Оқу түрі: күндізгі Курс: 3 кредит саны: 2 Лекциялар 15 сағат СӨЖ 30 сағат обсөЖ 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны



бет3/8
Дата18.01.2017
өлшемі1.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

5 лекция

Тақырыбы: Балықтардың қаңқасы.
Жоспар:

  1. Бас қаңқасы. Құрылысы мен ерекшелігі.

  2. Тірек қаңқасы.

  3. Қанаттар және олардың белдеулері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні

Балықтың қаңқасы сүйеніш, қорғаныш және қозғалыс қызметтерін атқарады.

Дененің пішінін, кеңстіктегі қалпын анықтайды. Қаңқа ішкі органдарды қорғайды.

Қаңқа бұлшық еттер мен бірігіп қозғалу процесстерін орындайды.

Балықтардың қаңқасы сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қаңқа барлық уақытта сүйектен тұрады. Балықтардың ішкі қаңқасы тірек, бас, жұп қанаттардың белдеуі мен тақ қанаттар бекитін суйектер.

Бас қаңқасы екі бөлімнен тұрады ми сауыты мен висцеральді бөлімнен. Ми сауыты мидың және кұрделі сезім мұшелерінің қорғанышы. Жақтар мен желбезек аппаратының таянышы. Бас сүйегі тері және шеміршек тектес сүйектерден құралған. Ми сауыты шеміршекті сүйектерден құралған.Ми сауытының артқы бөлімі , қарақұс тесігінің көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Шүйде сүйегі, парлы бүйір сүйегі, жоғарғы шүйде сүйектері ми сауытында орналасқан. Есіту капсуласының маңында, бас сүйегінің екі жағында бес- бестен құлақ сүйегі болады. Көз бөлімі сына тәрізді сүйектерден құралған. Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды.Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен , жұп төбе сүйектерінен құралған. Барлық бас сүйегінің тұбін – парасфеноид және оның алдыңғы жағында өре сүйегі құрайды.

Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцеральді скелет құрылады. Тіл асты сүйегі мен желбезек шеңберлері шеміршекті сүйектерден құралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлімі гиомандибуляре деген сүйектен құралған. Бұған шаршы сүйекпен бұындасып тұратын симплектикум келіп ұштасады. Гиомандибуляре симплектикуммен бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептеледі. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді.Желбезек қақпағы гиомандибуляр сүйегіне келіп бекиді. Желбезек шатыры төрт сүйектен құралған.

Тірек қаңқасы –бұл хорда немесе омыртқа жотасы. Хорда серпімді және майысқақ тіканнен құралған. Хорда ересек бүтінбастыларда, қостыныстыларда және шеміршекті балықтарда сақталған. Көпшілік балықтардың арқа желісі омыртқалардан құралған, бұл екі бөлімге жіктеледі. 1-қабырғалар бекіген кеуде.2-қабырғалары жоқ құйрық омыртқалары. Омыртқа ортасында хорда сақталады. Әрбір омыртқа, омыртқа денесінен, оның үстіңгі жүйке доғасынан және бұл доға жоғарғы істік өсінді болып аяқталады.Омыртқа жотасының соңғы омыртқалары өзгеріп жалпақ сүйектерге айналған. Балықтардың омыртқасының саны әртүрлі. Мысалы ай балықта-17, атлант майшабағында-57 болады.

Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды., ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанатты сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден барып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі сүйекті балықтарда нашар дамыған және ол кішірек «жауырын» мен каракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеу келіп бекиді. Бұл белдедің сүйектерінің ішінде ең ірісі, орақ тәрізді- клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсаұ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасқан.

Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері тектес сүйектерден қалыптасады. Артқы аяқ белдеуі қалың еттің арасына еніп жатқан екі ұзындау пластинкадан тұрады.

Сүйекті балықтардың алдыңғы жұп қанаттарының базалиясы, ал артқы парында радиалиясы да болмайды. бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерекшелігі болып есептеледі.

Шеміршекті балықтардың мен бекрелердің құйрық қанаты гетероцеркальді болып келеді. Жұп қанаттар бос қанаттың қаңқасы және оның белдеуінен құралған.

Құрсақ қанаттарының белдуі, немесе жамбас белдуі , балықтарда тірек қаңқасымен байланыспаған. Бекіретәрізділердің кеуде қанатының белдеуі, немесе жамбас белдуі шеміршектен және жабынды сүйектерден құралған.шеміршекті белдеуде бірнеше бөлімдерді ажыратады.

Нағыз сүйекті балықтардың йық белдеуі сүйекті, онда жаурын, коракоид, клейтрумның үш сүйегі және самай арты сүйек болады. Балықтардың жұп қанаттары биссериальді, унисериальды, және қарапайым типті. Балықтардың жұп қанаттарына – кеуде мен құрсақ қанаттары жатады. Тақтарға- арқа, аналь немесе құйрық асты және құйрық қанаттары жатады. Балықтардың қаңқасы дене құрылысының биологиялық және физиологиялық жағдайына байланысты болады. Балықтардың ағзасы өсе келе скелеті қатая береді. Қаңқа балықтардың ішкі органдарын қорғайды, денеге бір форманы беріп тұрады, бұлшық еттердің бекінуіне мүмкіндік береді. Қаңқаның әр бір бөлігі орналасқан орнына қарай қызмет атқарады.. Балықтар денесінің скелеті олардың тіршілік әректіне байланысты.




6 лекция

Тақырыбы: Балықтардың бұлшық еттерінің құрылысы
Жоспар:

  1. Соматикалық және висцеральды еттер.

  2. Бас еттер құрылысы мен ерекшеліктері.

  3. Қанат еттері және ерекшеліктері.

  4. Бұлшық еттердің маңыздылығы


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983
Лекция мәтіні:

Балықтардың бұлшық еті соматикалық (дене еті) және висцеральды ішкі

органдардың еті) болып бөлінеді. Соматикалық ет көлденең-жолақты, ал висцеральды – біріңғай салалы еттен тұрады.

Балықтардың соматикалық етінде дене, бас және қанат еттерін бөлуге болады. Ең жақсы дамығаны дене, немесе қозғалыс, еті ол дөңгелекауыздыларда сегменттелген.

Ет сегменттері-миомерлер бір бірінен бәнекертканьді перделермен-миосепталар-бөлінген.

Балықтардың дене еті түсі, құрылымы, биохимиялық құрамы және қызметі бойынша ажыратылады. Ақ (ақшыл), қызыл (қоңыр) және аралық ет талшықтарын ажыратады.

Балықтардың үлкен жылдамдықтағы қозғалысының, орындалуы ет талшықтарының қызметімен байланысты. Ақ еттер аэробты зат алмасуға, ал қызыл еттер анаэробты зат алмасуға бейімделген. Қызыл етті балықтар ұзақ уақытта үлкен жылдамдықпен жүзеді. Сүйекті балықтардың еті ақ. Көпшілік балықтардың қызыл еті-бүйір сызығының бойында және қанаттар түбінде болады. Қызыл еттің салыстырмалы көлемі, олардың жүзу жылдамдығына тікелей байланысты.

Дөңгелек ауыздылардың дене еті ұзынынан созылған екі таспа (лента) сияқты. Қиғаш орналасқан миомерлері сәл иілген, сондықтан алдыңғы миомерлері кейінгілерінің үстінен киіледі. Дөңгелекауыздылардың дене еттерінің жіктелуі байқалады: құрсақ бөлімінде жұп қиғаш еттер мен тік қарын еті пайда болады.

Балықтардың бұлшық еттері де екі бүйір етінен тұрады, олар метомерлі бірақ миомерлер көлденең перде арқылы дорсальді және вентральді бөліктерге бөлінген.

Шеміршекті және сүйекті балықтардың бұлшық етінің құрылысы ұқсас.

Шеміршекті балықтардың тұлға еті нашар жетілген. Шеміршекті балықтарда жұп қиғаш және тік қарын еттері жақсы дамыған. Нағыз сүйекті балықтарда тұлға еті жіктеліп – желбезек қақпағын пайда етеді. Бұл балықтарда ұзын арқа еті, қарынның ішкі және сыртқы қиғаш еттері мен тік еті дамыған. Ұзын арқа еті дененің еқі жағында бүкіл арқа бойына созылған. Миомерлері артқа бағытталады, сонан қайтадан ілгері бағытталады. Қарынның сыртқы қиғаш ет талшықтарымен, жоғарғы жиектен қиғаш төмен және артқа қарай бағытталған, вентральді арқаудың жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Қарынның ішкі қиғаш ет талшықтармен, жоғарғы жиектен қиғаш төмен және алдына қарай бағытталған, бүкіл бүйір қабырғаларын, яғни түгел вентральді арқауын құрайды. Қарынның тік ет талшықтарымен тұлғаның алдыңғы бөлігін бойлай орналасады.

Балықтардың соматикалық бас еті желбезекүсті, желбезек асты және алты жұп көз етінен тұрады. Қанат еттері –тұлға еттерінен бөлінген ет шоқтары. Көпшілік балықтардың еті түссіз, кейбір балықтардың еті түсті. Мысалы шортанның еті боздау, бекіреде сарғыш, албырттарда-қызғылт сары. Бекіреледің етінің түсті болуы оның етінде майдың көп болуы.

Балықтардың еттерінің негізгі қызметі балықтардың кұрделіде ,қарапайым қозғалыстарын жасауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортасына бейімделуіне, азығын тауып жеуіне, жауларынан қорғауына , тіршілік әрекетін жасауға көмектеседі. Неғурлым балықтар жақсы дамыса , соғурлым бұшық еттері жақсы күрделі дамиді. Бұлшық еттердің дамуы ағзаның физиологиялық жағдайына байланысты.


7 лекция

Тақырыбы:Балықтардың ас қорыту жүйесі.
Жоспар

  1. Ас қорытудың маңыздылығы.

  2. Ас қорыту жолдарының құрылысы

  3. Ас қорыту бездері.

  4. Сүйекті және шеміршекті балықтардың ас қорыту жүйелері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні

Балықтардың ас қорыту жүйесі асқорыту жолынан және асқорыту бездерінен (бауыр мен ұйқы безі) тұрады.



Асқорыту жолы. Ауыз тесігінен басталады және ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек және аналь тесігі немесе клоака. Балықтардың коректенуі сипатына сәйкес бұл бөлімдердің құрылысында айырмашылықтар болады.

Дөңгелекауыздылардың ауыз аппараты сорғыш типті, ол жиегі майда бүршіктермен қоршалған сорғыш воронкадан басталады. Ауыз тесігі воронканың түбінде. Жақтары жоқ, ал воронканың ішкі бетінде мүйізді тістері орналасқан. Ауыз қуысында, тісті, жақсы жетілген тілі бар, тілдің қаңқасы негізінен тіласты шеміршектен тұрады. Дөңгелекауыздылар воронканың көмегімен өзінің жемтігіне сүлікше жабысады, ал тісті тілімен оның денесін теседі. Сосын жараға белоктарды ыдырататын антикаогулянттар мен ферменттер бөледі, жартылай қорытылған тамақты ауыз қуысына сорады.

Балықтардың ауыз тесігі қоректену әдісі мен қоректің сипатына сәйкес әрқалай пішінді және әртүрлі орналасқан.

Жыртқыш балықтарда – үлкен тісті ұстайтын ауыз.Көптеген бентофагтарда сорғыш түтіктектес, кейде созылмалы, әдетте тіссіз (тұқылар, теңіз тебені т.б.). Күшті дамыған пластинка және тікенек тәрізді тістері бар тісті-балықтың (зубатка) аузы-уатушы ауыз. Планктофагтардың аузы үлкен немесе орташа көлемді. Тістері майда немесе жоқ (майшабақтар, анчоустар, ақсахалар т.б.) Перифитон коректі түрлердің аузы басының астында саңылаутектес, ал төменгі ернінде мүйізді тыс-қабыршақ болады (қызылкөз, храмуля, қарабалықтар мен көкбастардың кейбір өкілдерінде т.б.).

Көпшілік балықтардың ауыз қуысындағы жақтарында тістері болады-іріленген және пішінін өзгерткен плакоидты қабыршақтар. Тістің сыртын эмалтектес-витродентин қаптаған, оның астында дентин (сүйектен де берік) орналасқан. Тістің ішкі қуысы жүйкесі және қан тамырлары бар дәнекертканьді қоймалжың затқа толы. Әдетте тістердің түбі болмайды, сондықтан тозғандарының орнын жаңалары басады. Бүтінбастылар мен қостыныстылардың тістері үздіксіз өседі. Көптеген момын балықтардың, мысалы тұқылар, ауыз қуысында тіс болмайды. Жыртқыштардың істік, ішке қарай иілген тістері жемін ұстауға бейімделген.

Тістер тек жақ сүйектерінде ғана емес, ауыз қуысындағы басқа да органдарда (таңдай, өре, тіл т.б.) болады. Көптеген скаттардың тісі жалпақ. Тісті-балықтардың алдыңғы конусты тістері жемін ұстауға, ал жалпақ бүйір және ртқы тістері – моллюскілерді, терітікенектілерді, теңіз жұздыздарын уатады. Тебенқұсақтәрізділердің (Tetraodontiformes)алдыңғы тістері өзіне тән тұмсыққа айналған, осы тұмсығымен өсімдіктер мен маржандардың бөлшектерін үзіп алады, ал кейін ығысқан қалғандары тамағын майдалайды. Балықтардың көпшілігі (тұқылар мен кейбір басқалары) тамағын түгел жұтады. Пиранья өте өткір тістерімен ірі жемтігінен ет кесектерін қиып алады.

Балықтарда ауыз қуысынан шыға алатын нағыз тіл болмайды. Оның қызметін шырышты қабы бар тіласты доғасының тақ элементі (копула) атқарады.

Ауыз тікелей жұтқыншаққа ауысады, бұның қабырғаларында сыртқа ашылатын, желбезек доғалары қоршаған желбезек саңылаулары бар. Желбезек доғаларының ішкі ойық бетінде, құрылысы қоректену сипатына байланысты, желбезек өскіндері болады. Желбезек өскіндері қарапайым және желпуіштәрізді, ұзын және бүршіктітектес, қатты және майысқақ т.б. болып келеді. Жыртықштардың желбезек өскіндері азсанды, сирек тұрпайы, қысқа болады және негізінен желбезек жапырақшаларын қорғау және өте шырышты корегін ұстап қалу қызметін атқарады. Планктофагтардың желбезеке өскіндері көпсанды, ұзын, жіңішке –судан корегін сүзіп алу қызметін атқарады.Фитопланктонмен коректенетін дөңмаңдайдың желбезек өскіндері ерекше тор сияқты. Кейбір балыфқтардың (майшабақтар, албырттар, кейбір тұқылар т.б.) бірінші желбезек доғасындағы желбезек өскіндерінің саны систематикалық белгі болады. Планктофагтардың түгелге жақыны коректенген уақытта суды сүзу үшін аузын ашып, желбезек қақпақтарын томпайтып жүзеді.

Кейбір балықтардың –микрофитофагтар (дөңмаңдай)-жұтқыншағының дорсальді қабырғасында ерекше желбезекүсті орган дамиды, ол балықтың екі жағында төрт желбезек доғасының жоғарғы элементтерінен пайда болған оңашаланған тұйық спиральді клапандар сияқты, бұл қуысқа желбезек өскіндерінің ұштары енеді. Желбезекүсті органының қызметі майда тамақты, әсіресе фитопланктонды, жентектеу (шоғырландыру)

Жыртқыш балықтарда жоғарғы және төменгі жұтқыншақ тістері болады. Жоғарғы жұтқыншақ тісі желбезек доғаларының ең жоғарғы элементтерінде, төменгі жұтқыншақ тістері бесінше жетілмеген желбезек доғасында болады. Олар майда тісшелері бар алаңша сияқты. Жыртқыштардың жұтқыншақ тістері, желбезек өскіні сияқты, шырышты олжасын ұстау қызметін атқарады.

Тұқылардың, бесінші жетілмеген желбезек доғасындағы, төменгі жұтқыншақ тістері күшті дамыған. Жұтқыншақтың төбе қабырғасында уатушы болады – қатты мүйізді зат, ол жұтқыншақ тістерімен бірге тамақты майдалауға қатысады. Бұл жұтқыншақ тістермен бірге тамақты майдалауға қатысады. Бұл жұтқыншақ тістер бірқатарлы (тыран, торта т.б.) екіқатарлы (шемей, балпан т.б.) үшқатарлы (сазан, құаяз т.б.) болуы мүмкін. (29сүр) Пішіндері әртүрлі: қармақтәрізді, кетікті, тегіс, ойық, т.т. Осындай тісті балықтарда бұлардың систематикалық маңызы бар. Жұтқыншақ тістері сондай-ақ губандарда (Labridae), тоты-балықтарда (Scaridae) және кейбір камбалаларда болады.

Жұтқыншақ, ішкі беті ұзын қатпаршақты, өңешке жалғасады. Тебенқұрсақтылар отрядының өкілдерінде өңеш ауа қапшығын құрайды, ол денесін месше үрлеп үлкейтеді.

Көпшілік балықтардың өңеші қарынға жалғасады, қарынның ------коректену сипатына байланысты. Шортанның қарны жұмсақ тұт сияқты, сырттай өңештен айырмашылығы жоқ, алабұғада-соқыр ішек сияқты, ал кейбір балықтарда V әрпі сияқты иілген. Басқын балықтарда (кефалдар) қарны кішкентай, бірақ екі бөлікті: алдыңғысы безді, артқысы етті, онда тамақ майдаланып араласады. Қарынның алдыңғы беті кардиальді, артқысы- пилорикалық деп аталады. Сонымен қатар тұқыларда, қостыныстыларда, бүтінбастыларда, теңіз әтештерінің көптеген бұзаубас-балықтарда, теңіз шайтанында қарын болмайды. Бұларда тамақ өңештен бірден ішекке түседі, ішек үш бөлімнен тұрады алдыңғы (ащы), ортаңғы (тоқ), және артқы (тік). Ащя іщекке бауырдың және ұйқы безінің өзектері ашылады.

Ішектің ішкі беті қатпаршақты. Қарны жоқтар мен майда бентофагтарда (тұқылар, бұзаубас-балықтар т.б.) ішек қатпаршағы ала ірі бентофагтарда (қаяз т.б.) олар едәуір биік, ал жыртқыштарда –биік әрі жұқа.

Ішегі қысқа балықтарда сіңіру аймағын кеңейтетін бейімделуші болады. Дөңгелекауыздылар, шеміршекті, шеміршекті және сүйек ганойдты, қостынысты, саусаққанатты балықтардың ішегінің қабырғасында өскіндер – спиральді клапан болады. Миногалар ол жарты айналым , ал акулалар – 50 дейін. Нағыз сүйекті балықтардың арасында спиральді клапаны нашар дамығандары кездеседі-олар кейбір- албырттар, салакалар. Басқа нағыз сүйекті балықтарда асты сіңіру аймағы пилорикалық қосалқалар мен ішектің ұзаруы арқылы үлкейеді.

Пилорикалық қосалқалар көптеген балықтарда (майшабақтар, албырттар, скумбриялар, кефалдар, алабұғалар т.б.) болады. 1 ден 200 дейін болатын олар ішектің алдыңғы бөлігінен басталады. Бекірелердің пилорикалық безге айналған, ол ішекке бір кең тесікпен ашылады. Пилорикалық өсінділер тамақты, сіңіру аймағын кеңейтумен қатар ферментативтік қызмет атқарады деген болжам бар. Кейбір балықтардың пилорикалық қосалқылары систематикалық белгі (албырттар, кефалдар, т.б.) Балықтардың ішегінің ұзындығы оның тамығының құнарлығына байланысты, әртүрлі балықтардың ішегінің ұзындығы сол балықтың ұзындығына қатынасы 0,5 тен 22,0 дейін болады. Ең қысқа ішек жыртқыш балықтарда болады. Бұлардың ішегінің ұзындығының дене ұзындлығына қатынасы 1 шамасында немесе онан аз (шортандарда 1,2). Фитопланктонмен қоректенетін дөңмаңдайлардың ішегінің ұзындығы дене ұзындығынан 16 есе артық.

Қарны жоқ балықтар тамақтыаз бөліктермен (порция) жейді және ішегін тез босатады. Қарны үлкен жртқыш балықтардың тамағын қорытуы 3-6 тәулікке созылады және де басынан бастап жұтқан олжасы қарынға біртіндеп оның қорытылуына сәйкес жылжиды.

Ішек аналь тесігімен аяқталады, ол әдетте жыныс және зәр тесіктерінің алдында орналасқан. Дегенмен гимнотидтердің (Gymnotoidei,Cypriniformes) аналь тесігі кеуде қанаттарының алдында, ал электрлі жыланбалықтарда – тамағында орналасқан. Клоака шеміршекті және қостынысты балықтарда сақталады.



Ас қорыту бездері: Бауырда ішектен келген улы заттар залалсыздандырылады, майларды эмульгациялайтын және ішек жиырылуын үдететін өт түзеледі, белок углеводтар синтезделе гликоген, май, витаминдер қорланады (әсіресе акулалар мен трескаларда).

Шеміршекті балықтардың бауыры үш бөлшекті. Оның салмағы дене салмағының 10-20 % жетеді. Көптеген тұқылардың да бауыры үш бөлшекті, бірақ сазанда (тұқыда) екеу, ал шортан мен алабұғада біреу. Көптеген нағыз сүйекті балықтардың бауыры екі бөлшекті.

Көптеген балықтардың бауырында ұйқы безінің ткані болады, гепатопанкреас деп аталады.

Тұтас жекеленген ұйқы безі тек шеміршекті балықтар мен бекірелерде ғана болады. Нағыз сүйекті балықтардың ұйқы безінің ұлпасы, бауырдан басқа, өт көпіршігі мен оның өзегінің, көкбауырдың (талақ) маңында, ішек шажырқайында болады. Ұйқы безінің бұндай клетка топтары майлы ұлпамен қоршалған, оны гистологиялық зерттеусіз жеке бөлу мүмкін емес. Ұйқы безі ішекке майларды, белоктарды және углеводтарды қорытуға себепші ферменттер бөледі.


8 - лекция

Тақырып : Торсылдақ және гидростатикалық аппарат.
Жоспар:


  1. Торсылдақтың балықтар тіршілігіндегі маңызы.

  2. Торсылдақтың құрылысы.

  3. Торсылдақ – гидростатикалық аппарат

  4. Сүйекті балықтардағы торсылдақтың қызметі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983
Лекция мәтіні

Балықтардың дене тығыздлығы судың тығыздлығынан артық, сонан оларға қалқымалықтың маңыздлығы ерекше. Қалқымалық –балық денесінің тығыздығының судың тығыздығы арасындағы қатынасы. Ол бейтарап оң немесе теріс болуы мүмкін. Бейтарап қалқымалық балықтарға су қабатында емін еркін жұзуге мүмкіндік береді.

Балықтардың бейтарап қалқымалылыққа, немесе гидростатикалық тепе- теңдікке, яғни салыстырмалы түрдегі салмақсыздыққа, жету әдісі әр турлі. Торсылдақтың көмегі балықтардың етін сұландыру, қаңқаны жеңілдету және май жинау арқылы жүзеге асады.

Көпшілік балықтардың торсылдағы бар. Ол шеміршекті балықтарда, нағыз сүйектілерде-су түбінің (бұзаубас-балықтар), тұңғиықтың кейбір жылдам жүзетін (тунецтер, пеламидалар, кәдімгі скумбриялар т.б.) балықтарда болмайды. Жылдам жүзетін балықтардың бейтарап немесе соған өте жақын қалқымалылығы бауырда (акулалар) немесе етті (скумбрия, пеламида) майдың көп жиналуы арқылы іске асады. Балықтардың гидростатикалық қосымша бейімделушілігі –көтергіш оларда бұндай күш үздікесіз қозғалудың нәтижесінде пайда болады.

Торсылдақ күміс түстес едәуір үлкен жұмсақ қапшық,бұйра астында орналасқан. Негізгі қызметі гидростатикалық. Саусаққанат, қостынысты, көпқанаттыларда өңештің вентральді жағынан пайда болды. Көпшілік балықтардың торсылдағы, өңештің дорсальді жағынан басталатын, тақ орган түрінде пайда болады. Кейбір қостыныстылар мен көпқанаттыларда ғана жұп. Көпшілік балықтардың торсылдағы бір камералы (албырттар), кейде ұзыннан өзара қатысатын екі (тұқылар) немесе үш (ошибень т.б.) торсылдағынан, оны ішкі құлақ қуысымен жалғастыратын, тұйық өскіндер басталады.

Торсылдақ оттегі, азот, көмірқыщқыл газдарының қоспасына толы болады. Олардың өзара қатынасы әрбір түрде де, бір түрдің өзінде де тұрақты емес, бұл тұрақсыздық балықтың қандай тереңдікте екенін физиологиялық жағдайына, т.б. тәуелділіктен туады. Айталық алабұғаның торсылдағында орташа 19,4 оттегі, 78,1 азот және 2,5% көмірқышқыл газы болады. Тұңғиықтың балықтарының торсылдағында оттегі су бетіне жақынырақ тіршілік ететін балықтарға қарағанда, көп болады.

Торсылдақты балықтар ашық-және жабықторсылдақтыларға бөлінеді.

Ашықторсылдақтылардың торсылдағы ерекше ауа жолы арқылы өңешпен жалғасқан. Бұларға әсіресе ертедегі балықтар –қостыныстылар, шеміршекті және сүйекті гаоидтылар, көпқанаттылар, ал нағыз сүйекті балықтардан –майшабақтәрізділер, тұқытәрізділер, шортандар жатады. Атлант майшабағы, шпрот және хамсалардың ,әдеттегі ауа жолынан басқа, торсылдақтың артқы бөлігінен басталып оны сыртқы ортамен байланыстыру үшін аналь тесігінен кейін ашылатын екінші ----болады.

Жабықторсылдақты балықтардың (алабұғатәрізділер, трескатәрізділер, кефалтәрізділер т.б.) ауа өзегі болмайды.

Дернәсіл бірінші рет ауаны жұтқанда оның торсылдағы газдарға толады. Мысалы, бұл тұқының дернәсілі уылдырық қабынан шыққасын 1,5, тәуліктен кейін жүзеге асады. Жабықторсылдақтылардың торсылдағы шамалы уақыттан кейін сыртқы ортамен қатынасын жояды, ашықторсылдақтыларда ауа өзегі өмір бойы сақталады.

Барлық балықтар судың бетінен тереңіне, не тереңінен су бетіне орын ауыстырады. Су қабаты тереңдеген сайын ондағы қысым артады, сосын торсылдақтағы газдардың қысымы да көбейеді, оның көлемі кішірейеді. Сонымен қатар балықтың өзіндік салмағы артады, ол балықтың терең кетуін жеңілдетеді. Балық су бетіне көтерілгенде бұл процесс керісін жүреді.

Жабықторсылдақты балықтардың торсылдағындағы газдардың көлемін реттеу ерекше құрылымдар –газды без, «керемт тор» және соған (торсылдақ қабырғасындағы қуыс) арқылы іске асады. Кейбір ашықторсылдақтылардың (Esocidae) газды безі болады, бірақ сопақ болмайды. (Безге келетін қан тамырлары параллельді орналасқан капиллярлар шоғынан «қызыл дене»-ні құрайды, ол «керемет торсылдақ» қалыптастырады. Капилярлар әуелі паралельді болады, сосын қайтадан бірігіп юбезге баратын екінші артерияны құрайды.) Торсылдақ қабырғасында болатын бұлар торсылдақты ауаға толтыруды және газды денеге сіңуін қамтамасыз етеді. Газды без торсылдақтың алдыңғы, сопақ артқы бөлігінде орналасқан. Газды без –қатар орналасқан жіңішке артериальды және венозды тамырлардың жүйесі, ал сопақ –торсылдақты ішкі қабатындағы ет сфинктері қоршаған терезе. Ет сфинктері босаңсығанда газ торсылдақтан өз қабының ортаңғ,ы қабатын а веноздық капияларларға барып қанға сіңеді. Сіңетін газдың көлемі сопақтың тесігінің өзгеруімен реттеледі.

Жабықторсылдақты балықтар тереңдеген сайын олардың торсылдағындағы газдың көлемі азайады, сондықтан балықтың қалқымалылығы теріс болады, дегенмен белгілі тереңдікке жеткенен кейін торсылдаққа газды бездің газ бөлуімен сол тереңдікке бейімделеді. Балық су бетіне көтерілгенде , судың қысымы азайғанда , торсылдақтағы газдың көлемі артады, оның артығы сопақ арқылы қанға сіңеді, қаннан желбезек арқылы суға бөлінеді. Балық тез көтерілгенде газдың артығы қанға сіңіп үлгермейді де торсылдақ қатты ісінеді, ондайда ішкі органдардың сыртқа шығарылуы және торсылдақтың жарылуы онша сирек емес. Айталық теңіз алабұғасы 250-300 м. тез көтерілгенде торсылдақтың көлемі 25-30 есе артады, ал треска бұндай тереңдік айырмашылығына оңай төзеді.

Ашықторсылдақтылардың сопағы болмайды, себебі газдардың артығы қажет болғанда сыртқа ауа түтігі арқылы шығарылады. Мысалы, бұндай балықтар тереңнен көтерілгенде су бетінде көбік қабаты пайда болады. Көпшілік ашықторсылдақты балықтардың (майшабақтар, албырттар .т.б.) газды безі де болмайды.Газдардың қаннан торсылдаққа бөлінуі нашар жетілген, ол торсылдақтың ішкі қабатындағы эпителимен іске асады.

Көптеген ашықторсылдақты балықтар шамалы тереңге барарда, онда бейтарап қалқымалылығын сақтау үшін, ауа жұтады.Ашықторсылдақтылар едәуір тереңдікке сүңгу үшін торсылдақтағы таздарды шығарады, сонда су бетінде ауа көпіршіктері немесе көбік қабаты пайда болады. Тереңде бос торсылдақпен қалу мүмкін емес, сондықтан олар су бетіне көтерілуге мәжбүр.

Торсылдаққа тек гидростатикалық қызмет тән емес. Ол қысымның өзгеруін қабылдайды, есту органына тікелей қатысты-дыбыс толқынының резонаторы және рефлекторы қызметін атқарып ішкі құлақтың сезімталдығын күшейтеді.

Шырма – балықтардың торсылдағы сүйекті капсуламен қапталған, гидростатикалық қызметі жойылған , бірақ, атмосфераның қысымының өзгергенін тез қабылдайтын қасиет тапқан.

Торсылдағының көмегімен дыбыс шығаратын балықтар аз емес (треска, мерлуза т.б.)

Қостынысты және сүйекті ганоидтылардың торсылдағы ұялы, сондықтан ерекше тынысалу органының қызметін атқарады.

9 лекция
Тақырыбы: Тыныс алу органдары . Негізгі тыныс алу органдары.

ЖОСПАР:


  1. Тыныс алудың маңызы.

  2. Негізгі тыныс алу органдары.

  3. Желбезектің маңызы, құрылысы.

  4. Қосалқы тыныс алу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні:

Балықтардың эволюция барысында тыныс алудың екі типі дамыған судағы және

ауадағы. Суда тыныс алу желбезек және тері арқылы, ауадағы тыныс алу –тері, торсылдақ, ішек және желбезекүсті органдар арқылы іске асады.

Негізгі тыныс алу органы желбезек, ал қалғандары қосымша. Желбезектің негізгі қызметі газ алмасу –оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығару. Желбезек су-тұз алмасуғада қатысады-аммиак, мочевинаны бөледі, су мен тұздар иондарын, натрии ионын, сіңіреді, бөледі.

Дөңгелек ауыздылардың тыныс алу жұтқыншақтан бөлініп қалыптасқан, шығу тегі энтодермальдік, желбезек қапшықтары. Миноганың желбезек қапшықтары жеті жұп, әрқайсысында екі тесік бар: сыртқы – суды сыртқа бөлетін және ішкі тыныс алу түтігіне ашылады, әрі жабыла алады. Тыныс алу түтігі жұтқыншақтың ұзынынан екіге бөлінуінен пайда болған: төменгісі тынысалу, жоғарғысы асқорыту. Түтік тұйық аяқталады, ал ауыз қуысынан ерекше қлапанмен бөлінген. Миноганың дернәсілі-құмқозғышта тынысалу түтігі болмайды, желбезек тесіктері жұтқыншаққа тікелей ашылады. Миксиндердің мұрын тесігі жұтқыншақпен қатынаста болады. Ересек дөңгелекауыздыларда су ауыз тесігінен кіріп жұтқыншаққа немесе тыныс алу түтігіне, одан желбезек қапшықтарына барады, одан сыртқа шығады. Коректенген уақытта ауызы бос болмайды, су сыртқы желбезек тесіктері арқылы сорылады және қайтадан шығарылады. Балықтардың эмбриондары мен құртшабақтарының тынысалуы сарыуыз бен қанат қатпаршақтарындағы шоғырланған қан тамырлары арқылы іске асады. Сарыуыз азайған сайын қанат қатпаршақтарындағы қан тамырлар саны көбейеді. Кейбір балықтардың дернәсілінің сыртқы желбезектері дамиды.

Ересек балықтардың негізгі тыныс алу органы, шығу тегі эктодермальдік желбезектер.

Шеміршекті балықтарда бес жұп желбезек саңылауы және соған сәйкес желбезек жоғалары болады. Желбезек қақпағы жоқ, тек бүтін бастылардың (химералар) желбезек саңылауларын желбезек қақпағы сияқты тер қатпаршағы жапқан.

Шеміршіекті балықтардың әр бір желбезегі, желбезек доғасынан, оның сыртынан басталатын желбезекаралық пердеден, перденің екі бетінде орналасқан желбезек жапырақшаларынан және желбезек доғасының ішкі жағындағы желбезек өскіндерінен тұрады. Желбезек пердесінің соңғы бөлігінде желбезек жапырақшалары болмайды, ол желбезек саңылауларын сыртынан жабады. Желбезек перделерінің түбінде қан тамырлары: веноздық қан шығатын артериялар орналасқан.

Желбезек пердесінің бір бетінде орналасқан желбезек жапырақшалары-жарты желбезекті құрайды.

Желбезек бір желбезек доғасында орналасқан, екі жартыжелбезектен тұрады, ол желбезк саңылауына қараған екі жарты желбезекқапшығын құрайды. Бес желбезек доғасының алдыңғы төртеуінде екі жарты жартыжелбезектер болады, ал соңғысында желбезек жапырақшалары болмайды, бірақ бірінші желбезек қапшығының гионид доғасында тағы бір жарты желбезек болады. Сонымен шеміршекті балықтарда төрт жарым желбезек.

Шеміршекті балықтардың тыныс алу органына шашыратқышты жатқызуға болады. Шашыратқыш тек шеміршекті және бекірелерде болады. Ең күрделі шашыратқыш скаттарда болады. Шашыртақыштың алдыңғы қабырғасында клапандар, ал артқысында –көру органын қанмен қамтамасыз ететін жалған желбеэек болады. Нағыз сүйекті балықтарда төрт желбезек доғасы және соған сәйкес төрт толық желбезек болады. Әрбір желбезек екі жарты желбезектен құралған. Желбезек жапырақшалары тікелей желбезек доғасына келіп бекиді, бұл желбезектің тыныс алуын күшейтеді.

Газ алмасуды жеткілікті қамтамасыз ету үшін желбезектің бет ауданы айтарлықтай болу керек. Желбезекпен тыныс алу активті және пассивті болуы мүмкін. Активті тыныс алу барлық балықтарға тән. Пассивті тыныс алу реофилді балықтарға тән. Оттегі бай суда тіршілік ететін балықтарда да пессивті тыныс алу тән. Олар жүзгенде ауызы мен желбезек

қақпақтары ашық болады, ал судың ағысы балықтың жүзуінен туады.

Балықтарда қосымша тыныс алу органдары дамыған. Оларға тері, ішек, желбезек үсті органдары, тосылдақ жатады. Балықтардың терісі арқылы тыныс алады, ол тіршілік сипатына байланысты. Кейбір балықтардың ауамен тыныс алуы, желбезек үстіоргандардың көмегімен жүзеге асырлады.Ішекпен тыныс алу шырма-балықтарда, тропикалық жайындарда болады. Ішектің кейбір жерлерінде ішкі бетінің ас қорыту бездері жойылған-ол жерде газ алмасатын қан капиллярлары шоғырланған. Ауыз арқылы жұтқан ауа ішекпен жүріп аналь тесігінен шығады. Кейбір тропикалық балықтар ауамен тыныс алу үшін қарнын немесе қарынның ауа толған тұйық өскінін пайдаланады. Газ алмасуға ішекте қатысады. Қостынысты балықтарда бір және екіөкпелілер бар. Балық суда болса өкпелері қосымша тынысалу органынығ қызметін атқарады. Торсылдақ кейбір ашықторсылдақты балықтардың да қосымша тыныс алу органы.


10 - лекция

Тақырыбы: Балықтардың жүрек- тамыр жүйесі.
Жоспар:

  1. Қанның құрамы мен қызметі.

  2. Қан құрайтын органдар.

  3. Қан айналу жүйесі.

  4. Балықтардың лимфатикалық жүйесі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983.

Лекция мәтіні:

Қан ағзаның ішкі ортасы болып саналады. Қан әр түрлі қызметтер атқарады. 1)Ағзаға

Коректік заттар мен оттегіні таратады. 2) Балық ағзасын ыдырау өнімдерінен тазартады. 3) Ішкі секреция бездерінің гормондарын қажетті органдарға жеткізеді.

Балықтардың қаны дене салмағының 1,5 % нен- 7% дейінгі мөлшерін құрайды. Балдықтардың қаны негізгі 2 бөлімнен тұрады. 1) плазмадан. 2) қанның клеткаларынан қанның плазмасы –сұйық бөлімі болып саналады. Құрамына су, органикалық заттар кіреді. Қанның клеткаларына: эритроциттер (қанның қызыл клеткалары), лейкоциттер (қанның ақ клеткалары) және тромбоциттер (қанның пластинкалары).Эритроциттер – ядросы бар қызыл клеткалар. 1 мм 3-90 мың, ал кейбіреулерінде 1мм3 –2млн дейін болады.

Эритроциттердің мөлшері балықтың жасына, жынысына, тіршілік жағдайына байланысты.

Көпшілік балықтардың қаны қызыл, ол эритроциттердің құрамында гемоглабин белогіне байланысты. Кейбір балықтарда қан түссіз, ақ болып келеді. Эритроциттер мөлшері өте аз болып келеді.

Ленйкоциттердің негізгі жұмысы – ағзаны зиянды заттардан қорғау, микроорганизмдерді жою. Лейкоциттер. өте көп, бірақ тұрақсыз. Ол балықтардың жасына, жынысына, ағзаның физиологиялық жағдайына байланысты.

Орта есеппен алғанда 1мм3-30мың , 50 мың дейін лейкоциттер болады. Лейкоциттерден қанға түскен микроорганизмдерді жоюды –фагоцитоз деп атайды. Тромбоциттер-ядросы бар клеткалар. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер құрамында фибриноген белогі бар. Бұл белок қанның ұю процессіне қатысады.

Қан үнемі қозғалыста болады. Қанның қозғалуына негізгі себеп жүректің тоқтаусыз жұмысы. Балықтардың жүрегі 2- камералы. 1) Жұқа қабырғалы-жүрекше (құлақша). 2) қалың етті-қарынша.

Кейбір балықтарда мысалы алабұғада веноз қолтығын есептеп жүрегіне үш камералы деп есептейді. Қарынша, жүрекше және веноз қолтығы:

Жүректің бөлімдерінің тесіктерінде клапандар болады, олар қанды кері қарай жібермей тұрады.

Балықтың жүрегі кішкентай. Салмағы дене салмағының 0,1-2,5 % ғана мөлшерін алады.

Дөңгелекауыздылар мен балықтардың жүрегінде тек веноздық қан болады. Балықтың жүрегі 1 мин-25 рет соғады. Судың температурасы көтерілгенде жүректің соғуы артады, ал төмендегенде азаяды. (төмендейді).

Балықтардың қан айналу жүйесі тұйық. Жүрекке баратын қан тамырлары –вена тамырлары. Желбезекте қан тотығады. Жүрекше арнайы вена қаны құйылатын веноздық қуыс жалғасады. Қарыншаға артериальдық конус жалғасады. Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген артериалды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериаларды алып кетуші артериялар деп атайды.

Артерия қаны жүрекке ссоқпай, денеге тікелей желбезектен таралады. Қан тамырларымен жай жүреді, тотығу процессі жай және нашар жүруіне байланысты оттегіне онша бай болмайды. Сондықтан балықтардың дене температурасы жоғары болмайды, өзін қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседі. Суық суда балық денесінің температурасы төмендейді, ал жылы суда – көтеріледі. Балықтарда екі қақпа жүйесі болады. 1)бүйрек қақпа жүйесі. 2) Бауыр қақпа жүйесі.

Сүйекті балықтарда басқа балықтарға қарағанда қан айналу жүйесіндегі ерекшелік мынада. Тіл асты желбезектің шала дамуының салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп қан әкелуші желбезек артериаларының төрт пары ғана сақталған. Сондықтан сүйекті балықтарда қане әкететін желбезек артериаларының төрт-ақ пары болады. Олар арқа қолқасының түбіне келіп құяды. Арқа қолқасы алдынан және артжағынан сабақталып бір бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Қан айналудың нәтижесінде балықтар ағзасында тіршілік процессі жүреді. Ішкі жүйелер мен мүшелердің қызметі атқарылады.

Балықтардың қан құрайтын органдарына –сүйектің қызыл майы, лимфа түйіндері, ткөкбауыр (талақ) және тимус немесе алқым безі. Балықта қан құрайтын органдарға қан тамырларының қабырғалары да қатысады.

Мысалы: бекірелерде қанның құралуы негізінен сопақша мида мен мишықтың үстіндегі шеміршекте орналасқан лимфондты органда болады. Басқа балықтарда қан құрауы – бас бүйректе, көкбауырда, тиму, желбезек аппаратында жүреді.

Көкбауырда – эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер құралады және тіршілік әрекетін жойған эритроциттер ыдырайды.

Қан клеткалары белгілі мерзімде тіршілік әрекетін жасағаннан кейін жойылады, оның орнына жаңа клеткалар пайда болады.

Балықтарда лимфатикалық жүйе де қалыптасқан. Қан айналу жүйесіне қарағанда, лимфатикалық жүйе ашық болып келеді. Лимфаның құрамы қанның плазмасына ұқсас. Капилярлармен қан аққанда оның плазмасының оттегі және нәрлі заттары бар бөлігі капилярлардан шығып, клеткаларды қоршайтын, ткань сұйығын құрайды.

Зат алмасудың қалдығы бар лимфаның бөлігі қайтадан капилярға өтеді, ал қалған бөлігі лимфатикаклық капилярларға өтіп лифа деп аталады. Лимфа түссіз, қанның арнаулы элементтерінен тек лимфоциттер болады.

Балықтардың ең ірі лимфатикалық тамырлары жұп омыртқаасты-арқа қалқасының екі жанында құйрықтан басқа дейін созылады, бүйір лимфатикалық тамырлар – тері бүйір сызығы бойымен созылған.

Лимфаның ағуына кеуде етінің қызметі мен тыныс алу қозғалыстары көмектеседі



11 - лекция

Тақырыбы: Балықтардың көбею жүйесі.

Жоспар:

  1. Балықтардың көбеюі.

  2. Дөңгелекауыздылардағы көбеюі процессі.

  3. Шеміршекті балықтардағы көбею процессі.

  4. Сүйекті балықтардағы көбею процессі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні

Балықтар ағза құрылысына, тіршілік процессіне қарай көбееді.балықтардың көбею жүйесі

Жыныс бездерінен тұрады гонадалар мен жыныс жолдарынан. Аналықтардың гонадасы аналық жыныс бездері, аталықтарда –аталық жыныс бездері.

Дөңгелекауыздыларда ең қарапайым көбею. Құрылысы бөлікті, гонадасы тақ, шығару өзегі жоқ, сондықтан пісіп жетілген тұқымы гонаданың қабын жыртып құрсақ қуысына түседі., оннан жыныс тесігі арқылы зәр-жыныс синусына, одан сыртқа шығарылады. Ұрықтану сырттай.



Шеміршекті балықтардың ұрықтануы іштей, сондықтан олардың бұл жүйесінің құрылысы едәуір күрделі. Ұрықтанған уылдырық салып көбейеді, тірі жұмыртқа , тірі туады. Шеміршекті балықтардың жұп жыныс өзегі құрсақ қуысында тақ воронкамен ашылады – воронка бауырдың ортаңғы бөлігінің астында аналық жыныс безінің қасында орналасқан. Жетілген тұқым воронка арқылы жыныс жолына түседі, сол жерде ұрықтанады.

Бүйректің алдыңғы бөлігінде жыныс жолында қабық безі болады, онда жұмыртқа (тұқым) әуелі қоймалжың ақуыз қабығымен, сосын мүйізтектес қабықпен қоршалады.

Клоанға жақындау жер кеңейген жатыр, ол зәр бүршігімен клоанға ашылады.

Шеміршекті балықтардың аталықтарының жыныс безінен жыныс өзектері басталады, олар бүйректің алдыңғы бөлігінен өтіп Вольф өзектері алғашқы даму сатысында зәр жолының және жыныс өзегінің қызметтерін атқарады, кейіннен, жеке зәр түтігі пайда болғасын, тек жыныс жолының қызметін атқарады. Жыныс жолы зәр жыныс синуысына ашылады, өз кезегінде ол клоакаға ашылады.

Бекірелердің зәр жыныс жүйесінің құрылысы шеміршекті және нағыз сүйекті балықтардың ортасында. Бұларда воронкалы тұқым жолы сақталады, бірақ бұл, қостыныстағылардай, Мюллер өзегінің гомологы емес, қарынның көкетінің қатпаршағынан пайда болады. Екі тұқым жолы бірігіп бір тесікпен аналь тесігінің артқы жағынан ашылады. Клоакасы жоқ. Ұрықтануы сырттай. Аталық жыныс бездерінен жыныс өзектері басталады, шеміршекті балықтардағыдай, бұлар бүйректің алдыңғы бөлігінен өтіп ортақ өзекке (Волфь өзегі) барады, бұл әрі зәр түтігі.

Нағыз сүйекті балықтардың жыныс және зәр жүйелері бір-бірінен толық ажыраған. Вольф өзегі зәр түтігінің қызметін атқарады, Мюллер өзегі толық редукцияланған. Жыныс жолының қызметін ерекше қысқа өзекшелер атқарады – бұлар гонаданың артқы ұзарған бөлігі. Албырттардың әртүрлі шырма-балықтардың және мурендердің тұқымжолы жоқ, жетілген жұмыртқа (уылдырық) құрсақ қуысына түседі, одан жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Көптеген балықтардың аналық бездері іші қуысты жұп, қуысында жұмыртқалар бекитін пластинкалар болады. Аналық жыныс бездері ашық және жабық болады. Ашық типті аналық жыныс безінде өзіндік қуыс болмайды (бекірелер, албырттар). Жетілген жұмыртқалар құрсақ қуысына түседі, одан жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жабық типті аналық жыныс безі екі түрлі болады: бүйір қуысты (тұқылар) және орталық қуысты (алабұғалар).

Аталық жыныс бездері оның қабырғасынан басталып ортақ өзекке құйылатын тұқымдық өзекшелер жүйесінен тұрады. Жыныс безінің пішіні мен ондағы шығару өзектерінің орналасуы бойынша аталық жыныс бездерінің ципринойдты (тұқылар, бекірелер, албырттар, майшабақтар, жайындар, шортандар) және перкойдты (алабұғалар) типтерін ажыратады. Циприноидты типтің көлденең кесіндісі дөңгелек немесе сопақ. Тұқым өзектері көп бұтақтанған, олар бездің үстіңгі жағындағы шығаратын өзекке құйылады. Бұндай бездер ацинозды деп те аталады, себебі тұқым өзектерінің бөліктері ампуланы, көпіршікті (ацинус – көпіршік) еске түсіреді. Перкоидты типті бездерінің көлденең кесіндісі бұрыштары доғал үшбұрышты. Бұлардың тұқым өзектері радиальді орналасқан және бұтантанбайды дерлік. Шығару өзегі бездің жоғарғы жағындағы қалың ет арасында болады. Бездердің бұндай типті радиальді деп те аталады. Балықтардың көбею жүйесінің әртүрлі болуы олардың даму деңгейіне байланысты. Балықтар көбею арқылы санын, ұрпағын көбейтеді.
12 - лекция

Тақырыбы: Жүйке жүйесі және сезім органдары.

Жоспар:

1. Жүйке жүйесі және оның маңыздлығы, қызметі.

2.Бас ми, құрылысы мен қызметі.

3.Жұлын, құрылысы мен қызметі.

4-Сезім органдардың маңызы, қызметі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1987ж

Лекция мәтіні:

Жүйке жүйесі арқылы организм сыртқы ортамен байланысады және ішкі органдардың жұмысы реттеледі. Жүйке жүйені орталық (ми-cepholen мен жұлын –medulla spinalis) және шеткі (ми мен жұлыннан басталатын нервтер) деп бөледі. Орталық жүйке жүйесінің, шеткілерден айырмашылығы, ортасында қуыс болады. Шеткі нерв жүйесі соматикалық және вегетативті болып онан әрі жіктеледі.

Жұлыннан басталатын нервтерден тұратын соматикалық жүйке жүйесі көлденең жолақ еттің орталық жүйке жүйесімен байланысын және дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.

Ми мен жүйеден басталатын және симпатикалық жүйеден –спианльді ганглилармен жалғасатын омыртқаның екі бүйірінде созылған жүйке білігінен тұратын вегативті жүйке жү.йесі ішкі органдарды орталық жүйке жүйесімен байланыстырады.

Ми өте кішкентай, мысалы, шортандарда дене көлемінің 1/300. Басқа омыртқалылардағыдай балықтардың миы бес бөлімнен тұрады: алдыңғы (telencephalon), мишық (diencephalons), ортаңғы (mesencephalon), мишық (cerebellum) және сопақша ми (myelencephalon) (46 сур). Әр бір бөлімнің ішінде қуыс, немесе ми қарыншалары болады.

Құрлықтағы омыртқалылардан айырмашылығы балықтардың алдыңғы миы сырттай екі жартышардан тұратын сияқты, бірақ оларды іштей екіге бөлетін перде толық емес, сондықтан ішкі қуысы біреу (шартты түрде ғана сол жақ бөлігін бірінші, оң жақ бөлігін екінші қарынша деп атауға болады) Бұл ми бөлімінің түбі мен бүйір қабырғалары нерв заттарынан тұрады, ал төбесі көпшілік балықтарда эпителиальді, тек акулаларда ол нерв тканінен тұрады.

Алдыңғы мидың өсіндісі шеміршекті балықтарда иіссезу үлесін, нағыз сүйекті балықтарда иіссезу пиязшығын құрайды. Бұл ми иіссезу орталығы, оның көлемі негізінен балықтың иіссезу қабілеттілігіне байланысты. Бұған қоса, алдыңғы балықтардың үйірлік (топтық)мінез-құлығын реттейді. Бұл ми бөлімі бұзылғанда балықтардың өзара байланысы және үйірде болу қабілеттілігі жоғалады.

Аралық мидың түбі мен бүйір қабырғалары ми затынан, ал төбесі жұқа дәнекертканінен құралған. Бұның үш бөлімін ажыратады: төбешікүсті (эпиталамус), ортаңғы немесе төбешік (таламус) және төбешік асты (эпиталамус). Бұл мидың ішкі қуысы үшінші қарынша деп аталады.

Эпиталамус аралық мидың төбесін құрайды, оның артқы бөлігінде шағын, нерв клеткаларынан тұратын, қалыңдаған жері бар, оның үстінде мүйісті без – эпифиз орналасқан. Миногаларда бұл жерде жарықты сезу қызметін атқаратын пинеальді және парапинеальді органдар орналасқан. Балықтарда парапинеальді орган редукцияланады, ал пинеальді орган эпифизге айналады.

Таламус - көру төбешіктері, олардың көлемі көздің жітілігіне байланысты. Нашар көретін болса олардың көлемі шағын немесе болмайды.

Гипоталамуста біршама құрылымдар болады: аралық мидың түбін құрайтын воронка, оған жанасқан гипофиз және тамырлы қапшық – бұнда ми қарыншаларын толтыратын ерекше сұйық зат құралады.

Гипофиз – ішкі секреция безі.

Аралық мидан, воронканың алдында хиазма құрайтын, көру нервтері басталады. Бұдан басқа мидың бұл бөлімі, осы бөліммен байланысты мидың басқа барлық бөлімдерінен келетін қозуларды ауыстырып отыратын орталық.

Ортаңғы ми шомбалды негізден және көру үлестерінен тұрады. Бұның төбесі нерв затынан тұрады. Төбесі нерв заты. Ішкі қуысы сильвий құбыры деп аталады. Ортаңғы мидың астын аралық мидың воронкасы жапқан. Бұл ми бөлімінен көз қозғайтын нерв басталады, сондықтан да ол көру орталығы, оған қоса бұлшық ет тонусы мен дене тепе-теңдігін реттейді.

Мишық –жүзу және жемін ұстауда қозғалысты ұйқастырушы –нерв затынан тұрады және ең жақсы жүзгіштерде жақсы дамиды (акулалар, тунецтер). Аз қозғалатын балықтарда ол өте кішкентай (скаттар). Миногалардың мишығы нашар дамыған – жеке бөлімге бөлінбеген. Шеміршекті балықтарда сопақша мидың төбесінің қуыстыөсіндісі болып табылады. Мишық ортаңғы мидың көру үлестерін және сопақша миды үстінен жабады. Скаттардың мишығының үсті жылғамен төрт бөлімге бөлінген.

Сопақша мидың түбі мен қабырғалары нерв затынан, ал төбесі жұқа эпителиальді қабықтан құралған. Оның ішінде қарынша қуысы болады – төртінші қарынша, немесе ромбтектес ойық. Сопақша мидан көпшілік (V-тен Х-ға дейін) бас нервтері басталады – бұлар тынысалу органдарын, тепе-теңдік пен естуді, сезінуді, бүйір сызығының сезгіш жүйелерін, жүректі асқорыту жүйесін жүйкелендіреді (иннервация). Сопақша мидың артқы бөлігі жұлынға ауысады.

Балықтардың әр түрлі топтарында олардың өзіндік сипатына сәйкес ми бөлімдерінің дамуы да әртүрлі . Мысалы, дөңгелекауыздылардың алдыңғы миы иіссезу үлесімен жақсы дамыған, ал ортаңғы миы мен мишығы онша емес. Акулалардың алдыңғы миы, сүйекті балықтардан ерекше оның төбесі нерв затынан құралған, өте жақсы дамыған және мишығы мен сопақша миы да біршама жақсы жетілген. Пелагиалық жақсы жүзетін балықтардың (скумбрия, ұшатын балық, албырттар) көзі жақсы жетілгендіктен, бұларда ең жақсы дамыған ми бөлімдері – ортаңғы ми мен мишық.

Балықтардың миынан 10 жұп бас нервісі басталады, олардың әрқайсысының ретті номері (І,ІІ, т.т.) мен аты бар.

І. Иіссезу нервісі (n.olfactorius) алдыңғы мидан басталады. Шеміршекті және кейбір нағыз сүйекті балықтардың иіссезу пиязшығы иіссезу капсуласына тікелей жанасады,сосын алдыңғы мимен нерв жолы арқылы жалғасады. Көпшілік нағыз сүйекті балықтардың иіссезу пиязшығы алдыңғы миға жанасады, ал одан иіссезу капсуласына нервтер барады (шортан, алабұға).

ІІ. Көру нервісі (n.optiсus) аралық мидың астынан басталады және хиазма құрайды.

ІІІ. Көзқозғайтын нерв (n.oculomotorius) ортаңғы мидың астынан басталады.

IV. Тежеуші нерв (n. trochlearis) көз еттерінің біреуін жүйкелендіреді. Ортаңғы мидың үстінен мишықпен шекарадан басталады.

Барлық қалған нервтер сопақша миден басталады.

V. Үштармақты нерв (n.trigeminus) үш бұтаққа таралады. Бастың жоғарғы бөлігінің терісін, ауыз қуысының жабындысын, жақ еттерін жүйкелендіреді.



  1. Бұратын рев (n.abducens) көздің бір етін жүйкелендіреді.

  2. Бет нервісінің (n.facialis) көптеген бұтағы болады. Бастың жекелеген бөліктерін

жүйкелендіреді.

VIIІ. Есту нервісі (n. acustiсus) ішкі құлақты, бүйір сызығын жүйкелендіреді.

ІХ. Тіл-жұтқыншақ нервісі (n.glossopharyngeus) бірінші желбезек доғасын, жұтқыншақтың шырышты қабығын жүйкелендіреді.

Х. Кезбе нервтің (n.vagus) көптеген бұтақтары болады. Желбезектерді, ішкі органдарды жүйкелендіреді.

Таспапішінді жұлын тірек (желі) қаңғқасының үстіндегі жұлын өзегінде болады. Жұлынның ортасындағы қуыс, мидың қарыншаларының жалғасы. Жұлынның ортаңғы бөлігі сұр, ал шет жақтары ақ нерв затынан тұрады. Жұлын нерв талшықтары арқылы мидың әртүрлі бөлімдерімен байланысты, ол қозған нерв импульстерін өткізеді, сонымен бірге шартсыз қозғалу ревлекстерінің орталығы.

Жұлынның құрылысы сегментті. Саны омыртқа санына сәйкес әр бір сегменттің екі жағынан нервтер басталады. Арқа-жұлын нервісі екі түбіртектің (арқалық сезінетін және құрсақтық қозғалатын) қосылуынан пайда болады. Бұдан басқа арқа жұлын нервтері, кеуде және құрсақ қанаттарын жүйкелендіретін, иық және бел-сегізкөз шоғырмақтарын түзеді.

Сезім органдары балықтарда жақсы дамыған. Дәм сезу органдары дәм айыратын бұршікшелерден құралады. Ол тек ауызда ғана болмай, бүкіл сыртқы тері қабатында орналасады. Жеке дәм айыратын бұршікшелер бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан тұрады. Иіс органдары –екі тесікті танау жұп қапшықшадан тұрады. Есіту органы балықтарда бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Иірімді жарғақтар скелеттің иірімді құысының ішінде жатады. Екуінің ортасында перелимфа бар. Әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді.

Балықтардың көздерінің құрылысы дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң қабығы болады. Балықтардың көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның құысына орақ тәрізді өсінді келеді.Көз ұясының қабырғаларынан келіп , көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Бұл еттер көз алмасын қозғалтып отырады. Көз қабақтары болмайды.


13-лекция

Тақырып: Балықтардың негізгі экологиялық топтары.

Ж о с п а р

  1. Балықтардың экологиялық топтарға бөліну заңдылықтары.

  2. Теңіз балықтары.

а) Пелегиалық балықтар.

в) Литоральдік – су түбі балықтары.

с) Абиссиальдік балықтар.


  1. Тұщы су балықтары.

  2. Өткінші балықтар.

д) жартылай өткінші балықтар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні:

Экологиялық тұрғыдан топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. бірақ, көптеген орыс оқымыстылары: К.Ф. Кисслер (1877), Н.А. Смирнов (1912-1924), А.А. Браунер (1923), В.И. МАйснер (1933), зерттеулеріне сүйене отырып, бірнеше экологиялық топтарға жатқызылған.



  1. Теңіз балықтары: Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың

көптеген трлері жатады. балықтар әр түрлі горизонттарды тіршілік етеді.

а) Пелегиальді балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қорегін іздеуі де өзара араласып жататын балықтар. Бұл

балықтардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Олар активті (жылдам) жүзеді. Бұларға акулалар, сардиналар, макрельдер жатады.

Пелегиаль дегеніміз мұхит түбімен байланысты емес, активті қозғалып, тіршілік ететіндер жатады. Пелегиальда мекендеушілер өмір бойы активті және пассивті тіршілік етеді. Арнайы органдары арқылы активті тіршілік ететін балықтар – нектондар.

Оларға жататындар – балықтар, кит тәрізділер, акулалар. Бұлар бүкіл дүние мұхиттарына жақсы тараған.

Ал пассивті тіршілік ететін балықтарды – планктон дейді. Олар мұхит

ағыстарына төтеп бере алмайды. Бұларға – омыртқасыздар – малюскалар, шаян тәрізділер т.б. жатады. балықтардың кейбір түрлері, мысалы Айбалықтар судың қозғалысына байланысты пассивті қозғалады.

в) Литоральді – су түбі балықтары. су түбіне жататын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жауларынан қорғанады, және қоректерін табады. Ол балықтар әр түрлі тереңдікте тараған (скаттар, кейбір камбалалар, тана балықтар) өте тайыз жерлерде, (химералар) бірсыпыра тереңдіктерде кездеседі.


Жоғары да айтылған топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассивті қорғануына байланысты денесіне тікен, қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған. Ал кейбіреулерінің денесі (кузовкалар) қалың сауытпен қапталған.


Мұхиттарда литоральдік бөлімі – континентальдік шельфтің (мұхиттың,

материктің) жағалауы, немесе теңіз суы шайып тұратын жерлері. Литрольға

жарық мол түседі. Жағалауға судың келіп-қайтуы, толқындар – бұл жерде мекен

ететіндерідің денесінде аранй өсінділер болуына ықпал еткен. Олар – губкалар,

коралльдар, мұхит шаяндары, екі жақты молюскалар. Бұл ағзалардың жауларынан қорғанатын жабынды түсі болады.

с) Абиссальді балықтарТеңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 метр төмен ) мекендейтін балықтардың азғана топтары. Олардың тіршілік жағдайы қолайсыз әрі ерекше. Ол – үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Абиссальды балықтарда көз болмайды., болса да өте үлкен, ал кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштық пен немесе өлекселермен қоректенеді.



  1. Тұщы су балықтары. Тек қана тұщы суларда тіршілік етеді.тіпті теңіздің тұз

сызданған өзен сағасына шықпайтын балықтар жатады. Су қоймаларының типтеріне қарай тұщы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.

а) Ақпайтын көлдер мен тұщы суларда тіршілік ететін балықтар.

в) Жалпы тұщы, ақпайтын және ағын су балықтары. (Шортан, алабұға)

с) Ағынды су балықтары. (Форель, аққайран)

3. Өткінші балықтар. Тіршілік кезеңінің цикілдеріне байланысты бір мезгілде

теңізде, екінші мезгілде өзендерде тіршілік етеді. Барлық өткінші балықтар өсу, жыныс өнімдерінің жетілу кезеңіг теңізде өткізеді де уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұларға Лосос тәрізділер (кете, горбуша, семга) бекіре балықтар (бекіре, құрпа балық) кейбір майда шабақтар мысал бола алады. Керісінше өзен уграларының көбеюі теңізде болады, уылдырық шашуға дайындалу мерзімі өзенде өтеді.

д) Жартылай өткінші балықтар. – Теңіздердің өзенге құятын тұщы бөліктерінде

тіршілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерге миграция жасамай, тұрақты тіршілік ете береді.



Балықтардың қоректенуі - Балықтардың қоректенуі алуан түрлі болады.

Балықтар суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді. Кейбір түрлері өсімдік тектес, кейбір түрлері жануарлар тектес азықтармен қоректенеді. Қорегінің дені өсімдік тектес заттар болатын балықтарғақызыл қанаттылар, марикалар және храмулалар жатады. Балықтардың көпшілігі аралас азықпен қоректенеді. Барлық балықтардың шабақтары планктондармен қоректенеді. Балықтар қоректерінің алуан түрлі болуына байланысты олардың ауыз аппараттарының құрылысы да түрлінше болады. Жыртқыштықпен тіршілік ететін балықтардың ауызында ұштары артына қарай иілген өткір тістері болады. Балықтардың ауыз аппараттарының көптеген типтері белгілі.



    1. Қармалағыш (хватательный) ауыз. ауыздары кең, желбезек пен таңдай сүйектерінде өткір тістері болады.

    2. Планктонды жеуге икемделген ауыз. Үлкендігі орташа, тістері екеу болады.

Оларға сигам, майшабақтар жатады.

    1. Сорғыш ауыз. Олардың ауызы түтік сияқты. Оларға – тыран, теңіз инесі

жатады.

    1. Бентос жеуге икемделген ауыз. Оған – скаттар, камбала, бекіре балықтар

жатады.

    1. Семсер тәрізді жақты ауыз. Бұған саргандар, ара тұмсықты акула ауыздары

жатады.

Балықтардың суда тіршілік етуі үшін қолайлы жағдай қажет. Ол жағдайла-

ға мыналар жатады: 1. Судың қозғалыста болуы; 2. Су температуарсының өзгергіштігі; 3. Газдарды ертіту қасиеті; 4. Мұз қабатының пайда болуы.

14 - лекция

Тақырыбы: Шеміршекті балықтардың дене құрылысы. Систематикасы.

Жоспар:

1- Шеміршекті балықтардың көп тұрлілігі.

2-Шеміршекті балықтардың дене құрылысы.

3- Шеміршекті балықтардың систематикасы.

4-Шеміршекті балықтардың экологиялық жағдайы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Лекция мәтіні:

Шеміршекті балықтар- осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделерімен бөлінеді де ,олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады .Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес .Жүзу торсылдақтары жоқ. Шеміршкті балықтардың дене құрылысымен танысу ұшін акуланың құрылысымен танысу қажет. Акула кеңінен таралған балықтардың бірі. Ашық теңіздерде, мұхиттарда тіршілік етеді. Денсінің ұзындығы ірілерінде 15м-ге дейін барады. Ал кішкентайының дене ұзындығы 5-6м-ге дейн барады. Акулалар кеңінен таралған балықтардың бірі.

Акулалардың денесі ұзынша ,ұршық тәрізді болады . Басының екі бүйір жағында 5-7 желбезек саңылаулары бар . Басының тұмсық жағында рострум деп аталатын өсінді болады.Рострум тұрлі қызмет атқарады. Рострум ара тұмсықты акулада жауынан қорғану ұшін қажет. Өйіткені рострумның жиектерінде тістері болады. Рострумның көмегімен азығын тауып жейді.

Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады . Оларды брызгальцелер деп атайды . Брыгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек саңылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клоакасы болады. Құйрық қанатының жапырақшлары бір келкі емес . Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкенде, ал астыңғысы-одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайдыц .

Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады . Еркектерінің құрсағындағы қосқанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады олар шағылыс органдарының қызметін атқарады.

Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады . Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөлінеді .Омыртқа денесі алддыңғы , артқы жағынанда ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады . Соныменг қатар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталады. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағын қоршап тұрады .

Бас сүйегі –ми сауытынан , сезім оргындарының капсуласынан және рострумнан құралған. Демек , осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған . Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртқаның бас сүйешгімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады . Бас сүйегінің алдыңғы бөлімінен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады .

Желбезек тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады. Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады.Белдеу және бос төменгі бөлімнен тұрады.Алдыңғы аяқтары ол көкірек қанаттары. Артқы аяқ немесе құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында дара шеміршектен тұрады.

Ауыз құысында ірі тістері болады. Ол ары қарай жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеш қарынға ашылады, ары қарай ашы ішек тоқ ішекпен жалғасады. Екі бөлімнен тұратын бауыр ашы ішекке ашылады. Өт бөліп отырады. Желбезек саңылаулары бір ұшы жұтқыншаққа, екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек перделері , желбезек доғалары болады. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камералы. Жүрекшеге вена қаны құйылатын веноздық құыс жалғасады. Қарыншаға артериалдық конус жалғасады.Артерия қаны жұрекке соқпай денеге тікелей желбезектен таралады. Қан өте жай қозғалады, оттегіне онша бай емес. Тотығу процессі нашар жұреді , сондықтан дене температурасы жоғары болмайды. Қан жасайтын мұше көкбауыр болады. Балықтар желбезекпен тыныс алады. Балықтар су ағысын тұдырып, оны желбезектердің тесіктері арқылы өткізіп суда еріген оттегі сіңірледі.

Акуланың орталық жұйке жүйесі ми мен жұлыннан құралады. Ми алдыңғы, ортанғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Алдыңғы мидың йіс бөлімшесі улкейген, құрылысы күрделі. Шеміршекті балықтардың тез қимылдауына, жүзуіне байланысты тепе-теңдік, жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемі үлкейген. Жұлынның құрылысы кұрделенген. Миынан 11 жұп нерв тарайды.Аралық миының үстіңгі жағында эпифиз орналасқан. Аралыық мидің арт жағында гипофиз бекиді. Ортаңғы миы жақсы жетілген, мишығы улкен болады. Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа бөлінбеген. Сезім органдардан қос иіс қапшықтары болады. Көру анализаторы жақсы жетілген. Көзінің қасан қабығы жалпақ, хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Көзін ашып жабатын ымдау жарғағы болады. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Зәр шығару органының қызметін – алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольф каналшалары арқылы клоакаға барады. Шеміршекті балықтардың көбінің аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары дене қуысындағы маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару, жыныс жолдары дербес болады.Бір жұп аталық безі бұйрек каналдарымен және оның бөлімімен байланысқан. Каналшалар вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшалары еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр- жыныс қуысына келіп құйылады.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер. Тақта желбезектілер акулалар және скаттар деп екі отрядқа бөлінеді.

Скаттар-жай қозғалатын, су тубіне тіршілік етуге бейімделген балықтар.Денесі құрсағына қарай қысылып бітеді. Қанаттары өте жалпақ болып келеді. Скаттар су тубінде омыртқасыздармен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Бауырында Д-витамині болады.

Химерліктер су тубіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын ұршық тәрізді. Терісі қабыршақсыз. Скелеттері хордадан тұрады. Ұрықтану іште болады. Екі жұмыртқадан салады. Кәзіргі химерліктер үш тұқымдасқа бөлінеді. Шеміршекті балықтар ашық мұхиттарда мекен ететін болғандықтан жыртқыш балықтар қатарына жатады. Ақ акула, көк акула, китті акула, мако акуласы, коралл акуласы деген тұрлері бар. Скелеті 100 шеміршектен тұрады. Шеміршектер сұйектен жеңіл, балықтың жеңіл қозғалуына мумкіндік береді. Шеміршекті балықтарда 7- сезім мұшесі жақсы дамыған. Бұл ғажайып жануарлар мұхиттағы гидробионтардың бірі болып саналады. Сондықтан оларды тірі табиғаттың бірі деп санауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет