Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Іс-шаралар жоспары» жобасы бойынша жария тыңдауыныңы хаттамасы Өткізілген күні: 2016 ж. 11 қаңтар Өткізілген жері: Павлодар қ., Торайғыров көш., 76, «павлодарэнерго»



Дата24.01.2018
өлшемі74.59 Kb.
«Қуат» және «Жылы су» кеніштерінің жерін қалпына келтіру кезеңіне

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Іс-шаралар жоспары»

жобасы бойынша жария тыңдауыныңы хаттамасы
Өткізілген күні: 2016 ж. 11 қаңтар

Өткізілген жері: Павлодар қ., Торайғыров көш., 76, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығының ғимараты.
Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.

Жария тыңдауын өткізу туралы ақпарат мына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізілді: «Звезда Прииртышья» №142 және «Сарыарқа самалы» №142 газеттерінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы сандарында мемелекеттік және орыс тілдерінде жария тыңдауының өткізілетін күні мен орны, сондай-ақ жобаға ҚОӘБ материалдарымен танысуға болатын сайт көрсетілген хабарландыру жарияланды.

Қатысқандар: Жергілікті атқарушы органның өкілі – Мамедова А.Г. – «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы (2015 жылғы 24 желтоқсандағы №9-9199 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Аяйбергенов А.А. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің басшысы (2015 жылғы 24 желтоқсандағы №9-9198 хабарлама, факспен және электронды пошта арқылы жолданды), Глушко Е.В. – Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы экологиялық сараптау және эмиссияларға рұқсаттар беру бөлімінің бас маманы (2015 жылғы 24 желтоқсандағы №9-9198 хабарлама), Павлов С.В. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қайта жаңарту және модернизациялау басқармасы бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері - 2 адам, жұртшылық өкілдері– 4 адам (қатысушылардың тізімі қоса берілген).

Сөз сөйлегендер:

Богачонок Е.В. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, жария тыңдауына қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауын ашу үшін жергілікті атқарушы органның өкілі - «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы А.Г. Мамедоваға сөз берді.

Мамедова А.Г.«Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы күн тәртібін атап өтті:

Жария тыңдаудың күн тәртібі:

  1. Жария тыңдауының төрағасы мен хатшысын сайлау.

  2. «Қуат» және «Жылы су» карьерлерінің жерін қалпына келтіру кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Іс-шаралар жоспары» бойынша баяндама.

  3. Жоба материалдарын талқылау, сұрақтар мен жауаптар.

Сөз сөйлеу регламентін ұсынды – баяндамаға 10 минут беріледі, 1-ші мәселені талқылауға - 10 минут беріледі.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Мукушева Б.С. сөз алып, Төраға етіп «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қайта жаңарту және модернизациялау басқармасы бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары С.В. Павловты сайлауды, хатшысы етіп «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Е.В. Богачонокты сайлауды ұсынды.

Дауыс берудің нәтижелері бойынша жария тыңдаудың төрағасы болып Павлов С.В., хатшысы болып Богачонок Е.В. бірауыздан сайланды



Төраға Павлов С.В.

Сіздердің назарларыңызға 2016-2017 жылдарға «Қуат» және «Жылы су» карьерлерінің жерін қалпына келтіру кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының» жобасы бойынша баяндаманы тыңдау ұсынылады. Сөз ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Ботагөз Мукушеваға беріледі.


Мукушева Б.С. Жоспар жобасы бойынша баяндама жасады (баяндама материалдары хаттамаға қоса берілген).

Баяндамадан кейін

Төраға Павлов С.В. қатысып отырғандарға сөз сөйлеп, ұсынылған баяндама бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюын ұсынды.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Неліктен Жоспардағы іс-шаралар қосымша қаржыландырусыз көрсетілген? Яғни сіздерде автосамлосвалдар үшін және қозғалтқыштарды реттеу үшін тенттер сатып алуға ақшалай қаражат салынбаған ба?



Жауап: Павлов С.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары

Жұмыстарды шарт бойынша мердігерлік ұйым орындайтын болады. Жұмыстарды орындау кезінде оған автомобильдерді тенттермен жиынтықтау бойынша осы талаптар қойылатын болады және мердігерлік ұйым қозғалтқыштардың жұмысын реттейтін болады. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ –қа іс-шараларды қаржыландыруды бақылау ғана қалады.



Вопрос: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Мұндай жағдайда іс-шаралар жоспарында қозғалтқыштарды реттеу бойынша іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар, тенттерді қолдану көзделмейтінін жазу керек. Тағы бір сұрақ – егер жұмыстар көктемде ғана жүргізілетін болса, неліктен жария тыңдауын ерте өткізіп жатырсыздар?



Жауап: Павлов С.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары

Қызметтерді жеткізушіні таңдау жөніндегі шарт жасау науқаны 2-3 айға созылатындықтан, біз осы мерзімдерді ескере отырып жария тыңдауын өткіземіз. Іс-шаралар эмиссияларға рұқсат алуға өтінім беру кезінде құжаттар пакетінің бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ өтінімді ресімдеу мен рұқсат алу үшін уақыт қажет.



Ұсыныс: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Іс-шаралар жоспарына жерді қалпына келтіруді жүргізу кезеңіне шаң басу бойынша тармақ енгізілсін.



Мукушева Б.С. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері.

Біз Сіздің ұсынысыңызды ескеріп, іс-шаралар жоспарына шаң басу бойынша тармақты қосамыз.



Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

2.1-.т бойынша сұрақ – Сіздер автокөлікке май құюды қаланың мамандандырылған кәсіпорындарында жүргізуді жоспарлап отырсыздар. Ал ауыр арнайы техникаға май құюды қалай жүргізесіздер?



Жауап: Павлов С.В. - «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары.

Ауыр арнайы техникаға май құю табандықтарды пайдаланып тікелей карьерде жүргізіледі.



Ұсыныс: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Онда менің мынадай ұсынысым бар – Іс-шаралар жоспарына ЖЖМ төгілуіне жол бермеу үшін ауыр арнайы техникаға май құю кезінде табандықтарды қолдану жөнінде тармақ енгізілсін.



Мукушева Б.С. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері.

Жақсы, біз Сіздің ұсынысыңызды ескереміз.



Сұрақ: Вихлянов В.Н., Павлодар қаласының тұрғыны.

Бұл карьерлер қандай мақсаттар үшін қазылды және карьерлерді қазу тереңдігі қандай?



Жауап: Павлов С.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары.

Карьерлерден алынған топырақ 2-ЖЭО, 3-ЖЭО –ның қолданыстағы күл үйінділерінің бөгеттерін күшейту үшін және жаңа күл үйінділерін салу үшін пайдаланылды. Карьерлердің орташа тереңдігі 4 -тен 5,5 м дейін ауытқиды.



Сұрақ: Вихлянов В.Н., Павлодар қаласының тұрғыны.

Карьерлердің түбінде жердің суы бар ма? Және қандай мерзімде оның мөлшері барлығынан көбірек? Егер карьерлерде су бар болатын болса, олардағы жұмыстар қалай жүргізілетін болады?



Жауап: Павлов С.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары.

Қаладағы жерасты сулары жердің бетіне жақынырақ орналасқандықтан, судың азғантай мөлшері карьерлердің түбінде әрине бар, бірақ карьерлер түбінің 90% құрғақ. Судың ең көп мөлшері наурыз-сәуірде, су тасу кезеңінде болады. Біз техниканың жұмысын су тасу кезеңін ескере отырып жоспарлайтын боламыз.



Сұрақ. Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Жерасты суларының тереңдігін қалай қадағалап отырасыздар? Карьерлерде ұңғымалар бар ма? Жерді қайта қалпына келтіруді жүргізу кезінде жерасты суларының жатқан тереңдігін бақылайтын болсыздар ма?



Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары.

Жер қойнауын пайдалануға рұқсат алу үшін құжаттар пакетін әзірлеу барысында жерасты суларын, яғни сапасы мен температурасын бақылау мақсатында карьерлер маңында бақылау ұңғымаларының жүйесін құру жөнінде жоба әзірленді. Және карьерлерді қазу кезеңінің ішінде ПЭК бағдарламасы болды, талдаулар орындалып, ұңғымалардың тереңдіктерін өлшеу жүргізілді. Жерді қалпына келтіру кезеңіне мұндай өлшеулер жүргізудің қажеттігі жоқ.



Сұрақ: Вихлянов В.Н., Павлодар қаласының тұрғыны.

Карьерлерден өндіріп алуға болатын сазды топырақ жыныстардың барлық көлемі осы екені қалай анықталды, мүмкін бұл ашық кеніштерден тағы да топырақ қазып шығаруға болатын шығар?



Жауап: Павлов С.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары.

Сазды топырақты жынныстардың көлемі барлау жолымен анықталды. Жер қайнауын пайдалануға алынған рұқсат нақты бір кезеңге белгіленген топырақ көлемін өндіруге құқығымызды бекітті. Біздің жағдайда бұл 3 жыл, ол аяқталғаннан кейін карьерлердің жерін қалпына келтіруді жүргізу қажет.



Аяйбергенов А.А., Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімі басшысы.

Іс-шаралар жоспарына егілетін бидайық шөптің көлемі мен оның құнын енгізулеріңізді өтінемін.



Мукушева Б.С., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері.

Жақсы, біз Сіздің ұсынысыңызды ескереміз.



Төраға Павлов С.В.: (талқылаудан кейін) Қатысқандарыңыз үшін рахмет айтамыз! Жария тыңдау өткізілді деп санаймын. Жария тыңдауының нәтижесі жасалған ескертулер мен бүгінгі талқылаудан кейін түскен ұсыныстар ескеріліп, Жария тыңдауының хаттамасымен ресімделеді. Сондай-ақ, Жария тыңдауының хаттамасы Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің интернет –ресурсында тыңдау өткізілген күннен соң, Жария тыңдауын өткізу ережесінде көзделген мерзімде жарияланатынын хабарлаймыз.

Құрметті қауым, Жария тыңдауы хаттамасының мазмұны бойынша ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 7 күнтізбелік күннің ішінде беруге құқылысыздар.



Жария тыңдауының төрағасы ____________________________ С.В. Павлов

Жария тыңдауының хатшысы____________________________ Е.В. Богачонок

Қосымша:


  1. Жария тыңдауын өткізу туралы газетке берілген хабарландырудың көшірмесі;

  2. Жария тыңдауының материалдары (баяндамалар);

  3. Жария тыңдауға қатысушылардың тізімі.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет