Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар туралы ақпарат салық Кодексінде толық көрсетілген



жүктеу 21.45 Kb.
Дата16.07.2017
өлшемі21.45 Kb.
Қосылған құн салығы

Қосылған құн салығы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өндіру және олардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құныңын бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасымен алынған тауарлар  үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының  сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. 

       Қосылған құн салығын төлеушілері:

  Жеке кәсіпкерлер;

 Заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда;

  Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;



Салық салу объектісі салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып екіге бөлінеді.

Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар туралы ақпарат салық Кодексінде толық көрсетілген.

Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

Қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есепке жазылған қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.

«Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет