Оқушылар арасында би билеуден өнерін көрсете білу, сонымен



жүктеу 8.25 Kb.

Дата01.03.2019
өлшемі8.25 Kb.

«Сиқырлы би әлемі» 

 

Мақсаты:   Оқушылар арасында би билеуден өнерін көрсете білу, сонымен 

қатар оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткізу. Өнер 

құралдары арқылы сана-сезім деңгейі өте жоғары, жаңаша ойлауға қабілеті 

бар, шығармашылық іс ірекетін көрсетуге дайын, ұжымда өмір сүре алатын, 

айналасындағы адамдармен тіл табыса алатын ұрпақ тәрбиелеп шығару. 

 

Қыз балалар арасында бірнеше қызды таңдап алып, би өнерінен шағын 



жарыс өткізілді.Олар: Сағынтай Әдия, Бекмолдина Аружан, Сағынбек 

Аружан, Қасен Әйкерім және Сыздыкова Саида.  

Қыздардың ықшамдылығына, майысу машықтығына, мәнеріне келтіріп 

орындай білуіне көңіл аударылды. Өлең айтудан, аспаптарда ойнаудан әрине 

білімдері бар. Сол жетістіктеріне қарай, би өнеріне қалай екен деген сұраққа 

жауап іздеу болатын. 

Талғамдық тәрбие-әдептілік-рухани құндылықтарды әсемдікке 

ұластыру. Жеке басының көркем мәдениетін қалыптастыру. Өзі қалаған өнер 

түрін таңдауға еркіндік беру. Музыка - көркем мәдениетті қалыптастыруда 

басты тұлғаның еркін жасампаздығына бағыт беру.  

Мәдениеттің ұлы қайраткерлері жасаған рухани байлықты 

оқушылардың ішкі бойына сіңіру. Қазақстанның мәдени аймақтық байлығы 

туралы түсінігін қалыптастыру. Оқушылардың бойына әдептілік қасиетті 

қалыптастыру. Әлеуметтік тұлға ретінде мәдени салт-дәстүрлер қажеттілігін 

қалыптастыру. Әрине қыздар өздері күнделікті теледидардан көріп 

жүргендерін ортаға салды. Кәдімгідей бар өнерлерін ортаға салып, қызу 

таласқа түсті. Қарап бағалап отырған оқушылардың да ойы әр түрлі шықты. 

Негізінде әжептәуір бір концерттік бағдарлама өткен сияқты. Қарап бағалап 

отырған оқушылар да риза болып тарасты. 

 

 



 

Тәрбиеші:  Мажикова А.А. 



 

 

 



 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет