Оқу қызметі: Шебер қолдар Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»



Дата05.07.2017
өлшемі26.53 Kb.
Оқу қызметі: Шебер қолдар

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар».

Мақсаты:

а) саңырауқұлақтармен таныстыру, олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорларын молайту;

ә)екі бөліктен туратын қалпағы мен аяғының біріктіру тәсілін қолдана отырып дамыту;

б) табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық материал, балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, саңырауқұлақтың суреті, үлгі сурет,тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс:саңырауқұлақ алаңқайы.

Билингвальды компонент:саңырауқұлақтар-грибы.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды орманға серуенге шақыру. Саңырауқұлақтар алаңқайын жасау. Балалармен серуенге шығып, саңырауқұлақтарды себетке жинату.

– Балалар, біз не жинадық?

– Саңырауқұлақ қанша бөліктен тұрады екен?

Балалардың көңілін суреттегі саңырауқұлақтарға бөлдіру, түстерін сұрау.



Себетке саңырауқұлақтарды жинайды.

–Саңырауқұлақтар

екі бөліктен тұрады.

– Қалпағы, аяғы.



Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балаларға В. Сутеевтің «Саңырауқұлақсаясында» ертегісін айтып беру. (Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, ертегіні қысқаша ауызша айтып беру.)

– Орманда кенеттен не басталды?

– Саңырауқұлақтың астына нелер жиналды?

– Жаңбырдан кейін неболды?

– Ендеше, біз де саңырауқұлақты мүсіндеп көрейік.

Педагог өзі жасаған үлгіні көрсетіп талдау.

Жұмыстың орындалу тәсілін

көрсету:


– қызыл түсті ермексазды жұмсартамыз (алақандарды айналдыра қимылдату арқылы) илеп, шар-қалпақ жасаймыз.

– Шарда ойық жасаймыз. Ол үшін сұқ саусағымызбен басамыз.Қалпағы дайын.Енді, ақ түсті ермексаздан аяғын жасаймыз. Ол үшін ермексазды есіп «шұжықша» жасаймыз.

– Қалпағы мен аяғын біріктіреміз. Жалғанған жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға саңырауқұлақтың аяғы мен қалпағын біріктіруді, тегістеуді жеке-жеке көрсетеді, қиналған балаларға көмек көрсетеді.

Сергіту сәті: «Күн және жаңбыр»


Жұмбақ

Орманнан алып келген қазанбасты,

«Жейміз», – деп анам күліп, қазанға асты.

(Саңырауқұлақ)




Ертегіні тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Саңырауқұлақты жасаудың әдіс- тәсілдерімен танысады.

Саңырауқұлақты мүсіндейді.

Ойын ойнайды.
Жұмбақты шешуге тырысады.

– Саңырауқұлақ.




Рефлексиялық-түзетушілік


– Балалар, бүгін не мүсіндедік?

– Саңырауқұлақ қайда өседі?

Балалардың жұмыстарын талдату, мадақтау.


Жасаған жұмыстарын алаңқайға қояды.

Күтілетін нәтиже:

жасайды:саңырауқұлақтың бөліктерін, дөңгелектеуді, есуді;

түсінеді: улы және жеуге жарайтын саңырауқұлақтар туралы;

қолданады: екі бөлікті біріктіріп, саңырауқұлақты жасауды.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет