Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады



жүктеу 50.57 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі50.57 Kb.
Оқыту  әдістері  ұғымының  мазмұнын анықтауда  құрал, жол, тәсіл сөздерін  пайдаланудың  синонимдік  жағынан  педагогикалық  әдебиеттерде  әр  түрлі  көзқарастар  байқалады. Бұл  сөздер  бір-біріне  жақын, бірақ  әрқайсысының  өзіне  тән  не  мағыналық, не  қолдану  ерекшелігі  бар  сөздер.  Құрал  дидактикада  дербес  терминологиялық  мәні  бар  сөз. Мысал, дидактикада қолданатын  құралдар  оқыту  жабдықтары, оқыту  ақпаратының  көздері  (оқытудың  техникалық  құралдары, оқулықтар, оқу  құралдары, көрнекі  құралдар  т.б.).

Әдіс  (методос  деген  грек  сөзінен  туады – зерттеу  немесе  таным  жолы), тәсілдер  жиынтығы. Әдіс  педагогикалық  әдебиеттерде  тәсіл  деп  түсіндіріледі. Мысалы, швейцар  энциклопедиясында  әдіс  ұғымын  тәсіл  деп  түсінеді. Демек, оқу  әдістері  бұл  мұғалім мен оқушылардың  оқу-тәрбие  жұмысының  міндеттерін  ойдағыдай  шешуге  бағытталған  өзара  байланысты  іс-әрекетінің  тәсілдері. Оқыту  әдісін  осылай  дидактика  тұрғысынан  түсіндіру  жалпы  философиялық  анықтамаға  сай  келеді. Әдіс  дәл  жалпы  мағынасында  мақсатқа  жету  іс-әрекетін  нақты  ретке  келтіру  тәсілдері.

Оқыту  әдістері  ғылыми  таным  әдістеріне  байланысты, өйткені, оқытуда  ең  бастысы  оқұшылардың  танымдық  іс-әрекеті. Ғылыми  танымға  қатысты  бірсыпыра  ережелер  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінде  қолданылатын  оқыту  әдістерінің  ерекшелігін  анықтайды. Бұл  ережелер: оқыту  әдістері  ең  анық  фактілерді  білуді  қамтамасыз  етеді; оқыту  әдістері  практика  мен  теорияны  жақындастырады; оқыту  әдістері  шындықтытануға  әрекет  жасайды; идея  нақты  өмір  мәліметтерінен  қорытылады. Осы  ережелердің  бәрі  балалар  көзқарасының  қалыптасуының, таным  қабілеттерінің  дамуының  негізі  болады.

Оқыту  әдісі  мақсатқа  жетудің  саналы  түрде  қолданылатын  тәсілі, ал  мақсатқа  жету  мұғалімнің  шеберлігіне, оның  оқыту  процесін  тиімді  ұйымдастыра  білуіне, оқушылардың  даярлық  дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың  белсенділік  педагогикалық  ынтымақтастығына  байланысты.

«Оқыту  әдісі»  және  «әдістемелік  тәсіл»  ұғымдары  бір-бірімен  тікелей  байланысты. Әдістемелік  тәсіл  оқыту  әдісінің  элементі  (компоненті, құрамды  бөлімдер). Мысалы, жеке  сөздерді  түсіндіру, суреттерді  деманстрациялау  т.б.

«Әдіс»  пен  «тәсілдің»  шекарасы  өте  жылжымалы, құбылмалы, сондықтан  олардың  шекарасын  анықтау  өте  қиын. Өйткені, әдіс  кейде  тәсілге, ал  әдістемелік  тәсіл  оқыту  әдісіне  айналады. Мысалы:

1.  Егер  мұғалім  баяндау  процесінде  суреттерді  демонстрациялап  көрсетсе, онда  демонстрация  әдістемелік  тәсілге  жатады.

2.  Оқушылар  зерттеу  негізінде  суреттермен  танысып, тақырып  бойынша  нақты  білім  алса, онда  суреттерді  демонстрациялау  әдіске, ал  баяндау  тәсілге  жатады.

Оқыту  әдістері  мен  тәсілдері  жайындағы  зерттеу  мәліметтері  мұғалімдер  арасында  әлі  де  бірыңғай  түсініктердің  жоқтығын  көрсетеді. Әдіс  және  тәсіл  туралы  сіздің  түсінігіңіз  қалай  деген  сұраққа  жауап  берген  мұғалімдердің  40 %  әдіс, әдістемелік  тәсілмен  теңдес, бұл  екі  ұғым  бірдей  деп  түсіндіреді. Бұған  қарағанда, әдістер  мен  тәсілдер  туралы  кейбір  мұғалімдердің  педагогикалық  ғылымның  соңғы  жетістіктерімен  таныс емес  байқалады. Сондықтан  оқушылардың  білімін  көтеру  жүйесінде  бұл  проблемаларға  ерекше  көңіл  аударылу  қажет.

Оқыту  жеке  адамның  білімін, танымдық  және  шығармашылық  қабілетін  дамытудың  маңызды  құралы. Оқытудың  бірнеше  түрлері  бар:  түсіндірмелі – иллюстративті  оқыту, проблемалы  оқыту, бағдармалап  оқыту т.б.

Түсіндірмелі – иллюстративті  оқытудың  мақсаты –мұғалім  оқұшыларды  белгілі  білім  жүйесімен  қаруландырады, іскерлікке  үйретеді. Ол  үшін  жаңа  біліммен  таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялар  және  заңдар  туралы  түсінік  береді. Оқушылар  дайын  білімді  меңгереді. Жаңа  материялдарды  қайталап  бекітеді, түрлі  жаттығуларды, тапсырмаларды  орындау  барысында  алған  білімін  қолданады. Бұл  жерде  ешқандай  проблемалық  ситуация  тумайды.

Проблемалы  оқытудың  мақсаты –мұғалім мен оқушыларды  білім  жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен  қаруландырып  қана  қоймайды, олардың  танымдық  және  шығармашылық  қабілетін  дамытады. Оқушыларға  тақырып  бойынша  проблемалық  сұрақтар  қойылады. Оқушылар  проблемалық  сұрақтарды  шешудің  дұрыс  варианттарын  қарастырады, ойланады, жаңа  білімді  игеру  туралы  қорытынды  жасайды, оны  практикада  қолданады.

Проблемалы  оқыту – бұл  ғылым  негіздерін  оқып-білу  процесінде  жеке  адамның  жалпы  және  арнайы  қабілетінің  дамуы, танымдық  қажеттілігінің  қалыптасуы.

Бағдарлама  бойынша  оқу  материалдарының  көпшілігін  мұғалім проблемалық  ситуация  жағдайында  түсіндіруі  тиіс.

Продуктивті  іс-әрекетінің  айырмашылығы  оқушы белгілі  білімді  өз  бетімен  жаңа  ситуацияда  қолданады  немесе  белгілі  ситуацияда  жаңа  білімді, әрекет  жасаудың  жаңа  ережесін  табады. Бірақ  оқушылардың  дайын  алгоритімді, үлгіні  пайдалануы  да  мүмкін.

Проблеманы  оқыту  процесінде  мұғалім мен оқушылар  сұрақтар  қояды, түрлі  тапсырмалар  береді. Бұлардың  бәрі  проблемалық  ситуацияны  туғызады. Осының  нәтижесінде  әрбір  оқушы  сұраққа  жауап  беруге  немесе  проблеманы  шешуге  тырысады.

Сонымен  оқушылардың  әр  түрлі  шығармашылық  оқыту  іс-әрекетінде  мұғалім  проблемалық  ситуация  туғызады, жаңа  білімді  игеруде  оқушылардың  ойлау, іздену  іс-әрекетіне, олардың  оқыту  проблемасын  өз  бетімен  немесе  ұжымдасып  шешуіне  басшылық  етеді. Міне, проблемалы  оқытудың  мәні  осында.

ЮНЕСКО-ның  ұйымдастыруымен  1962  жылы  наурыз  айында  Париж  қаласында  бағдарламалап  оқыту  жайында  арнайы  конференция  өткізілді. Онда  ғалымдар  өзара  пікір  алысты.

Білім  беру  саласында  оқыту  процесінің  мәні  өте  зор, өйткені  осы  кездегі  қоғамдық - өндірістік  қатынастың  дамуы  оқытудың  ғылыми-практикалық  деңгейіне  байланысты.

Оқыту  процесін  ұйымдастыру  барысында  оқушы және  оқушылар  ұжымы  біржағынан  оқыту  объектісі, екінші  жағынан  оқыту  субъектісі  болады. Осыған  орай, оқыту  процесінде  мұғалімдер  мен  оқушылар  ынтымақтастығы, олардың  шығармашылық  еңбек  етулеріне  зор  сүйеніш  болады. Оқытудың  субъектілері  мен  объектілері  арасында  әр  түрлі  байланыстар  пайда  болады. Мысалы, мұғалім мен оқушылар арасындағы  қарым-қатынас  арқылы  ақпарат  алмасуы, ынтымақтастық  немесе  бірлестік  іс-әрекеті  т.б. Мұндай  байланыстар  оқыту  процесінің  табысты  болуына  игі  әсер  етеді.

Оқыту  процесіне  өзіне  тән  компанеттері  бар. Олар  оқытудың  мақсаты, мазмұны, формалары  мен  әдістері, сонымен  қатар  нәтижесі. Бұл  компоненттер  бір-бірімен  тікелей  байланысты  түрде  іске  асырылады, демек, педагогикалық  процес  сонда  ғана  татымды  нәтиже  береді.

Оқыту  процесінің  нәтижелі  болуы  оның  ішкі  қозғаушы  күштеріне  байланысты. Қозғаушы  күш  деп  қойылатын  талаптар  мен  оларды  орындауда оқушылардың  мүмкіндігі  арасындағы  қайшылықты  айтады. Егер  қойылатын  талап  оқушылардың  мүмкіншілігіне, яғни, даму  дәрежесіне  сай  келсе, онда  қайшылық  даму  процесінің  көзіне  айналады.

Оқыту  процесінің өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.

Оқыту  процесі  тәрбие  процесінде  қарағанда  анағұрлым  оңай  басқарылатын, тез  іске  асырылатын , нәтижесі  тез  тексерілетін  процесс. Мысалы, әрбір  сабақ  үстінде  бақылау, жаттығу  жұмыстары  және  сұрақ-жауап  арқылы  оқушылардың  білімін, іскерлігін, дағдысын  тексеріп, тез  қорытынды  шығаруға  болады. 





: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет