Орнынды тап



жүктеу 66.01 Kb.
Дата07.01.2018
өлшемі66.01 Kb.
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАР.

ОРНЫНДЫ ТАП


Ойынның мақсаты: балалардың денесінің координациясын жетілдіру, шапшандылығын дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

Ойынның барысы:



Балалар айнала дөнгеленіп,екі-екіден бірінің артынан бірі тұрады.Екі ойыншы жүгіріп бір-бірін қуады.Біреуі екі адамнын алдына келіп тұра қалу керек.Осы кезде артта тұрған бала жүгіреді.Қуып жүрген бала ұстап алса өзі қашады.Осылай ойын жалғасады.

ДОПТЫ ҚУАЛАУ


Ойынның мақсаты: балалардың қолдарының координациясын жетілдіру, шапшандылығын дамыту, жылдам қабылдау сияқты ерешеліктерін дамыту.

Ойынға қажетті материал: үлкендігі орташа 2 доп.

Ойынның барысы: Балалар айнала дөнгеленіп тұрады.Тәрбиеші түсі екі түрлі допты ортаға береді.Балалар доптын біреуін алға жібереді де,екіншісін артынан жібереді.Шенберде тұрған балалар доптарды бір қолдан екінші қолға өткізе береді.Екі айналымнан кейін орнын ауыстырады.

ҚАЗДАР мен АҚҚУЛАР


Ойынның мақсаты: балалардың жалпы координациясын жетілдіру, шапшандылығын, ептілігін дамыту, жылдам қабылдау сияқты ерешеліктерін дамыту.

Ойынға қажетті материал: қасқырдың маскасы.

Ойынның барысы: Ойыншылардың ішінде қасқыр,бақташы тандап алынады.Басқа балалар қаздар болады.Ортада бір сызық болады.Ол қаздардың тұратың жері.Қасына шығыршық қойылады.Ол қасқырдын үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.

БАҚТАШЫ: - Қаздар! Қаздар!

ҚАЗДАР: - Қаңқ, қаңқ, қаңқ.

БАҚТАШЫ: - Тамақ жейсіндер ме?

ҚАЗДАР: - Иә,иә,иә.

БАҚТАШЫ: - Ендеше ұшындар!

ҚАЗДАР: - Жоқ,аш қасқыр бар

- Жібермейді ол жолда.

БАҚТАШЫ: - Тез! Ұшындар қалайда!

Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып,бақташыға қарай жүгіреді.Қасқыр ұстағандарын шығыршықтың ішіне кіргізіп қояды. 2 рет ойнағандар ауысып,басқа балаларға кезек береді.

АЙГӨЛЕК.


Ойынның мақсаты: балалардың шапшандылығын дамыту, ептілікке тәрбиелеу,балалардың үйлесімді қимыл-әрекеттерін, жылдамдық сияқты қасиеттерін жетілдіру.

Ойынның барысы: Балалар тендей екі топқа бөлінеді.Аралары 20-30 қадамдай аралықта бір-бірлеріне қарама-қарсы қарап,қол ұстасып тұрады.



Бірінші топ: - Айгөлек-ау,айгөлек,

Айдын жүзі дөнгелек.

Ақ терек пен көк терек,

Шауып алдым бәйтерек.

Ақ терек,көк терек,

Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды.

Екінші топ: - Айгөлек-ау,айгөлек,

Айдың жүзі доңгелек.

Ақ терек пен көк терек,

Шауып алдым бәйтерек.

Ақ терек,көк терек,Анау тұрған ... .(бір баланын аты) керек! – деп хормен жауап береді.Аты аталған бала жүгірген күйін барып,қарсы топтың ұстап тұрған қолдарын үзіп өтуі керек.Егер үзіп өтсе,сол балалардың бірін өзімен бірге алып қайтады,үзе алмаса,өзі сол топта қалады.Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса,осы топ жеңімпаз болып есептеледі.

ХАН АЛШЫ.


Ойынның мақсаты: балалардың жалпы координациясын жетілдіру,мергендіктерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

Ойынның барысы: Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді.Асық көп болу керек.Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояндар.Осы асық «хан» болады.Алдымен санамақ арқылы ойын бастауышы тағайыңдап алыңдар. Осы бала астықтың бәрін уысына жиіп алып,отырған балалардың алдынашашып жібереді. Сендер ХАННЫҢ қалай түскенін байқап отырындар.Егер ХАН бүк,шік,тәйкі түссе,ойын бастауышы бала ХАННЫҢ түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршықтып,біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді.Тигізген асықтарды өзіне алады.



Осы арада ХАНДЫ тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпағандарын жөн.Ойын бастаушы басқа асықтарғақолымен не асықпен тиіп кетсе,ойынды келесі бала жүргізеді.Егер ХАН алшысынан тұрса,ХАНДЫ әрқайсысың өз қодарына түсіруге әрекеттеніндер.Хан кімнің қолына түссе,сол бала жеңіске жетеді.Ойынды да сол женген бала бастайды.


ДОПТЫ ҚУАЛАУ.


Ойынның мақсаты: балалардың қолдарының координациясын жетілдіру,ұйымшылдық, ептілік сияқты қабілеттерін дамыту.

Ойынға қажет материал: түсі екі түрлі 2 доп.



Ойынның барысы: Балалар айнала дөнгеленіп тұрады.Тәрбиеші түсі екі түрлі допты ортаға береді.Балалар доптын біреуін алға жібереді де,екіншісін артынан жібереді.Шеңберде тұрған балалар доптарды бір қолдан екінші қолға өткізе береді.Екі айналымнан кейін орнын ауыстырады.


ЖАТТЫҒУ ОЙЫНДАРЫ.


Ұшақтар.


Балалар белгілі бір сигналмен,екі қолдарын жандарында,айналдырып қозғап ҰШАҚТАР ҰШЫП БАРАДЫ деп қалқып жүреді.Ойынды 2 рет қайталайды.

Орнынды тап.


Балалар залдың ішінде шашырап жүріп,жүгіріп жүреді.Сигнал берілгенде әркім өз орнына тұрады.

Күміс алу.


Алдын ала жүгіретін жер мен келіп тоқтайтын орынды белгілеп алады.Кен жерге бір күмісті тиін тастайды.Жүгіретін жерге екі қатарға бөлініп тұрады.Белгі берілгенде екі жақтын да балалары атқа мініп жүгіргендей жүгіреді.Тоқтамай келіп күмісті жерден көтеріп алады.Кім бірінші көтерсе,сол жеңіске жетеді.Ойын осылай жалғасады.

Доппен ұрып алу.


Балалар дөңгеленіп тұрады.Тәрбиеші жүргізушіні тандап алады да,допты береді.1-2-3 дегенде балалар жан-жаққа қашады.Жүргізуші доппен ұрады.Кімге тисе,ойыннан шығады.Ойын осылай жалғасады.

Түйілген орамал.


Балалар жан-жаққа жүгіреді,тәрбиеші екі ойыншыны тандайды.Біреуге түйілген орамалды береді,біреуі ұстаушы болады.1-2-3 деген балалар жан-жаққа қашады,ұстаушы қуады.Орамалдан айырылып қалған бала керісінше ұстаушы болады.





ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ.


Ақ бақыл.(Көтеріспек)

Ойынның мақсаты: балаларды ептілікке, мергендікке, батылдыққа баулиды.

Ойынның барысы: Ойынға екі бала қатысады.Біреуі сақасын иіріп,екіншің сол сақаны атыңдар.Егер сақаға тигізсеңдер,атқан бала сол жерден сақасы жатқан жерге дейін екінші баланы көтеріп апарады.Біріңнін сақаңды бірің атып, екеуің алдыға қарай жылжи беріңдер.Ойынды қанша ойнасаңдар да өз еріктеріңде.

Көтермек


Ойынның мақсаты: балалардың бойындағы ептілік, батылдық сияқты қабілеттерін дамыту.

Ойынның қысқаша мазмұны:

Ортаға екі бала шығындар.Бір-біріңе арқаларың тіреп тұрып.Қолдарыңды шынтақтасындар.Жүргізушінің белгісінен кейін жерден есептелесіндер.

Жеңіске жеткендерің ортада қалып,келесі баламен сайысқа түсесіндер.Соңғы жеңімпаз анықталғанша ойын осылай жалғаса береді.

Тақия тастамақ.


Ойынның мақсаты: балалардың бойындағы зейінділік, сезімталдық, ұйымшылдық, ептілік сияқты қабілеттерін дамыту.

Ойынның қысқаша мазмұны: Ойынға бірнеше бала қатысады.Балалар шеңбер жасап отырады.Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп,бір баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады.Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді,өнер көрсетеді.

Күн мен түн

Ойынның мақсаты: балалрдың кеңістікті бағдарлай білуін, ептілік, қимыл-қозғалыстарын жылдам өзгерте алу қабілеттерін жетілдіре түсу.

Ойынның міндеті: жылдам жүгіруге, белгі бойынша жылдам әрекет жасауға дағдыландыру.

Ойынның қысқаша мазмұны: ұзындығы 40-60 метрлік алаңның ортасында арасы 2 м параллель екі сызық сызылады. Балалар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы екі сызықтың бойына тұрады. Топтың біріне «Түн» екіншісіне «Күн» деп ат қояды. Тәрбиеші «Күн» десе күн тобындағылар, түн тобындағыларды алаң шетіне дейін қуып барады. Ұстап алғандарды өз тобына қосып алады.Және керісінше болып ойын жалғаса береді.

Омпы.


Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды ОМПЫ дейді.Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса берулеріне болады.Ара қашықтығы 10-20 адым жерге екі көмбе сызыңдар.Әрқайсысың көмбенің тен ортасына бір асықты омпысынан тұрғызындар.

Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрады,қолдарыңдағы саққаларымен көнге тігілген асықтарды атып түсірулерің керек.Атып алған асықтардың өздерінде қалады.Егер омпыға тигізсендер, көндегі барлық асықтарды аласындар.Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың женіске жетесіңдер.



Қасқырлар мен лақтар

Ойынның мақсаты: балалардың кеңістікті, берілген белгі бойыншажылдам қимылдау, ептілік, батылдық сияқты қабілеттерін дамыту.

Ойынның міндеті: балаларды жылдам жүгіруге, кеңістікті дұрыс бағдарлай алуға үйрету


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет