Панфилов ауданының әкімі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды



жүктеу 149.2 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі149.2 Kb.


21.09.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.18.4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Панфилов ауданының әкімі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Н.Головацкий көшесі №129, анықтама телефоны/факс: +8(72831)  5-52-03, 5-16-73. Электрондық пошта: http://www.panfilov-akimat.gov.kz, БИН; 050640005744

Үміткерлер мен конкурсқа қатысушыларға арналған жалпы ақпарат:

Құзыреттілігі: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;


     4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
     5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
   6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Н.Головацкий көшесі №129

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде Панфилов ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде Панфилов ауданының ардагерлер және кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Жаркент өңірі» газетінің бас редакторы және тілшілері қатысады.



1. «Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң, мемлекеттік-құқық бөлімшесінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін, E-3 санаты (№ 03-03-01), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары құқық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Атқаратын міндеттері: Аудан әкімінің және әкімдіктің актілеріне заңгерлік сараптама жасау, қабылдаған нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысу, нормативтік-құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну, бекітілген тәртіпте сотта аудан әкімнің және әкім аппараты қызметінің құқықтық мәселелерін қарастыру барысында мүдделерін ұсыну, қатысу, қажетті құжаттарды ұсыну, аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімшелерінде құқықтық жаппай оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратының шығармашылық-нормативтік қызметін сараптау және сараптау қорытындысы бойынша айқындалған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу, әкімнің аппаратына түсетін заңгерлік бағалауды талап ететін өтініштерді, шағымдарды, ұсыныстарды қарастыру, олар бойынша ұсыныстар енгізу, дербес бөлімдердің басшыларына және олардың қызметкерлеріне, аппарат қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсету, қала және ауылдық округ әкімдерінің актілерін зерделеу, өз саласы бойынша комиссиялардың жұмысын үйлестіру, жүргізу. Мемлекеттік тілді білу және компьютермен жұмыс жасай білу.

2. «Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін, E-R-1 санаты /№03-14-01/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары: өнер (сәулет), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технологиялар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;


      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
     6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Атқаратын міндеттері: Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылықтың жүзеге асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді, рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің құжаттарын дайындап басқармаға өткізу, қаланы жаңа талапқа сай көркейтуге қатысады, ғимараттарды, көшелерді, негізгі түйінді жерлерді зерттейді, шағын сәулет формаларын, көрнекі үгіт элементтерін орналастыруға жер қарастыруын бақылауды қамтамасыз етеді, аудан әкімдігінің қаулыларының жобасын және рұқсат құжаттарды дайындау, ғимараттарға нөмір беру туралы қорытынды шығару, лицензия алу үшін, басқа сәулет-қала-құрылысы жұмыстарына байланысты анықтама беру, дизайнның жаңарған түрлерімен ғимараттардың қас бетін көркейту жұмыстарымен айналысады. Сәулет және қала құрылысы жағдайын, сәулет және қала құрылысы заңдарының орындалуын, бекітілген жобалардың жүзеге асырылуын және құрылыс сапасын қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ауданда бірыңғай сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу, ауданды жаңа талапқа сай көркейтуге қатысады, құрылыс аймақтарының бас жобасын, нысандардың жобаларын, сызбалар әзірлеу, аудан аумағында құрылыс нысандарының қаланың Бас жоспарына сәйкес орналасуын, қала құрылысы нормасы шегінде жекешелендірілген жер учаскелерінің негізгі мақсатымен қолданылуын бақылау, көріктендіру, жарықтандыру, тазалау және жасылдандыру жұмыстарының кемшіліктерін жою үшін хабарлама береді, аумақтар мен елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қала құрылысы шараларын жүзеге асырады. Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларымен жұмыс жасау, қаржылық жоспарларын бекіту және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.  Мемлекеттік тілді білу, компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істей білу.

3. Сарыбел ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы - есепші, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69657 теңгеден 94109 теңгеге дейін, E-G-3 санаты (№03-29-07 индексі), 1 бірлік.



Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: экономикалық

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;


       Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Атқаратын міндеттері:  Мекеменің қаржылық құжаттарын, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу, қаржылық жоспарын жасау, өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу. Мемлекеттік тілді білу және компьютермен жұмыс жасай білу.

4. Үлкенағаш ауылдық округ әкімі аппаратның бас маманы - есепші, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69657 теңгеден 94109 теңгеге дейін, E-G-3 санаты (№03-33-06 индексі), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: экономикалық

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Атқаратын міндеттері:  Мекеменің қаржылық құжаттарын, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу, қаржылық жоспарын жасау, өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу. Мемлекеттік тілді білу және компьютермен жұмыс жасай білу.

5. Басқұншы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (негізгі қызметкердің орны), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69657 теңгеден 94109 теңгеге дейін, E-G-3 санаты (№ 03-23-05), 1 бірлік.



Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, ауылшаруашылық ғылымдары, құқық, білім және гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар технологиялар, қызмет көрсету.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;


          Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Атқаратын міндеттері:  Іс қағаздар мен мұрағат жұмыстарын жүргізу. Шаруашылық кітаптарының есебін жүргізу және қадағалау. Кіріс және шығыс құжаттармен арыз шағымдардың және «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» ақпараттық жүйесін жүргізу. Статистикалық есеп жүргізу. Округ аумағында ақпараттық насихат тобының жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік тілді дамыту. Өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу. Мемлекеттік тілді білу және компьютермен жұмыс жасай білу.

6. «Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы-есепші, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69657 теңгеден 94109 теңгеге дейін, E-G-3 санаты(№ 03-27-07), 1 бірлік.



Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.


Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Атқаратын міндеттері: Мекеменің қаржылық құжаттарын, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу, қаржылық жоспарын жасау, өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу. Мемлекеттік тілді білу және компьютермен жұмыс жасай білу.

7. «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, E-R-4 санаты (№ 03-13-02), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), қызмет көрсету (туризм, әлеуметтік жұмыс), құқық Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.


Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Атқаратын міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының кешендік бағдарламаларын, өнеркәсіп, инновациялық саясат бойынша мақсатты бағдарламаларын әзірлеу, қамтамасыз ету және орындау Өнеркәсіп саясаты бойынша мақсатты бағдарламаларын әзірлеу, қамтамасыз ету және орындау. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындармен жұмыс жасау, осы сала бойынша жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз ету. Өзі жетекшілік ететін салалардың инновациялық бағдарламалар, әлеуметтік-экономикалық дамудың жекелеген бағдарламаларын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Кіші іскерлік, өнеркәсіп салаларында өндірілген өнімнің көлеміне, өзі жетекшілік ететін салалардан салықтың түсуіне, аудан экономикасына инвестициялардың тартылуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бақылауда тұрған директивалық құжаттардың орындалу барысына бақылау жасау. Болжамдау және жоспарлау, функционалдық бағыттарға сәйкес қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге стратегиялық жоспарлар дайындау. Мемлекеттік тілді білу және компьютермен жұмыс жасай білу.

8. «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, E-R-4 санаты (№ 03-13-02), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), қызмет көрсету (туризм, әлеуметтік жұмыс), құқық Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.


Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Атқаратын міндеттері: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ай сайын ауылды жерге келген жас мамандардың тізімін анықтап, олармен тиісті жұмыс жасап құжаттары түгел болған кезде аудандық комиссияға қарауға жіберіп отырады. Ауданның даму бағдарламаларының жоспарларын жасау, ауданның әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын жасау, облыстық және аудандық әкімдік мәжілістеріне материал дайындау. Әкімдік мәжіліске баяндама, қаулының жобасын, тиісті сараптамалар дайындау. Ауданның даму бағдарламаларының көрсеткіштері жөнінде ай сайын салыстырмалы сараптама жасайды. Ауылды жерге келген жас мамандардың тізімін ай сайын анықтап олардың ішінен несиеге тұрғын үй сатып алуға ниет білдіргендердің тізімін жасайды және оларға тиісті қүжаттар жасауға анықтама беріп отырады; сатып алатын үй тауып, құжаттары түгенделген кезде олардың дұрыстығын тексеріп комиссия отырысының қарауына жіберіп отырады. Басымдылық және салалық жоспарларының орындалуын сараптау, жинақтау папкісін, мәліметтерді, есептерді және басқа да жетекшілік ететін құжаттарды жүргізу. Мемлекеттік тілді білу және компьютермен жұмыс жасай білу.

9. «Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, E-R-4 санаты (№ 03-12-04), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: ауылшаруашылық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар, қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару)

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.


Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Атқаратын міндеттері: Аудан көлеміндегі барлық ауыл шаруашылығы нысандарындағы ауыл шаруашылық техникалармен машиналарына бақылау жасап, есебін жүргізу оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру. Техникалардың күтімін жақсартып, қызмет көрсету мерзімін ұлғайту жолындағы жұмыстарды ұйымдастыру. Техникалардың есеп, тіркеу жұмыстарын олардың техникалық бақылаудан өтуін ұйымдастыруын талап ету, сервистік - даярлау пункт ұйымдастыру. Аудан көлеміндегі егістіктің техникамен жеткілікті болу жолдарын қарастыру. Егіс көлемінің шаруашылықтардың ыңғайына қарай МТС ұйымдастыру
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет