Пәні Қазақ әдебиеті 6 сынып 05. 02. 2015 Тақырыбы



Дата10.04.2018
өлшемі127.92 Kb.
түріСабақ

Пәні

Қазақ әдебиеті

6 сынып

05.02.2015

Тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» (1-сағат)




Мақсаты

«Менің атым- Қожа»  повесінің мазмұнын меңгерту, сын тұрғысынан  ойлап, талқылау. Б.Соқпақбаевтың бұл шығармасының қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын ұғындыру.

Міндеті

  • Б.Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру.

  • Тәрбиелік мәнін ашу;

  • Ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтиже

  • Б.Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен танысады

  • «Менің атым- Қожа»  повесінің мазмұнын меңгереді

  • Сын тұрғысынан  ой қорытады.

  • Повестің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны туралы ой түйеді

  • Тәрбиелік мәнін ашады

  • Ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасайды



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті,

әдіс -тәсілдер

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

/3 мин/


Үй тапсырмасын сұрау

ББЖӘТ: көңіл күй тренингі

«Менің атым-Қожа» фильміндегі ән

Бағалау криетрийлерімен таныстыру


Оқушылар әннің бір шумағын бірге шырқайды

Бағалау критерийлерімен танысады






Мр3

Бағалау критерийлері



Повестен үзіндіні оқу

Б.Соқпақбаев туралы мәлімет



Б.Соқпақбаев өмірі туралы мәліметті оқиды

Формативті бағалау




Қызығушылықты ояту

АКТ: «Менің атым -Қожа» фильмінен үзінді көрсетіп, бұл фильм туралы не білетіндерін сұрайды.

Мұғалім повестің жазылуы туралы, бұрын «Өзім туралы» деп аталғаны туралы қысқаша мәлімет береді.



  • Мәтіннің мазмұнымен бәріміз таныспыз ба?

  • Ендеше Қожаның сұрақтарына жауап беріп көрейікші.

(флипчартта немесе хат түрінде)

Балалар фильмнен үзіндіні қарап, қандай фильмнен алынғанын айтады.

Қожаның сұрақтары

1.Мен кітап сатып алу үшін қандай қулық жасап едім?

2.Мен бақаны мектепке не үшін әкеліп едім?

3.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?
4.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?


Мадақтау арқылы формативті бағалау

Формативті бағалау



Фильм «Менің атым –Қожа»

Флипчарт 1

Хат



Мағынаны тану

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі – Композициялық құрылысына талдау

В деңгейі – Семантикалық картамен жұмыс /қосымша№1/

С деңгейі – «Ат қою» дәстүрі туралы не білесіңдер? (планшеттен интернетке қосылу арқылы ақпарат іздейді)





Флипчарт 2

Семантикалық карта

Смартфон

Қосымша №1



ББЖӘТ: топтық жоба

СТОҮ: «Ақылдың алты қалпағы»

Оқушыларды партада отырған күйі төртеуден 6 топқа біріктіреді, тапсырмаларын, оның орындалу жолын түсіндіреді.


 

Ақ қалпақ

Фильм туралы мәлімет беру (мәлімет пен сурет қиындыларын өзара байланыстырады) қосымша 2






Қызыл қалпақ

Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдың? (қуаныш, реніш, аяныш, ризашылық)






Қара қалпақ

Әңгімедегі кейіпкерлер бойындағы кемшіліктер немесе олар жасаған қателіктерді іздестіреді






Сары қалпақ

Әңгімедегі кейіпкерлер бойындағы артықшылықты іздестіреді



 

Жасыл қалпақ

Сендер повесті қалай аяқтар едіңдер?



 

Көк қалпақ

Қожа өз алдына мақсат қоя білді. Ал сендер өз алдарыңа қандай мақсат қояр едіңдер? Құпия кеңес






Топтардың жұмысын бас бармақ арқылы формативті бағалау

6 қалпақ

Қосымша №2



Ой толғаныс

СТОҮ: эссе «Қожаның замандастары мен бүгінгі балалар өмірі: айырмашылығы неде?»

Балалар Қожа мен оның сыныптастарының іс-әрекетін ой елегінен өткізеді, өздерінің өмірімен байланыстырып, ой қорытады, эссе жазып, «Автор орындығында» оқиды.

Критерий бойынша




Бағалау

ОҮБ: Критерий бойынша өзін-өзі бағалау

Бағалау парағы

Үй тапсырмасы

/1мин/


ДБЖ: деңгейлік тапсырма

А,В деңгейі:

В,С деңгейі: Повесть бойынша 5 жуан, 5 жіңішке сұрақ құрау









Кері байланыс













 

Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?(смартфоннан интернеттен алу) Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

Фильм туралы мәлімет беру





Қызыл қалпақ

Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды? 



Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдың? (қуаныш, реніш, аяныш, ризашылық)




Қара қалпақ

Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? 



Әңгімедегі кейіпкерлер бойындағы кемшіліктер немесе олар жасаған қателіктерді іздестіреді

Қожа Жантас Майқанова




Сары қалпақ

Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?  



Әңгімедегі кейіпкерлер бойындағы артықшылықты іздестіреді

Қожа Жантас Майқанова Жанар Анасы Әжесі



 

Жасыл қалпақ

Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды



Сендер повесті қалай аяқтар едіңдер?

 

Көк қалпақ

Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

Қожа өз алдына мақсат қоя білді. Ал сендер өз алдарыңа қандай мақсат қояр едіңдер?

 



Қосымша №1 Семантикалық карта

Мысал

Менің атым...

Ағаттық аяқ астында

Бір сәтті кез

Ағаттықтың азабы

Түбі адам болатын бала

Түстен кейін төсегімде демалып жатып ойға қалдым. Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау деймін. Әрине, Жантасқа жолдама беріп, маған бермегені оныкі де әділдік емес.




+










«Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?» деп сұрады зоология пәні мұғалімі Оспанов.










+




Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен

+













Мен өзімнің өмірімдегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім.













+

Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме-өзім есеп беріп, жақсы-жаман қылықтарымды осы дәптерге жазып отырамын.













+

Қоңырау соғылып кетті. Бірінші сабақ орыс тілі болатын







+









Табыс өлшемдері

Дискрипторлар

ұпай

Үй тапсырмасын орындауы

Б.Соқпақбаев туралы мәлімет интернеттен, журналдардан іздедім, қажетті, қызықтысын таңдап алдым

Б.Соқпақбаев туралы мәлімет интернеттен, журналдардан іздедім, көшіріп алдым

Мәлімет іздемедім немесе таба алмадым


2

1

0



Б.Соқпақбаев туралы білемін


Өмірі, шығармалары туралы кең көлемде білемін, айтып бере аламын

Өмірі , шығармалары туралы қысқаша түсінігім бар, айтып бере аламын

Өмірі, шығармашылығы туралы білмеймін


2

1

0



«Менің атым –Қожа» повесінің мазмұнын білуі

Повестің мазмұнын жақсы білемін, жоспар құрып, мазмұндай аламын, сұрақтарға жауап бере аламын

Повестің мазмұнын білемін, мазмұндай аламын, сұрақтарға жауап беремін, бірақ жоспарлауда қиналамын

Повестің мазмұнын білмеймін, мазмұндай алмаймын


2

1

0



А деңгейі – Композициялық құрылысына талдау
В деңгейі – Семантикалық картамен жұмыс
С деңгейі – «Ат қою» дәстүрі туралы не білесіңдер?

Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай аламын, оқиға желісін жақсы білемін

Оқиға желісін білемін, бірақ әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасауда қиналамын

Оқиға желісін ажырата алмаймын, құрылысына талдау жасай алмаймын


2

1

0



Үзінділерді бөлімдермен сәйкестендіруде 5-6 жауап болды немесе мүлдем қатесіз орындаймын

Үзінділерді бөлімдермен сәйкестендіруде 3-4 дұрыс болды

Үзінділерді бөлімдермен сәйкестендіруде 1-2 жауап дұрыс не бірде-бірі дұрыс емес болды


2

1

0



Ат қою дәстүрі туралы жан-жақты түсінігім бар, өмірмен байланысты , жан-жақты жауап бере аламын

Ат қою дәстүрі туралы түсінігім бар, жан-жақты жауап беруде қиналамын

Түсінігім жоқ


2

1

0



Эссе

Қожаның замандастары мен бүгінгі балалар өмірі туралы салыстырмалы қорытынды ой түйе аламын

Қожаның замандастары мен бүгінгі балалар өмірі туралы қорытынды ой түйюде қиналамын

Эссе жаза алмаймын


2

1

0



Қорытынды ұпай саны







Баға

8-10 ұпай – «5»; 5-7 ұпай – «4»; 1-4 ұпай - «3»




Қосымша №2

1963 жылы "Қазақфильм" студиясы Б.Соқпақбаевтың кітабы бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.



«Менің атым Қожа» фильмінің жанры: комедия, жанұялық; Ол 1963 жылы Қазақстанда түсірілген. Фильмнің режиссері Абдолла Қарсақбаев. Ал әңгіменің авторы: Бердібек Сокпақбаев. Фильмнің сценарийін жазған сценарий авторлары : Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский. Кейіпкерлерді сомдаған актерлер: Қожа – Нұрлан Сегізбаев, Сұлтан – Марат Көкенов,
Жанар – Гүлнар Құрабаева, Жантас - Ерік Құрмашев, Миллат- (Қожаның шешесі) – Бекен Римова, Рахманов – Кененбай Қожабеков, Майқанова – Рая Мұхамедиярова, Қожаның әжесі – Зада Құрманбаева
Өзім қосатын мәліметтер:

Қожаның рөлін ойнаған Нұрлан Санжар (киноға түскен кезде – Нұрлан Сегізбаев)  

- қала баласы. Ол киноға түсу мектепке бармаудың жақсы сылтауы болғанын мойындайды.
– Анама бірінші сыныптан бастап «оқығым келмейді» дейтінмін. Ол мені Ленин даңғылынан 33-мектепке дейін таяқпен қуып апаратын, – дейді ол.
Қожа рөлінен кейін Нұрланды басқа фильмдерге шақырған, бірақ ол үзілді-кесілді бас тартқан:

Қожа замандастары белгілі жасқа толған бала атаулы пионер қатарына өтіп, мектепте қызыл галстук тағып жүруі тиіс болған. Ал біздер қазір Жас ұландар қатарында көк түсті галстук тағамыз. Ол кезде дүкенде кітап алу үшін ұзақ-сонар кезек  болған, ал қазір оқулық тегін, іздеудің де қажеті аз, мектептен беріледі.

Балалар еңбек практикасын қызықты өткізетін болған, сыныптың жартысы шөп шабуға, екінші бөлігі қой қырқымына аттанады. Балалар практикаға қуанып, ән шырқап аттанады, ал бізде де практика бар, бірақ біз мектептің айналасындағы гүлдерді күтіп баптаймыз. Маған олардың практикалары қызығырақ болып көрінеді. Олардың кезінде жайлауда ат жарысы, қол күресін көру мүмкіндігі болған, бізде де сондай мүмкіндік болса.


Бұл қай сәт?
1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”
: uploads -> doc -> 0d78
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0d78 -> Білімділік: Тақырып бойынша өтілген лексикалық материалды дамыту. Сөйлемнің жаңа құрылымдарымен таныстыру және оны сөйлемде қолдануды үйрету
0d78 -> I. Кіріспе II. Теориялық бөлім
0d78 -> Распространение солей в природе и их практическое значение


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет