ОҚушыларды мамандық таңдауға даярлауда «психологиялық СҮйемелдеу»



жүктеу 86.69 Kb.
Дата08.02.2018
өлшемі86.69 Kb.
ОҚУШЫЛАРДЫ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА ДАЯРЛАУДА «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ»
Утегенова Б.М.,

пед.ғыл.кандидаты, доцент



Хасенова Меруерт,

педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Кәсіби қызмет әр адам өмірінің үштен бір бөлігін алады, сондықтан, кәсіби бастау – адамның бар өмірін жалғасатын процесс. Әр адамның өміріндегі кәсіби бастауының өзіндік сценарийі болады. Біріне кәсіби қызмет бар өмірінің мақсаты мен тіршілік ету мәні болса, екінші адамға тұлғалық қажеттіліктерді өтеу үшін жай ғана фон болса, үшінші адамға қызмет түрі айтарлықтай мән бермейді. Яғни, мамандық түрлі тұлғалық мәнге ие. Ең алдымен, «психологиялық сүйемелдеу» деген ұғым мағынасын анықтау қажет. «Орыс тілі сөздігі» бойынша, сүйемелдеу – белгілі бір тірішілік иесімен серік ретінде ілесу. Осы жерден, психологиялық сүйемелдеу – өзгеріске ұшыраған тұлғамен бірге қозғалу, қажетті уақытта меңзеп, кеңес беру процесі.

Сүйемелдеу әрекетін кім атқарады? Кәсіби жол – ұзақ жол болып табылады. Бұл процесс балалық шақтан басталып кәрілік кезеңде аяқталады. Сондықтан, адамның кәсіби сүйемелдеушілері өте көп, олар: ата-ана, мұғалім, әріптестер, басқарушылар және т.б. Алайда продуктивті және пайдалы кәсіби сүйемелдеу процесін тәжірибесі бар тұлға атқару міндетті, яғни, психолог-консультант. Кәсіби даму траекториясын таңдауға кеңес беру процесінде психолог өз пікірін міндеттеп, мәжбүр етпейді, керісінше, бағыт беріп, оқушының адекватты түрдегі кәсіби потенциалын қалыптастыруға көмек беріп, мамандық әлемінен білім береді, қазіргі еңбек нарығындағы ерекшеліктермен, мамандықты игеру әдісі мен таңдау ережелерін таныстырады. Психологиялық сүйемелдеу жайлы сөз қозғағанда біз мұғалімнің тікелей ролін мойындамау қате болар еді. Педагогикалық сүйемеледеу процесі тәрбилеу, білім беру, оқыту процесінде жүзеге асады. Бұл процесс мақсатталған нәтижеленген әрекет комплексінен тұрады, және оқушыға өмірлік жағдаяттарды түсінуге көмек беріп, өзін-өзі даму әрекетін қамтамасыз етеді. Педагогикалық сүемелдеу дегеніміз субьектінің түрлі өмірлік жағдаяттарда оптималды шешім қабыдау үшін түрлі жағдаяттарды дамыту мен қалыптастыру.

Осылайша, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу – тұлғаның кәсіби бастамасын зерттеу, қалыптастыру, дамыту, түзету процесі.

Кәсіби бағдарлану - оқушыны мамандық әлемімен таныстыру әрекеті өте күрделі жүйе. Кәсіби бағдарлану тұлғаның мүмкіндіктері мен икемділігіне байланысты болашақ кәсіби қызмет түрін таңдауды қамтамасыз етеді. Кәсіпқой атағына ие болу, білім алу профилі мен мамандық түрін таңдау үшін көптеген азаматтарға психологиялық көмек пен психологиялық сүйемелдеу қажет. Негізінен, мамандық таңдау процесін біз ерекшелену және мамандыққа сұраныс арасына сәйкес тізбек арасынан ізденеміз.

Оқу профилі мен мамандық таңдаудың шығармашылық жолында жасөспірімдермен жұмыстың басымды бағыттары бөлінген:


  1. Шынайы әлеуметтік-экономикалық нарық жағдайына бейімделу мақсатындағы өзін-өзі анықтаушы жасөспірімге көмек. Жасөспірімге қоғам ортасынан орын табу үшін оптималды нұсқа ұсыну қажет. Алайда, осындай перспективті ұсыныста «басымдылық профкеңес» мәселесі беріледі. Яғни, қазіргі таңдағы жағдаймен қоса болашақта мамандық түрінің өзгерістеріне көз салған жөн.

  2. Үнемі өзгеріс кезінде өз еркімен бағдарлану икемділігін қалыптастыру. Психолог міндеті нақты таңдау жасауға көмек беру емес, оқушының түрлі кәсіби және өмірлік таңдау жасауға икемділікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, болып жатқан жағдаяттарға позитивті жағынан қарауды үйрету маңызы зор («әлеуметтік оптимизм» орнату). Ал мінсіз формада қарайтын болсақ: ұмтылыс қасиетін қалыптастыру болып жатқан жағдаятқа позитивті үлес қосы («әрекеттік әлеуметтік оптимизмді» қалыптастыру). Осының барлығы өзіне деген оптимизм жағынан қараумен де байланысты (өзіндік «мақсатына», өмірдегі мәніне ойы). Бірақ, өзіндік өмірлік мәніне әрекеттік әлеуметтік оптимизм мен сенімі міндетті түрде өзіндік шынайы өмірде бейімделу мүмкіндіктерімен сәйкес болуы қажет.

  3. Өзін-өзі анықтаушы тұлғаның құндылық-мәндік орталығын қалыптастыру. Осы жердегі ең маңызыды мәселе – берілген адам айналасындағы маңызды жағдайға құндылық және мағыналық жүйе (иерархия) құру. Дәл осындай иерархия құру адам бойындағы бар құндылықтарды ерекшелеуге, яғни, ішкі компромиссқа сай жағдайларды орындау.

  4. Өзін-өзі анықтаушы адамды нормативті емес өмірлік және кәсіби күйзеліс жағдайларында дұрыс әрекет жасауға дайындау. Күйзеліс тұлғалық даму ретінде қарастылады («мінсіздікке» жету). Негізінен дәстүрлі түрде күйзелістің нормативті және нормативті емес деп екіге бөледі. Нормативті күйзелістен көпшілік адамдар өтеді (мысалы, жас ерекшелігіне байланысты күйзелістер). Нормативті емес күйзеліс – адамның алдағы өміріне белгілі бір ықпал ететін күрделі өмірлік жағдаяттар (мысалы, аурулар, көшіп-қону, жақын адам өлімі, жұмыстан шығу және т.б.).

Күйзеліс «мүмкіндік»ретінде келесідей іске асырылуы мүмкін:

  1. Алдын-ала анықталған немесе қайтымсыз жағдайды іске асыру ретінде («нормативті мүмкіндік»);

  2. Жоспарда жоқ өмірлік қиындықтарды іске асыру ретінде («өмір тосын сыйына» дайындық мәселесі);

  3. Өмірлік жағдайларды өздігінен қиындату, яғни, «мүмкіндікті күту», «мүмкіндікті ойлап табу» әрекетіне «елең ету» (белсенді адамдарға арналған шығармашыл ұстаным).

Мектеп қабырғасының педагог-психологы үшін өмірлік сынау кезінде оқушының өзін-өзі анықтау мен тұлғалық дамудың келесі жоғарғы деңгейіне өтуді қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады («өз мүмкіндігін қолдануды» үйрету). Осы мәселе педагогикалық-психологиялық құралдармен қалай қамтамасыз ету қажет деген мәселемен тығыз байланыста.

Бөлінген басымдылықтарды іске асырудың жалпы логикасы мынадай:



  • кәсіби анықтауда көме беруді дамытуда жағдаятты бағытының теориялық жағын қайта жаңғырты және дамыту;

  • біртіндеп жаңа (басымды) әдістеме құрастыру;

  • біртіндеп жаңа құрастырылған әдістемелерді дәстүрлі оқыту формасы мен кәсіби өзін-өзі анықтау әдістемесіне кіріктіру;

  • жағдаяттардың өзгерісіне байланысты үнемі түзетулер жасау.

Мамандық таңдауда психологиялық сүйемелдеу адамның психологиялық дамуының нақты заңдылықтары мен нормаларынан тұрады. Даму психологиясының басты категорияларының бірі – жас ерекшелік категориясы (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин және т.б). мамандық таңдау кезеңі хронологиялық түрде жасөспірімдік және жастық кезеңдерімен сәйкес келеді. Осы кезеңге сипаттама: өзін-өзі анықтаудың дамуы жаңа деңгейге орнығуы, өзіндік дүниетанымның пайда болуы, тұлғаның өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі тану процестерінің актуализациясы, өмірлік ұстанымды анықтау, кәсіби қызмет жолын жоспарлау. Психологиялық қызмет – жас ерекшелігіне сай негізгі міндеттерді продуктивті түрде шешуге мүмкіндік тудыру, кәсіби қызметтің мазмұнын, құндылықтарын, міндеттерін, мағынасын психологиялық сапалы түрде кіріктіру, оларды іске асыру мен ұғынуды, оқушыны педагогикалық ықпал обьектісінен кәсіби білім алу субьектісіне айналдыру, яғни, тұлғаның алуан түрлі өмірлік деңгейлерде кәсіби даму жағдайларын қамтамасыз ету.

Кәсіби бағдарлану концепциясының басты ұғымы оқушыларлы профилалды дайындық болып табылады. Профилалды бағдарлау негізгі идеясы – алдағы білім алу профилді таңдауының мүмкіндіктерін жоғарлату, таңдау жасауға оқушының психологиялық жағынан дайын болу.

Таңдау жасаудың ғылыми негіздері жайлы элементарлы көрінісінің жоқтығы өзін-өзі анықтаушыоқушының профилді сынып емес, болашақ мамандығын таңдау процесіне кедергі болады.

Осымен байланысты профилді оқытудың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу міндеттері болашақ мамандығы мен білім алу траекториясын таңдауда көмек. Аталған мақсатқа жету үшін профилді оқыту барысында қажет:



  1. Оқушының өзін-өзі кәсіби анықтау әрекетін өзі және мамандық әлемі жайында ақпарат алу арқылы процесті актуальдандыру.

  2. Оқушылардың психологиялық құзіреттілік деңгейін жоғарлату үшін әлеуметтік және кәсіби бейімділікте психологиялық көмек пен қолдау көрсету.

  3. Оқушының адекватты түрдегі өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мен оқу-ісіндегі қызығушылықтың кәсіби бағытын жоғарлату.

Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты профилді және кәсіби сүйемелдеу шегінде негізгі бағыттар бөлінеді:

  • Психологиялық диагностикалау ең алдымен болашақ кәсіби қызмет түрін таңдау ерекшеліктеріндегі көріністің қалыптасу деңгейін анықтау;

  • Ата-ана және мұғалімдермен кеңес беру қызметін жүргізу [36, 189]. Педагогтармен жұмсы көп жағдайларда семинар түрінде өткізіледі. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған семинар сабақтарында кәсіби анықтауда оқушы алдында тұраты міндеттер мен қиындықтарды, оқушыларға көмек беру кезінде қарым-қатынас тактысымен танысу жүргізіледі. Ата-аналармен кеңес беру процесі жеке-дара немесе ата-ана жиналыстарында өтеді [40, 95].

  • Оқу мазмұнын модификациясы мен әдістерді жетілдіруге бағытталған методикалық қызмет.

  • Әр оқушыға көмек беруге бағытталған профилактикалық жұмыс психологпен іске асырылады. Айрықша нәтижелі және продуктивті болып тренинг формасында өткізіледі.

  • Кәсіби таңдау жасауда қиындыққа ұшыраған оқушылармен түзетуші-дамытушы жұмыс жасау. Аталған қызмет түрі диагностикалау деңгейінде анықталатын жағдаятатр ұқсастығы негізінде қалыптасатын жеке-дара немесе микро топтарда өткізіледі .

  • Өткізілген психологиялық-педагогикалық көмек көрсету қызметін, профилалды қызмет бойынша, оқуышылардың профилдік оқыту әрекетін, жасөспірімдердің кәсіби карьераға дайындығын, қызметтік жоспарды түзету және нәтижелі бағалауды мағыналауға арналған аналитикалық жұмыс.

Профилді сыныптарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу төрт топқа бөлінеді: дайындық алды ( сегізінші сынып), дайындық (тоғызыншы сынып), бейімділік (оныншы сынып), қорытынды (он бірінші сынып).

  • Сегізінші сынып – оқушыларға педагогикалық, психологиялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемел болу, өзін-өзі анықатауға дайындығын көтеруге ықпал ету.

  • Тоғызыншы сынып – жоғары сынып оқушыларына болашақ білім алу жолын жобалау.

  • Оныншы сынып – оқушылардың жаңа білім алу жағдаятына әлеуметтік-психологиялық жағынан бейімдеу.

  • Он бірінші сынып – жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік және психологиялық дайындығын қалыптастыру және анықтау [37, 110].

Деңгейлеп сүйемелдеу әрекетін ұйымдастыру төрт түрлі қызметті іске асыруды қамтамасыз етеді:

  • Пайда болған жағдаятты диагностикалау (оқу профилін және болашақ мамандығын таңдау);

  • Оны шешуге мүмкіндігі бар жолдар жайлы ақпараттану (профилалды оқытудың ақпараттық бағыты);

  • Шешім қабылдар алдында кеңес беру және жағдаятты шешуге жоспар құру (педагог-психолог қызметіндегі кеңес бағыт-бағдары);

  • Жоспарды жүзеге асыруда психологиялық көмек.

Сүйемелдеудің концептуалды негізінде оқу әрекеті өзіндік мақсат емес, әр оқушының тұлғалық дамуының, үздіксіздігінің, автономдылығы мен мультитәртіптілігінің құралы ретінде болған жағдайда тұлға ерекшелігі, тұлғалық даму приоритеті кепілде тұр. Осы арқылы түрлі мамандар арасында кәсіби қарым-қатынас іске асады (пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, педагог-психолог және т.б.).

Осылайша, «сүйемелдеу» технологиясы кездейсоқ таңдалған жоқ: менің ойымша, басқа бағыттар арасында мектеп психологының қызметі «сүйемелдеу» қызметінде айтарлықтай нәтижелі, таза, үнемді.

Әдебиеттер:


  1. Климов Е. А. Психология: критерии готовности учащихся к профессиональному самоопределению / под ред. С. Н. Чистяковой. М.: Филология,1991.-258с.

  2. Психолого-педагогическая работа по профориентации 8 - 9 классов: Практическое пособие / Авт.-сост. Н.В. Афанасьева, Н.В. Малухина, Т.В. Загостина. М.: АРКТИ, 2013. 112 с.


Заявка на участие в конференции

Наименование образовательного учреждения

Костанайский государственный педагогический институт

Фамилия, имя, отчество участника

Утегенова Б.М., Хасенова М.

Дата рождения

13.10.1960г.; 1993г.

Должность

зав. кафедрой педагогики КГПИ

Ученая степень, звание

канд. пед. наук, доцент

Почтовый адрес

110000, Республика Казахстан, г.Костанай, ул.Тарана, 118

Адрес электронной почты

dayana__2009@mail.ru

Контактный телефон

87028566595

Название секции

Общественно-гуманитарные науки

Название доклада

Оқушыларды мамандық таңдауға даярлауда «психологиялық сүйемелдеу»

Желаемая форма участия

(только публикация, выступление с докладом)



только публикация

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет