Орналасқан су ресурстарын анықтау үшін Жамбыл обылысының өзендері алабының су шаруашылық тепе-теңдігін түзу ұсыныс кезектілігі ұсынылады



Дата13.10.2018
өлшемі64.59 Kb.
Орналасқан су ресурстарын анықтау үшін Жамбыл обылысының өзендері алабының су шаруашылық тепе-теңдігін түзу ұсыныс кезектілігі ұсынылады.

Шу-Талас алабының су шаруашылық тепе-теңдігін түзу кезінде, өзеннің басталатын су шаруашылық учаскесінен бастап немесе Қазақстан және Қырғыстан мемлекеттері шекараларының жармасынан бастап, түзу ұсынылады (трансшекаралық су нысандары үшін):

1) Әр су шаруашылық учаскесінде қайтарма су пайдалану көлемі және режімі анықталады, анықталған су көлемі кешенді су жіберумен қоса (транзиттік ағын), соңғы жармада орналасқан су ресурстарының көлемімен және режімімен салыстырылады. Су шаруашылық тепе-теңдікті түзу нәтижесінде төмен орналасқан су шаруашылық учаскесіне келетін жобалық ағын көлемі анықталады. Су шаруашылық тепе-теңдестігі теріс мәнге тең болғанда (су ресурстарының тапшылығы), төменде орналасқан су шаруашылық учаскесіне келетін жобалық ағын көлемі, тапшы су ресурстарын пайдаланушылар мен кешенді су жіберу арасында таратқаннан кейін анықталады.

2) Төменде орналасқан су шаруашылық учаскелеріне келетін су ресурстары жоғары учаскеден келетін жобалық ағын және аталған су шаруашылық учаскедегі қалыптасатын ағынмен қосу арқылы анықтайды.

Учаскеде пайда болатын ағын (жанама ағын), белгілі бір уақыт аралығында соңғы және кіре беріс жармаларындағы табиғи ағын айырмашылығы ретінде анықталады.

3) Су шаруашылық тепе-теңдік нәтижелері бойынша, әр есептік жарма үшін қазіргі уақыттағы су пайдалану деңгейінен бастап, жобалық болашақта су пайдалану денгейіне дейін бес жыл аралығында суға тапшы су шаруашылық учаскесі және су ресурстарының қоры анықталады.

4) Әртүрлі су шаруашылық учаскелерінің су шаруашылық қамтамасыздық жағдайы, есептік гидрологиялық қатардың әртүрлі күнтізбелік жылдарымен сипатталады. Су қамтамасыздық сипаттамасы деп, бүкіл есептік көпжылдық қатар бойынша табиғи ағынның қиылысқан қисықтар қамтамасыздығы аталады. Орналасқан су ресурстары және су пайдалану көлемі, суы өте аз, суы аз және суы көп жылдар жағдайында барлық қамтамасыздықтар қисықтары бойынша жағдайды талдауға мүмкіншілік береді.

5) Су шаруашылық кешенінің қазіргі уақыттағы жағдайына байланысты жоспарлық тепе-теңдіктер құрылады, бұл кезде су пайдалану жергілікті нормативтер негізінде анықталады, сонымен қатар есептік су шаруашылық тепе-теңдік негізінде статистикалық деректер бойынша сипатталған пайдаланылған су ресурстарының талдауы келтіріледі.

6) Суға тапшы су шаруашылық учаскелерінде, суды тиімді пайдаланудың кешендік шараларын іске асыру жолы арқылы су шаруашылық кешеніне қатысушылардың су қамтамасыздығын жоғарылатудың әртүрлі нұсқалары қарастырылады (өнеркәсіпті суландырудың кешендік жүйелері, су жұмсамайтын және суды аз жұмсайтын технологияларды қолданысқа ендіру, қалалық және ауыл шаруашылық суларын қайта пайдалану, салалық су пайдалану көлемін қысқарту, кешенді су жіберулер және су ресурстарын тиімді пайдалануда басқа шаралар қолдану, су қабылдағыштарда су сапасын жақсарту, акаба суларды тазалау), мезгілдік және көпжылдық реттеу түріне ие сиымдылықтарды орналастыру, ағынды реттеу жүйесін дамыту немесе түзу (ішкі алаптық немесе алапаралық су тастаулар).

7) Ең басты қажеттілік жоғары дәрежелі су пайдаланушыларды сумен қамтамасыз ету керек (ауыз–су және коммуналды-тұрмыстық, өнеркәсіп нысандарын және энергетика салаларын сумен қамтамасыз ету).

8) Егер, әр есептік деңгейге су пайдаланушылар сұранысы қанағаттандырылса, су шаруашылық тепе-теңдік есебі аяқталды деп есептеледі. Барлық су шаруашылық учаскелерінің су шаруашылық тепе-теңдігі, су шаруашылық кешеніне қатысушыларының суға сұраныстарын қанағаттандырумен байланысқан.

9) Су шаруашылық тепе-теңдік нәтижелері, барлық қарастырылып жатқан су шаруашылық учаскелері үшін: өзен алабы, басты өзенге ағатын өзен алабы және жалпы сәйкес өзен алабы бойынша есептік деңгейлермен қоса кесте түрінде келеді, сонымен қатар ұсынылатын су шаруашылық шаралардың нұсқауымен. Жалпы кестенің формасы арнайы нысанының ерекшелігіне байланысты қабылданады. (Кесте – 1)

Талас өзені үшін су шаруашылық тепе-теңдік, есептік сулы жылдары бойынша құрастырылады: орташа сулы жылдар бойынша қамтамасыздығы 50%, суы аз жылдар бойынша қамтамасыздығы 75% және 95% жылдар үшін есептер жүргізілген.

Негізгі су пайдаланушылардың құрамына келетін болсақ, коммуналды-тұрмыстық суармалы егістік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салаларына



1 rесте – Су шаруашылық тепе-теңдігінің келу және шығындалу бөлігі компоненттерін дәл анықтаудың нысана белгілері.

Су шаруашылық

тепе-теңдікті

есептейтін кезең


Келу бөлігі

Шығындалу бөлігі

Анықтау үшін негіз

Мүмкін болатын қателік

Анықтау үшін негіз

Мүмкін болатын қателік

Өткен кезең

Тіркеу




Тіркеу




3 жылға дейін

болашаққа болжау



Сулылықты болжау

Бақылау жылдар қатарына және өзгермелік коэф байланысты

Арнайы көрсеткіштер және жергілікті жердің даму жоспары бойынша тепе-теңдікті жөңдеу.




10 жылға дейін

болашаққа болжау



Сулылықты болжау

Бақылау жылдар қатарына және өзгермелік коэф байланысты және ауа райы болжауына байланысты

Су пайдалану және су әкету нормалары бойынша сәйкес экономика салаласына және жамбыл облысының территориялды даму схемасы бойынша

>20%

В = Wвх + Wжан + Wжас + Wкс + Wдот ± ΔV ± Wм - Wбул - Wсүз - Wаз - Wпер – Wвдп - Wкп (1)Талас өзенінің су шаруашылық тепе-теңдігіін есептеу үшін келесі формуланы қолданады.

Мұнда: Wвх – Қарастырылып жатқан су нысандарының жоғарғы учаскелерден есептік кезең бойынша су келуі млн. м3;

Wжан – Есептік су шаруашылық учаскесінде, есептік кезең бойынша пайда болатын су көлемі;

Wж.а.с. – Заң бойынша жер асты су нысандарынан су алу көлемі;

Wк.с. – Су шаруашылық учаскелеріндегі қайтарма сулар: жер асты және жер беті сулары, су нысандарына жіберілетін суармалы территориядан ағып келетін сүзгіш немес ақаба сулар;

Wдот – Дотациялық сулар, басқа территориялардан су шаруашылық учаскеге ағып келетін су көлемі;

±ΔV – Есептік су шаруашылық учаскесінде су қоймаларын немесе тоғандарды толтыру және су тастау;

±Wм – Мұз еріген кезде бу арқылы су шығындалуы;

Wбул – Суды булануға жоғалту;

Wсүз – су қоймалардан, каналдардан және басқа су объектілерінен суды сүзілуге жоғалту;

Wаз – өзенмен гидравликалық байланысы бар жер асты суларынан су алу себебінен, өзен ағынының кемуі;

Wтас – Есептік су шаруашылық учаскеден басқа жерге ағынды тастау;

Wспд – Есептік су шаруашылық учаскенің барлық су пайдаланушыларының қосынды су қажетсінуі;

Wкп – соңғы жармадағы қажетті су көлемі;

В – Су шаруашылық учаскенің су шаруашылық тепе-теңдігі (су ресурстарының артық немесе тапшы болуы);

, болашаққа су пайдалануды келесі тәртіп бойынша есептеу ұсынылады.

Коммуналды-тұрмыстық саласын қарастыратын болсақ, Жамбыл облысы экономикалық салаларына байланысты келесідей ұсыныс беріледі.

Ауыл және қала тұрғындарының қазіргі уақытта және болашақтағы өсу санын арнайы анықтамалардан алсақ болады, бірақ ол нақты дәл мәліметтерді бермейді.

Халық санының болашақта өсуін орташа республикалық деректер бойынша анықтаса болады. Орта Азиядағы бұл көрсеткіш 2,6% құрайды. Халық санының өсуі келесі формула бойынша анықталады.

(2) N кт =N(1+P)

Мұнда: N- қала немесе ауыл тұрғындар саны, мың адам;

Р - халық санының өсуі, %;

n- жыл саны (болашаққа есептелетін);

Қарастырылып жатқан өзеннің алабында өнекәсіптің қазіргі уақытта және болашақта даму жағдайы өткен жылдар статистикасына сүйеніп анықтауға ұсыныс беріледі [1,2].

Жамбыл облысында өнеркәсіптің дамуы бірнеше жылдар аралығында даму тенденциясын ескеріп, алдыңғы жылдардың даму жағдайын қарастырып, жақын және алыс болашаққа өнеркәсіптің өнім өңдіруі 25%, ал алыс болашақта 50% өседі деп болжамдауға ұсыныс беріліп отыр.

Ауыл шаруашылығында, алдыңғы жылдардағы жануарлардың өсу статистикасын салыстырып қарасақ, үй жануарларының жалпы саны жылына 3-5% өсетінін байқауға болады, сол себептен бұл саланың болашақта су сұранысын аталған даму тенденциясы бойынша жүзеге асырылады деп қабылданды.

Ауыл шаруашылығында суармалы егістік Жамбыл облысы Байзақ ауданының негізгі су пайдаланушыларының бірі болып саналады. Қазіргі уақытта суармалы егістіктің су пайдалану нормасы, жалпы су пайдаланудың 80% құрайды.



Суармалы егістіктің болашаққа су пайдалануын болжау әдісіне келесідей ұсыныс беріледі, Жамбыл облысының экономика салаларының даму тенденциясына байланысты, суармалы егістікте су пайдалану техникасының пайдалы әсер коэффициентінің өсуі байқалады деп болжамдалады. Жамбыл облысы бойынша 2011 жылы, суармалы егістікте пайдалы әсер коэффициенті 0,6-0,65 құраған, сол себептен облыс аумағында 75 мың.га жер суарылмай, 15 млн. теңге ақша пайда түспейді, облыстың даму тенденциясына байланысты жақын болашақта бұл көрсеткіш 0,7-0,75, ал алыс болашақта 0,75-0,8 ге дейін жетеді деп болжамдауға ұсыныс беріледі [1,2,3,4,5].
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет