«Педагогтардың көңіл-күйін тұрақтандыруға алналған психологиялық жаттығулар» Тренинг мақсаты



жүктеу 44.55 Kb.
Дата20.06.2017
өлшемі44.55 Kb.
түріСабақ
«Педагогтардың көңіл-күйін тұрақтандыруға алналған психологиялық жаттығулар»

Тренинг мақсаты:

1. Әрқашан өз шәкірттерімізге, келешек ұрпаққа, өз балаларымызға тек жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Педагогтардың өзара қарым-қатынасын, сөйлеу мәдениетін, өзіне деген сенімділігін, белсенділігін арттырып, көңіл-күйін тұрақтандыру.

2. Кикілжіңдердің туындау себептері, мінез-құлық, сөйлеу мәдениетінің адам ағзасына әсер етуі.

3. Педагогтарды практикалық, тренинг, жаттығу жұмыстарын жасау арқылы жағдайды талдай алуға, саналы шешім қабылдауға баулу.



Сабақ түрі: тренинг

Сабақ барысы:

  1. «Орын табу» жаттығуы

2. Менің керемет есімім» тапсырмасы

3. Сергіту сәті: «Кір жуу машинасы»

4. «Айна» ойыны

5. «Бір сөз» жаттығуы.

6. Релаксация жаттығуы «Ойға шомылу».

7. «Наполеонның кейпі» жаттығуы.

8. «Мен саған бақыт тілеймін» жаттығуы.

Қорытынды:

Рефлекция.
Ұйымдастыру кезеңі:


  1. «Орын табу» жаттығуы

Нұсқау: Жай ұнамды әуен 3-4 минут қойылады. Сол кезде қатысушылар өздеріне ұнаған геометриялық пішіндерді таңдап, орындыққа жайғасады.

  1. «Менің керемет есімім» тапсырмасы

Нұсқау: әр қатысушы өзінің есімін айтады, өзі туралы шағын әңгіме айтады.

  1. Сергіту сәті: «Кір жуу машинасы»

Нұсқау: Екі қатарға жұптарымен тұра қалады. Олардың ортасынан бір адам өтеді. Қалғандары оны қолдарымен жуындырады.

4. «Айна» ойыны.

Мақсаты: қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру, зейінін, көріп қабылдау қабілетімен қатар қарым-қатынасты дамыту.

Шарты: қатысушылар үш-үштен топқа бөлінеді.

Екі қатысушы өздерінің айнадағы бейнесін келісіп алып, бірі айна, бірі айнаға қараған адам бейнесін қайталайды, ал үшінші адам айна мен адамның қимыл іс-әрекетін зейінділікпен бақылап тұрады да ойын соңында сол қимыл әрекетті қайталайды.



5. «Бір сөз» жаттығуы.

Шарты: ойынға қатысушылар екі-екіден жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Жүргізуші командасымен ойын басталады. Яғни жұптағы бірінші адам екінші адамға бір сөз айтуы тиіс. Біріншіде ашулы айтса, екінші рет мейріммен айтады, үшінші рет ешбір эмоциясыз айтады.

Талдау. Бір сөздің үш түрлі көңіл-күймен айтылуы сізге қандай әсер берді.

6. «Ойға шомылу» релаксациялық жаттығуы


Нұсқау. Барлығымыз орындыққа еркін отырамыз. Терең демалып, жұмысқа дайындаламыз. Менің қойған сұрағым бойынша жүрегіңізді тыңдап, жауаптарыңызды қағаз бетіне түсіріп, яғни не суреттеп, не жазып отырыңыз.


  • Сіз таза ауада орманда қыдыры, демалып жүрмін деп ойлаңыз. Сіздің ойыңызша орман қандай? Күннің көзі бар ма? Сізге бұл жер ұнай ма?

  • Сіз келе жатырсыз, бір кезде шөптің арасынан кілтті кездестірдіңіз. Кілт қандай? Сіз кілтті алдыңыз ба, әлде алмадыңыз ба? Бұл кілт сізге қуаныш әкелді ме?

  • Сіз осылайша келе жатырсыз, алдыңызда қоршауды көрдіңіз. Ол қоршау қандай: биік пе әлде аласа ма? Оның материалы қандай?

  • Енді сіз көрген осы қоршаудан өтуге тура келді. Сіз өттіңіз бе? Қиындықтар кездесті ме?

  • Келе жатырсыз, алдыңыздағы жолда үңгір бар. Ол үңгір қандай, үлкен бе, әлде кішкентай ма? Бұл үңгірді қазған қандай аң екенін білдіңіз бе?

  • Осылайша жүре, жүре өзеннің жағалауына келдіңіз. Судың түсі қандай? Таза, мөлдір ме? Судың астынан тастары көріне ме, жоқ па?

  • Осындай ұзақ жолдармен өте келе, сіз үйді көрдіңіз. Үйдің көлемі қандай екен?

  • Үйге жақындай келе есіктегі жазуды оқыдыңыз. Онда былай деп жазылыпты: «Бұл үй сіздікі»

  • Сіз есікті аштыңыз, үйге кірдіңіз. Жан-жағыңызға қараңыз. Үй іші таза ма? Бұл үйде неше бөлме екен? Жалпы үй қандай екен?

  • Сіз сарайға келдіңіз. Сарай қандай? Бұл жерде не сақталған? Керекті зат бар ма екен?

  • Осылайша сіз үйден де шықтыңыз. Сонымен алдыңызда теңіз көрінді. Теңіз қандай?

  • Теңіз үстінде шағалалар шиқылдап ұшып жүр.сіз олардың дауысын естідіңіз бе? Қазір қандай сезімдесіз?

  • Сіз кемені көрдіңіз. Ол алыста ма, әлде жақын жерде ме? Оның түрі қандай? Сіз оған мінесіз бе?


Интерпретация.

Орман – сіздің балалық шағыңыз.

Кілт – кілтті алсаңыз өмірдегі барлық өзгерістерді дұрыс және пайдаңызға шешуді білесіз. Сіз өзгеріске дайынсыз. Сіздің қатып қалған қағидаңыз жоқ.

Өзен – сіздің өміріңіздің ағысы.

Қоршау – сіздің өміріңіздің қиыншылықтарының көрінісі.

Үңгір – сіздің қабылдауыңыз. Егер үңгірді қарап, зерттеп ненің ізі екенін қараған болсаңыз, онда сіз ізденімпаз, қызығушылығыңыз мол адамсыз.

Үй – ол өзіңізсіз.

Есіктегі жазба сіздің осы өмірдегі орныңыз.

Сарай – біліміңіз, мәдениетіңіз, рухани құндылығыңыз.

Шағала – бұл сіздің туған туыстарыңыз.

Теңіз – сіздің сезіміңіз.

Кеме – бүгінгі күнге дейінгі арманыңыз.

7. «Наполеонның кейпі» жаттығуы.

Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс:

- қолды кеуде тұсында айқастыру;

-ашық алақанмен қолды алдыға созу;

- түйілген жұдырықты қол көрсетіледі.

Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Жаттығуды орындау:

Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екеніңізді көрсетеді. Егерде көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсетеді. Жұдырық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.



8.«Мен саған бақыт тілеймін» жаттығуы.

Мақсаты: жылы сөзбен, ізгі ниет тілеуге, мейірімділікке, кішіпейілділік сезімдерін көрсетуге мүмкіндік беру.



Барысы: Шеңбер бойлап өзінің оң жақ көршісіне өзінің ізгі тілегін білдіруі тиіс.

Қорытынды:

Рефлекция. Еркін пікір....


: omirbaev -> files
files -> Тақырыбы. «Еңбектің наны тәтті » Мақсаты
files -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктерін маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын түсіндіру
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, ТҮПҚараған ауданы форт-шевченко қаласы е.ӨМірбаев атындағы орта мектебі тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің ТӘрбиелік мәНІ»
files -> Хаттама №1 10 қыркүйек, 2015 жылы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінде 10 қыркүйек 2015жылы мектепішілік семинары өтуіне байланысты жиналысы болып өтті. Қатысқандар
files -> Оқулықтағы №2 тапсырма Кесінділерді қандай топтарға бөлуге болады? Нүктелерді қандай топтарға бөлуге болады ?




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет