Өрт сөндіру жедел жоспарлары жасалатын ұйымдардың (объектілер) өндірістік сипаттамалар тізбесі



Дата16.01.2017
өлшемі34.59 Kb.

11

Өрт сөндіру жедел жоспарлары

мен карточкаларын жасау, әзірлеу

және ресімдеу бойынша әдістемелік

ұсынымдарға

1-ші қосымша




Өрт сөндіру жедел жоспарлары жасалатын ұйымдардың (объектілер) өндірістік сипаттамалар тізбесі
Өрт сөндіру жедел жоспарлары:

Мұнай газ өндіруші және мұнай газ өңдеуші өнеркәсіп ұйымдарына (ұйымдардың объектілеріне): резервуарлар паркінің жалпы сыйымдылығы 10 мың.м3 және астам мұнайды ауыстырып қотаратын стнанциялар; мұнай газ өндіретін зауыттар; континентальді шельфте мұнай және газ шығару және дайындау құрылыстары; резевруарлар паркінің жалпы сыйымдылығы 20 мың.м3 және астам мұнай базалары; газ сақтау станцияларына; мұнай және газ шығару және дайындау объектілері;

Химиялық және мұнай химиялық өндіріс ұйымдарына (ұйымдардың объектілеріне): синтетикалық каучук; жарылу өртену қауіпті заттар мен материалдар қолдана отырып химиялық өнімдер; шина және резеңке техникалық бұйымдары; сұйықталған көмірсутегі газдарын өңдеу және шығару; минералды тыңайтқыштар өндіретін өндіріс кәсіпорындары;

Электроэнергетикалық өндіріс ұйымдарына (ұйымдардың объектілеріне): қуаттылығына қарамастан жылу электр станциялары; қуаттылығы 20 МВт және одан да жоғары су электр станциялары; қуаты 10 МВт және одан да жоғары стационарлы дизельдік электр станциялары және газ турбиналы қондырғылары; 500 КВт астам кіші станциялар және жиынтық (өндірістік қазандық) жылу қуаты 300 Г. кал астам аудандық жылумен қамтамасыз ету станциялары; электр станцияларының және жылумен жабдықтау станцияларының резервуарлық парктері (аудандық қазандықтардың);

өндірістік қуаттығына қарамастан, машина жасау, метал өңдеу мен металургия өнеркәсібі ұйымдарына (ұйымдардың объектілеріне);

жеке тұрған технологиялық қондырғылар және өндірістің жарылу өрт қаупті технологиясы бар терминалдарға;

өндірістік кәсіпорындардың өндіріс корпустарына және жанғыш жабынының жалпы ауданы 1200 м2 және одан да жоғары тұрғын құрылыстарындағы өндірістік мақсатта емес ғимараттарға;

Ағаш аралау бойынша қуаттылығы – жылына 50 мың м.3 және оданда көп, целлюлоз және қағаз өндіру қуаттылығы жылына 100 мың тонна және одан да көп ағаш сақтау, өңдеу және целлюлоз өндіру кәсіпорындарына;

Автомобильдік (автовокзалдар, автокомбинаттар және автопарктер, трамвай троллейбус парктері, техникалық құралдарға қызмет көрсету және жөндеу техникалық орталықтары және техникалық станциялары),

көп қабатты жер асты авто тұрақтары,

теміржол (метрополитен және теміржол станциялары),

әуе (әуежай және әуе вокзалдары, әуе техникалық базалары),

су (теңіз және өзен порттары, терминалдары) көлік ұйымдарына.

150 және одан да көп жатын-орыны бар емдік мекемелеріне, 200 және одан да көп емдік алдын алу, сауықтыру мекемелеріне, ауысымына 250 келушілері бар амбулаториялық-емхана мекемелеріне, 200 және одан да көп адамға арналған әлеументтік қамтамасыз ету үйлеріне.

150 және одан да көп жұмыс жасаушылары бар әкімшілік-басқарма және конторлық-кеңселік мақсаттағы,

әр қабатының ауданы 1500 м2 және одан да көп сауда орталықтары, супер маркеттер, әмбебаптар, жабық базарлар, 150 және одан да көп жатын-орыны бар қонақ үйлер, жатаханалар, мотельдер (кемпингтер),



діни құрылыстары қоғамдық-әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарына.

Кино концерттік залдар, кинотеатрлар, цирктер және театрлар, мұражайлар, сурет галереялары, телерадио компаниялардың аппараттық- студия кешендері, көрме залдары, мәдени және демалыс парктері, хайуанаттар бағы,

Мәдениет сарайлары, үйлері және басқа да ойын-сауық кешендері мәдени ойын-сауық құрылыстарына.

Ашық және жабық типтегі спорт кешендеріне және құрылыстарына (стадиондар, манеждер, хауыздар, ипподромдар, велотректер және т.б.).

Қазақстан Республикасының мәдениет мұрасы ұйымдарына (объектілеріне);

Тағам, ұқсатушы өнеркәсіп және балық шаруашылығы кәсіпорындарына, сауда кәсіпорындарына, мақсатына қарамастан қоймаларға және базаларға.

өнімділігі 300 т/ тәулігіне және одан да көп ұн тарту комбинаттары, қоса жем зауыттары,

өнімділігі 200 т./тәулігіне және одан да көп диірмендер,

сыйымдылығы 5000 т. және одан да көп элеваторлар нан қабылдайтын пунктер,

2000 бас және одан да көп ірі қара, 12000 бас және одан да көп шошқа, 2000 бас және одан да көп жылқы мал шаруашылық кешендері, 15000 бас және одан да көп қойға арналған қой қора, 500 000 бас және одан да көп құс шаруашылық кешені ауыл шаруышылық ұйымдарына.

Салынып жатқан және бірегей объектілерге.

Тұрғын үйлер мен кешендерге (20 қабаттан биік).

Оқ-дәрі сақтау қоймаларына.

Ескерту:


Ұйымға (объектіге) өрт сөндіру жедел жоспарын әзірлеу қажеттілігін қарастыру үшін келесі мәселелер қарастырылады: оның әлеуметтік маңыздылығы; бір уақытта болатын және өндірістік процеске адамдар санының; өндіріс санаты; өртке төзімділік дәрежесі; әлеуметтік және жеке тәуекел және т.б. дәрежелері.

Әр бір ұйымға (объектіге) өрт сөндіру жедел жоспарын әзірлеу бойынша шешім оның жеке басшысымен және оның келісімімен ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының басшысымен қабылданады.
Каталог: kchs -> 2016
2016 -> Инструкция по проектированию противорадиационных укрытий енгізілген күні 2001. 10. 01 Кiрiспе 1 жасалған «Азаматтұрғынжоба»
2016 -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
2016 -> «ӨҚ ж АҚ ҒЗИ» Акционерлік қоғамы Өрт сынақ зертханасының
2016 -> «ӨҚ ж АҚ ҒЗИ» Акционерлік қоғамы Өрт сынақ зертханасының
2016 -> Жалпы ережелер
2016 -> Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет