Қорытынды және мерзімдік бақылау, көрсетілімді қорғау кезінде, өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігін бақылау



Дата19.07.2017
өлшемі276.76 Kb.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СӨЖ




СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Қорытынды және мерзімдік бақылау, көрсетілімді қорғау кезінде, өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігін бақылау.



КРЕДИТ № 1
1 тақырып: Организмге механикалық жайттардың (созылу, соққы, қысылу, ұзақ жаншылу синдромы) ауру тудырушы әсері.

Мақсаты:

  • Организмге механикалық жайттардың әсерін мысал келтіре отырып жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін бекіту

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру дағдысын қалыптастыру


Тапсырма:

Сұрақтар бойынша оқу материалдармен жұмыс жасау:

1. Организмге созылудың, соққының, қысылудың зақымдаушы әсерінің патогенезі

2. Ұзақ жаншылу синдромының этиологиясы мен патогенезі



СӨЖ орындалу түрі:

  • Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өзбетінше оқып-үйрену, қосымша әдебиет және internet көздерін пайдалану, сынамалық тапсырмаларды орындау.

  • Берілген сұрақтардың біреуінен реферат немесе көрсетілім түрінде орындау. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.

Орындаудың нышандары:

  • зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілімді қорғау

СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері

№ 1 аралық бақылау.



Бағалау критерийі: «СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 23-25.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 101-103

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 8-9

2 тақырып: Организмге гипокинезия мен химиялық жайттардың (ауыр металл тұздары: қорғасын, кадмий, хром) зақымдаушы әсері.



Сабақтың мақсаты:

  • Организмге гипокинезия мен химиялық жайттардың әсерін мысалға келтіріп жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін бекіту

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру дағдысын қалыптастыру

Тапсырма:

  • Сұрақтар бойынша оқу материалдармен жұмыс жасау:

Мына сұрақтар бойынша:

  1. Гипокинезия, ағзалар мен жүйелер қызметі, зат алмасу бұзылыстарының патогенезі, гипокинезияның, қантты диабеттің, жүрек қантамыр жүйелері ауруларының қауіп-қатер жайты ретінде.

  2. Қатаң төсек тәртібі кезінде организмдегі өзгерістер, алдын алу шаралары. Организмге гипокинезияның зақымдаушы әсерінің патогенезі

  3. Ауыр металл: қорғасын, кадмий, хром тұздарының организмге зақымдаушы әсерінің патогенезі


СӨЖ орындалу түрі:

  • Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өзбетінше оқып-үйрену, қосымша әдебиет және internet көздерін пайдалану, сынамалық тапсырмаларды орындау.

Берілген сұрақтардың біреуінен реферат немесе көрсетілім түрінде орындау. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.

Орындалу критериі:

  • зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілімді қорғау

СӨЖ тапсыру мерзімі: № 1 аралық бақылау.

Бағалау критерийі: « СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 23-27

  2. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 19-28

  3. Основные проблемы, возникающие у больного при длительном постельном режиме. http: //www.uhodmed. ru / problems. htm.

  4. Ударцева Т.П. Механизмы адаптации к совместному воздействию свинца и ограничения движений / Под ред. А.Н.Нурмухамбетова, Алматы, 2001. - 226 с.

  5. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь // Вестник Казахского государственного медицинского университета. – 2001, №12. - С. 56 – 60.

  6. Ударцева Т.П., Рыспекова Н.Н., Жуйко Н.В., Имамбаева А.А. К патогенезу анемии при ограничении двигательной активности // Вестник Казахского государственного медицинского университета. - 2000, № 9. - С.168 – 173.

БАҚЫЛАУ:



  • Конференцияда сөйлеу дағдысы

  • Әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысы

3 тақырып. МАСКҮНЕМДІК, НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ УЫТҚОРЛЫҚТЫҢ



ПАТОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақсаты:

  • Internet желісі және әдебиеттермен жұмыс жасап үйрену

  • организмге есірткілер және ішімдіктің дерттуындатулық әсерінің тетіктерін, нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдіктің жалпы медициналық, әлеуметтік және құқықтық жайларын өзбетінше оқып-үйрену.

  • Теориялық білімін патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және тест тапсырмаларын орындағанда қолдану

Тапсырмалар:

Оқу материалын мына сұрақтар бойынша игеру:



  1. Нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдіктің жалпы медициналық, әлеуметтік және құқықтық жайлары.

  2. Нашақорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  3. Уытқорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  4. Маскүнемдік туралы түсінік, сатылары, патогенезі.


СӨЖ-ын орындаудың түрі:

  • Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өзбетінше оқып-үйрену, қосымша әдебиет және internet көздерін пайдалану, сынамалық тапсырмаларды орындау.

Берілген сұрақтардың біреуінен реферат немесе көрсетілім түрінде орындау. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.
Орындаудың нышандары:

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сұрақтарына №1 мерзімдік бақылауда жауап беру

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сынамалық тапсырмаларының сұрақтарына аралық бақылауда жауап беру


СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері

№ 1 аралық бақылау.



Бағалау критерийі: « СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.

БАҚЫЛАУ


  • оқытушы СӨЖ тақырыптарының эссесін немесе мультимедийлік көрсетілімін тексереді

  • теориялық материал бойынша білімін № 1 аралық бақылауда тексеру

  • сынамалық тапсырмаларды орындауды № 1 аралық бақылауда тексеру

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. - Алматы: РПО «Кітап» 2007. – С. 46 - 60

  2. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 29 - 48

  3. Патофизиология под/ред П.Ф. Литвицкого. М.:«ГОЭТАР-мед». Т. 1,
    2002.- с. 624 -649.

  4. Патофизиология в рисунках, таблицах и схемах под/ред В.А. Фролова, Г.А. Дроздовой, Д.П. Билибина. Москва, МИА. – 2003. – с. 374 – 390.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 48 -50

Қосымша

  1. Кудьярова Г.М., Асимов М.А., Нурмагамбетова С.А. Опийная наркомания. Алматы. «Медицина баспасы». – 2002. - 63 с.

  2. Кудьярова Г.М., Зальцман Г.И. Психиатрия для семейных врачей. Алматы. «Медицина баспасы». – 2000. - с. 113 – 147.

  3. Кудьярова Г.М., Асимов М.А., Нурмагамбетова С.А., Джарбусынова Б.Б. Наркомании и токсикомании в общемедицинской практике. Алматы. – 2003. – 70 с.

Тест тапсырмалары:



1. Нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдік мәселелерінде I) медициналық, II) әлеуметтік, III) құқықтық жайлар түсінігіне кіреді

A) адам организміне есірткілер және басқа психикалық белсенді заттармен зиян тигізу

B) ҚР Үкіметі жанындағы есірткілерді таратуды бақылайтын Мемлекеттік комиссиямен жасалған есірткілік заттар тізіміне кіретін есірткілік заттарды пайдалану

C) тек жекелеген адамдар, топтарға ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп тудыратын есірткілік және басқа психикалық белсенді заттарды медициналық емес жолмен қолдану



2. Есірткілік заттарға жатады

A)……………………………..

B)……………………………..

C)……………………………..

D)……………………………..

E)……………………………..

F)……………………………..

G)…………………………….



3.Нашақорлық және уытқорлық патогенезінің жалпы құрамбөлшектері болып табылады (4)

A) психикалық белсенді заттарды қайталап пайдалануға дерттік аңсау

B) заттарға психикалық тәуелділіктің қалыптасуы

C) психикалық белсенді заттарға төзімділіктің өзгеруі

D) заттарға физикалық тәуелділіктің қалыптасуы

E) неврастениялық және психастениялық синдромның қалыптасуы



4.Нығайтудың дерттік жүйесінің дәнекерлеріне жатады (4)

A) дофамин

B) норадреналин

C) брадикинин

D) серотонин

E) эндогендік апыйындар



5. Доғару синдромы кезінде аса жиі бұзылыстарға жатады (6)

A) мазасыздану

B) тоқмейілсу

C) жайсыздану

D) ызақорлық

E) бұлшықеттік ауыру

F) жүрек айну, құсу

G) брадикардия

H) ұйкышылдық

I) тырыспа



6.Нашақорлық және уытқорлықтың сатылары (3)

A) бастапқы

B) рухани тәуелділік

C) физикалық тәуелділік

D) шешуші

E) ақырғы



7. Маскүнемдік синдромдары мен симптомдарына жатады

A)


B)

C)

D)



E)

8.Бауырда этанол алмасуының көрсетілмеген тізбегі болып табылады (1)

этанол → алкогольдегидрогеназа → ? → альдегиддегидрогеназа →ацетил КоА → оксалоацетат → цитрат → Кребс орамы

A) глюкурон қышқылы

B) пируват

C) ацетальдегид

D) лактат

E) глюкозо - 6 - фосфатаза



9. Ішімдіктің организмге уыттық әсерінің патогенезінде маңызы бар (4)

A) бауырдың антиденелермен зақымдануы

B) альдегиддегидрогеназа өндірілуінің жоғарылауы

C) альдегиддегидрогеназа өндірілуінің төмендеуі

D) бауырда ацетальдегид ыдырауының баяулауы

E) организмде ацетальдегидтің жиналуы



10. Ішімдікпен масаюдың ауырлығын анықтайтын белгілерді көрсетіңіз

A)……………………………..

B)……………………………..

C)……………………………..

D)……………………………..

E)……………………………..

F)……………………………..

G)…………………………….



11. Нашақорлық пен уытқорлық сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастырыңыз

  1. физикалық тәуелділік

  2. ақырғы

  3. рухани тәуелділік

13. Маскүнемдіктің көріністеріне жатады (5)

A) рухани тәуелділік синдромы

B) физикалық тәуелділік синдромы

C) доғару синдромы

D) өзгерген реактивтілік синдромы

E) ішімділік галлюцинозы

F) экзофтальм
4 тақырып. ОРГАНИЗМГЕ ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ АУРУТУДЫРУШЫ ӘСЕРІ

Мақсаты:


  • internet сайттарын және әдебиеттерді қолдануды үйрену

  • организмге шылым шегудің патогенді әсерінің тетіктерін өздігінен оқу

  • шылым түтінінің аурутудырушы әсерін анықтау және никотин-тәуелді студенттерді анықтау үшін сауалнама құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • зерттеулер жүргізу және өзінің зерттеулерінің нәтижелерін көрсетілім арқылы жеткізу дағдысын қалыптастыру

Тапсырма:

    1. шылым түтінінің организмге аурутудырушы әсерін анықтау және никотин-тәуелді студенттерді анықтау үшін сауалнама құрастыру

    2. сауалнама нәтижелерін сараптау

    3. зерттеу нәтижелерін көрсетілім арқылы жеткізу

    4. өздігінен әдебиеттермен жұмыс жасау


СӨЖ жүргізу түрі:

Сауалнама нәтижелері арқылы ғылыми зерттеу


Орындалу критериі:

  • зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілімді қорғау

СӨЖ тапсыру мерзімі: № 1 аралық бақылау.

Бағалау критерийі: «СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.
ӘДЕБИЕТ

Әдебиеттерді өздігінен таңдау


5 тақырып. ҚАРТАЮДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАЙЛАРЫ. ҚАРТАЮ ТЕОРИЯЛАРЫ

Мақсаты:

  • internet сайттарын және әдебиеттерді қолдануды үйрену

  • қартаю тетіктерін, қартаюдың биологиялық, медициналық, әлеуметтік жайларын өзбетінше оқып-үйрену.

  • Патогенездік сызбанұсқаны құрастырғанда және есептерді шығарғанда теориялық білімін қолдана білу


Тапсырма:

Оқу материалын мына сұрақтар бойынша дайындау:

  • Қартаю теориялары.

  • Мезгілінен тыс қартаюдың алдын-алудың ұстанымдары.


II. Аса құпталған қартаю теориялары бойынша «мылқау» кестені толтыру:

Теория атауы

Қысқаша сипаттамасы

Организмнің тозуы




Коллоидоклазия теориясы




Жүйкелік – ішкі сөлденістік




Бос -радикалдық




Теломераздық




Молекулалық - тектік




Икемделулік – реттелулік



ІІІ - Тапсырма. Томас Перлз бойынша «өмір ұзақтығын есептегішті» құру

Томас Перльздің өмір сүрудің генетикасын зерттеуші, «өмір ұзақтығы есептегішті» дайындады. Оның көмегімен сіз, қанша жыл өмір сүретіңізді, егер өзіңіздің дағдыңызды өзгертпесеңіз, анықтай аласыз. Келтірілген мәліметтер – ерлер үшін 60 жас және әйелдер үшін 70 жас (ҚР бойынша). Біздің елімізде өмірдің орташа ұзақтылығы осындай. Ал басқаларын өзіңіз қрсасыз –аласыз. Сұрақтарда «Иә» деген нұсқаның нәтижесі келтірілген. «Жоқ »деген жауап болса кері арифметикалық амалды қолданасыз.


  1. Сіз темекі шегесіз немесе темекі шайнайсыз. Немесе шылым тартатын жерде үнемі боласыз ба? (Иә - 2 жыл алу).

  2. Сіз 1 аптада қамыр оралған 2 сосиска, ысталған 2 жапырақ еттің майы немесе майға піскен 2 бауырсақтан көп жейсіз бе? (Иә -0,6 жыл алу)

  3. Сіз балық, тауық, етті қарайғанға шейін қуырасыз ба? (Иә -0,4 жыл алу)

  4. Сіз тағамға сары май, майлы қаймақ, шоколад, қуырылған өнімдерді қоспайсызба? (Иә -2 жыл қосу)

  5. Сіз етті аз жеуге, көкөністі көп жеуге тырысасыз ба? (Иә - 2 жыл қосу)

  6. Сіз күніне сыраны 0,33 л., 2 шөлмектен көп немесе шараптан күніне 300гр артық немесе арақты күніне 100гр көп ішесіз бе? (Иә - 1,2 жыл алу)

  7. Сіз алкогольдік ішімдіктерді күніне жоғарыда көрсетілген мөлшерден аз ішесіз бе? (Иә - 0,6 жыл қосу)

  8. Сіз ласталған атмосферада өмір сүресіз бе? (Иә - 1 жыл алу)

  9. Сіз қою кофені күніне 450 граммнан артық ішесіз бе? (Иә -0,6 жыл алу)

  10. Сіз аспиринді қабылдайсыз ба? (Иә -0,8 жыл қосу )

  11. Сіз тісіңізді арнайы жіппен күн сайын тазалайсызба? (Иә -1,2 жыл қосу)

  12. Сіз үлкен дәретке 2 күнде 1 мәртеден сирек отырасыз ба? (Иә -0,8 жыл алу)

  13. Сіз қауыпты жыныс қатынасқа кіресіз бе немесе есіртке қабылдайсызба? (Иә-1,6 жыл алу)

  14. Сіз күнге қыздырынасыз ба? (Иә -1,4 жыл алу)

  15. Сіздің үйде радонның деңгейі жоғары ма? (Иә - 1,4 жыл алу)

  16. Сіздің салмағыңыз қалыпты ма? (Иә -1,8 жыл қосу)

  17. Сіздің әйеліңіз (күйеуіңіз) бар ма? (Иә -1,8 жыл қосу)

  18. Сіз стреспен күресе аласыз ба? (Иә -1,4 жыл қосу)

  19. Сіздің жақын туыстарыңыз (1-ден көп) диабетпен зардап шеге ме? (Иә -0,8 жыл алу)

  20. Сіздің ата- анаңыздың біреуі аурудан 75 жасқа келмей өлді ме? (Иә -2 жыл алу)

  21. Сіздің отбасыңыздың мүшесі (ата, әже, олардың қарындас бауырлары, аға-тәтелері 1-ден көп) 90 жасқа дейін өмір сүрді ме? (Иә - 4,8 жыл қосу)

  22. Сіз спортпен айналыспайтын жалқаусыз ба? (Иә - 1,4 жыл алу)

  23. Сіз Е витаминін қабылдайсызба? (Иә -1,6 жыл қосу)


СӨЖ жүргізу түрі:

Ұсынылған әдебиеттер және қосымша әдебиет, интернет желісі бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, тест тапсырмаларын орындау

Берілген сұрақтардың біреуінен реферат немесе көрсетілім түрінде орындау. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.
Орындалу критериі:


  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сұрақтарына №1 аралық бақылауда жауап беру

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сынамалық тапсырмаларының сұрақтарына аралық бақылауда жауап беру

  • Реферат көрсетілімін қорғау


СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері № 1 аралық бақылау.

Бағалау критерийі: «СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.
БАҚЫЛАУ

  1. Зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілімді қорғау

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. - Алматы: РПО «Кітап» 2007. – Б. 99 -105

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.297-307

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 48 – 66

  4. Патологическая физиология под /ред. Н.Н. Зайко. М.: «МЕДпресс - информ».- 2002, с. 147-162.

  5. Патологическая физиология. Общая патофизиология. Под/ред. А.Ш. Зайчика и Л.П. Чурилова. Санкт-Петербург: ЭЛБИ-СПб, 2001, с. 71 – 80.

Қосымша:

  1. Королькова Т.Н. Современные теории старения // Вестник дерматологии и венерологии. 2001, №5, с 15 – 20.

  2. Фролькис В.В. Старение: воспоминание о будущем. http. //www. themystery. narod. ru/DIFF/starenie.htm

  3. Возрастные закономерности и психологические особенности старости. http: www.bolshe.ru/book/id/

  4. Алдер Г. Практическое руководство по продлению жизни. СПб.: Питер, 2001. - 256 с.

  5. Мечников И.И. Этюды оптимизма. М.: Наука, 1988. – 328 с.

  6. Генетики поняли, что вызывает синдром преждевременного старения. http: //www.grani.ru /Society/Sciece/m.29570.html.

  7. Анисимов В.Н. Средства профилактики преждевременного старения // Успехи геронтологии, 2000, вып. 4, с. 275 – 277.

  8. Калькулятор продолжительности жизни. http:// kokshetau.online.kz/ot/atlantida.htm




Тест тапсырмалары

  1. Егде жас мөлшері-бұл (1):

А) 30-35 жас

В) 35-40 жас

С) 45-59 жас

Д) 60-74 жас

Е) 75 жастан жоғары

2. Қарттық шақ мөлшері-бұл (1)

А) 30-35 жас

В) 35-40 жас

С) 45-59 жас

Д) 60-74 жас

Е) 75 жастан жоғары

3. Ұзақ өмір сүрушілердің жасы(1)

А) 45-59 жас
В) 60-74 жас
С) 75-80 жас
Д) 81-89 жас
Е) 90 жастан жоғары

4. Қазақстанда халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы(1)

А) 59 жас
В) 65 жас
С) 71 жас
Д) 75 жас
Е) 80 жас

5. Өмір сүру ұзақтығы байланысты (5)

А) генотипке
В) өмір салтына
С) өмір сүрудің экологиялық-ауарайылық жағдайына
Д) аурушаңдыққа
Е) тамақтану сипатына

6. Прогерия-бұл (1)

А) тұқым қуалайтын ерте қартаю


В) тұқым қуаламайтын ерте қартаю
С) тістеудің ауытқуы (прикус)
Д) табиғи физиологиялық қартаю
Е) алыстан көргіштік

7. Сәйкестікті табыңыз

1) Хатчинсон-Гильфорд синдромы (5)

2) Вернер синдромы (6)

А) ерте жастық шақта пайда болуы


В) 20-30 жаста пайда болуы
С) қарттық шақтың аурулары
Д) ішкі сөлденістік жеткіліксіздік
Е) тұқым қуалаудың аутосомдық-бәсеңкі түрі

Ғ) Бірінші хромосоманың LMNA- тегінің мутациясы

G) теломердің қысқаруы

Н) теломердің мөлшері қалыпты

I) қартаю қарқынының жылдамдауы

8. Жүйке жүйесінің қартаюға тән өзгерістерін көрсетіңіз(5)

А) мыйдың біртіндеп семуі


В) жүйкелер бойымен серпіндер өткізудің баяулауы
С) жадтың төмендеуі
Д) шартты рефлекстік іс-әрекеттің әлсіреуі
Е) гиппокампта нейрондар санының азаюы

9. Ішкі сөлденістік кжүйенің қартаюға тән өзгерістерін көрсетіңіз:

А) гонадотропиндер сөлденісінің азаюы
В) гонадотропиндер сөлденісінің көбеюі
С) меланотонин сөлденісінің жоғарылауы
Д) жыныстық гормондар сөлденісінің азаюы
Е) өсу гормонының сөлденісінің азаюы

Ғ) тироксин сөлденісінің жоғарылауы

10. Қартаюға тән(5)

А) коллаген молекуласының тігістері


В) жасушаішілік су мөлшерінің азаюы
С) қантамырларының шеткері кедергісінің төмендеуі
Д) негізгі алмасу деңгейінің төмендеуі
Е) жасуша ішінде натрийдің азаюы, кәлийдің көбеюі

Ғ) алғашқы лизосомалар санының көбеюі

G) алғашқы лизосомалар санының азаюы

Н) қанда жоғары тығыздықты липопротеидтердің (ЖТЛП) көбеюі

I) қанда төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП) көбеюі

11. И.И. Мечников бойынша организм қартаюын туындататыны:

А) ішектегі нәруыздың іріп-шіру өнімдерімен аутоуыттану
В) индол, скотол, фенол, крезол
С) кетондық денелер
Д) сүт және пирожүзім қышқылдары
Е) гиперазотемия

12. Қартаюдың бос радикалдық тетігінің дұрыс бірізділігін көрсетіңіз:

А) ДНҚ жіптерінің үзілуі


В) ядро мембранасының зақымдануы
С) бос радикалдардың артық болуы
Д) ауытқыған нәруыз – ферменттердің түзілуі
Е) жасуша қызметінің бұзылуы

Ғ) жасушаның өлуі

13. Теломерлер-бұл (3)

А) жасуша бөлінуі кезінде репликациясы аяқталмаған ДНҚ бөлігі


В) жасуша бөлінуінің супрессоры болып табылатын тектері бар ДНҚ бөлігі
С) жасуша бөлінуінің демеушісі болып табылатын тектері бар ДНҚ бөлігі
Д) тектері болмайтын ДНҚ бөлігі
Е) хромосомалардың соңғы бөліктері

14. Теломераза-бұл (2)

А) теломерлерді қалпына келтіретін фермент
В) теломерлерді ыдырататын фермент
С) РНҚ тәуелді ДНҚ –полимераза немесе кері транскриптаза

Д) лизосомалардың ферменті


Е) митохондрийдің ферменті

15. Келтірілген тұжырымдардың дұрысын көрсетіңіз (4)

А) әйелдерде ерлермен салыстырғанда теломерлер ұзынырақ
В) теломеразалар белсенділігінің жоғарылауы жасуша митозы сандарының көбеюі әкеледі
С) Хейфликтің бөліну өлшемі теломерлер ұзындығымен шектеледі
Д) қысқа теломерлер жүрек –қантамыры ауруларының қауіптілігін жоғарылатады

Е) бағаналы жасушаларда теломеразалар белсенділігі төмен болады

16. Қартаюға қарсы тетіктерге жатады: (4)

А) антиоксиданттар


В) бос радикалдар
С) ДНҚ-ң репарациялық жүйесі
Д) теломерлердің қысқаруы
Е) аутоиммундық үрдістер

Ғ) стресс шектейтін жүйе

G) теломерлердің ұзаруы

Н) сутегі иондары

17. Қартаю гормондарына жатады (2)

А) инсулин


В) кортизол
С) тироксин
Д) глюкагон
Е) мелатонин

18. Қартаюға қарсы гормондар (5)

А) инсулин

В) тестостерон
С) тироксин
Д) эстрогендер

Е) мелатонин


Ғ) өсу гормоны

G) прогестерон


6 тақырып. ЖҰҚПАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ. СЕПСИС



Мақсаты:

  • Интернет желісі және қосымша әдебиеттерін қолданып үйрену

  • Жұқпалық үрдістің патогенезін өзбетінше оқып-үйрену және осы білімді қауырт және созылмалы қабынудың патогенезін түсіну үшін пайдалану, бұл жұқпалық ауруларды этиотроптық және патогенездік жолмен емдеуді дұрыс жүргізу үшін қолдану

  • Теориялық білімін патогенездік сызбанұсқаны құрастырғанда және есептерді шешкенде қолдануды үйрену


Тапсырмалар:

I. Оқу материалын мына сұрақтар бойынша қарастыру:

  1. Жұқпалық үрдіс,анықтамасы, жұқпалық үрдістің түрлері. Макро- и микроорганизмдердің өзарақатынасының түрлері.

  2. Жұқпалық үрдістің патогенезі. Жұқпалық үрдіс кезінде организмнің ағзалары мен жүйелері қызметтерінің бзылыстары: жүйкелік, иммундық, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің, сыртқы тыныс жүйесінің.

  3. Жүйелік қабынулық серпіліс синдромы (ЖҚСС), туралы түсінік, анықтамасы, сепсис және сепсистік сілейменің этиологиясы және патогенезі.

  4. Жұқпалық үрдісті емдеудің ұстанымдары.

II. Патогенез сызбанұсқасын құру:

  • Жұқпалық үрдістің патогенезі.

  • Сепсис және сепсистік сілейменің патогенезі.


СӨЖ- дің орындау түрі:

Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өзбетінше оқып-үйрену, патогенездің сызбанұсқасын құру


Орындау нышандары:

  1. СӨЖ-ның осы тақырыбының сұрақтарына аралық бақылауда жауап беру

  2. патогенездің сызбанұсқасын құру


СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері

№ 2 аралық бақылау.


СӨЖ-ды бағалау нышандары

Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмухамбетұлы Патофизиология. - Алматы: РПО «Кітап» 2007. – Б. 312 – 326

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. - Алматы: РПО «Кітап» 2010. – Б. 228-236

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 103 - 139

  4. Патофизиология п /р. П.Ф.Литвицкого, т.1. Москва. ГЭОТАР - Мед. Изд 2, 2003.- С.245-265.

Қосымша

4. Хирургические инфекции. Руководство п/р И.А. Ерюхина, Б.Р. Гельфанда, С.А. Шляпникова. СПбЖ Питер, 2003 (серия «Спутник врача») Гл. 5. - С. 263-377.

5. Медицинская микробиология, вирусология и иммунология п/р А.А. Воробьева. М.: «Мед. информ. Агентство», 2004. - С. 136-181.

6. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. Санкт-Петербург. ЭЛБИ-СПб. Изд 2, 2001. - С.412 – 417.

7. Шанин Ю.Н. Патофизиология критических состояний. «ЭЛСБИ-СПб», С-Петербург, 2003. - С. 367-382

8.http://www.medlit.ru.

9. http://medi.ru/doc/8381102.htm.

10.http://medi.ru/doc/8581122.htm.

11. http://webmed.irkutsk.ru/doc/sepsis.htm

БАҚЫЛАУ


  • теориялық материалды № 2 аралық бақылауда тексереді

● патогенездің сызбанұсқасын құрастыруын тексеру, реферат немесе көрсетілім
1 тақырып: ӨНДІРІСТІК АЛЛЕРГЕНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ АУРУЛАР.

Сабақтың мақсаты:

  • internet көздерімен және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • Эссе құрастыруда негізгісін анықтай білу, материалды қысқаша мазмұндау машығын қалыптастыру

  • Ғылыми конференцияда сөйлеу машығын бекіту


Тақырып бойынша тапсырмалар:

Сұрақтар бойынша оқу материалдармен жұмыс жасау:



  1. Жанасулық дерматиттің этиологиясы мен патогенезінде өндірістік аллергендердің рөлі

  2. Экземаның этиологиясы мен патогенезінде өндірістік аллергендердің рөлі

  3. Бронх демікпесінің этиологиясы мен патогенезінде өндірістік аллергендердің рөлі

  4. Өндірістік аллергендермен байланысты аллергиялық аурулардың алдын алу


СӨЖ жүргізу түрі:

Ұсынылған әдебиеттер және қосымша әдебиет, интернет желісі бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, тест тапсырмаларын орындау

Берілген сұрақтардың біреуінен реферат немесе көрсетілім түрінде орындау. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.
Орындалу критериі:


  • Реферат көрсетілімін қорғау


СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері № 2 аралық бақылау.

Бағалау критерийі: «СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 56-68

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 343-350,

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т. – 2009.-С. 179-221, 168-179.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.420-430.

  5. Патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмалар. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б.165-179.

  6. Қосымша

  7. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 108-121.

2 тақырып: Атеросклероз патогенезі туралы заманауи болжамдар



Сабақтың мақсаты:

  • атеросклероздың пайда болуы мен дамуының патофизиологиялық тетіктері туралы түсінік қалыптастыру

  • internet көздерімен және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру


Тапсырма:

Сұрақтар бойынша оқу материалдармен жұмыс жасау:



  1. Атеросклероздың этиологиясы. Атеросклероз дамуының заманауи теориялары

  2. Атеросклероздың патогенезі

  3. Атеросклероздың асқынуы

  4. Атеросклероздың алдын алу және емдеу ұстанымдары

СӨЖ жүргізу түрі:

Ұсынылған әдебиеттер және қосымша әдебиет, интернет желісі бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, тест тапсырмаларын орындау

Берілген сұрақтардың біреуінен реферат немесе көрсетілім түрінде орындау. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.
Орындалу критериі:


  • Реферат көрсетілімін қорғау


СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері

№ 2 аралық бақылау.



Бағалау критерийі: « СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 343-350,

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т. – 2009.-С. 179-221, 168-179.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.420-430.

  4. Патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмалар. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б.165-179.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 108-121.

3 тақырып. Инсулинге төзімділік тетіктері және метаболизмдік синдром дамуы. Жіті және созылмалы қантты диабеттің асқынулары



Сабақтың мақсаты:

  1. Инсулинге төзімділік және метаболизмдік синдром патогенезі бойынша білім қалыптастыру

  2. Жіті және созылмалы қантты диабеттің асқынуларының патогенезі бойынша білімді қалыптастыру

Тапсырма:

Сұрақтар бойынша оқу материалдармен жұмыс жасау:

1. Инсулинге төзімділік туралы түсінік. Қабылдағышқа дейінгі инсулинге төзімділіктің патогенезі

2. қабылдағыштық инсулинге төзімділіктің патогенезі

3. Қабылдағыштан кейінгі инсулинге төзімділіктің патогенезі

4. қантты диабеттің 2 түрінің этиологиясы мен патогенезі

5. метаболизмдік синдром туралы түсінік


СӨЖ жүргізу түрі:

Ұсынылған әдебиеттер және қосымша әдебиет, интернет желісі бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, тест тапсырмаларын орындау

Берілген сұрақтардың біреуінен реферат немесе көрсетілім түрінде орындау. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінде.
Орындалу критериі:


  • Реферат көрсетілімін қорғау


СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері №2 аралық бақылау.

Бағалау критерийі: «СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз
ӘДЕБИЕТ

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 22-31, 75-80

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 599-612

4 тақырып. ҚЫЗЫЛ ҚАН ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ. АНЕМИЯЛАР.



Мақсаты: анемиялардың этиологиясы мен патогенезін өздігінен оқу

Тапсырма:

I. Оқу материалдарын мына сұрақтар бойынша оқу:

  1. Анемия аныктамасы, жіктелу негіздері.

  2. Жедел постгеморрагиялық анемия, себептері, сатылары, қан суреттемесі.

  3. Гемолиздік анемия, анықтамасы, жіктелуі. Тұқым куатын гемолиздік анемия, жіктелуі, патогенезі, қан суреттемесі.

  4. Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар. Эритроциттер гемолизінің себептері мен патогенезі, қан суреттемесі.

  5. Темір тапшылықты анемия, себептері, патогенезі, қан суреттемесі. Темір рефрактерлі анемиялар, себептері, патогенезі.

  6. ВитаминВ12,-фолий тапшылықты анемия, пайда болу себептері, патогенезі, қан суреттемесі.

  7. Гипо-, аплазиялық анемиялар, себептері, патогенезі, қандағы өзгерістер. Панцитопения туралы түсінік.


II. Сынамалық тапсырмаларды орындау
СӨЖ орындау түрі:

Материалды әдебиеттерден өздігінен оқып, сынамалық тапсырмаларға жауап беру



Орындалу критериі:


СӨЖ тапсыру мерзімдері

14 - апта, № 2 мерзімдік бақылау.



СӨЖ бағалау критерилері: «СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2000. – Б. 297-324.

  2. Анемия бойынша оқыту бағдарламалары (кафедрада)

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 183-190.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 358-370

  5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 7-45.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 463-474.

  7. Патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмалар. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б.243-270

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 410 - 419

  2. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2000. С. 283-307.

  3. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 619-649

БАҚЫЛАУ


  • теориялық материал бойынша білімін № 2 мерзімдік бақылауда тексеру

  • № 2 мерзімдік бақылау сынамалық тапсырмаларына жауап беру

5 тақырып. АҚ ҚАН ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ. ЛЕЙКОЦИТОЗДАР. ЛЕЙКОЦИТОПЕНИЯЛАР. ЛЕЙКОЗДАР


Мақсаты: Лейкоцитоздар, лейкоцитопениялар, лейкоздар этиологиясы мен патогенезін өздігінен оқу

Тапсырма:

I. Оқу материалдарын мына сұрақтар бойынша оқу:

  1. Лейкоцитоздар, жіктелуі, патогенезі. әрбір түрінің сипаттамасы. Организм үшін маңызы.

  2. Лейкопениялар, себептері, патогенезі, организм үшін маңызы.

  3. Агранулоцитоз, себептері, патогенезі, салдарлары.

  4. Лейкоз, анықтамасы және жалпы сипаттамасы. Лейкоздардың жіктелуі

  5. Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі.

  6. Жедел және созылмалы миело- және лимфолейкоздарда қан түзілуінің бұзылыстары.

  7. Лейкоздар кезіндегі анемиялық, уыттанулық, геморрагиялық, метастаздық, жұқпалық синдромдардың патогенезі


II. Сынамалық тапсырмаларды орындау
СӨЖ орындау түрі:

Материалды әдебиеттерден өздігінен оқып, компьютерлік оқыту бағдарламасымен жұмыс жасау, сынамалық тапсырмаларға жауап беру



Орындалу критериі:

  • № 2 мерзімдік бақылаудағы СӨЖ тақырыптары сұрақтарына жауаптар

  • № 2 мерзімдік бақылаудағы сынамалық тапсырмаларға жауап беру


СӨЖ тапсыру мерзімдері

14 - апта, № 2 мерзімдік бақылау.



СӨЖ бағалау критериі:

СӨЖді бағалауды №1 СӨЖ тақырыбынан қараңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 422 - 436

  2. Тақырыптың мультимедиялық көрсетілімі, компьютерлік оқыту бағдарламасы (кафедрада)

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 373-397

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 283-288.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 469 – 486

  6. Патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмалар. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б.270 - 288

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 419-428.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С.45 – 56, 80 - 104.

9. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2000. С. 335-365.

БАҚЫЛАУ


  • теориялық материал бойынша білімін № 2 мерзімдік бақылауда тексеру

  • № 2 мерзімдік бақылау сынамалық тапсырмаларына жауап беру

6 тақырып. ГЕМОСТАЗ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ



Мақсаты: Гемостаз бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін өздігінен оқу

Тапсырма:

I. Оқу материалдарын мына сұрақтар бойынша оқу:

  1. Гемостаз, анықтамасы, гемостаз құрамбөлшектері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылысы түрлерінің жіктелі

  2. Геморрагиялық синдром туралы түсінік, патогенезі.

  3. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері.

  4. Тромбоцитопениялар, анықтамасы, пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштық патогенезі.

  5. Тромбоцитопатиялар, анықтамасы, себептері, патогенезі.

  6. Коагулопатиялар түрлері, себептері, қан ұю бұзылыстарының механизмі.

  7. Тромбоздық синдром, даму механизмі, тамырлардағы тромбоздардың салдары.

  8. Тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы (ТШҚҰ-синдромы), анықтамасы, себептері, сатылары, гипер және гипокаогуляция патогенезі.


II. Сынамалық тапсырмаларды орындау
СӨЖ орындау түрі:

Материалды әдебиеттерден өздігінен оқып, компьютерлік оқыту бағдарламасымен жұмыс жасау, сынамалық тапсырмаларға жауап беру



Орындалу критериі:

  • № 2 мерзімдік бақылаудағы СӨЖ тақырыптары сұрақтарына жауаптар

  • № 2 мерзімдік бақылаудағы сынамалық тапсырмаларға жауап беру


СӨЖ тапсыру мерзімдері

14 - апта, № 2 мерзімдік бақылау.



СӨЖ бағалау критериі: «СӨЖді бағалау критерийлері» бөлімінен қараңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 422 - 436

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 332-335

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2.-2009.- С. 112-144

  4. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 116-119.

Қосымша

  1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 247 -253.

  2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

Л.А. Кузьмина. Гематология детского возраста. М.: 2001.- 400 с.



беттің беті


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Беттің туа пайда болған және ауыз қуысы ағзаларының ақауларының көріністерін таңып білу; Беттің туа пайда болған және ауыз қуысы ағзаларының ақауларының көріністерін таңып білу
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Министерство здравоохранения рк
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Патофизиология кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет