Облыстың мал шаруашылығының 2017 жылғы 1 жарты жылдықтағы (қаңтар-маусым) даму қорытындылары



Дата21.12.2017
өлшемі44.88 Kb.
Облыстың мал шаруашылығының 2017 жылғы 1 жарты жылдықтағы (қаңтар-маусым) даму қорытындылары
Облыстың мал шаруашылығының 2017 жылғы 6 айдағыдамуына жасалған талдау, аталған саланың әдеттегідей жетекші сала екенін көрсетті.

Талдау жасалған кезеңде мал шаруашылығы өнімінің көлемі113,2 млрд.теңгені (жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің 99,8 %) құрады. Өнім өндіру өсімі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,3% құрады. Нақты көлем индексі (НКИ) 104,7% жетті. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойыншаоблыс Республикада 3 орын алады.

Сонымен қоса талдау, НКИ облыстың барлық аудандары мен қалаларында бірдей өспегенін көрсетті. Мысалы, Риддер қаласындаНКИнебары 78,5 %, Зырян ауданында 97,1% құрады.
2017 жылғы бірінші жарты жылда барлық санаттағы шаруашылықтарда 106,1 мың тонна тірі салмақта етөндірілді немесе 2016 жылғы тиісті кезеңдегіден6% артық.Сүт өндіру 406,8 мың тоннаға (4,8% артық), жұмыртқа - 71,8 мың тоннаға (100 %) жетті.

Ет, сүт және жұмыртқаны негізгі өндірушілер халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары болып табылады. Олар 6 айда тиісіншеоблыстық көлемнің 43%, 66 % және 82% өндірді.

Облыстың 19 өңірінің ішінде Зырян ауданы ғана ет өндіру көлемін арттыруды қамтамасыз ете алмады және ол 97,7% құрады.
Жалпы облыс бойынша сүт өндіру қарқыны жақсы болғанмен Риддер қаласының шаруашылықтарында сауылған сүт көлемі2016 жылғыдан 27% төмендеп,небары 73% құрады. Зырян ауданында сүт өндіру 4%, Семей қаласының шаруашылықтарында 1,1% азайды. Шемонаиха және Катонқарағай аудандарында да сүт өндіру көлемі өткен жылғы деңгейге жепеді.
Жұмыртқа өндіру бойынша облыс 2016 жылғы деңгейді көрсетті. Ол Катонқарағай ауданында 7,8 %-ға төмендеп, небары 92,2% орындалды. Күршім және Ұлан аудандарында жұмыртқа өндіру 5%-ға азайды.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2016 жылғы осы деңгеймен салыстырғанда жалпы облыс бойынша МІҚ саны 44,5 мың басқа (4,1%), жылқы 30,9 мың басқа(8,7%), құс 395,1 мың басқа(9,4%) артты.
Сонымен қоса мүйізді ірі қараРиддер, Зырян және Шемонаиха аудандарында 2016 жылғы осы деңгеймен салыстырғандатиісінше 9,2%, 4,2% және 1,1% азайды. Сиырлар саныРиддер қаласының шаруашылықтарында 25% кеміді.

Жылқы саны жалпы облыс бойынша өскенімен Шемонаиха ауданының шаруашылықтарында ол 1,3% кеміген.

Талдау жасалып отырған кезеңде (2017 жылғы қаңтар-маусым) облыстың Бородулиха ауданынан басқабарлық аудандарындақой саны 7,4% қысқарды.Қой санының ең көп кеміген көрсеткіші Зырян ауданында -25,7%.

Облыс бойынша қой мен ешкі санының жалпы кему процесісоңғы 5 жыл бойы байқалып келеді. Оның негізгі себебі – ішкі рынокта қой шаруашылығы өніміне сұраныстың жоқтығы.


2017 жылғы 6 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша жалпы облыста Бородулиха, Глубокое және Ұлан аудандарынан басқа аудандарда шошқа саны азайғаны байқалады.
Талдауға сәйкес, жалпы облыс бойынша барлық санаттағы шаруашылықтарда бір сиырдан сауылатын орташа сүт көлемі 2,1% (-21 кг) азайып, 994 килограмды құрады. Семей, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай және Ұлан аудандары ғана сүт сауу көлемін2016 жылмен салыстырғанда 0,2% - 7,7% арттыруды қамтамасыз етті.
Бірінші жарты жылдықта малдан төл алу деңгейі төмен болып шықты.

Облыс бойынша әрбір 100 аналықтан 77 бұзау (2016 жылмен салыстырғанда 3 басқа кем), қозы 90 бас (-1 бас) және құлын 72 бас(-3бас) алынды.

Бірінші жарты жылдықта сүтті ірі қара шаруашылығын дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоспарланған 9 ТСФ салу жұмыстары барлық 9 фермада жүріп жатыр,оның 8-і2017 жылы пайдалануға беріледі.Одан басқа 9 фермада жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр және оның ішінде 5 ферма 2017 жылы және 4 ферма 2018 жылы тапсырылатын болады.



1 шілдедегі жағдай бойынша құруға жоспарланған 10 СҚП-ның 7-і құрылды.Қалған 3 СҚП 1 қазанға дейін тапсырылатын болады.

Жарты жылда жеке қосалқы шаруашылықтарданжоспардағы 8 328 тоннаның орнына 8 386,5 тонна сүт сатып алынды,яғни жоспар 100,7% орындалды. Сүт сатып алу жоспарын Семей, Риддер қалалары, Жарма, Зырян, Көкпекті аудандары орындамады.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет