Нұржан Қуантайұлы асыл сөз роман, әңгімелер, аудармалар, өлеңдер



жүктеу 7.82 Kb.

бет1/15
Дата25.01.2019
өлшемі7.82 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы»
сериясы
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
АсЫЛ сөз
роман, әңгімелер,
аудармалар, өлеңдер
Сөздік-Словарь
Алматы
2015

3
Ақын, прозашы Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» атты көркем 
шығармалар (роман, әңгімелер, көркем аудармалар, өлеңдер) жинағы 
қазақ әдебиетінің XXI ғасырдағы жаңа туындыларының қатарына 
жатқызуға болады. Мәселен, «Қараөзек» романы 1986 жылғы желтоқсан 
оқиғасының кейбір сәттерін шынайы көрсетіп қана қоймайды, 
сондай-ақ XX ғасырдың соңғы жылдарындағы қазақ қоғамындағы 
өзгерістерді, қазақ жастарының жаңа экономикалық қоғамдағы 
тыныс-тіршілігін шебер суреттейді. Қазақ поэзиясына XX ғасырдың 
80-жылдарының соңында келген Нұржан Қуантайұлы – поэзияда 
да өзіндік үнімен танылған лирик ақын. Қазақтың көрнекті ақыны 
Қуандық Шаңғытбаев оның алғашқы өлеңдерін оқып «тілі көркем, 
лирикасы сыршыл осынау жас ақынның жазғаны елең еткізгені рас, 
ал келешекте кемел ақын болатынына күмән жоқ» деп баға берген бо-
латын. Одан беріде жиырма бес жылдың ішінде өзіне тән лирикалы 
өлеңдерді дүниеге әкелген Нұржанның поэзиясы әдебиет сьшшыла-
ры тарапынан да, оқырмандар тарапынан да жоғары баға алып отыр. 
«Асыл сөз» атты жинаққа енген лирикалы өлеңдері оның аса биік 
көркемдік дәрежеге көтерілген ақын екенін айғақтайды.
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84 (5 қаз)
Қ 71
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84 (5 қаз)
ISBN 978-9965-822-97-1
ISBN 978-9965-822-97-1
© Қуантайұлы Н., 2015
© «Сөздік-Словарь», 2015
Асыл сөз/Нұржан Қуантайұлы. – Алматы: «Сөздік-Сло- 
варь», 2015. – 336 бет.
Қ 71
Қуантайұлы Н. 
зАмАНАУи өзгерісТердің
КУӘсі
Қазіргі қазақ әдебиетінің жас буын өкілдері жайын-
да білетінім, шынымды айтсам, жұпыны, үстірт, шолақ. 
...Мұным үлкен олқылық екенін мойындаймын. 
Нұржан Қуантайұлы деген жазушы барын таяуда ғана 
білдім. Өкінішті, әрине. Нұржанның «Қараөзек» атты ро-
манын қызыға, ерекше ұнаған жерлерін қарындашпен 
сыза отырып, мұқият оқып шықтым.
Екі нәрсеге ерекше назар аудардым:
Бірінші: Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды сондай дәл-
дікпен, нақтылықпен, шынайы деталь-көріністермен 
бейне-ленген кеңестік дәуірдегі түрме өмірінің қыртыс-
қалтарыстарын нанымды және жан-жақты ашып сурет-
теген көркем шығарманы тұңғыш рет оқығаным. Есіме 
әрдайым Достоевскийдің «Записки из мертвого дома» 
деген романы түсіп отырды. Қазақ тілінің табиғатында 
жоқ әрі жат ұғым-түсініктер – кормушка, гайдамак, трюм, 
ШИЗО, шконка, кум, бродяга, отстойка, промзона, ходка, 
унитаз, еж, кабур, стрела, конь т.с.с. Хақназар есімді қазақ 
жігітінің басынан өткен, біз сияқты оқырманға бейтаныс 
өмірден (бетін аулақ қылсын!) хабар береді. 1986 жылдың 
қанды дүрбелеңіне қатысып, Қазақ ССР-інің Қылмыстық 
Кодексінің 94-інші және 65-інші баптары бойынша алты 
жылға бас бостандығынан айрылып, күшейтілген ре жим-
дегі еңбекпен түзеу колониясына жөнелтілген Хақназар 
Шығайұлы Шығаевтың көрген қорлық-нәубеттерін оқып 
отырып, «апырай, сондай да заман болған екен-ау!», «қазақ 
баласы мұндайға қалай шыдап жүр?!», «осы Хақназар 
автордың өзі емес пе екен?» деп амалсыз таң қалып отыра-
сыз. Өзім түмеде отырғандай әсерде болдым.
Екінші: «Қараөзек» – қазіргі күрделі өміріміздің бет-
пердесін жұлып тастап, жан-жақты ашып, өтірік-  айқын 
суреттеп, ащы шындықтың көріністерін әшкерелеп, тар-
тысты Һәм әсерлі бейнелеген роман екеніне көзім жетті. 
Жас адамның зеректігіне, ойлылығына, байқампаздығына 
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және спорт министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді.

4
тәнті болдым, сүйсіндім. Базарлы экономиканың келең-
сіздіктерін автор жіті байқаған, пайымдаған.
«Ал біз... мұнай да бар, қазба байлық та бар, Менделеев 
кестесіндегі элементтердің бәрі бар деп ісіп-кепкенде сон-
даймыз, кәне жақсы өміріміз? Байлықты шетке шығарып, 
сатып та жатыр екенбіз, қайда сол ақша? Халық неге 
аш, жалаңаш? Жетпіс процент қоңыз теріп жүр, қазба 
байлықтан не пайда?» – деген ой жұмыс таппай, тентіреп 
жүрген Хақназарды да, авторды да, оқырман мені де маза-
лайды, қапаландырады.
Көлемі шақ романның (қазіргі жас қазақ жазушы-
лары қысқа жазуды меңгеріп келеді; қарны қампиған 
романдардың азаюы мені әжептәуір қуантады) өн бойын-
да көркем прозамен астарласып, публицистикалық әуен-
дер көп және орынды кездесіп отырады. Бұл кездің жаста-
ры заманауи өзгерістердің куәсі бола жүріп, саясаттың 
құйтырқы сыры-қырына күмәнмен қарайды. Маған ол ди-
алекталды ойлау, пайымдаудың нышаны болып елестейді.
Психологиялық тұрғыдан да, кейіпкерлердің жан 
дүниесін бейнелеп көрсетуде де, қоғамдағы қым-қуыт тар-
тыс оқиғаларды нанымды, шынайы таңдауда (сұрыптауда) 
да романның дөп шыққан тұстары аз емес. Баяндау ма-
шығы, тіл оралымдары, қазіргі жастардың сленгіге құрыл-
ған сөз саптауы, шымыр диалогтар көңілге қонады. Ро-
манның бұл қырына арнайы тоқталған жөн болар еді. Бұл 
жағын таратып айтуға менің дәл қазір уақытым жоқ.
Нұржан Қуантайұлы есімді жазушының барлығына 
қуандым. Оның «Қараөзегін» қазақ әдебиетінде өзіндік 
орны бар роман деп бағалаймын.
Герольд Бельгер
Жазушылар мен публицистердің 
Халықаралық қауымдастығының (МАПП) мүшесі
2007 жыл. 
ҚАрАөзеК
роман

6
7
Қапас түн жарық күнмен, 
қоңыр салқын көлеңке 
шыжыған ыстықпен 
теңесе алмас.
ҚҰРАН – Фатыр сүресі, 
20-21-аяттар
Бірінші тарау
ТАр Жерде
1.
...Бізде айтарлықтай жаңалық жоқ. Бір уақ сабаққа 
барып келіп, жатақханада шалжиып жатқаннан басқа 
бітірер ештеңе болмай тұр. «Мамықтан төсек, – тастай 
боп кесек, – жамбасқа батар, – ұйқы жоқ» деп Абай 
жарықтық айтқандай, осы күні түннің бір уағына шейін, 
кейде таң қараңғысына шейін ұйқтай алмайтынды 
шығардым.
Сондайда қолыма домбы-рамды алып, жігіттердің 
маза-сын алмайын деп түн бала-сы жатақхананың ас 
үйінде шоқиып отырам.
Мектепте жүрген кезімізді сағынам осы күні. Әсіре-
се интернатты өзіміз өскен. Сен де сағынып жүрген 
шығарсың ана жақта. Уайымдама, Хақан. Бәрі жөнге келуі 
тиіс.
Жаз шыға сессиядан кейін тағы барам гревпен. 
Қыстыгүні бәрі асығыс болды, оның үстіне ақша да аз боп 
қалды ғой. Қайдан білейін, көрмеген жердің ой-шұңқыры 
көп деген... Енді олай болмайды. Қазір сенбі, жексенбі 
базарға шығып жүрмін жігіттермен бірге. Азын-аулақ ти-
ын-тебен жиналып қалды. Көтерме жұмыс табыла қалса, 
жақсы-ақ болатын еді.
Ақша демекші, ақша ауысқалы бері азық-түлік пен 
дүние-мүліктің бағасы да құбылып, әрқалай болып тұр. 
Бүгін барсаң, кешегі бағаның өзгеріп кеткенін көресің. 
Ақшаның ауысқанының өзі – бір жыр. Елу, жүз сомдық 
советский банкноттар қазір жарамайды, оны өздерің де 
естіп, біліп жатқан шығарсыңдар. Бізді қойшы, бізде ақша 
жоқ қой. Ел ішіндегі сапырылысты айтсаңшы. Теңіздегі 
қыл-қыбырдың толқын айдап, жағаға шыға келгені 
сияқты подпольный «миллионерлердің» құпиясы ашы-
лып қалды дейді ел. Әсіресе қала түбінде тұратын түрік 
пен грек байларына ауыр болыпты деседі. Қиын ғой, 
ғұмыр бойы жиған-тергенін кесек елу, кесек жүз теңгеге 
айналдырып, кассаға салмай жинап жүрген кезде, үкімет 
айналасы бірер күннің ішінде жарамсыз қылып таста-
са. Мен өзім дәл мұндай байлар болатынына сенбеуші 
ем. Рас екен. Үйткені кісі басына шектеулі ғана банкнот 
ауыстыруға рұқсат берілді емес пе. Әлгілер жанын қоярға 
жер таппай біз сияқты студенттерге елу сомдықты өз 
атыңнан ауыстырып берсең, жарты ақшасын аласың деп 
жалынып жүрді... Рұқсат етілген сол үш күннің ішінде 
халықтың абыр-сабыр болғанын көрсең. Неше түрлі 
қызық жайттар болыпты: ақша ауысатын алғашқы күні 
біздің бір қу жігіттер консерваториядан сонау әуежайға 
шейін такси ұстапты көшеден. Оған дейін қанша, жиыр-
ма бес шақырым ба, сонша жолды жүріп келіп, енді 
түсер кезде кесек елу сомдықты ұстатыпты таксиске. 
Анау шоршып түсіпті, жігіттер, бұл ақша бүгіннен ба-
стап жарамайды ғой деп. Қалай жарамайды, депті мы-
налар түк білмегенсіп. Солай, бүгіннен бастап елу сом, 
жүз сом жарамайды, естімеп пе едіңіздер... Қой, көкесі, 
үйтіп қалжыңдамаңыз дейді бұлар... Түу, өздерің көктен 
түскенсіңдер ме, немене... Жоқ, көктен түсетін туысы-
мызды қарсы алғалы тұрмыз... «Бар, жоғалыңдар!» депті 
амалы таусылған таксист. Мұндай жайттар көп болыпты. 
Түрік пе, әзер ме, сондай бір подпольный «миллионердің» 
бірі ақшасын толық ауыстыра алмағасын қаны басына 
шауып, үйінде тыққан елу мен жүз сомдықтардың буда-
будасын көшеге алып шығып, жұрттың көзінше өртеп 
жіберіпті.

8
9
«Шоковая терапия» дейді екен ғой мұны экономистер. 
Егор Гайдардың ойлап шығарғаны деседі. Сол терапияның 
кесірінен сең соққан балықтай есеңгіреп қалдық. Әсіресе 
инфляция деген пәле қиын тиіп тұр. Ақша айналасы екі-
үш айдың ішінде сарғайып сары жапыраққа айналды. 
Аузынан жырып, балама жинағаным деп отырған елдің 
кассадағы ақшасы қаудырлаған сабанға айналды. Тапа-
тал түсте тоналып, айға қарап ұлып қалды.
Мен революцияны көргем жоқ. Бірақ ақша терапия-
сымен де революция істеуге болатынына көзім жетті.
Бірді айтып, бірге кеттім ғой... Көрген түсімді айтай-
ыншы одан да. Екеуіміз өзен жағасында отыр екеміз. Ке-
нет сен үйіріле аққан өзенге шешінбей секіріп кетіпсің. 
Әлі жоқсың... Ес кетті, жан шықты дегенде арғы беттен 
бір-ақ шығып, жағаға құлаш ұрып бара жатыр екенсің. 
Жақсыға жорыдым. Босанып шығады екенсің. Декабри-
стер ақталады деп жатыр ғой. Сен де ораласың, Хақан. 
Былтыр бізден шыққан әлгі депутат Мәскеуде, сьезде 
сөйлепті ғой, сендерді ақтау керек деп. Так что қуаныш 
алда.
Басқа не жазам... Аман бол. Денсаулығыңды күт. Жаз 
шыға обязательно барып қайтам.
Амандық-саулықта жолығайық.
Досың Құрмаш. 
28 март, 1992 жыл.
P.S Конвертке ақша салуға қорықтым, офицерлерің 
алып қоя ма деп. 
* * *
Алдымен темір есіктің жылан көзі – «волчок» жылт етті 
де, ар жағынан біреу сығалады. Артынша дүңк етіп «кор-
мушка»* ашылып, арғы беттен «гайдамактың»** лақтырып 
жіберген бір қорап «Примасы» дөңгелене ұшып келіп, ал-
дына түскен. Кормушкаға қайта қарағанша болған жоқ, 
күзетші солдат салдыр-гүлдір еткізіп ар жағынан жауып 
жатты.
Үш күн бойы кеңсірігі қышып, тамаққа жөндеп тәбеті 
шаппай, трюмде* аласұрып жүрген. Хақназар мұндай 
қуанбас. «Жарықтық темекінің де адамға күш-қуат 
беретінін кім білген» деп ойлады көк түтінді көмейлете 
жұтып-жұтып жіберіп барып, сыздықтата шығарып 
отырғанда. Зеңгіп тұрған басы шайдай ашылып, көкірегі 
кеңіп сала бергендей көрінді. «Қапаста жатқан адамға 
бұл да бір қуаныш екен-ау өзінше» деген ой келді оған 
буын-буыны оқыс әлсіреп, шөкелеп отыра кеткен кез-
де. Әлденеше күн шылым шекпегендікі болар, басы ай-
налып, тұла бойын әлсіз бір ләззат шымырлатып аралап 
бара жатты.
Түн баласы темір шконкада** ұйқылы-ояу дөңбекшіп 
жататын Хақназардың алағызған көңілі енді тынши-
ын деді. Әйтсе де, ет асым уақыттан соң жан-дүниесі 
қайтадан қоңылтақсып, көкірек-сарайы уілдеп қоя 
берді. Әлдене жетпейтін сияқты көрініп, тағы темекі 
тартқан. Оның төбеде қалқып тұрған көкшуда түтіні 
камерадағы қапырық ауаға сіңіп, қолқаны қаба бастаған. 
«Ең ұстамды, жүйкесі темір кісінің өзі айлап, жылдап 
трюмде отырса, жынданып кететін шығар» деп ойла-
ды тас еденде малдасын құрып отырып. «Адам баласы 
әлсіз. Азап пен қорлыққа шыдап жүре беретін жан жоқ. 
Ерте ме, кеш пе, морт етіп сынады. Иілмес, бірақ сынып 
тынар». Міне, алты жыл болыпты түрме мен лагерьдің 
дәмін татқанына. Алты жыл. Ең асыл жылдары!.. Уыздай 
жас кезінде соттап жіберіп, қайран бал дәурен шақ зо-
нада өтіп жатыр.
Бес сағат па, он сағат па, трюмде сарғайып отырғанда, 
уақытты тап басу қиын, әйтеуір ұзақ көрінген, бір кезде 
* Түрме камерасындағы тамақ беретін тесік. – (жаргон).
** Ішкі істер әскерінің солдаты. – (жаргон).
* ШИЗО-ның (айып изоляторының) екінші аты. Айыпты саналған лагерьдегі 
тұтқынды 15 күнге шейін қамайтын, ыстық тамақ берілмейтін, қараңғы, суық камера.
** Камерадағы темір төсек, нар. – орысша.

10
11
продолдан аяқ дыбысы естілді. Салдырлап есік ашылып, 
жарық түсті.
Көргеннен-ақ таныған.
– Қызылдар қандай кінә тапты, бауырым, – деген 
темір есік жабылғанда, орта бойлы сары жігітпен қол алы-
сып жатып.
– Кінә – күнә емес құдай алдындағы, – деді Колян. 
Бушлатын төсеп, дәл бір нағашысының үйіне келгендей 
жайғасып жатыр. – Кумға* жақпасаң, құмалағыңнан да 
кінәрәт тауып, зынданға тастар. Біз сияқты бродягаларға** 
отстойникте*** түнеп шығу – жарық дүние мен таза ауаның 
қадірін түсіну үшін керек процедура. Ер жігітке серуен де 
серуен, сергелдең де серуен деген – осы.
Хақназар Колянды промзонада**** сыртынан анда-
санда көріп қалушы еді. Бірақ алғаш сөйлесіп отырғаны 
осы. Біраздан соң Колян табаны қалың, қара бәтіңкесін 
шешіп, ұлтарағының астынан әлденені суырып алды. 
Целлофанға оралған кішірек екі түйіншектің бірінен шай, 
бірінен наша шықты.
– До ужина часа полтора остался. Кипятка побольше 
попросим у шныря, да будем чифирить*****, – деді жантай-
ып жатып.
– Да ну?! Ты что, политзаключенный в натуре******, – де-
ген қара нан жеп, қою қара шайды рахаттана ішіп отырған 
кездерінде, – Рас, саяси тұтқынсың ба? 65-бап па? М-м. Де-
кабрист значит, – и не пропадет наш скорбный труд, – во 
глубине сибирских руд. Э-хе-хе.
– Оның несі күлкі, – деді Хақназар жайбарақат.
– Сонда не болып еді, – деді Колян бір кезде, – Алма-
тыда сол кезде не болғанын ұзынқұлақтан естиміз, ал тірі 
куәнің орны бөлек қой.
– Соны айта-айта жалықтым, – деді Хақназар. – 
Менікіндей баппен келгенді бұрын көрмеген офицер-
лер де әрнәрсені сұрап, мазаны алып бітті... Өзің не үшін 
отырсың, мынау нешінші ходкаң*, соны айтпайсың ба 
одан да?
– Е-ма, мужик, сен мені тергейін дедің ғой, а?! Ә-хе-хе... 
Жарайды.... Айтайын.
– Вор я. Крадун по воле**, – деген сосын, өткен өмі рін 
еске алды ма, әлде әңгімені неден бастарын білмеді ме, 
ұзақ үнсіз отырып, – карманник – қалта ұрысы дегенді 
білуші ме едің, сол менмін. ...Көзімді тырнап ашқаннан 
ұрлық істеп келем. Ертістің жағасындағы үлкен қалада 
туып, өстім.
Әкемді ес білгеннен білмеймін, көрген емеспін, кейін 
естідім, мен тумай жатып-ақ шешемді тастап кеткен екен. 
Шешем байғұс кейін басқа біреуге тиіп, оған екі-үш бала 
тауып берді... Бауырларым ғой менің енді... Өтірік айтып 
нем бар, өгей әкем мені туған ұлынан кем көрген жоқ, 
бірақ соншалықты іш тартқан да емес. Біртүрлі, салқын 
еді екеуіміздің арамыз. Он екіге шыққанымда шешем 
өлді. Жастайынан жабысқан ескілікті ауруы болды-ау 
деймін, онысын жақсы білмейді екем, әйтеуір бір-екі ай 
ауруханада жатты да, үйге келіп қайтыс болды ғой... Ше-
шем кеткесін бәрімізге ауыр тиді. Әкеміз қатты есеңгіреп 
қалды. Шиттей балаға еркек адам қарай ала ма, ол кісі 
бір жамағайын қарыңдасын әкеліп үйге тұрғызды. Бас-
көз болсын деп. Менің үйде тұрғым келмеді. Өгей әкем 
де қарсы болмағасын, қала шетіндегі детдомға – бала-
лар үйіне келіп орналастым. Сүйтіп, жаңа өмірді бастап 
кеттік...
Сол боқмұрын кезімнен тентек ем. Сабаққа да құлық 
болмады. Детдом секілді бұзық жерге келгесін мүлде 
қағындым. Сонда жүріп «привокзальный», «заречный» 
дейтін шпаналардың Вася-Бетон деген қалта ұрысы 
* Түрме мен лагерьдегі жедел бөлім қызметкерлеріне тұтқындардың қойған аты. –  
(жаргон).
** Қаңғыбас. – орысша. – Бұл жерде ауыспалы мағынада айтылып тұр.
*** Бір-ақ адам сыятын, қуықтай камера. – ор.(жаргон).
**** Лагерьдегі тұтқындар жұмыс істейтін кәсіпорындар тұрған зона. – орысша.
***** Кешкі тамаққа шейін бір жарым сағат қалды. Шнырьден қайнақ суды көбірек 
сұрап, чифир ішейік. – ор. шнырь – камераға тамақ таситын тұтқын – (жаргон); чи- 
фир – өте қою қара шай – (жаргон).
****** Рас па, сен немене, шынымен саяси тұтқынсың ба? – ор.
* Ходка (ор.жаргон) – лагерьде қанша мәрте отырған деген мағынаны береді.
** Қарақшымын мен. Еркін өмірімде ұры болғам. – ор.

12
13
бар еді, сонымен араласып жүрдім. Өзіне ұнасам да ке-
рек, қасынан бір елі қалдырмайтын болды. Несін сұрай - 
сың, ақыры детдомнан да қашып кетіп, Васямен бірге 
жорық қа шығатын болдым. Алдымен щипач* болдым... 
қазір писакпыз**.
Пай-пай, вокзалда жүріп, көлік күту залында отырған 
жолаушының неше қабат киімінің ар жағында, жан 
қалтасында жатқан күмәжнігін көрсетпей суырып алып, 
ақшасын олжалап, өзін қайта орнына салып қоятын кар-
манниктер болды ғой, несін айтасың.
Колян мұны айтып отырғанда, Хақназардың есіне тал 
басында отырған екі сауысқанның құйрық қауырсынын 
еппен алып, бірінікін біріне ауыстырып сала қоятын қазақ 
ертегісіндегі епті жігіт түскен.
– Он алты жасымда ұсталып, малолеткаға*** түстім, – 
деді Колян одан ары, – көп нәрсені үйрендік онда жүріп. 
Қоңырау соққанша үш жыл отырып, бостан өмірге шыққан 
соң Новосібірге келіп, қалта қағу «өнеріне» білек сыбана 
кірістім. Одан басқа ештеңе келмес те еді қолымнан. Иә... 
маңдайға жазған нәрсе сол шығар... Аңдыған жау алмай 
қоймас, бес-алты жылдан соң Красноярскіде жүріп қызыл 
жағалылардың қолына қайта түстім. Қазір, міне, екінші 
ходкада отырмын.
Өз өмірінен қысқа қайырған Колян Хақназардан сек-
сен алтыншы жылғы Алматыдағы дүрбелеңнің себебін 
сұрап, қалай болғанын айтып берші деген. Қараңғы трюм-
де сағызша созылған уақыттың тез өтуіне себі тиер деп 
Хақназар да сәлден соң әңгімесін бастап кетті.
Сол жылы қыс жылдағыдан ертерек түскен. Қыстың 
алғашқы айының басында-ақ Алатаудың ұшар басын ғана 
емес, сай-саласы мен қуыс-қолатын түгел қар басқан. 
Дым бүркіп, қалаға келіп шөккен саршұнақ аяз шыдат-
пай жіберген болса керек, тал-тоғайдың да бәрі бүрісіп 
қалыпты. Әйтсе де, қала ішіндегі қар жұқалтаң ғана еді. 
Мәшине жолдардағы кірлеуіт, жабысқақ қар еріп кетіп 
жатқан.
Сол күні әдеттегідей жатақханада тұратын жігіттермен 
бірге сабағына барып еді. Көңілде алаң жоқ кез. Күндегі 
дағды бойынша екі мен үшінші пар аралығында, оқу 
корпусының алдында, Сәтпаев көшесінің жиегінде таза 
ауамен тыныстап, топырласып тұрған. Алғаш рет сол кезде 
көріп еді. Көзкөрім жердегі Брежнев алаңына қарақұрым 
жұрт жиналып қалыпты. Көбі жастар сияқты. Бірақ бұлар 
дәл сол күні мән бере қойған жоқ.
Ертесіне оқу корпусында да, жатақханада да тәртіп 
түзеуші, жөнге салушы кісілер көбейіп кетті. Көбі – 
өздерінің оқытушылары, кейбірі – қолына қызыл 
шүберек байлаған «халық жасағы». Бәрінің айтатыны 
бір ғана сөз: «үзілісте далаға шықпаңдар, плошадьқа 
бармаңдар, ол жерде бұзықтар, бүлікшілер жиналып-
ты, олармен араласып кетіп жүрмеңдер, жатақханадан 
шықпаңдар». «...Қорыған жерге өш» деген ғой. Сонша 
әбігер болатыңдай ол жерде не болып жатыр екен де-
ген құмарлық байыз таптырмады. Жатақхана вахта-
сында отырып, қайда барасың, отыр бөлмеңде, осыдан 
шығып кетсең, көресің деп, дікіңдеп тұрған кісілерге 
көрінбей, Хақназар бар, үш-төрт жігіт бірінші қабаттағы 
қыздардың бөлмесінің терезесінен секіріп түсіп, тура 
алаңға қарай тартқан.
Брежнев алаңы – көсіліп жатқан бір кең сауыр. 
Күншығыс басынан еңіске қарай шалт құлап, Фурманов 
көшесі құлдай түсіп жатыр. Сол көшемен өрлеп, алаңға 
таяй бергеңде көрді. Көлік атаулыны қаңтарып қойып 
анау баста тұрған ЦК-ның үйінен осы жерге, «Береке» 
гастрономына шейін сіресіп қалың әскер тұр екен. Ми-
лиция, өрт сөндірушілер, шекара әскерінің курсантта-
ры, ішкі әскер – бәрі тұр. Тура кинодағыдай. Самсаған 
сары қол.
Бұлар таяқ тастам жерге тақап қалғанда байқады: 
арғы шеттен лықси төгіліп кеу-кеулеп келе жатқан 
* Қолының ептілігімен ақша ұрлайтын қалта ұрысы. – (жар).
** Киімді білдірмей кесіп, ақша ұрлайтын қалта ұрысы. – (жар).
*** Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің колониясы. – ор. (қысқарған сөз).

14
15
көп жұрт іргесін бұзбай, иін тіресе, сап түзеген қалың 
әскердің қатарын сөгіп шыға алмай тұр екен. Бір уақытта, 
бұйрық берілсе керек, қолында биік қалқаны, резеңке 
таяғы бар әскер елді сабай бастаған. Айғай-шу, бақырған 
дауыс естілді. Бұлар сияқты сырттан қызықтауға келген 
ел мынаны көріп, аңырып қалды. Кенет сапты бұзып, 
бір топ жігіт атып шықты. Олардың соңынан арттағы 
қалың жұрт та бері қарай төгілген. Осы кезде бағанадан 
ештеңеге араласпай тұрған курсанттар қоршауды жа-
рып шыққандарды тепкілеуге кірісті. Айнала астаң-
кестең болып кеткен. Әсіресе қыздардың шыңғырған 
дауысынан құлақ тұнады. Сапты жарып шыққан жаңағы 
топтың арасынан қазақтың бір жас қызы ылдиға, бұл 
кезде гастрономды жағалап келе жатқан Хақназардың 
тобына қарай жанұшыра жүгірген. Бұларға жеткенше 
екі аттамдай ғана жер қалған еді, үлгертпеді. Тасырла-
та жүгіріп, қуып жеткен бір әскер тобықтан теуіп қалып, 
қызды жалп еткізді. Аяғы көктен келіп, оңбай құлаған 
бейшара қыздың басы дүңк етіп бордюрге тиіп, қызыл 
қан бұрқ ете қалды. Оған қараған әскер жоқ, уыстап 
тұрып шашынан ұстап алып, лақ тартқандай өрге қарай 
сүйрелей жөнелген. Қыздың артынан келіп қалған екі-
үш қазақ жігітін де бұл кезде қолында сапер күрегі бар 
бір топ солдат алдынан шығып, қаумалап ұстап алған 
еді. Қыздың шыңғырған дауысын естіп біреуі оған 
тұра ұмтылды, бірақ қайдан жетіп келгені белгісіз, бір 
ұзын милиционер әлгіні шіреніп тұрып іштен теуіп 
қалды. «Алла!» деп ана жігіт бұратыла құлаған. Мынау 
енді тепкілей бастады. Бұл кезде Хақназар да қарап 
тұра беруге шыдамаған еді. Қызды сүйреп бара жатқан 
пропорщикті қуып жеткен. Қоя бер деп ананың қолынан 
ұстаған еді, өңкиген жуан неме қолын қағып жіберіп 
«пошел ты на.., овца!* деп боқтап жібергені. Қаны басы-
на шапқан Хақназар лып етіп оңға шығып, көз ілеспес 
жылдамдықпен прапорщикті иек тұстан салып қалды. 
Анау буыны ұстамай, сылқ етіп құлаған. Келесі сәтте 
Хақназар жерде жатқан қызды қолтығынан ұстап, 
тұрғызып алды. Еліктің лағындай ғана кішкентай қыз. 
«Жүре аласың ба» деп сұрап еді, қыз болар-болмас бас 
изеген. «Ал енді қашайық» деп жүгіргенше болған жоқ, 


Автордан бірауыз сөз
Аудармалар 178 179 үндіс ауылы
Тәнінен көшіп кеткен жан
Түс пен өңнiң арасы
Көл жайқаған бидайық



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет