Өзбекстан өзбекстан



жүктеу 53.97 Kb.
Дата12.04.2018
өлшемі53.97 Kb.
ӨЗБЕКСТАН

Өзбекстан — Орталық Азияда орналасқан мемлекет.

  • Жер аумағы – 442,4 мың км2.

  • Халқы – 24,6 миллион (2000). Негізгі халқы – өзбектер (75,8%), онан басқа орыстар (6%), тәжіктер (4,8%),қазақтар (4,1%), татарлар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады.

  • Мемлекеттік тілі – өзбек тілі.

  • Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады.

  • Астанасы – Ташкент қаласы (2,1 миллион адам).

1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлымемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.

  • Ұлттық мерекесі – 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні.

  • Ақша бірлігі – сум.

Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет.

  • 1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты.

  • 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиациялық-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады.

  • 1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді.

Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.


Ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезенде, әсіресе отын-энергетика саласын дамытуға көп көңіл бөлінді. Электр энергиясын өндіру Ангрендегі коңыр көмір, Шыршыктағы СЭС тізбегіне және табиғи газға негізделген. Қазіргі кезде 1991 жылмен салыстырғанда мұнай (газ конденсатымен қоса) ендіру 3 есеге жуық, ал табиғи газ өндірісі 10 млрд м3-ге артты. Ел Қазақстан мен Қырғызстанды да табиғи газбен қамтамасыз етеді. Мүбәректе газ өндеу зауыты салынған, мұнда газбен қатар күкірт те ендіріледі. Республикада газ өндеумен қатар, мұнай өндіру саласы да қарқынды дамуда. Алтыарық және Ферғана мұнай өңдеу зауыттары Ферғана аңғарынан өндірілетін мұнайға, ал салынып жатқан Бұхара зауыты Көкдумалак кен орнының мұнай-газ конденсатына негізделеді.

Мұнай-газ өндірісі негізінде химия өнеркәсібі ерекше қаркқнмен дамуда. Бұл сала, ең алдымен, ауыл шаруашылығының тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. ШыршықНавои мен Ферғанада азот тыңайтқыштарын өндіреді, Ферғана, Қоқан, Самарканд, Алмалықтағы зауыттар Қазақстаннан әкелінетінфосфорит шикізаты негізінде жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда тыңайтқыштармен қатарөсімдіктерді зиянкестерден қорғауға қажетті заттар, тұрмыстық химия өнімдері де шығарылады. Сонымен қатар резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін, дәрі-дәрмек жасайтын кәсіпорындар бар.

Жергілікті шикізатқа негізделген түсті металлургия айрықша кезге түседі. Алмалық маңында мыс-молибден кендері өндіріліп өңделеді. Ал Ташкент облысындағы комбинаттар жергілікті вольфрам, молибден кендері мен Тәжікстаннан өкелінетін қорғасын-мырыш концентраттары негізінде жұмыс істейді. Алтын өндірісі ҚызылқұмдағыМұрынтау алтын ендіретін комбинатында шоғырланған, жылына 70 ғасырға дейін таза алтын алынады. Ферғана аңғарында күміс өндіріледі.

Ташкент қаласы мен оның маңайында ауылшаруашылық машиналарын жасау кәсіпорындары орналасқан. Мұнда мақта жинауға және тазалауға арналған машиналар,тоқыма өнеркәсібі мен суландыруға қажетті жабдықтар шығарылады. Елдің халық тығыз орналасқан шығыс бөлігінде электр техникасын, приборлар мен құралсайман жасайтын өндірістің үлесі едәуір. Мұнда жүк көтергіш көліктер мен химия өнеркәсібіне қажетті жабдықтар, кабель өндіретін кәсіпорындар да орналасқан. 1996 жылдан бастап Андижан облысында "Дэу" компаниясымен бірлескен автомобиль зауыты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорында жылына 200 мыңға дейін "Дэу-Нексия" жеңіл автокөлігі құрастырылады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. http://kk.wikipedia.org/wiki/Uzbekiston





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет