Пәні аты: Микробиология Күні,айы,жылы: 12 12 12. 16. Сыныбы



жүктеу 78.17 Kb.
Дата24.01.2018
өлшемі78.17 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

№7

Пәні аты: Микробиология



Күні,айы,жылы: 2.12,6.12,8.12.16.

Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Кистаубаева Н.Т

Тақырыбы: Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрылысымен таныса отырып, олардың түрлерін анықтай білуге, олардың ішіндегі қырықжапырақтәріздестер бөлім өсімдіктерінің құрылысындағы, көбеюіндегі ерекшелігімен және табиғаттағы маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру; 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, ойын.

 Сабақтың  көрнекілігі: кеппешөп, суреттер 


І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, құрал-жабдықтарын алдырып, сабақта жоқ оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.



ІV.  Жаңа сабаққа дайындық:

1.Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақтың мақсатын түсіндіру

V.  Жаңа сабақ түсіндіру.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (лат. Embryophyta) - күрделі дифференциалданғанкөпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сабақ және жапырақтан тұрады. Осыған байланысты оларды жапырақ сабакты өсімдіктер деп атайды- (Cormophyta). Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен көбейеді - жынысты - (гаметофит) және жыныссыз - (спорофит). Жыныс мүшелерінің: аталығы - антеридий - аналығы - архегоний -әрқашан көпжасушалы. Қазіргі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге:



VII.Жаңа сабақты бекіту

  • ринифиттер

  • сарыбауырлылар

  • плаун тәрізділер

  • псилотәрізділер

  • қырықбуындар

  • папоротниктер

  • жалаңаш

  • жабықтұқымдылар жатады.

Балдыр тәрізді ұрпақ- силурий дәуірінің аяғынан басталды.[1]

Палеонтологияда: бүкіл өсімдіктер әлемінің екі үлкен тобының бірі; екінші топ төмен сатылы өсімдіктер деп аталады.

Жоғары сатылы өсімдіктердің төмен сатылы өсімдіктерден айырмашылығы бұлар жақсы жетілген үш бөліктен тұрады, олар -


  1. өсімдіктің тамыры,

  2. сабағы

  3. жапырағы.

Жоғары сатылы өсімдіктер бірнеше типтерге жіктеледі, олар — мүкке ұқсайтындар, псилофиттер, плаун тәрізділер, желісабақтылар, папаротник тәрізділер.

Папаротник тәрізділер, өз кезегінде, үш класқа жікгеледі, олар —



  1. папоротниктер (тұқымсыздар),

  2. ашық тұқымдылар,

  3. жабық тұқымдылар.[2

Тексерілді__________

Сабақ жоспары

9

Пән аты: Микробиология

Күні,айы,жылы: 10.01,12.01,13.01.17.

Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Кистаубаева Н.Т

Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік оқушыларға жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктер туралы білім беру.
2. Дамытушылық оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалану. тез әрекет жасау, тез ойлау, нақты жауап беруге баулу.

3.Тәрбиелік оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ашық тұқымды өсімдіктердің суреттері, бүрлер коллекциясы, таблицалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару



IV.Жана сабақ дайындық кезеңі

Сұрақ-жауап:

Ашық тұқымды өсімдіктер туралы не білесіңдер?

Бүрлер коллекциясын көрсете отырып, осы бүрлер қандай өсімдікте өсетінін ата.



V.Жаңа сабақты түсіндіру
Ашық тұқымдылар туралы жалпы мәлімет беру.

Өсімдіктердің ең ежелгі тобы, тұқымы қорғанышсыз бүрде ашық орналасады.

Ашық тұқымдыларға жататын өсімдіктермен таныстыру.

Оларға: қарағай, самырсын, балқарағай, арша, шырша, секвоя жатады. Суретпен жұмыс. Өсімдіктердің ерекшеліктерін атау.



VI.Түсінік тексеру.

Ашық тұқымдылардың сауалнамасы:

Шөптесін түрлері жоқ

Гүлі мен жемісі болмайды

Тамыр жүйесі, сабағы, жапырағы өте жақсы дамыған

800- ге жуық түрлері бар

Аталық және аналық бүрлері бар

Тек жел арқылы тозаңданады

Көп кездесетіні-қылқанжапырақтылар класы

VII.Жаңа сабақты бекіту.

Көргенде көп аршаны бала шаға

Кез келер тауда талай тамашаға.

Аршаның көркі өзіне жарасама?

Басқа ағаш сол аршамен таласама

Адамдар көп аршаға қараса ма?

Аршаны сұқ көздерден арашала!

RAFT стратегиясын пайдалана отырып, қылқан жапырақты өсімдіктердің рөліне ен. Олардың адам өміріндегі, табиғаттағы рөліне ерекше назар аудар

Тексерілді_________

Сабақ жоспары

10

Пән аты: Микробиология

Күні,айы,жылы: 24.01,26.01,27.01.17

Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Кистаубаева Н.Т

Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды гүлді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік Жабық тұқымды өсімдіктер туралы білімдерін арттыру. Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымы жемісінің ішінде жетілетіндігін, көбею мүшесі гүл екенін және адам өміріндегі маңызы туралы білім беру.
2. Дамытушылық Түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік Қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ашық тұқымды өсімдіктердің суреттері, бүрлер коллекциясы, таблицалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ребус шешу, салыстыру кестесі, биологиялық диктант
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару



IV.Жана сабақ дайындық кезеңі

1. Ребус шешу


2. Сұрақтар
1. Эрозия дегеніміз не?
2. Қылқан жапырақты өсімдіктерді ата

V.Жаңа сабақты түсіндіру
Жабық тұқымды өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі. Бұлардың көбею мүшесі - гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп те аталады.
Гүлді өсімдіктер - қазіргі кездегі өсімдіктер дүниесінің түрлерінің саны жағынан ең көп таралған тобы.
Ерекшеліктері:
- Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзіледі.
- Гүлдерде жынысты көбею мүшелері - аталықтар мен аналықтар жетіледі. Гүл түйіндерінде аналықтардың тұқым бүршіктері орналасқан.
- Тек гүлді өсімдіктерге қосарланып ұрықтану процесі тән. Аталықтың тозаңқабында түзілген тозаң дәндері аналықтардың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өсіп тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктерімен спермиялар тұқым бүршігіне жетіп, оның ішіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігінің ішіндегі екі спермияның бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады, ал екінші спермия тұқым бүршігінің орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі, одан ұрық пайда болады. Орталық жасуша екінші спермиямен қосылғаннан кейін ұлғайып өсіп, бөлінеді, нәтижесінде одан ұрыққа қажетті қор заттарын жинайтын ұлпа - эндосперм түзіледі. Тұқымбүршігенен тұқым, ал гүл түйінінің қабырғаларынан жемісқап түзіледі.

VI.Түсінік тексеру.

Қарағай неліктен бір үйлі өсімдік деп аталады?


Сүрек дегеніміз не?
Қылқан жапырақты өсімдіктер неліктен ашық тұқымдылар бөліміне жатқызылады?
Дің дегеніміз не? Және дің неден тұрады?

VII.Жаңа сабақты бекіту.

Өсімдіктер адамға қажетті тамақ өнімдері және ауыл шаруашылығындағы жануарға қоректік зат болады. Өсімдіктер шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Олардан дәрі - дәрмектер де жасайды.


Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі екі үлкен класқа бөлінеді:
1. Даражарнақтылар класы
2. Қосжарнақтылар класы
Екеуі тұқым құрылысы, тамыр жүйесі, сабақ, жапырақ, гүл құрылысы бойынша бір бірінен ерекшеленеді.

Тексерілді________





: uploads -> doc -> 0161
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0161 -> Использование знаний о строении мышечной и нервной ткани для обследования пациента, постановки предварительного диагноза




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет