Пәні: Дүниетану. Тақырыбы: Шалғын өсімдіктерімен жануарлары. Мақсаты



Дата03.07.2017
өлшемі36.29 Kb.
Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Дүниетану. Тақырыбы: Шалғын өсімдіктерімен жануарлары. Мақсаты: Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы, олардың түрлері, ерекшеліктері туралы толық мағұлмат беру

Оқыту нәтижесі: а)Балалар шалғын өсімдіктері мен жануарлары жайлы білімдерін толықтырады. ә) кез-келген уақытта шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы дұрыс талдай білуге дағдыланады,білімді жете меңгереді. б) топпен жеке жұмыс түрлерін орындайды.

Сабақтың әдісі: «Бұлт », «Шелектегі идея», «Рас па?» стратегиясы, сұрақ-жауап, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар, суреттер, презентация.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі: а)Психологиялық ахуал(оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді) ә)Сезім мүшелері арқылы төрт топқа бөлу. II. Үй тапсырмасын тексеру: а) Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік жайларына бейімделуі туралы тусінгендерін сұрау. ә) «Бұлт» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту. III.Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту: Жұмбақ шешу:(саршұнақ,ара,бөдене,гүл ) Мұғалімнің түсіндірмесі: Шөптесін өсімдіктер жаз бойы ылғалы жеткілікті жерлерде жайқалып өседі.Аумағы жағынан үлкендерін шалғын деп атайды. Шалғындар көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл жағаларын, тау етектерін алып жатады. Шалғынды жазықтан , өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады. Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан-алуан түрлі- түсті гүл келтелері көздің жауын алады.Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезден басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады. Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң, қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғында бунақденелілер өте көп болады. Гүлден-гүлге қонып, тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де, гүлге ұқсас көбелектерді де көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да көкшегірткелер, түкті аралар да қаптап жүреді.Шалғында бөдене де көп кездеседі. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады. Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал, саршұнақ, көртышқан сияқтылар болады. Сурет бойынша әңгіме. Оқулықпен жұмыс. а )Іштей оқу. ә)Сұраққа жауап алу б)Слайдтар бойынша жұмыс. Топтық жұмыс. ( Әр топ постер арқылы жұмыстарын қорғайды) I-топ : Шалғын құсы. (бөдене) II-топ: Шалғындық өсімдіктері. (Жоңышқа,қылтанақсыз арпабас, атқонақ,жұпаргүл,күреңот,тышқанбұршақ) III-топ :Шалғын жануарлары. (саршұнақ,көртышқан) IV-топ:Шалғындағы бунақденелілер. (қоңыздар,түкті аралар, көкшегірткелер) Сергіту сәті: «Қызыл өрік» «Рас па?» стратегиясы бойынша бекіту.

«Рас па»? стратегиясы

Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?







Сарғалдақтың бес сары күлтесі бар екені рас па?







Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?







Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?







Адамдардың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?







Көк шалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?







Түкті ара, бал ара, жабайы ара және құмырсқалар гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па?







Дала тышқандары, көртышқандары, қояндар мен құстар да шалғынды паналайтыны рас па?







Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?







Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?







«Шелектегі идея» әдісі бойынша сабақты қорыту. (оқушылар шелек ішіндегі түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы,өткен және жаңа сабақты қортындылайды) Сабақты қорытып,кері байланыс орнату:Сабақ ұнады? Сабақ ұнамады,қиын болды? Оқушылар өз ойларын екі түсті стикерлер арқылы көрсету. Үйге тапсырма: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсініп оқу.Шалғын,шабындық туралы өз ойларын қысқаша жазып келу. Бағалау: «Бес саусақ» арқылы.

Дайындаған: Есенова Ляиля Байтоллақызы. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 жалпы орта білім беретін мектептің 1санатты, бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 34жыл. 3(базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім.



Менің электронды почтам: esenova_1962@mail.ru
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет