Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі



бет1/3
Дата24.01.2018
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3
Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі

2012 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралыақпарат
1-тармақ. Өңірлер экономикасының өсу резервтеріне одан әрі талдау жүргізу және оларды өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлердің іс-шаралар жоспарларына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, аумақтарды дамыту бағдарламаларына енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

2-тармақ. Өңірлер экономикасының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларын іске асыру.

3-тармақ. Өңірлік саясат мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлер экономикасының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларын іске асыру барысын қарастыру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары


Б.А. Сағынтаевтың 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 11-9/3960тапсырмасына сәйкес іске асырылатын бағдарламалық құжаттарды («Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҚР-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары,
5 жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама және т.б.) және ағымдағы экономикалық үрдістердіескере отырып, мүдделі органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіпэкономиканың өсу резервтерін пайдалану бойынша барлық 16 өңірлік жоспарды Министрлік өзектендірді және Өңірлік саясат ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізілді.

Өзектендірілген өңірлік жоспарлар ВАК отырысында мақұлданды және бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру мақсатында оның іс-шараларын облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының аумақтарын дамыту бағдарламасына біріктіру шешімі қабылданды.

Қазіргі уақытта облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері аумақтарды дамыту бағдарламасына өңірлік жоспарларды біріктіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жалпы жергілікті атқарушы органдар өңірлердің экономикалық өсуінің жаңа мүмкіншіліктерін тұрақты түрде іздестіру жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларға тиісті инвестициялық жобаларды қосу бойынша орталық мемлекеттік органдар тұрақты жұмыс жасайды.


4-тармақ. Салалық және өңіраралық өнеркәсіп кооперациясы есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайтуды, жергілікті қамтуды арттыруды, өңірлер экономикасы өсуінің резервтерін пайдалану бойынша өңірлік жоспарларға енгізілген іс-шаралар бойынша лизингті дамытуды қамтамасыз ету.

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) тұрақты негізде отандық тауар өндірушілерден (бұдан әрі – ОТӨ) ұзақ мерзімді тапсырыстар көлемдерінің өсуіне жәрдемдесу мақсатында Қор тобы компанияларын үйлестіруді жүзеге асырады.

2015 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша Қор тобы бойынша жалпы сомасы шамамен 1 трлн. 439 млрд. теңгеге ОТӨ-мен 856 ұзақ мерзімді шарттар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Қор қазақстандық кәсіпорындарды тұрақты кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында ОТӨ-мен ұзақ мерзімді шарттар санын одан әрі ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 2015 жылға арналған Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспары 466 млрд.теңгені құрайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияларының тобы 2 858 млрд.теңгеге, оның ішінде отандық тауар өндірушілермен 990 млрд.теңгеге ұзақ мерзімді шарттар жасасты.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тұрақты негізде өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі - ЕТҰ), оның ішінде салалық және өңіраралық кооперациялау, жергілікті (қазақстандық) қамтуды арттыру есебінен жүктемелерді ұлғайту мүмкіндігін зерттеуде, сондай-ақ жаңа нарықтары мен өнімдер түрлерін игеру мақсатында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді пысықтауда.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның ірі инвестициялық жобалары:

1) Кейін әлемдік нарыққа шығуымен бронды танк техникаларын жаңғырту және күрделі жөнделуін қамтамасыз ету үшін «Семей инжиниринг» АҚ өндірісін жаңғырту.Жобаны іске асыру шеңберінде ҚР Қарулы күштерінің әскери мақсаттағы өнімдердің импортына тәуелділігін азайтубойынша міндеттер орындалуда.

2) Aselsan (Түркия)әріптесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы аумағында электрондық-оптикалық құралдарды өндіру орталығын құру.

3) «IndraSystemas S.A.»(Испания) компаниясымен РЭБ және РЛС жүйелерінің жинақтау өндірісін құру.

Жобаны іске асыру мақсаты «Цикада-Р» РЭБ және «LANZA» РЛС жүйелері, сондай-ақ қазақстандық Каспий секторы үшін қадағалау және байланыс жүйелерінің өндірісін құру болып табылады.

4) Астана қаласында авиациялық-техникалық орталық құру

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 9 тамыздағы №3300 тапсырмасына сәйкес жобаны іске асыру үшін бөлінген 17,3 га жер учаскесі «Астана – жаңа қала» АЭА құрамына енгізілді. майдан және әскери авиациялық техникаларға қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге көзделген «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС («ҚАИ» ЖШС) құрылды. Қазіргі уақытта жобаға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

5) «ҚМГ» ҰК» АҚ ЭНИ компаниясымен бірлесіп (Исатай және Шағала теңіз учаскелерін барлау жобасы бойынша келісім шеңберінде) Маңғыстау облысының Құрық кентінде кеме жасау/кеме жөндеу зауытын салуды жоспарлауда.

«ҚазАгро» АҚкооперациялық байланысты нығайту, ҮИИДМБ, «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша сауда-экономикалық әлеуетті ұлғайтумақсатында, 240 жұмыс орнын құрумен11,0 млрд. теңгеге 10 жоба іске асыружүргізілуде: қуаттылығы 7,2 мың тонна етті қайта өңдеу комбинаты («Молочные истории» ЖШС); жылына 15,0 мың тонна өңдеу зауытымен1600 басқа сүтті-өнімді ферма («Милкер» ЖШС); күніне 50 тонна сүтті өнімдер қуаттылығымен сүтті өңдеу зауытын жаңғырту «Айс» ЖШС). Қуаттылығыжылына 12,0 мың тонна макарон фабрикасын («Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС) қолданысқа енгізу жоспарлануда.

Алматы облысында 2015 жылдың ақпан айында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың қатысуымен Талдықорған қаласында өткен Форум-кеңесі шеңберінде облыстың 18 кәсіпорны «Қазақтелеком», «ҚазМұнай газ», «ҚТЖ», «Кегок» және «Қазавтожол» АҚ-мен ынтымақтастық жөнінде 8 меморандум жасалды.

Қол қойылған Меморандумдардың орындалуын қадағалау бойынша апта сайын мониторинг жүргізілуде.Қазіргі уақытта 9,4 млрд. теңгеге


187 шарттар жасалды.

2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелері 2,6 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды, оның ішінде отандық тауар өндірушілерде –


2,3 млрд.теңге. Облыстың мемлекеттік сатып алу көлемінде қазақстандық қамту 84,56%, оның ішінде тауарлар – 77,1%, жұмыс – 95,69%, қызметтер – 84,55%.

Атырау облысындаМемлекеттік органдардың және жер қойнауын пайдаланушыларды тауарларын, жұмыстары және қызметтерін сатып алудағы қазақстандық үлесті дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алу аясында жалпы сомасы 6 873,5 млн.теңге шарттар орындалды, оның ішінде қазақстандық қамту 87,8%-ды, тауарлар бойынша– 65,8%, жұмыстар – 97,1% және қызметтер – 89,2%-ды құрады.

2015 жылдың 1 тоқсанында ұлттық компаниялармен жалпы сомасы
79 млрд. теңгеге шарттар жасалды. сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтеркөлеміндегі қазақстандық қамтудың жалпы үлесі 83,6%-ды құрады.

Алматы қаласының әкімдігімен жыл сайынАлматы қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің және ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларының кеңейтілген жоспарлары ұсынылатын «Мемлекеттік тапсырыс» акциясы өткізіледі.Акция шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасында 800 млрд. теңге жалпы сомасына 2015 жылға арналған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.2015 жылғы I тоқсанда Алматы тауарөндірушілері мен «Самрұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ еншілес кәсіпорындарының арасында 284 млрд. теңге жалпы сомасына шарт жасалды.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевтың төрағалық етуімен кәсіпкерлік қызметтің жағдайларын түбегейлі жақсарту шараларын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Аталған кеңесте Алматы қаласының кәсіпорындары мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына кіретін ұлттық компанияларының арасында
6,9 млрд. теңге жалпы сомасындағы ынтымақтастық туралы 6 Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі мен 9 ұлттық компаниялар арасында жалпы сомасы 102,1 млрд. теңгеге жергілікті мазмұнды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы 10 меморандум жасалды.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 89,7 млрд. теңгеге (87,9%) 99 шартқа қол қойылды. Бұл шарттарға электровоздар үшін металл бұйымдарын, ТББ бұйымдары, бетон, газблогы, шыныпакеттер, мамандандырылған аяқ киім және өзге де өнім сатып алу үшін қол қойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда, 2015 жылдың аяғына дейін жасалған меморандумдар бойынша жалпы соманы 100 % орындау жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, қалада жаңа объектілер салу кезінде Индустрияландыру картасы шеңберінде өндірілген өнім пайдаланылады («Кровля НС» ЖШС, «АБК – Максат» ЖШС, «LED Solution» ЖШС, «Funke Kunststoffe» (Функе Кунстштоффе) ЖШС), бұл жайт кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарының жүктемесін ұлғайтуға қазақстандық мазмұнды ұлғайтуға мүмкіндік береді.



Ақтөбе облысында 2015 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша өндірістік өнімінің көлемі 392,2 млрд.теңгені құрады, ФКИ – 107,3%, оның ішінде:

- тау-кен өндірісінде 259,8 млрд.теңге, ФКИ – 104,3%;

- қайта өңдеу өндірісінде 93,5 млрд.теңге, ФКИ – 116,3%.

Ү.ж.5 ай қорытындысы бойынша жоспарлық қуаттылықтың жүктелуі:

- 49 жоба (66,2%) жоспарлық қуаттылыққа;

- 8 жоба (10,8%) орташа қуаттылыққа;

- 11 жоба (14,8%) төмен қуаттылыққа қол жеткізген болса;

- 6 жоба (8,1%) өндірістік маусымдық сипатқа орай өндіріс шығаруды жоспарламаған.

Ү.ж. екінші жартыжылдығында 11,8 млрд. теңгеге 422 жұмыс орнынқұра отырып, қалған 6 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Барлығы облыс бойынша 2015 жылғы 1 тоқсанда бойынша қазақстандық қамту бойынша мониторингке жатқызылатын кәсіпорындар барлығы 55,1 млн.теңге көлемінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды, оның ішінде 22,1 млн.теңге қазақстандық жеткізушілерден. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың үлесі 40,0% құрады, оның ішінде тауарларда – 14,0% (жоспар бойынша 15%), қызметтерде – 100,0% (жоспар бойынша 68%).

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2015 жылғы ақпан айында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевтың жұмыс сапары барысында жергілікті қамтуды дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде мәжіліс өткізілді, наурыз айында жергілікті қамтуды дамыту жөнінде өңірлік форумы, маусым айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаевтың жұмыс сапары барысында мәжіліс өткізілді. Бұдан басқа, жергілікті қамтуды дамыту бойынша ай сайын ірі компаниялардың басшыларымен жұмыс кездесулері өткізіліп тұрады. Үш мәжілістің қорытындылары бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар, ұзақ мерзімді келісім-шарттар мен ниеттену туралы хаттамаларға қол қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында2015 жылдың 1 тоқсанында жүйеқұраушы кәсіпорындарымен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатып алу 52 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 41,9%деңгейінде немесе 21,8 млрд. теңгеде қалыптасты, сонымен бірге отандық өндірушілерден тауарларды сатып алудың жергілікті қамту үлесі 23,3% құрады, 98,4%– жұмыс, 99,6%– қызмет көрсету.

Жүйеқұраушы кәсіпорындар бойынша жергілікті қамту үлесі


2011 жылғы деңгейден 27,3 пайыздық пунктке артты, сонымен бірге отандық өндірушілерден жиынтық сатып алу көлемі 7 есе өсті.

Ағымдағы жылдың 6 ай ішінде«өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ 2014 жылдың ұқсас кезеңіне ақшалай түрде 42%-ға және таза 62,1%-ға іске асқан өнімнің көлемін ұлғайтты. Жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемінің 45%-ға (1 775 млн. теңге) алдағы өсуі күтілуде .

«Өскемендік титан-магний комбинаты» АҚ-ның тауарлық өнімді өндіру көлемі 71%-ға өсті. Кеуекті титанды шығару 2,2 есеге, титан құймасын және құйындысын шығару 60%-ға ұлғайды.

Жамбыл облысында2015 жылдың 1 тоқсанында облыстың жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша сатып алу көлемі 13,8 млн. теңгені құрады, ондағы жергілікті қамту үлесі 10,0%, оның ішінде тауарларды сатып алудағы үлес – 1,1%, қызметтер мен жұмыстарды сатып алудағы үлес – 100 %.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары тарапынан тауарларды, жұмыстар мен қызметті сатып алудың жалпы сомасы 1994,9 млн. теңгені құрады, ондағы жергілікті қамту үлесі – 80,3%, оның ішінде тауарларды сатып алу – 71,5%, жұмыстар мен қызметтер сатып алу – 84,7%. «NADLoC» АҚ-ның мәліметтері бойынша облыстың мекемелері мен кәсіпорындары (мемлекеттік мекемелер, жүйе құраушы кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, тау-кенкешендері кәсіпорындары)бойынша жергілікті қамту үлесі 71,4% құрады, оның ішінде тауарларды сатып алу бойынша – 54,8%, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша – 80,1% құрады.

Облыстың әкімдігі:

- жүйе құраушы кәсіпорындарда қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жете жоспар әзірленіп, тоқсан сайын мониторинг жүргізілуде және ҚР ИДМ-не ұсынылуда;

- облыс тауар өндірушілерінің каталогы әзірленіп, республикамыздың басқа аймақтарына, «NADLoC» АҚ, ірі компанияларға және кәсіпорындарға жолданды, сайтқа орналастырылды, үнемі жаңартылып және толықтырылып тұрады;

- ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен көрмелер, семинарлар ұйымдастыру;

- тамыз айында Облыстың кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-конкурсын өткізуді жоспарлауда;

- облыстың моноқалаларында серіктестік бағдарламасын дамыту. «Talas Investment Сompany» ЖШС-і цианид натрий өндіру зауыты іске қосылды. Зауыт құрылысына Қаратау қаласының халқы жұмылдырылды. Іске қосқаннан кейін металл (барабан) және фанер ыдыстың (20 дан 100 мың дана жылына) қажеттілігі туындады. Кәсіпорын Талас ауданы Қаратау қаласынының аумағында қосалқы өнеркәсіпті ашу мәселесін қарастыруда. 2015 жылдың 1 тоқсанында «Talas Investment Сompany» ЖШС мен аймақтың шағын кәсіпорындарымен барлығы 1,33 млн. теңгеге жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге шарт жасалды.

2015 жылдың 1 тоқсанында «Казфосфат» ЖШС мен өңірдің шағын кәсіпорындары арасында 61,6 млн. теңгеге жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге шарттар жасалды.«Еврохим Удобрения» ЖШС-і мен Қаратау және Жаңатас моноқалаларының шағын кәсіпорындары арасында 729,2 млн. теңгеге жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға шарттар жасалды.

Облыста лизингті дамыту шегінде 2014 жылы 8 қазанда «Жамбылгипс» АҚ 5 жылға жабдықтарды жеткізуге«Erisim» мен «Makina» түркиялық компанияларымен лизинг бойынша үшжақты келісім-шарт жасады.

Сондай-ақ «Арайстроймаркет» ЖШС 2014 жылдың 8 тамызынан
2016 жылдың 1 наурызына дейін және 2015 жылдың 19 маусымынан
2018 жылдың 19 маусымына дейін техникаларды, экскаваторларды жеткізуге «Катерпилларфайнэншил» ЖШҚресейлік компаниясымен келісім-шарттар жасады.Қосымша кәсіпкерлікпен 2015 жылдың 1 маусымынан 2016 жылдың 25 желтоқсанына дейін техникаларды жеткізуге «Асайлизинг» компаниясымен келісім-шарт жасалды.

Батыс Қазақстан облысындаБүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жүктемелілігі орташа есеппен 70-75%-ды құрайды.

Ағымдағы жылғы 17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешевтің сапары барысында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен өткен кеңес шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарының проблемалық мәселелері талқылады. ҚР ИДМмен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында


2015 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
2015 жылға арналған өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шаралары бойынша жоспар әзірленді, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі жедел штаб құрылды.

Бұдан басқа, қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері бойынша өткізілген форумшеңберіндеағымдағы жылғы 5 ақпанда облыс әкімдігі мен ұлттық компаниялар, сондай-ақ ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында жалпы сомасы 42 млрд. теңгеге


20 меморандумға қол қойылды. Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі форумның екінші толқыны шеңберінде жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгеге
19 меморандумға қол қойылды.

Олардың жұмыс жүктемесімен қамтамасыз ету, КПО б.в. компаниясының мұнай-газ жобаларына машина жасау компанияларының қатысуын арттыру мақсатында, ағымдағы жылғы 10 маусымда Қарашығанақ кен орнын алдағы уақытта кеңейту жобасының аясында жергілікті мазмұнды арттыру мақсатында болат және құбыр өнімдерін өндірушілермен кездесу ұйымдастырылды.

2015 жылдың 5 айында «Оралагрореммаш» АҚ 254 млн. теңгеге өнім шығарды, бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен 2,6 есе көп. Оның ішінде
52 млн. теңгенің 2 бірлік арнайы техника.

2015 жылдың 5 айында «Орал «Зенит» зауыты» АҚ 1,1 млрд. теңгеге өнім шығарды. 2014 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін «Айбар» жобасының тез жүргіш патрульдік катер жасау аяқталды.



Қарағанды облысының әкімдігі Жергілікті тауарөндірушілерді қолдау және өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында үнемі форумдар мен келіссөз алаңшаларын өткізеді, оның ішінде:

Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Астана қаласында «Қазақстандық жасаймыз» Қазақмыс Корпорациясының VI Республикалық форумы өтті.

2015 жылғы10 маусымда Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алаңшасында Қарағанды облысының әкімдігі «Жергілікті қамтуды дамыту форумын» өткізді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС және облыс кәсіпорындары арасында 7,4 млрд. теңге сомасына өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2015 жылғы 25 маусымда Қазақстанның аса ірі мұнай компаниясы «Тенгизшевройл» ЖШС өкілдерінің Қарағанды қаласына сапары өтті.

2015 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаевтың жұмыс сапары шеңберінде Қарағанды облысының әкімдігі мен ұлттық компаниялар арасында 4 млрд. 958,6 млн. теңге сомасына жергілікті қамтуды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қол қойылған Меморандумдардыңқорытындысы бойынша бүгінгі таңда ұлттық компаниялар жалпы сомасы 4 580,1 млн. теңгеге 454 шартқа қол қойды

Сонымен қатар, жүйеқұрушы кәсіпорындар мен облыстың тауар өндірушілері арасында 48 млрд. 433,1 млн. теңге сомасына өнім жеткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы 43 меморандумға қол қойылды.



Қызылорда облысында2015 жылдың 5 айында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 258,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,5% құрады. Өнеркәсіп көлемінің төмен болу себебі мұнай өндіру көлемінің жылдан жылға азаюы себеп болып отыр.

Өңдеу өнеркәсібі саласында ағымдағы қаңтар-мамыр айларында 30,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, НКИ өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121,1% құрады.

«РМЗ-Шапағат» ЖШС «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 938 млн. теңгеге үйсалу комбинатының құрылысы үшін Германдық «Weiler» компаниясының технологиялық қондырғыларын сатып алу бойынша «БРК-Лизинг» АҚ-мен лизингтік келісім шартжасасты. Бүкіл кешеннің құрылыс-монтаждық жұмыстары 70% орындалған,комбинатты 2015 жылдың 2-жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр.

Павлодар облысының кәсіпорындары Қазақстанның өзге өңірлерінің кәсіпорындарымен және Республиканың ұлттық компанияларымен тығыз ынтымақтастық жасайды.

Өңіраралық кооперация шеңберінде өзара іс-қимыл кеңеюде.

Облыстың тауар өндірушілерімен жүйе құраушы кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен 2015 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 552,5 млрд. теңге сомасына ниет хаттамалары жасалды немесе 2014 жылғы ниет сомаларына қарағанда 106,8%.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевтың 2015 жылғы 2 ақпандағы Павлодар облысына жұмыс сапарының және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша 128,7 млрд. теңге сомасына, оның ішінде – Павлодар облысының әкімдігі мен ұлттық компаниялардың («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Евразийская группа» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Тенгизшевройл» ЖШС, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Самұрық-Энерго» АҚ) арасында жалпы сомасы84,5 млрд. теңгеге меморандумдарға қол қойылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ 5,6 млрд. теңге сомасына Павлодар облысының бірқатар кәсіпорындарымен «Казахтелеком» 1,1 млрд. теңге, «Евразийская группа» ЖШС 20,9 млрд. теңге, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 39,5 млрд. теңге және «ҚазМұнайГаз» АҚ 8,4 млрд. теңгегешарт жасасты.

Қол қойылған 84,5 млрд. теңгенің 75,5 млрд. теңге сомасына шарт жасалды (89,4%).

2015 жылғы наурызда Павлодар қаласында «Қазақстанда жасалған» жергілікті қамтуды дамыту мәселесі бойынша өңірлік форум өтті, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «НАДЛОГ» АҚ, «Қазақстан стандарттау және сертификация институты» РМК басшылары қатысты.

Форум қорытындысы бойынша Павлодар облысының тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 11,0 млрд. теңгеге келісім-шарттар жасалды.



Солтүстік Қазақстан облысында2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойыншақазақстандық қамтуды өсіру үшін және кәсіпкерлікті жүктеу мақсатында18 844,1 млн. теңгеге 11 меморандум жасалды, олардың негізінде 8 518 млн. теңгеге 210 шарт жасалды (орындау 45,2%).

5-тармақ. Өңірлердің экономикасын арттыру резервтерін пайдалану бойынша өңірлік жоспарларға енгізілген іс-шаралар шеңберінде жергілікті қамтуды дамытудың салалық бағдарламасы аясында машина жасау саласының кәсіпорындарында импорт алмастыратын өнімдерінің жаңа түрлерін игеру бойынша шаралар қабылдау

Қазіргі уақытта ҚР ИДМ импорт алмастырушы өнімдердің жаңа түрлерін игеру бойынша жұмыстар жүргізуде. Мәселен, атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп «Казцинк» ЖШС-нің қажеттілігіне машина жасау саласының кәсіпорындарында импорт алмастырушы өнімдердің жаңа түрлерін игеру жобаларына қатысу қызығушылығын білдіргенәлеуетті отандық өндірушілер айқындалды.

2015 жылғы 20 мамырда «Казцинк» ЖШС барысында жүйеқұраушы кәсіпорынның қажеттілігіне өнімдердің жаңа түрлерін өндіру бойынша жалпы сомасы 681 млн. теңгеге өңірдің келесі компанияларымен:

- «Ремонтно-электромеханический завод» ЖШС (ролик шығару және дайындау) жалпы сомасы 140 млн. теңгеге;

- «КЭМОНТ» АҚ (төмен вольтты жабдықтарды шығару және жинау), жалпы сомасы 541 млн. теңгеге2 «оффтейк» шарттары қол қойылды.

Қор 2013 жылдан бастап Отандық өндірісті дамытуды қолдау іс-жүзіндегі шараларын күшейту мақсатында 2022 жылға дейін есептелген қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді салуға жәрдемдесу Бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылады. Бағдарламаның мақсаты – Қор тобының компанияларыныңсұранысына ие болып отырған жаңа бәсекеге қабілетті өнім шығаруға отандық кәсіпорындарды бағдарлау.

Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ2015 жылыотандық тауар өндіруші «ЭлтексАлатау» ЖШС-мен шартына қосымша ретінде 2015 жылы осы компаниямен 49 896 000 теңге (ҚҚС-мен) сомаға ІР-телефония абоненттік шлюздерін жеткізуге шарт жасады, сондай-ақ«AlphaNetwork» ЖШС-мен2015 жылы осы компаниямен жалпы сомасы 69 889 809 теңгеге (ҚҚС-мен) оптикалық кросс үшін оптикалық патч-кордтар мен модульдік блоктарды сатып алуға шарттар жасасты.

Ұзақ мерзімді сатып алу бойынша ашық тендердің нәтижесінде «Алатау» АТП АЭА-ға орналастырылған«ҚазСпецТехСнаб MEGA» ЖШС-мен жалпы сомасы 32 152 771 теңге ҚҚС-мен оптикалық сплиттерлер мен патч-кордтар жеткізуге екі ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Сонымен бірге, «Бірлескен химиялық компания» ЖШС «Атырау облысында полимерлік өнім өндіру» жобасын іске қосты.

Өндірілетін өнім импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған болып табылады, сондай-ақ Жобаны іске асыру бұданәрі интеграцияланған газхимия кешенінде (полиэтилен, полипропилен) өндірілген шикізатты пайдалануға және қазақстандық қамтуды ұлғайтуға бағытталған.



Атырау облысында ірі компаниялардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуда қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту мақсатында, «Теңізшевройл» ЖШС компаниясының айналасында шағын және орта бизнесті дамытудың Серіктестік бағдарламасыніске асыту мәселесі бойынша бірнеше кездесулер өткізілді. Бағдарламаға қызығушылық танытқан өндірістің басымды бағыттары бойынша әлеуетті өндірушілердің тізімі қарастырылды («Isker» ЖШС , «АтырауНефтеМаш» ЖШС, «НСС» ЖШС).

Астана қаласында2015 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігін, дәлірек айтқанда, 72,7% өндеу өнеркәсібі, оның ішінде машина жасау саласы құрайды, бұнда ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі бөлігі шоғырландырылған.

Машина жасау саласындағы ахуалды тұрақтандыру үшін ҚР Үкіметі тарапынан өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шаралары жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы шеңберінде машина жасау саласының кәсіпорындарында импортты ауыстыратын өнімдердің жаңа түрлерін игеру бойынша «Спецтранссервис-ЕС» ЖШС жобасы мақұлданды. Бұл жоба импортты ауыстыру, сондай-ақ осы тауарды әрі қарай экспорттау мүмкіндігімен ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асады.

Индустрияландыру картасы шегінде метиз өнімдерін шығару бойынша «СтальЦинк» ЖШС жобасы іске асырылды. Жобаның жобалық қуаттылығы жылына 5 808 тоннаны құрайды. Бұл өнім Қазақстанда жылына шамамен 25 мың тонна көлемінде импортталады, бұл нарық қажеттілігінің 20% жабады.



Ақтөбе облысындақазақстандық нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру мен ТМД және жақын шетелдердің өндірістік және инжинирингтік компанияларына өнімді экспорттық жеткізуді жүзеге асыру мақсатында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Рельс-арқалық зауытының құрылысы» жаңа инвестициялық жобаны іске асырып жатыр.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС шығаратын өнімдер ТМД аумағында аналогы жоқ және олар жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған.



Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылдың қаңтарында үш бағыт бойынша импорт алмастырушы өнімнің жаңа түрлерін игеру бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Казцинкмаш» ЖШС үш бағытта:

1. вагондарға арналған серіппе өндірісі (бүгінгі күні Ресей және Украина сатып алып жатыр);

2. Іші бос білік және тістегеріш (өндіруші GeneralElectric (АҚШ);

3. Тартқыш қозғалтқыштар корпусы (өндіруші Skoda (Чехия)өзара іс-қимылы туралы кеңесі өткізілді.

Қазіргі уақытта ШҚО кәсіпорындары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жабдықтар, вагон және локомотив құрылысына арналған қосалқы бөлшектердіжасау бойынша ортақ іс-шаралар Жоспарының жобасын әзірлеуде.

Батыс Қазақстан облысындаЖаңа өндірістерді игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Индустрияландыру картасы аясында «Зенит» Орал зауыты» АҚ негізінде су сыйымдылығы 600 тоннаға дейінгі жалпы соммасы 458,8 млн. теңге құрайтын кеме өндірісі бойынша жоба жүзеге асырылуда, жобаны 2016 жылдың екінші жарты жылдығында іске қосу жоспарлануда.

«Оралагрореммаш» АҚ базасында «EVOРRO» венгр компаниясымен бірлесіп жолаушыларға арналған автобустар игеру бойынша уағдаластық бар. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Орал механика зауыты» ЖШС «15000 PSI сағалық (гидравликалық) жабдықты сынау үшін стенд орнату» жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды облысындабүгінгі таңда индустрияландыру картасышеңберінде машина жасау саласыныңжаңа өндірістерііске қосылды, олар:

1) ЖШС «TREI-Караганда» - заманауи өндіріс процесін басқару жүйесінің құрамдауыштарын өндіру ұйымы.

Бұл кәсіпорын – Қазақстанда жалғыз. Өндіретін өнімі халық шаруашылығының барлық мұнай- газ, энергетика, металлургия, химия, тұрғын ұй-шаруашылығы және т.б салаларында сұранысқа ие.

2) «Оптим-кран Казахстан» БК» ЖШС–түрт тағанды және көпірлік крандар өндіреді.

3) «Бёмер Арматура» ЖШС- домалақ крандар ментірек арматура жасайды.

Жобаның инновациялылығыкрандарды тығыздығы сыныптары бойыншабөлуге мүмкіндік бермейтінбірігейқосарланған «PMSS» жүйесібар «BOHMER» кранын шығару болып табылады.



Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Ақтаунефтесервис» ЖШС еншілес ұйымының негізінде «Спутник Интеграция» ЖШҚ ресейлік компаниясымен бірге «Актауойлмаш» ЖШС кәсіпорыны құрылды.

Жобаны 4 кезеңде іске асыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта екінші кезеңді іске асыру жүріп жатыр, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында зауыттың бірінші алаңының корпусын салу және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымдарының қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған мұнайгаз жабдықтарын шығару өндірісін ұйымдастыру басталды.

«Актауойлмаш» ЖШС негізінде жабдықтың алуан түрлерінің өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда, соның ішінде мұнайгаз компанияларында қажеттілігі бар, атап айтқандаблокты аудандық сорғы станциялары, автоматтандырылған топтық өлшемді қондырғылар, қысымды тарақтар блоктары, сепарациялық жабдықтар, Қазақстан Республикасының қажеттілігін қамтамасыз ету және экспортқа шығу үшін электртехникалық жабдықтың кейбір түрлері.



Павлодар облысында«Проммашкомплект» ЖШС «Теміржолға арналған дөңгелектерді жасау кешені» жобасын іске асуда.

«Format Mach Company» ЖШС «Тау-кен-металлургиясы, мұнай-газ кешендері мен энергетика үшін ірі және орта құймалар шығаруды ұйымдастыру бойынша өндірісті жаңғырту және кеңейту» жобасын іске асыруды жалғастыруда.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет