Өте тығыз байланысты болып табылады



жүктеу 59.25 Kb.

Дата24.10.2018
өлшемі59.25 Kb.

WORLD SCIENCE                                                                                                                          ISSN 

2413-1032

 

 

http://ws-conference.com/                                                      



№ 3(31), Vol.5, March 2018

 

27 

 

TECHNOLOGY OF CRITICAL THINKING DEVELOPMENT 



 

M.A. Snabekova M. M. 

 

Kazakhstan, Almaty, Kazakh State Women's Teacher Training University  

 

Abstract.  This  article  will  describe  thinking,  the  nature  of  critical  thinking,  explain  why  it  is  so 

hard  to  do  and  to  teach,  and  explore  how  students  acquire  a  specific  type  of  critical  thinking:  thinking 

scientifically. Thinking is the active process. Along the way, critical thinking is not a set of skills that can be 

deployed at any time, in any context. It is a type of thought that even 3-year-olds can engage in — and even 

trained scientists can fail in. Moreover, it is very much dependent on domain knowledge and practice. 

Keywords: Logical thinking, problem situation, creative thinking, critical thinking, motivation, 

education. 

 

Ойлау  –  субъект  пен  объективті  әлемнің  өзара  байланысты  процесс,  ол  проблемалық 



жағдай  туындағанда  басталатын  белгілі  затпен  өзара  іс-қимыл  барысында  аналитикалық-

синтетикалық  қызмет  атқаратын,  бұл  объектіленген  өзара  іс-қимыл  білім  жүйесі  деген  сөзбен 

өте  тығыз  байланысты  болып  табылады.  Ойлау  -  әлем  бейнесінің  мида  бейнеленуінің  жоғары 

нысаны,  жалғыз  адамға  тән  сондай  күрделі  танымдық  психикалық  процесс  және  сондай-ақ 

ойлау «сенімсіздік, жалтақтық жағдайы, ауытқу, күмән» ретінде де анықталады [1]. 

Леонтьевтің пайымдауынша ойлау – әрқашан белсенді процесс: ойлау «презентациядан» 

басталады; нысан санаға ұсынылады; ойлау әрқашан саналы деңгейінде орындалады. [2] 

Демек,  ойлау  проблемалық  жағдаят  туындағанда  басталады  және  ойлау  -  бұл 

аналитикалық-синтетикалық қызмет болып табылады. 

М. И.


 

Махмутов  «Ресейліктердің  интеллектуалдық  әлеуеті»  атты  мақаласында 

педагогика  ғылымында  ойлаудың  ең  құнды  саналатын  түрлері  деп:  адамның  зияткерлік 

қабілеттерінің  жоғары  деңгейін  көрсететін  логикалық,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан 

ойлауды  көрсетеді.  Ойлаудың  осы  түрлерінің  дамуы  педагогика  саласының  ең  маңызды 

міндеттерінің бірі болып табылады. Логикалық ойлау - ойлау операциялар ережелеріне сүйеніп 

жасалған  ойлау,  (талдау,  синтез,  салыстыру,  жалпылау,  және  т.б.).  Шығармашылық  ойлау 

кенеттен шешімі табылған немесе  болжау жасалған, интуиция нәтижесінде пайда болған жаңа 

өніммен (идея, өнертабыс) сипатталады. [3] 

Сын тұрғысынан ойлауды адамның қабілеті ретінде анықтауға болады: 

а)  айтылған  ойлардан  сәйкессіздікті  көру,  басқа  тұлғаны  жалпы  қабылданған  пікірге 

келісуге немесе мінез-құлық нормаларына немесе олар туралы өз идеяларына жетелеу, сендіру; 

ә)  теорияның  ақиқат  немесе  жалғандығын  сезіну,  хабардың  қисынсыз  екендігіне  көз 

жеткізу және оларға жауап беру; 

б)  жалғанды  шынайылықтан,  бұрысты  дұрыстан  айыра  алу,  талдау,  дәлелдеу  немесе 

жоққа  шығару,  нысанды  және  міндетті  бағалау  есептілігі,  өз  ойын  анық  жеткізу  және  мінез-

құлық әдептілігі үлгісін көрсетету. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  шығармашылық  және  логикалық  ойлаудың  ажырамас  бөлігі 

болып табылады және олардан оқшауланбайды. 

Педагог  және  психологтар  А. В. Брушлинскийдің,  М. И. Станкиннің,  Е. Д. Божовичтің 

және  Л. В. Занковның  ғылыми  еңбектерін  зерттеу,  сондай-ақ  оқытудың  жаңа  кезеңіне  көшу 

оқыту қызметінің күрделенген формасына ауысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау 

элементтерін  ықтималды  қалыптастыру,  жаңа  танымдық  мүдделерінің  пайда  болуына 

байланысты екендігін көрсетеді. Педагогикалық практика, өз кезегінде, өз-өзіне және қоршаған 

ортасына  сын  тұрғысынан  ойлауды  қалыптастыру  педагогика  ғылымының  ең  басты 

міндеттерінің бірі болып табылатынын растайды.  

Педагогика  және  психологияда  сыни  тұрғысынан  ойлау  жайлы  әр  түрлі  көзқарастар 

бар:  «Сын  тұрғысынан  дегеніміз  аналитикалық,  шығармашылық,  рефлексивті  және  түсіне 

алатын, ақпаратты түсіндіре алатын және ондағы жасырын хабарды бағалай алатын, және оған 

қатысты өз ұстанымын қабылдай алатын дегенді білдіреді». [4] 

Е. О. Божович  сын  тұрғысынан  ойлауды  көптеген  шешімдер  арасынан  ең  тиімдісін 

таңдау  қабілеті,  сұрастыру,  жалғанды  дәлелдер  арқылы  терiске  шығару,  тиімді  емес 

шешімдердің орнына тиімдісін таба алу ретінде анықтайды.[5]  

Д. Халперн  сын  тұрғысынан  ойлауды  сараланғандығы,  логикалығы,  мақсатқа 

бағдарланғандығы  мен  ерекшеленген  бағдарланған  ойлау  ретінде  анықтайды.  Осындай 

танымдық 

дағдылар 

мен 


стратегияларды 

пайдалану 

қажетті 

нәтижеге 

жете 

алу 


ықтималдылығын арттырады. [6] 

Дэвид Клустер сын тұрғысынан ойлауды бірнеше мүмкіндіктерді бөліп қарастырады: 



WORLD SCIENCE                                                                                                                         ISSN 

2413-1032

 

 

28 



№ 3(31), Vol.5, March 2018                                                                         

http://ws-conference.com/

  

 



Біріншіден,  сыни  ойлау  тәуелсіз  ойлау  болып  табылады.  Ағылшын  тілін  үйрету 

сабақтары сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген кезде: 

1.  Әрбір  оқушы  өз  идеяларын,  бағалауын  және  нанымын  басқалардан  тәуелсіз  түрде 

қалыптастырады. 

2.  Ойлау жеке сипатқа ие болып табылған кезде ғана сыни болуы мүмкін. 

3.  Сын тұрғысынан ойлау толықтай керемет болуы талап етілмейді: біз басқа адамның 

идеясын немесе нанымын өзіміздің идеямыз сияқты қабылдай аламыз. 

Екіншіден,  ақпарат  сын  тұрғысынан  ойлаудың  соңғы  нүктесі  емес,  ал  ой  тастаушы 

болып  табылады. Мотивация  тудырудың  негізі  ол  білім.  Адам  мотивациясыз  сын  тұрғысынан 

ойлай алуы мүмкін емес.  

Үшіншіден,  студенттер  мен  оқытушылардың,  жазушылар  мен  ғалымдардың  өздерінің 

танымдық  қызметіндегі  әрбір  жаңа  факт  сыни  көріністі  бағындырады.  Танымның  дәстүрлі 

үдерісі  өзінің  сын  тұрғысынан  ойлау  мүмкіндігіне  байланысты  даралық,  мағынаға  ие,  үздіксіз 

және нәтижелілік қасиеттеріне ие болады. 

Төртіншіден, сын тұрғысынан ойлау айқын дәлел ұстануға тырысады. Сын тұрғысынан 

ойлау  алатын  адам  туындаған  мәселелердің  өзіндік  шешімін  табады  және  осы  шешімдерге 

қатысты ақылға қонымды, дәлелдері мысалдарды қолдану арқылы қаруланады.  

Бесіншіден,  сыни  ойлау  әлеуметтік  ойлау  болып  табылады.  Әрбір  ой  басқалармен 

ортақтасқан  кезде  тексеріледі  және  жетілдіріледі.  Сондықтан,  сын  тұрғысынан  ойлау 

арнасында  жұмыс  істейтін  мұғалімдер  жемісті  пікір  алмасу  үшін  қажетті:  төзімділік, 

басқаларды  тыңдау  қабілеттілігі,  өз  көзқарасы  үшін  жауапкершілік  сияқты  қасиеттердің 

сапасын арттыру үшін үлкен назар аударады. 

Сын тұрғысынан ойлауды анықтайтын жоғарыдағы бес анықтама оқу қызметінің әр бір 

түрінде  көрініс  табады,  бірақ  педагогтардың  пікірінше,  олардың  ішіндегі  ең  тиімдісі 

оқытушылар үшін де, студенттер үшін  де жазба жұмыстары болып табылады. Ойлау жазбаша 

көрінетін  және  мұғалімдерге  сондықтан  қолжетімді  болып  отыр.  Жазу  барысында  оқушының 

ойлау процесі оқытушы үшін анық көрініс табады. Жазушы әрқашан белсенді болып табылады. 

Ол әрқашан өзің бар білім қорын пайдалана отырып өз бетінше ойланады. 

Ж. Пиаже өз еңбегінде адам өмірінің он төртінші және он алтыншы жыл кезеңінде сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамыту  үшін  қолайлы  жағдайлар  орын  алатындығы  жайлы  жазды. 

Алайда, бұл осы дағдылардың барлығымызда бірдей деңгейде дамиды дегенді білдірмейді. 

Оқушы өзінің сын тұрғысынан ойлау қабілетін жүзеге асыру үшін, ол Д. Халперн бөліп 

көрсеткен бірқатар қасиеттерге назар аударуы өте маңызды: [6] 

1.  Жоспарлауға  дайындығы.  Ой  жиі  кездейсоқ  орын  алады.  Оларды  жинақтау,  ізбе-

іздігін  ұйымдастыру  маңызды  болып  табылады.  Ойдың  жинақылығы  өз-өзіне  деген 

сенімділіктің белгісі. 

2.  Икемділік.  Оқушы  басқалардың  идеяларын  қабылдауға  дайын  емес  болса,  онда  ол 

ешқашан  өзінің  ойларының  генераторы  бола  алады.  Икемділік  оқушы  кең  ауқымды  ақпаратқа 

ие болғанша, бірден үкім шығаруға асықпауға мүмкіндік береді. 

3.  Табандылық.  Жиі  қиын  тапсырмаға  тап  келгенде,  біз  оның  шешімін  табуды  кейінге 

қалдырамыз. Мұндай жағдайда табандылық танытып шиеленіскен проблемаларды шешу, білім 

алуда оқушы үшін әлдеқайда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. 

4.  Өз  қателіктерін  түзетуге  дайындығы.  Сыни  тұрғыдан  ойлайтын  адам  бұрыс  шешім 

ақтауға  тырыспайды, ал  керісінше  оқуды  жалғастыру  үшін  жасалған  кемшілігін  талдап  дұрыс 

қорытынды жасауға тырысады. 

5.  Түсіну.  Бұл  ойлау  қызметінің  процесі  барысында  өзін  қадағалауды,  талқылау 

барысын сараптауды талап ететін өте маңызды қасиет болып табылады. 

6.  Ымыраға  келу  жолын  іздеу.  Қабылданған  шешімдермен  басқа  адамдардың  келісуі 

өте маңызды болып табылады, әйтпесе олар жәй айтылған ой деңгейде қалады.  

Осылайша,  біз  сын  тұрғысынан  ойлауға  көптеген  анықтамалар  беруге  тырыстық.  Сын 

тұрғысынан 

ойлауға 


берілген 

анықтамаларының 

әртүрлілігін 

қарамастан, 

олардың 

мағыналарының арасындағы жақындықты көре аласыз. Сын тұрғысынан ойлау рефлексиялық, 

бағалаушылық,  жеке  өмір  тәжірибесіне  байланысты  жаңа  ақпаратты  қолдану  арқылы  дамып 

отыратын  ойлауды  білдіреді.  Біз  үшін  сын  тұрғысынан  ойлаудың  дәл  анықтамасы  ретінде, 

негiзделген  шешімдер  мен  шешімдер  жасау  үшін  ұтымды  тәсілдердің  әртүрлілігін  қарастыру 

болып табылады.  

Сын  тұрғысынан  ойлауға  берген  Д. Халперннің  анықтамасынің  ерекшеліктерін  атап 

кетпеу  мүмкін  емес.  Ол  сын  тұрғысынан  ойлау  немесе  бағдарланған  ойлау  сараланғандығы, 

логикалығы және бағытталғандығы мен ерекшеленеді деп санайды. 


WORLD SCIENCE                                                                                                                          ISSN 

2413-1032

 

 

http://ws-conference.com/                                                      



№ 3(31), Vol.5, March 2018

 

29 

 

Білім  беруді  дамытудың  басты  басымдығы  өзінің  жеке  тұлғаға  бағдарланған  бағдар 



болып табылатындығында. Сондықтан, сын тұрғысынан ойлау адамдардың үздіксіз білім алуы 

үшін стратегиялық негіз болуы тиіс. 

Алдыңғы  бөлімде  біз  сын  тұрғысынан  ойлаудың  сипаттамаларын  және  әр  түрлі 

анықтамаларын  қарастырдық.  Мұғалім  үшін  сын  тұрғысынан  ойлауды  түсінудің  түрлі 

тәсілдерін ғана меңгеру емес, сонымен қатар сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары 

жайлы білімінің болуы да өте маңызды.  

Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  американдық 

ғалымдар  Ч. Темплмен,  К. Мередитпен  және  т.б.  әзірленді.  Бұл  технология  әр  түрлі  пәндік 

салалар  бойынша  пайдаланылуы  мүмкін  нақты  әдістемелік  тәсілдер  жүйесін  ұсынады,  ол 

әмбебап, қабылданатын, «пәндік», басқа да педагогикалық тәсілдер мен технологиялармен бірге 

қолдануға болатын, білім беруде және тәрбиелеуде маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. 

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге 

қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл  септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол 

идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға  сеніммен  қарау  деп 

түсіндіреді авторлар. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  деңгейіндегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып 

оқушыларына  ғана  тән  деп  ойлау  аса  дұрыс  түсінік  емес.  Жас  балалардың  да  бұл  жұмысты 

дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір 

жетістіктерге жетері сөзсіз. 

Сын 


тұрғысынан 

ойлау 


жобасының 

әдіс-тәсілдері 

оқушыларды 

тынымсыз 

ізденімпаздыққа  баулиды.  Баланың  еркін  де  терең  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс  жасауына  жол 

ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз  болмақ  емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі  оқушыны сын 

тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды. 

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, 

сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, 

өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. 

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт: 

1)  сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 

2)  оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 

3)  әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 

4)  үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 

5)  кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау; 

6)  оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 

7)  сын тұрғысынан ойлауды бағалау. 

Ал оқушылардан осыған байланысты: 

–  сенімділікпен жұмыс жасау; 

–  бар ынтасымен оқуға берілу; 

–  пікірлерді тыңдау, құрметтеу; 

–  өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. 

Тек сонда ғана олар: 

–  мен осы мәселе туралы не ойлаймын? 

–  осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе? 

–  осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? 

–  маған  бұл  жаңа  ойлар,  идеялар  қаншалықты  әсер  етті?  деген  сауалдар  төңірегінде 

ойлауға үйренеді. 

Қорыта  айтсақ,  дарынды,  білімді  және  сын  тұрғысынан  ойлай алатын  жастар  егеменді 

еліміздің ертеңін баянды етіп қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.  Ёсипов Б. П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. – М.: Учпедгиз, 1961. – 213 с. 

2.  Леонтьев А. А. Язык, речь и речевая деятельность. - М., 1969. 

3.  Махмутов М. И.  Интеллектуальный  потенциал  россиян:  причины  ослабления  // 

Педагогика.- 2001. - №10. – с.91-100. 

4.  Дж. Дьюи.Психология и педагогика мышления. – М.: Совершенство, 1997. – 203 с. 

5.  Божович Е. Д.  Психологические  особенности  развития  личности  подростка.  –  М.: 

Знание 1979. – 39 с. 

6.  Халперн Д. Психология критического мышления. – СПб.: Изд-во “Питер”,2000. - 512с. 

7.  Загашев И. О., Заир-Бек С. И., Муштавинская И. В. Учим детей критически мыслить. 



– СПб.: Издательство «Альянс Дельта», 2003. – 415 с. 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет