Методические указания к лабораторным занятиям по биохимии /издание третье, переработанное и дополненное/ Семипалатинск, ЦНТИ, 2003.

5.2 Қосымша әдебиеттер


5.2.1 Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф., Биохимия.-Москва: 2000.-520 с.

5.2.2 Строев Е.А. Биологическая химия. -М.: 1986.-480 с.

5.2.3 Николаев А.Я. Биохимия. Москва: 1989.-495 с.

5.2.4 Строев Е. А., Макарова А. А., Практикум по биологической химии. М.: «Высшая школа», 1986. -231с.



5.3 Интернет-ресурстар


5.3.1 http://www.biochemistry.ru

5.3.2 http://biochemistry.ru/biohimija_severina/B5873Content.html
: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет