Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы



жүктеу 60.9 Kb.
Дата13.10.2018
өлшемі60.9 Kb.
Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы

 

       Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады. 



        Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан    әрі – рұқсат  құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.

       Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат  құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.

        Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

        Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері төлемақыларды дербес төлеушілер ретінде қарастырыла алады.

         Салық салу объектiсi болып белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi табылады.

        Төлемақы ставкалары ҚР  салық кодексінде эмиссияның барлық түрлері бойынша қарастырылған және   тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін  негізге ала отырып айқындалады.

       Жергілікті өкілді органдардың,  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, ставкаларды екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.

        Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары  он есеге ұлғаяды.

 

Есептеу мен төлеу тәртiбi

 

       Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерiн және белгіленген ставкаларды негiзге ала отырып дербес есептейдi.



       Төлемдер көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемақы төлеушілер жылдық жиынтық көлемде рұқсат құжатын беретін орган белгілеген  қоршаған ортаға эмиссиялар лимитiн сатып алуға құқылы. Лимиттi сатып алу рұқсат құжаты есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмей ресiмделген кезде ағымдағы жыл үшiн алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргiзiледi.

Рұқсат құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған кезде лимиттi сатып алу рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Бюджетке төлемақысы уәкiлеттi мемлекеттік орган оларды мемлекеттiк тiркеген жері бойынша енгiзiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта көрсетілген орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi. Төлемақы төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей енгізедi.Шаруа немесе фермер қожалықтары  үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді келесідей тәртіппен

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу  ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу  есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 10 сәуірінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.

        Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.      

 

Салық есептiлiгi

 

Төлемақы төлеушiлер декларацияны, рұқсат құжатын беруші орган орган мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша декларация табыс етiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, ластану объектiсiнің орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс етедi.  Төлемақы төлеушiлер декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етедi.  Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн төлемақы көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң   20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. Рұқсат құжаты 20 наурызыдан кейiн ресiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың  20-нан кешiктiрмей табыс етедi.



        Шаруа немесе фермер қожалықтары  үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

        Салық органына табыс еткенге дейін декларация  рұқсат құжаты берілетін органда куәландырылады.. (Бұл норма 01№01№2012 жылға дейін әрекет етеді).

 

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ

ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

     Мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi – төлемақы) алынады.



      Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушілер ретiнде қарастырылады.

      Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

      Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

Есептеу мен төлеу тәртiбi

 

Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.



Төлемақының жыл сайынғы сомасы -  жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi. 

Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар  төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.

Салық кезеңiнде төленуге жататын төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдалану кезеңiн негізге ала отырып айқындалады.

Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының сомаларының  мөлшерінен кем белгiленбейдi. 

Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және                                     25 қарашасынан кешiктiрмей  тең үлестермен төлейдi.

Мемлекет жер учаскелерiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады. 

Мемлекет жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 25-і бюджетке төлеу мерзiмi болып есептеледi. 

Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.

Жер учаскесi белгiленген мерзiмнен кейiн алынған жағдайда, төлемақыны төлеу  жер учаскесiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрілмей жүргізіледі.

Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей төленедi. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке төленеді. 



Салық есептiлiгi

Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушiлер жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.

Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей табыс етедi.

Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бiрге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi табыс етiледi.



 Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет