Пән: математика. 2 сынып Тақырыбы



жүктеу 44.55 Kb.
Дата15.07.2017
өлшемі44.55 Kb.
Пән: математика. 2 сынып

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту. Есептердің мазмұнын түсіне отырып шығару. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Өз еркімен, жұппен, топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Мейірімділік, адамгершілік, ұқыптылық тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабағы

Көрнекілігі: Оқулық, таратпа материалдар , сабақтың компьютерлік призентациясы, бағалау парағы

Әдістері: Талдау, жинақтау, өзіндік, жұппен, топпен жұмыс

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері» бір-біріне тілек тілеу.

1. Геометриялық фигуралармен сыныпты топқа бөліну.

2. Бір, екі, үш,

Отырамыз тып – тыныш .

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.



2. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту.Есептердің мазмұнын түсіне отырып шығару. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
-Жақында қандай мерекені тойлағалы отырмыз? / 22- наурыз/

- 22 наурыз мерекесі жайлы кім не біледі?

Ендеше, қазақ халқы наурыз мерекесінде киіз үй құрып тойлайтын болған. Бүгін бізде математика сабағында ауылымызға киіз құрамыз. Әр киіз үйдің тапсырмасын орындап отыруымыз керек.

1-ші «Талап» киіз үйін құрамыз.

Тапсырмасы:

3. Ауызша есептеу . «ИЯ , ЖОҚ» ойыны

1. 17 +4 = 20            /жоқ/

2. 4 -ті 3 рет қосқанда 12            / ия/

3. Тік бұрыш доғал бұрыштан үлкен      /жоқ/

4. 1 сағатта 60 минут бар        / ия/

5. Сейсенбіден кейін бейсенбі    /жоқ/

6. Бір жылда 12 ай бар / ия/

7. Бір айда 40 күн бар / жоқ/

8. 1 айда 4 апта бар        /ия/

9. 23 ке 5 ті қосқанда 28     / ия/

10. 1 ғасырда 100 жыл / ия/

11. 6-ны 3 рет қосқанда 18 шығады    / ия/

12. 1 аптада 6 күн бар       / жоқ/

13. 22- наурыз – Ұлыстың ұлы күні /ия/


4. Наурыздың 18-і. Сынып жұмысы. Көркем жазу. 1, 2, 3 сандарды пайдаланып, үш таңбалы сан жазу. /123, 132, 213, 231, 312, 321/

-Неше сан жаздыңдар?

-Ең кіші санды атаңдар?

-Ең үлкен санды атаңдар?


2-ші «Еңбек» киіз үйін құрамыз.

Тапсырмасы:



5. Математикалық диктант. Дұрыс жауапты тақтадан көрсету.

1.Кәмила кітап оқыды. 10 бетін оқығаннан кейін, оқылмаған 2 бет қалды. Барлығы неше бет оқу керек? /10+2/=12

2.Күбіде 10 литр қымыз бар. Осындай екі күбіде неше литр қымыз болады? /10+10=20/

3. Қараөрік пен алмұрт екеуі бірге 16 кг тартады.  Қараөріктің  массасы 6 кг. Алмұрттың массасы неше килограмға тең? /16-6=10/

4. Орман алаңқайында 7 көжек, одан 3-еуі кем тиін жүр. Алаңқайда неше тиін жүр? /7-3=4/

5. Қарындаш 10 теңге, қалам 30 теңге. Екеуіне неше теңге төлейсің? /10+30=40/

3-ші «Терең ой» киіз үйін құрамыз.

Тапсырмасы:



6. Оқулықпен жұмыс. Тақтамен жұмыс

Х + 30 = 580 580 – Х = 550 Х – 550 = 30

Х = 580 - 30 Х = 580 – 550 Х = 550 + 30

Х= 550 Х=30 Х= 580

550 + 30 = 580 580 - 30 = 550 580 - 550 = 30

580 = 580 550 = 550 30 = 30
4-ші «Қанағат» киіз үйін құрамыз.

Тапсырмасы:

8. Сергіту кезеңі
5-ші «Рақым» киіз үйін құрамыз

Тапсырмасы:



7. Топпен жұмыс

1-Топ. Жолаушы жолда 32 сағат болды. Сонда 1 тәулік пойызбен және 5 сағат автобуспен жүреді, ал қалған уақытта ұшақпен ұшады. Жолаушылар ұшақпен неше сағат ұшты?

2-топ. Жолаушы ұшақпен 3 сағат ұшты да, автобуспен 5 сағат және пойызбен 1 тәулік жүрді. Жолаушылар жолда қанша уақыт болды?

3-топ. Кекілік 550 г, ал шүрегей одан 350 г кем тартады. Қасқалдақ шүрегейден 400 г артық тартады. Қасқалдақтың массасы қанша грамм?
8. Ауызша есептеу . Кел ойнайық! « Сөз құрастыр». Кестеге жауаптарды өсу ретімен орналастыр. Астына тұсындағы әріптерді жаз. Сөзді оқы.

84 - 67 =Ү 61 – 19 = Ш 90 – 35 = Б 39 + 27 = Ұ

38 + 34 = Р 75 + 18 = Ы 46 + 54 = Ш

17

42

45

66

72

93

100

Ү

Ш

Б

Ұ

Р

Ы

Ш

-Бұл қандай фигура? /Геометриялық фигура/

-Тағы қандай геометриялық фигуралар білесіңдер?

-Ендеше, мына фигуралардың периметірін табайық? /Топ болып берілген фигуралар жайлы және периметірін тауып ауызша орындайды /
6-шы «Ойлап қой» киіз үйін құрамыз.

Тапсырмасы:



9. «Сәйкестендір» Өздік жұмыс

30 + 40

540

530 + 40

70

570 – 30

570

930 – 400

900

500 + 400

530

530 + 400

400

570 – 530

930

930 – 530

40

Сабақты қорытындылау. – Қандай киіз үйлер құрдық?

«Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой.


  • Бұл кімнің өлеңі?

  • Кім жатқа айтады?

Үйге тапсырма

Бағалау. - Бағалау критерийлері бойынша бір-бірін бағалау.

  • Оқу барысында талқылауға қатысу.

  • Бағалау парағын толтыру.

Рефлексия. Пікір ағашына сабақтан алған әсерін ілу. Жасыл- керемет

                                                                      Сары-жақсы



                                                                      Қызыл- қанағаттанарлық

Өзін-өзі бағалау

Қатесіз – 5

1, 2 қате – 4

3 қате – 3

4, 5 және одан да көп - 2
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет