Оқу мен оқытуда сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану туралы рефлексивтік есеп



жүктеу 50.19 Kb.
Дата01.03.2019
өлшемі50.19 Kb.
Оқу мен оқытуда сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану туралы

рефлексивтік есеп

Бұл бағдарламаның ұстанымы мектеп тәжірибесіндегі жұмыс барысында жүзеге асырылып күнделікті сабақтар арқылы жоспарлап оны қолдану кезінде жаңаша тәсілдерді жүзеге асыру. Мектептегі тәжірибе кезінде бұл тапсырмалармен жұмыстардың нәтижесін бағалау барысында жүзеге асыратын өзгерістерді мұғалімдер бір-бірімен тренер арасындағы байланыстар мен көрініс табады. Тәжірибе кезінде бұл тапсырмаларды кезек кезегімен орындауға болады. Бір сабақ барысына енгізіп қолдана отырып келесі сабақтарға немесе тәжірибе кезеңінде толық толдануға болады. Тапсырма бойынша жеті модульдерді кіріктіре отырып жоспар құрып сабаққа өзгеріс енгізу мақсатында жүзеге асыруды көздейді.



Мұнда жеті модульдер мен сабақ құрылымы туралы түсінік бере отырып мен әріптестеріммен пікір алмастым. Маған тәжірибелі мұғалімдердің көмегі мен жас мұғалімдердің қызығушылықтары байқалды.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында мен оқушылармен де кеңес жүргізе отырып осы жоба туралы түсіндіре өттім. Әріптестерімен жаңа әдіс –тәсіл бойынша жоспарыммен таныстырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып тәртібі туралы ақылдаса келе сыныпта тәртіп нормасын белгіледік .Оқушылар өздеріне тиімді тәртіптерді айта келе осы тәртіппен негізделді. Мұнда оқушыларды топқа бөлу барысында мен бірнеше түрлерін көрсете отырып топқа бөлінді. Топпен біріге отырып топқа ат қойды бірінші топ «Бәйтерек», екінші топ «Қыран». Топтар өз топтарының аттарын қорғады . Оқушыларға сауалнама тараттым. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым –қатынастыры жақсара отырып, бірлесіп жұмыс істеу оңайлады. Мен оқушылардың қызығушылықтары мен өзгеріске дайын болуға бағыттай бірнеше жаттығулар, ойындар орындату арқылы бірін-бірі жақсы танып білуге дағдыландыру мақсатында топтық жұмыстар жасадым. Және бұл сабақтардың мақсаты мен міндеттерін оқушылар орындап анықтады. Сабақтарда қолданылатын сұрақтар деңгейін бірте-бірте сұрақ әдісіне бағыттадым. Сұрақ қоюда әр түрлі сұрақтарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бағыттай отырып қолдандым. Оқушы жауап беруде қателессе де оның жауабының қате екенін айтып оқушыны тоқтатпай, сұрақты қайта бағыттау арқылы сол сұрақты топқа қоямын. Яғни , сендер қалай ойлайсыңдар? .Оқушылардың деңгейін сұрақтар қою арқылы анықтай отырып, менің өзгерісім оқушыларға сұрақты сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар қою. Бұл сұрақты есту арқылы оқушылардың ойын жан-жақты дамуына ,ізденуі мен талдап, зерттеп толық жауап беру дағдыларын қалыптастырдым. Жекеленген оқушыларға сұрақтар тест парақшаларын тарату арқылы оқушылардың тарау бойынша білім деңгейлерін тексеру арқылы жеке жұмыс жасалып , осы сұрақтар жауаптарын жұптық жұмысқа ұластыру арқылы бірін –бірінің жауабын тексеру арқылы жұмыс жасалды да, сонда барып дұрыс жауаптарды экранның бетіне шығару арқылы өздері өз сұрақтарының жауаптарына баға берді.Сұрақтар қою арқылы мысылы: Отбасы болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар ? деген сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында беру болды. Оқушылардың пікірлерін білу мақсатында тақырыпқа қатысты сұрақтар қою арқылы оны талқылауға бірнеше минут уақыт бердім. Отбасы туралы өз ойларын топтаса отырып талқылай келе жауап берді. Оқушылардың берген жауаптарын тыңдай отырып олардың тақырып туралы түсінгені байқалды. Мысалы. Отбасы түрлерін, оның қоғамдағы орнын біле отырып әр топ өз отбасылары туралы ойларын жеткізе білді.Мен бұл жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушылар бойынан дарындылықты, қабілеттілікті анықтадым. Оқушылармен топтаса отырып, жұптаса отырып орындаған тапсырмалары арқылы олардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділігі артты. Оқушылардың өздері жасаған тапсырмаларын көру, талдау, дәлелдеу арқылы оларды жасаған жұмыстарын мадақтап, оларға сенім білдірген өте ұнады. Мен сабақ барысында осы курсты оқыған әріптестеріммен қашық арадағы байланыс арқылы хабарласа отыр ақылдаса жұмыс істедім.Мен осы мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің өзгерістерім бірінші ұстанымдылыққа оқушылармен қарым-қатынасты жақсартуға өзімді өзгерте отырып жұмыс жүргіздім.

Мен осы курстың екінші бетпе-бет кезеңінде әріптестерммен бірлесе сабақ оқу барысында мен мына мұғалімдердің мектептегі сабақтарынан тәжірибе алмастым. Тренерімнен дәрісінде сабақ жоспарын жасаудың тәсілдерімен таныстырды.. Осы сабақ бойынша оқушыларды қай жерге отырғызуы, оқушының не білетінін білуіміз, қалай үйренгені ұнайтынын, оқушыларға не үйреткім келеді.және сабақ жоспарының кіріспесі туралы өзіме керек деп тапқан мәліметтерімді жазып алып отырдым. Сынып сабағында оқушыны бағалау туралы презентациялар көрсет. Әріптестерім мұғалімдерден яғни,топтық жұмыс барысында мен эверес тобында болдым. Осы топқа мектептегі орындауға тиіс тапсырманың түсіну дәрежесін бағалау тапсырмасын 5 ресурсқа салу тапсырмасында презентация жасау тапсырылды.

Осы тапсырма барысында бастауыш сыныптың дүниетену сабақтарын Қазақстан Республикасының рәміздері оқушыларға қолданған бағалау, менің Отбасы туралы сабақтарында бағалаудағы қолданған әдістер мен Шарапат апайдың қазақ әдебиет сабақтарындағы бағалаудағы қолданған кестелері мен оқушыларды осы бағытқа бұрудағы мақсатын айтты. Менің құқық пәні бойынша өткен сабақтарымда қолданған бағалау тәсілдерімді түсіну дәрежесін бағалау тақырыбымда мен әріптестеріммен жұмыс барысында ортаға сала отырып Шарапат апайдың бағалау кезеңдерін әр тапсырмалардың соңында топ басшылары бағалау парақшаларын оқушылардың аты-жөні мен сабақта тапсырмалардың орындауына байланысты бағалады. Осы бағалау туралы ортаға сала оқудағы үдерістегі өзгерістерді айта кетті. Ал бағалаудың деңгейлік тапсырмалар барысында, топтың орындалуы толық байқалған топтарды мадақтап марапаттап бағалау түрлерін қолданғанын айтты.

Менің сабақ бойынша әр тапсырмаларға критериилерін белгілеп оқушыларға өзін-өзі бағалау мен топ болып екі жұлдыз бір тілек бағаланғанын айттым. Осындай ұсыныстарды ортаға сала отырып. Біз топтық таныстырылым жасадық. Бұл таныстырылым мен жасай отырып мынандай үлес қостым. Слайд жасай отырып әр әріптестеріміздің сабақтарын осы беттерге түсіре отырып топ атынан мен қорғап шықтым. Осы тапсырмалар бойынша менің қосқан үлесім әріптестеріммен бірлесе отырып бағалаудың түсіну дәрежесіне бағыттай отырып жұмыс істеу мен оқушылардың денгейіне байланысты тапсырма беру керектігін айттым. Осы тапсырмадан менің алған тәжірибем бағалауды қалай тиімді пайдалануды мен уақытты үнемдеуді үйрендім.



Мен орындалған тапсырмалар барысында менің алған әсерім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу кезінде олармен ақылдаса отырып және келісе сабақ барысын олардың қызығушылықтарын ,нені үйренгісі келетінін біліп сол бойынша сабақты жоспарлау. Қорыта келе алдағы келесі сабақтарымда осы модульдерді байланыс жасай отырып сабақтарымда ары қарай дамыта отырып оқушылардың білім денгейлерін түсінуіне және нені біліп нені білмейтінін өз беттерінше білуіне итермелеу мен бағыт-бағдар беру арқылы қолжеткізу мақсатында жұмыс жүргіземін. Өзім басқа тәжірибелі мұғалімдермен пікір алмаса отырып өз тәжірибемді жетілдіру барысында жұмыс істеймін. Мен осы курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде әріптестерммен бірлесе сабақ оқу барысында мен мына мұғалімдердің мектептегі сабақтарынан тәжірибе алмастым. Тренерімнен дәрісінде сабақ жоспарын жасаудың тәсілдерімен таныстырды.. Осы сабақ бойынша оқушыларды қай жерге отырғызуы, оқушының не білетінін білуіміз, қалай үйренгені ұнайтынын, оқушыларға не үйреткім келеді.және сабақ жоспарының кіріспесі туралы өзіме керек деп тапқан мәліметтерімді жазып алып отырдым. Сынып сабағында оқушыны бағалау туралы дәріс ала отырып мен оқушыларды білім берудегі көзқарасым өзгерді және шешім қабылдау арқылы мен оқушылардың бастапқы білімдеріне сүйене отырып шешім қабылдадам және болашақта оқу үдерістерінде дағдыланған бағытта білім алуды қалыптасу мақсатында менің іс-әрететімді дамыттым.Және өз жоспарым дамытамын.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет