Облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы Қала: Кентау Мектеп: «Қазақстанға 30 жыл атындағы» №3 көп салалы мектеп гимназиясы Мамандығы: химия пәнінің мұғалімі



жүктеу 111.48 Kb.
Дата15.10.2018
өлшемі111.48 Kb.
Облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы

Қала: Кентау

Мектеп: «Қазақстанға 30 жыл атындағы» № 3 көп салалы мектеп - гимназиясы

Мамандығы: химия пәнінің мұғалімі

Мұғалімі аты-жөні: Ярашева Хасият Паттаевна

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.3А Химиялық реакциялар

.Мектеп:№3 көп салалы мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Ярашева Хасият Паттаевна


Күні:

Сынып: 7 а

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі». №10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция».

Оқу мақсаты:

7.2.2.1- сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау.

7.2.2.2- сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру.



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін айтады, әртүрлі металдармен әрекеттесу реакцияларын зерттейді және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асырады.

Басым бөлігі: Сұйылтылған тұз қышқылы мен металдардың әрекеттесу үдерісін сипаттайды, сутек газының сапалық реакциясының жүзеге асыру жолын түсіндіреді, нені байқағанын жазады.

Кейбірі: Металдардың сутекті қышқыл құрамынан ығыстыру қатарын атайды, реакция теңдеуін жазады, өз зерттеуіне дәлелмен қорытынды жасайды және күнделікті өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийі:

- Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды.

- Сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды.



Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:ауызша қышқылдардың түрлерін , реакция өнімдері қандай заттар болып табылатынын және сутекті қалай танып-білуге болатынын , неліктен сутектің тазалығын тексеру қажеттігін , металдардың белсенділік қатарын түсіндіріп айтады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Қышқылдар, индикаторлар, антоцид , лакмус, фенолфталеин, сұйылтылған қышқыл, сутек газы, тұз қышқылы,күкірт қышқылы, лимон қышқылы, бор қышқылы, сірке қышқылы, қымыздық қышқылы.

Сыныптағы диалог:

1.Индикатор деген не?


2. Индикаторлардың қандай түрлерін білесің?

3.Металдардың белсенділік қатарын құрған ғалым кім?

4. Неліктен металдардың сұйылтылған қышқылмен әрекеттесу белсенділігі әртүрлі?

5. Сутекті қалай танып – білуге болады?



Құндылықтарға баулу:

Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Білімді шығармашылық тұрғыдан қалыптастыра алуы мен сыни ойлауын және проблемаларды шешуге қабілеті мен ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру .Оқушыларға қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үйрету.



Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

Алдыңғы білім:

5.1.3.2- зерттеу жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын тұжырымдайды.

6.3.2.2- тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

(3 минут)

Топқа бөлу

(2 минут)

Үй тапсырмасын сұрау

(7 минут)

(7 минут)

Сабақтың ортасы

(5 минут)

(8 минут)

(5 минут)

Сабақтың соңы

Кері байланыс

(2минут)



Жағымды ахуал қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» әдісі
Оқушылар шеңбер болып тұрып сағат тілімен жақсы тілектер айтып , жүрек ұсынады, сыныпта жағымды ахуалорнату арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Ынтымақтастық қалыптасады .
Топқа бөлу. «Галерея» әдісі

Химиялық ыдыстар, химиялық реактивтер бейнеленген суреттер бойынша 2 топқа бөлу.Сенде қандай химиялық сурет ? Оның атын ата? Өз тобыңа бар.



1-топ. «Химиялық ыдыстар»

2-топ «Химиялық реактивтер»

Жұптық жұмыс.

«Достық қадам» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Әр топтан екі оқушы қол ұстасып, кезекпенбіреуі сұрақ қояды екіншісі сол сұраққа жауап береді.


Тыңдалым, айтылым дағдылары қалыптасып, өзіне деген сенімділігі артады.

І. Жаңа сабақ.Мұғалімнің түсіндірмесі

Қышқылдардың металдармен әрекеттесу белсенділігі әртүрлі екендігін тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Орыс ғалымы Н.Н. Бекетов осындай тәжірибелер жасау нәтижесінде металдардың кернеу қатарын құрастырған. Кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстырады. Ал сутектен кейін орналасқан металдар қышқыл құрамындағы сутекті ығыстыра алмайды.

Тәжірибе кезінде бөлінген сутекті сынауықты төмен қаратып жинап, жанып тұрған спиртовкаға жақындатса , қоспасыз сутек қалыпты жанады. Оның оттекпен , ауамен қоспасы қопарылыс бере жанады. Сутек таза болса «пах» деген дыбыс шығарады. Қышқыл және сутек газымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасының ережесін мұқият орындау керек.

Тыңдалым дағдысы қалыптасады.



1-тапсырма. Жеке жұмыс (Қ.б 48 бет)

Төменде суретте берілген қышқылдарды қолдану аймақтарын атаңыз. Мысал келтіре отырып , бос ұяшықтарды толтырыңыз.



________ _______ _______ ______ ______ _____ _____

________ _______ _______ ______ ______ _____ _____

________ _______ _______ ______ ___________ _____

Дескриптор

  • суретте берілген қышқылдарды қолдану салаларын атайды;

  • қышқылдарды қолдану салаларына мысал келтіреді;

  • сұйылтылған қышқылдармен жұмыс жасаған кезде қажетті қауіпсіздік ережесін ұсынады.

Айтылым және жазылым дағдылары қалыптасады.


2- тапсырма. Топтық жұмыс (Қ.б 49 бет)

Лабораториялық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы».



Мақсаты:мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуін зерттеу, сутек газының сапалық реакциясын сипаттау.

Құралдар:мырыш металы, тұз қышқылының ерітіндісі, пробиркалар, штатив. Пробиркаға 1-2 түйір мырыш түйірін салып, үстіне сұйылтылған тұз қышқылын құйыңыз. Не байқадыңыз?

Реакция өнімдері қандай заттар болып табылады?

Сутек газының сапалық реакциясын сипаттаңыз.

Тәжірибенің тақырыбы

Не істедіңіз?

Нені бақыладыңыз?

Реакция теңдеуі

Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы











Қорытынды:электрохимиялық кернеу қатарында сутегіне дейін тұрған металдар ________________________________

____________________________________________________

_____________________________ түзе әрекеттеседі.

Дескриптор


  • мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды;

  • нені бақылағанын жазады;

  • реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады;

  • қорытынды жазады.

Тыңдалым , айтылым , жазылым , зерттеу жүргізу дағдылары қалыптасады.


Сабақты қорытындылау: Жұптық жұмыс

«Борт журналы» әдісінде тақырып бойынша оқушылар келесі мазмұнды кестені толтырады.





Берілген тапсырма бойынша бұрыннан білетінім

Зертханалық жұмыстан кейін жаңадан білгенім

Болжамдар

Тың ақпараттар











Сыни ойлау және жазылым дағдысы қалыптасады.





Ыдыстар, реактивтер, бейнеленген суреттер.

АКТ, Химия 7 сынып.



Оспанова М. Қ.
Белоусова Т. Г.
Аухадиева Қ. С.

АКТ, Химия 7 сынып.



Оспанова М. Қ.
Белоусова Т. Г.
Аухадиева Қ. С.

«Смайликтер» арқылы бағаланады.

Нұсқау беру және түсіндіру

Бас бармақ

Стикерлер

Кері байланыс алдын ала дайындалып, оқушылардың алдында тұрады.


Үйге

тапсырма

(1минут)



  • Үйге тапсырма:§12

Сабақтың мәліметін қайталау.

Сабынның сулы ерітіндісінде фенолфталеин таңқурай түске боялу себебін түсіндір?

Химия 7 сынып.

Оспанова М. Қ.
Белоусова Т. Г.
Аухадиева Қ. С.

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық

және қауіпсіздік техникасын

сақтау

Саралау кезінде әртүрлі деңгейдегі оқушылар «Табиғи қышқылдар мен сілтілер» тақырыбын пайдаланып , жеңілден күрделіге өтетін деңгейлік сұрақтарға жауап береді:

  1. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым?

  2. Магний қышқылмен шабытты әрекеттеседі; мырыш баяу әрекеттеседі; мыс мүлде әрекеттеспейді; бұның себебін қалай түсіндіресің?

  3. Күркіреуік газ дегеніміз не?

  4. Тәжірибеде түзілген сутек газын қалай анықтауға болады?

  5. Неге лакмус апельсин шырынында қызыл түске боялады?



«Бағдаршам» әдісін қолдану жұптық жұмыс кезінде оқушылардың бір-бірін бағалауында тиімді.

Смайликтер арқылы бірінші тапсырмада әр оқушыны бағалауға мүмкіндік беріледі.

«Бас бармақ»әдісі бойынша 2- тапсырмада топтық жұмысты бағалауға тиімді.

«Бес жұлдыз»әдісі бойынша жұптық тапсырманы қаншалықты орындағанын бағалауға мүмкіндік береді.

«Рефлексивті экран» әдісі арқылы Аяқталмаған сөйлемдерді толықтырып, қаншалықты бүгінгі сабақты меңгергендерін, сабаққа деген ынтасын, оқу сапасына деген қызығушылықтарын оятады.

Сергіту сәттері арқылы сыныпта ынтымақтастық қалыптастырып,

жағымды ахуал орнату. Қышқыл және сутек газымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережесін мұқият орындау.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет