ОҢТҮстік қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктер әбиева Б.



жүктеу 91.09 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі91.09 Kb.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗДЕСЕТІН ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР
Әбиева Б.

«Сырдария» университетінің студенттері

Ғылыми жетекшілері: Есқараев Н., Аманбаев Н.
Соңғы он жыл ішінде адам денсаулығына қамқорлық ретінде емдік қасиеті бар өсімдіктердің маңызы барған сайын өсуде. Бұл жағдайдың өсімдік шикізатынан дәрі жасау өндірісінің одан әрі дамуына ықпалы тиері сөзсіз.

Дәрілік шөптерге аса мән беріп,оларды денсаулық сақтау жүйесінде пайдала -нудың қолайсыз жақтарыда бар. Ол табиғи тұтастықты бұзуға, өсімдіктердің жабайы түрлерінің күрт азаюына әкеліп соғады. Орталық, Солтүстік, Батыс, Шығыс әсіресе Оңтүстік Шығыс Қазақстан аймақтарының табиғи қойнаулары қоршаған орта өзгерісі (антропогенді өзгеріс) салдарынан экологиялық күйзеліске ұшырауда [1] .

Жабық және жартылай жабық аймақтар (ұлттық бақтар,қорықтар,таби – ғаттың белгілі бір элементі қорғалатын қорықтар (заказниктер) т.б ашу туралы үкімет алдында әлденеше рет қойылған сауалдар әзірге шешімін таппай отыр.

Аталған аймақтарды ашумен қатар фармацевтика өнеркәсібінде кең қолданылатын дәрілік өсімдіктердің интродукциясы,өсіру технологиясы, селекциясы мен тұқым шаруашылығы, өнеркәсіптік негізде көбейту сияқты потомниктерін қамтитын плантацияларды қолдан өсіруді жолға қою неғұрлым тезірек шешуді қажет ететін басты мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда айта кететін жағдай – біздің елімізде емдік қасиеті бар өсімдіктерді көбейтудің жоғарыда келтірілген звенолары толық қамтылған. Онсыз ғылыми негізде іске асырылатын жұмыстар жүргізу мүмкін емес.

Дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысатын ғылыми мекемелердің ішінде олардың интродукция, агротехника, селекция, тұқым өндіру, биотех -нология тарапындағы мәселелерін қамти алатын жұмыстар Қазақстанның егіншілік ғылыми – зерттеу институтында және Қарағанды ауыл шаруашы -лық ғылыми – зерттеу совхоз – институтында жүргізіледі. Дегенмен бұл мекемелерде де дәрілік өсімдіктерді өсіруді, жинауды, алғашқы өңдеу мен өсімдіктердің қажетті бөліктерін бөлшектеп өңдеуді механикаландыру сияқты айқындалуға тиісті мәселелер көптеп табылады.

Сонымен бірге биология және медицина ғылымдарының маңызды мәселелерінің бірі – дәрілік өсімдіктер шикізатынан емдік қасиеттері күшті жаңа препараттар жасау және оларды халыққа кеңінен тарату.

Бұл препараттардың жүрек – тамыр, жүйке, ісік, асқазан – ішек, зат алмасу, сонымен қатар көптеген індет аурулардан да емдеп қана қоймай, алдын алып сақтандыруда да маңызы зор [2].

Нарықтық жағдайда мемлекетіміздің экономикасын көтеруге және жаңа өндірістің даму кезеңінде еліміздің өсімдік ресурстарын пайдалануға шексіз талап қояды.

Оңтүстік Қазақстанның табиғи байлығы және ауа – райының жылылығы көптеген құнды дәрілік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді.Түрлі емдік қасиеті бар өсімдіктерге сұраныс ұлғаюына байланысты оларды жинап,интродукциясын кешенді түрде зерттеуді және келешегі бар,сұранымы өсе түседі деген. Дәрілік өсімдіктерді өңдеу технологиясын Оңтүстік Қазақстан өңірінде түрлі экологиялық аймақтарда анықтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргі -зілген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар емдік дәрілік шөптердің 60 – қа жуық ерекше түрлерін тапты.

Дәрілік шөптерге деген сұранымның ұлғаюына байланысты оны жинау,интродукциялау,кешенді түрде зерттеу және келешекте дәрілік өсімдіктерді дұрыс өңдеу жұмыстары маңызды мәселе болып табылады.

Дәрілік шөптерді дайындау және өңдеу Шымкент фармацевтикалық зауыт құрудан басталды, қазіргі «Химфарм» акционерлік қоғамы. Бұл зауытқа шикізат өндіруде бүкілодақтық дәрілік өсімдік зерттеу институты (БДӨЗИ) елеулі еңбек қосты. Оның міндеті зерттеу және өндіріске төмендегідей дақылдарды өндіру еді: майкене, сана, қызғыш катарантус,сары шашақтыгүл.

Бұл ізденістер шаруашылықтарға дәрілік өсімдіктердің өнімін ұлғай- туға себепкер болды, сондай – ақ шикізаттарды дайындау негізінде зауыт – фабрикаға өте құнды жартылай дайын саласымен,антросенин, глауцин, мукалтин және т.б. өнімдерді шығарады.

Қазақстанның егемендік алуымен бірге бұл жүйе күйреді, арнайы мамандандырылған шаруашылықтар басқа күнделікті өтімді дақылдарға ауысып кетті, тәжірибелік станса жойылды. Соның салдарынан, зауытқа тапсыратын фитопрепараттарды өндіру күрт төмендеді. Бұл республика халқын дәрі – дәрмекпен өамтамасыз етуге үлкен нұқсан келтіруде. Ғылыми және өндірістік тұрғыдан дәрілік дақылдарды өндіріп, одан әрі қарай өңдеу бүгінгі күннің осы тақырып өзекті мәселесі болып табылады.

Дәрілік өсімдіктер адамдар мен жануарлар арасындағы, адамдар мен микроорганизмдер арасындағы тепе – теңдікті сақтап келеді. Ерте заманнан бері емшілердің негізгі емдік әдісі өсімдіктерге негізделген. Қазіргі дәрі – дәрмектің 40 пайызы өсімдіктерден жасалады және де 400 – ге жуық өсімдіктер пайдаланылады. Тибет медицинасының көзқарасымен бұл өте аз. Ерте заманда емдік қасиеттері жоқ өсімдік кемде – кем делінген. Республика территориясыннан 6000–ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жағынан Қазақстан одақ көлемінде бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктерді айтпаса да түсінікті [3].



Адамзат денсаулығын сақтау, сырқат жандарға көмек беру – денсаулық сақтау саласының маңызды міндеті болып саналады. Бұл мәселенің негізгі бөлігі болып, сапалы дәрі – дірмекпен уақытылы қамтамасыз ету болып табылады.Медициналық жәрдем ісінде ең негізгі мәселе дәрілік өсімдіктерді зерттеп, олардан пайдалы препараттар өндіру және оларды нарықтық жағдаймен үйлестіру болып табылады. Дәрілік өсімдіктер адамның денсалығы үшін маңызды денсалық көзі болған, бола да бермек, денсаулық сақтау мақсатында оларға деген сұраныс жыл санап өсіп келеді. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктерді өздері мекен еткен жерлердің жағдайында өсті, бірақ ол сұранысты толық қанағаттандыра алмайды. Көптеген дәрілік өсімдіктердің регенерациясы төмен болады, олардың жер бетіндегі бөлігінің қалпына келуі үшін шамамен 3 – 8 жыл қажет. Мәдени түрде өсірілген дәрі -лік өсімдіктердің, жабайы өскен дәрілік жиынтық шикізаттардан ерекшелік -тері бар, табиғи ресурстардың жоғалып кету қаупі төмендегендіктен, өңдеуге жоғары сапалы біртектес шикізаттар түседі, олар агротехникалық талаптарға сай өсіріліп және сапалы түрде жиналған өсімдіктер. Мәдени түрде өсіріл- ген дәрілік өсімдіктердің, жабайы өскен дәрілік жиынтықтың шикізаттардан ерекшеліктері бар, табиғи ресурстардың жоғалып кету қаупі төмендеген -діктен, өңдеуге жоғары сапалы біртектес шикізаттар түседі, олар агротех - никалық талаптарға сай өсіріліп және сапалы түрде жиналған өсімдіктер. Жыл өткен сайын дәрілік өсімдіктердің қолданылу мөлшері де артып келеді. Қазіргі кезде, онкологиялық, жүрек қан тамыр ауруларын, туберкулез және қант диабетіне қарсы қолданылатын өсімдіктер түріне зор көңіл бөлініп отыр. Барлық елдермен халықтардың көп ғасырлар бойы дәрілік заттарды қолдануы, халық медицинасының негізінде жатқаны белгілі. Дегенмен, дәрілік өсімдіктерді ұзақ уақыт пайдалану эмпирикалық жағдайда қалып отыр. Тек қана кейбір өсімдіктердің синтезделуге және адам ағзасына физиологиялық әсерінің күшті болуы және көп ғасырлық табиғи қосылыс- тарды өз бойында сақтау қасиеттері, оларды қолдану процессін түбірімен өзгертті. Өсімдік шикізаттары бүгінгі күнде, қатерлі ісікке қарсы антиарит- микалық, кардиотоникалық, адаптогендік және басқа да препараттар алу үшін таптырмайтын өнеркәсіптік бірегей зат болып отыр. Жүрек қантамыр ауруларына 80%, бауыр және асқазан ішек тракттарына 70% шамасында, қақырық түсіретін, жөтелді қанағаттандыратын емес – 70% өсімдіктен жасалған дәрілік препараттар қолданылады. Олардың ерекшелігі жоғары әсерінде, бұл медицина практикасында көп жылдық тәжірибелермен дәлел -денген, адам ағзасына қауіпсіз – олардың улылығы аз және қосалқы әсерлер бермейді. Бұдан басқа, қазіргі кезеңге дейін дәрілік өсімдіктерден бағалы препараттар алынып келген (мысалы, жүректің гликозидтары, алкалоидтар қатары, терпендер, стероидтық және тағы басқа да биологиялық белсенді заттарды) тек қана өсімдіктерден алады. Оңтүстік Қазақстан республиканың өте ірі аймағы болып саналады, бұл жерде 3075 түрлі тамырлы өсімдіктер және 41% Қазақстанның эндемиктері шоғырланған (800) түрге жақын, 118 түрлі өсімдіктер Қызыл кітапқа ендірілген. Тек қана Оңтүстік Қазақстанның құмдақ – шөлді флораларында Қызылқұмның оңтүстік – шығысында 323 түрлі өсімдік өседі, олардың арасындағы 38 түрі дәрілік өсімдіктер Қазақстан аумағында барлығы 6000 түрлі өсімдік өседі, олардың арасындағы арнаулы түрде анықталған дәрілік өсімдіктер саны 262 болды. Бәрімізге белгілі болғанындай, Қазақстанның алдына қойған маңызды әлеуметтік міндеті – ол халықтың денсаулығы. Бұл жағдай халықтың денсаулығын сақтау негізінде бағдарламаға кірген және Қазақстан Республикасының Конститутциясымен бекітілген (ата заңымен). Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының болжамына қарағанда, таяудағы 10 жыл ішінде фитопрепарат -тардың қолданылатын мөлшері 60% - дан асады. Отандық дәрі жасайтын өнеркәсіптер республикасының дәріге деген сұранысының 6% - ын ғана қанағаттандыра алады. Дәрілік өсімдіктер және дәрілік өсімдіктердің шикізаттары туралы түсінік. Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада адамдар мен жануарлардың ауруларының алдын алуға немесе оларды емдеуге пайдаланылатын өсімдіктер немесе осы мақсатқа дәрілік түрлерді жасап және дәрілік препараттарды алып, және одан таза дәрілік заттарды алатын өсімдік түрлері. Өсімдіктер ағзаларға өздерінің құрамындағы белсенді биологиялық заттар арқылы әсер етеді, бұлар олардың ағзаларында біртекті таралмайды. Биологиялық белсенді заттар молынан жиналған өсімдік мүшелерін дәрілік заттар жасауға қолданады – оларды дәрілік шикізаттар деп атайды. Дәрілік шикізат ретінде жер бетіне көрініп тұрған (жапырақ, жапырақ бүршіктері, түйіндер, гүлдер, тұқымдар, жемістер, жеміс қабықтары немесе жер бетіндегі барлық шөптер) және жер астындағы өсімдік бөліктері (тамыр, тамыршалар, тамыр қабықтары, тамыр жемістері, пиязшық немесе түйнектер) қолданылады. Сонымен қатар, дәрілік шикізат болып өсімдік және мал өнімдері саналады: майлы және эфир майлары, шайыр, камеди, май тәріздес заттар (ланолин, спермацет т.б.), крахмал,ара өнімдері (бал, араның уы, балауыз, бозаң сүт және прополис), жылан улары жатады [4].

Адам денсаулығын қорғауда дәрілік өсімдіктердің қызметі жылдан – жылға өсіп келеді, өйткені көптеген ауруларды емдеуге өсімдік тектес дәрілік заттар қолданылады. Мысалы, кейбір ауруларға қарсы қолданылатын дәрілік өсімдіктер мыналар: жүрек – қан тамыр ауруларына дәрілік мысықтамыр, бес салалы сасық шөп, көкшіл – көкшегүл, дәрілік мелисса, кәдімгі жұпаргүл т.б. ; орталық нерв жүйесі үшін жень – шень, марал шөптамыр, қызғыл семізот т.б. ; бауыр ауруларына құмдық салаубас, шұбарала тікен, жүгері шашағы т.б. ; асқазан ауруларына қарсы үлкен жолжелкен, түзу қазтабан т.б. ; ағзаның иммундық жүйесін жақсарту мақсатында күңгірт эхинацея және жіңішке эхинацея [5].

Қазақстан өсімдіктер дүниесі өте бай және алуан түрлі, олардың ішінде көптеген дәрілік өсімдіктер түрлері бар. Бұрын табиғи орталықтарда өскен дәрілік өсімдіктер фармациялық өндірістің негізгі шикізат қоры болып табылатын. Кейінгі кезде оларды көзсіз, есепсіз жинау салдарынан кейбір өсімдіктерге жойылып кету қаупі төніп тұр. Сондықтан олардың табиғи қоры өндірістік шикізатқа деген сұранысын қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Оған қоса кейбір дәрілік өсімдіктер Қазақстанда табиғи орталықтарда өспейді, ал фармацевтика өндірісінің оларға деген сұранысы өте үлкен. Сол үшін бұл өсімдіктерді жерсіндіру жұмысымен шұғылдандыру қажет. Жерсіндіру ісі негізгі үш бағытта жүргізіледі.


  1. Басқа елден өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын әкелу.

  2. Дақылдарды бір аймақтан екінші аймаққа көшіріп, сол жерде қолдану.

  3. Мәдени дақылдар қатарына отандық шетелдік табиғи жолдармен жаңа өсімдіктерді енгізу.

Дәрілік өсімдіктердің табиғи көп өсіп кездесетін жері біздің мемлекетіміздің оңтүстігі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында дәрілік өсімдіктердің 3075 түрі бар. Оның ішінде, фармацевтикалық өндірістік шикізаты болатындай көптеген дәрілік өсімдіктер кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде ғылымдар емдік дәрілік шөптің 60 – қа жуық ерекше түрлерін тапты. Ергежейлі итмұрын, Северцев унгерениясы, Регел күшәлесі, орташа қылша және басқалар [6].

Оңтүстік Қазақстанның табиғи байлығы және біркелкі жылы ауа – райы көптеген құнды дәрілік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Сол себепті, осыдан 100 жылдан астам уақытта республикада бірінші боп Шым- кенттің химико – фармацевтикалық зауыты құрылды. Осыған шикізат өсіріп дайындайтын өндіріс ретінде 50 – ші жылдары «Дермене» (Арыс ауданы) және «Фрунзе» (Сайрам ауданы) атындағы арнайы мамандандырылған шаруашылықтар құрылды. Табиғат жағдайы жақсы жылдары «Дермене» шаруашылығы 2 – 2,5 мың дәрілік өсімдік өндірді. Оның басқа көпшілігі дермене, тау қылшасы, мыңжапырақ, черкез т.б. Жабайы өсетін өсімдіктерден бөлек, шаруашылық мәдени түрде де, дәрілік өсімдіктерді өндірумен айналысқан : майкене, сана, қызғыш катарантус т.б.



Бүгінгі таңда сұранымның болмауы салдарынан, шаруашылық дәрілік шикізат өндіруді қысқартып, тек азғантай жерге (50 га ) мачеха мен дәрілік жалбыз тікенмен айналысады [7].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қожабекова М. «Дәрілік өсімдіктер» Алматы «Қазақстан» Алматы 2009ж.

  2. Серебрякова Т.И. Жизненные формы и модели побегообразованная наземноползучих трав.//Жизненные формы: структура, спектры и эволюция.-М.:Наука.1981.-С. 161-179.

  3. Адекенов С.М.Современное состояние и перспективны производства отечественных фитопрепаратов и биотехнологической продукции для медицины. «Фарматция Казакстана» 2003. № 2. –С. 21-22

  4. Алехин А.А.,Кошер З.В. Изучение и использование эхинацей.// Матер.Межд.науч.конф.- Полтава.Верстка. 1998 – С.7-9

  5. Худжаниязова С.Морфологическая хоректеристика и биология цветения рудбеки и эхинации в условиях Ташкент.Дисс.Раб.1964.52-56 с.

  6. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казакстана, Алма – Ата : Наука.1994-С.168с

  7. Қалиұлы Б. Дәрі – дәрмек өсімдіктер, Алматы. 2005 ж.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет