Нұргүл Оқашева Еңбекқор Гүлдана



жүктеу 38.43 Kb.
Дата05.07.2017
өлшемі38.43 Kb.
Нұргүл Оқашева
Еңбекқор Гүлдана

Адал еңбек етудің жемісі жылдар бойы өсіп-өнетіндігін жіті түсініп, жас өмірлерін жақсылықпен, жұмысқа адалдық танытумен байланыстырған өрендердің саны өңірімізде жетерлік. Облыс орталығындағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті Гүлдана Әшімханова – “Әлемнің әміршісі еңбек болады” деген қанатты сөзді өмірлік ұстанымына айналдырғандардың бірі. Гүлданамен кездесіп, әңгімелескен едік.image

– Гүлдана, әңгімемізді өзіңізден бастасақ. Қай жерде өмірге келдіңіз, қандай білім алдыңыз, қазір немен айналысып жүрсіз?

– Мен – тағдырдың жазуымен әлемнің әр шалғайына тарыдай шашырап кеткен бабалардың ұрпағымын. 1996 жылы Өзбекстанда өмірге келдім. Бақытты балалық шағымның балдаурені де сол жерде өтті. Ес біліп, есейе келе ата-анамыз тарихи Отанымыз – Қазақстанға қалайда қоныс аударып, көш түзеуімізді қаузай бастады. Отбасындағы бесеуімізге ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған туған топырақтың Қазақстан екендігін айтудан жалықпайтын. Дәл сол уақытта Қазақстанда қандастарды қарашаңыраққа әкелу мәселесі қарастырылып, шешімін тауып, атамекенімізге ат басын тіредік. Туған елдің топырағына табанымыз тиген күні әкемнің, анамның көздеріне жас алып, сағынышқа бөленгені әлі күнге дейін менің есімде. Олардың құрақ ұшып қуануындағы бір себеп біздерді өз елімізге әкелгендігі еді. Бүгінде Мамлют ауданына қарасты Краснознаменка ауылында өмір сүрудеміз. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да оқуымды жалғастырудамын. Анам да, әкем де – нәсіп көзін тапқан қарапайым еңбек адамдары.  

– “Физика және математика” мамандығында ақылы бөлімде оқисыз? Математика саласын таңдауыңызға не себеп болды?

– Әрине, кез келген мамандық қабілетті, талап пен ынтаны қажет етеді десек, солардың ішінде математиканың арқалаған жүгі ауыр. Бала күнімнен есепке жүйрік болып өстім. Есеп шығару, мұғалімдердің берген тапсырмасын тыңғылықты орындау ғана емес, үйдегі есеп-қисаптың ойдағыдай реттелуіне де бар күшімді салатынмын. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың тізімін жасап, оларға жұмсалатын қаражатты есептеп, шығын мөлшерін азайтудың жолын қарастыруды анам маған сеніп тапсырғалы қашан. Бұл әрекетім менің болашақ мамандық таңдауыма әсер етті, көп көмегін тигізді. Мамлютка қаласындағы қазақ мектеп-интернатының 11-сыныбында оқып жүргенімде болашағымды математикамен, физика саласымен байланыстырамын деген шешімге келдім де, Петропавлдағы іргелі оқу орны – СҚМУ- ға құжаттарымды тапсырдым.

Қалтасы жұқа, қаражаяу студенттің басты мәселелері оқу ақысы, баспана жағдайы ғой?

– Алысты айнытпай болжаған халқымыздағы “Қыс қамыңды жаз ойла” деген астарлы тіркес бекерден-бекер айтыла салған сөз емес. Осы ұғымның талабын орындаймын десем, артық айтқандық болмас. Біз шаруашылыққа өте жайлы ауылда тұрғандықтан, ең ыстық мезгілде ерінбей еңбек етіп, көп табысқа да кенелуге мүмкіндік бар. Тек мүмкіндікті мүлт жібермеу қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, бұйыртқан балым бойынша конкурстан атымның озбайтынын іштей сездім де, біржылдық оқу ақысын алдын ала төлеуді ойластыра бастадым. Еңбектің барлық қиындықты жеңетіндігіне сеніп, ауыл маңындағы орманнан саңырауқұлақ тердім. Бақытыма жауын-шашын да мол болып, менің жұмысымның жандануына мүмкіндіктер де көбейді. Бір күнде 10-15 шелек, яғни 50-60 килограмм саңырауқұлақ теріп, Петропавлға қатынап саттық. Әрине, бұл тұста маған әкем де, бауырларым да көмектесті. Осылайша небәрі бір айдың ішінде оқуымның ақысын төлеуге қаржы жинадық. Одан өзге қолдағы ірі қараларға жемшөп дегендей, қажеттіліктерімізді де өтеді. Саңырауқұлақтың түрлері көп кездеседі. Оларды, әсіресе, славян халқы “өсімдік еті” деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның дөңес қалпақшасы, мықты түбіртегі болады және қалпақшасының астында түтікшелері де бар. Бұл саңырауқұлақты ормандағы қайыңның, шыршаның, еменнің түбінен жиі ұшырататынбыз. Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық деген түрлерін, әсіресе, орыстар көп тұтынады.

– Кішкентайыңыздан еңбекке баулып өсірген ата-анаңыз болар?

– Әрине. Біз тұрғындары тығыз орналасқан, еңбек етуге қолайлы оңтүстіктің түстігінде өскен соң ба, ерінбей еңбектенудің, адал жұмыс істеп, ата-анамызға қолғабыс көрсетудің перзенттік парыз екенін ұғынып өстік. Отанымызға оралған алғашқы жылдары өзге этнос өкілдері көп қоныстанған Қызылжар жерінде жетіспеушілікті де, жоқшылықты да көрдік. Адасқанда арқамыздан қағатын, қиналғанда қолдайтын қара ормандай ағайынымыз болмады. Бұл өтпелі жағдай да жетілуімізге әсер етті. Екіншіден, бір күні ғаламторды ақтарып отырып, “Қазақстанның ең бай жас кәсіпкері” деген тіркеске көзім түсіп, мәтінді толығымен оқып шықтым. Небәрі 24 жасында жалпы байлығының көлемін 11 миллион долларға жеткізген қазақтың қаршадай баласы – Марат Әбиевтің жетістігіне іштей тәнті болдым. Оның өмір жолымен таныстым. Әкенің аялы алақанын сезінбеген ол жалғыз анасының мейірімін көріп өсіпті. 7-сыныпта оқып жүргенде баршамыз жиі тұтынатын скотч сатып, тиыннан теңге құраған екен. Ақтөбе облысының ғана емес, мемлекетіміздің бюджетіне қыруар табыс түсіріп отырған жігіттің іргелі ісі маған да сабақ болды.

– Алдағы жоспарыңыз қандай?

– Атақты Бауыржан Момышұлының “Мақсат-мұратыңа жетпейінше, арманыңды ешкімге айтпа” деген сөзі бар, дегенмен де, болашақта өз ісінен игілік тапқан және өзгелерге де пайдасын тигізетін кәсіпкер болғым келеді. Бәрі алдағы уақыттың, еңбектің еншісінде. Бүгінде Астана қаласында 2017 жылы өтетін “ЭКСПО” көрмесіне қатысу үшін ағылшын тілін үйрететін орталықтарға барып, білімімді жетілдіріп жүрмін.


// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 19 қараша
: files -> user
user -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
user -> Способ диагностики синдромальной патологии и изолированной микрогении у плода на сроках 11-13 недель беременности
user -> Вопросы тестового контроля по дисциплине «патологическая анатомия»
user -> Опухоли. Общая характеристика. Классификация
user -> «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
user -> 1. Легочная артериальная гипертензия
user -> 1 Некоторые вопросы патогенеза атрофического гастрита и кишечной метаплазии
user -> Вирусные болезни




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет