Оралхан бӛкей



Pdf көрінісі
Дата05.02.2019
өлшемі178.38 Kb.

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ОРАЛХАН БӚКЕЙ

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАБИҒАТ – ӚМІР - АДАМ  

 

 



 

Әңгіме

 

 



 

 


Sauap.org 



1. АЛТАЙ 

 

Егер  сіз  осынау  таңғажайып  ӛлкеге  —  табиғаттың  арда  тӛлі  атақты 



Алтайға  бармасаңыз,  барсаңыз  да,  оның:  Күншығыстың  бар  асылын,  бар 

байлығын,  бар  сұлулығын  ӛн  бойына  дарыта  жинақтаған  асқар-асқар 

тауларын,  асу-асу  белдерін,  ат  омыраулап  жарып  жүре  алмайтын  жасыл 

шалғын  кең  жайлауын,  кермарал  кербез  елігін,  мамырлай  жүзген  аққу-

қаздарын,  татсақ  таңдайда  қалар  балы  мен  ақ  балтыр  ару  қайың,  қайсар 

қарағайын — ие, ие, осылардың қадір-қасиетін түсініп, сезіміңізді селк еткізе 

алмасаңыз,  әсіресе,  айналайын  адамдарының  құдіретті  қолынан  туындаған 

сұрапыл  жанартаулар  мен  жаңғыртуларды  зерделей  алмасаңыз,  онда 

тыңдаңыз. 

—  Міне,  сіз  —  алқызыл  нұрымен  ақ  бас  тау,  бұйра  бас  ормандарды 

аймалап,  кең  дүниені  шапағымен  шарапаттай  масайраған.  Күн  шығар  сәтте 

ояндыңыз;  мүмкін,  сізді  оятқан  таң  емес,  әлгі  бір  таң  бозынан  сайраған 

бозторғай  шығар,  мүмкін,  жаңа  ғана  дүркірей  суаттан  қайтқан  марал  дүбірі 

ме  екен,  әлде  әупілдеген  еліктің  даусы  шығар,  әлде  анау  ақ  таңдағы  ақ 

толқынын  аспанға  лақтырған  Бұқтырма  сарыны  да,  не  болмаса  арқаңыздан 

ӛткен  таңғы  шықтың  шым-шым  сызы  ма...  әйтеуір,  дәл  осындай  шапақты 

шақта оянғаныңыз үшін, табиғат жарықтықты адал жүрегіңізбен алқайсыз да, 

бір-біріне  мінгесіп-ұштасқан  мәңгі  тәкаппар  асқақ  Алтайдың  алдында  бас 

киіміңізді  алып,  тағзым  етіп,  «ассалаумағалейкүм»  деп  есендесесіз.  Сіздің 

бұл үніңізді Алтайдың жақпар тастары мен құзар шыңдары іліп алып, кезек-

кезек  жаңғырықтыра  қайталайды,  қайталайды...  Енді  сіз  аңғарды  басына 

кӛшіріп,  күркіреген  Бұқтырманың  кәусар  суына  жуынып,  қып-қызыл  боп 

алжырап  жатқан  бүлдірген,  жоқ  болмаса  анау  таңқурайды  таңдайыңызға 

салып талмаңыз да, оразаңызды ашыңыз. Міне, сіз Алтайдың арайлы таңына 

шомылып  тұрып,  мынау  дүниеге  жаңа  келгендей  лүпілді  жүрек,  лыпыған 

сезіммен:  «Ӛмір  не  деген  тамаша  едің!»—  деп,  бар  даусыңызбен  және 

айқайлайсыз.  Сіздің  ӛмірге  ғашық  екеніңізді  анау  ұйқысынан  жаңа  ғана 

оянған алып таулар жаңғырықтыра тағы да үздік-создық қайталайды-ай... Ал 

сіз  Алтай  жазығының  жазиралы  келбетіне  сүйсіне,  балқарағай  мен  шайыр, 

иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтасыз, армансыз жұтасыз.  

Сонсоң...  сонсоң  иін  тірескен  қалың  орманды  аралап,  тау  басына 

ӛрмелеңіз.  Тау  басына  кӛтерілген  сайын,  анау  бір  Алтай  бұрымы  іспетті 

Бұқтырма, анау тілдей- тілдей кӛгерген егін, асықтай-асықтай үйрілген аяулы 

ауыл,  жер  сонысына  тас  кенедей  жабысқан  тӛрт  түлік  мал,  қара  жолдың 

шаңын  аспанға  кӛтерген  машина  аяғыңыздың  астында  қалады.  Ал  сіз  — 

Адам,  биіктей  бересіз,  биіктей  бересіз.  Енді,  міне,  орман  да  таусылды, 

таудың  бірыңғай  шақпақ  тастарын  сусытып,  тас  шоқының  таз  басы 

басталады. Шоқының ұшар басын жасырып аппақ бұлт шӛгіп жатады. Аппақ 

бұлт  тауды  екіге  бӛліп  сұлап  жатады.  Кейде  осынау  аппақ  болып  сұлап 

жатқан  бұлт  жылап  та  жатады.  Ол  осынау  асқаралы  шоқышыңдардың  ақ 

сәлдесі іспетті.  


Sauap.org 

Алтай жазы жауынды болады. Ашық күндері аз. Әсіресе, июль айында 

күн  күркіреп,  жан  шошырлық  найзағай  ойнайды.  Найзағай  ойнаған  сайын 

жай  түсіп,  зәулім  қарағайларды  қақ  айырады.  Кей  күні  бауырсақтай-

бауырсақтай ӛткінші бұршақтар шауып ӛте шығатыны бар.  

Алтайда  салба-салба  бай  самырсындар  бар,  оның  басына  жаңғақ  ӛседі, 

бір  ай  нӛсер  жауса  да,  әлгі  самырсындардың  түбінде  отырған  адамға  су 

тимейді. Алтай жазы келте, мүмкін, ӛзгеше келбетті болғандықтан да солай 

шығар... Тамыз айының ортасынан-ақ ақ жауындатып, бұрынғы аппақ ұшпа 

бұлттар қара қошқылдана қоғамдаса бастайды. 

Қыркүйек туа түстіктен сұп-суық жел соғып, ертеңгілікте бүкіл табиғат 

бозқыраудың  астында  жатады.  Білесіз  бе,  Алтай  күзі  таңғажайып  ертек 

сынды,  Алтай  күзі  ӛмір  бақида  сары  болып  кӛрген  жоқ,  қызыл  күреңденіп, 

тамылжыған сайын, ала жаздағы мәре-сәре тірлігімізге ой бітіп, ӛз-ӛзімізден 

жуасып,  момақан  күйде  күйбің-күйбің  шаруаға  кірісесіз.  Алтай  күзі  әрі 

мазасыз,  әрі  ойшыл,  әрі  дарқан,  әрі  жабырқау.  Дегенмен,  қараша  туа 

жауғанда,  бұл  ӛңірдің  нағыз  мінезіне  қанығып,  мұнда  тек  тық  пен  суыққа 

қара нардай тӛзе білетін нағыз ерлер тұратынына кӛзіңіз жетер. Жауып-еріп, 

жауып-еріп,  тыным  таппайтын  қар  аралас  жаңбыр  түн  мезетінде  кӛк  тайғақ 

мұз болып жатады да, түс қайта жылбысқылана ериді. Бірақ қараша — Алтай 

үшін  қардың  айы.  Міне,  сіз  ойрат-ойпаттардың  аппақ  кӛрпесін  айқара 

жамылып  мызғып  жатқан  шақта  қос  ат  жегіп,  шанамен  жолға  шықтыңыз 

делік. Айналаңызға қарайын десеңіз, кӛз қарықтаратын шағырмақ. 

Жаздағы  жайқалған  орман,  жап-жасыл  жер  жарықтық  мәңгілік  ұйқыға 

бӛленгендей,  не  болмаса  ерке  қылығын  ерте  жоғалтқан  арудай,  салқын 

сазарады.  

Шыңылтыр  аяз  ашық  қалған  жеріңізді  тіміс-кілеп  ұрлана  қариды 

денеңізді. Тек самырсын мен аршалар ғана жасыл күйде ӛң-түсін ӛзгертпей, 

кӛсегесі биік кӛктемді еске салады.  

Бұқтырма  мұз  құрсаудың  қыспағында  қысыла  ыңырсиды,  ал  шымшық 

әр үйдің шатырына паналап, есік ашылған сайын, жылы жерге ұмтылады. 

Әйтсе  де  Алтай  қысы  таза  да  тәкаппар  Сібір  аязын  еске  салады.  Әлде, 

географиялық орналасуы сол Сібірге тым жақын болғандықтан шығар. Алтай 

Бұқтырманың жоғарғы ағысында әлдеқайда әдеміленеді. Алтайдың солтүстік 

жағы таулы Алтай ӛлкесімен, ал шығысы Монголия, оңтүстік шығысы Қытай 

елімен шекаралас. Алтайдан әрі Қазақстанның жері жоқ және Қазақстанның 

ең  сұлу  аймағы  да  —  осы  ӛр  Алтай!  Алтайдың  кӛктемі  кешеу  келеді. 

Қыстайғы  екі  кезге  тарта  жауған  қар  еріншектене  ерігенше,  астынан  шӛп 

кӛктеп  үлгереді.  Құралайдан  бастап  нағыз  кӛктем  туып,  жан-жануарға  жан 

бітіп, әбігерге түссе, адамдар да ағаш үйлерінен ұзап, тырың-тырың тірлігіне, 

шаруа  қамына  кіріспек.  Май  айының  аяқ  шенінде  бүкіл  Алтай  қып-қызыл 

гүлге кӛмкеріліп, жасыл жаулығын қайта жамылады.  

Кӛкпеңбек  аспанға  мамықтай  бұлт  маңып,  тау  ӛзендері  кӛркіне  қайта 

мінбек.  Сіз  табиғаттың  осыншалық  сый-сыяпатын  тӛге  салған  мәрттігіне 

қайран  қалып,  тау  асып,  байып  жатқан  Күннің  алқызыл  нұрына  табынасыз 



Sauap.org 

да,  кілемдей  түрілген  кӛк  майсаға  аунай  кетесіз.  Күлесіз,  бақыттан, 

шаттықтан  күлесіз.  Күліп  жүріп  гүл  тересіз,  теріп  жүріп  «Айналайын 

Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан 

айрылып  қала  кӛрме,  ӛйткені  мен  сені  сүйемін,  ӛйткені  мен  сенің 

перзентіңмін,  ӛйткені  жаһанда  саған  жетер  салтанатты  жер  жоқ!»  деп,  жар 

салғыңыз келеді. 

 


Sauap.org 



2. ТҰМАН 

 

Іңірде  жымсып  ұрлана  басталған  нӛсер  бірте-бірте  айықпас  ақжауынға 

айналып,  ұзаққа  созылар  созалаңдар  сыңайын  аңғартқан  соң,  қараша  туа 

қанын ішіне тартып, қысастанған жер жарықтық қаспақ-қаспақ жонын және 

де  кәперсіз  тосып  еді;  жаздың  бармақтай-бармақтай  ірі  тамшылары  емес, 

күздің шіркей жаңбыры арқа қышуын қандыра алмайды, қайта жаңбырлатып 

қытығын  келтіре  берген  соң,  кіржіңдеп  мезі  болғандай  еді;  жауынды  күні, 

әсіресе,  қарашада  түн  түндігі  тым  ерте  жабылып,  онсыз  да  келтелене 

бастаған  күннің  аз  ғұмырын  қызғанғандай  еді;  сабырмен  келген  ақ  жауын 

сыбыр-сыбыр ертек айтып, бүткіл әлемді, оның ең алып мүшесі — Адамды 

да  мәңгі  тұнжыр,  мәңгі  тұңғиық,  мәңгі  тыныштық  тылсымның  құшағына 

«жүр-жүрмен» ырықтан тыс жетелегендей еді; осындай қарашаның сарынсыз 

қара  басқан  егілме  түнінде  тірі  пенде  қырға  шығудан  сескеніп,  әзірейілден 

әзер  құтылғандай  асып-сасып  жарық  сәулеге,  баспанасына  ұмтылар  еді;  ал 

жүрек  жұтып  тысқа  шықсаң,  кӛр  қараңғылықтың  әрі  суық,  әрі  сұмдық 

қорқынышты  түпсіз  тұнбасына  шым  батып  кетерсің,  сосын  ӛзіңді  жердің 

астында  жатқандай  сұрапыл  қорқынышты  сезініп,  ит  қабардай  аса 

шапшаңдықпен  табалдырықтан  үйіңе  секіресің;  ол  адамның  ӛмірден  ӛлімге 

қайта  секіргеніндей  еді;  енді  кӛже-кӛпсегіңді  ішіп  алып,  еш  нәрсе  ойламай, 

ешкімге  тіл  қатпай,  уайым-қайғысыз  ұйқыға  бас  қою  ғана  қолыңыздан 

келері;  әй,  бәрібір  ӛйте  алмайсыз-ау,  ӛйткені  таңның  атпауы,  күннің 

шықпауы мүмкін бе? 

Ендеше, сол таң, сол күнмен бірге барлық мазасыз тіршілігіңнің күйбің-

күйбің  ұшы-қиырсыз  шаруасы  басталар;  шаршатып,  зарықтарып  барып  таң 

атты  делік,  енді  дала  емес,  ӛз  үйшігіңдегі  қамалып  тұрған  қараңғылықты 

болжайсың;  енді  үйден  жеріп,  есікті  шалқалата  ашып  қалғаныңда,  бәрібір 

күні  кеше  ғана  сарыжағалданып,  қаумалап  тұрған  ӛзгермес  кӛріністің  шып-

шырғасын  шығармай,  жұтып  қойғанын  кӛресің;  жұтып  қойған  түн  емес, 

ендігі  сәтте  тұман  болмақ;  ақ  сұр  тұман  арасында  адасып  жүріп,  жалғыз 

атыңды  іздеуге  шығасың;  ақ  сұр  тұман  орман  екеш  орманды  жым-жылас 

қылғытып қойған; ақ сұр тұманның ара-арасынан тесіп жетім тамшылар ағып 

түседі;  ал  сұр  тұманның  ӛзі  салқын  да  сызды  дым  бүркеді;  тынысың 

тарылып,  екі  иінінен  албасты  басқандай  мәңгірген  күйде  дірдек  қағып, 

ғадетіңе  қалыптасып  қалған  түйсіктің  сілтеуімен  жалғыз  аяқ  сүрлеуді  іздеп 

табарсың; жалғыз аяқ сүрлеу пендесін әсте адастырған емес, сені де бұйдалап 

алып  ойлы  орманға  апарар;  ең  ғажабы  —  осынау  қоп-қою  болып  жер 

бауырлап  шӛгіп  жатар  тұман  түн  баласында  бас  алдырмай  сабалаған  нӛпір 

нӛсердің соққысынан сау-тамтығы қалмай, бейкеспір болған қайғылы қайран 

даланың  дал-дұл  сықпытын  кӛрер  кӛзден  жасырғысы  келгені  шығар; 

таңғажайып тағы бір жай сол — сиырдың сілекейіндей шұбатылған қақ-қақ 

жалғыз  аяң  кӛрбілте  жолмен  ілби  басып  келе  жатсаң,  тізгін  бойы  айналаң 

ашық болып тұрар, ал жүрген сайын алдың сӛгіліп, артың қымталып отырар; 

ӛмірдің  ӛзі  іспетті  ӛткенің  ұрланып,  келер  күнің  жұмбақ  жатар,  тек  қазіргі 


Sauap.org 

қаракетің  ғана  ашық  ажарын  танытпақ;  мынау  кӛрбілте  соқпақ  ат  іздеген 

азаматтың  ғұмырнамасы  секілді  еді;  ат  іздеген  адам  орманға  кіргенде, 

самаладай  сап  түзер  ағаштардың  тек  құр  сүлдесін  ғана  керіп  келеді; 

қарайғанның бәрі тор шолағы болып елестейді; ұзақ сандалып барып сұрғылт 

та  сұсты  тұманның  арасынан  туған,  әйтеуір,  бір  тұлға  сүлделенеді,  ендігі 

мәурітте  сол  сүлдеге  қарсы  жүрген  сүлденің  бірі  тағы  ӛзіңсің;  бірте-бірте 

жақындаған  сайын,  ол  да  бірте-бірте  жылжып  жақындайды;  әне,  қоп-қою 

тұманның  арасында  ӛзінің  ала  жаздайғы  есіл  еңбегінің  үйіндісі  нобайланып 

тұр;  ол  —  сен  маялаған  пішен,  астыңдағы  аяқ  артар  жалғыз  атың  мен 

аузыңды  аққа  жарытар  тарғыл  сиырыңның  қыстайғы  азығы;  жақындайсың; 

ақ сұр тұман арасынан тағы бір зат кӛрініс береді; «торы шолағым екен ғой» 

деп қуана жүгіресің, бірақ ақ тұманды әлгі малдың шаңырақтай мүйізі тесіп 

тұрғынына  кӛзің  жеткенде  ғана,  тарғыл  сиырыңды  танисың,  тарғыл  сиыр 

кәперсіз,  сыртын  күн  жеп  сарғайтқан  маяның  қабырғасын  ашып, 

тотияйындап  кӛкпеңбек  шӛпті  үңги  тұмсығын  тығып  жіберген;  «қарасан 

келгір-ай,  қыстайғы  талшығыңды  желтоқсан  түспей  жеп  қоярмысың»  деп, 

аса кейіспен маяны айнала бергеніңде, құлағыңа ішін тартқан торы шолақтың 

танау  қорылы  келер;  енді  маяның  екінші  жағында  шӛптің  сарғайған  бетін 

түріп тастап, кӛкке кӛміліп тұрған аяқ артарыңды кӛресің; «қасқыр жегір-ай, 

ішіңді тартып тағы да жаңбыр шақырдың-ау, қыстай атауыңды жеймісің» деп 

күбірлеп,  жүгендей  бастай-сың;  сосын  ат  кӛпір  болып  шашылып  жатқан 

шӛпті  жинап,  қымтағансымақ  боласың  да,  атқа  жайдақ  мінесің;  енді  сен 

адаспайсың,  тарғыл  сиырдан  кӛз  жазып  қалмасаң  болды,  қораны  ӛзі  табар; 

жаңбыр  суы  ӛтіп,  әбден  ылжырап,  иі  қанған  жалғыз  аяқ  сүрлеуге  тарғыл 

сиыр  мен  шолақтың  ойдым-ойдым  ізі  түседі;  ойдым-ойдым  ізге  су  іркіліп, 

тостағанда толып қалып жатыр; жалғыз аяқ жолда, қарашаның ақ сұр тұман 

басқа  таңында  әсте  сенің  емес,  малдың  ізі  қалады;  ӛйткені  сен  солардың 

арқасында  тірлік  қылып  келесің...  шаруа  ертеңінде  тұрғанда  дүниені  ақ 

жаңбыр  да,  ақ  сұр  тұманнан  да  ӛзге  ақ  сұр  кебін  —  бозқырау  басып 

жатқанын  кӛрді;  ағаш  бұтақтарында  сарқылып  үлгермеген  су  тамшылары 

моншақ  боп  қатып,  ал  таудан  жӛңкіле  қулаған  ұла  бұлақтың  екі  ернеуін 

таңғажайып  ою-ӛрнек  жырымдапты;  ашық  аспанның  тым-тым  биігінде 

қарғалар  желдеп  ұшады;  шаруа  құстың  қоры  қарғаның  осыншалық  еліре 

биіктеп,  кӛк  күмбезіне  ойнақ  салғанын  кӛргені  осы  еді,  ӛзінің  де  тым 

құрығанда қарғалардай қайраты болмағанына, арқандаған аттай шырғалап, ӛз 

ошағын  ғана  таз  тақырлап  ғұмыр  кешкеніне,  шырқау  биікке  тӛские  шап- 

шылып бір кӛтеріліп, сонсоң... сонсоң құлап-ақ кетпегеніне опынды ма, ауыр 

күрсініп,  тор  шолағын  тағы  да  іздеуге  шықты;  боз  қыраудың  сиырлар 

жусаған  тұсы  қап-қара  боп  буы  бұрқырап,  ал  ӛзеннен  шудаланып  жеңіл  бу 

кӛтерілер; жалаң аяқтың емес, керзі етіктің жап-жалпақ табаны боз қырауға 

тіпті де ойдымды із боп түспейді екен...  


Sauap.org 



3. ІҢІР 

 

Күн алтын ұясына қона, осылып-осылып жатқан тау аңғарын аса қатты 



жаңғырық  жарып  ӛтетін;  ол  —  күн  мен  түн  екі  арасындағы  іңір  сәттің 

хабаршы  үні;  мынау  жұмыр  жердегі  тіршілік  атаулының  осы  әлемге  ие 

екеніне  куәлік  іспеттес  кӛрсетер  сесі,  немесе  кіндік  қан  тамған  туған  жер, 

ӛскен  елінің,  ардақ  ұлы  еркелегенде  айтар  әні;  немесе  мал  қайырған 

бақташының жер басып жүргенін дүние-кӛкке паш еткен ең алғашқы, әрі ең 

ақырғы  айғағы  секілді;  кешкі  жаңғырық  ызыңдап  барып  тарап  кеткен  соң, 

мағшар сәтіндей іңір сәті бірте-бірте ұйиды да, қызыл күрең ӛңір маужыр да 

мамыр  күйдің  мақпал  құшағында  тұншығады;  екі  кештің  арасы  — 

намаздыгер  шақта  тек  асқар  Алтайдың  —  алып  Алтайдың  құзар  шыңында 

ғана  әлгінде ғайып болған  күннің адасып қалған  жетім  шапағы  жасырынып 

жатады;  ал  сыпыра  батыс  кӛпке  дейін  қош-қошпен  қимай  қинала  ұзатып 

жіберген  Күн  сұлуын  жоқтап,  жылай-жылай  қанталап  кеткен;  сыңсыған 

қисапсыз  үміт-мақсұтын  тонатып  алғандай,  күйгелек  күйдің  шоқтығына 

жармасқан  сәуле  үрке  қашып,  секіріп-секіріп  бағаналардың  басына  шығып 

кетіскелі қашан; қара барқынданып уайым уыстап жатқан жарықтық жердің 

кеудесіндегі 

болар-болмас 

жылтыраған 

ӛлімсі 

шам 


жарығын 

жалғызсыратпайтын  Қойшы  жұлдыз  ғана;  іңір  сәні  —  осы  жұлдыз;  осы 

жұлдыз  туа,  шаруа  тағы  да  жалғыз  аяқ  кӛрбілте  жолға  түсіп,  орманға 

беттейді; тор шолақ қос доңғалақты арбаны ауырсынғандай, ілби аяңдайды; 

арбаның  қос  доңғалағы  ӛрге  шы-  ғарда  «майла-майла»  деп  зар  еңіреп 

шиқылдаса, еңіске құларда «майласаң майла, майламасаң қой» деп, зыр-зыр 

айналып,  торы  шолақтың  ӛзін ӛңкілдете  қуады;  іңірде  сапар  шеккен  шаруа, 

жетіскенінен  сапар шекпеген  шаруа,  күндізгі жұмыстан  қолы  босап, ӛз  еркі 

ӛзіне  тиген  соң,  кеше  кешке  дайындаған  отынын  тиеп  қайтуға  барады;  ол 

мынау  дүниеге  қайта  келгендей,  дел-сал,  ұйқылы-ояу  ӛзгеше  масаң  сезімде 

еді;  ол  арбаны  емес,  бар  арманын,  суішкілігінің  бар  ауқат-сауқатын,  бала-

шағасының ертеңгі кӛрер таңын сүйреп келеді білем; тауға қарады — марқұм 

болып  кеткен  секілді  жым-жырт  шӛгіп  жатыр;  іңір  жолы  жетелеп  ӛткелге 

әкелді,  ӛзен  беті  алқара  тартып  шымырлап,  ӛрескел  бір  үрейдің  сабырмен 

қайнаған  қара  қазаны  сықылданады;  ал  шаруа  «бисміллә»  деп  ӛткелге 

түскенде,  жаңа  ғана  салқын  қандылықпен  жуасып  аққан  су  ат  тізесі  қақ 

жарған  сайын,  гүрп-гүрп  етіп  беймезгіл  шақты  қиқулы  үнге  бӛледі;  егер 

ғұмырында  тым  болмағанда  бір  рет  іңір  жамылып  жолға  шығып,  сол  іңірді 

жамылып  судан  ӛткенін  рас  болса,  дүниеде  бұдан  қорқынышты  минуттың 

жоғын  білерсің;  сенің  жүрегің  тоқтап  қалған,  миың  да  істемейді,  ердің 

қасынан тас қып ұстап, бас ерікті астыңдағы атыңа бересің, басың айналып, 

жер  кӛше  бастайды;  сосын  кӛзіңді  жұмасың,  ашқаныңда  судан  шығып, 

үңірейіп-саңырайған  бұта-қарағанды  тоғайдың  ішінде  тұрғаныңды  кӛресің, 

ал әр бұтаның түбінде бір -бір мыстан кемпір бұғып жатқандай-ау; арбаңды 

шиқылдатып  тағы  да  алға  жылжы;  құлағыңның  түбінен  ызың  етіп  монтаны 

қоңыз ұшып ӛтеді, анау бақылдаған бақалар; жүрегің сыздап барып қайтадан 



Sauap.org 

дүрсілдеп соғып кетеді; енді әлденені сағынғандайсың; ептеп желемік тұрып 

еді,  мұрныңа  сүрлеген  еттің  иісіндей  жағымды  иіс  келеді,  не  аттың,  не 

адамның  терісінің  иісі  ме,  әйтеуір,  жер  басып  жүргеніңнің  куәгері;  күн  мен 

түннің дәнекершісі — іңір жұқанақтана іріп, таудың арғы беті әктенеді, сонан 

соң  қара  кӛк  аспанның  етегі  ағараң  тартып,  ұлы  жіңгір  әсеми  сипатқа 

дайындалып  жатқанын  сезесің;  әрі  қаяулы,  әрі  қуанышты;  әрі  әсем,  әрі 

жұтаң;  әрі  асқақ,  әрі  пәс,  әрі  бақытты,  әрі  сорлы;    әрі  ән,  әрі  күй  үн 

шымырлап  шығып,  бағанағы  бір  кешкі  жаңғырықша  шапшаң  да  келте 

қайырылмай, ӛміршең екпінмен іңір сәтін әлдилеп тұрады; ол — шаруаның 

шалқығанынан айтпаған, шаршағаннан айтқан еріксіз жыры еді; бейуақытта 

ән  айтқан  адам  бақи  тірі  болса  ғой,  шіркін;  бірақ  іңірде  тек  шаруалар  ғана 

жолға  шығып,  тек  шаруалар  ғана  ән  айтатын  секілді;  тек  солар  ғана  жүрек 

тербер  ән  тиеп  барып,  тіршілігіңнің  жағар  отынын  алып  қайтатын  секілді... 

тек  солар  ғана  мәңгі  ӛзгеріссіз  мың  жасайтын  секілді...  желіндеп,  сыздап, 

шелейіп ай туып келеді... 

Ер екеніңді білейін, іңірде жолға шықшы. 

 


Sauap.org 



4. ТАСҚЫН 

 

Екі алақанымды кӛк желкеме қойып, анау күміс таналар тағылған алқара 



аспанға қарап, ойға батып жатырмын; арқамнан жаңа шабылған шалғынның 

сызы шым-шымдап ӛткендей болады; мұрынға балаусаның иісі келіп, осы иіс 

арқылы  туған  жердің  сабырлы  да  салқын  лебі  желе  жортып  жеткендей 

болады, әне... әне... сұңғақ сұлу қайыңның жапырағы, үп еткен жел тербеген 

сайын,  сыбдырласып  шүйіркелессе,  әлдеқайдан  ат  кісі-  нейді,  әлдеқайдан 

түнгі  жаңғырық,  әлдеқайдан  әсем  созылған  мұңлы  ән  естіледі;  дәл  іргеден 

үйрек  сымпылдап,  бақа  бақылдайды;  кӛзімді  жұмдым,—  бәрібір  осы 

тамылжыған  талмауыр  кӛріністі  кӛремін;  құлағымды  басамын,—  бәрібір 

сиқырлы  да  сыбызғылы  әуезді  естимін;  тәңірім-ау,  бұл  не  ғажап;  неге 

жүрегім  сыздап,  кӛзіме  жас  іркілді?  Құдай-ау,  мен  жылап  жатырмын  ғой... 

бұл не? Жоқ! Бұл — туған жердің торқалы топырағына деген аялы да іңкәр 

сезімнің алақаны маңдайымнан сипағанда, ӛре түрегелген тәкаппар кӛңілдің 

шын  елжіреуі;  мен,  неге  екені  белгісіз,  қапияда  туар  ұлы  шуылды  елегізи 

тосып, алаңдай аңсап жаттым; бәрі тамаша, бәрі маужыраңқы, жақсы іспетті; 

әйтсе  де  бір  ақылды  тентек  үн,  ер  серпіген  қарқара  дүбір,  уа,  асқаралы 

айбарды кӛксеулі кӛңіл; сонда мен: «Ей, ағайын, тӛрт кӛзің түгел кереметсің, 

бірақ мен мынау еміс-еміс естілген сарынды қиқулы үнді сағынамын»,— деп, 

жар салғым келді; міне, ол үн! Ұйқылы-ояу табиғат дүр сілкінді де, жылдар 

бойы қаңсып, табанын тас отарлаған жасыл жағалаулы кӛне арнамен, алтын 

ағысты,  асығыс  ағысты,  сұрапыл  шуылмен  сел  ақты;  ол  кӛктемгі  тасқын; 

ұмытылған  қаңсық  арнаға  оқыс  құлаған,  бір  кезде  қағажу  керген  судың 

байып, ӛз еркі, ӛз ырқы ӛзіне тиген соң, құлындай құлдыраған әрі бақытты, 

әрі шаттықты, уа, қайғылы сұңғыла сапары — оң сапары еді; құлақты адасып 

барып,  алжасып  барып  арнасын  тапқан  тасқынның  Толқыны,  салтанатты 

Толқыны,  шырқап  салған  ғажап  даусы  жарып  барады...  е,  ақсарбас...  е, 

аңсарбас  —  жылайды  Толқын,  шулайды  Толқын,  тулайды  Толқын;  бұл  — 

ғайыптан  емес,  табиғаттан  пайда  болған,  жаһан  құрсағын  тепсіне  шығып, 

еңіреп келген айналайын алапат тасқынның кеуделі де кесірлі Толқыны! Мен 

жайлы  да  жұмсақ  орнымнан  атып  тұрып,  кӛзімнің  жасын  сүрттім  де: 

«Жасасын, жас Тол қын!»— деп, бар даусыммен айқай салдым; менің үнімді 

аңғал-саңғал маубас таулар, ойдан басқа түк бітірмейтін ормандар, бір күнгі 

тоқтыққа  мәз  қаз-үйректер,  арқасынан  қақса  асқақтай  беретін  аспан,  ӛз 

пайдасының  құлы  —  құрбақалар,  жыпжықай  шымшық  шаптығып  тыңдап, 

құдіретіне  кӛзі  жеткен  соң,  шаттықпен  қайталады...  қайталады;  табиғаттың 

кенже ұлы «Тасқын» қаң- сыған арнаны аласапыран жойқын үнге бӛлеп, сай-

сүйегіңді сырқыратар ӛміршең шуылмен асығыс ағып бара жатқан... 

Ер  екеніңді  білейін,  осындай  тау  толқынды  тасқынға  қарсы  қауқар 

тапшы! 


10 

Sauap.org 



5. ӚТКІНШІ 

 

Сол бір жылдың жазы қуаң басталды; сол бір жылдың жазында қырат-



қыраттың жаңадан ғана желкілдей бастаған кӛгі сап-сары болып күйіп қалды; 

күйіп  қалған  шӛп  қара-құрымшаңға  бӛгіп,  жарықтық  әуеден  тамар  жалғыз 

тамшы  жаңбырды  кӛксер  еді;  таңдайы  кеберсіген  даланың  сары  жағал 

тӛсінен  аһ  ұрған  аптап  жалын  атып,  ал  қара  жолдың  май  топырағына 

жалаңаш  табаның  тисе,  шыжғырып  түсетін;  жылға-жылғадағы  суыртпақ 

бұлақтардың кенезесі кеуіп қалғалы қашан; ӛрісте мал, аспанда құс жоқ, бәрі-

бәрі  Ертістің  ернеуін  мекендеп  алған;  кӛкжиек  те  бұрынғыдай  емес,  тым 

алыс,  ал  Күн  жазғанға  тіпті  қарағың  келмейді;  дүниенің  қазіргі  кеспірі 

қақсыған  қазанды  қара  жердің  үстіне  тӛңкере  салғандай  еді;  сол  қазанды 

әлдекім  от  жағып  қыздырып,  бар  тіршілік  құртуға  ниет  қылғандай  еді;  күн 

еңкейгенше,  тырп  етпей  ӛренің  астында  ер-тоқымын  бүтіндеп  отырар 

шаруашып-шып шыққан маңдай терін сұқ саусағымен сыпырып тастады да, 

жақтырмай кӛкке қарады:  

Жарықтықтың жануы-ай! Жарықтықтың жанып тұрғаны рас-ты; күймей, 

ӛртенбей  тұрған  не  бар  дейсің,  тек  түбі  қайырлы  болсын  да;  түбі  қайырлы 

болса, әлі-ақ мынау сартап даланың бойына қан жүгіріп, күні кешегі алжасыл 

базарлы  тірлігін  қайтарып  алар,  сӛйтіп,  кӛсегесі  қайта  кегерер,  кӛсегесі 

кӛгерген баян дала айналайын аспаннан жауған ізгі нӛсерге ернін тосып, шын 

жарылқаушы  —  шын  піріне  сиынар  да,  мұқым  ғұмыры  тек  қана  жаңбыр 

суына телулі екенін, онсыз кӛн тулақ кӛнге айналарын, бұл күйге бір түссе, 

агрономнан  пайда  жоқ,  апайтӛсінде  қыбырлаған  барша  жан-жануар 

адамзаттың  күні  қараң  екенін  зерделер;  сондықтан  ба,  Жер-Ана  аспаннан 

әлемге  жалбарынып  сусын  сұрар,  Адамзат,  біз үшін  сұрар;  бір  айға  тақады, 

әуе кӛкбеттеніп, бӛлекше бір қырсықты мінез аңғартқан; ұшқан құс, жүгірген 

аң  аузын  ашып,  кӛлге  құлар;  осыншалық  қапырық  ауадан  ӛлексе  иіс 

сезілетіндей еді; Шаруа ӛренің астынан шығып, ӛзенге беттеді; қырдағы ӛмір 

суға  кӛшкен:  үйездеген  жылқы,  шыбындаған  ешкі,  оқыралаған  сиыр,  тілі 

салақтаған  ит  су  кешіп,  сол  түліктің  ара-арасында  бала-шаға  жүзеді 

тыраңдап; қаңсыған астау, ағаш шелек, күбі, сабаларды таспен бастырып суға 

тастаған;  құрт-құмырсқаға  дейін  ендігі  үміт  —  ӛзенді  жайлаған;  барлық 

тіршіліктің  күні  ӛзіне  түскенін  сезінген  ӛзен  ӛзгеше  менмендікпен  керги 

ағады  десек  те,  қолынан  келер  жақсылығын  бұлдаған  жоқ;  күні  кеше  ғана 

жазғытұрымның  қара  қатқақ  жол,  ӛкпек  ызғарына  шыдай  алмай,  бір  сәттік 

шуақты  аңсаған  жұрт  сол  тілектерінен  қайта  айнып,  сүйек  қарыр  суықты 

кӛксегендей  еді;  анық  есі  шыққанда,  ұяттан  да  безініп,  үлкен  -кіші,  еркек-

ұрғашысыаралас  суда  жатыр  мамырлап;  тек  дала  ғана  от  болып  жанып, 

қойнындағы  бар  асылы  —  толайым  тіршілік  иелерінен  айрылып  жесір 

қалған, егер құдайдың құдіретімен шелектеп жауын жауа жӛнелсе, безектеп 

келіп  ӛз  құшағын  паналарын  және  ойлап  жатыр-ау;  қыл  аяғы  күні  бойы 

қимай отырған қисық аяқ Шаруа да, әне, ӛзенге беттеді; Шаруаның жазығы 

жоқ та; биыл күрең биесі қысыр қалған — айғыр таба алмай қысыр қалған; 


11 

Sauap.org 

осыншалық  жер-кӛк  тұтаса  кӛні  кеуіп  қалған  мезетте,  әттең,  кеберсіген 

таңдайды мұздатып, қылғытып жіберер сұп-суық қымыз-ай десеңші; ал енді, 

осына 300 түтін ауылдан тостағанның түбін жасырар қымыз тауып кӛрші, ие, 

таба  алмақ  емессіз,  таба  алмақ  емессіз;  ӛйткені  бұл  ауыл  механизацияға 

кӛшкелі қашан; қайран дала қаңсып жатыр; күн күйіп тұр; бар аймақ ӛлімге 

бойұсынған;  бар  әлемнің  деміккен,  ыстықтаған,  сонсоң  ыңыранған  үні 

естіледі;  барша  әлемнің  тілі  салақтап,  лаулаған  жалын  қызуына  шыдай 

алмай,  солықтады-ай;  кӛлдер  мен  теңіздер  бұрқ-сарқ  қайнаса,  еңбектеген 

бала, еңкейген кәрі алақанын жайып аспанға телміреді; әттең, бір тамшы су! 

Маған  десе  бір  ай  жау,  бір  жыл  жау  —  о,  тәңірім,  жаңбыр  жау,  жау,  жау 

жаңбыр!  Күні  бойы  ақыл-  естен  айырылып,  Ертістің  жағасында  жайрап 

жатқан  жамиғат,  тек  қызыл  іңірде  ғана  баспаналарына  шұбырды;  қай-

қайсыбірі  де  екі  туып,  бір  қалғанындай,  осынау  күре  тамыр  ұлы  ӛзенді 

қимай,  қиналып  барады;  ал  күн  болса  табиғатқа  бағынбаймыз  деп,  кердең 

қағар  пендесін  сайқымазақ  қылғандай  қызара  күліп  батады;  қара  жерге 

күндізгі  ыстықтың  қоламталанған  аптабы  әлі  де  суымай,  табан  қыздырады; 

енді  бұл  ӛңір  кешқұрымға  жамыраған  аласапыран  тіршілігін  бастайды; 

ертеден  қара  кешке  дейін  албастыдай  басқан  ыстықтың  беті  қайтқандай 

болған соң, мәңгіріп жатқан ал сары қыраттар да арқа басын кеңге салғандай 

еді; дәл қызыл іңірде ептеп самал есті, бірақ ол да ыстық самал екен; ентіккен 

жүрекке  шипа  бола  алған  жоқ;  Шаруа  қоңыр  сиырын  әйеліне  сауғыздыда, 

күні бойы оқыралап оттай алмағанын ескерді де, ӛріске айдады; қысыр биені 

де  қоса  тұсап  қоя  берді;  соңсоң  әйелі  ұсынған  жылымшы  айранды  кіржие 

ішті  де,  ӛренің  астына  қайта  жантайды;  кӛзі  ілініп  кетсе  керек,  ояна  келсе, 

теріскейден жып-жылы жел есіп, ал аспанды ала бұлт торлай бастаған; табан 

астында пайда болған ӛзгеріс Шаруаны қайран қалдырған  жоқ, ер-тоқымын 

жастанған қалпы сығырайтып кӛзін ашты да, қайта жұмды;  

Шаруа ұйқтап жатып ғажап түс кӛрді; бүкіл жер бетін топан су қаптап 

кетіпті,  сол  жайсаң  судың  ішінде  қысыр  биесі  үйірге  түсіп  жүр,  енді  бір 

мезетте  әлгі  топан  су  дегені  телегей-теңіз  қымызға  айналады,  қос  уыстап 

кӛсіп  алып,  құныға  ұрттап  еді,  кермек  татыды;  ашық  аспанға  қарап  жатқан 

бетін әлдене шұқылай бастады; кӛзін ашып еді,— бірсін-бірсін жаңбыр жауа 

бастапты; «А, құдай, ақсарбас!»—атып тұрды да, екі алақанын кӛкке жайып, 

шӛке түсіп отыра кетті қара жерге. Жер жарықтық талаурап жатқан денесін 

қисапсыз  мол  тамшыға  сүйсіне  тӛсеп,  ӛзгеше  пәруаналықпен  қуаныштан 

жылап  жіберді;  құдды,  ардақ  ананың  жылдар  бойында  зынданда  жатқан 

жалғыз  ұлын  жаңа  ғана  босатып,  жаңа  ғана  мауқын  басқанындай  ӛзгеше 

алапат халде; бірсіндел бастаған нӛсер ұлғая келе айызды қандыра сіркіреді-

ай, ұзақ сіркіреді; бүкіл ауыл адамдары сыртқа шығып, бір ай бойы кӛксеген 

аспан  нұрын  қошеметтер  деген  Шаруа  ойы  адыра  қалды,  кӛбісі  ессіз 

ұйқының  құшағында  тұншығып  жатса,  қайсыбірі  есікті  сыңсыта  ашып 

қарасты да, қайта тығылды ініне; тек айналайын жер ғана мынау ізгі жаңбыр 

— алақай қуанышты ұзағынан сүйіндіргей деп тілейді; Шаруа ӛзі тізерлеген 

қалпы тақыр басын жаңбыр суына тӛсеп, ақыл-естен айырылып, сұлқ отыр; 



12 

Sauap.org 

түнделетіп жолдан оралған Шаруаның кӛршісі жеңіл машинадан асығыс түсе 

беріп:  «Түу,  не  ғып  сорғалады,  аспанның  түбі  тесіліп  кеткен  бе»,—  деді; 

тӛпелеп жауған нӛсер суы жинала келе, күні кешегі қаңсып қалған жылғадан 

бұлақ боп ақты — жазған жердің қуаныштан еңіреген кӛз жасы боп ақты; сол 

ақ  бұлақты  тізеден  кешіп  ақ  кӛйлекті  қыз  тұрды;  ақ  кӛйлекті  қыздың  үсті-

басы  малмандай  су,  әсіресе,  қап-қара,  қоп-қою,  ұп-ұзын  шашының  ұшынан 

сорғалаған  су  қандай  ғажап,  әрі  таза  десеңізші:  ақ  жаңбырдың  астында  ақ 

кӛйлек  киіп,  ақ  бұлақ  кешіп  тұрған  қыз  Шаруаның  мәңгі-бақида  қолы 

жетпейтін  ақ  шағала  арманындай  еді;  әттең,  адамдардың,  тым  тойым-  сыз 

пиғылы шамына тиді ме, Шолпан туа, нӛсер пышақ кескендей тыйылды; тек 

сонандай  жерде  қарақұрықтанып,  сорғи  қашып  бара  жатқан  ӛткінші 

жаңбырдың соңынан ақ кӛйлекті қыз ғана қуа кетті; «Әлі оралған жоқ, тіпті 

енді  мың  жылдан  соң  да  оралмақ  емес»,—  деп  түйді  Шаруа;  бәрі  де 

алдамшы,  ӛткіншідей  ӛксік  ӛмір,  желмаядай  желіп  ӛтер  нӛсер  Шаруаның 

ғұмырнамасындай еді; ай бойы зар еңіреп тілеген жаңбырды тақыр бас 

Шаруа мен ақ кӛйлекті қыздан ӛзге тірі жан елеген жоқ... 

 


13 

Sauap.org 



6. ЖАЛҒЫЗ АЯҚ ЖОЛ 

 

Баяғыда,  айхай,  дүние-айда,  бӛдене  тоқтыдай,  тоқты  қойдай,  қой 



сиырдай,  сиыр  пілдей,  піл  таудай,  таулары  адамдай  бағы  заманда,  адамдар 

бай-кедей,  жақсы-жаман  болып  бӛлінбеген  мамырстан  кӛне  дүниеде  ме 

екен,—  әйтеуір,  қой  үстінде  бозторғай  жұмыртқалаған  ерте,  ерте,  ертеде, 

ешкі жүні бӛртеде, бір жалғыз аяқ жол пайда болды; ол жалғыз аяқ кӛрбілте 

жолды  бертін  келе  әр  нәрсеге  жорып,  сан-саққа  жүгіртетін-ай;  біреулер 

айтты:  от  алып  қашқан  Прометейдің  ізі  деп;  енді  біреулер  айтты:  жерұйық 

іздеген  Асанқайғыдан  қалған  қасқа  жол  осы  деді;  тағы  біреулер,  тәңірімнің 

қолынан түсіріп алған тасбиығы екен десе, шалдар ақ табан шұбырындыдан 

қалған кӛне соқпақ осы деп кӛкіді; 

Шаруа  ойлайтын:  меніңше,  осының  бәрі  де  сандырақ,  ескі  жұрт  пен 

Жаңа  жұрттың  арасын  қосатын  ең  жасырын,  ең  тӛте,  тек  әкем  ғана  білетін 

жалғыз  аяқ  сүрлеу  —  бұл,  басқа  жұрт  тау  айналып  бір  күн  жүрсе,  әкем  ет 

пісірім  уақытта  салып  ұрып  жетіп-ақ  келер  еді;  ӛтірік-  шынын  қайдам, 

жалғыз  аяқ  жол  не  болғанда  да.  Адамдар  салған,  тек  солардың  ғана  тажал 

табаны  ойған  жол  екені  хақ;  жол  болған  соң  оның  да  тарихы,  былайғы 

жұртқа  беймағлұм  ӛз  сыры,  ӛз  жыры  барды;  сонау  шақтарға  дейін  бұл 

жолдың  бар-жоғын  Шаруадан  ӛзге  тірі  пенде  білмейтін;  ию-қию  ӛмірдің 

бәрінен қаға беріс, ӛз күні ӛзіне жеке-дара ғұмыр кешкен; жол, тек жолаушы 

жүрсе  ғана  қасиетті  ғой,  ал  бұл  болса  шын  иесінен  айырылған  соң, 

әлдекімнің боқты табаны кеудесін басқанды қаламайтұғын, қайта осылайша, 

ел кӛзіне күйік болмай, жайына жата бергісі келер; жалғыз аяқ жол, қисапсыз 

табандар  таптамағанын,  тумысындағы  таза  да  тәкаппар  қалпын  сақтауды 

мақсұттаса,  Шаруа  да  әкесі  ғана  жүріп  ӛткен  сүрлеуді  жат  жұрттық 

әлдекімдер  рәсуалауға  қимаған;  кей  күндері  күрең  биесіне  мініп  келіп,  осы 

ескі  соқпақпен  арлы-берлі  шапқылап,  ойқастап  алатын;  онысы  —  адам 

жүрмей, ернеуіне қалың шӛп шығып, тынысы тарыла бастаған соң, сартаптап 

жаңғыртқансымағы; құла дүз, қиян далада қазақтардың ізі түспеген жер жоқ-

ау; ойлап отырсақ, соның әрқайсысы заңғар заманалар салған тыртық іспетті 

де,  мыңдаған  жылдардың  тамырланып  кеткен  тарихы;  әр  тау,  әр  тӛбені 

белдеулеп,  небір  ит  тұмсығы  ӛтпес  ормандарды  қақ  тіліп,  алысқа,  тым 

шексіздікке жосылып, біріне-бірі қосылып, біріңді-бірің жетелеп, тар ӛмірден 

бар ӛмірге, бар ӛмірден тар ӛмірге бастар сенсің, құдіреті күшті қасқа Жол! 

Ей,  жолдар,  сендер  ӛлшеусіз  кӛпсіңдер,  бірақ  жалпақ  жұрттың  білетіні  бар, 

білмейтіні  бар  десек  те,  қай-қайсысың  да  адамдар  иелігіндесіңдер,  ӛйткені 

жол анасы — екі аяқ; Шаруа ойлайтын, егер мен жалғыз аяқ сүрлеумен күрең 

биеме  мініп  тарта  берсем,  қайда  барар  едім;  мүмкін,  үлкен  бір  шаһарға  тап 

болармын,  мүмкін,  бӛтен  ел,  бӛтен  жерге  тап  болармын,  әлде  қысы 

болмайтын,  сондықтан  шӛп  шаппайтын,  от  жағып,  күл  шығармайтын 

жерұйыққа  тап  болармын  ба?  әй,  қайдам,  ондай  жер-жаннат  жоқ  та  шығар-

ау? әншейін қаңғып, мұрындықсыз лаға беруге мені кім жібере қояды; қай екі 

туып,  бір  қалғаным  бар;  кең  сарайдай  боз  үйді  қойып,  от  жағып,  су 


14 

Sauap.org 

әкелмейтін  кӛп  үйдің  бірі  бұйырмағанда,  маған  туар  жақсылықтың  ауылы 

алыста, алыста... ендеше, мынау әкеден қалған жалғыз аяқ жолды кӛз құным 

қалғандай  қызғыштай  қорғауыма  не  себеп?  пайдасы  не?  пайдасы  —  Ескі 

жұрттан Жаңа жұртқа елден үш-тӛрт сағат бұрын жеткенім бе? Елден бұрын 

жеткендегі шыққан ұшпағым қайсы; баяғы ӛгіз аяң тірлік, қайта осы жолмен 

жүрмеген  жұрттың  қағанағы  қарқ,  сағанағы  сарқ,  жол  қадірі  жүргенде  ғана 

білінбек,  игілігін  былайғы  ел  кӛрсін,  бердім;  жалғыз  аяқты  соқпақты  тӛрт 

доңғалақтың  сауғасына  қидым;  ...бүгінде  Ескі  жұрт  пен  Жаңа  жұрттың 

арасын қосып жатқан ең тӛте жол — 

Шаруа  кӛрсеткен  жалғыз  аяқ  жол  болды;  бүгінде  жалғыз  аяқ  жолдың 

сорабы  да  жоқ,  үстіне  қиыршық  тас,  мыңдаған  машина  құм  тӛгілді  де, 

цементпен  тас  қып  желімдеді:  сонау  биікке  шығып  кӛз  салсаңыз,  әсіресе, 

жауыннан соң, айнадай жарқырайды-ай; ал үстінен ӛкіріп-бақырып жүздеген 

машина ӛткенде, осыншалық ауыр салмақ пен қапырық түтінге шыдай алмай 

еңбегі былқылдайды-ай; бүгінде жалғыз аяқ жол жоқ, әлдеқашан тас жолдың 

астында қор боп, құрып қалған, тек қайсыбір қыңыр тұстары ғана оқтай ағып 

ӛткен  тас  жолдан  шетқақпай  бұрыла  қашып,  турап  тастаған  құр  жіптей 

үзіліп-үзіліп  ағараңдамақ  —  тек  қана  тентектері  аман  қалған;  кей  күндері 

қатты жаңбыр жауғанда, шолақ-шолақ сілемге су толып, бертін келе жыраға 

айнала  бастаған-ды;  су  орып,  мүжіле  келе,  тас  жолға  зияны  тиетін  болған 

соң,  сол  бір  жырашыққа  айналған  сүрлеуді  және  де  құм  таспен  бітеп 

тастаған-ды; сонымен,  

Шаруа байғұс бәрібір жаңа жолмен жүре алған жоқ; биесіне мініп алып, 

майпаздай  жӛнелсе  болды,  не  алдынан,  не  артынан  машина  шығып, 

қақпалап,  еріксіз  ығыстырып  тастайды;  әсіресе,  бұрынғы  соқпақтың  жиек-

жиегінде  сыңсып  тұрар  хош  иісті  шӛптер  жағармай  иісімен  қуарып, 

сарғайған,  қыс  мезгілінде  де  жаңа  жауған  ақша  қарды  қара  қожалақтап 

ыстайтын;  

Шаруаға жаңа ғана ес кірді, бірақ кеш кірді, ӛзі үшін тек қана, тек қана 

жалғыз  аяқ  жол  керектігін  ұғынды;  ол  естіпті;  әкесі  аманатқа  қалдырған 

жалғыз  аяқ  жол,  баса  кӛктеп жаншыған  тас  жол  мен  шынжыр  табан  жылан 

бауыр  трактордың  азуы  бытыр-бытыр  үккенде,  шыдай  алмай,  таң  алдында 

сыңсып  жылайды-мыс;  тегі,  ӛз  иесін  қарғап-сілегені  білем;  жаңа  ауылдың 

адамдары  айтып  жүр:  ӛткінші  жауып  ӛткен  күннің  ертеңінде  Шаруа  күрең 

биесіне  мініп,  тас  жолмен  сыдырта  аяңдап  келе  жатты:  алдынан  сылаң  етіп 

шыға келген «Волгадан» бұрыла берем дегенде, артындағы ағаш тиеген УАЗ 

ауыр  машинасына  соғылып-ақ  қалғаны;  абиыр  болғанда,  ӛз  басы  аман,  тек 

жалғыз  биесін  ғана  тас  жолдың  садақасына  беріп  алды;  сол  УАЗ-ға  ӛлген 

биені салып, ескі ауылға алып келгенде, әйелі үйден ӛлік шығарғандай дауыс 

қылып  жоқтапты,  деседі  жұрт;  тағы  да  сол  жұрт  айтады:  Шаруаның  ӛзі  де 

бағамдамай қалса керек, күрең бие әлдеқашан үйірге түсіпті, сойғанда ішінен 

қара қасқа құлын шығыпты деседі; жалғыз аяқ жолдың кәріне ұшыраса керек 

деп  және  айтады  сол  жұрттар;  ӛтірік-шынын  қайдан  ғана  білейік,  біздің 

білетініміз — жаңа жолдың бәрі-бәрі ескі жолдың арқасында дүниеге келді, 



15 

Sauap.org 

ендеше,  жасасын  жалғыз  аяқ  жолдар...  жолдар...  жолдар...  Шаруа 

бейшараның жазығы не?!  

 


16 

Sauap.org 



7. БӘЙТЕРЕК 

 

Кеше күн қып-қызыл боп, аса жалқын бояуды армансыз жағынып, батыс 



жақ  жер-кӛкті  тұтастыра  ӛртеп,  ырымы  жаман  болып  еді,  Шаруа  әлденеге 

жорығандай, жүрегі лоблып, қырда ұзағырақ жүріп қалған; баяғыда — соғыс 

басталарда  да,  дәл  осындай  алқызыл  кештің  куәсі  болып  еді,  бірақ  кейінгі 

күннің байып батуын ӛңкей жақсылыққа жорып жүрді; биесінен айырылған 

жылы  да,  сонау  бір  ай  жауын  жаумай  құрғақшылық  болғанда  да,  міне,  дәл 

осындай  қан  қызыл  аспанды  кӛрмегені  рас;  ал  күннің  бүгінгі  сыңайы 

әлденендей сезік тастады шаршап соғар жүрекке; мүмкін, ертеңгі күн ашық 

болар деп  еді  —  бұлтты  болды;  ең  сұмдығы:  Ескі  ауыл  мен  Жаңа  ауылдың 

екі  ортасындағы  Кӛктӛбеде  ӛсіп  тұрар  бәйтеректі  әлдекім  жығып  әкетіпті; 

бір-ақкүнде  жығып,  «ДТ-54»  тракторымен  сүйреп  әкетіпті;  жылдар  бойына 

сырласары  да,  мұңдасары  да  —  жапанда  ӛскен  жалғыз  терек,  басқаны 

қайдам,  

Шаруаның  «қарайғанда  не  қалды,  қамыс  қалдысы»  еді;  қабырғасы 

қайысып,  тірлігінің  қиюы  қашқандай  болса,  тағы  да  осы  бәйтерекке 

құрыстанған  арқасын  сүйеп,  тӛрткүл  дүниедегі  айқай-сүреңнің  бәрін 

ұмытып, ӛз-ӛзінен мұң сағынып, шыңырау ойдың сұп-суық құдығына сусар 

еді;  жуан  да  соқталы  тамырлары  білем-білем  тарамыстанып,  қара  жерді 

қауып жатқан осына асқақ ағаштың бұтақтары иір-иір, әрі сүйекті де қуатты, 

мың  жыл  дауыл  соқса  да  миземейтін  кӛк  соққан  тентек  бітім;  кӛктемде 

кешеулеу бүрлеп, күз туа кешеуіл сарғаятын; ал  

теке  тіресе  біткен  быжырқай  бұтақтардың  ӛзі-ақ  бақта  сидия  ӛсетін 

қарағаштан әлдеқайда әлді, әлдеқайда жасылға байтын; ал жел соқса, осынау 

сүйекті бұтақтар ілгерінді-кейінді итініп шайқалақтамай, сіресіп тұратын; ал, 

алақандай-алақандай  жапырақтары  тӛңкеріліп  түсіп,  желмен  желбірер  еді; 

тӛңкеріліп  түсіп,  желмен  желбіреген  жапырақтардың  әрқайсысы  күн 

нұрымен шағылысқанда, бәйтеректің тұла бойы күміске шомылар еді; ал әр 

жапырақ  бебеу  қаға  дірілдегенде,  кӛп  дауыстанған  қытықшыл  әсем  үн 

шығарып,  осы  үн  мынау  дүрия  даланың  ендігі  қалған  жалғыз  жоқшысына, 

жалғыз жыршысына айналар еді; ал айдалада асқақ ӛскен бәйтеректің желді 

күнгі суылы жеңіс күйін шертіп, мәңгі маздақ ӛмір шаттығын мадақтағандай 

еді; Шаруа анда-санда жаяулап келіп, осы үнді, осы күйді тыңдап қайтатын; 

тыңдаған  сайын  жүрегін  шым-шымдаған  мұңлықты  сезім  билеп,  ӛзінің  әлі 

күнге тірі жүргені есіне енді ғана түскендей, сағым жортқан туған жеріне кӛз 

сата ұзақ телміретін; ӛліп, қайта тірілген халдегі Шаруа табиғаттың қапияда 

килігер сұрапыл опаттарына ырық бермей, оқыстан туып, оқыстан ӛлер мәңгі 

тірі  бәйтеректен  тым  болмағанда  бір  бұтағының  қуатын  бере  гӛр  деп 

жалбарынар білем; бірақ бұл жазғанның кӛрер таң, кешер ғұмыр жібі тағы да, 

тағы да екі аяқтылар санасына жалғанғанын сезе бермейтін; сезе бермейтіні 

адамдардың  бәрі  ӛзі  іспетті  ақ  кӛңіл,  жаны  жаз  деп  ойлағаннан  шығар, 

пенденің пейілін қойып, ағаш екеш ағаш та бір-біріне ұқсамақ емес, ендеше, 

жапандағы  жалғыз  терек  тағдыр  мен  уақыт  құлы  —  даланың  маңдайына 


17 

Sauap.org 

сыйса да, адамдар кӛңіліне сыя алған жоқ, сүйел болып қадалған екен — жан 

тапсырды;  ертеңгі  күні  осына  кепті  Шаруа  кимесіне  кім  кепіл,  ӛзі  берген 

жанды ӛзі алады да табиғат ием! сонымен бәйтеректен айрылдық; байғұсты 

жыға  алмай,  мыжғылап  ұзақ  қинаған  екен;  «Дружба»  деп  аталатын 

механикалы  арамен  алты  құлаш  ағашты  шыр  айналдыра  кесіп,  балтамен  ой 

жағынан  тамақтапты;  әбден  мейізденіп  қалған  теректен  ұшқан  шыңылтыр 

жаңқалар жайрап  жатыр;  соншалық  ауыр денемен  гүрс  құлағанда,  қайсыбір 

бұтақтары  қара  жерге  қарс  кіріп  кетсе,  қос  трактор  сүйреп  ӛткен  жолында 

сағағынан  мезгілсіз  үзілген  жапыраққа  толы  жосылған  із  қалыпты;  ең 

ғажабы:  иесінен  айырылған  теректің  түбінен  быршып-быршып  жып-

жылымшы су шығып, қара сүмек терге ме, ботадай боздаған кӛздің жасына 

ма  шомып  жатыр;  ең  сұмдығы:  терек  түбін  жалаңаштап  үш  елідей  қалың 

қабықты  ерінбей-жалықпай  аршып  кеткен  екен;  бұл  түпті-тұқиянымен 

құртпақ  ниеті  білем;  Шаруаның  қатты  қайран  қалғаны  осы  жайт-тын;  бірақ 

кӛпті  кӛрген  кӛне  шал  үйінен  балшық  езіп  әкеліп,  тұмшалап  тұрып  сылап 

тастады;  келесі  жылы  кӛктемде  қайта  оралса,  бәйтеректің  томары  сол  ӛзі 

сылаған  қалпында  тұр  екен  де,  дәл  түбінен  кӛк  ӛрім  шыбықтар  қылтиып, 

ӛнген;  Шаруа  шалқып  жатқан  салқар  жазық,  ойпат-қыраттардың  ақ-  жасыл 

кӛйлегін  қайта  киген  мәз  тірлігін  әзірге  ғана  байқаған;  байқаса,  о  да  қайта 

туған,  қайта  жасарған,  сонадайдан  мен  мұндалап  тұрар  бәйтеректен 

айырылған  құстар  былтыр  қалдырған  ұясын  іздеп,  кӛгілдір  аспанда  шарқ 

ұрады;  Шаруаның  кӛңіл  құсы  қоса  ұшып,  ұя  салар  бәйтеректі  және 

кӛксегендей; енді бір туар, енді бір жасасар жасыл ӛмірді сағынғандай; кӛксе, 

сағын,  бәрі  бекер;  артында  жосылып  қалған  із  де  жоқ,  кӛктеп  шығар  түбір 

жоқ,  қаңсып  ӛткен  қайран  жылдар-ай;  «Сап-сап  кӛңілім,—  деді  Шаруа 

сонсоң,—  сандала  берме,  ӛкінішті  күндерім  кӛп  болғанымен,  ӛксіп  ӛтер 

жылдарым  болған  жоқ;  құдай  қыршыннан  қиылғаннан  сақтасын;  бір  ӛмір 

ӛлгенмен,  бір  ӛмір  тумақ,  күзде  қуарып  түскен  жапырақ  кӛктемде  қайта 

кӛгермек  емес,  ескінің  орны  жаңаныкі,  бәйтеректің  түбірінен  жас  ӛскін 

кӛктепті,  соның  тілеуін  тілейін,  болмасқа  бордай  езіліп  қайтеміз,  жаратқан 

ием жас ғұмырды жарылқағай; қош, ғасырлар куәсі бәйтерек, қош! Мен сені 

сағынармын, саяңды сағынармын, желді күнгі әсем әніңді  сағынармын, ескі 

кӛз,  кәрі  досым  едің,  артыңа  ұрпағыңды  қалдырдың  да  бақилыққа  кӛз 

жұмдың;  сені  мен  ғана  емес,  алыстан  арып-ашып  келер  жолаушы,  басыңды 

пана тұтар құстар, бәрінен бұрын қара жер сағынар, сарғая күтер, бірақ сен 

оралмайсың,  сен  жоқсың;  артыңда  қалған  жас  шыбықтың  қабырғасы 

қатқанша,  мен  де  бұл  дүниеден  аттанармын;  ең  аяныштысы  сол  —  менен 

ұрпақ  қалмады;  қалған  —  қарғыс  атқан  соғыс  жалмады;—  қалған  — 

күнбатысқа аттанды, әлі қайтқан жоқ; мен оны әр күн сайын сенің түбіңнен 

келіп  тосар  едім;  ӛйткені  сенің  түбіңнен  аттандырған  едім;  мүмкін,  барған 

жағыңнан кӛре қалсаң, сәлем айт! Әкең әлі тірі де, күрең биесінен айрылған 

де,  жалғыз  аяқ  жол  жоғалған  де,  әбден  алжыған  де,  екі  кӛзі  тӛрт  болып, 

жанары солған де, күн қызарып батса болды, зәре-құты қалмайды де, жуықта 

бір  түс  кӛріпті  де,  түсінде  жаман  іс  кӛріпті  де  —  жалы  қан-қан  ақ  боз  атқа 



18 

Sauap.org 

мініп жүр екенсің де, әлі де жауыңмен жағаласып жүр екенсің де, бес уақыт 

намазында қолына тасбиық алып тілейтіні, сары уайым жұтып жүдейтіні — 

бейбітшілік  те;  «Бәріне  де  сен  кінәлы,  ей,  Адам»,—  де,  сондықтан  азып, 

жүдеген  де,  тағдыр  әбден  жүндеген  де,  айт,  бәрін  айта  бар,  бәйтерек,  айта 

бар!» 

Ал түбірден кӛктеген жас ӛскін жеңімпаз жарапазанын шырқап тұрған. 



Ер екеніңді білейін, құлаған бәйтеректі тірілтіп кӛрші! 

 

 



 

 

 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 

алуды ұмытпаңыз! 

Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 

ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 

қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  кӛшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 

авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 

жауапкершілікті ӛз мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 

жолмен қол жеткізуге шақырады. 

 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет