Нурахмет Ф. О., Бақтыбаева Л. К



Дата30.06.2017
өлшемі127.71 Kb.
Нурахмет Ф.О., Бақтыбаева Л.К.

әль-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс магистранты; б.ғ.к.доцент

галофит өсімдіктерден алынған экстракттардың биологиялық белсенділігін анықтау

Түйіндеме. Миелостимулдаушы әсердің алғашқы скринингі Halostachys caspia,Sueda microphylla өсімдіктерінің экстракттары су-спирттік ерітінділерде жоғары активтілікті көрсетіп, лейкоцитоз, эритропоэз және тромбоцитозды стимулдаушы эффектілеріне ие болған. Ал Climacoptera obtusifolia, Climacoptera lanata, Climacoptera subcrassa өсімдіктерінен алынған экстракттардың миелостимулдаушы әсерлері байқалмаған.

Кілт сөздер: Лейкоцитоз, эритропоэз, тромбопоэз, миелостимулдау, тромбоцит, гематологиялық көрсеткіш,RBC., WBC.

Нурахмет Ф.О., БаКтыбаева Л.К.

КазНУ им. аль-Фараби магистрант 2 года обучения; к.б.н. доцент

Определить биологическую активность экстрактов взятых из растений галофитов

Резюме.Первые скрининги миелостимулируших действии показали высокую активность водно-спиртовом раствореэкстрактырастении Halostachys caspia иSueda microphylla. Они показали стимулируюший эффективность при лейкоцитозе, эритропоэзе и тромбоцитозах. Из экстрактов растении Climacoptera obtusifolia, Climacoptera lanata, Climacoptera subcrassaмиелостимуляция не выявлено.

Ключевые слова: Лейкоцитоз, эритропоэз, тромбопоэз, миелостимуляция, тромбоцит, гематологические показатели, RBC., WBC.

Nurahmet F.О., Baktybaeva L.K.

Al-Farabi KazNU graduate student 2 courses; PhD assistant professor

Define the biological activity of extracts taken from halophytes PLANTS

Summary.Primary screening on the myelostimulating effect showed high activity of aqueous-alcoholic extracts of plants HalostachysСaspia and Suedamicrophylla. They had a stimulating effect on the leucopoiesis, erythropoiesis and trombopoiesis. The extracts derived from plants Climacopteraobtusifolia, Climacopteralanata, Climacopterasubcrassa demonstrated cytostatic effect.

Keywords: Leukocytosis, erythropoiesis, thrombopoiesis, mielostimulyatsiya, platelet, hematology, RBC, WBC.
Клиникалық тәжірибеде онкологиялық терапиялар барысында, актоиммундық аурулар кезінде, трансплантологияда цитостатикалық әсері бар препараттар кеңінен қолданылады. Көптеген туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер миелосупрессияны тудырады,сондай-ақ Р-аминосалицил қышқылы, диметилкарбазин, Шторддарт ерітіндісі, тринитротолуол, пестицидтер, әсересе хлорорганикалық препараттар, линдан (гамма-гексахлорциклогексан) және ДДТ(дихлордифенилтрихлорэтан) адам организмінде ауыр панцитопенияны тудырады. Дегенімен де, кері әсері аз болатын миелостимулдаушы препараттарды таңдау өте қиынға соғады. Сондай-ақ, клетканың пролиферациялық стимуляторлары офтальмологияда, хирургияда, косметологияда және биотехнологияда кеңінен қолданылуда. Осыған орай миелостимулдаушы препараттардың фармакологиялық скринингтері қазіргі таңда актуальді болып отыр.
Қолданылған материалдар мен әдістер

Бұл зерттеу жұмысында дендері сау, жыныстық жағынан жетілген дене массасы 210-280гаталық және аналық егеуқұйрықтар алынған.Топтардағы дене массалары бойынша ауытқу ±10% аспаған. Жануарлар әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің биологиялық клиникалық тәлімбағынан алынған. Тәжірибеге дейін және тәжірибе барысында бақылау және тәжірибелік жануарлар қалыпты жағдайларда өсірілген, стандарттық рационда, әрбір клеткада 6 особътан болған. Барлық тәжірибе барысында хронобиологиялық жұмыс принциптері сақталған. Қан эфирлік наркозбен егеуқұйрықты ұйықтату нәтижесінде орбитальді венасынан сағат 9.00 алынған. Қан сараптамалары лабораториялық жануарларға арналған «Abacus junior vet» Diatron (Дания) гематологиялық анализаторлары арқылы жүргізілген. Қанның соңғы кескіні жағынды ретінде, Романовский Гимза бояуымен боялып, иммерсия майымен тамызылып(7х15х100 үлкейтіліп), микроскопия және цифрлік суреттер жасау мақсатында SA3300С микроскопымен қаралған. Мәліметтердің статистикалық өңдеуі сенімділік интервалы р және жұп t - критерий Стьюдентін енгізу арқылы жүргізілген.

Жануарларды 12 топқа бөлінді. 1 топ интактті болып отыр. Бұл топ жануарларына миелосупрессор және зерттеліп отырған қосылыстар салынған жоқ. Қалған топтарға доксорубицин гидрохлорид цитостатигін жануардың салмағына 10 мг/кг, 0,2 мг мөлшерде 3 рет үш күн аралығында салынған. 14 күннен соң соңғы енгізулерден кейін қан периферияларындағы клеткалардың саны анықталды. 2-9 аралығындағы топтарға зерттеліп отырған қосылыстар ИЕС.СПП, ИЕС.СПП.СЭ, СИЕ.СМ, СИЕ.СМ.СЭ, G.COEX, G.CLEX, A.SKF, A.CSEX, 1/10 LD50көлемде бұлшық еттерінің ішіне 0,2 мг 3 күн бойына салынған, соңғы қосылыс салынғаннан кейін 8 күннен кейін перифериялық қандағы клеткалардың саны анықталған. 10 топтағы жануарларға плацебо енгізілді, яғни 0,9% физиологиялық ерітінді 0,2 мл мөлшерде күнделікті 3 күн бойы салынған. 11 топ бақылау тобы – бұл топ жануарларына пантоматогенді 10 мг/кг бұлшық еттеріне 0,2 мл мөлшерде күнделікті 3 күн бойына енгізілген. Соңғы топқа интоксикациядан кейін ешқандай қосылыстар енгізілген жоқ (ол арқылы қан клеткаларының қалпына келуінің жылдамдықтарын анықталды).

Қосылыстар келесідей өсімдіктерден алынды: Каспий маңы қарабарағы (Holostachys caspia), ұсақ жапырақты ақсора (Sueda microphilla), мұқылжапырақты бозсораң (Climacoptera obtusifolia), түкті бозсораң (Climacoptera lanata), жуан бозсораң (Climacoptera subcrassa). Қосылыстарды су-этилді және өсімдікті сулы экстрагирлеу нәтижесінде алынды. Келесі активті қосылыстар тәжірибеге алынған; ИЕС.СПП (Каспий маңы қарабарағы) лиофильді (сулы экстракт),ИЕС.СПП.СЭ (Каспий маңы қарабарағы) 50% сулы – этилді экстракт, СИЕ.СМ (Ұсақ жапырақты ақсора) лиофильді (сулы экстракт), СИЕ.СМ.СЭ (Ұсақ жапырақты ақсора) 50% сулы – этилді экстракт, G.COEX (Мұқылжапырақты бозсораң) 70% сулы – этилді экстракт, G.CLEX (Түкті бозсораң) 70 % сулы – этилді экстракт, A.SKF(Жуан бозсораң) 50% сулы – этилді экстракт, A.CSEX(Жуан бозсораң) 50% сулы – этилді экстракттары.

Салыстырмалы препарат ретінде фармацевтикалық пантогематоген препараты алынды. Препараттың токсикалық деңгейін LD50 көрсеткіштері бойынша тәжірибелік және бақылау топ жануарларының көрсеткіштері бойынша жасалынды.

Биологиялық активтілігін зерттеу.

Лейкопоэз стимулдаушы активтілігін зерттеу

Тәжірибеге алып келінген интактті жануарлардан алынған бақылау мәндері физиологиялық норма деңгейінде болды. Қанның лейкоцитарлық көрсеткіштері (9,1±2,5)·109/L, қанның лимфоцитарлық көрсеткіштері (5,28±1,1)·109/L, ол (58,0±0,7)% құраған. Гранулоцитарлық лейкоциттер қанда (3,46±0,9)·109/L мәнге ие болған, ал олардың лейкограммадағы проценттік қатынасы (38,0±1,4)%.Ең төменгі көрсеткіш моноцитарлық-эозинофильдік қан көрсеткіштері болған (0,4±0,0) ·109/L , ол лейкограмма бойынша (4,28±0,4)% құраған. Сондай-ақ эритроцит және тромбоциттік көрсеткіштері қалыпты болды. Эритроцитарлық қан көрсеткіштері (6,5±1,2)·1012/L, онда (140,7±1,9) г/L гемоглобин және гематокрит (39,8±1,5) % тең болған. Тромбоцитарлық қан көрсеткіштері де қалыпты (660,6±122,2)·109/L болған, тромбокрит секілді (0,4±0,2)% құраған. Жалпы негізгі тәжірибе жасалынып жатқан жануарлардың қан көрсеткіштері қалыпты болған.

Бағытталған цитостатикалық әсері бар доксорубицин гидрохлоридті енгізгеннен кейін миелодепрессивті синдромға ұшыратты, яғни соңғы енгізгеннен кейін 14 тәулікте қан көрсеткіштері төмен болған. Жалпы лейкоцитарлық қан көрсеткіштері (4,2±1,2)·109/L құраған, яғни 2,19 есеге (p≤0,05) төмендеген және қосылыстарды енгізгеннен кейін 14 тәулікте лейкоциттердің деңгейі (2,6±0,5) ·109/L құрады, интактті жануарлардыңкөрсеткіштерімен(p≤0,01) салыстырғанда 3,40 есеге төмендеген. Қан лейкограммалары бойынша лимфоцит, гранулоцит, моноцит клеткалық пулдарындағы теріс өзгерістер байқалған. Иммунокомпетентті клетка-лимфоцит көрсеткіштерінің бақылау мәндері (5,3±1,1) ·109/L, 1 тәулікте (2,5±0,8) ·109/L дейін төмендеген және 14 тәулікте (2,6±0,8)·109/L жеткен, яғни 2,03 есеге (р≤0,05). Тағы айтарлықтай өзгеріс гранулоциттердің клеткалық популяцияларында жүрген. Гранулоцитарлық лейкоциттердің деңгейі (3,5±0,9) ·109/L мәннен 1-ші күні 1,3±0,2·109/L дейін төмендеген, яғни 5,28 есеге (р≤0,01).Проценттік қатынас бойынша айтарлықтай төмен көрсеткіштер тіркелмеген. Доксорубицин гидрохлоридті енгізгеннен кейін 3-ші тәулікте гранулоциттердің 23,8±8,6% төмендегендігі аңғарылған , яғни 1,68 есеге дейін. Гранулоциттердің абсолюттік көрсеткіштері 5,28 есеге төмендеген, гранулоцитарлық лейкоциттердің қатынастық көрсеткіштерінің төмендеуімен салыстырғанда 1,68 есеге төмендеуін жалпы лейкоцитарлық көрсеткіштерінің төмендеуінің нәтижесімен түсіндіруге болады, ол қандағы клеткалардың абсолюттік көрсеткіштеріне өз септігін тигізген.

Моноциттердің кейбіреулерінің жоғарылауы доксорубицин гидрохлоридті енгізгеннен кейін 1-ші тәулікте байқалған, оны көп мөлшерде клеткалардың өлімімен және моноциттердегі функционалдық жүктеме артып кетуімен түсіндіріледі. 6,0±0,7% моноцит көрсеткіштері доксорубицин гидрохлоридті енгізгеннен кейін 1- күні 7,1±4,6% болған, бірақ енгізгеннен кейін 3-ші тәулікте ол 0,6±0,0% төмендеген, яғни бақылау мәнімен салыстырғанда 10 есеге(р≤0,01).

Қызыл қан клеткаларында лейкоцитарлық популяциялық клеткалардағы секілдібақылаудың бірінші тәулігінде айтарлықтай өзгерістер байқалмаған. Гемоглобин, гематокрит, эритроциттердің орташа мөлшері, эритроциттердің таралу кеңдігі және эритроцитарлық клеткаларда орташа гемоглобин мөлшері көрсеткіштерінде 14-ші тәулікте 1,2-1,6 есеге төмендегені байқалған. Айтарлықтай көрсеткіштердің өзгерісі тромбоцит көрсеткіштерінде байқалған, ол әрине тромбокрит мәндеріне, тромбоциттердің орташа мөлшеріне және тромбоциттердің таралуына да өз септіктерін тигізген. Доксорубицин гидрохлоридті енгізгеннен кейін 10 тәуліктен кейін тромбоциттердің деңгейі (345,0±126,0) ·109/L дейін төмендеген, ал интактті жануарларда ол (660,0±122,0) ·109/L құраған болатын, яғни 1,91 есеге (р≤0,05). Енгізгеннен кейін 14-ші тәуліктерде тромбоциттердің деңгейі негізгі (660,0±122,0)·109/L мәннен (74,5±9,5) ·109/L дейін төмендеген, яғни 8,85 есеге (р≤0,01). Бұл көрсеткіштер өте қиын жағдай болып саналады және кенеттен болуы мүмкін ішке қан кетулермен және басқа да гемофилиялық бұзылыстармен сипатталады.

Нәтижесінде доксорубицин гидрохлорид миелостимуляция тудырды және оларға ең сезімтал болған лейкоцитарлық және тромбоцитарлық клеткалар болғандығы жайлы қорытындыға келсе болады. Лейкоцитарлық клеткалардың ішінде ең бірінші болып лимфоцит, гранулоцит және кейіннен моноцит клеткалары өлген. Жасанды миелодепрессия шақырғаннан кейін жануарларға алдағы уақытта жаңа синтезделген өсімдік текті ИЕС.СПП, ИЕС.СПП.СЭ, СИЕ.СМ, СИЕ.СМ.СЭ, G.COEX, G.CLEX, A.SKF, A.CSEX қосылыстары енгізілді. Миелостимулдаушы активтілігін анықтау мақсатында жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша ең алдымен ИЕС.СПП.СЭ, СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын айтуға болады, олар ұсақ жапырақты ақсора (Sueda microphilla) және каспий маңы қарабарақ (Halostachys caspia) өсімдіктерін су-этилді экстрагирлегеннен кейінгі пайда болған комплексінен алынған. СИЕ.СМ.СЭ қосылысын қабылдаған жануарлардың қандарын көрсетсек. Лейкоцитарлық клеткаларының деңгейі (5,6±0,0)·109/L дейін өскен, плацебо қабылдаған жануарлардың (2,8±0,9)·109/Lкөрсеткіштеріне қарсы , яғни 2,02 есе және салыстырмалы препаратты қабылдаған жануарлардың (3,2±1,2)·109/L көрсеткіштеріне қарсы, яғни 1,79 есеге. СИЕ.СМ.СЭ қосылысы агранулоциттерге қарағанда гранулоциттердің бөлінуіне айтарлықтай септігін тигізген. Гранулоцитарлық лейкоциттердің деңгейі абсолютті жәнесалыстырмалы мәндері СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын енгізген топтарда айтарлықтай жоғарылаған. СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын енгізген топтардағы гранулоциттердің абсолюттік мәндері плацебо қабылдаған жануарлардың (1,2±0,1)·109/L көрсеткіштеріне қарсы (3,5±0,3)·109/L құрады, яғни 2,92 есе (р≤0,05) жоғары. СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын енгізген топтағы гранулоциттердің салыстырмалы мәндері (62,7±1,4)% құрады, плацебо тобындағы жануарлардың (43,4±9,3)% көрсеткіштеріне қарсы, яғни 1,45 есеге жоғарылаған. СИЕ.СМ.СЭ қосылыстармен емдеу жүргізгеннен кейін лимфоциттердің абсолюттік мәні (1,48±0,02)·109/L қанды құрады, ол плацебо тобының (1,4±0,3)·109/L қанына қарама қарсы мәнде болды. Ал СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын енгізген лимфоциттердің салыстырмалы мәндері плацебо тобының мәніне (26,3±2,3)% қарағанда , 1,93 есе төмен болды, плацебо тобының жануарларының қан мәндеріне қарама-қарсы (50,7±8,4)% болған.


1 Сурет – Қанның абсолютті лейкоцитарлық көрсеткіштері
СИЕ.СМ.СЭ қосылысын енгізген топтардағы жануарлардың эритроцитарлық көрсеткіштері (5,9±0,2)·1012/л қан болды, ол плацебо тобының жануарларының(3,7±0,1)·1012/L қан көрсеткіштеріне қарсы және патогематоген қабылдаған жануарлардың (4,7±1,36)·1012/л қан көрсеткіштеріне қарсы болған, яғни плацебо тобын 1,62 және салыстырмалы препарат енгізілген топпен 1,27 есеге асып түскен. СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын енгізген жануарлардың жалпы эритроцитарлық қан көрсеткіштері интактті жануарлардың мәніне жақындаған. СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын қабылдаған жануарлардың гемоглобин деңгейлері (113,0±20,1) г/л құраған, ол плацебо тобының қан көрсеткіштерін (88,0±12,2)г/л және салыстырмалы препарат енгізген топпен (89,0±12,0) г/л мәндерінен асып кеткен. СИЕ.СМ.СЭ қосылыстарын қабылдағаннан кейін эритроциттердің орташа көлемі, эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрациясы, жануар қанындағы эритроциттердің таралу кеңдігі мәндері плацебо тобының жануарлары мен салыстырмалы препарат қабылдаған топпен салыстырғанда жоғары болған.

СИЕ.СМ.СЭ қосылысын қабылдаған жануарлардың жалпы тромбоцитарлық көрсеткіштері (600,0±91,2) ·109/л және аналогиялық интактті жануарлардың (660,0±122,2)·109/л көрсеткіштерімен шамамен бірдей болған. Бұл көрсеткіш плацебо тобының жануарлары мен салыстырмалы препарат енгізген топтардағы жануарлармен салыстырғанда жоғары болған.

Жоғары миелостимулдаушы активтілікті ИЕС.СПП.СЭ қосындысы көрсетті, дегенімен де СИЕ.СМ.СЭ қосылыстың стимулдаушы активтілігінен аздап төмен болды. Жалпы лейкоцитарлық көрсеткіш (4,9±0,0)·109/л құрады, ол плацебо енгізген топ жануарларының көрсеткіштеріне қарсы (2,79±0,93)·109/л мәнді және салыстырмалы пантогематоген енгізген жануарларда (3,15±1,2)·109/л мәнге ие болды және қарама-қарсы болды. Бұл қосылыс бірдей деңгейде агранулоциттердің (41,77±0,76)% және гранулоциттердің (56,5±2,5)% лейкопоэзін эффективті түрде стимулдады. Осы өсімдіктің сулы экстракті лимфоциттердің поэзін жақсырақ стимулдаған (63,3±15,5)%. Каспий маңы қарабарақ өсімдігінің сулы-спиртті экстрактісі эффективті түрде эритропоэзді (4,6±0,0)·1012/л және тромбопоэзді (546,3±47,7)·109/л стимулдаған. Бірақ каспий маңы қарабарақ өсімдігінің сулы экстрактісі активтілігі бойынша сулы-спиртті экстрактісін эритроциттердің (5,3±0,1) ·109/л және тромбоциттердің (859,3±86,6)·109/л көрсеткішімен асып кеткен, плацебо және пантогематоген қабылдаған жануарлардың қан көрсеткіштерінен 1,92 және 2,7 есеге жоғары болған.

2 Сурет – Қанның эритроцитарлық көрсеткіштері


СИЕ.СМ қосылыстарын енгізген топтардағы гемограмма көрсеткіштері плацебо енгізген топтармен салыстырғанда 1,3-2,4 есеге мәндері төмен болған. СИЕ.СМ қосылысын енгізген топтарда лейкоциттердің деңгейі (1,3±0,3)·109/л тең болған, ол өз кезегінде плацебо тобы мәніне қарама-қарсы (2,8±0,6)·109/L қанды құрады. Сондай-ақ барлық қан лейкограммасының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері плацебо енгізген топтар мен салыстырмалы препарат енгізген топтардың көрсеткіштерінен төмен болған. Аналогиялық көрініс эритроцитарлық және тромбоцитарлық клеткалардың мәнінде де байқалған.

G.COEХ қосылысы жалпы лейкоцитарлық (4,7±1,2)·109/L қан кқрсеткіштері кезінде бақылау (2,8±1,2)·109/L қан мәндеріне қарама-қарсы болатындығын айта кету қажет. Дегенімен де агранулоцит және гранулоциттердің санының артуы бекітілмеген. Тек G.COEX, қосылысын енгізген топтарда бақылау топ көрсеткіштерінен 2-7% ғана ерекшеленген. Ал эритроцитарлық және тромбоцитарлық клеткалардың деңгейі бақылау тобынан төмен болды. Әсіресе гемоглобиннің деңгейі бақылау (96,0±12,2) г/L қан мәніне қарама-қарсы (23,3±2,3)г/Lқан болды. Ал тромбоциттердің деңгейі (393,3±121,2)·109/L қанды құрады, ол бақылау тобының (447,0±92,1)·109/L қан тобының көрсеткіштеріне қарама-қарсы болды.

Өсімдік текті қосылыстардағы миелостимулдаушы активтілігінің ең нашар нәтижелерін ASCEX.қосылыстарының көрсеткіштері көрсетті. Лейкоцитарлық, эритроцитарлық, тромбоцитарлық клеткаларының мәндері бақылау топтарынан 3,21-27,84 есеге (Р≤0,01) төмен топтар болды. Көбінесе тромбоцитарлық клеткалар зақымдалған, сондай-ақ сәйкесінше тромбокрит деңгейі де зақымдалған. Бұл қосылыс цитостатикалық әсерге ие деп болжамдауға болады, және ол миелодепрессанттық әсерін одан әрі жаман қылды. Сондай-ақ ASKF және GCLEX қосылыстары жілік майының қанағындық пулдарының пролиферативті активтілігін төмендетеді, нәтижесінде бақылау тобының деңгейінен төмен деңгейде перифериялық қанда клеткалық деңгейді төмендетті.

Осылай, каспий маңы қарабарақ және ұсақ жарырақты ақсора өсімдіктерінің сулы-стиртті экстрактісі гранулоцитарлық лейкоциттерге миелостимулдаушы әсері байқалды. Лимфоцитарлық көрсеткіштерге септігін тигізбейді. Мұқылжапырақты бозсораң , түкті бозсораң жуан бозсораң өсімдіктерінен алынған қосылыстар қарама-қарсы әсерлері бар – клеткалардың пролиферативті активтілігін төмендетеді, яғни цитостатикалық әсерлерге ие, дегенімен де бұл қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.


Қолданылған әдебиеттер:

1.Алмазов В. А., Афанасьев Б. В., Зарицкий А. Ю., Шишков А. Л. Лейкопении/Л.: Медицина, 1981. — 240 с.

2.Воробьев А. И., Бриллиант М. Д. Терапия осложнений цитопенического синдрома. В кн.: Патогенез и терапия лейкозов. М., Медицина, 1977, с. 153 — 163.

3.ClineМ. J., Opelz G., Saxon A. et al. Autoimmune panleukopenia//New Engl. J., Med., 1976, vol. 295, p. 1489-1493.

4.Баранов А. Е., Бриллиант М. Д., Воробьев А. И. Лечение цитостатической болезни//Тер.арх., 1975, № 6, с. 79 — 87.

5.Khelif A., Vuvan H., Tremisi J. P. et al. Remission of acquired pure red cell aplasia following plasma exchanges// Scand. J. Haemat., 1985, № 34, p. 13 — 15.

6.Mashkovski M.D. (2005) Drugs. Novaya Volna, Moscow (in Russian) ISBN 5-7864-0203-7

7.Pedregal C., Trigo G.G., Espada M. (1984) Utilisation des plans factorielsfractionnaires pour l'etudedela reaction de Bucherer-Bergs: synthese de la cyclohexanespirohydantoine// J. Heterocyclic Chem. 21, 1527-1531



8.Ethical principles and guidelines for scientific experiments on animals. (1992)Experimentia48,1-3

9.KozlovskayaL.V., MartynovaM.A. (1975) Textbook of Clinical Laboratory Methods/Medicina, Moscow (in Russian)
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет