Павлодар облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары



Дата20.06.2017
өлшемі50.18 Kb.
Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы «____»_________

№___ қаулысына

қосымша

Павлодар облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары
1. Павлодар облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 1) тармақшасына, 65-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 19-1/252 бұйрығына сәйкес әзірленді.

2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

4. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

6. Ортақ су пайдалануға:

1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау министрлігінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ-нің, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысыбойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-нің келісімі бойынша «Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ белгiлейдi.

9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

11. Павлодар облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

12. Павлодар облыстық мәслихаты бұқаралық ақпараттар құралдары және арнайы ақпараттық белгілер арқылы ортақ су пайдалануда суға шомылу және басқа әрекеттерді іске асыруға тиім салынатындығы туралы халықты хабардар етедi.

13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Павлодар облыстық мәслихатының шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Павлодар облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

15. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салыну негізделмеген жағдайда, Павлодар облыстық мәслихаты жиырма екі жұмыс күні ішінде су пайдаланушыны ұсынылған ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салыну ұсынысына теріс жауап туралы жазбаша түрде ескертеді.

Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;



6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет