Нұр Астана. 2011. №45. 17 қараша



жүктеу 24.89 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі24.89 Kb.
Нұр Астана. – 2011. - № 45. – 17 қараша

Сейдахмет С.


Дарындылар дараланған жиын

Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен «Дарынды бабаларға қолдау көрсету – зияткерлік болашақты қалыптастыру жағдайы» тақырыбында өңірлік ғылыми-практикалықконференция өтті.

Елордадағы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-дицейінде ұйымдастырылған конференция дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жетілдірудің тиімді бағытын айқындап, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыруга бағытталды. «Зияткерлік ұлт - 2020», ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы бірқатар іс-шаралардың өтуіне мұрындық болды. Бұл конференция аталмыш орталықтың осы бағыттағы жүйелі жұмысының жалғасы.

Астана қалалық білім басқармасы өкілдері мен Елордадағы жалпы білім беру ұйымдарының педагогтары, психологтар және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ arpo-техникалық университетінің оқытушылары, студенттер, сондай-ақ химия, математика пәндері бойынша халықаралық олимпиада тапсырмаларының, әдістемелік-нұсқаулық авторлары мен Мәскеу физика-технологиялық институты ғалымдарының басын қосқан жиында біраз мәселе талқыланды. Атап айтқанда, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісі, оларды психологиялық қолдау, сондай-ақ дарындылардың қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы жұмысын ұйымдастыру әдістемесі тілге тиек етіліп, шәкірттерінің танылуына «тер төгіп», қабілетті балаларға жағдай жасап жүрген бірқатар ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды. Конференция шеңберінде №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейіндегі арнайы үйірменің жұмысынан көрме ұйымдастырылып, ғарыш саласының қыр-сырын меңгеріп жүрген оқушылардың жасаған макеттері жұрт назарына ұсынылды.

Шернияз Ілиясов, №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі:



- Мектебімізде алты жылдан бері «Ғарыш әлемін ашамыз» атты үйірме жұмыс істейді. Үйірмеде 14 бала бар. Олардың дені жоғары сынып оқушылары. Балалардың жұмысы нәтижесіз емес. Халықаралық көрмелерден жүлдесіз оралған күніміз жоқ. Оқушылардың бұл салаға көзқарасы жоғары. Өзімнің мүмкіндігіме қарап, әзірге 14 баланы ғана тәрбиелеп жатырмын.

Ал үйірме жұмысына қызығушылық танытып, қатысқысы келетіндер жетерлік. Осы үйірмеден қанаттанған шәкірттеріміздің алды бүгінде Мәскеу қаласында арнайы ғарыш саласына маманданып жатыр. Бұйыртса, биыл Әлфараби Қошмағамбетов пен Мақсат Аманжолов деген оқушыларымыз осы сала бойынша Ресейге оқуға түсуге талап қылуда. Балалардың қолынан зымыран, Айкезбе (Айкезбенің Ақорда деген түрі), Байқоңыр атты макеттер жасалып, бүгін оны көрмеге ұсынып отырмыз. Бір макетті жасау үшін оқушы ең кемі төрт ай еңбектенеді. Макеттерге көбіне коматекс, фанера, стеклопластик сияқты материалдар пайдаланылды. Дайын өнім пульт арқылы басқарылады.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет