«Қос тіл- қос қанатың» (Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған көмекші құрал) Жұбаева Гүлсайран Кенжеғарақызы



жүктеу 331.68 Kb.
Дата20.03.2017
өлшемі331.68 Kb.


«Қос тіл- қос қанатың»

(Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған көмекші құрал)
Жұбаева Гүлсайран Кенжеғарақызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

.

«Республикалық 45 minut.kz» басылымында қарастырылып, баспаға ұсынылды

Пікір жазған: «Республикалық 45 minut.kz» газетінің редакторы: І.Б.Нагиев

Жұбаева Гүлсайран Кенжеғарақызы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды салыстыра отырып үйрету және халықтың салт дәстүрі мен

әдет ғұрыпын, тұрмыс тіршілігін оқыту мақсатында осы әдістемелік құралды ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне ұсынылады.


Кіріспе

Тіл ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Кез келген халықтың ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінен көрініс табады, халық даналығы ана тілінде түйінделеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері тіл қазынасының бір бөлшегі. Әрбір дәуірдегі түрлі тарихи оқиғаларды халықтың салт дәстүрі мен ғұрыпын, тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Мақал мәтелді, жұмбақты, жаңылтпашты шығарушы да, оны пайдаланушы да халықтың өзі. Аз сөзбен терең мағынаны түсіндіру, өмір құбылысын айқын көрсету тек мақал мәтелге, жұмбаққа, жаңылтпашқа тән қасиет. Бүгін тәуілсіз Қазақстан бүкіл әлем халқымен терезесі тең, дүниежүзі халықтарына қақпалары айқара ашылып, бір бірінің тілін, әдебиетін, тарихы мен әдебиетін құрметтеп салыстыра зерттеу үрдісі белең алып келеді.

Ағылшын тілін меңгеруге тек сол елдің лексикасы, грамматикасы, фонетикасын білу жеткіліксіз. Шынайы тіл білімі сол елдің халқымен , салт дәстүрімен танысу, өз тіліндегі мақал мәтелдермен, жұмбақтармен, жаңылтпаштармен салыстыра отырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын табу осы кітапта оларды өмірлік жағдайларда қолдана білу қарастырылған.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойынауында қалыптасқан ұлттық тәрбиенің озық өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерді жеткіншек ұрпақтардың бойында қалыптастыру, халықтық педагогика материалдарын тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Ағылшын тілі сабағында мақал мәтелдердің, жұмбақтардың, жаңылтпаштардың алатын орны ерекше. Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын , грамматикалық құрылымын білуін жетілдіруге болады. Мақал мәтелдердің, жұмбақтардың, жаңылтпаштардың тәрбиелік маңызы зор. Оқушылардың ойлау қабілетін де жетілдіруге болады. Мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Оқушылар мақалды, жұмбақты, жаңылтпашты неғұрлым көп білсе , соғұрлым сөздік қоры баий түседі. Ал, мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар оқушылардың жан жақты және адамгершілігі мол азамат болуына ықпалы зор. Ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі болып келген мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жойған жоқ. Мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің ықшамдығымен, әрі түсінікті даналық сөзімен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де ағылшын тілі сабағында мен мақалдардың, жұмбақтардың, жаңылтпаштардың қазақша баламасын, екі тілде жаттатқызамын. Ағылшын мақал мәтелдері, жұмбақтары, жаңылтпаштары мен қазақ мақал мәтелдерін, жұмбақтарын, жаңылтпаштарын салыстыра отырып, мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой өрісін кеңейтеді. Оқулықтардағы мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тек ағылшын тілінде берілген. Мәселен, ‘If you agree to carry the calf, they will make you the cow’ деген мақалдың қазақша баламасы «Жұртқа күле қарасаң, көйлегіне жамау сұрайды» дегенді меңзейді. Ал, осы мақалды қазақшаласа десең «Егерде бұзауды көтеруге келіссең, сиырды көтеруге мәжбүр етеді» деп сөзбе сөз аударады. Сондай ақ мен оқушыларға ағылшын тілін меңгерте отырып, халқымыздың ақыл ой даналығын үйрететін мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен шәкірттердің ойын ширатып, ойлау белсенділігін арттыратынжұмбақтарды да пайдалануға да ұмтыламын.

Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым әлемдегі қарым -қатынас, экономика, мәдениет т.б салаларда маңызды орынды иеленіп тұрған ағылшын тілін оқушыларға жан жақты түсіндіріп, ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету. Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда дауыс ырғағын игеру көзделеді. Оқытудың басты мақсаты тілді игеру болса, тілдік ырғақты дамыту олардың ауызекі тілде сөйлеу іскерлігі мен дағдысынан анық көрінетін болады. Бұл оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттырады. Негізінде мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды белгілі тақырып бойынша жазғызамын. Мысалы, «Достық» тақырыбын өткізгенде тіл дамыту жаттығуларын орындау барысында мынадай жұмыстар жүргіземін. Төмендегі мақал мәтелдерге оқушылар назарын аудару:

1.Between friends all is common.

2.A man is known by the company he keeps.- Достардың ортасында бәрі ортақ.

3.Joys shared with other are more enjoyed. -Адамды досына қарап танырсың.

4.A hedge between keeps friendship green. -Доспен көрген қуаныш аса зор қуаныш.

5.Friendship can not stand always on one side. -Есептескен дос болмайды.

1.My house is my castle. -Үйім қорғаным. -Отбасың аман болса, отырғаның үйің қамал болады.

East or west home is best.- Өз үйім өлең төсегім.

House is an orphan without its host. -Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа.

In the house with children there are no secrets.- Иесі жоқ үй жетім.

Visitor comes – happiness will enter the house.- Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

For each man his native land is paradise. -Қонақ келсе құт келер.

To betray one’s Motherland is to bury oneself alive.- Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе өзің жеткенің.

Person without motherland is a nightingale without forest. - Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

2.Business before pleasure.

A bad workman always blames his tools. – Сабасына қарай піспек.

All things are difficult before they are easy.- Көз қорқақ, қол батыр. Бейнеті қатты болса, татқаны тәтті болады.

Doing nothing is doing ill.- Еңбек еткеннің жаны сауығады.

Doing is better than saying.- Сөзден іс артық.

Actions speak louder than words.- Сөзі судың ісі аз.

Everything is easy after it has been done.- Біткен іске сыншы көп.

He who begins many things finishes only few. -Әрекеті көп, берекесі жоқ.

If you want a thing well done, do it yourself. -Орындалмасың десең, бір істі бес кісіге тапсыр.

Labour is often the father of pleasure. -Еңбек түбі зейнет, еңбек түбі береке, еңбек түбі қуаныш.

No living man all things can. -Жігітке жетпіс өнерде аз.

No pains, no gains. -Бейнетсіз, зейнет жоқ. -Еңбексіз рахат келмес, машақатсыз бақыт келмес. -Төзімді еңбек бәрін де жеңбек.

3.Friendship is a great power.

A friend in need is a friend endeed. – Ерді кебенек ішінде таны.

A friend is easier lost than found. –Жолдасыңды жоғалтпайын десең, жазғырса да жақ ашпа.

A man is known by his friends. – Өзің қандай болсаң, досың сондай.

A good friend is as the sun in winter.- Доссыз адам тұзсыз ас.

Before you make a friend eat a bushel of salt with him.- Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

Choose your friend as your book, few but choice. – Досыңды кітап таңдағандай таңда, аз болса да адалын. -Жолдасыңды жол айырады. Жолға шықпас бұрын, жолдасыңды сайла.

He is a good friend that speaks well of us behinds uor backs. -Досың жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

4.Life, knowledge, health.

Live and learn. – Ғасыр өмір сүрсең, ғасыр үйрен.

Knowledge is a great power.- Күш білімде, білім кітапта. -Білікті бәрді жығар, білімді мыңды жығар.

He who makes no mistakes makes nothing.- Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса кішіден сұра.

The more you live, the more you see. The more you see, the more you know. – Өмірің ұзақ болса, көп көресің. - Көп көрсең , көп білесің.

Who knows most says least.- ақылды ойлап түйгенін айтады, ақылсыз шала пұла білгенін айтады.

Health is above wealth.-Денсаулық зор байлық.

Health is better than riches.- Әуелгі байлық -дансаулық, екінші байлық- он саулық, үшінші байлық -ақ жаулық.

Early to bed and early to rise makes a man healthy, wealthy and wise.- Ерте тұрған ердің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

Live not to eat but eat to live. – Ауру астан, дау қарындастан.

Appetite comes with eating. -Аштық ас талғатпайды.

Hunger is the best sauce. -Ашаршылықта жеген құйқаның, аузыңнан дәмі кетпес.

Eat at pleasure, drink at measure.- Қанағат қарын тойғызар.

An aplle a day takes the doctor away. -Ауру азығымен, тоқпақ қазығымен. –Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады.

A sleeping man is no better than a dead man. - Ұйықтаған адам, өлген адаммен тең.

5.Bringing up.

Frist think then speak. – Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

Everything is good in its season. – Әр нәрсенің өз орны бар.

Where love and advise, there is no sorrow. –Жаным дессең кенессең, өтесің бұл өмірден уайым қайғы жеместен.

Where is a will there is a way. – Іздеген мұратына жетеді.

Leopard cannot change his spots. –Етпен сіңген мінез, сүйікпен кетеді.

A man can die but once. Ер жігітке екі өлмек жоқ.

If you are kind be kind to the end. – Қайыр қылсаң бүтін қыл.

If you are great be modest. – Ұлық болсаң кішік бол.

Life is not a bed of roses. – Өмір сүру жазықты жарып өту емес, тақиялы бас талайды көреді.

Worth pays for itself.- Сіңірген еңбек ақталады.

News flies quickly. – Ел құлағы елу.

To the evil answer good. -Таспен ұрғанды аспен ұр.

Two heads are better than one.- Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

6.One law for the rich, and another for the poor. – Жалғыз жүріп жол тапқанша , көппен бірге адас.

Like priest, like people. Атаңның баласы болма, еліңнің баласы бол.

7.A good name is better than a good face. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

Men may meet but mountains never. Халық айтпайды, халық айтса, бекер айтпайды.

Better be envied than pitied. Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады.

Many a little makes a mickle. Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле.

Fair without, foul within. Үлкені бастар кіші қостар.

One scabby sheep will mar a whole flock. Ел артындағы шаң жұтады, ел алдындағы май тұтады.

He is not fit to command others that cannot command himself. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

Actions speak louder than words. Баланың жақсысы сүйеніш, жаманы күйініш.

A good name is lost than won. Қар қылауымен өседі, бала сылаумен.

8.Blood is thicker than water. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

If my aunt had been a man, she’d have been my uncle. Жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс.

Many a good father has but a bad son. Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар.

Like mother, like daughter. Ердің жақсысы ел мен ойласады, әйелдің жақсысы ермен ойласады.

Like parents, like children. Ағайын бірде араз, бірде тату.

9. The more you live, the more you see, the more you know. – Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

He knows most who speaks least. – Білек бірді жығады, білім мыңды жығады.

An hour in the morning is worth two in the evening. – Білім арзан, білу қымбат

Better untaught than ill- taught. – Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады.

If you run after two hares, you will catch neither. – Білімнің басы бейнет, соңы зейнет.

Soon learnt, soon forgotten. – Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, жалым мен жақын болсаң -басың кетер.

First think, then speak. – Аз сөз алтын, көп сөз күміс.

A good word is as soon said vas an ill a bad one.- Айтуға оңай, істеуге қиын.

Saying is one thing and doing another. – Ақылды кісінің белгісі аз сөйлеп, көп тыңдайды.

Swift to hear, slow to speak. - Әуелгі сөз рас болса, соңғы сөзінің өтуіне жақсы.

Whom we love best, to them we can say less.- Бал тамған тілден, у да тамар.

Truth is stranger than fiction. – Шын бір сөз, өтірік мың сөз.

A honey tongue, a heart of gall.- Ащы сұраққа тұщы жауап күтпес.

Many a true word is spoken in jest. – Арамды құдай табады, момынды қайыр табады.

Lie and profit lie not in one sack.- Адамды алдау арыңның алдында қылмыс, ағаны алдау анаңның алдында қылмыс.

To know everything to know nothing. – Ақылды жылдығын ойлайды, ақылсыз күндігін ойлайды.

Two heads are better than one. – Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.

He that nothing asks, nothing learns. -Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық.

He that never climbed, never fell. – Айла алтау, ақыл жетеу.

Better a glorios death than a shameful life.- Өлім жайлы көп айтса, тірісінің берекесі кетеді.

He who pleased everybody died before he was born.- Өлім байдың малын шашады, жоқтың артын ашады.

Art is long, life is short. – Көп жасап күміс болғанша, аз жасап алтын бол.

Better die standing than live kneeling.- Ажал ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу.

A Friend in need is a friend indeed. – Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіне мақтар.

A friend to everybody is a friend to nobody.- Жолдасың жақсы болса жолың ұзын деме, жолдасың жаман болса қолың ұзын деме.

A friend is easier lost than found.- Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

Choose your friends as your books, few but choice. Досың жақсы болса, сен де жақсы боласың.

A bad beginning makes a bad ending.- Оңай табылған олжа оңай кетеді.

As you sow, you shall mow.- Еңбек даңқ алып келер, жалқаулық жолдан тайдырар.

Doing is better than saying. – Ащы еңбектен тәтті нан.

Doing nothing is doing ill. – Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

A cock is valiant on his own dunghill.- Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

Every bullet has its billet.- Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.

East or West, home is best.- Ең жұмсақ та тіл, ең қатты да тіл.

There’s no place like home.- Жаман сөз жанға кірген тікен, жақсы сөз таптырмайтын ем.

You can’t eat your cake and have it. – Жейтін ауызды жемес ауыз байламайды.

Eat to please yourself, but wear such a dress as to please others. – Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады.

After dinner sit \sleep\ a while , after supper walk a mile. – Жақсы ас қалғанша , жаман қарын жарылсын.

Eat at pleasure, drink with measure. – Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.

All bread is not baked on one oven. – Бес саусақ бірдей емес.

All covet, all lose. – Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

A clean hand needs no washing. – Ары тазаның жаны таза.

Habit cures habit – Ауру қалса да әдет қалмайды.

It’s never too late to learn.- Оқуға кештік жоқ.

Knowledge is power. – Білім қуат.

Better late than never. – Игіліктің ерте кеші жоқ.

Four eyes see more than two. – Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

Better be an ordinary man in one’s native land, than a sultan in a foreing land! –

Кісі елінде сұлтан болғанша өз елінде ұлтан бол!

For each man his native lands is paradise. – Әркімнің өз жері жұмақ.

Love is Motherland is infused in family heart.- Отанды сүю отбасынан басталады.

To betray one’s Motherland is to bury one alive. – Отанға опасыздық еткенің , өз түбіне жеткенің.

Person without Motherland is a nightingale without forest. – Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

Science is a sea; knowledge is a boat on its space. – Ғылым теңіз, білім қайық.

Leaning is a source of knowledge; knowledge is a light of life. – Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.

Clothes don’t make a man beautiful, but knowledge. – Кісінің көркі киім емес білім.

Don’t rely on your strength, but on your knowledge. – Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Power is in knowledge, knowledge is in the book.- Күш білімде, білім кітапта.

Strong will win a man , a scientist – one a thousand. - Білекті бірді , білімді мыңды жығады.

Laziness is a nasty. – Жалқаулық жаман ауру.

Health is wealth. - Денсаулық зор байлық.

Book is a big wealth. – Кітап алтын қазына

Father is a mighty tree, children are it’s leaves.- Ата бәйтерек, бала жапырақ.

Live and learn.- Өмір сүр мәңгі оқы. -Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

You know a man by his friends.- Адамды досына қарап таны.

Better late than never.- Ештен кеш жақсы.

So many men so many minds. – Көптің ойы кемеңгер.

Honesty is the best policy.- Арыңды жасыңнан сақта.

Never put off till tomorrow what you can do today. – Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

First think , and speak.- Айтылған сөз атылған оқпен тең.

Motherland is the mother to people,

People is the mother to a djigit.- Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер болмас.

A Riddles. \Жұмбақтар\.

1.The teacher writes on me with chalk, my face is black, I cannot talk.

\a blackboard\

2.What do you keep in your school bag that shows what lessons you must prepare at home? \a diary\

3.There are six of us in every family, but jnly four of us are in a town. What are we? - \the letters.\

4.Elizabeth, Lizzy, Betsy and Bess,

They all went together to seek a bird’s nest,

They found a bird’s nest with five eggs in,

They all took one, and left four in.

Элайзабета, Лизи, Бетси мен Бесс,

Жұмыртқа теруге жиналды бір кеш.

Бес жұмыртқа тауып, бір біреуден алды,

Сонда да бақандай төрт жұмыртқа қалды.

\Жұмыртқа теруге бірғана қыз барған\


  1. Humpty, Dumpty, sat jn a wall,

Humpty , Dumpty had a great fall,

All the King’s horses,

And All the King’s men

Couldn’t put Humpty Dumpty together again.

Жұмыр Құмыр қабырғада тұрады.

Бір күні оңбай жұмыр құмыр құлады.

Каролдың бүкіл аттары,

Бүкіл әскері,

Бүкіл солдаттары

Жұмыр Құмырды тұрғыза алмай ,

Бетін бұрғыза алмай ,

Шашылған сүйегін жия алмай

Жүз жиырма жыл жылады.

\ an egg\




  1. A thousand threads, ten thousand threads,

They fall into theriver

And Are never seen again

A thousand threads, ten thousand threads.
Бір мың жіп, 100000 жіп

Өзенге түседі де,

Жоқ боп кетеді де.

\Rain\



  1. Footless and handless

It knocks at the door.

And wants to be let in.


Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Есікті қағады,

Үйге кіргісі келеді.

\Wind\


  1. Higher than a house

Higher than a tree

Oh, whatever can that be?


Үйден де биік ,

Талдан да биік,

Бұл не болды екен.
\a star\


  1. I am asked to come,

I am waited for,

But I make them hide

When I come.
Мені кел деп шақырады,

Мені асыға күтеді,

Бірақ мен келгенде

Адамдар тығылып қалады.

\ Rain\


  1. I am energy and motion

I can fly across the ocean,

I can hear and I can speak

I can see and even seek,

Ieat neither bread nor qruel,

I eat energy and fuel,

Better say: I never eat

I am transformated heat.

Мен қуатпын, мен қимылмын,

Мен мұхит аса ұша аламын.

Менің есту қабілетім бар, іздей де аламын.

Көре саламын, керек десеңіз, іздей де аламын.

Нан да жемеймін, сұлу ботқа да жемеймін.

Қуат пен отын жеймін,

Шындығында , мені ештеңе жемейді деп айтқан дұрыс.

Мен жылуға айналамын.

\electricity\


It has two hands,

Never goes two hands,

Never goes, yet stands.

\a clock\

Give it food and it will live,

Give it water and it will die.

\fire\
Take one out and scratch my head

I am now black but once was red.

\a match\

I am so happy, I can fly

In the blue, blue sky.

\a butterfly\


What can you catch

But not throw/

\a cold\

Thirty – two white ponies are on the hill,

Always moving but standing still.

What are we?

\teeth\

What goes around the world and stays in a corner?

\a stamp\

I can jump , I can sing, I can play the violin.

\a grasshopper\
A tongue – twister \Жаңылтпаш\
[p]; [i]; [e].
1.Peter piper picked a peck of pickled peper,

A peck of pickled pepper Peter Piper picked,

If Peter Piper picked a peck of pickled pepper,

Where is the peck of pickled peper Peter Piper picked?


Бір үйір сүрленген келімдәрі теріп әкелді,

Петер Пайпердің бір үйме сүрленген келімдәрі теріп әкелген бақа рас.

Петер Пайпердің бір үйме сүрленген келімдәрі қайда?


  1. If you , Andy have two candies, give one candy

To landy, Andy.

If you , Andy, have two candies.

Give one candy to Sandy, Andy
Энди , егер сенде екі балауыз болса,

Бір балауызды Сэндиге бере қойшы, Энди.


[w]; [al] .

3. Why do you cry, Willy,

Why do you cry?

Why, Willy? Why, Willy?

Why, Willy? Willy?

Whenever we meet

There’s a tear in your eye

Why, Willy? Why, Willy?

Why, Willy? Why?

Сен неге жалыйсың, Вилли.

Қашан көрсемде

Көзіңнен қараң ағады да тұрады.

Неге , Вилли? Неге, Вилли?

Неге, Неге. Неге?


4.Don’t trouble, trouble

Till trouble trouble you,

It only doubles trouble

And trouble others too.
Машақаттан аулақ жүр,

Машақат өзі кеп тиіспейінше

Машақатқа тиіссең ол екі есе көбейіп кетеді.

Өзгелердің де мазасын алады.


[I:] ; [z]; [s] .

5.I need not your needles

They are needless to me.

I need not your needles

They are needles to me.

Маған сіздің инелеріңіздің қажеті жоқ.

Олар маған қажетсіз.

[I:]


6. I scream, you scream,

we scream for ice.

I scream, you scream,

we all scream for ice cream .

Мен де, сен де,

Бәрімізде,

Балмұздақ талап етіп,

Айқай салайық.

[a]

7. A big black bug bit a big black bear.



A big black bear bit a big black bug.

Үлкен қара кене

Үлкен қара аюды

Шағып алды.

Үлкен қара аю

Үлкен қара кенені

Тістеп алды.

[K]; [i:] .

A canner exceedingly canny,

One morning remarked to his granny

‘A canner can can

Anything that he can.

But a canner can’t can a can , can he?

Жеміс жидек консервілеуші,

Өте қу, айлакер.

Бір күні әжесіне былай деді:

Жеміс жидек консервілеуші

Кез келген жемісті

Консервілей алады.

Бірақ жеміс жидек консервілеуші,

консерві қалбырын жасай алмайды.

Тіл арқылы тек қана адам және оның қоршаған ортасы өмірінің әлеуметтік жағдайы ғана емес, сонымен қатар халықтың қоғамдық танымы, діні, ұлттық мінезі, өмір сүру тәсілдері, дәстүрі, әдет ғұрыпы, моральдық құндылықтар жүйесі дүние танымы көрінеді. Мақал мәтелдерде, жұмбақтарда, жаңылтпаштарда дүниеге көзқарас, адамдарға, басқа ұлттарға қатынас сақталады.

Қазақ және ағылшын мақал мәтелдерінің айырмашылығы, қазақ мақал мәтелдерінің басым көпшілігі ауызша сөз үлгілері негізінде қалыптасса, ағылшын мақал мәтелдерінің көлемді бөлігі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады.

Ағылшын мақал мәтелдерін , жұмбақтарын, жаңылтпаштарын төмендегі тапсырмаларды орындату арқылы үйретуге болады.

1.Мақал мәтелдердегі, жұмбақтардағы, жаңылтпаштардағы дыбыстарды дұрыс айту, яғни фонетикалық жаттығу ретінде.

2.Грамматикалық материалды бекіту барысында

3.Қазақша баламасын табу.

4.Жалғасын тап.

5.Суретке байланысты мақал мәтел тап.

6. Кітапша жасау.

Мақал мәтелдерге, жұмбақтарға, жаңылтпаштарға ұлттық мәдениет және еңбекке қатысты тарихи тәжірибесі көрсетіледі және олар тілге қайталанбас көркемдік береді. Әр түрлі елдердің мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды салыстыру, салыстырылып отырған елдердің арасында едәуір ұқсастықтың бар екенін білдірсе, салыстыру арқылы тілдер бір біріне аздап болса да жақындай түседі.

Мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар техника мен ғылымның дамуына қарамастан белгілі бір ұлттың мәдениетінің біртұтас айырылмас бөлігі, әрдайым зерттеу нысаны болып табылады. Мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар оқушылардың практикалық тұрғыда есту, жазу қабілетін арттырады, тіл мәдениетін дамытады, ой өрісін жоғарлатады, тәрбиелейді. «білім мен тәрбие егіз» десек, білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеуде мақал мәтелдердің, жұмбақтардың, жаңылтпаштардың маңызы зор.



Тақырыбы : «Дарынды баланы анықтау және олармен жұмысты ұйымдастыру»

Мақсаты : Оқушымның шығармашылық дарындылығын дамытуды ұйымдастырудың тиімділігін іс жүзінде дәлелдеу.

Міндеттері: Оқушымның шығармашылық дарынды дамытудың теориялық негіздерін айту, «шығармашылық дарындылықты дамыту» ұғымына анықтама беру.

Оқушымның шығармашылық дарындылығын дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздеу.Оқушымның шығармашылық дарындылығын дамытудың бүгінгі жағдайы, өзіндік ерекшеліктерін мен педагогикалық шарттарын

анықтау.

Күтілетін нәтиже : Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, сөздік қорын молайтады, қосымша әдебиеттермен терең жұмыс жасайды, тапсырмаларды жүйелі орындау қабілеттері қалыптасады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеудің әліппесін үйренеді.

Мазмұны :

І. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын

қалыптастырудың теориялық негізі

ІІ. Шығармашылық дарындылық деңгейлері.

ІІІ. Мұғалімнің отбасымен байланысы

ІҮ. Шығармашылық нәтиже

Қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мәдени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру кезеңінде, қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда. Ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы.Алтынсарин: "Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана кұшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім", - дейді.

Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс- әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: "Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады".

Дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік - ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, оны бір-бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі

Ресей психологтары дарындылық жайлы төменгідей анықтама береді: «Дарындылық - психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды» (Бурминский Г.В., Матюшкин А.М., Слуцкий В.М.)

Дарынды баланың әрі қарай дамып, халқының мерейін үстем етер жаңа заман тұлғасына айналуы мұғалімге оның дайындығына тәуелді. Сондықтан әр мұғалім алдында отырған балаға ұлттың болашағы , елдің ертеңі деп қарауы керек.

Шығармашылықтың түрлері көп. Солардың ішіндегі ерекшелері сөз өнері саласы, танымдық қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алу, дұрыс түсініп, аша білу, ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпыну.

Психологтың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтанда баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, шығармашылыққа баулып, ақыл ой , икемділігін дамыту қажет.

10-13 жаста шығармашылық дарындылыққа мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Бұл жастағы оқушылардың бойында шығармашылықпен айналысуға деген мынадай ерекшеліктер бар.

Оқушылардың өзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар келеді;

Ақыл ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырмаған істе қалыпты білік дағдыларымен шектеледі;

Әңгіме, ертегі, өлеңдерді жазуға бейім болады.

Шетел тілін оқытуда орта буынан алған дарынды оқушыларға жаңа технологиялардан СТО жобасының көптеген элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың тілдік қорларын байытуға ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру, мысалы, кубизм, түртіп алу стратегиялары арқылы ойларын ашық, жетік білдіре алады. Осы арқылы ойларын еркін жеткізе білуін, тілдің лексикалық , грамматикалық, фонетикалық құралдары арқылы ойларын білдірудің жолдарын жете меңгергендігімен байланысты.

Оқушы бойынан көптеген қасиеттер қалыптасады. Ізденімпаздылық, зеректілік, еңбекқорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық.

Жаңаша оқу өз бетінше ізденуді талап ететіндіктен , оқу барысында «шығармашыл ізденіс» деп аталатын әдіс қолданылады.

Аударма жасау оқушылардың ойлау шапшаңдығын жандандырады, ұтқыр шешім табуға жетелейді. Оқушыма үй тапсырмасы ретінде мәнерлеп оқуға, қазақ тіліне аударма жасап кел дегенмін. Дайындап әкелген аудармалардың арасында ең жақсысы дарынды оқушы Мусин Нұрбектің аудармасы.

A Child ‘s wish

\Бала тілегі\

I want to live

And not to die!

I want to laug

And not to cry.

I want to feel

The summer sun.

I want to sing,

The life is fun.

I want to fly,

Into the blue.

I want to swim,

As fishes do.

Күлкім менің күміс құссы сыңғырлаған,

Жабырқау боп жүрмеймін мен ешқашан.

Көктем, жазым жыр жырлаған,

Әрқашанда көңілденіп, жүзім менің жарқыраған.

Көктемгі қырандай боп қалықтаған,

Аспанға ұшқым келеді.

Теңіздегі балықтай боп шарықтаған,

Теңізде жүзгім келеді.

Көмектесем достарыма,

Ойымда менің ән жырым көп.

Бүкіл елдің сәбиіне,

Бейбітшілік тілегім осы.

I am enegy and motion

I can fly across the ocean

I can hear and I cfn speak

I can see and even seek

Мен қуатпын, мен қимылмын,

Мен мұхитты аса ұша аламын.

Менің естиде аламын, сөйлейде аламын,

Көре де аламын , іздей де аламын.

Spring is green

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white.

Көктем айы дала жасыл тамашам,

Жаз келгенде ашық аспан қарасам.

Күз келбеті сары алтындай ғажайып,

Ал, қыс ақ мақтадай оранған.

Бұл жерде оқушы адамның көңіл күйін түсініп, соны бізге ана тілінде толық жеткізді, шығармашылықпен жұмыс атқарды. Себебі бізге қазір заманның талабына байланысты қазақша аудармалашылар қажет. Бұл оқушы олыстық ХХІ ғасыр көшбасшысынан өтіп , республикалық ойынға жолдама алған оқушылардың бірі.

Кітаппен, оқулықпен жұмыс жасау білігі

а) Кітаппен, оқулықпен жұмыс істеу;

ә) бағдарлай біл

б) оқығандары бойынша жазып алу;

Шығармашылық дарындылықты қалыптастыру мәселесі кешенді сипатта, сатылы түрде дамып отыру қажет, әрбір оқушының танымдық және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді қалыптастырып дамуының факторы болып табылады. Ата-анасынан алынған сауалнама нәтижесі төмендегідей болды. Оның міндеті – баланың жалпы дарындылығын ата-анасына бағалату.

«Дарындылықтан гөрі қабілетті»

«Дарынды »

«нағыз дарындық»

«баланың жеке және жоғары шығармашылық потенциалының толықтырушы белгілері»

30%

90%

30%

80%

Ата - аналарға айтарым балаға зейін салып, көңіл бөліңіз, жүрегінде тығылып жатқан дарындылықты ашыңыз, әр ғажайып дарындылықтың қолында, сол дарындылықтың тағдыры сіздердің қолыңызда дегім келеді.

Әрбір бала дарынды. Сондықтан әр балаға қабілетінің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу қажет. Мен жылт ете қалған таланты, қабілеті болса , оны дамытуға, жарыққа шығаруға тырысамын. Өйткені бойдағы бар қабілетті дамытпаса ол жойылады. Адам бойындағы қабілеттің туа біткеннен дамиды, еңбекпен келеді деген пікір орынды айтылған деп ойлаймын. Осы тұрғыдан алғанда мен өз шәкірттерімнен нәтижелі жұмыс атқара отырып, олардың талантын аштым. Атап айтқанда, шәкіртім Қанатбаева Саманта, Сапарбаева Қарашаш, Жарбосынова Гауһар пәндік олимпаиадалардан жүлделі орындарға ие болып , ҰБТ қортындысында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, қазір өзіммен бірге мұғалімдік қызметті атқарып келеді. Сондықтан дарынды балалармен жұмыс жасай отырып, жоғары биіктерден көрсету мұғалімнің бірден бір абзал борышы.

Сонымен, зерттеу барысында жасалған теориялық қағидалар мен тұжырымдар, оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту үлгісі негізіндегі тәжірибелік зерттеулер алынған нәтижелердің дәйектілігін көрсетеді және мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

-Зерттеу барысында оқушылардың дарындылығын қалыптастырудың теориялық негізділігі тұлғаның – бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан айқындалды.

-Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту туралы отандық, әлемдік философиялық көзқарастарымен педагоикалық-психологиялық еңбектерді талдау нәтижесінде шығармашылық дарынды оқушының жан-жақты жетілген интеллектуалдық жеке тұлға болып қалыптасуына, қазіргі ғаламдану жағдайына сәйкес, жаңа қоғамға бейімделген жеке тұлғаға деген сұраныс бұл мәселелердің көкейкестілігін бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі айқындалды.

-Қазіргі қоғамның түрлі салаларының әлемдік даму деңгейіне жасалынып жатқан талпыныстары тек қана шығармашылық іс-әрекеттер арқылы ғана жүзеге асатындығын дәлелдейді.

-Оқушылардың шығармашылық дарындылығы – жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды көрсеткіші және шығармашылық дарындылығын қалыптастыруда:

мотивациялық-еріктік, танымдық-интеллектуалдық, рефлексиялық бағалау компоненттерін бір арнаға біріктіру қажеттілігі дәлелденді.

Аллаһ білімді оқыған адамға, ал байлықты қалаған адамына береді екен.

Олай болса , дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттерді , биік ізгіліктің бәрінің кілті білімде екенін балаға ұғындара білейік.

Шетел тілін оқып, үйрену және қолдану заман талабы. Мектеп партасында отырған әр оқушының міндеті білімді меңгеру, жаңа үлгіні қолдана отырып компьютерлік сауаттылығын арттыру, техникалық құралдарды пайдалануды меңгеру.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық оқулықты, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету» қарастырылған.

Мұғалімдер мектеп проблемасы, бірлестік проблемасы және мұғалім проблемасын ұштастыра отырып, білім алушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді мақсат етеді.

Ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялық әдістерді барынша қолдануға тырысамыз. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында

бірнеше жұмыс жасай алады. Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең оқулықтағы жаттығулар өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.

Қортындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Қабілеті мен мүмкіндігіне қарай

Мақсаты: Топтарды ерекшелігіне бейімдеу

Оқуға деген ынтасын арттыру

Оқушылық

Алгоритмдік

Деңгейлер Эвристикалық

Шығармашылық

Қиындықты жеңіп , қызығушылығының пайда болуы

Жаппай жұмысқа кірісуі

Маңыздылығы Бос отырған оқушының болмауы

Оқушы білім деңгейі , білімпаздықты дамыту

Ізденіс дағдысы, шығармашылық қабілетті дамыту

Білім деңгейін, мүмкіншілігін, іскерлігін дамыту

Нәтижесі Мақсатқа жетелей алатын оқушы



Шығармашылық тұлға тәрбиелеу

6 form

Сабақтың тақырыбы: ‘ Traveling’

Сабақтың мақсаты. Өткен грамматикалық тақырыпқа байланысты жаттығулар орындай отырып, тақырыпты бекіту. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін меңгерту. Оқушының логикалық ойын дамыту, болашағы жайлы түйін түйдірту.

Тілін оқып жатқан мемлекетті құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақ типі: Деңгейлік сабақ

Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.

Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Good morning , boys and girls! Nice to meet you! Today we have a very interesting lesson and we have many guests at our lesson. Let’s great them.

Good morning, -1

Good morning to you.

Good morning, dear guests

We are glad to see you.

Thank you !

II. Warm up. “ How do you feel ?’ Now let us greet each other, let’s smile to your classmates and say what good he\she has got. For example: I have got a beautiful smile.

III. . Оқушылық деңгей.

  1. кезең. . Let’s check exercises and your knowledge in grammar. The home work was to write essay ‘how protect the environment’ and ‘My favuorite holidays’ Who is ready?

P, P.P.

2-кезең. Тақтамен жұмыс. I shall divide you into 3 groups: Three pupils of each group must go to the blackboard and write grammatical exercises . The rest open your note-books and write down the ex-es.

Write the past three forms of these verbs : Regular Verbs: reach - , start - travel –

Irregular v: get-, go- , take -, come, - ,

Put in Past Continuous was, were : I --- doing my homework at 5 o’clock .

He --- playing tennis at 8 o’clock .

They – playing computer games at 4 o’clock . You -- reading a book at this time yesterday.

Write the words under the right column: delicious, boring, enjoy, were, party, food.

[j], [o:], [a:], [u:], [dZ].

3-кезең Алгоритмдік деңгей. A game ‘Find the word’

1 ocrdto – doctor , 2 cetraeh – teacher 3. r,e,h,t,a,e,w – weather , 4. yadihol- holiday

Тақтаға 1-5 –ке дейін гүлдерді ілемін, оқушылар адасқан сөздерді тауып жұптарға қосады.

4-кезең the next is close reading. I’ll give you the text, the dialogue, and the rhyme.

1 group : text 2- group : dialoge 3 group : rhyme

I-g: Ex-9 I am going to the village where my grandfather lives. L love him. I am going to help him to work in the garden. At 9 o’clock next Sunday I am going to the bus station and I’ll be in the village at 12 o’clock. I am going to see my friends at 3 o’clock. I am going to do my homework at 6 o’clock. At 9 in the evening I’m going to watch T.V.

Listen to the tape- recoder and complete the chart below. Sunday

Name

9.00 am

12.00noon

3.00pm

6.00 pm

9.00 pm





















II-g make up your own dialogue.

III –g :Read your rhyme!

5-кезең. Эвристикалық /тапқырлық / деңгей .

The next work for you : Ig- make up your own invitation card and read.

IIg - talking of time

IIIg – to describe the picture

6-кезең. You must ask each other guestions about your parents going to do on Sunday?

What is your mother going to do at 10 o’clock?

What is your sister going to do on Sunday4 o’clock?

What is your father going to do on Sunday?

What is your brother going to do on Sunday?

P1-P2-P3-P4

7-кезең . Шығармашылық кезең. Let’s play the game ‘let’s draw’ Now I’ll read you a story about a girl. You must listen and draw this story. My name is Anna. I am a student. I’m from London. My face is round. My hair is long and yellow. My eyes are green. My mouth is red. My blose is red. My skirt is brown. My socks are blue and my shoes are black. My bag is orange. I have a dog. His name is Rex. He is white and black.

Let’s sing a song : ‘This is a way wash your hands ’ IY. Consolidation Балаларға ұсақ дөңгелектер таратылады. Олар онда не істегісі келетінін салып, ағылшын тілінде жазады. Дайын болған дөңгелектерін өз орындарына іледі және оқып айтып береді.


Future


Y. Doing tests ex-es. 1. I -- watching TV at 6 o’clock yesterday evening.

a/ was; b/ were ; c/ am ;

2 My friend and I --------- listening to music at this time last week

a/ was ; b/ were ; c/ are ;

3 A person who always works to a garden is ---------

a/ a driver ; b/ a gardener ; c/ a teacher

4. A driver

a/ makes cars ; b/ drivers a car ; c/ looks after a

5. I enjoyed the party. It was ------------

a/ boring ; b/ wonderful ; c/ terrible

YI. Giving marks .

YII. H-t Review steps 1-5

11 Form

Our Theme : “ Teenage Years "


  • The aims of the lesson To enrich the pupil’s knowledge giving theme more information about teenage problem .

  • Revising the grammar ‘Participles’ .

  • To bring up pupils to be patriots of their motherland to love their country and parents.

The form of the lesson: non-traditional

  • The type of the lesson: consolidation

  • Methods: games

  • Equipment of the lesson: interactive Board, Projector, flipcharts, slides,

CD- discs with English songs

The stage of the lesson :



  • I Organization moment a/ greeting ,

  • b/ to work to the captains

  • II Who is clever ?

  • III A talking part

  • IV Grammar and lexical tasks

  • V What is the best ?

  • VI Do you know ?

  • VII Musical pause

  • VIII Results of the lesson

  • IX The home work

  • IV Lexical exercise Kazakh English

  • Жек көру - Жалықтыратын-

  • Сымбаты - Адал –

  • Көрікті - Өтірік айту –

  • Сүйкімді - Сүйкімсіз –

изображение 1573 изображение 1636



  • Grammar exercise 3 p 226

  • The home work : I. Exercise 4 p 196 Read , translation

THE THEME
“ My summer holidays "

  • The aims of the lesson: Оқушылардың білім –іскерлік дағдыларын дамыту.

  • Ағылшын, қазақ тілдерінде алған теориялық білімдерін нығайту, жинақтау , жүйеге келтіріп қорыту.

  • Шығармашылыққа баулу,ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

The form of the lesson: the mixed lesson

  • The type of the lesson: obtaining information

  • Methods: reseach

  • Equipment of the lesson: interactive Board, Projector, flipcharts, slides,

  • CD- discs with English songs .

The plan of the lesson

I Warm up . Pupils complete the countries . Possible answers: Spain, France, Canada, Italy

II Presentation of the Past Simple . Children read the Grammar on page 200, Past simple positive forms.

III Doing grammartical exercises.

I circle the correct verbs
1/ We worked / works in Mardrid last month.
2/ Did he lived / I lived with his parents in 2010?
3/ She went / goed to the cinema last weekend

II Complete the sentences with the Past Simple form of the verbs in brackets.


1 They /love / ----- going skiing
2 We / become/ ------------- friends .
3 He / not buy / -------------- a computer.

III Write the sentences in the Past Simple


1 She walks to work
2 I don’t politicians
3 Do you work with my sister?

IV . to work with the book about My summer holidays

Ex 2p17 Read the text about Colin’s holiday.
I ex 3p17 Put the sentences in the correct order
a/
II Pick up the past tences forms of the following verbs from the text
Be, go, fly
III Ask and answer the questions
V Conclusion all the new Lesson
VI The home work I Read the text 6 pronunciation practice put the words in the correct place according to their pronunciation .
II Translation into Kasakh 6 Make up your own dialouge
III Write the essue ‘My summer holidays’

The 10 th of form

The Theme : ‘Memory’

The objectives: Will be able to tell about memory and to check student’s abilities. To develop pupils communicative skills and abilities through different communicative activities.

To develop critical thinking, solving the problems. To give some information how to improve their memory.

The type of the lesson: seminar lesson

1.Pupils information about memory

2.Practical work

3.Relaxation

4.Conclusion

Look at the blackboard. Here you can see some coloures. Who likes red colour? You will be the 1st group. Who likes green colour, you will be the 3rd group.

In each colour you see numbers. Now remember please, which letter number 8?

Yes, you are right. Number 8 letter ‘H’. Tell us a word which begins with this letter. The word is ‘health’ . Number 2 is ‘B’ . word : ‘beautiful’.

Number 3 is ‘C’ . word ‘clever’

So, we have 3 groups. Today we have a competation about abilities. Let’s begin checking up the home work. What was your home task?

1st group give general information

1We acquire 10% of information when we read. We acquire 20% of information when we listen . We acquire 30% when we see. We acquire 90% when we teach others.

2. It is necessary to repeat the material you’ve learnt. Every three days. If you do not repeat the material . Within three days most of the information vanishes as if you never learnt it.

3. It is best to memorize material before you go to bed. You’l memorise it more quickly.

4. It is very useful to listen to the material you are learning. There are a lot of words in English which are not pronounced according to the rules of reading.

2nd group about memory in physiology points of view.

3rd group about memory in physiology points of view.

Our second part is practical work. We have just heart that there are some abilities. I want to know who has the best some abilities. I want to know who has the best memory.

Task 1.

Now look at these numbers and objects for 30 seconds and try to memorize them. (Pupils draw remembered object and explain the reason of remembering objects and numbers)

Task 2 I use the recoder to listen the music. Pupils must listen and remember the words of the song.

Task 3 I will give sentences which pupils must put them correctly.

First sentence: One of the problem is that many complanies have for fewer employees.

Second sentence: Many of us are finding it more and more difficult to remember everything.

Third sentence: At the beginning of every day, write yourself a list of things you have to do. Pupils make up sentences.

Giving marks.

Home task: to write what do you remember from your childhood.

Thank you for your attention!

Теst


  1. Did you watch TV yesterday ?

a/ I watch TV . b/ I watched TV yesterday. . c/ Yes , I did . I watched TV yesterday.

  1. What did you do yesterday ?

a/ I play computer games. b/ I played computer games. c/ Yes , I did.

  1. Did you write a story last week ?

a/ No, didn’t I . b/ No , I didn’t , c/ I didn’t write a story last week.

  1. Did he help his mother yesterday ?

a/ He didn’t help. b/ He helpad his mother . c/ Yes, he did.

5. Mancherster is a city ------------- of England.

a/ in the west . b/ in the south . c/ in the north.

6. Childrin’s favourite place in London.

a/ St. Paul’s Catherdral . b/ Big Ben c/ Hamleys.

7. Astana is famous for its ---------- buildings .

a/ tall. b/ modern . c/ old

8. -------------- is a big problem in big cities.

a/ building b/ pollution c/ traffic lights

9. Physical education , Biology , Geography are ------------

a/ subjects b/ food . c/ clothes

10. Judo, tennis, chess are -----------

a/ food . b/ subjects, c/ sports


  1. Where did you go ?

a/ I go to France . b/ I went to India . c/ Yes, I did .

  1. How long did she spend ?

a/ She spend two weeks . b/ She spent for two weeks. c/ She spent with her sister.

14. What was the food like ?

a/ He liked fruit . b/ It is nice. c/ It was good.

15.Where were you ?

a/ I were at home. b/ I was in class. Yes , I was.


  1. Were you at school last Sunday ?

a/ No, I wasn’t . b/ I wasn’t at school last Sunday. c/ Wasn’t at school.

  1. I -------- read when I was 6.

a/ can. b/ could . c/ can’t

  1. Can you swim ?

a/ Yes, I could . b/ Yes, I can. c/ I can swim

  1. Write past forms of the verbs.

Spend – move –

Be – live -

Do – work -

Semantic map






Schools

Subjects

Prepositions

Time

History













Infant













Between













English













8.00















Оқушылармен жұмыс кезім
c:\users\нурлан\documents\сурет 2012 жыл\фото0537.jpg

c:\users\нурлан\documents\сурет 2012 жыл\фото0539.jpg

Пайдаланған әдебиеттер:

1«Қазақстан мектебі» 11.2006ж

2«Мектептегі шет тілі» 4 шілде, тамыз 2009ж

3«Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі» 2.наурыз- сәуір 2013ж

4«Шетел тілін оқыту әдістемесі» 1\33\ қаңтар- ақпан. 2010ж

5. Ағылшын тілі мектепте 3.2010ж

6. Бастауыш мектеп 11. 2011

7 Қолданбалы курстар бағдарламаларының жинағы \ тілдік пәндер саласы\.Ағылшын тілі\

8. 12 жылдық оқыту мәселелері. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Астана .2006ж.

9. Мектептегі ағылшын тілін оқытудың кейбір мәселелері.

10. Мұғалімдерге арналған әдістемелік кітап.

11. А.Т.Старков . әдістемелік құрал.

12. «Оқытудың үш өлшемдік әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы» Қараев Ж

13. Интернет желісі

14.Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық ойындар.

15. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі синонимдер типологиясы.

Мазмұны:

1.Between friends all is common

2.Business before pleasure.

3.Friendship is a great power.

4.Life, knowledge, health.

5.Bringing up.

6.Motherland. Food .People .

8. A tongue – twister



9. A Riddles.





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет