Өзін өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру



Дата01.04.2018
өлшемі137.09 Kb.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндерге ықпалдастыру

мысалдары

"Өзін - өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру" тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Адам сыртқы әлемге тұрақтамай, мәңгілік құндылықтарға тұрақтау керек, өйткені ол өзгермейді. Қандай ұрыс – керіс, жанжал қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңу керек және де  мұғалімнің мынандай заңдарын өзіме керек еттім: Баланы сүйю, түсіне білу, шабыттандыра білу. 

Мұғалімге мынандай парыздарды  білу міндет: Баланың бойындағы шексіз кемелдену  мүмкіндігіне сенім, өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға сену, тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.

       Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адамның аспектілерімен сәйкес және құндылықтарға сай болуы тиіс, олар ақиқат, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық.

       Жанашыл – педагог Ш.А. Амонашвили айтқан екен: «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әр бір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар». Ата – анамен педагогтың міндеті  сол сәулесінің жағылып кетуіне жол беріп, өз өмір жолына бағыт көрсету.

        Мейірімді мінезі болмаған адам түкке де тұрмайды, ол талмен тең болады. Мінез өмірді мәңгі етеді, ол өлімді де жеңеді.

        Адам жақсы өмір сүру үшін адамға алдымен мынадай қасиеттер қажет: адал еңбек, ар – ұят, ақыл - ой, таза жүрек. Онсыз бұл өмірде тыныштық пен татулық болмас.



Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушылардың өзіне деген сенімділігін нығайта отырып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып, жағымды ойларға бейімдеу мақсатында түрлі өлең, шығармаларды пайдаландым. Оқушылардың бойында жауапкершілік, өнегелік, дербестік мінездері қалыптасып, барлық адамды сүюді үйренуге көңіл бөлдім.

Ықпалдасу –әр текті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму.

Мақсат: Пән бойынша білім бере отырып, оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді дамыту.

"Өзін - өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру" тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып оыр. Әдебиеттік оқу пәні мен өзін - өзі тану пәнін ықпалдастыруда "Жақсы ай мен күндей, Әлемге бірдей" деген  бөлімді өткен кезде оқушылар мақалдың мазмұнын былайша жеткізіп, ойларын ортаға салды: Ай мен Күн барлық адамзатқа, тірі ағзаға ортақ. Олар ешкімді, еш нәрсені алаламайды. Жақсы адамның да шапағаты барлық әлемге бірдей. Міне, осындай тақырып, мақалдар арқылы адам бойындағы құндылықтарды біртіндеп сіңіре отырып, қалыптастыруға болады. Барлығын бір мезгілде қалыптастыруды көздемей, там - тұмдап осылай өздері ойлап жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Химия пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыруда металлдардың қасиеттерін атай отырып, оның адамның мінез-құлқымен байланысы жайлы, мысалы, "Сабыр түбі сары алтын - сабырлының бәрі алтын" дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешеудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалану туралы ой бөлісуге болады. 

Жаһандық дағдарыстарды жоюға біздің қосатын үлесіміз мол бол үшін адамда жақсы мінез-құлық пен пәндік білім үйлесімді болу керек. 
Мысалы, химия пәні мұғалімдері оқушыларға мына мәселелер туралы және ондағы адамның рөлі жайында  шығармашылық жұмыстар көбірек беруі керек:

  • Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.

  • Химиялық ластанудың көздері және себептері.

  • Қоршаған ортаны ластанудан қорғаудағы химияның рөлі.


География және өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру. Мысалы: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды.  Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді.  Су – түссіз, мөлдір, иісі –дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.

  • Су жүргізер тіршіліктің тамырын,        

  • Су жоқ болса тіршілік тәмәм, бауырым

  • Судың біз біле тұра маңызын,

  • Көп болған соң ұмытамыз қадірін.                                                                                   

  • Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

  • Су деген табиғаттың жаны емес пе?
    Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
    Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық  береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән,  өмірге  мән береді.
      Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының  таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады ,таза су ішпеген ,таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын  таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың  қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.  
Өзін-өзі тану пәнін қазақ тілі пәнімен ықпалдастыру.

Мақсат: Пән бойынша білім бере отырып, оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді дамыту.

Тақырыбы: Етістік. Сыныбы: 5

Мақсаты: Оқушыларға етістік туралы білім бере отырып, әрбір жасаған істің дұрыс нәрсеге бағытталуына назар аударту

Мәтін: “Екі жалқау” (ертегі)

Сұрақтар:
1.Балалар, ертегіде не жайында айтылған?
2. Сендер олардың орнында болсаңдар не істер едің?


Тапсырма:
1. Мәтіннен етістікті тіркесті тауып, астын сызыңдар және жалқау деген сөздің антонимін жазыңдар.


Ой түйіндеу: Ендеше,балалар, “Еріншектің ертеңі бітпес” деген сөзді есте ұстап, әр бастаған ісіңді аяғына шейін жеткізіп, нәтиже шығаруға ұмтылу керек. Ол мүмкін бір реттен қана емес, бірнеше рет орындағанда ғана нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан жалқаулыққа бой алдырмай, еңбектене білу қажет. “Еңбек түбі – береке” деген сөз естеріңде болсын.
Өзін –өзі тану пәнін технология пәнімен ықпалдастыру.

Тақырыбы: Әдіпті өңдеу технологиясы.

Мақсаты: Әдіп таңдаудың орындалу ретін үйрете отырып, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін молайту.

Мәтін: Еңбекпен ел көгерер (ертегі)

Сұрақтар:
1.Ертегіде не жайында айтылған?
2. “Еңбекпен ел көгерер” дегенді қалай түсіндірер едің?


Тапсырма: Әдіптің түрлерін атай отырып, еңбек тақырыбына үш мақал жазыңдар.

Ой түйіндеу: Олай болса, адам өз еңбегінің нәтижесін көруге ұмтылуы қажет. “Еңбектенсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” дегенді есте сақтағанымыз жөн.
Өзін –өзі тану пәнін физика пәнімен ықпалдастыру.

Тақырыбы:Жарықтың қасиеттері.

Мақсаты:Жарық көздері, жарықтың таралу заңдарымен таныстыра отырып, адам мен табиғат үйлесімділігі туралы түсініктерін молайту .
Адам- табиғаттың бір бөлшегі
А.Машанов.
Қоршаған табиғи ортаның түрлі қасиеттері табиғат құбылысының терең тынысына үңілуде. Адамзат баласы талай жолдардан өтіп, бай тәжірбие жинақтады.
Табиғат біздің дүниетанымызды қалыптастырушы негізгі және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі –табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, тексеру, оның заңын табу, сырын шешу..., ғаламның ғажайып көркі де сонда, мақамы да сонда.... Ғылымы да сонда , діні де сонда, адамдардың өмірі де сонда...

Сұрақтар:
1. Жарық дегеніміз не? Қандай денелер жарық көздері бола алады?
2.Адамның тіршілігі мен іс-әрекетіндегі табиғаттың рөлі қандай?


Тапсырма:
1.Жарық көздерін атап жазыңдар.
2.Осыған байланысты қандай мақалдар білесіңдер?


Ой түйіндеу: Олай болса, біз әр түрлі жарық құбылыстары бар дүниеде өмір сүреміз. Ол жарық беруші жылу береді емес пе?
Ендеше, біз де бір-бірімізге сол жылу мен жарықты бере білейік.

    «Өзiн-өзi тану» пәнімен интеграцияланған физикалық география сабағының жоспары
Мектеп:№54 жалпы орта мектеп

Мерзім: 25.11.2015ж.

Мұғалiм: Асубаева Н. –география пәнінің мұғалімі

Муратова Г.-«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі



Сынып: 6-«Д» Оқушылар саны: 17

Тақырып: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер. №22 сабақ

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Достық, мейірімділік, сүйіспеншілік. 


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы жалпы түсінік беру, қиянат жасамау құндылығының физикалық география пәні бойынша мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, лава, кратер, бүйірлік кратер, жанартаудың түрлері, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы ойларын қалыптастыра отырып, қиянат жасамау нағыз адамгершілік қасиеттердің бірі екенін оқушыларға ұғындыру; 


2. Айнала қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге баулу. 
3. Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қиянат жасамауға тәрбиелеу; 


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Интерактивті тақта, оқулық, слайдтар, жұмыс дәптер, үнтаспа, бейнеролик



Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.

Тыныштық сәті. Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе


1..................2

Рахмет.



  1. Үйге тапсырма: §20. Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.

1.Жердің сілкіну күші немен өлшенеді?
2. Жер шарында қандай жер сілкіну белдеулері бар?

3. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар қалай аталады?

4.Табиғат тамашасын сезіну адамға не үшін қажет?
5.Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады?

3.Дәйексөз. Тау кезеңсiз болмас,

Өлке өзенсiз болмас.

Халық мақал-мәтел

Сұрақтар:

-  Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайларға апарып соғады?


- Табиғат пен адамдар арасында қандай үйлесім бар?
- Адамзатты табиғат қорғаудың қандай мәселелері алаңдатады?

- Сенің табиғатқа жасаған қайырымды істерің? 
«Жанартау» мультфильм
«Жанартау»

Мағынасы: 1. географиялық. латын. vulcanus. Жер  қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан  жер бетіне 

шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. 

2. поэтикалық: Жалынды жан, өр тұлға.

3.Ауыспалы  мағына. поэтикалық: Тынымсыз, 

дамыл тапқызбайтын іштегі күш, мазасыз ізденіске 



итеретін шабыт.http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=553a8d935dce1aa7&mb=imgdb_preview_20001
Ежелгі Рим мифологиясында Вулкан – от құдайы. Жанартау атқылауы – күрделі, қауіпті әрі қорқынышты табиғат құбылысы. Тастар мен күлді 15-20 м кейде 45 м дейін биіктікке атқылайды Жыл сайын 15-20 км3 – магма- литосфераға шығады, ауаға әртүрлі газдар тарайды. Жанартау атқылауы – реттелмейтін, қауіпті, кездейсоқ жағдай. 24 тамыз 79 жылы адамзат тарихында ең күшті қорқыныш пен үрейге толы – жанартау атқылауы болды. Ол Италияда Неаполитон шығанағының жағалауында.(Везувии). Түтін бұлттары Күн көзін басты, кенеттен жер астынан гуіл естіліп, ошақтан тас пен тозаң атқылай бастады. Басында жанартаудан шыгатын түтін мен буға ешкім көңіл бөлмеді. Адамдар қатты абыржыды. Кейбірі ақыр заман туды деп ойлады. Қаланы түтіннен қараңғылық басты. Адамдар барынша қашты бірақ тым кеш болды. Кейбірі үйлерінде қалды- бірақ түтіннен тұншығып өлді. Аспаннан тас түсе бастады. Қала көшелерінде жанартаудың күлі басып қалды. Тек аздаған адамдар ғана теңізге қашып құтылды. Міне, солардың айтуы бойынша «Помпейдің соңғы күні» суреті салынды. Бұл сурет қазір Мәскеуде Трьетяков галереясында сақтаулы. Бірнеше ғасыр өткеннен кейін адамдар-археологтар – Помпей мен Геркуланум қаласын тапты. Қалыңдығы 15 м кул басқан екен. 1006 ж Мерапи жанартауы – Ява аралы Индонезия 1669 ж Этна жанартауының атқылауы салдарынан 100 000 адам зардап шекті. 11 маусым 1783 ж Лаки жанартауы- Исландияда 1815 ж Тамбор жанартауы адамзат тарихындағы күшті жанартаулардың бірі -92 000 адам өлді. 1883 ж Кракатау 32 000 адам өлді. Жалпы жанартау су астында да атқылап тұрады. 10-20% су асты жанартауының үлесіне тиеді. Орташалары мен кішілерін қоспағанда 2500 ірі жанартау атқылауы болған. Жанартауларды ұйқыға кеткен деп атаған дәлірек. Өйткені, әлі күнге дейін ешкім дәл басып айта алмайды. Толық зерттеліп болмаған. Адамдар сөнді деп атаған жанартаулардан осы күнге дейін зардап шегуде. Мартиника аралындағы –Монтень-Пеле жанартауының 1902 жылы қала халқы қырылып қалды.1912 ж Альяска (АҚШ) Натмай жанартауының атқылағанын ешкім көрмеген.Безыменный-Камчаткада, Исландияда – Хельгафелдь. 1980 ж 123 жылдан кейін жанартау Сент-Хеленс АҚШ (Вашингтон) жер бетіне 400 млн тонна зат шығарған. 1982 ж Мексикада ЭльЧичона 1200 жылдан кейін атқылады. Ең қорқыныштысы –Риус жанартауы 5 ғасырдан кейін атқылады. Колумбияда биіктігі – 5398 м. Жанартаудың пайдасы – Ыстық бұлақтар.Гейзер. Жанартау атқылауы – кездейсоқ, қорқынышты, қауіпті және адам шығыны көп болатын табиғи құбылыс. Шаруашылыққа зиян келтіреді. Иә, бұл тек сыртқы көрінісі ғана. Жанартау құртушы ғана емес сонымен бірге «Ұлы қалыптастырушылар» да болып табылады. Ғалымдардың айтуы бойынша атмосфера, гидро және литосфера – миллиардтаған жылдар бойы жанартау атқылаудан қалыптасқан себебі осы қабықтарға қажетті барлық құрылымдар табылады. Осы мәліметке сүйеніп егер жанартау атқыламаса – Жер бетінде тіршілік қалыптаспаған еді деп айтуға болады. Жанартау атқылауы – аралдарды қалыптастырады.Ява аралында ең көп адамдар тұрады тығыздығы жоғары. http://gorets-media.ru/uploads/images/ocherki/na_privale/.thumbs/c62294aa5fe02c741ab37fcb611a3a7e_1024_768_1.jpg

1. Құнарлы топырақ c:\users\user\desktop\2 кезең оқушыларға 2 ашық сабақ\7-сынып 3 сабак интеграция барлыбаева г.к\6 сынып география интеграция\imgpreview (2).jpg

2. Химия өнеркәсібіне қажетті шикізат мол болады

3. Құрылыс материалдары

4.Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады.

5.Геотермальды энергия береді

6.Ыстық бұлақтар – минерал тасымалдағыш.

Жанартау атқылаған жердің топырағы құнарлы болады. Өсімдікке қажет құрылымдардың барлығы болады. Сондай-ақ ауа мен суды тезөткізетін топырақ қалыптасады. Осыдан 2 000 жыл бұрын Везувии беткейінде адамдар жүзімнен көп өнім алғандығы туралы мәліметтер сақталған. Қаншалықты қорқынышшты болғанмен қазірде Везувии бөктерінде адамдар тұрады. Мерапидің беткейінде күріш және т.б. дақылдар көп өнім алған. Испанияда-астық, Орталық Америкада-кофе, Оңтүстік Жапонияда – табиғи агрохимиялық қызметіне пайдалану егістік жанартау лавасының алынған фосфор, калий тұздарымен байытылған. Жанартаулы аймақтың құнарлы топырағы адамдарды өзіне еріксіз тартады. Шығыс Африкада – натрий карбонаты-сода. (содовое озеро). Сонымен бірге химия өнеркәсібіне қажетті –күкірт, нашатыр, құрылыс материалдары. Пемзо –Италияда, Арменияда, Камчаткада. Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады. Мыс: Қазақстанда мыс кені ежелгі жанартаудың көмейінде қалыптсқан. Молибден, вольфрам, мырыш, мыс, сурьма, күміс,қорғасын, алтын және т.б. Орталық Америка мыс белдеуі – Чили-Перу. Кордильерада 137 орталықта мыс өндіріледі. Никарагуа мен Гватемалада – алтын өндіріледі.Камчаткада Толбачикте мыс-мырыш-қорғасын рудалары қалыптасқан. Авачин мен Ключи 100 000 т руда шығады. Қиыр Шығыс өзендерінде көп болады. Жорамал бойынша күн сайын 56 т аллюминий, 36 т –темір ағызады екен. Курил өзендерінің барлығы дерлік металл тасығыш деп есептеледі. Міне, табиғат берген осындай байлықтарымен қоса ең маңыздысы олардан алынатын –геотермальды энергия.ГеоТЭС-Жапония,Филлипин.АҚШ 1200 ыстық бұлақ бар, оның 100-нің суы қайнаған. Калифорния, Невада,Оригон, Монтана штаттарында.Осындай байлыққа Мексикада бай.Камчатка ,Исландияда-Рейкьявикте үйлердің -90 % жылытылады ыстық бұлақтардан шыққан сумен.




Ескерту:

5 «Т»-ны сақтау керектігін еске түсіру. (Тәртіп, Талап, Тазалық, Тыныштық, Татулық)




Ішкі интеграция:
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Демек адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері  бар, ақиқат екенін білуіміз тиіспіз. Қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен дұрыс әрекет жасауымыз керек. Егер біз табиғатты дұрыс аялап, сақтай білсек қана табиғаттан алатын нәрселерімізді ала аламыз, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарасақ сүйіспеншілігіміз артады. Қиянат жасамау-орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән беріп, басқаларға зиян келтірмей өмір сүру, әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды.

Талдау:




Үй тапсырмасы:

  1. §22. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер тақырыбын оқу.

  2. «Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» тақырыбында эссе жазу.







Сабақтың қорытынды сәті. Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған. Табиғат- ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған. Ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалаған. Ал табиғат-
тың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа,
шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.





«Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін.




Қорытынды: өзіміздің іс-тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

  1. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

  2. Жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.

  3. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

  4. Әрбір сабақта озық технологияларды өткізу, әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.


Қолданылған әдебиеттер:
1.     Ақиқатты тани біл (Ғибрат толғамдары): V кітап/ Қурастырушы  Сейтақов А.– Алматы, 2004.-320 б.

2.     Познай истину: Книга VI. Самопознание. Мысли на каждый день.- Алматы, 2005.- 136с.

3.     Назарбаева С.А. Ұстаздан ұлағат.-Алматы: Атамұра, 2000.-40   б.

4.     Назарбаева С.А. Самопознание  и гармоничное развитие человека//Самопознание (теория, практика, поиск новых парадигм). Материалы республиканских научно-практических семинаров по нравственно-духовному образованию. Вып.1.-Алматы, 2003.-116 с.



5.     Бердяев Н.А. Самопознание.-М., 2001

6. Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы Әдеп. Инабаттылық дәрістері. Оқу құралы.- Алматы: Рауан, 1998
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет