Омір Ескали Экспедиция бағыты – мұзды Арктика



жүктеу 18.42 Kb.
Дата15.10.2018
өлшемі18.42 Kb.
Омір Ескали
Экспедиция бағыты – мұзды Арктика

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Арктика экспедициясына шақырту алды

Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округінен өңірге келген делегация мүшелері еңселі оқу орнында кездесу өткізіп, экологиялық экспедицияның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Осыдан 5 жыл бұрын бастау алған маңызды шараға Ресей, Аустрия, Болгария, Украина, Қытай және Куба елдерінен 160-тан астам өкіл қатысыпты. Еріктілер Арктиканың солтүстік бөлігін ауыр металл қалдықтарынан тазартып, ғылыми жұмыстармен шұғылданыпты.

Арктика Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік мұзды мұхитты аралдарымен қоса алғанда түгел қамтитын Жер шарының солтүстік полюс аймағы саналады. Ауданы – 27 млн шаршы шақырым, оның 15 млн шаршы шақырымын мұхит суы құрайды. Оның құрамына Ресейдің Мурманск, Архангельск, Түмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха Республикасы, Канаданың, АҚШ-тың, Данияның, Норвегияның бірқатар аралдары кіреді.

Солтүстік Қазақстан мен Ямал-Ненец өңірлерінің арасында ұқсастықтар аз емес. Сіздер сияқты біз де солтүстік аймақта тұрамыз. Екі тарап арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі беки түсеріне сенімдімін, – деді жиында Ямал-Ненец автономиялық округі халықаралық сыртқы байланыс департаменті директорының бірінші орынбасары Сергей Урамаев.

Экологиялық экспедиция 15 күнге жалғасады. Үміткерлер экология және биология мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттерден іріктеліп алынады. Олар ғалымдардан, биологтерден жасақталған экспедиция құрамында Карск теңізінің жағалауында орналасқан, бүгінде ешкім тұрмайтын Вилькицкий аралының тылсым сырларымен танысатын болады. Кезінде мұнда ірі өндіріс орындары, әскери бөлімдер, метеостансалар болған екен. Осында аумақтың экологиялық жағдайын реттеумен қатар ғылыми зерттеулер жүргізу–экспедицияның басты мақсаты.

«Арктика еріктілері» жобасының жетекшісі Евгений Рожковскийдің сөзіне қарағанда 5 жыл бойы Белое аралы қоқыстан тазартылыпты. Осылайша аралдың экологиялық паспорты барлық талаптарға сәйкестендіріліпті. Ендігі кезек – Вилькицкий аралы. Онда тек тікұшақ қана қатынайтын көрінеді. Ұйымдастырушылар экспедиция мүшелерін жатын орынмен, азық-түлікпен қамтамасыз етеді.



Экологиялық экспедиция сапары шілде айында басталады.
// Егемен Қазақстан. - 2018. - 30 сәуір


: files -> user
user -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
user -> Способ диагностики синдромальной патологии и изолированной микрогении у плода на сроках 11-13 недель беременности
user -> Вопросы тестового контроля по дисциплине «патологическая анатомия»
user -> Опухоли. Общая характеристика. Классификация
user -> «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
user -> 1. Легочная артериальная гипертензия
user -> 1 Некоторые вопросы патогенеза атрофического гастрита и кишечной метаплазии
user -> Вирусные болезни




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет