ОҚушыларды рухани-адамгершілік қҰндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызы



жүктеу 46.19 Kb.

Дата24.10.2018
өлшемі46.19 Kb.

 

 

Ш.А.Булекбаева 



Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты, 

Қазақстан 

 

ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 



ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ 

 

Түйіндеме:    Рухани  -  адамгершілік  құндылықтармен  білім  жүйесін  дамытып 

қалыптастыру  жаңа  қоғамның дамуындағы  мәні  зор,  маңызды  бағыт.  Рухани  - 

адамгершілікке тәрбиелеу–  білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне 

әсер  ету  арқылы  ішкі  жан  дүниесін  ояту  нәтижесінде  оның  рухани  - 

адамгершілік  қасиеттері қалыптасады.  Рухани  - адамгершілік білім беру  – жас 

ұрпақтың  бойына  өмірдің  мәні,  сүйіспеншілік,  бақыт,  сыйластық,  татулық, 

бірлік,  төзімділік  сынды  құндылықтарды  дарыту  арқылы  адамның  қоғамда  өз 

орнын  табуына,  қабілет  -  дарынының  ашыла  түсуіне,  ақыл  -  парасатын 

дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.  

Түйін  сөздер:  адамгершілік,  рухани  –  адамгершілік,  тәрбие,  тәрбиелеу,  тұлға, 

қоғам, құндылық 

 

         



Бүгінгі  ұрпақ-  ертеңгі  болашақ  екенін  ескерер  болсақ,  бәсекеге  қабілетті, 

жаңа  уақыттың  өктем  талабына  үнқоса  алатын  азамат  тәрбиелеу  –  бүгінгі 

күннің  ең  маңызды  басымдылығы.  Ұрпақ  тәрбиесіне  жаңаша  көзқараспен 

қарау,  озық үлгісіне  үйлесімділік  қосу,  белсенділікті  дамыту,    тұлға  еркіндігін 

жан-жақты  қалыптастыру  –  басты  мәселе.  Жас  ұрпақтың  азамат  болып 

қалыптасуының,  дамуының  түп-тамыры  тәрбиеден  бастау  алады.  Білімді, 

адамгершілікті,  кез-келген  жағдайда  дербес  шешім  жасай  алатын, 

ынтымақтасуға  және  өзара  іс-қимылға  қабілетті,  ел  тағдыры  үшін 

жауапкершілік  сезіміне  ие  адам  тәрбиелеу  мәселесі  жыл  сайынғы  Республика 

Президентінің Қазақстан  халқына Жолдауынан, ҚР азаматтарын патриоттыққа 

тәрбиелеу  Мемлекеттік  бағдарламасынан  және  т.б.  аса  маңызды  құжаттардан 

орын алуда. 

          Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар ҚР Конституциясында 

бекітілген  және  басқа  да  маңызды  нормативтік  құжаттарда  жеке  тұлғаның 

ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы 

және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланың тәрбиелену, 

білім  алу  және  жан-жақты  қалыптасу,  ана  тілін,  ұлттық  салт-дәстүрді  сақтау, 

ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру - білім беру 

жүйесінің басты міндеттері болып табылады. Адамгершілік тәрбиесінің маңызы 

мектептің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Адамгершіліктің қайнар бұлағы 

–  халқында,  отбасында,  олардың  өнерлерінде,  әдеп-ғұрпында.  Әр  адам 

адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс-тіршілігінен,  өзін  қоршаған  табиғаттан 

бойына  сіңіреді.  Себебі,  тұлғаның  даму  өзегі  –  рухани  –  адамгершілік 

құндылық,  ал  субъектісі  адамның  әрекеті  мен  қалыптарының  рухани  және 

адамгершілік қасиеті болып табылады.  

          Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат– 

міндеттерінің ең бастысы– өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы 


 

 

ұрпақ  тәрбиелеу.  Келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты 



мол,  мәдени-ғылыми  өрісі  озық  етіп  тәрбиелеу  –  біздің  қоғам  алдындағы 

борышымыз.  Жас  өспірім 

тәлім-тәрбиені,  адамгершілік  қасиеттерді 

үлкендерден,  ұстаздардан  насихат  жолымен  емес,  тек  шынайы  көру,  сезім 

қатынасында ғана алады.  Адамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, 

ол  адамның  өмірге  келген  күннен  бастап  өмір  бойы  жалғаса  береді.  Рухани-

адамгершілік құндылық тұлғаның өмірдегі өз орнын табуға, қоршаған ортадағы 

мәдени  тұтастықты    қалыптастыратын    жиынтық.    Демек,  бұл  жиынтықтың  

рухани-адамгершілік  маңызы  –  адамның  үйлесімді  дамуы,  оның    ізгілікке 

бағытталуы,  психологиялық  жан-күйінің  болуымен  сипатталады.  Ал 

құндылықтар  сезім  мен  ақылдың  ұштасуын  және  сол  арқылы    іс-әрекетті 

белгілейді.  Қоғам  талабынан  туындаған  жағымсыз    әдеттерді  көріп  отырған 

ұрпаққа,    дәстүрлі  әдеп  жүйесіндегі  құндылықтарды  сақтай  отырып,  әлемдік 

ынтымақтастықтың  жаңа  үлгісіне  көшудегі  міндеттер  біз  көтеріп  отырған 

мәселенің қоғам талабына туындаған өзектілігін  дәлелдейді. 

          Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, 

жеке  тұлғаның  әдеп  ұстанымын,  оның  қоғам  өмірінің  нормалары  мен 

дәстүрлерімен  келістірілетін  моральдік  қасиеттерін  және  бағдарларын 

қалыптастыруды  болжайды.  Рухани  -  адамгершілік  құндылықтармен  білім 

жүйесін дамыта қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды 

бағыт.  Оқушыларды  рухани  -  адамгершілікке  тәрбиелеу,  болашағына  жол 

сілтеу  –  бүгінгі  қажетті,  кезек  күттірмес  мәселе.  Рухани  -  адамгершілікке 

тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді.  Баланың сезіміне әсер ету арқылы  

ішкі  жан  дүниесін  ояту  нәтижесінде  оның    рухани  -  адамгершілік  қасиеттері 

қалыптасады.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру 

оның  туған  кезінен  басталуы  керек.  Баланың  бойына  жастайынан  ізгілік, 

мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - 

өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.                   

         Рухани-адамгершілік  тақырыбы  -  мәңгілік.  Жас  ұрпақтың  бойына 

адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  -  ата  -  ана  мен  ұстаздардың  басты  міндеті. 

Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл  қасиеттер.  Адамгершіліктің қайнар  бұлағы  - 

халқында,  отбасында,  олардың  өнерлерінде,  әдет  -  ғұрпында.  Әр  адам 

адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс  —  тіршілігінен,  өзін  қоршаған  табиғаттан  

бойына  сіңіреді.  Баланың  сезіміне  әсер  ету  арқылы  ішкі  жан  дүниесін  ояту 

нәтижесінде  оның  рухани-адамгершілік  қасиеттері  қалыптасады. Халықтық  

дәстүр,  рухани  мәдениет  негізінде  баланы  рухани  адамгершілік  тәрбиесін 

дұрыс  жолға  қою  міндеттерін  жүзеге  асыру  басты  мақсат  болатыны  белгілі. 

Рухани  тәрбиесі  дұрыс  жастар  әрқашан  жақсы  қасиеттерді  бойына  сіңіріп,  өз 

идеяларына  ұқсауға  ұмтылады.  Оқушыларды  ибалыққа  бауылып,  мейрімділік, 

кішіпейілділік,  қамқорлық,  ізгілік  және  адамгершілік  сияқты  қасиеттерді 

бойларына сіңіру- әрбірата-ананың,  мұғалімнің және мектептің басты парызы. 

        Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-

өзі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның  өзі  мейірімділікке, 

ізгілікке  шақырады.  Рухани-адамгершілік  тәрбие  –  бұл  өзін-өзі  ұстау 

дағдыларының 

нормалары, 

ұйымдағы 

қарым-қатынас 

мәдениетінің 


 

 

тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке  адамның  адамгершілік  санасының 



 дәрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс-  әрекетін  анықтайды.  Мақал-мәтелдер, 

жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер–адамгершілік  тәрбиенің  арқауы.  Тарихи  дамуға  көз 

жіберсек,  адам  тәрбиелеуде  адамгершілікке  мән  беріп  мұны  ұрпаққа,  халық 

шығармашылығы  арқылы  жалғастырып  отырған.  Мәселен,  халқымыздың 

мақал-мәтелдері  жай  ғана  айтылған  ұйқас  сөздер  емес,  олардың  тәрбиесінің 

негізгі  ұстанымы-адамгершілік  мәні  болған.  Қай  заманда  болмасын  адамзат 

алдында  тұратын  ұлы  мұрат  –  міндеттерінің  ең  бастысы  –  өзінің  ісін,  өмірін 

жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.    Адам  мақсаты 

адамгершілік  қасиеттер  арқылы  орындалып,  рухани  қасиеттер  арқылы  жүзеге 

асады. Демек, еліміздегі қоғамды ізгілендіру жағдайындағы ең басты мәселе  – 

адамды  құндылық  ретінде  бағалау.    Құндылық  –  адамдық  қасиеттің  өлшемі, 

оның  жақсылыққа  талпынысы,  өзге  адамға  жанашырлығы,  айналадағы 

адамдарға  қайтарымы,  өмірді  жақсартуға  ұмтылысы,  өмір  сүру  ізденісі, 

тіршіліктегі  әр  пенденің  орны  мен  рухани-адамгершілікқасиет.  Адамгершілік 

тәрбиесіндегі  басты  мәселе  –  баланы  құрметтеу.  Әрбір  бала  өзін-өзі  рухани 

жетілдіру  үшін  өзін  тәрбиелеуге  ұмтылу  керек.  Жалпы  адамзаттық 

құндылықтарды  өскелең  ұрпақтың  ақыл-парсатына  азық  ете  білу  үшін  әрбір 

ұстаз-тәрбиеші халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды терең 

біліп,  оларды  өркениетті  өмірмен  байланыстыра  отырып,  тәлім-тәрбиеге 

пайдалануға  халық  алдында  жауапты.  Сондықтан,  қазіргі  кезде  балалардың 

бойына  адамгершілік  қасиеттерді  дарытып,  тұлғаны  қалыптастыруда  рухани-

адамгершілік қайнарын сіңіріп, рухани дүниесі бай, мінез-құлқын тәрбиелеуге, 

жалпы  адамзаттық  құндылықтарды,  адамгершілік  қағидалар  мен  мақсат-

мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алып өмір сүретін тұлға қалыптастыруға 

жағдай жасау қазіргі қоғамдағы көкейкесті мәселелердің біріне айналды. 

        Сондай-ақ,  ҚР  «Білім  туралы»  Заңында  «білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті–  ұлттық  және  жалпыадамзаттық    қазыналар,  ғылым  мен  практиканың 

жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыру  мен  дамыту  үшін  қажетті 

жағдайлар жасалуы қажет» деп көрсетті. 

        Жалпы құндылық проблемасының басты өзегі- Адам. Адам үшін ең басты 

құндылық  -  өмір,  оның  мәнін  сезіне  білу,  өмірдің  мәнін  өз  бойынан  іздеп, 

өмірді  рухани  толықтыру.  Өзін-өзі  тани  білу  өзіндік  сананың  қалыптасуынан 

туады.    Жасөспірімнің  өзін-өзі  құрметтей  білуі  мен  танып  білуінің 

қалыптасуының  бірнеше  жолы  бар.    Осы  орайда  ұлы  ғұлама  Әл  Фарабидің 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім адамзаттың 

қас жауы» деген ұлағатты сөзі, білім мен тәрбие егіз, екеуі қатар жүру екендігін 

көрсетеді. Өйткені, интеллектік дамуға ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік 

пен  рухани  дамудың  үйлесімділігін  қалыптастыру  қажеттігі  туындайды. 

Берілетін  тәрбие  жұмысының  барлық  шеберлігі  адамның  қандай  болуы 

керектігін біліп, адамды өзінің көздеген мұратына жетуге рухтандыра білуде.  



        В.А.  Сухомлинский:  «Егер  біз  балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  алсақ,  ол 

бала  дәл  сондай  бола  алады»,-  деген  болатын.  Ал,  К.Д.  Ушинский: 

«Тәрбиелеудің  басты  міндетін адамгершілік  әсер  етуден  құрайды»,-  десе,  дана 

Абай: «Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті, сонда ғана оның 



 

 

еңбегі  және  табыстылығы  ерекше  мәнге  ие  болады.  Адам  болып  дүниеге  келу 



жеңіл, бірақ адам болу қиын»,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, 

біздің  болашақ   ұрпағымыз  тәрбиеден  ғана   рухани  байлық  алып,  тәрбие 

арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады. 

        Рухани  дүниесі  бай,  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтары,  талғамы,  ой-

өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің 

тұрақтылығы  адамның  рухани-адамгершілік  түсініктерінен  туындайды.  

Рухани-адамгершілік  тәрбиесінде  мұғалім  оқушыны  тұлға  ретінде  танып  біліп 

қана қоймай, оның дамуында кешегін, бүгінін, болашағын көре білуі қажет. 

        Рухани-адамгершілік   тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа, 

қайырымдылық, мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп, соны мақсат  тұтса, ұстазың, 

ата-ананың да болашағы зор болмақ.  

 

Әдебиеттер: 

 [1] Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана , 2000. 

[2] Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы. 2004 

[3]  Өтебаева Ө.Т. Рухани-адамгершілік тәрбие берудің қазіргі кездегі маңызы. 

// 


Білім. 2007, 44-47 б. 

[4] О.К. Трубецкая Балалардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалай 

жетілдіруге болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012 

[5] Ушинский К.Д. Педагогические сочинения. 6 том. 1988.-248 с 



 

 

: pdf




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет